Мен сайлауды қолдаймын! 2-бет №22 (531) ЖҰМА, 13 наурыз 2015 жыл



жүктеу 358.99 Kb.

бет1/4
Дата08.02.2017
өлшемі358.99 Kb.
  1   2   3   4

Мен сайлауды 

қолдаймын!

2-бет

№ 22 (531)  ЖҰМА, 13 наурыз 2015 жыл        

2010  ЖЫЛДЫҢ  1 ҚАҢТАРЫНАН  БАСТАП  ШЫҒАДЫ 

Жазалау 

шарасы 

күшейтілмек!

3-бет

Ардагерлер 

назардан тыс 

қалмайды!

8-бет

Аналарға құрмет

«НҰР ОТАН» МҮШЕЛЕРІ 

Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ 

КАНДИДАТУРАСЫН 

ҰСЫНДЫ

Ана - әрбір адамның 

жарық  дүниедегі  ең 

жақыны, жанашыры, 

қадірлісі, қамқоршысы, 

ақ сүтін емізіп аялаған, 

жанын  да  аямаған 

ардақтысы. Әрбір адам-

зат баласы ана деген 

сөзді қанша айтса да 

жалықпайды. Өйткені 

ол дүниедегі ең ардақты 

жан. Ана баланы тоғыз 

ай көтеріп, толғатып, 

дүниеге келтіріп қана 

қоймайды, оны көзінің 

қарашығындай қорғап, 

аялап өсіріп аяғынан тік 

тұрғызады. Әйел адам әр 

шаңырақтың ұйытқысы, 

берекесі. Анаңды мек-

кеге қанша рет арқалап 

апарсаң да қарызынан 

құтыла алмайсың деп 

ұлы бабаларымыз бекер 

айтпаса керек. Әлемдегі 

жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Анаға, 

әйел адамға деген адамзат баласының сый құрметі шексіз. Осындай сый құрметке лайық аналарға, қыз 

келіншектерге арналған 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінде 

салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараны Бородулиха ауданының әкімі 

Г.Акулов құттықтау сөзімен ашып, ауданымыздағы аянбай еңбек етіп жүрген асыл жандыларды мақтау 

қағаздарымен марапаттады.



(жалғасы 8-ші бетте)

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА АӨК 

ДАМЫТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

5 БАҒЫТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

«Аудан  тынысы»  газетінің  2015  жылғы  10  наурыздағы 

№ 21 санында жарияланған 2015 жылдың 19 наурызына 

белгіленген  аудандық  мәслихаттың    кезектен  тыс  ХХХ 

сессиясының болмайтындығы туралы хабарлама жарам-

сыз деп танылсын.

Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдағы кәсіпкерлікті 

дамыту:  жағдайы  мен  келешегі»  тақырыбында 

өткен семинар-кеңесте ШҚО әкімі Даниал Ахметов 

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының 

5 бағытын атады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық 

орталығы.

Семинар-кеңеске өңірдегі кәсіпкерлер мен шаруа 

қожалық иелері, қалалар мен аудандардың әкімдері 

қатысты. Айта кету керек, ауыл шарушылығы Шығыс 

Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Тек 2014 жылы 

ғана  «Агробизнес  2020»  бағдарламасы  бойынша 

кәсіпкерлер  мен  шаруа  қожалық  иелеріне  12,2 

млрд. теңгеге субсидия берілген. Бұл көрсеткіш 2013 

жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Берілген 

субсидияның  өтеуі  ақталып,  аймақта  өткен  жылы 

154 инвестициялық жоба іске асқан. Соңғы 3 жылда 

агроөнеркәсіпті  дамытудың  арқасында  аймақта  7 

мың жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, өңірде 

мыңнан аса жеке кәсіпкер ветеринария саласында 

жұмысын табысты атқарып келеді.

- Ауылдық аймақтарда кәсіпкерліктің, атап айтқанда 

агросектордың  жолға  қойылуын  бекемдеу  үшін  5 

бағытта жұмысымызды жалғастырамыз. Біріншіден, 

сүт-тауар фермаларын салып, бұрыннан барларын 

күрделі жөндеуден өткізсек, екіншіден сүт өнімдерін 

ауыл тұрғындарынан сатып алу үшін сүт қабылдау 

бекеттерін көбейтеміз. Үшіншіден, қабылданған сүтті 

толық айналымға енгізу үшін сүт өңдеу кәсіпорындарының 

жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ, төртінші және бесінші 

бағытта аймақтағы бар малдың жем-шөппен қамтамасыз 

етілуі  мен  ветеринарлық-санитарлық  қадағалауы 

назарға алынады. Айта кету керек, АӨК дамуының 

5 бағытына да мемлекеттік қолдау көрсетілетін бо-

лады, - деді Д.Ахметов.

БАҚ беттерінен

  Наурыз  айының  5  жұлдызында  көктемнің  ең  бір 

шуақты мерекелерінің бірі- аналар күніне орай, Аудан 

әкімі Г.Акуловтың салтанатты мерекелік қабылдауы 

өткізілді.  Салтанатты  мерекеге  ауданның  бірқатар 

ардагер  аналары  мен  көпбалалы  аналар,  белсенді 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  төрайымдары,  сан  са-

лада еңбек етіп жүрген іскер әйелдер, мемлекеттік 

қызметкерлер мен органдарда әлеуметтік мекемелерде 

жемісті еңбек етіп жүрген аналар мен қыз-келіншектер 

шақырылды. Мерейлі кездесуге аудандық мәслихат 

хатшысы  У.Майжанов,  аудан  әкімінің  орынбасары 

Р.Атаева, ШҚО әкімінің қоғамдық көмекшісі Л.Шокарева, 

аудандық «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші 

орынбасары С.Урашевалар қатысты. 

 - Сіздерді осынау төл мерекелеріңізбен өз атымнан, 

ауданның барлық ер азаматтарының атынан құттықтауға 

рұқсат етіңіздер деп бастаған аудан басшысы, жүрекжарды 

мерекелік құттықтауын жиналған аналарға жеткізді. 

Әйел адамның, ананың қоғамдағы орны ерекше екені 

ақиқат. Үлкен-үлкен істерді абыроймен атқарып жүрген 

сіздерді  ел  тыңдайды.  Сондықтан  сіздерді  мерейлі 

мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ауданның барша 

аналар мен әйелдер қауымын құттықтаймын. Өмірде 

кездесетін қиындықты жеңе білуге күш-қайрат, жігер 

және отбасылық бақыт, бейбітшілік, береке-бірлік тіледі. 

Одан кейін аналарды аудандық мәслихаттың хатшысы 

У.Майжанов құттықтады. 

 Осы мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің әртістері, 

қазақ орта мектебінің оқушылары және шығармашылық 

үйінің оқушылары ән айтып би билеп мерекенің көркін 

келтіріп,  барлық  мерекеге  келген  әйел  қауымының 

көңілін бір көтеріп тастады. Мереке кешінде тілектер 

де айтылды, әдемі әзілге де орын берілді. Мерекелік 

көңіл-күйде  өткен  басқосуда  Бородулиха  ауылдық 

округі әйелдер кеңесінің төрағасы Ж.Аргимбаева әр 

шаңырақтың ұйытқысына айналған апалар мен ана-

ларды қыз –келіншектерді мерекемен құттықтап, шара-

ны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Көктемнің 

шуақты мерекесіне арналған жарқын кездесу соңында 

аудан басшысы барша қатысушыларға сыйлықтар табыс 

етіп, жиналғандар естелікке суретке түсті.

   М.АТАЕВА,Т. КАЛИБАЕВ

АУДАН ӘКІМІНІҢ САЛТАНАТТЫ 

ҚАБЫЛДАУЫ 

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет бас-

шысы,  Партия  Лидері  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының кезекті 

ХVІ  Съезінде  алдымен  сөз  алған  мемлекет  және 

қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев партия атынан 

Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын ұсынды, 

- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

  -  Тәуелсіз  Қазақстанның  бүгінгідей  жетістігіне 

жету  жолында  Мемлекет  басшысының  сіңірген 

еңбегі мен қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да 

біз Елбасының ел басқарудағы мол тәжірибесіне 

сүйене отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының кандида-

турасын партия атынан ұсынғанды жөн санадық, 

- деді Кенжеғали Әбенұлы.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Жарғысына 

сәйкес  Съезд  партияның  эоғары  басқарушы  ор-

ганы  болып  табылады.  Яғни,  қажеттілігіне  орай 

Партия  төрағасы  немесе  Саяси  кеңестің  шешімі 

бойынша шақырылады. Партия Съезінің делегат-

тары партияның өңірлік филиалдарының конфе-

ренцияларында сайланады. Партияның Съезі оның 

жұмысына партияның барлық филиалдарының өкілдері 

қатысқан жағдайда ғана құқықтық жағынан оңды 

деп танылады. Съезд шешімі партияның барлық 

филиалдарының өкілдері Съезге қатысқан жағдайда 

көпшілік дауыспен қабылданады. 


Аудан тынысы

2

№22 (531) 13 наурыз 2015 жыл

ХАЛЫҚ ЖӘНЕ БИЛІК

БОРОДУЛИХА АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 

ЖЕЗКЕНТ КЕНТІНІҢ ОКРУГІ БОЙЫНША ӘКІМДІККЕ 

КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛГЕНІН ХАБАРЛАЙДЫ:

1. Дамир Мансұрұлы Бергенев 04.12.1978 жылы туылған,қазақ, білімі-жоғары, жұмыс орны «ШҚО 

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, Шығыс 

қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Школьная көшесі 3 үйінде тұрады

2. Василий Михайлович Дерябин, 06.01.1972 жылы туылған, ұлты орыс, білімі - жоғары, Жұмыс орны: 

«Транс ЭКО Сервис» ЖШС-құқықтық мәселелер бойынша директордың орынбасары, Шығыс қазақстан 

облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Пионерская көшесі 41а үйінде тұрады 

3. Бақыт Рысқұлқызы Садықова,26.03.1978 жылы туылған, қазақ, білімі-жоғары, жұмыс орны: Жезкент 

кенттік округі әкімінің орынбасары, Шығыс қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент кенті, № 

3 жатақханасының 441 бөлмесінде тұрады. 



С.ХАРЧЕНКО, 

Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы   

А. МУХАЕВА, хатшы    

«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫМЫЗ АМАН 

БОЛСЫН ХАЛҚЫМЫЗ»

Ақпанның 28-ші жұлдызында Зубаир орта 

мектебінде  қысқы  спорттық  ойындарына 

байланысты «Салауатты өмір салтымыз, аман болсын халқымыз» 

атты спорттық мереке өтті.

Қыстың қытымыр аязына қарамай спорт киімін киген оқушылар 

мен мұғалімдер мектеп ауласын-

да сап түзеді. Мемлекеттік әнұран 

шырқалды.

Жиынды мектептің дене тәрбиесі 

пәнінің мұғалімі Е.Алпысбаев ашып, 

оқушылар мен ұстаздар қауымын 

құттықтады.

Оқушылар  мен  мұғалімдерге 

«қаражорға»биіне 

флешмоб 


ұйымдастырылды.

Келесі кезекте спорттық ойындардан 

жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 

өте қызықты болды. Алғашқыда 

бастауыш сынып оқушылары «Аңшы 

мен қоян» ойынын ойнады. Олар 

қармен қояндарды атқылады. Орта 

буындар шанамен жарысты және 

қаппен секіріп жарысты. Соңында 

барлық қатысушы оқушылар мен 

мұғалімдер бір-біріне қар атысып 

«Қамал бұзу» ойынын ойнады.Таза 

ауадағы  спорттық  ойындар  өте 

жақсы, әрі қызықты өтті.

    Е.АЛПЫСБАЕВ, Зубаир 

орта мектебінің мұғалімі

ЕЛБАСЫ  ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАН ЖАСТАР 

САЯСАТЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАЙТЫН 

ТҰҢҒЫШ ФИЛЬМ

9  наурызда  ҚР 

Президенті жанындағы 

Орталық  коммуни-

кациялар  қызметі 

алаңында  «Оралу» 

(«Дорога Домой») атты 

толықметражды көркем 

фильмнің жалпыұлттық 

тұсаукесеріне арналған 

баспасөз мәслихаты 

өтті. 


Жарық 

көрген 


толықметражды фильм 

жайында Шәкен Ай-

манов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті – бас редактор 

Дидар Амантай, сонымен қатар, фильмнің шығармашылық тобы: 

қоюшы режиссер, сценарий авторы Рашид Сүлейменов, фильмнің 

басты кейіпкерлерін сомдаған актерлер Санжар Мәдиев, Аружан 

Жазылбекова және Обонна Эндобуезе кеңінен әңгімелеп, киноту-

ынды туралы оң пікірлер білдірді. 

«Оралу» фильмі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының 

арқасында жастардың қол созған мақсат-мұратына жетуіне жақсы 

мүмкіндіктер жасалғаны туралы баяндайды. 

Фильм ― елден жырақ кеткен, бірақ еліне келіп, туған жерінде 

мүмкіндіктер, артықшылықтар көбейгенін түсінген, Отанын сүйген 

адам туралы. 

Картинаның кейіпкері – Мақсатқа – Еуропада тұрған, оқыған ұнайды. 

Ол – микробиолог, ауқымды жобалармен айналысатын ірі компанияда 

қызмет істейді. Мақсат алыстағы туған жерін тек іссапарлар кезінде, 

маңызды  кездесулер  барысында  ғана  ұшақ  терезесінен  көргенге 

үйреніп кеткен. 

Шалғайдағы ауылда тұратын атасының кенеттен дүние салуы – оның 

өмірін бір-ақ сәтте басқа арнаға бұрады. Ол мұра боп қалған ат фер-

масын, жүйрік сәйгүліктерді сатып, ақшаға айналдыру мақсатында 

еліне оралады. Ауылда жүріп, аз уақыт ішінде туған ауылының тыныс-

тіршілігі, тұрмысы өзгергенін байқаған Мақсат, қазақтың салт-дәстүрін, 

ұлттық құндылық-қасиеттерін бойына сіңіріп өскен Аружан деген 

мұғалім қызбен танысады. Ол елдегі жағдайдың өзгергенін байқайды. 

Еуропалық компаниялар тәрізді, бүгінгі Қазақстанда да қарапайым 

адамдарға  табысқа  жету  үшін,  адал  еңбегі  арқасында  жағдайын 

жақсарту үшін көп мүмкіндіктер жасалғанын көреді. 

Еліміздің  ертеңгі  болашағы  –  жас  ұрпақты  елжандылыққа,  өз 

Отанының адал азаматы болуға шақырған аталмыш кинотуындының 

түсіру жұмыстары, негізінен, Алматы облысына қарасты «Тұрар» ауы-

лында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында жүргізілді. 

«Оралу»  фильмі  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт 

министрлігінің тапсырысы бойынша, «Көркем фильм» кинокомпаниясының 

қатысуымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді.

Фильмнің ұзақтығы 90 минут.

Картинаның жалпыұлттық тұсаукесері 9 наурызда еліміздің барлық 

қалаларында және Астана қаласында «Қазақстан» Орталық концерт 

залында  өтеді.  Салтанатты  кешке  еліміздің  мемлекет  және  қоғам 

қайраткерлері, ұлт зиялылары, фильмнің түсіру тобы және «Қазақфильм» 

АҚ өкілдері қатысады. 

«Оралу» фильмі 19 наурыздан бастап жалпыұлттық прокатқа шығады, 

еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

БІЗ САЙЛАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ - БАСТЫ ПАРЫЗ!

  Қазақстан – халықтар ара-

сында бірлігі бекем, татулығы 

мықты,көп ұлтты мемлекет 

болып табылады. Осы жүйені 

қалыптастыру үшін, бүгінгі 

күнге дейін көп тер төгілді. 

Бүгінгі таңда мейлі ол басқа 

ұлт өкілі орыс, неміс, татар, 

грузин, украин тағысын тағы 

болмасын барлығымыз бір 

шаңырақ астында тату-тәтті 

өмір сүріп жатқанымыз айдан 

анық. Осы игі бастамалардың 

барлығы тікелей Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы деп атап 

айтуға болады. Биылғы жыл ерекше жыл болмақ. Қазақстан халқы 

Ассамблеясының 20жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, қазақ 

хандығының құрылуына 550 жылдығы, ғұлама ақын Абайдың 170 

жылдығы, сондай-ақ Ұлы жеңістің 70 жылдығы дүркіреп аталып өтпек.

  Тәуелсіз  Қазақстанның  тарихы  -  тұрақтылықтың,  Қазақстан 

халқының достығы мен келісімінің тарихы. Конституциялық мәртебеге 

ие  халық  Ассамблеясы  біздің 

еліміздегі ұлтаралық келісімнің, 

ұлт татулығына бастар жолдың бірі. 

Еліміздің түрлі өңірлерінде этно-

мәдени орталықтар мен достық 

үйлері жұмыс жасауда. Осындай 

игі қадам, ұлт аралық татулықты 

одан  әрі  нығайта  түседі  деген 

ойдамын. Қорыта айтқанда осы 

барлық жасалып жатқан бастама-

ларды Елбасымыз әрдайым наза-

рында ұстап, Ұлт көшбасшысының 

арқасында жүзеге асып жатыр де-

сек қателеспегеніміз. Мемлекет 

басшысының биылғы 26 сәуірде 

өтетін кезектен тыс сайлауда Пре-

зидент лауазымына өз кандидату-

расын ұсынуын қалаймын. 



Н. Давлетшина, 

“Ләйсан” татар ЭМБ 

жетекшісі

Қазақстан 

халқы 

Ассамблеясының президенттік 



сайлауды 2015 жылы өткізу 

туралы ұсынысын еліміздің 

бүкіл халқы қолдап отырғанын 

күнделікті БАҚ-тардан көріп, 

хабардар болып отырмыз. 

Қ а з а қ с т а н 

РеспубликасыПрезидентінің 

2015 жылдың 9 ақпанында 

қол қойған «Мемлекеттік 

жастар саясаты туралы Заңы» 

жастар саясаты саласын-

да туындайтын қоғамдық 

қарым-қатынастарды 

қадағалайды.    Заңда 

жастардың жан-жақты даму-

ына септігін тигізетін көптеген 

мәселелер қарастырылған. 

Әсіресе  мәдени,  танымдық  және  рухани  құндылықтарының 

басымдылығы, еліміздің экономикалық  өсу жолдары аясында   

азаматтық   жауапкершілік, еңбек сүйгіштік,  ұлтаралық сыйластық,  

мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға 

жастардың қатыса алуы сияқты мәселелерді ерекше атап өтуге 

болады. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ұйымдастырылған 

жастарға арналған әлеуметтік бағдарламалар, нақты жеңілдіктер, 

жаңа орталықтардың ашылуы жастарға болашаққа нық сеніммен 

қарауға мүмкіндік береді. Елбасымыздың сарабдал саясатының 

арқасында жастарымыз шет елдерге барып білім алуға мүмкіндік 

алып отыр. Жас отбасыларды тұрғын үймен, жұмыспен қамтып 

отыруының өзі жастарға деген елбасымыздың сенімділігі. Осын-

дай жас кәрі демей, барлығының жағдайын ойлап отырған Ел-

басымызды алдағы болатын сайлауда биік белестерден көреміз 

деген сенімдеміз!



Д. ХАСЕНОВА, жастар орталығы

ЕЛІ  ЕЛБАСЫНА СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ

 Біз жанұямызбен 2002 жылы Бо-

родулиха ауылына қоныс аударған 

болатынбыз. Еліміз егемендік алғаннан  

бері көптеген жақсы істердің куәсі 

болып отырмыз.   Бүгінгі таңда  осы 

ауылда  желкілдеп өсіп келе жатқан  

4 қыз, екі ұлымызды жұбайым Ербол 

екеуміз өнегелі  тәрбиелеп отырмыз. 

2011 жылы  мен «Күміс алқа»  иегері 

атандым.  Өйткені, 2010 жылдың 17 

және 26 ақпанындағы  Президенттің 

Жарлығына сәйкес, жеті бала тәрбиелеп отырған аналар «Алтын 

алқа» орденін  алса,  ал «Күміс алқа»  ордені 6 баланы өмірге 

әкелген аналарға  берілді. 

 Көпбалалы ана ретінде 2008 жылы  Елбасымыздың арқасында аудан 

орталығында  салынған  жаңа үйден  4 бөлмелі пәтер  беріліп, түрлі  

әлеуметтік көмектер де көрсетіліп жатыр. Президент Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуін теледидардан тыңдадым. 

Кейін «Аудан - тынысы» газетінен де мұқият оқып шықтым. «Сай-

лау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында 

біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы 

бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға 

шақырамын», деген сөзі бүкіл елді, бүтін қауымды тебіренткеніне 

сенімдімін. Бүгінгідей алмағайып жағдайдағы аумалы-төкпелі за-

манда осы күнге дейін елдің, халықтың, жұрттың сенімінен шығып 

келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сеніммен 

қараймын. Елбасымыз аз ғана жылдардың ішінде  елімізде ғасырға 

бергісіз салихалы жұмыстар атқарды.  Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауға қатысқанын 

қалаймыз. Бұл - мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен береке-бірлігін 

сақтаудың кепілі. Кезектен тыс президенттік сайлауда Елбасымыздың 

барша қазақстандықтың қолдауына ие болатынына сеніміміз кәміл

А. МАМЫРБЕКОВА, “Күміс алқа” орденінің иегері,

 көп балалы ана


Аудан тынысы

3

№ 22 (531) 13 наурыз 2015 жыл

ҚОҒАМ КЕЛБЕТІ

Әндер де соғысқа қатысты!

  27  ақпанда  Боровлянка 

мектебінде Ұлы Отан Соғысының 

70 жылдығына арналған «Әндер 

де соғысқа қатысты!» атты фе-

стиваль өтті. Фестивальға Боров-

лянка, Пол-лог ауылдарының 

тұрғындары, тыл еңбеккерлері 

шақырылды. Іс-шара «Лейся 

песня»  көркемөнерпаздар 

тобының, мектеп мұғалімдерінің, 

оқушылардың 

көмегімен 

ұйымдастырылды. Бағдарлама 

көлемді және мағыналы бол-

ды.  Зал  әсем  безендіріліп, 

салтанатты  түрде  өткізілді. 

Залдың ортасына шақырылған 

қонақтардың соғысқа қатысып, 

қайтыс болған туғандары мен 

туысқандарының  суреттері 

қойылды.  Г.Аблахатова  тыл 

еңбеккерлерінің төсіне Геор-

гиевка  таспасын  тақты.  Зал 

көрермендерге толы болды. 

Жерновка ауылдық округінің 

әкімі В.Позигунов және мек-

теп  директоры  А.Калинко 

құттықтап, сөз сөйледі. Олар тыл 

еңбеккерлеріне зор денсаулық 

тілеп,  соғыс  жылдарындағы 

қиындықтарды жеңе білгендері 

үшін  алғыстарын  білдіріп, 

бейбітшілік  және  ынтымақ 

бірлік  тіледі.  Сол  жылдары 

әлі  қанаттары  қатаймаған 

балалардың иығына қаншама 

ауыр еңбек пен қайғы артылды. 

Біз бейбіт өмірде өмірге келдік, 

сондықтан адам өмірін қию 

түкке тұрғысыз екеніне сену өте 

қиын, бұл бізге көрген түспен 

тең.  Біз  үшін  соғыс  -  тарих. 

Фестивал осы сөзбен ашылды. 

Тыныштықты Левитанның ҰОС 

басталғаны туралы хабарлаған 

дауыс бұзды: «Тыңдаңыздар! 

Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған, 

Москва. 22 маусымда таңғы 

сағат 4-те фашистік Германия 

біздің Отанымызға шабуыл жа-

сады». Соңынан қағылған дабыл 

ретінде «Священная война» 

әні  орындалды.  Салтанатты 

жиын барысында бағдарлама 

жүргізушілері әндердің автор-

лары, композиторлары және 

алғаш кім орындағаны жөнінде 

таныстырып өтті. Бағдарлама 

барысында мектеп оқушылары: 

«На  безымянной  высоте», 

«В  землянке»,  «Эх  дороги», 

«Катюша», «Алеша» әндерін 

орындады. С.В.Малько баянмен 

«Темная ночь» и «Ты ждешь 

Лизавета» әндерін, «Лейся пес-

ня» көркемөнерпаздар тобы 

«Обелиски», «Вдовы страны», «Журавли» әндерін, А.Канапацкий 

гармонмен «Военные наигрыши» әндерін орындады.

 Біздің екі ауылдан 35 адамнан астамы соғысқа аттанып, 

қайтпады. Барлық қатысушыларға жағылған шырақтар тара-

тылды. Соғыста қайтыс болған, соғыстан қайтпаған, соғыстан 

қайтып, кейіннен қайтыс болған ардагерлердің әрқайсысының 

есімі аталып, халық үнсіз тұрып еске алды. Олардың құрметіне 

үнсіздік минуты жарияланды.

Сонымен қатар фестивальда неміс оккупациясында болған 

баланың шығарған өлеңі оқылды. Ол бұл өлеңін 1968 жылы 

өзінің анасы Мария Тимофеевна Куриловаға арнады. Оның 

апайы Надежда Пантелеевна Курилова дәптердің сарғайған 

бір бетін қастерлеп, осы кезге дейін сақтап жүр.  Мектеп хоры 

және көркемөнерпаздар тобы салтанатты түрде «День Побе-

ды» әнін орындаған кезде, көрермендер көздеріне жас алып, 

балалармен бірге ән шырқады. Ата-бабаларының басынан 

өткен  ерліктерін  мақтанышпен  еске  алған  немерелерінің, 

шөберелерінің ұрпақтарына тыл еңбеккерлері шексіз риза болып, 

жүздері алаулап, өз еліне деген мақтаныш сезімі биледі. Ұлы 

Отан Соғысы жылдарында көпұлтты Қазақстанның миллионнан 

астам ұлдары мен қыздары Кеңес Армиясы қатарында болды. 

Олардың 100 мыңнан астамы ордендермен, медалдармен 

марапатталды. 100-ге жуық әскер Совет Одағының Батыры 

атағын алды: Мәншүк Мәметова, Төлеген Тохтаров, Сұлтан 

Баймағамбетов, Талғат Бегелдинов, Бауыржан Момышұлы, 

Әлия Молдағұлова және басқалары. Олар мәңгі ел есінде. 

«Әлия» әні батырларымыздың құрметіне арналған.

  Концерттік  бағдарламадан  кейін  мерекелік  дастархан 

жайылып,  қонақтар  тәтті  тағамдардан  дәм  татты.  Гармо-

нист  А.Канапацкийдің  сүйемелдеуімен  ән  айтылып,  соғыс 

кезінде өткен қиындықтарын еске алды. Қонақтар осы шараны 

ұйымдастырған О.Карпенкоға алғыстарын білдіріп, жақсы 

көңіл-күймен үйлеріне тарқады. Салтанатты іс-шараға қатысқан 

әрбір қонақ көлікпен үйлеріне жеткізілді. 

О. КАРПЕНКО,

 тәрбие ісінің меңгерушісі

Г. АБЛАХАТОВА, 

тәлімгер



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал