Мен классикалық КӨшпелі өмір салтын көрген жалғыз адаммын! қызық ОҚИҒасы



жүктеу 170.03 Kb.

Дата03.02.2017
өлшемі170.03 Kb.

...МЕН КЛАССИКАЛЫҚ КӨШПЕЛІ ӨМІР 

САЛТЫН КӨРГЕН ЖАЛҒЫЗ АДАММЫН! 

қызық

 ОҚИҒАСЫ 

Өмірімде екі-үш рет таза өлімнен қалдым. Бір күні 

жайлауға шыққанда биелер жоқ болып кетіп, соларды іздеуге 

шықтым. Әкем: «Қыстауға барып қара!» - деді. Қыстаудан 

отыз-қырық шақырым жердеміз. Ол кезде асау аттар 

үйретеміз. Бір атқа көзім түсіп, соны үйретіп жүрген едім. 

Жалт-жұлт еткен мінезді ат болатын. Көрінген нәрседен 

үркетін. Қораға келіп, жылқы жоқ па деп қарап едім, қораның 

тесігінен қарқ етіп бір қарғаның ұшып шыққаны. Ұшып 

шыққанда астындағы асау жалт етті, мен ұшып түстім. Ат 

мені жүз, екі жүз метрдей жерге сүйретіп кетті. Тепкілеп 

келеді, тепкіге басымды тигізбеймін. Бір кезде амалдап 

аттың тізгінін ұстап, қайтадан үстіне шығып алдым. 

ҚЫЗЫҚ ОҚИҒАСЫ 

Сәби кезімде бір өлімнен 

аман қалған екенмін. 

Бесікте түйенің өркешінде 

көшіп келе жатып, 

бесігіммен бірге жерге 

құлап түсіппін. Әкей кеш 

аялдаған шақта байқаса, 

мен жоқпын. Содан 

атына мініп, көштің ізімен 

қуалап шаба жөнеледі. 

Қасқарая табады. 

Бесігім жамбастап 

жатыр екен. Мен 

жылап-жылап шаршап, 

ұйықтап қалыппын. 

Бетпақдалада 

жортып жүрген 

бір түлкі 

кездессе де 

мені жеп 

кетер еді... 



ҰСТАЗДАРЫ: 

Әлкей МАРҒҰЛАН; 

Ғабит МҮСІРЕПОВ; 

Шерхан МҰРТАЗА. 



БІЗДІҢ АНЫҚТАМА 

Ақселеу Сланұлы 

СЕЙДІМБЕК, 

жазушы, ҚР мемлекеттік 

сыйлығының иегері, 

филология 

ғылымдарының докторы 

Жылы:


 Жылқы 

Жүлдызы:


 Мерген 

Сусыны:


 қымыз,

 шұбат 


Тағамы:

 ет, қуырдақ 

Сүйікті кітабы:

 Әуезовтің 

"Абайы",

 Аймауытовтың 

"Ақбілегі",

 Кекілбаевтің 

"Дала

 балладалары" 



Әншісі:

 Жәнібек


 Кәрменов 

Киносы:


 "Спартак", 

"Қыз


 Жібек" 

Жақсы көретін күйі: 

Ықыластың 

"Жезкиігі" 

М. Хамзин, 

Қ.

 Жантілеуовтің 



орындауындағы 

күйлер 


ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КІНДІК 

ЖҰРТЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТҰР 

- Ақселеу

 аға,

 сіз бүгінгі қазақтың 

білімді этнологы, өнерлі жазушысы, 

жан-жақты ғалымысыз. Бүгінгі Ақсе-

леудің дәрежесіне қалай жеттіңіз? 

Әңгімені ата-тегіңізден,

 туған

 жері-

ңізден

 бастасақ. Сіздің осылай өсуіңізге 

қандай жағдайлар себеп

 болды? 

- Мен өзімді екі-үш мың жыл бойы 

Еуразияның ұлы даласында дәурен сүрген 

көшпелілер қоғамының соңғы тұяғы секілді 

сезінем. 

-

 Өйткені, көшпелі өмірді



 көріп 

қалдыңыз

 ғой? 

- Көшпелі өмірді көрдік. Мұның да 

бір кішкене кілтипаны бар. Мұны біздің 

ғалымдарымыз әлі саралап бере алмай 

жатыр. Арғы түркі тілдес халықтарды 

былай қойғанда, қазақ халқы үшін екі түрлі 

типтегі көшпелі өмір салты бар. Біріншісі 

- арғы классикалық көшпелі өмір салты. 

Классикалық көшпелі өмір салты жыл 

құстары сияқты Қазақстанның шөл және 

шөлейт далаларына бейімделген: қыста 

оңтүстікке қарай құстармен бірге қайтады 

да, көктемде солтүстікке қарай құспен 

б і р г е малын айдап, жайлаулатып шығады. 

Сөйтіп экосистеманың, экожүйенің бұйырт-

қан сыбағасын ауа райымен санаса оты-

рып дәл пайдаланып, өте қуатты мемле-

кеттер шыға бастады. Екі-үш мың жылға 

созылған өмір салты өте ғажайып. Бұл 

салт біздің дәуірімізге дейінгі бірінші 

мыңжылдықта қалыптасты. Көшпелі өмір 

салты даланың экожүйесіне бейімделді. 

Содан жиырмасыншы ғасырдың алғашқы 

ширегіне дейін ең соңғы классикалық 

көшпелі өмір салты болды. Бұл салттағы 

халық бойлық бойынша мыңдаған шақырым 

жерде көшіп отырды. Былайша айтқанда, 

жыл он екі ай бойы өмірі көшумен өтеді. 

Оның үстіне Еуразияның ұлы даласы-

ның кіндік мекені - Қазақ даласы. Түркі 

халықтарының кіндік жұртында қазақ 

халқы тұр. Оған мынадай-мынадай үлкен 

дәлелелдер келтіруге болады. Біріншіден, 

Еуразияның ұлы даласы - шығысында 

Қытай жеріндегі Хиньгань тауына дейінгі, 

батысында Карпат тауына дейінгі 8 мың 

шақырымға созылған жусан өсетін дала. 

Басқа жерде жоқ жусан, Канадада ғана 

болар. Өйткені, қазақ даласы мен Канаданың 

ендігі мен бойлығы сәйкес келеді. Басқа 

жерде жусан жоқ. Сол ұлы даланың ең енді 

жері - қазақ даласы. Шығысы Хиньганьда, 

ені 150 шақырымға дейін тарылады. 

Карпатқа қарай да солай тарылады. Ал, 

қазақ даласының ені, яғни солтүстігі мен 

оңтүстігінің арасы 3-4 мың шақырымға 

созылады. Демек, біріншіден, бұл далада 

жыл құсы құсап маусымға қарай келіп-кетіп 

көшетін экологиялық орта бар. Екіншіден, 

дүние жүзінде қырықтан астам түркі тілдес 

халық бар. Соның ішінде жалғыз қазақ халқы 

ғана бірыңғай түркі тілдес халықтармен жете 

араласады. Қазақ халқы тек түркілердің 

ортасында отыр. Бізден басқа түркі тілдес 

халықтардың барлығы, жүз процент басқа 

тілді елдермен шекаралас. Ұйғырлар 

қытаймен, якуттар бурятпен, татарлар 

башқұрттармен, әзірбайжандар кавказбен, 

өзбектер ауғандармен. Көрдіңіздер ме? Біз 

бүкіл түркі халықтарының кіндік жұртында 

жатырмыз. 

-

 Мына жағымызда үш мың шақы-



рым

 жеріміз Россиямен шектесіп жа-

тыр

 дегенімізбен оның өзі бұрынғы 

сібір халықтары ғой... 

Солтүстігімізді түркі халықтары 

орап жатыр. Мәселен, сахалар, тувалар, 

башқұрттар, естектер, татарлар, ноғай-

лар тағы басқа осындай ұлттар бар. 

Шығысымызда алтайлықтар бар. Бұл, 

жоғарыда айтып өткеніміздей, бірінші тип. 

Екінші тип - көшпелі өмір салты. 1868 

жылдары патшалық Ресейдің отаршылдық 

жүйесі қазақ даласына жаңадан саяси-

әкімшілік, аумақтық-территориялық жүйе-

сін орнықтырды. Сол жүйенің орнықты-

рылуы бойынша қазақ даласы ауылға, 

болысқа, уезге, губернияларға бөлінді. 

Бұл аты өзгергені болмаса совет өкіметі 

заманындағы бөлімше, совхоз, аудан, 

облыс сияқты бөліктер. Мұндай әкімшілік 

бөліктерге нақтылы жерлерді бөліп берді. 

Нәтижесінде біздің үш мың жыл бойы 

сақталған классикалық көшпелі өмір 

салтымыз тоқтады. 

Мен өзімнің қатарларымның ішінде, 

бәлкім, қалам ұстап жүрген, этнография-

мен айналысып жүрген адамдардың ішінде 

классикалық көшпелі өмір сал-тын көрген 

жалғыз адаммын. Бүкіл Моңғолияда, 

Қытайда, Өзбекстанның Қарақалпақ-

стан жағында мал жайылым шаруашы-

лығына көшкенде тек қана менің ауылым 

классикалық көшпелі өмір салтын сақтап 

қалды. Біздің ауыл оңтүстігі Шу мен 

солтүстігі Қорғалжыңның аралығында мың-

мың жарым шақырым жерде көшіп жүрдік. 

Бұлай болуы ол халықтың артықшылығынан 

не кемшілігінен емес. Дәл сол өңірде 

ұлы Бетпақдала жатыр. Бетпақдалада 

жаңағыдай әкімшілік-аумақтық бөлікке бөліп 

қойып, «мына жерде мал шаруашылығын 

өркендет» деген болмайды. Ол жердегі 

халық қырылады онда. Ол жерде тек қана 

жазда Қорғалжыңға дейін солтүстікке қарай 

көшіп, қыста Бетпақдаланы басып өтіп 

Шудың, Таластың, Сырдарияның бойын 

қыстап қана күн көруге болады. Бұл өмір 

салты 1960 жылдарға дейін созылды. Біз 

Қарағанды облысының құрамында болдық. 

Бірақ жаңағы көшпелі өмір салтына екі 

облыстың аудандары қатысты. Қарағанды 

облысынан Жаңаарқа, Ағадыр, Шет 

ауданының малшылары Шу бойына дейін 

көшіп барып, сосын кері қайтып отыратын. 

Ал оңтүстіктен Жамбыл облысының Сарысу, 

Ұланбел, Мойынқұм аудандарының мал-

шылары біздің Арқаға келіп жайлауды қатар 

отырып жайлайтынбыз. Яғни, мен қазақтың 

классикалық көшпелі өмір салтының 

соңғысын көрдім. Осы өмір салты мені 

тарихпен ұштасып жатқан ғылым - этно-

графиямен, этнологиямен айналысуға 

итермелеген сияқты. Оның үстіне тағдыр 

жазып мен филология факультетін бітірдім. 

Оның ішінде журналистиканы бітірдім. 

Сонсоң журналистика саласында 20-30 

жылдай еңбек еттім. 



ӘКЕМДІ ҚАН МАЙДАНҒА 

ҚАРУСЫЗ САЛЫПТЫ 

-

 Арқада

 қай жылы, қай күні

 туыл-

ғаныңыздан

 бастап, хронологиялық 

тәртіппен

 айтып

 беріңізші,

 аға? 

- Туған жерім - Қарағанды облысындағы 

Жаңаарқа деген жер. Қазір Байдалы би 

ауылы деп аталады. Сол ауылда 1942 

жылы желтоқсанның он екісі күні түнгі 

он екіде туылыппын. Сол күні әкейдің 

қолына Отан соғысына шақыру қағазын 

әкеп тапсырыпты. Таңертең әкейді шанаға 

мінгізіп, он бес шақырым жердегі аудан 

орталығына, әскери комиссариатқа алып 

кетті. 

- Мобилизация



 қырық бірден бас-

талды

 ғой. Бірақ қазақтарды

 соғысқа 

көбіне қырық

 екінші

 жылдан бастап 

алды емес пе? 

- Мобилизация қырық екіден басталды. 

Сол жылы қатты үдеді. Сол кезде менің 

үлкен әкем Сейдімбектің бәйбішесі тірі 

екен. Қазақта үлкен кісілер отырғанда 

жас әке туған баласын өз балам демейтін 

дәстүр бар. Мен әжемді көргенім жоқ. 

Мен туғаннан кейін бір-екі жылдан кейін 

қайтыс болыпты. Содан әкей майданға 

аттанып бара жатып үйден жүз метрдей 

шыққасын шанадан түсе салып үйге қарай 

кері жүгіріпті. Қазақтың ырымында алыс 

жолға бара жатқанда артына қарамау 

керек, қайта оралмау керек. Сол жағын 

ойлаған үлкен шешеміз: «Апыр-ай, мына 

бала дұрыс жасамады-ау!» - депті. Сосын 

жақтырмай: «Не болды?» - дегенде, әкей: 

«Тойға бара жатқан жоқпын ғой, анау 

кішкентайды көріп кетейінші?» - депті. 

Мені әлі көрмеген ғой. Келіп қараса мен 

ұзын, бір сүйем аппақ шашпен туылыппын. 

Біздің жақта селеу деген өсімдік өседі. 

Оның басы үкі сияқты аппақ болып, желді 

күні бүкіл дала теңіздің беті сияқты толқып 

жатады. Содан менің атымды "Ақселеу" 

қойып, соғысқа аттаныпты. 

Әкемнің соғыста жазған ең соңғы 

хатын оқыдым. Шешем бертінге дейін 

сақтап жүрді. «Ертең Сталинград дейтін 

қаланы азат етуге аттанамыз. «Қай 

өлгенінен аласың» деп екі адамға бір 

мылтық берді. Ай, тірі шықпаспыз!» - депті 

соңғы хатында. Соғысқа барғаннан кейін 

бір жарым ай жаттықтырып, сосын қан 

майданға қарусыз салып, өлімге айдаған 


ғой. Арада екі ай ма, үш ай ма өткенде 

әкейден қара қағаз келіпті. 

Шешей он алты-он жеті жасында 

туыпты да, содан жесір қалды. Арада 

бес-алты ай өткенде әкейдің немере інісі 

Хами деген кісі соғыстан жеңіл жараланып 

қайтады. Біздің әулеттің үлкені Сейдімбек 

атамыздың алты ұлы болған. Соның үлкені 

Аманбек деген басие ақсақалымыз болды. 

Сол кісі: «Мына келін жесір қалды, енді 

міне әмеңгері келді», - деп Хами аға екеуін 

қосып, мені Аманбек атамыз өз тәрбиесіне 

алған. Жастарға кедергі болмасын деп 

ойласа керек. Мен сол кісінің тәрбиесінде 

өстім. 

- Қанша айлығыңыздан



 бастап? 

- Алты-жеті айлығымнан бастап алған 

ғой. 

-

 Сізді қалай емізген? 



- Менен бес-алты ай үлкен Барқыт 

дейтін әпкем бар. Ол кісі қазір де бар. 

Сол бала емшекте ғой. Жаңағы Аманбек 

ақсақалдың бәйбішесі Барқыт екеумізді 

қатар емізген. Ол шын анамдай болды. 

Ананың қадірін сол кісі арқылы біліп-өстік. 

Ол кісінің аты - Күләнда. Менің «Күзеуде» 

дейтін повесім сол кісіге арналады. Сол 

кітаптың эпиграфында «Күләнданың рухы-

на арнаймын» деп жазулы тұр. Содан 

туған анам маған жеңге сияқты, әпке 

сияқты болды. Ол кісінің аты - Кәтеп. Бізде 

көшкенде түйеге жүк арту үшін жасалған 

ер-тұрманы болады. Оны кәтеп дейді. 

«Кәтепті қара нар» деген фольклордағы 

сөз содан қалған. Шешем де көшпелі өмір 

салтында туған адам ғой. Атын сондықтан 

Кәтеп қойған болса керек. 



АНАМНЫҢ КІМ ЕКЕНІН 

БЕСІНШІ СЫНЫПТА БІЛДІМ 

-

 Сіз өзіңіздің әкеңіз басқа, анаңыз 

басқа екенін қай кезде білдіңіз? 

- Мұны мен бесінші сыныпты оқып жүргенде 

білдім. Бір күні домбыраға тиек жонып отыр 

едім, бір-екі әйел әңгімелесіп отырып, мен 

туралы біраз жақсы сөздер айтты. «Өзі 

домбыраға құмар, өзі елгезек, айтқаныңды 

істеп жүреді», - деп еді, біреуі: «Шешесіне 

тартқан ғой, түрі де шешесінен аумайды», -

деді. Жаңағы Аманбек атамыздың үйіндегі 

бәйбішенің түрі маған келмейді. Сосын 

мен үйге келісімен қиғылықты салдым. 

Ерке болып өскен баламын ғой. «Менің 

шешем басқа екен, айтыңдар кім екенін!» 

- дедім. Сонсоң Күләнда марқұм әрі-бері 

бұлталақтап: «Өй, ол ақымақ қатындар 

айта береді. Сенің шешең - менмін!», 

- деді. Мен сенбей: «Шындықты айтпай 

отырсың!», - деп отырып алдым. Сосын 

Күләнда шешей дауыс салып жылап қоя 

берді. Ол кездің әйелдері дауыс салып 

жылайтын. Сол арқылы ішіндегі шерін 

шығарып, мұңын айтатын. Көбінесе үлкен 

еркектер жоқ кезде өнімсіз нәрсеге бола 

жылап, мұң-шерін тарқататын. Содан 

ол ұзақ жылады. Сосын мен жалынып: 

«Жарайды, шешем сенсің!» - деп оны 

жұбатуға тырыстым. Бір кезде көзінің 

жасын тыйып, маған барлық шындықты 

айтты. «Шырағым, ақыры шындық 

айтылыпты ғой. Енді сен үлкен жігітсің, мен 

де шындықты жасырмайын. Бір-екі айдан 

кейін сен туған анаңның қолына барасың», 

- деді. Сөйтті де, екі жүз шақырым жер-

дегі аудан орталығы Жаңаарқаға ат-

пен, өз қолымен әкеліп тастап кетті. 

Жаңаарқада шешем, өгей әкем, олар-

дан туған балалар бар екен. Бетпақдала 

шөлінде көшпелілердің салтымен өмір 

сүріп, атқа мініп, балалармен мәре-сәре 

болып жүрген басым ауданның, қазіргіше 

айтқанда қаланың өміріне үйрене алма-

дым. Бұзық балаларға қосылып, темір 

жол стансасын жағалап, мектепке бармай 

қойдым. Менің өмірімде 7-ші сынып жоқ. 

Ешкімді тыңдамаймын... Сосын Күләнда 

шешем бір жылдан кейін келіп, мені 

қайтадан Бетпақтың шөліне алып кетті. 

Содан өзімнің көшпелі салтыммен, 

стихияммен қайта табыстым ғой. Бұл 

кезде жігіт болып қалғанмын. Сегізінші-

тоғызыншыны оқитын балалар ол кезде 

шаруаға қолғанат болып, кәдімгі үлкен 

азамат санатында жүретін. Көшпелі өмір 

салтында өз өнері өзінде, өз молдасы 

өзінде, жырауы да, жұлдызшысы мен емшісі 

де, зоотехнигі де өзінде болды. Мыңдаған 

жылғы тәжірибе халықтың жадынан әлі 

өшпеген кез. Өз қызығы өзінде еді. Ол 

орта асыл өнерге ғана жұбанады, кісілікті 

шаруаға жұбанады, жақсы сөзге құлақ 

түреді, жыршы-жыраулардың эпостарын 

тыңдайды. 

Әкейдің жыл сайынғы бір әдеті бар еді. 

Әр жылы соғым сойылғаннан кейін Бұралқы 

дейтін жырауды үйге шақыратын. Мен кейін 

Ұлттық Ғылым академиясында, М. Әуезов 

атындағы әдебиет-өнер институтында 

сирек қолжазбалар бөлімін басқарғанымда 

Бұралқының екі том болатын қолжазбасын 

көрдім. Халық ақыны Бұралқы әрі жырау, 

әрі айтыскер болған. Әкей сол Бұралқыны 

үйге алдырады. Алдырады да жақсылап 

күтеді. Шешей көйлегін, дамбалын жуып 

береді. Әкей сақал-мұртын алады. Әбден 

баптағаннан кейін бүкіл ауылдың шалдарын 

жинап, кешке жақын қисса айтуға отырады. 

Ол кездегі менің ерекше тыңдайтын 

қиссаларым - «Жұмжұма», «Сал-сал», 

«Сарықұм» болды. Олар көпшілікке енді 

ғана танылып жатыр. Сейіт Қасқабасовтың 

қазақ фольклорын алдымен сол жетпіс 

жыл бойы тыйым салынған діни қисса-

дастандарды шығарудан бастағаны өте 

дүрыс болды. Ол енді қазақтың өте білімді, 

зерделі азаматы ғой. Халық ғасырлар 

бойы үзіліп қалған рухани мұрасымен 

қайтадан табысты. Соларды тыңдап өстік. 

«Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», 

«Қыз Жібектердің» бәрін айтты. Бір 

апта бойы таңды таңға ұрып айтқанда, 

таусылмайтын. 

"МЫНАДАЙ

 АДАМҒА ТАП БОЛҒАН 

БІЗ

 ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫМЫЗ! 

-

 Сіз сондай көшпелі

 өмір салты 

дүниесінен

 үлкен

 цивилизацияға 

шыққан адамсыз.

 Мұндай

 жағдайға 

тек көп оқу

 арқылы, кітап

 арқылы, 

болмаса

 қандай

 да бір

 ізгі

 қасиеттеріңіз 

арқылы

 жеттіңіз

 ғой? 

- Енді осы жерде бір нәрсе бар. Ол 

кезде он жылдық білім еді. Мен оныншыны 

бітірер жылы Посохина деген аудандық 

комсомол комитетінің хатшысы болды. 

Ол қазір тірі, мен барған сайын көзіне жас 

алып, құшақтасып амандасамыз. Сыны-

бымызға бір «пачка» комсомол жолдамасы 

келіпті. Комсомолдың бірінші хатшысы 

мынадай ұсыныс жасады: «Кімде-кім мына 

жолдаманы алып, екі жыл қой бақса, соны 

Совет Одағындағы кез-келген жоғары оқу 

орны оқуға емтихансыз қабылдайды». Өзім 

Бетпақтың шөлінде өскем. Малдан басқа 

ештеңе көрмегем. Әкем жоқ. Сенерім жоқ. 

Ауылдан шықпаған адам қаланы білмейді. 

Бәрін ойладым да: «Қой, мен барайын» 

деп, бірінші болып қол көтердім. Комсомол 

жолдамасын алып, Ақтау, Қызылтау 

қойшы болып бардым. Он жылдық сынып 

бітірген соң жеті-сегіз ай Ырымбек деген 

қойшыға көмекші болдым. Содан ол маған 

жеке отар қой берді. Содан екі жыл қой 

бақтым. 


Одан кейін Алматыға келіп, ҚазМУ-

ге тапсырып, он екі баллмен түсе алмай 

қайттым. Жолдамаға да, ештеңеге қара-

мады. 12 балл «проходной» болды. Бірақ 

он екі баллмен жеті жігіт болдық. Соның 

үшеуін ғана қабылдап, мен сол үшеуіне 

де ілікпедім. Жетім десең, жетіммін, қой 

жайды десең, қой жайдым. Сонда да 

ілікпедім. Сосын қайтадан ауылға келдім. 

Қой жайғым келмеді, өйткені мал адамды 

жіпсіз байлап қояды. Кірпік қақпай қойды 

бағуың керек. Артынан қалмай жүруің 

керек. Сосын әдейі: «Менің қой жайғым 

келмейді, мен жылқы бағайын!» - дедім. 

Сол кезде біздің елде ауылымыздың 

үстінде Ағыбай батырдың бейіті болатын. 

Ол - Кенесарының бас батыры. Соның 

Тарғын дейтін немересі жылқышы еді. 

Соның қол астында бір қыс бойы далаға 

түнеп жылқы бақтым. Алты ай қыста 

қардың астында ұйықтаймыз. Таңертең 

тұрып, атымызға мініп, жылқымызды 

қайырамыз. Алты ай қыс бойына төрт 

жылқы сойып жедік. Жылқы етін жемесең, 

тоңасың. Менің осы кездегі өмірім - екі жыл 

қой, бір жыл жылқы бағу - мен үшін үлкен 

университет болды. Ақыл-есім толығып, 

үлкен азаматтыққа бет бұра бастадым. 

Үлкен өмірмен араласып, қиын өмірмен 

беттестім. Үлкен адамдармен үзеңгілес 

бола бастадым. Олар бұрынғыдай бала 

деп қарамайтын болды. Менің өміріме өле-

өлгенше, мәңгілік азық болатын рухани, ізгі 

қасиеттер бойыма сол кезде дарыды. Мен 

табиғатпен де, табиғаттың әсемдігімен 

де, қаталдығымен де беттестім. Аңшылық 

өмірдің бұрынғы дәстүрлі қызық-

қуаныштарының барлығына қанықтым. 

Табиғатқа мейлінше бауыр басып, туған 

жердің қадір-қасиетін түстеп танитындай 

күйге жеттім. Бойымда қажымас күш-

қайрат, рухани азық, ұлтжандылық, патрио-

тизм сияқты қасиеттер болса, соның 

бәрі бойыма сол кезде дарыды. Бәлкім, 

кейінгі алған білім, кейін оқыған кітап, тек 

орнықтырушылық рөл атқарған болу керек. 

Ал, негізгі үлкен қасиеттер сол жаңағы 


кезеңде дарыды. 

Содан үшінші жылы оқуға қайта келдім. Осы жолы жолым 

болып Кәдірбек Сегізбаев сияқты азаматтармен бірге оқуға түстім. 

Ол кезде бір орынға төрт-бес адамнан болатын. Журналистикаға 

қабылданған жүздеген адамның ішінен екі талапкер ғана бірыңғай 

беспен түстік. Өйткені, ауыз күйген, қатты дайындалып келіп 

түстім. Ол кезде журналистика бөлімі филология факультетінің 

құрамында, тек екі жылдан кейін жеке факультет болды. Келген 

жылы мен қабырға газетінің редакторы болдым. Қабырға газетін, 

әлі есімде, он жеті, он сегіз «ватманға» бір-біріне кілейлеп 

шығарған кездеріміз болды. Бүкіл ҚазМУ-дің қабырғасы он жеті 

метр қабырға газеті болып тұрды. Студенттер жапырлап, үзілістен 

кейін де аудиторияға кірмейді. Марқұм ұстазымыз Тауман 

Амандосовтың: «Осылай да газет шығара ма, оқуға кедергі 

келтірдің!» - деп ұрысқаны есімде. Ол газетімнің авторлары кім 

еді десеңізші? Өтежан Нұрғалиев, Дулат Исабеков, Кәдірбек 

Сегізбаевтар болды. Міне, қазақтың осындай болашақ ығай мен 

сығай қаламгерлері қабырға газетімнің авторлары болды. 

Бір жылдан кейін университеттің «Журналист» газетінің 

редакторы болдым. Сол жылы «Қайнар» деген қолжазба журналын 

шығардым. 

ҚазМУ-де мен бүкіл студенттік өмірімді оқуға арнадым. 

Адамзат тарихына қатысты білім алып, тарихқа қатысты түрлі 

ағымдармен, теориялық еңбектермен таныстық. Философияға 

қүмарттық. Философияның бір саласы - эстетиканы оқыдық. 

Әлемдік этнографияға құмарттық. ҚазМУ-ден біз сапалы, өте 

фундаментальді білім алып шықтық. Бізге мықты адамдар 

лекция оқыды. Темірбек Қожекеев лекция оқыды, Сұлтанғали 

Қыдырбаев, Зейнолла Қабдолов лекция оқыды. Қабдоловтың 

лекциясын тұңғыш тыңдағанда, Зекең аудиториядан шығысымен, 

біз бір-бірімізді құшақтап, бетімізден сүйдік. «Мынадай адамға 

тап болған біз қандай бақыттымыз! Мынадай сөздерді естіген біз 

қандай бақыттымыз?!» - дестік. Сол құшақтасқан бақытты сәтіміз 

әлі есімізде. Ол Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйін тыңдағанмен 

бірдей ғой. Ол кісінің лекциясында бойымызға парасат пен 

адамгершілік даритын. Орыстарда «Возвышенный» деген ұғым 

бар. Зекеңнің лекциясы асқақ та ұлы сезімдерге ұмтылуға 

тәрбиелейтін. Сонысымен құнды еді. Оны көп шәкірттер айта 

алмай жүр. Осындай ұлы лекторлардан біз дәріс алдық. Бұлар 

- өз ісіне өте адал қараған адамдар. Студенттерге өте қатал 

қараған Темірбек Қожекеевтің лекциясы классикалық лекция 

болатын. Сатира, сын, фельетон жанрын дәл Қожекеевтей МГУ-де 

де ешкімнің оқи алмайтынына мен жүз пайыз сенімдімін. Ол өз 

ісіне өте жауапты қарайтын адам еді. Университетті бітіргесін мені 

аудандық газетке жіберді. 

ОЧЕРК ЖАЗБАҒАНЫМА ӨКІНЕМІН 

- Аға, оқуға

 келіп түскеннен кейін

 бірден қабырға 

газетінің

 редакторы

 болыпсыз.

 Сосын

 «Журналист»

 газетінің 

редакторы

 болдыңыз.

 Кейін

 «Қайнар»

 қолжазба

 журналын 

шығардыңыз.

 Сонда сіз

 қай к

езден

 бастап қалам тарта 

бастадыңыз?

 Келе салып

 бас редактор

 болу оңай нәрсе 

емес

 қой? 

- Тұңғыш мақалам, жетінші сынып оқып жүргенімде «Қазақстан 

пионері» газетінде жарияланды. «Балапанын қорғаған жапалақ» 

деген әңгімем шықты. Содан кейін мен дәндедім. Жапалақтың 

балапанын түлкі жемекші болып тұрғанда жапалақ түлкінің көзін 

шұқып, қанатымен ұрып, балапанын қорғағанын өз көзіммен 

көргенмін. Соны жаздым. Ауылға «Балдырған» келеді, «Пионер» 

газеті, журналы келеді. Бір кітапханашы болды, әрі пошташы еді: 

Бетпақтың шөлін аралап бізге газет-журнал таратып жүретін. 

Газет-журналды қолдан қолға тигізбей, Құран құсатып оқыдық. 

Өйткені бәрімізге бірдей жетпейді ғой, қағаз жоқ. 

«Қазақстан пионері» қызметкерлерінің «Газетімізге жазып 

тұрыңыздар!» дегенін оқитынмын. Сосын мен сияқты бесінші, 

алтыншы сынып оқитын балалардың жазғанын оқимын. Мен 

де жазайыншы деп жазып жібергенмін. Содан менің кейбір 

жазғандарыма қазақтың белгілі қаламгерлерінен хаттар келетін. 

Мұзафар Әлімбаевтан хат келді. «Жазғаның жақсы екен, сенен 

жазушы шығуы мүмкін» депті. «Бірақ, фактің аз болғандықтан, 

оқиғаның соңына жетпегендіктен баса алмадық», - деп жазады. 

Кейбірін басады. Ол шыққанда бізде - той. Күләнда шешей марқұм 

маған хат келсе де көршісін шайға шақыратын. Мұның бәрі мені 

қанаттандыратын. 

Одан кейін мен қой жаюға кеткенде, Асан Жұмаділдин 

деген қазақтың белгілі қаламгері бар, үш-төрт романы шыққан, 

сол менің «Қазақстан пионері», «Пионер» газеттеріне шыққан 

мақалаларымды көріп жүреді. «Әй, осы бала біздің ауылда» 

деп көздеп жүрген ғой. Ол мені аудандық газетке штаттан тыс 

тілші қылып алды. Бүкіл Бетпақдала шөліндегі жақсы әншілердің 

барлығын, жүз-жүз елу қозы алған озат қойшыларды, қасқыр соққан 

жігіттерді — осылардың барлығын аудандық газетке жазамын да 

отырамын. 

Менің жазуға деген бейімімді университетке түскенше 

қалыптасып үлгерді деуге болады. Мен тек бір нәрсеге өкінемін: 

осы күнге дейін екі мың мақала, отыз кітап жазыппын, бірақ, 

екі мың мақала газеттің күнделікті талабымен кеткен ғой. Қойға 

шөп шабу, пионер лагері, рекордтар, осындай-осындайлар болып 

кеткен. Өкінетінім - очерк жазу керек екен ғой. Сонда өлмейтін 

дүние қалады. Екі мың мақала жазғанда, онның ар жақ, бер 

жағында ғана очерк жазыппын. 

МЕН

 ҚАЗІР

 СОҢҒЫ АЙНАЛЫМДА

 ЖҮРМІН 

-

 Сіз кейіннен

 Ғылым Академиясында

 жұмыс істеп 

жүрген кезіңізде

 кандидаттық диссертацияңызды

 қандай 

тақырыпта қорғадыңыз,

 докторлық

 диссертацияңызды 

ше? 

- Кандидаттықты мен қазақтың қара өлеңінен қорғадым. Поэзия 

- құдірет. Қазақтың бір шұмақты поэзиясы өзінің мазмұнымен де, 

поэзиялық тереңдік, философиялық ойымен де барлығынан биік 

тұр. Мәселен, мына бір шумақты қараңызшы: 

Дүние қарап тұрсаң бір кең сарай, 

Сарайға көзім талды қарай-қарай. 

Тағдыр мен Тәңіріңе өкпелеме, 

Өзінен ер жігіттің бақ пен талай! 

Сұмдық осындай өлеңдер. Менің қоржынымда талмай 

жинаған осындай мыңнан артық өлеңдер болатын. Сол тақырыпты 

ұсынып едім барлығы: «Мынау керемет тың тақырып қой», -

деді. Материал қолымда төр, журналист үшін жүз елу беттік 

диссертацияны әзірлеп, қорғаудың не қиындығы бар? Бір айдың 

ішінде диссертациямды жазып шықтым. 

Докторлық тақырыбым — күй-аңыздарым. Бұл - бұрын 

жиналмаған, зерттелмеген тақырып. Қазақта бес-алты мыңдай 

күй бар. Бірде-бір күй аңызсыз шықпаған. Барлық күйдің оқиғасы 

қазақ ұлтының тағдыр-тарихымен шендесіп жатыр. Бүкіл ұлттың 

өміріндегі ең елеулі оқиғалардың барлығы күй болып шыққан. 

Құрманғазының "Төремұраты" әйгілі Төремұрат батырға арналған. 

Құрманғазының «Қайран шешемі» - Құрманғазы ұсталып Сібірге 

айдалып бара жатқанда артынан тамақ алып келген шешесіне 

арналған күй. Тәттімбеттің «Бес төресі» арқада үлкен жер дауы, 

жесір дауы болған кезде бітістірген бес төреге арналған. Олар 

— кешегі Шоқанның әкесі Шыңғыс, Тәттімбет, Сандыбайдың 

Ердені. Мен жолыққан шалдар Тәттімбет өзінің «Қоңыр» күйін 

өлер алдында, ауырып төсек тартып жатқанда шығарғанын айтты. 

Тәттімбет сол жатқаннан төсектен тұрмай кеткен. Құрманғазымен 

қоштасарда осы күйді тартып еді дейді. Екі ұлы күйші бір-біріне екі 

ұлы күй арнаған ғой. Бұл еңбектерімнің барлығының басы қосылып 

«Қазақтың күй өнері» деген үлкен кітап дүниеге келді. Ол кітабым 

Мемлекеттік сыйлыққа лайық болды. 

-

 Қазір не жұмыспен



 айналысып

 жүрсіз? 

- Бәйге аттарының соңғы айналымы болады ғой, қазір мен де 

сондай соңғы айналымдамын. Бәлкім, өмірімдегі ең соңғы, ең 

ауыр және де ең жілігі татитын кітабымды жазып жатырмын. Болып 

қалдым. Ендігі жылдың «заявкасына» беріп қойдым. Ол кітабымның 

аты «Қазақтың ауызша тарихы» деп аталады. Бұл кітапты жазуда 

өмір бойы жинаған екі мыңдай шежірені айналымға түсіріп 

жатырмын. Бұл қазақ халқы үшін шежіренің тарихи орны туралы 

кітап. Бұл - қазақ халқының төл тарихы. Бесінші сыныпта оқып 

жүргенімде «Спартакты» бір апта оқығанымыз есімде. Ал оның 

көкесіндей ерлік жасаған біздің ұлттық батырларымыз халықтың 

жадынан өшіп барады. Сол олқылықтың орнын толтырып, кітапты 

болып қалдым. Бұдан кейін жазбаймын, әбден қажыдым. Қазір 

үстелге, қағазға аллергиямын. Қалған өмірімді немерелерімді 

қызықтап, интервью беріп қана өткіземін (күлді). 

-

 Аға, сіз өмірде көп еңбек еткен



 адамсыз.

 Шығарма-

шылық

 дүние болсын, басқарушылық дүние

 болсын

 немесе 

басқа да

 әртүрлі шаруаларды

 атқардыңыз

 ғой, соның 

ішінде өзіңіз риза

 болатын, қомақты,

 құнды деп айтатын 

17 

қай еңбегіңізге

 көңіліңіз толады? 

- Жарық көрген кітаптарымның ішінде 

«Қазақтың күй өнері» ұлтыма қызмет 

ететін еңбек қой деп ойлаймын. Бұл кітапта 

екі мыңдай күйшіні тірілтіп, өмірбаянын, 

былайша айтқанда күй өнерінің толық 

тарихын жазып шықтым. Екі мыңдай күйді, 

екі жүздей күйшіні «тірілттім». Олардың 

көбі мұрағатта жоқ. Одан кейін қара өлең 

туралы зерттеуімді атауға болады. 

Мен тындыратын еңбектің шыңы -

"Қазақтың ауызша тарихы" болуы тиіс. 

Құдай қаласа, ол кітабым жарыққа шығатын 

болса, дүние жүзіндегі мен қазақпын 

дейтін әрбір азамат оқитын, оқылатын 

кітап болады. Мен тұңғыш рет қазақтың 

таңбаларын ұсынып отырған адаммын. 

Тұңғыш рет деп айтуға қорықпаймын. 

Шәкәрім, Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіптер 

керемет шежірешілер болған. Бірақ, олар 

мен сияқты мол шежіре жинай алған жоқ. 

Олардың қолында мен жинағандай көлемде 

шежіре болмады. Менің өмірімдегі шежіре 

жинауға қатысты сәттілік былай болды. 

«Төл шежіре» деген плакат шығардым. 

Соның астына мекен-жайымды бердім. 

Халықтың оған деген сұранысы сұмдық 

болды. Сол плакат шыққаннан кейін маған 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен соңғы екі 

жүз, үш жүз жылда жазылған шежірелер 

жаңбырдай жауды. Бек Сүлеймен деген 

шежіреші болған. Сол кісі қазақтың 

шежіресін жинап, жақсы бастама бастады. 

Мен оны көрдім. Ол бар-жоғы мектептегі 

оқушының жиырма дәптеріне ғана 

жазылған шежіре. 



ӘКЕДЕН ЖАЛҒЫЗ БОЛДЫМ 

-

 Бір ғұлама кісі

 баласына өсиет 

айтқанда: "Балам, тек

 екі нәрседе 

қателеспе.

 Біріншісі

 -

 жар

 таңдау, 

екіншісі

 -

 мамандық

 таңдау", - депті. 

Осының біреуін айтып

 болдық. Енді 

екіншісін, жар таңдау,

 отбасылық өмір, 

жеке өміріңіз жайлы айтыңызшы? 

Соңғы курста оқып жүргенімде 

Қарағандыға өндірістік тәжірибеге бардым. 

Сонда жүріп, Қарағандының медициналық 

институтын бітірген Орал деген қызбен 

таныстым. Руы - Арғын, оның ішінде 

Қаракесек. Сол Қаракесектің қызымен 

тағдырымыз ортақтасты. Төрт перзент 

көрдім. Үш қыз, бір ұл. Құдайдан ұлдың 

көп болғанын тілеп едім, өйткені мен 

әкеден жалғыз болдым. Менен де жалғыз 

ұл болмаса екен деп едім. Дегенмен, 

Құдайдың бергеніне қанағаттанып, тоқта-

дық. Төрт перзенттен бес-алты немерем 

бар. Жұбайымның аты - Орал, дәрігер. 

Өмір бойы дәрігер болды. Қазір еңбек 

демалысында. Отасқанымызға биыл 

қырық жыл. 

- Соңғы қырық жылда

 сіз көптеген 

жұмыстар жасадыңыз.

 Қазақтың сон-

дай алыс ауылынан шығып

 келіп, 

осындай үлкен ғалым болған

 адамсыз. 

Сонда қырық жылдық

 еңбегіңізге осы 

кісінің қандай қатысы

 бар? 

- Қатысы өте үлкен болды. Өйткені 

менің шаруам - қарынымды аш, үйімді 

жалаңаш қылмау. Одан басқа шаруаның 

барлығы - бала тәрбиесі, үй іші, бәрі 

соның мойнында болды. Егер мен оған 

алаңдасам, мынадай дүниелер тумайтын 

еді. Түсінігінің молдығынан осындай 

жағдай жасады. Балаларымның аты 

- Салтанат, Перизат, Зере, Ернар. Ең 

кенже қызым ғана қолда. Басқалары өз 

орындарын тапты. Ұлым Петропавлда 

облыстық Әділет басқармасының бастығы. 

Қыздарымның барлығы жоғары оқу орнын 

бітірді. Олар менің жолымды қуған жоқ, 

қуа да алмайды. Өйткені қалада туған 

балалар қоғамдық ғылым саласынан үлкен 

нәтижеге қол жеткізе алмайды. Қаланың 

балалары халық болмысына жақын бола 

алмайды. 

-

 Сіз жазушы адамсыз, өнер ада-

мысыз, нәзік жанды адамсыз. Сіздің 

ғашық болмай, махаббатты сезбей 

отбасы құруыңыз мүмкін емес. Өмір-

де қанша

 рет

 ғашық болдыңыз? Ең 

алғашқы және сізге көп әсер еткен 

ғашықтық оқиғаңызды айтып бері-

ңізші? 

- Алғашқы сезім болмады деп айта 

алмаймыз. Қыздарға ғашық болғанбыз. 

Олар қазір кемпір. Бірге оқыған қыздар 

болды. Оларға өліп-талып ғашық болдық. 

5-6 сыныпта оқып жүргенде неміс тілінен 

беретін орыс мұғалима келді. Оқу орнын 

бітіре салып келген, 20-ға жаңа толған 

қыз-ау. Соған көзімізді қадап, жанарымыз 

жасаурап ғашық болып отыратын едік. 

Менің мектептегі пәк махаббатым 

жауапсыз махаббат болды. Сонымен көздің 

жасын ішке жұтумен күндеріміз өтті. 

Жақсы жігіттік шақты өткіздік. Қыздар-

дан әдеміліктен басқа, адамгершілікті, 

қазақылықты іздейтін болдық. Өзімізді 

сыйлағанын, ақылды болғанын қаладық. 

Біздің халық адам таңдауға көп мән берген 

халық қой. Сол талғамдар бойынша осы 

Оралды ұнатып, отбасы құрдық. 



ӘНІМДІ АЙТЫП ЕДІМ, 

ОЛ ЕҢКІЛДЕП ЖЫЛАДЫ 

- Сіз ғалым адамсыз. Кітапсыз 

ғалым болу мүмкін емес. Сіздің кітап-

қа құмарлығыңызды арттырған не 

нәрсе? 

- Мен Бетпақдалада жүргенде аттылы 

пошташымыздың қоржынында Жюль 

Верн, Даниэль Дефоның кітаптары болды. 

Біріншіден, сол кітаптарды құмарта 

оқыдық. "Алып келші" деп жалынатынбыз. 

Бұл кітап оқуға керемет себепші болған 

кезең. Менің сусындап өскенім фольклор 

еді, ал анау - жазба әдебиеті. Тоғызыншы, 

оныншы сыныпта аудан орталығында 

әкемнің інісінің қолында жатып, аудандық 

кітапхананың барлық кітаптарын тауыстым. 

Университетке келіп, екінші курста кітап 

жинай бастадық. Менің үйімде қазір он 

мыңнан астам кітабым бар. 

- Ең мақтанатын, құнды деген кітап-



тарыңыз қандай? 

- Бәрі құнды ғой, құнсыз кітап жоқ. 

Маған Ғабит Мүсірепов ұсынған Рашид-ад-

диннің томдықтары бар. Әлкей Марғұлан 

сыйлаған Бартольдтың он томдығы бар. 

-

 Аға,



 сіз күй ө

нері туралы

 үлкен 

дүние жазған екенсіз. Күй өнерін 

жазу үшін адамның

 өзі

 де домбыраға 

қатысты болуы

 керек сияқты. 

- Домбыра тартуға бесінші, алтыншы 

сыныптан бастап қызықтым. Ол кезде 

радиосыз, теледидарсыз, біздің ауылдың 

күйшілерінің репертуарындағы күйлерді 

бірімізден-біріміз қағып алып үйренеміз. 

Түнімен сұңқылдатып күй тартамыз. 

Мен өмірімде бір нәрсеге өкінемін. Егер 

мен өмірімді қайтадан бастасам, кон-

серваторияға түсетін едім. Менде «фено-

менальный слух» бар. Мен бүкіл қазақ 

әндері мен күйлерін жатқа білетін адаммын. 

Мен Жәнібек марқұммен неге телевизорға 

шықтым. Мен оған, мақтанғаным емес, 

жаман даусыммен мына жері былай 

деп өзгерту жасап отыратынмын. Менің 

жазған әндерімді Жәнібек сол күні жаттап, 

апта бойы құмартып айтатын. Өкінішке 

қарай, Жәнібектен ойда-жоқта айырылып 

қалдық. Жәнібек тірі болса көптеген әндер 

шығаратын едік. Сөйтсем Жәнібек менің 

тұзағымда емес, мен Жәнібектің тұзағында 

екенмін. Өйткені, Жәнібектен кейін бес-

алты ән шықты, бірақ, ешкімге үйреткім 

келмейді. Жәнібектей орындау мүмкін 

емес. Менің «Сарыарқа» сияқты әндерім 

жүз жыл кейін шыққан әндер ғой. Біржан, 

Ақан, Мұхиттардың әндері. 

Жәнібекке кезінде әнімді айтып едім, 

ол еңкілдеп жылады. Бәріміз сасып: «Не 

болды, қайдағыны бастағаның не?» 

дедік. Сонда ол: «Ақа, «паспортым»  с и я қ т ы 

бір әнім жоқ еді, бүл әнмен менің бағым 

ашылатын болды!» - деді. Әнді екі-ақ рет 

айттым, үшіншісінде жаттап алды. Бірінің 

сөзін, бірінің әнін табыстырдым. 

-

 Менің

 сонда түсінгенім, Құдай 

сізге

 Жәнібек

 Кәрменовті кездестірді. 

Сіздің шығарған

 әндеріңізді тек сол 

ғана

 орындады. 

- Қазір Бекболат айтып жүр. «Дәурен-ай» 

мен «Сарыарқамды» өте керемет айтады. 

Қазір радиодан Ақтамбердінің толғауы деп 

хабарлайды, ол да - менің әнім. «Күлдір-

күлдір кісінетіптің» әні де менікі. Тәуелсіздік 

алғаннан кейін халықтың рухын көтеру керек 

болды. Сол кезде шыққан әндер ғой бұл. 



ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ 

САҚИНА ЖАСАП БЕРЕТІНМІН 

-

 Аға, сіз

 жазушысыз, өнертанушы-

сыз,

 күйшісіз, тіпті сазгерсіз.

 Бірақ, 

егер

 барлық жағдайыңыз

 жасалып 

тұрса,

 қай кәсіппен шүғылданар

 едіңіз? 

Қайсысын

 таңдар едіңіз? 

-Мен тарихи-филологиялық салада шың-

далдым ғой. Сол салада әлі бергім келе-

тін көп дүние бар. Бірақ, мен шағылдым. 

Әбден шаршадым. Кітабым аман болып 

сіздерге тисе, ондағы деректер шексіз. 

Мен жастау кезімде шаршаған сәттерімде 

зергерлікпен айналысатынмын. Бұл көшпелі 

өмір салтындағы өмірлік қажеттілік. 

- Сонда бұл әуесіңіз



 бе? 

- Қолөнер менің жас кезімдегі әуесім 

болатын. Жақсы көрген қыз-келіншектерге 

ескерткішке сақина жасап беретінмін. Оған 

қазір көз де қалды, қол дірілдейді. Кезінде 

менде барлық аспап болды. 

-

 Денсаулықты

 қалай күтесіз? 

- Ат үстінде жүріп, асыл, табиғи тамақ 

жегенбіз. Осы күнге дейін «больничный» 

алған емеспін. Бір дәрі ішкен емеспін. 

Күнделікті жаттығу жасап алмасам, менің 

белім шыдамайды. Өзімнің алты-жеті жат-

тығуым бар. 

-

 Сіздің



 өмірлік ұстанымыңыз

 қандай? 

- Біреуге қиянат жасамау, алдамау. Тіпті, 

маған қиянат жасағандарға да жамандық 

жасай алмаймын. 



Сұқбаттасқан 

Жарылқап

 ҚАЛЫБАЙ 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал