Мен үшін ең қымбат сый – Қазақстанның жетістіктері!



жүктеу 36.63 Kb.

Дата30.03.2017
өлшемі36.63 Kb.

 

 

 

 



Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Мен үшін ең қымбат сый – 

Қазақстанның жетістіктері! 

 

 



 

Тақырыбы:  



«Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуында 

Қазақстан өңірлерінің негізгі жетістіктері мен ілгерлеуі» 

 

 



3 курс 1 топ                                                              

Куратор  Жантеева Г.Е. 

 

 



 

 

Алматы 2016 

Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуында Қазақстан өңірлерінің негізгі жетістіктері мен 

ілгерлеуі 

 

 



3 курс 1 топ                                                        куратор Г.Е. Жантеева 

 

Өткен күннен алыс жоқ, 



Келер күннен жақын жоқ 

(қазақтың халық мақалы) 



 

 

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, 

еліне  деген  сүйіспеншілік  пен  бірлік  ұғымдарын  терең  сіңіру.  Мемлекеттік  рәміздерін 

қастерлеуге,  мемлекеттік  тілді  құрметтеуге,  өз  ұлтын  жанындай  сүйетін  саналы,  білімді, 

іскер азамат қалыптастыру.  



Дамытушылық:  Студенттердің  сөйлеу  мәдениетін,  сын  тұрғысынан  ойлау, 

зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. 



Тәрбиелік:  Студенттердің  жеке  басындағы  патриоттық  сезімді,  отансүйгіштік 

қасиеттерді  қалыптастыру,  ынтымағы,  бірлігі  жараса  шалқыған  елдің,  көптеген  ұлт  пен 

ұлыстарға  алтын  бесік  болған  мемлекетінің  ұланы  екендігін  мақтанышпен  сезіне  білуге 

тәрбиелеу.  



 

Жүргізуші  Рафаелқызы  Нұркамила  -  Міне,  көзді  ашып  жұмғанша,  осы  жылы 

Қазақ  халқы  тәуелсіздіктің  25  жылдығын  тойлайды.  Тәуелсіздікке  жету    –  оңай  жолмен 

келген  жоқ,  ол  бәрімізге  мәлім.  Бұл  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  көздеген  арман-

мұраттарының орындалуы.  

Тәуелсіз  мемлекетке  айналу,  бізге  үлкен  серпіліс,  күш  берді.  Тарихи  күш  десе  де 

болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. 

Тәуелсіз  мемлекет  бола  салысымен,  көптеген  шұғыл  сұрақтарға  шешім  табылды. 

Неше  түрлі  ауыртпашылық  әкелген  Семей  полигоны  жабылды,  Арал  теңізі  мәселесі 

шешілді,  тарихи  мұра,  мәдениетіміз,  қазақ  тілі  қайта  жаңғыртылды,  табиғи 

байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. 

Қазір  біз  болашағымызға  сеніммен  қарай  алатын,  зайырлы,  өркениетті, 

индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.  

Тәуелсіздікке  дейінгі  кезеңде  өз  жерімізде  басымызды  түсірдік.  Экономика,  ішкі 

және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. 

Сол  қиын-қыстау  кезеңде,  қазақ  халқының  сана-сезімі,  намысы  оянды.  Жігерлі  қазақ 

жастары  өз  жерімізде  лайықты  күн  көруге,  өз  ана  тілімізді,  мәдениетімізді    құқылы 

қолдануға талпынды.  

Жүргізуші:  Тынышбай  Бекжан    Бүгін  міне,  тәуелсіздіктің  25  жылдығы 

қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын 

қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-

сезімді  оятты.    Жаппай  қазақ  мектептерінің  жабылуы,  қазақ  тілінде  шығарылған  газет-

журналдар,  мақалалар,  кітаптардың  сатылымнан  жоғалуы,  жоғарғы  билеуші  таптың 

басымдылығы,  біздің  ержүрек,  батыл,  намысшыл  жандарымызды  ызаландырды.  Сөйтіп, 

халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды. 

Осының  бәрі,  бізді  1986  жылғы  Алматыда  өткен  желтоқсан  оқиғаларына  алып 

келеді.    Себебі,  жаңа  алаңда  өткен  қазақ  жастарының  шерулері,  тәуелсіздікке  әкелген 

бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол 

тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.    


Жүргізуші  Рафаелқызы  Нұркамила  Қазіргі  таңда,  Қазақстанның  өзіндік  үні, 

пікірі,  мәртебесі  бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді  басып, басқа елдер бізбен 

санасатын  мемлекетке  айналдық.  Мұндай  нәтижеге  қол  жеткізу  үлкен  шараларды,  іс-

әрекеттерді  талап  етеді.  Яғни,  ішкі  және  сыртқы  саясатты  дұрыс  жүргізу,  халықтың 

әлеуметтік-экономикалық  тұрғыда  өркендеуін,  дүниежүзілік  қауымдастықта  өркениетті 

мемлекеттермен  білікті  қарым-қатынас  жасау,  әрине  бір  адамның  қолында  емес.  Бірақ, 

халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке 

бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент. 



Жүргізуші: Тынышбай Бекжан  - Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жинаған 25 

жылда бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері аз емес. 

Биыл  Ұлы  Дала  тарихында  ерекше  жыл.  Бабалар  ғасырлар  бойы  аңсап,  арманы 

ақиқатқа айналған Тәуелсіздікке тура 25 жыл толады. Бұл – торқалы той, мерейлі мерекеге 

3  курс  1  топ  студенттері  де  өз  үлестерін  қосу  мақсатында  14  өңірдің  жеткен  жеңістері 

жайында  бірнеше  мағлұматтар  бергелі  тұр.  Ширек  ғасырда  Қазақстан  әлем  мойындаған 

алдыңғы  қатарлы  мемлекетке  айналып,  барлық  салаларда  айтарлықтай  оң  өзгерістер 

болды.  Елбасының  сарабдал  саясаты  арқасында  көсегеміз  көгеріп,  әлеуметтік-

экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырылды. Бүгінде өзімізді «Ұлы Даланың 

ұрпақтары»  деп  мақтанышпен  айта  аламыз.  Бұл  дегеніміз  басты  оқиғаларды  еске  алып, 

жеңістермен  бөлісетін,  табыстарымызға  қуанатын  кез.  Олай  болатын  болса  3  курс  1  топ 

студенттерінің дайындаған ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар! 



 

Ән: ҚР ән ұраны! 

 

Дөңгелек үстел.  

Ролдерде Премьер-Министр  және  Әрбір өңірлерден келген облыс әкімдері  

Премьер Министр – Ноғай Жадыра 

Әкімдер:  

Алматы облысы - Туртаева Перизат  

Жамбыл облысы -Хумархан Әйгерім 

ОҚО - Смағұлова Меруерт 

Қызылорда обл – Ахмет Берік 

Солтүстік Қазақстан(Петропавл)  -  Қуандықова Аяна 

"Павлодар өңірі - ғажайып өңір"- Нұрахым Айша 

Ақмола облысы- Джатқанбай Алем 

Қостанай облысы – Али Алишер 

Шығыс Қазақстан - Аманбаева Сания, Калеп Айменнұр 

Атырау обласы - Түсібалиева Айнаш  

Ақтобе облысы –Қасымжанов Елнұр 

Маңғыстау облысы – Мырзахан Әйгерім 

Батыс Қазақстан – Даулетбай Мағжан 

Орталық Қазақстан -  Сағын Ләйлім, Абаев Әділ 

Алматы қаласы – Дүйсенғали Айман 

Астана қаласы – Сағынай Жанбота 

 

Ән: Қазақ Елі! 

 

Қорытынды:  Куратор    Г.Е.Жантеева:  Қорыта  келгенде,  25  жыл  ішінде  жеткен 

жетістіктердің  маңыздылығын  бағалай  отырып,  біз  болашаққа  сеніммен  қарай  аламыз. 

Елбасымыздың  90-шы  жылдарда  анықтаған  стратегиясының  арқасында  біздің  еліміз 

осындай  аз  уақыт  ішінде  құрметке  ие,  жетістіктерін  танитын,  сөзіне  құлақ  салатын 

мемлекетке  айналып  отыр.  Елбасымыздың  осы  қиын  жолда  сіңірген  еңбегі  зор,  баға 

жетпес.  



Меніңше, екі  алып мемлекеттің арасында осындай халге жетуіміз  Құдайдың бізге 

берген  сыйы,  мейірімі,  аманаты  деп  есептеймін.  Біз  өз  ұлтымыздың,  мемлекетіміздің 

тарихын  ерекше  қадірлеп,  сақтауымыз  керек.  Келешек  ұрпаққа  да  ақылын  айтып, 

жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет бола аламыз.  

Дүние  керемет  өзгеру  жолында,  бірақ  біз  ұлттық  идеяны  сақтап,  тарихи  мұра, 

құндылықтардың  қасиетін  жоғалтпай,  кейінгі  ұрпаққа  аманат  етуіміз  керек.  Әрине,  ең 

бастысы,  жеріміздегі  ұлтаралық  келісім,  саяси  тұрақтылық,  ыңтымақтастықты  сақтай 

отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз. 

Біздің  ел  тәуелсіздігін  жариялаған  күннен  бастап,  дүниежүзілік  қоғамдастықтың 

белсенді  мүшесі  екенін  жан-жақты  дәлелдеді.  Абайдың  150  жылдығын  “ЮНЕСКО” 

шеңберінде  тойлады.  “Біріккен  Ұлттар  Ұйымы”  шеңберінде  2002  жылы  Алматыда,  яғни 

тұңғыш  рет  Азия құрлығында  24  мемлекет  басшысын  біріктіріп,  кеңес  өткізді.  “Шанхай 

ынтымақтастық  ұйымын”  құрудың  негізгі  ұйытқысы,  алғашқы  ұсыныс  жасаумен 

танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін 

өткізумен  тарихта  аты  жазылды.  Алдымызда,  100-ге  жуық  елдің  басын  қосатын 

халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”. Осының бәрін бағалауымыз керек.  

Тәуелсіздікке  қол  жеткен  бүгінгі  дәуірде  іштегі,   сырттағы  ұлтымыздың   рухы  

өрледі.  Біз  «Мен  -  қазақпын!»,  «Мен  -  қазақстандықпын!»  деп  әлем  халықтарының 

алдында мақтанышпен айтамыз. 

Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. 

Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және 

нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!  



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал