«менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0.89 Mb.

бет4/7
Дата22.04.2017
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 

 

1 тақырып Кәсіпкерлік: түсінігі және оның негізгі түрлері 

Кәсіпкерлік  мәні.  «Кәсіпкерлік»  және  «бизнес»  түсініктерінің  айырмашылығы. 

Кәсіпкерліктің экономикадағы орны. Кәсіпкерліктің мақсаты және міндеті. Кәсіпкерлік 

қызметінің  субъектілері.  Кәсіпкерліктің  құқықтары  және  міндеттері.  Кәсіпкерлік 

қызметтің кепілдемелері. 

Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық аспектілері. 

Кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау. 

Кәсіпкерлік  қызметтің  түрлері:  кәсіпорындық,  коммерциялық,  қаржылық, 

кәсіпкерлік сақтандыру. Кәсіпкерліктің салалары. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 



 

2 тақырып Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел  

Кәсіпкерлік  (шаруашылық)  тәуелсіздіктің  тегі  және  мәндері.  Кәсіпкерліктің 

ысырабы.  Ысырап  және  тәуекелдік  түрлері:  материалдық,  еңбектік,  қаржылық,  уақыт 

ысырабы, арнайы (ерекше). 

Тәуекелдікті тудыратын факторлар бойынша тәуекелдікті мөлшерлік бағалау. 

Тәуекелдікті  басқару  әдістері.  Тәуекелдікті  басқару  үдерісі,  тәуекелдіктің 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 


 

27 


міндеттері. 

Тәуекелдік  көрсеткіштері  және  тәуекелдік  аймақтар.  Ықтималдық 

ысыраптардың (тәуекелдің) пайда болуы қисықтарының құру тәсілдері: статистикалық, 

сарапшылық, талдамалы – есеп айырысу тәсілдері. 

Қатерді азайту тәсілдері. Тәуекелдікті сақтандыру, жобаға қатысушылар 

арасындағы тәуекелдікті бөлісу. Тәуекелдікті сапалық бөлу. Көлденең шығындарды 

жабу үшін қаражаттарды сақтау. Жобаны қаржыландырудағы тәуекелдік есебі. Салық 

тәуекелділігі. Қарыздарды төлемеген тәуекелдігі. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

3 тақырып Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. 

Ішкі фирмалық жобалау, оның негізгі элементтері: болжау, міндеттің қойылуы, 

жоспарға түзету жасау, бюджетті құрастыру, жоспарды нақтылау. 

Жоспарлау  процессінің  кезеңдері:  стратегиялық  проблемалардың  талдауы. 

Келешек қызмет шартын болжау және міндетін анықтау, оңтайлы дамуын. 

Бюджеттік жоспарлау. Бизнес-жоспар – кјсіпкерлік жобаны жоспарлауды жүзеге 

асыру. Бизнес-жоспарды құрастырудың реті және әдістемесі. Бизнес-жоспардың  негізгі 

бөлімдері және әр бөлімнің мазмұны. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

4 тақырып Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. 

Кәсіпорын  қаржы  ортасы.  Қаржы  нарығы:  түсінігі,  қызметтері  және  оның 

қатысушылары.  Кәсіпкерлік  капиталдың  құрылу  көздері.  Тікелей  қаржыландыру. 

Кәсіпкерлік  мәмлені  несиелеу.  Кәсіпкерді  инвестициялау  механизмі.  Факторинг  – 

қаржыландырудың жеке бір нысаны. 

Қаржылық қорын жоспарлау, қаржыны басқарудың қаржылық көрсеткіштерінің 

талдауы.  Кәсіпкерлердің  банк  мекемелерімен,  кәсіпорынның  қаржылық  қызметі 

кезіндегі қарым-қатынас. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

5 тақырып Кәсіпкерлікті басқару. 

Басқару  –  кәсіпкерлік  қызметтің  жеке  бір  мезеті.  Басқару  қызметтері  және 

ұйымдастыру:  басқарудың  ұйымдық  құрылымы,  кәсіпорынды  басқарушылардың 

қызметтері. 

Ұйымдастырудың  түсінігі  және  оның  дамуының  негізгі  мезеттері.  Басқарудың 

ұйымдық құрылымындағы бөлімшенің орны мен рөлі. Жақсы ұйым (кәсіпорын) құру 

үшін керекті негізгі қағидалар. өндірісті басқару. өндірісті басқаруды ұйымдастырудың 

тұрпаттары.  Басқару  стратегиясын  таңдау.  Маркетингті  басқару.  Жаңа  енгізілімдерді 

басқару. 

Басқарудың  әдістері.  Шағын  өндірістік  топ  жұмыстарын  ұйымдастыру. 

Басқаруға қызметкерлердің қатысуы. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

6 тақырып Кәсіпкерліктің  шаруашылық серіктестермен келісім-шарт 

қатынасы. 

Коммерциялық мәмленің түсінігі. Мәмленің түрлері және мазмұны. 

Коммерциялық мәмлені жүргізудің негізгі әдістері. Коммерциялық мәмлені жүргізудің 

артықшылықтары. 

Коммерциялық мәмлені жүзеге асыру технологиясы: мәмлені жүргізу сатылары 

және негізгі кезеңдері. 

Контракт – коммерциялық мәмлені жүргізудің негізгі құжаты. Контракттардың 

(келісімдердің) негізгі нысандары және олардың мазмұны. Сатып алу-сату өзара 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 


 

28 


шартын толтырудағы қойылатын негізгі талаптар. 

Сатып алу-сату контрактысының негізгі бөлімдері және олардың  мазмұны. 

Лизингілік мәмлелер: түсінігі, негізгі мәмлеге қатысушылар. Лизингілік мәмлелерді 

жүзеге асыру механизімі. Лизингілік контракттың негізгі бөлімдері және олардың 

мазмұны. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

7 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау. 

Кәсіпкерлік  қызметті  талдау  түрлері  мен  олардың  құрылымы:  жылдық 

(стратегиялық) және оперативтік, кешендік және тематикалық, жаппай және іріктеме. 

Экономикалық тауардың негізгі мақсаттары мен міндеттері және кәсіпорынның 

кәсіпкерлік қызметін бағалау.  

Қызметтің қорытындыларын талдау – нақтылық және жоспарлық көрсеткіштерді 

салыстыру, жұмсалған қаражат пен нәтиже арасындағы байланыс тығыздығын бағалау. 

Өндіріс  шығындарын  талдау  –  бәсекелестердің  өндірістік  шығындармен 

салыстыру. 

Қызметтің  тиімділігін  талдау  –  кәсіпорынның  түпкілікті  нәтижелеріне  ықпал 

ететін сыртқы  ұйымдық – экономикалық нысандар және ішкі нарықтық жағдайлар. 

Өткізу нарығындағы тауарды талдау. 

Бәсекелестік  сәттілікті  талдау:  өнім  сапасы,  нарықтағы  үлесі,  маркетингке 

жұмсалатын шығыс, кәсіпорын нәтижелері. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

Тақырып 8 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер.  

Кәсіпкерлік  (шаруашылық)  тәуекелдің  мәні.  Тәуекелдер  мен  жоғалатулардың 

түрлері, олардың жіктелуі. Тәуекелді тудыратын факторлар.  

Тәуекелді  бағалау  әдістері:  статистикалық,  эксперттік,  есептеу-талдаулық. 

Тәуекелді басқару үрдісі мен әдістері. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

Тақырып_9_Кәсіпкерлік_қызметтің_инфрақұрылымы.'>Тақырып 9 Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы. 

Кәсіпкерлік  инфрақұрылымның  мәні  мен  ерекшеліктері.  Шағын  бизнес 

орталықтарының  кәсіпкерлік  инфрақұрылымның  институты  ретінде  қалыптасуы  мен 

құрылуы.  Шағын  кәсіпкерлікке  ақпараттық    қызмет  көрсетуді    қамтамасыз  ету. 

Кәсіпкерлік  субъектілеріне  кеңес  берушілік,  заңды  және  коммуникативтік  қызмет 

көрсету. Кәсіпкерлік кадрларды дайындау және шағын бизнестің оқу-кеңес берушілік 

орталықтарының дамуы. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

Тақырып 10 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі. 

Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің 

пайда болу шарттары. Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапершілігі. Кәсіпкерлердің өз 

міндеттемелерінің орндалуын қамтамасыз ету әдістері. 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

Тақырып 11 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау. 

Экономикалық  тауардың  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттері.    Өндіріс 

шығындарын  талдау.  Өткізу  нарығындағы  тауарды  талдау.  Кәсіпкерлік  қызметте 

бәсекелестік  табысты  талдау.  Қызмет  қортындыларын  талдау  –  активтердің 

табыстылығы  мен  айналымдылығын  талдау,  төлем  қабілеттілікті  және  өтімділікті 

талдау. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау. Кәсіпкерлік қықзмет тиімділігінің 

әдістемесі.  

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

29 


Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

Тақырып 12 Кәсіпкерлік қызметті тоқтату. 

Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға әсер ететін себептер, жағдайлар мен факторлар. 

Кәсіпкершік  ұйымдардың  қайта  құрылуы.  Кәсіпкерлік    ұйымдардың  жойылуы. 

Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы (банкроттығы). 

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ 

 

 



 

«

Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» пәні бойынша рефераттар 

тақырыптары: 

 

            

1 Кәсіпкерлік қызметті қаржылай қамтмасыздандыру; 

2 Өз ісін қалыптастыру және тіркеу тәртібі (жекеше және ұжымдық кәсіпкерлік); 

3  Кәсіпкерлік  құпияны  және  оны  қорғау  әдістерін  қалыптастыру  (кәсіпорын 

мысалында); 

4 Кәсіпкерлік қызметкердің өндірістік бағдарламасын қалыптастыру

5 Кәсіпкерліктегі шаруашылық байланысты ұйымдастыру және талдау; 

6 Кәсіпкерлердің жауапкершілігін талдау; 

7 Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту (кәсіпорын 

мысалында); 

8 Кәсіпкерлік қызметке арналған салық ережелерін таңдаудың негіздемелері; 

9 Бәсекелестік және оның кәсіпкерлік қызметіндегі рөлі

10 Кәсіпкерлік қызметтің стратегиясын қалыптастыру; 

11 Кәсіпкерлік қызметті несиелендіруді ұйымдастыру

12  Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпкерлікті  қолдау  шарттарын 

қалыптастыру; 

13 Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар әзірлеу

14 Венчурлық кәсіпкерлікті дамыту; 

15 Кәсіпкерлікті дамытудағы бизнес-инкубаторының рөлі; 

16 Кәсіпкерлік қызметтегі бизнесті бағалау; 

17 Кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігі;  

18 Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру; 

19  Қазақстан  Республикасындағы  жеке  меншікті  кәсіпорынды  ұйымдастыру 

(кәсіпорын мысалында); 

20 

Кәсіпкерлік қызметтегі келісімді ұйымдастыру; 



21 

Кәсіпкерліктегі сыртқы сауда операцияларын ұйымдастыру; 

22 

Кәсіпкерлік қызметті ақпараттық қамтамасыздандыру; 



23 

Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы; 

24 Франчайзинг және оның кәсіпкерлік қызметіндегі рөлі; 

25 


Қазақстан  Республикасындағы  және  шетелдердегі  шағын  кәсіпкерлікті 

қолдаудың инфрақұрылымы; 

26 

Кәсіперлік қызметтің мәдениеті



27 

Кәсіпкерлік қызметті стратегиялық жоспарлау; 

28 

Кәсіпкерлік қызметтегі лизингілік операцияларды дамыту және талдау; 



29 

Кәсіпкерліктегі  бәсеке  қабілеттілікті  арттыру  стратегиясын  әзірлеу 

(

кәсіпорын мысалында); 



30 

Кәсіпкерлік қызметтің қайта ұйымдастырылуы және жойылуы; 

31 Банкроттылық және оны жеңу; 

32 


Қазақстан Республикасындағы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуы; 

33 


Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді бағалау әдістерін талдау; 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

30 


34 

Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру шартындағы кәсіпкерліктің даму болашағы 

(

БСҰ); 


35 

Кәсіпкерліктегі несиелі серіктестікті қалыптастыру және дамыту; 

36 

Ғылыми-технологиялық парктер және оның кәсіпкерлік дамуындағы рөлі



37 

Қаржылық кәсіпкерлікті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында); 

38 

Өндірістік кәсіпкерлікті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында); 



39 

Сақтандыру кәсіпкерлікті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында); 

40 

Инновациялық кәсіпкерлік жобаны ұйымдастыру және әзірлеу 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

31 


Дәрісханалық сабақтарды өткізу бойынша 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

 

(оқытушылар үшін) 

 

«

Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» 

пәні бойынша 



 

Мамандық: 5В050700-Менеджмент 

 

Дәрісханалық  сабақтар  дәрістік,  практикалық  (семинарлық)  және  зертханалық 



сабақ түрлерінде өткізіледі. 

 

Дәрісті өткізу тәсілдеріне байланысты ерекшеленеді: 



ақпараттық  (дәстүрлі)  –  баяндаудың  түсіндірмелі-көрнекілікті  әдісін  қолдану 



арқылы өткізіледі. 

-  


т.б.; 

   


Білімгердің  дәрістік  сабаққа  қатысудағы  бағалау  жүйесін  жазып-тіркеп  отыру 

қажет. 


 

Практикалық  (семинарлық)  және  зертханалық  сабақтарды  өткізу  кезінде 

оқытудың алуан түрлері және түрлі интербелсенді әдістер қолданылуы мүмкін: 

іскерлік  ойын  –  берілген  ереже  бойынша  кәсіби  іс-әрекетті  қалыптастыратын 



имитациялық  үлгілеу  әдісі.  Іскерлік  ойын  оқыту  және  зерттеу  мақсатында  

қолданылады. 

 - 

Видеодәріс.  Дәріс  видеоға  жазылады.    Желілік  емес  монтаж  әдісімен  ол 



мультимедиалық  қосымшалармен  және  дәрістің  мазмұндық  иллюстрациясымен 

толықтырылуы  мүмкін.  Мұндай  қосымшалар  дәріс  құрылымын  байыта  түседі  және 

оның  мазмұнын  студенттерге  анық  және  тартымды  етіп  көрсетеді.  Теоретикалық 

материалдың  құрылымын  осындай  тәсіл  арқылы  құндылығын  қолдана  отырып,  кез 

келген ыңғайлы уақытта қиын деген сұрақтарға қайтадан оралып, дәрісті тыңдау болып 

табылады.  

Мультимедиа  –дәріс.  Дәрістік  материалға  өзіндік  жұмыс  жасау  интерактивті 



компьютерлік  оқу  бағдарламасын  талдау  болып  табылады.  Бұл  мультимедиалық 

құралдарды  қолдану  арқылы  құрылған  теоретикалық  материалдардың  оқу  құралы. 

Әрбір  білімгер  оқытылаиын  материалды  оптималды  траекториялық    тұрғыда  таңдай 

алады және        курс пен оны оқу тәсілінің ыңғайлы жұмыс деңгейі. Сонымен қатар, 

оны қабылдаудың психофизиологиялық ерекшеліктерінің максималды сәйкестілігіне де 

байланысты.  

Осындай  бағдарламаларда  оқытылатын  эффект  маңызды  бөлімшелеріне  ғана 

байланысты  жетпейді,  сонымен  қатар,  достық  интерфейске  де  және  қолдануына 

байланысты.  Мысалы:  білімгердің  теоретикалық  оқу  материалдарын  қандай  деңгейде 

меңгергенін бағалау мақсатында тесттік бағдарламаларды қолдану. 

Дәстүрлі оқытылатын басылымдар: электронды тексттік дәріс, қосымша конспектілер, 



теоретикалық материалды оқудағы әдістемелік құрал және т.б. 

Электронды тапсырмалар немесе мәліметтер базасы. Бұл жерде типтік және оқу 

курсы бойынша барлық негізгі тақырыптарға арналған бірегей тапсырмалар. Сонымен 

қатар,  электронды  тапсырмалар  бір  уақытта  жаттықтырушы  қызметін  де  орындайды. 

Оның көмегі арқылы типтік тапсырмалар  шешімінің дағдысын құру, сонымен қатар, 

алған  теоретикалық  білім  және  нақты  мәселелер  арасындағы  байланысты  білу.  Олар 

нақты шешімге бағытталуы мүмкін. 

 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

32 


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 

 

Тақырып№1 

Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және 

ұйымдастырушылық нысандары



 

 

Кәсіпкерлік  істің  сан  алуан  түрлерін  істің  түріне  қарай,  меншік  формасына 

қарай,  иелік  етуіне  қарай,  ұймдастыру-құқықтық  және  ұйымдастыру-экономикалық 

түрлеріне  қарай,  жалдама  еңбекті  пайдалануына  қарай,  т.б.  әр  түрлі  нышандары 

бойынша классификациялауға болады. Солардың кейбіреуін алып қарастырайық. 

Кәсіпкердің  істі  түріне  немесе  мақсатына  қарай  өндірістік,  коммерциялық, 

қаржылық,  кеңестік  (консультативтік)  деп  бөлуге  болады.  Аталған  кәсіпкерлік  істің 

түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады. 

Меншік  формасына  қарай  кәсіпорын  мен  оның  мүлкі  жеке  меншік, 

мемлекеттік,  жергілікті,  сондай-ақ  қоғамдық  бірлестіктің  (ұйымның)  меншігі  болуы 

мүмкін.  Мемлекет  бұл  жерде  жоғарыда  аталған  меншік  формаларына  ешқандай 

шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды. 

Меншік  иелерінің  санына  қарай  кәсіпкерлік  іс  жеке  немесе  ұжымдық  болуы 

мүмкін.  Жеке  кәсіпкерлік  істе  меншік  иесі  жеке  тұлға  болып  табылады.  Ұжымдық 

меншік  жағдайында  мүлік  бірнеше  субъектілерінің  иелігінде  болады  және  ол  үлестік 

меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді. Мүлікке иелік ету, пайдалану, басқару 

меншік иелерінің келісімі негізінде жүзеге асырылады. 

Кәсіпкерлік  істің  түрлерін  өз  кезегінде  ұйымдастыру-құқықтық  және 

ұйымдастыру-экономикалық  деп  бөлуге  болады.  Ұйымдастыру-құқықтық  кәсіптік  іс 

түрлерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, кооперативтер жатады. 

Шаруашылық  серіктестіктер  (толық)  –  арнайы  кәсіпкерлік  іспен  айналасуға 

арнайыы  құрылған  тұлғалардың  бірлестігі.  Серіктестіктер  кәсіпорындарды 

ұйымдастыруға  екі  немесе  одан  да  көп  әріптестер  шешім  қабылдағанда  құрылады. 

Серіктестіктердің  артықшылығы  қосымша  капиталды  тартудың  мүмкіндігінің  болуы. 

Сонымен  қатар  бірнеше  меншік  иелерінің  болуы  әріптестердің  әрқайсысының  білімі 

мен  біліктілігі  кәсіпорын  ішінде  мамандануды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді. 

Кәсіпкерлік  істің  бұл  түрінің  кемшілігі  –  қатысушылар  салым  көлеміне  қарамастан 

толық материалдық жауапкершілікте болады. 

Командиттік 

серіктестіктерде 

қатысушылардың 

бір 


бөлігі 

толық 


жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкершілікте болады. 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емесе азаматтардың немесе 

заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлік  істі  жүзеге  асыруға  керекті  салымдарын  біріктіруі 

арқылы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана 

жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады. 

Акционерлік  қоғамдар  –  кеңінен  таралған  форма.  Ұйымдасудың  басқа  түрінен 

айырмашылығы акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар – акцияны сату арқылы керекті 

капиталды  тарта  алады.  Бұл  жерде  қатысушы  акционерлердің  жауапкершілігі  сатып 

алған акциялардың жауапкершілігі сатып алған акциялардың шегінде ғана болады. 

Акционерлік  қоғам.  Өзінің  жүзеге  асыру  үшін  қаражат  тарту  мақсатында 

акциялар  шығаратын  заңды  тұлға  акционерлік  қоғам  болып  табылады.  Акционерлік 

қоғамның  акционерлері  осы  заң  актілерінде  көзделген  басқа  жағдайларда  оның 

міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде 

қоғамның  қызметіне  байланысты  шығындар  тәуекелін  көтереді.  Қоғамның  барлық 

акцияларын  бір  акционер  сатып  алған  жағдайда  акционерлік  қоғамды  бір  адамның 

құруы  немесе  бір  адамнан  тұруы  мүмкін.  Акционерлік  қоғамдар  ашық  және  жабық 

болып  та  кездеседі.  Ашық  АҚ  қатысушылары  басқа  акционерлердің  келісімінсіз  өз 

акцияларын  басқа  біреулерге  сата  алады.  Бұндай  АҚ  өздерінің  шығарып  жатқан 

акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 


 

33 


есеп  беруде,  бухгалтерлік  баланста  пайда  мен  шығын  есептерін  жариялап  отыруға 

міндетті. 



Жабық АҚ шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын 

ала  белгіленген  тұлғалар  арасында  бөлінеді.  Бұндай  қоғамның  шығарылатын 

акциялары көпшілікке жарияланбайды. 

Жабық акционерлік қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің 

акцияларын  сатып  алудағы  мүмкіндіктері  жоғары.  АҚ-ның  құрылтайшы  құжаты  – 

қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады. Оның ішінде жалпы мәліметпен бірге 

қоғамның шығаратын акцияларының категориялық жағдайы, оның номиналдық бағасы 

және  саны  көрсетілуі  керек,  қоғамның  жарғылық  капиталының  мөлшері 

акционерлердің  құқығы,  басқарушы  органдардың  құрамы  мен  міндеті  және  олардың 

шешім қабылдау тәртібі болуы тиіс. 



Кооператив  -  өндірістік  және  басқа  да  іспен  бірлесіп  айналысу  үшін 

тұлғалардың  тобы  бірігіп  құрған  кәсіпорын.  Кооперативте  оның  мүшелері  еңбек  етуі 

немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын 

біріктіруі шарт. 

Кәсіпкерлік 

істің 


негізгі 

ұйымдастыру-экономикалық 

формаларына 

концерндерді,  ассоциацияларды,  косорциумдарды,  синдикаттарды,  картельдерді, 

қаржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады. 

Концерн  –  кәсіпорынға  қатысу  жүйесі  арқылы  бақылау  жасайтын  көп  салалы 

АҚ,  кәсіпорындардың  неғұрлым  дамыған  бірлестігі.  Концерн  өзінің  бөлімшесі  болып 

табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады. 

Ассоциациялар  –  экономикалық  тұрғыда  дербес  кәсіпорындардың, 

ұйымдардың ерікті бірлестігі., қауымдастығы. 

Ассоциация  құрамына  әдетте  анықталған  жерлерде  орналасқан  біртекті 

мамандандырылған  кәсіпорындар  кіреді.  Ассоциацияны  құрудың  негізгі  мақсаты  – 

ғылыми-техникалық,  өндірістік,  экономикалық,  әлеуметтік  және  тағы  басқа 

мақсаттарды бірлеспі шешу. 



Консорциум  –  ірі  қаржылық  операцияларды  бірлесіп  өткізу  мақсатымен 

құрылған  кәсіпкерлердің  бірлестігі,  шаруашылық  жағынан  тәуелсіз  фирмалардың 

уақытша одағы. (Мысалы, ірі өндірістік жобаға елеулі инвистициялауды жүзеге асыру). 

Кәсіпкерлердің бір бірлестігі құралдарды ірі жобаға салым жасауға мүмкіндік береді, 

бұл  жерде  ірі  салым  кезінде  пайда  болатын  қауіп  деңгейі  елеулі  төмендейді,  өйткені 

жауапкершілік  көптеген  қатынасушыларға  бөлінеді.  Ғылыми-техникалық  революция  

жағдайында  консорциумдар  жаңа  салаларда  және  бірлескен  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жүргізуді қарастырады. 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал