Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен



жүктеу 0.93 Mb.

бет1/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мен «Ана тілі» газетін 

жарық көрген күнінен 

бас тап тұрақты оқып келе 

жат қан  оқырмандардың 

бірімін. Газетті жыл  сайын 

жаздырып аламын. Үйге 

келген кезде арнайы уа­

қытымды бөліп, асықпай 

оқып шығамын. Салиқалы 

да, салмақты мақала ларды 

көріп, тіл туралы кө кей­

кесті ойларды оқыған 

кезімде: «Егер де мен га­

зетке  жа зыл маған  болсам, 

осы ның бәрінен құр қалар 

едім ғой» деген ойға келемін. Газетке 

жазылғанның пайдасы мол. Қазір жастар 

көбінесе ғаламтор беттерін парақтайды. 

Ал ұлттық журналистикамыздың қалып­

тасуына газеттің қосатын үлесі қашанда 

зор. Қараңызшы, басылымда қаншама 

пайдалы дүниелер жарық көріп жатыр. 

«Тіл мен тұлға», «Дәуір дауысы», «Ата­

дан жеткен асыл сөз», «Сөзтаным», 

«Төрт түліктің төл атаулары», «Ғибрат» 

және т.б. айдарлармен беріліп жатқан 

мақалалардың маңызы ерекше. Тұшына 

оқимын, керек жерлерін қойын дәп теріме 

жазып қоямын.

Бұл тұрғыдан кел­

г е н д е   з а м а н д а с т а р ы ­

ма, іні­бауырларыма, 

жастарға айтарым «Ана 

тілі» сияқты айтар ойы 

бар, ұлттың мәселелеріне 

б е й ж а й   қ а р а м а й т ы н 

басылымға жазылыңдар. 

Ұтылмай сыңдар. Біз га­

зетке жазылу арқылы ең 

алды мен өз тұғырына 

қона алмай жатқан мем­

лекеттік тілімізге көмек­

тесеміз. Алдымен өзіміз 

осыған мүдделі болуы­

мыз керек. Сонда өзгелер де тілімізді  

бағалайтын болады. 

Тілдің аясын кеңейтудің басты 

құралы ол – газет. Газет оқырманға 

ойды жеткізеді, халықтың көкейіндегі 

мәселесін дөп басып айтады. Мен 

мұны біраз жасқа келген, өмірді көрген 

ақсақал ретінде айтып отырмын. «Ана 

тілін» серік етпеген адам қалайша 

ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. 

Қалайша ол өзін елімнің, халқымның 

патриотымен деп айтады? Олай болса, 

«Ана тіліне» жазылайық, тілімізге қолдау  

көрсетейік!



Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен 

бастаймын!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман­

есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер 

болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының 

келуімен құттықтаймын! 

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де 

кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен 

М е н   о қ ы р м а н д а р ғ а 

газет жеткізу, газет тара­

ту ісімен ұзақ жылдардан 

бері шұғылданып келемін. 

Бұл саладағы тәжірибем 

а й т а р л ы қ т а й .   Ә р б і р 

газетті мекенжай бойын­

ша оқырманға кешіктірмей 

жеткізу біз үшін үлкен па­

рыз әрі міндет. Өйткені 

редакция ұжымы еңбек­

теніп дайындаған әр ба­

сылымға біз өз тарапы­

мыздан жауапкершілікпен 

қараймыз. Газет деген бұл 

ақпарат көзі ғана емес, бұл оқырманды 

т ә р б и е л е у д і ң ,   ж а қ с ы   д ү н и е л е р м е н 

сусындатудың бір жолы. Осы тұрғыдан кел­

генде республикалық «Ана тілі» газетінің 

алар орны ерекше. Апталық басылымды 

оқырмандар асыға күтеді. Республикалық 

басылымның оқырмандар 

а у д и т о р и я с ы   д а   к е ң 

екенін айта кеткім келеді. 

Әртүрлі сала маманда­

ры да газетке жазылып, 

оң бағалайды. «Ана тілі» 

газетінің әр санын өзім де 

асыға күтемін. Руханиятқа, 

ана тілімізге, мәдениет пен 

өнерге, тарихқа қызмет 

жасап келе жатқан басы­

лым бетінде көп пайдалы 

мақалалар жарық көретінін 

байқаймын. Бұл сөзсіз га­

зет ұжымының кәсібилігін 

көрсетеді. Биыл да Павлодар қаласының 

оқырмандары екінші жарты жылдыққа 

белсенді түрде жазылады деп сенемін. Біз, 

пошта қызметкерлері, газеттің әр санын 

сіздердің шаңырақтарыңызға жеткізіп бе­

руге қашанда дайынбыз. 



www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№24 (1282) 

18 – 24 маусым 

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

«Халқыма сөзім 

қадыр ұнағасын...» 

деп жырлаған Қалнияз Шопықұлының 

рухы туған елімен қауышты

6-7

Қалнияз Шопықұлы қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының 

Сам деп аталатын жерінде дүниеге келген ақын. Қалнияздың әкесі 

Шопық Доспамбетұлы Атырау облысының Нарын құмын мекен-

деп, кейін Маңғыстауға, Қарақұм деген жерді қоныстанып, Тілеп, 

Мұңат деген байлардың малын бағып, жалшылықпен күнелткен. 

Бұрынғы Қарақалпақстанның Хожелі ауданында тұрып, соңғы 

жылдары Маңғыстауға қоныс аударған Қалнияздың жақын 

ағайыны болып келетін ақын Өмірзақ Қалыбаевтың берген 

деректері мен жерлесіміз, филология ғылымының кандидаты 

Қабиболла Сыдиықұлының зерттеу материалдарына сүйенсек, 

Қалнияз 1816-1902 жылдар арасында өмір сүрген. Өмір бойы 

жарлылықпен күн кешкен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, 

Қапа, Раха, Тілеубай аталатын балаларының ең үлкені Қалнияз 

жоқшылықтың неше түрін көріп, сол заманға деген ыза мен кекті 

бойына жинап өскен ақын.

Жамалбек АҚылБАйұлы, 

ақын, Еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі:

Алматы қаласындағы 

Бәйкен Әшімов атындағы мешіт

ләззат ӘуБӘКіРовА, 

Павлодар қаласы 3-інші пошта бөлімшесінің поштальоны: 

«ана тіліне» жазылғаның – 

ана тілін қолдағаның!

баспасөз –2015

Дәуір Дауысы

Индекс 65367. Жеке жазылушылар үшін 6 айға жазылу бағасы 1384,32 (Алматы), 

1480,20 (аймақ/қала), 1556,64 (аудан/ауыл) теңге. 

Индекс 15367. Мекеме мен ұйымдар үшін 6 айға жазылу бағасы 2649,12 (Алматы), 

2745,00 (аймақ/қала), 2821,44 (аудан/ауыл) теңге.

Ержан қажы МАлҒАЖыұлы,

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

РуХАНИ ЖАН СЕРігіМ

ӘР ШАңыРАҚТА Болуы ТИіС

Көңілі татулықты 

іздеп тұрар...

Серәлі ЕРуӘліұлы

8-бет

11-бет

4-бет

ИманДылық ИірімДері



Жетім көрсең, 

жебей жүр...

Жақсыға 

жан үйірсек

Терминология 

институты – 

уақыт талабы

атаДан жеткен асыл сөз

Дос емес, дос сыртынан жамандаса. 

Несі дос, бір қатесін жаба алмаса? 

Дұшпан шіркін сыртыңнан не демейді? 

Қауіп етіп бір адамнан ұялмаса.

Дос емес, достың сөзін бөтен десе, 

Достықтан бір өкпемен кетем десе. 

Арадан достық не ғып табылады, 

Саған да бір іс тауып етем десе.

Дос емес, достың сөзін көтермесе, 

Салған жерден түбіңе жетем десе. 

Не қылып дос атына қосылады, 

Көтермей бір сөзінді бүйтем десе.

Нағыз дос бір­біріне тарылмайды, 

Жуырда түрткеніне жарылмайды. 

Жақсы­жаман айтты деп елемейді

Бақ­дәулет сол адамнан арылмайды.

Нағыз дос бір­біріне елең болмас, 

Өкпені қауіп іздеп тізген болмас. 

Ондай өкпе болса да өткізеді, 

Бір­бірі шын достыққа келген жолдас.

Нағыз дос бірін­бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықты іздеп тұрар,

Жөніне татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей қылып майырмаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

Борыш бар тұс­тұсынан қамалаған,

Жетпейді оған дәулет шамалаған.

Еш нәрсе еске кіріп шықпайтұғын,

Қылмадың ең болмаса жаман адам.

Көп ойлап түсті нұқсан жамалыма,

Әркімнің берсін тағдыр ғабарына.

Дамбарда, Шұбарменен бес мың үй бар,

Сәлем де игі жақсы адамына.



ҚАСИЕТТІ 

РАМАЗАН АЙЫ 

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін қасиетті рамазан айының 

бірінші күні!

жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры 

құйылады. Өйткені ораза адамды тақуалыққа 

тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, 

мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық 

асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның 

иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла 

бастайды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп

жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды 

күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – 

Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. 

Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған 

қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін 

құпия­сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый 

мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен 

періштелерге де белгісіз. 

Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен 

үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» 

деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен 

маңызын баяндаған. 

Қадірлі ағайын! 

Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі 

істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі 

дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына 

бөленуге асығайық! 

Мейірімділік, кешірімділік, игілік, иман ды­

лық һәм адамгершілік құндылықтар салтанат 

құрған қоғамның қашан да болашағы баянды, 

келешегі кемел.  

(Жалғасы 2-бетте)


2

3

№24 (1282) 



18 – 24 маусым 

2015 жыл


№24 (1282) 

18 – 24 маусым 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қырғыздың 

көрнекті композиторы Жұмамүдін Шералиевтің 100 жасқа толуына орай 

мерекелік кеш өтті. 

Кешті Қырғызстанның бас әншісі Сағынбек Ахматалиев 

жүргізіп отырды. Шараға қатысқан Қырғызстанның ТҮРКСОЙ 

ұйымының Қырғызстандағы өкілі Қожакелді Құлиев композитордың 

шығармашылығына тоқталды. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 

Түркиядағы өкілі, жазушы­аудармашы Мәлік Отарбаев ТҮРКСОЙ­

дың арнаулы сыйлығын Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз 

ұлттық филармониясының өнерпаздарына тарту етті. Алматы 

қаласындағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Данагүл Айнақұлова, 

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры 

Ақан Әбдуәли қазақ пен қырғыз арасындағы мәдени байланыс жыл­

дан­жылға дамып келе жатқандығын атап өтті.

болса да Әбілмәмбет нақты билікті Абылайға 

берді. Жалпы, Әбілмәмбет жаратылысында 

қайырымды да ақниет, қулық­сұмдық атау­

лыдан іргесін аулақ салған турашыл адам 

еді. Оның осы қасиеттері де әділдік іздеген 

Абылайды оған жақындата түсті. Өзі қалмаққа 

қарсы елді ұйымдастыруға күш сала тұрса 

да, бұл істе елеулі табыстарға жете алмаған 

Әбілмәмбет, Абылай тәрізді қан майданда 

батыр ретінде де  көзге түсе алған жоқ. Бұл, 

әрине, оның абыройын асқақтата қоймады. Ол 

заманда өзі жеке ерлігімен елге танылмаған, 

мәселенің бәрін хан ордасында оқшаулана 

отырып шешетін қайраткерге ел құрмет 

көрсете қоймайтын еді. Оның үстіне шынайы 

билік бұл тұста Әбілмәмбеттің емес, үйсін Төле 

бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің қолында 

еді. 


Қазақтың екі бас билерінің  өзінің туған 

інісіндей болып кеткен Әбілмансұрға ынта­

ықыластары ерекше екендігін, оның үстіне 

Аңырақай шайқасынан кейін сұлтандар мен ба­

тырлар арасында  оның беделінің айтарлықтай 

өскенін Әбілмәмбет байқап отырды. Осын­

дайда ол, қалмақ Қалдан Сереннің қолындағы 

Түркістан қаласына қол жеткізіп, қазақтың бас 

ханы атануды көздеді. Баласы өзінің қолында 

аманатта болғандықтан, Қалдан Серен де оған 

Түркістанға баруға кедергі жасай қоймады. 

Осылайша Әбілмәмбет өзінің ордасын 1743 

жылға қарай Түркістанға көшірді. Оның 

үстіне ол, орыспен жақындасуда өзіне ылғи 

да бақталас болған Әбілқайыр ханның айла­

шарғыларынан да шаршаған еді. Расында, 

Кіші жүздің үлкен бөлігін және Орта жүздің 

біразын өзінің ықпалында ұстап отырған 

Әбілқайырмен әріптес болу да оңай шаруа емес 

еді. Осындайда 1748 жылы «Әбілқайырмен 

егескен Барақ сұлтан оны өлтіріп кетті. Бұл 

қанды оқиға Әбілмәмбеттің хан ретіндегі 

мерейін үстем етіп, ол енді ұлық хан атанды. 

Алайда мұның өзі оның белсенділігін көтере 

қойған жоқ. Елдің бәрінің назары хан орда­

сында отырғаны болмаса ел ісіне араласудан 

қалған емес, қалмаққа қарсы күресті нақты 

басқарып жүрген Әбілмансұр сұлтан мен 

Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейізге ауды. Деген­

мен, биліктің бірнеше адамның қолына бөлінуі 

қазақтың жауға қарсы күресін шұғыл да, батыл 

ұйымдастыруға кедергі болды. Мұны Төле би 

мен Қаз дауысты Қазыбек би де түсіне бастады. 

Олар билікті Абылайдың қолына топтастыру 

жолдарын қарастырды. Алайда Әбілмәмбетке 

ерекше құрметпен қарайтын Әбілмансұр оның 

астындағы тақты иемденуге ұмтыла қоймады. 

Осылайша қауіпті кезеңде басшылықсыз 

қалған ел қожырай бастады. 

Талас ОМАрбекОв, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 

Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді 

зерттеу орталығының директоры, 

 Қр ҰҒА Құрметті академигі 

(Басы 1-бетте)

Рамазанның қадірін жақсы түсінген 

сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен 

бастап: «раббымыз, бізді рамазан айына 



аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға еткен. 

Пенденің осы айда ұстаған оразасы, 

қосымша құлшылықтары, өзгелерге 

жасаған қайырымдылығы, барлық сау­

апты амалдары еселеніп жазылады. 

Ораза – күндіз тек ішіп­жеуден 

өзін шектеу деген сөз емес. Ораза 

– рухтың азығы, тәннің шипасы. 

Рамазан жан мен тәнді рухани тазар­

татын, мұсылман үшін үлкен сабыр 

мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес 

пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш 

іс­әрекеттерін көріп, тұрпайы сөз дерін 

естісе де: «Мен оразамын» деген бір­

ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, 

сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне 

берілетін сый – жаннат.

Денсаулығына байланысты немесе 

кәрілік жетіп ораза ұстауға шама­

сы жетпеген адамдар ауыз бекіткен 

кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен 

сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­

сын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір 



құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да 

қамқорлық жасағанға сауап жазады…» 

деген.


Биыл маусым­шілде айларына 

тұспа­тұс келген Рамазанда ауыз 

бекітуге күннің ыстығы кедергі 

келтірмейді деп сенеміз. Себебі 

оразаның рухани дәмін татқан жан 

Алланың теңдессіз сыйынан шет 

қалғысы келмейтіні хақ.

Қадірлі қауым! 

Рақым айы – Рамазан құтты бол­

сын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, 

жасаған дұға­тілектеріміз, құл шы­

лық­ғибадаттарымыз, әрбір қайыр­

лы амалдарымыз қабыл болғай! 

Алла Тағала отбасымызға амандық, 

жұмысымызға береке­бірлік нәсіп ет­

кей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемле ке­

тіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! 

Әумин!

Әбілмәмбет хан



Бас редакторлармен 

кездесті 



Қыздарбектің әні

Әбілмәмбет Тәуке ханның немересі, Болат ханның үлкен ұлы еді. ол 1734 жылы Сәмеке хан 

Көкшетаудағы ордасында ауыр науқастан қайтыс болған соң көп кешікпей-ақ, яғни  1735 

жылы орта жүзге хан болып сайланды. Сонымен қатар ол ата жолымен ұлық хан болып та 

есептелді. ол  о бастан-ақ әкесі Болаттың  және Төле бидің жанында жүріп, қалмаққа қарсы 

соғыс барысында өсіп-жетілді. Сондықтан да ол, ел басқаруда Төле бидің қалмаққа қарсы 

соғыста Ресейге сүйенуді көздеген саясатын ұстанды. Әбілмәмбеттің осы бағыттағы алғашқы 

қадамы, яғни орыстарға одақтас ретінде адал болуға келісіп ант беруі алғаш,  1740 жылы 

орынбарда орын алды.

Казіргі таңда Маңғыстау ауданында үш мыңға жуық мемлекеттік қызметшілер еңбек етуде. Олардың басым көпшілігі жас­

тар. Елбасының «әлеуметтік лифті» жайындағы ұсынысы ауданымызда айқын көрінуде. Қазіргі таңда екі ауылдың әкімдері 

29 жасқа дейінгі жастар. Мұның өзі жастар саясатының ауданымыздағы сүбелі түрде  жүзеге асырылып келе жатқандығының 

айқын көрінісі. Аталмыш мерекеге орай жуырда біз жас мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесі қарсаңында  әңгімеге тартып, 

пікірлерін білген болатынбыз.  



1. Мемлекеттік қызмет дегеніміз сен үшін қандай міндеттер жүктейді?

2. Жуырда ғана Елбасының жариялаған  «100 нақты қадамы» бағдарламасына қосар үлесің қандай?

Осында ол, өзімен бірге 128 Орта жүздің 

ру басылары мен сұлтандарын және  біраз қазақ 

ауыл дарын ертіп келіп, патша өкілі Урусовқа 

орыс пен бірге болатындарын мәлімдеп, ант 

бер ді. Мұның қалай болғанын А.И.Левшин  

тө мендегіше тәптіштеп жазып қалдырған: 

 «...Безпрекословно повинуясь требованию рос­

сийского начальника, Абульмагмет и Абылай 

немедленно стали на колена на золотой ковер и 

сняв шапки, поклялись в верности по обычаям 

своим; в заключение они поцеловали  Коран 

и подняли его на головы свои, а к присяжным 

листам вместе подписи приложили печати. В 

подражение им  128 старейшин Средней кир­

гизской орды в то же время приняли присягу 

в другой палатке, а народ присягал под откры­

тым небом...». Иә, мұның бәрі адам сенерліктей 

нақты айтылған, және шынайы көрініс еді. 

Алайда Әбілмәмбет ханның қасындағы Абы­

лай сұлтанмен бірге Құранды сүйіп ант бер­

генде, Жаратқан Иемнен шын мәнінде нені 

жалынып сұрағаны орыстарға әрине, түсініксіз 

болып қалды. Мұндайда, қолдарын құранға 

тигізген қазақ әміршілерінің шын мәнінде, 

жасаған иемнен орыстың емес, қазақтың 

амандығын сұрап жалынғаны сөзсіз. Қиынға 

тап болып, тұмсықтары тасқа тиген қазақ 

қайраткерлерінің амалсыздықтан туындаған 

әрекеті болды бұл. Ресейге бодандыққа ант бе­

руге хан мен сұлтанды мәжбүрлеген шығыстағы 

қалмақтардың жойқын жортуылдарына қарсы 

күресте арқа сүйер тірек іздеулері еді. Мұнда 

қазақ әміршілерінің жеке басына қатысты 

қиыншылықтар да көрініс берді. Мысалы, 

Әбілмәмбет кейіннен өзіне Орынбор әміршісі 

Неплюев жіберген аудармашы Оразалинге Ели­

завета патшайымға ант беруге өзін мәжбүрлеген 

нәрсе, Қалдан Сереннің қысым үстіне қысым 

жасап, өзінің ұлын аманатқа беруді қайта­қайта 

талап етуі болғанын ашып айтты. 

Бұл тұста Орта жүз қазақтары  үшін қалайда 

қалмақтарды тоқтатудан маңызды  нәрсе 

болған жоқ.   Оларға қарсы тұрудың қазаққа 

оңай болмасы келесі жылы­ақ белгілі болды. 

Башқұрттардың көсемі Қарасақал 1741 жылы 

қазақ жеріне қашып келіп, өзін елге қалмақ 

Сеуан Рабданның баласы  Шона Лаузанмын 

деп таныстырды. Ол шын мәнінде башқұрт 

– Бүкіл Қазақстанымыздың өміріне жоғары 

білім флагманы – біздің тарихымыздағы 

алғашқы әлемдік деңгейдегі ғылым­білім 

орталығының бірінші түлектері қосылайын 

деп отыр. Біздің еліміз жастардың жаңа 

толқынына, жан­жақты дайындалған білікті 

мамандарға ие болайын деп отыр. Біздің Ұлт 

Жоспары негізінде мемлекетімізді жаңғырту 

бағытында терең қайта құруларға кіріскен 

қазіргі сәтімізде бұл тіпті ерекше маңызды 

бола түседі, – деп Назарбаев Университетінің 

құрылуы арқылы Астанада жаһандық білімнің 

қуатты көзінің пайда болғандығын атап өтті. 

Иә, Назарбаев Университеті – еліміздің 

беткеұстар жоғары оқу орны. Университет 

қазіргі заманның ең озық технологияларымен 

жабдықталған. Ғылым мен білімнің  заманауи 

үлгілері, инновациялық технологиялар да 

– осында.  Оқу орны ең алғаш 2010 жылы 

құрылған болатын. Көзді ашып­жұмғанша 

алғашқы түлектері де қанат қағып отыр. 

Енді олар еліміздің әр саласында жемісті 

қызмет етіп, мемлекетіміздің іргетасын 

нықтай түседі. Қазіргі уақыт әлемдік деңгейде 

бәсекеге қабілетті бола алатын жас мамандарға 

зәру. Мұндай талаптарға, сөзсіз, Назарбаев 

Университетінің түлектері жауап беретіні 

айқын. Өйткені университетті құрудағы 

о бастағы мақсат та осы еді ғой – әлемдік 

көштен қалмай, дамыған озық мемлекеттердің 

кадрларымен иық теңестіре алатын мамандар­

ды өзімізде даярлау.   

Заманға өте­мөте қажетті компьютерлік 

ғылымдар, инженерлік механика, роботты 

техника және мехатроника, білім беруді 

басқару, биологиялық ғылымдар, электрлік 

және электрондық инженерия, құрылыс ин­

емес, қарақалпақ еді. Ол өзі жайсыз жағдайда 

жүрсе де, билік құмарлық ынта бүкіл санасын 

жайлап алған еді. Бұл тұста оның көздегені 

және көкейін тескені қалмақ қонтайшасының 

тағы болды. Қалмаққа хан болуды ойластырған 

Қарасақал қазақтармен бірге жоңғарларға 

қарсы  жойқын жорықтарға қатысты. 

Орта жүзге әйгілі көкжарлы көкжал Барақ 

сұлтанның өз бетінше қалмаққа қырғын жорық 

ұйымдастыруы да қалмақты қазаққа өшіктірді. 

Қазақтың қалмақты барымталап кеткенін 

естіген Қалдан Серен өз елін тонаушыларға 

қарсы  15 000 адамдық әскер аттандырды. 

Бұдан әсіресе, Әбілмәмбет хан мен Абылай 

сұлтанның қол астындағы ел көп азап шекті. 

Осыған байланысты  Әбілмәмбет орыстарға 

Орта жүздің көшу аймағына бекініс қала салып 

беру туралы өтініш жасады. Оның мұндайға ба­

руына дәл осы тұста орыстардың Әбілқайырға 

Жайық бойында Ор бекінісін салып беруге 

келісім беруі де ықпал етті. Алайда мұндай 

өтінішке, қалмақ пен қазақ бірін­бірі қыра 

түссін, қай жеңгені менікі деп ойлаған орыс 

жағы құлшыныс таныта қойған жоқ.  Өздерінің 

қолбасшысы Септен басқарған қалмақтар 

болса қазаққа жасаған жауап жорықтарында 

аса қатал болып, қолға түскен ересектердің 

бәрінің басын алумен болды. Осындайда қазақ 

тағы да қапыда қалды.  Қалмақтың жорық 

әскерлері екі жүз адаммен Шідірті және Шілік 

бойында аң аулап жүрген Абылай сұлтанды 

аңдаусызда тұтқынға түсірді. Онымен бірге 

аң қуып жүрген Барақ сұлтан да, Қоқ батыр 

да қалмақ қолына тұтқын болды. Осындай 

кездейсоқ олжаға мастанған қалмақтар енді 

хан ордасына жорық ұйымдастырды. Олар 

Орта жүзге оңтүстік арқылы аттанды. Алайда 

қалмақтан қатер күтіп, олардың әр қадамын 

аңдып отырған қазақтар Олжабай батырдың 

бастауымен Септен әскерінің оң бүйірінен түре 

тиісіп, оларды оңдырмай талқандады. Алайда 

бұл үлкен жанжалдың басы ғана болып шықты. 

Орта жүздің Әбілмәмбет басқарған қалмаққа 

қарсы осы шайқасы үш жылдай уақытқа созыл­

ды. Мұндайда Қара Ертістен өтіп, Ұлы жүздің 

іргесіне төніп тұрған қалмақтан қауіптенген 

Наурызбай батыр бастаған қалың қол бес қаруы 

сақадай сай бола тұра, Арқа төсіндегі бауырла­

женериясы және тағы басқа мамандықтарды 

елімізде Назарбаев Университеті оқытады. 

Ендігіде мектеп түлектері шетелде берілетін 

білімге қызығып, шарқ ұрмайды. Мұндай 

мүмкіндік Елордамызда жасалған. 

Студенттер мен оқытушылар университет­

тегі жасалған жағдай үшін Мемлекет бас­

шысына алғыстарын айтып, күш­жігерлерін 

елдің бұдан әрі даму жолына жұмсайтындарын 

жеткізді. Сөзін аяқтай келе, Мемлекет бас­

шысы үздік түлектерге диплом табыстады. 

Елбасының қолынан үздік диплом алғандар 

қатарында Әлия Жақсиева, Айсұлу Айт­

бекова, Анар Қасымова, Әділет Өтемісов, 

Темірлан Сейдахметов, Жанар Шоқаева, 

Айжан Темірбаева, Алтынай Дүйсенбекова, 

Валентина Винокурова және басқалар болды. 

Сөз кезегін алған Назарбаев Универси­

те тінің Жоғары бизнес мектебінің түлегі 

Қазыбек Әубәкіров былай деді: 

– Біздер Қазақстанның бақытты жас­

та ры мыз. Бізге жақсы білім беруге жанда­

рын салып жұмыс істеген университет 

пре зиденті Шигео Катсу мырза бастаған 

бар лық оқытушылармен қатар, қолайлы 

рына қол ұшын созып, көмекке бара алмады.  

Орыстар мұндайда екі жүзді саясат ұстанып, 

қазақты да, жоңғарды да қолдай қоймай, со­

нымен қатар олар жоңғарлардың батыстағы 

Еділ қалмақтарымен бірігіп кету мүмкіндігін 

болдырмауға күш салды. Осындай оймен 

орыстар 1742 жылы жоңғар қалмақтарына 

майор Миллер бастаған елшілік аттандырды. 

Оның мақсаттарының бірі Абылай сұлтанды 

тұтқыннан босату еді. 

Орыстар Абылайды босату Орта жүз 

қазақтарының жоңғарларға қарсы күресін 

күшейте түсетінін жақсы түсінді. Алайда мәселе 

көтергенімен, орыстар бұл істе тиянақтылық 

көрсете қоймады. Абылайды босатуға 

бағытталған нақты әрекетті Әбілмәмбет 

ханның өзі бастады. Ол өзі бастап, Орта жүздің 

басқа да игі жақсылары қостап балаларын 

Қалдан Серенге аманатқа берді. Қалдан бұған 

да қанағаттанбай, қазақ басшыларын өзіне 

шақырды. Алайда Қаз дауысты Қазыбек би 

бастап қазақтар жағы оның шақыруынан бас 

тартты. Келіссөздердің нәтижесінде және 

орыстардың араласуымен ақыры бір жылдай 

тұтқында отырған Абылай өзінің серіктерімен 

1743 жылы тұтқыннан босанып елге қайтты. 

Абылаймен ол кезде әлі хан емес Әбілмәмбет 

сұлтанның жақындасуы  кейіннен Аңырақай 

атанып кеткен Далатауда болған шайқастан 

басталған еді. Осы қалмаққа қарсы жанкешіті 

ұрыста бұрын Төле бидің үйінде түйе бағып, 

Сабалақ атанып жүрген Әбілмансұр жауға 

қарсы  шапқанда атасы қанішер Абылайдың 

есімін ұран ғып, екпіндеген бетінде он екі 

қалмақты шауып түсіріп, қаһармандығымен 

ерекшеленіп,  ел назарын өзіне еріксіз  ау­

дарды. Әбілмансұрдың осы ерлігіне қатты 

сүйсінген төрелер арасында Абылайға жақын 

туыс Әбілмәмбет те бар еді. Осы оқиғада 

табысқан Әбілмәмбетпен, кейіннен Абы­

лай атанып кеткен Әбілмансұрдың аралары 

мұнан соң, ешқашан да суыған жоқ. Өзі хан 

жағдай жасаған әкімшілік қызметкерлеріне 

де үлкен рақмет. Біз сіздердің әлемге жіберіп 

отырған елшілеріңізбіз. Біз университет 

қабырғасында жүріп, ғылыми жұмыстармен 

шұғылдану мүмкіндігіне ие болдық. Жүрек 

ауруларын айқындап емдеуге арналған жаңа 

технологиялық құралды ойлап таптық. 

Енді ол өндірістік негізде шығарылатын 

 болады. Құралда міндетті түрде «Қазақстанда 

жасалған» деген сөз тұрады. Сөйтіп, 

 Назарбаев Университеті оның қабырғасында 

 жүріп­ақ кәсіптік тұрғыдан дамуымызға 

жақсы қолайлы жағдай туғызды.  

Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, 

«Біз жастарға сенеміз!». Олар Назарбаев 

Университетінде алған терең білімдері арқылы 

Қазақстанның атын әлемге әйгілей түсіп, 

ғылыми жаңалықтарды ашуда алдарына жан 

салмайтын кәсіби маман болады деген ойда­

мыз. Өйткені Елбасы оларға: «Елді дамытып, 

халықты бақытқа, бақ­берекеге жеткізу ісі 

сіздерге жүктеледі» деп зор сенім білдірді. 

Сенімді ақтау – жастардың қолында! 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал