Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға



жүктеу 2.51 Mb.

бет1/27
Дата13.09.2017
өлшемі2.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

25 СӘУІР 2017 жыл

13

РЕСМИ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 14 сәуір             №201          Астана, Үкімет Үйі



Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес 

қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға 

ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға 

арналған тізбесін бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-ба-

бына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 

қаулы етеді:

1.  Қоса  беріліп  отырған  мемлекеттік  кепілдікпен  берілетін  мемлекеттік  емес 

қарыздардың  қаражаты  есебінен  қаржыландыруға  ұсынылатын  инвестициялық 

жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі бекітілсін.

2.  Осы  қаулы  қол  қойылған  күнінен  бастап  қолданысқа  енгізіледі  және  ресми 

жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі

№201 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың 

қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық 

жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі

Р/с


Жобаның атауы

Жобаның 

жалпы құны 

(мың теңге)

Іске


асыру

кезеңі


(жыл-

дар)


Мемле-

кеттік


кепілдіктің

мөлшері


Қарыз алушы

Әлеуетті


қарыз

беруші


1

«Талдықорған 

– Қалбатау – 

Өскемен» 287-1073 

км республикалық 

маңызы бар автомо-

биль жолын рекон-

струкциялау

287562800 2017-

2020


244428380

мың теңге,

796 млн.

АҚШ


долларына

дейін


балама

«ҚазАвтоЖол» 

ұлттық компани-

ясы» акционерлік 

қоғамы

Қытайдың 



экспорт-

импорт 


банкі

2

«Мерке - 



Бурылбайтал» 7-273 

км республикалық 

маңызы бар автомо-

биль жолын рекон-

струкциялау

100446100 2017-

2020

85379185


мың теңге,

253,3 млн.

АҚШ

долларына



дейін

балама


«ҚазАвтоЖол» 

ұлттық компани-

ясы» акционерлік 

қоғамы


Қытайдың 

экспорт-


импорт 

банкі


3

Азия даму банкінің 

қаражаты есебінен 

екінші деңгейдегі 

банктер мен 

микроқаржы 

ұйымдары арқылы 

микро, шағын 

және орта бизнесті 

қаржыландыру

72000000

2017-


2020

72 млрд. 

теңге

«Даму» 


кәсіпкерлікті 

дамыту қоры» 

акционерлік 

қоғамы


Азия 

Даму 


Банкі

4

Ирригация мен дре-



нажды қалпына 

келтіру


53243090

2017-


2019

48343720


мың теңге,

143 млн.


АҚШ

долларына

дейін

балама


Қазақстан 

Республикасы 

Ауыл 

шаруашылығы 



министрлігі 

Су ресурста-

ры комитетінің 

«Қазсушар» 

шаруашылық 

жүргізу 


құқығындағы 

республикалық 

мемлекеттік 

кәсіпорны

Ислам 

Даму 


Банкі

_______________________________________________________________________



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 17 сәуір             №203              Астана, Үкімет Үйі



«Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және 

республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, 

реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, 

паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды 

іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2013 жылғы 1 қазандағы № 1038 қаулысының күші 

жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі



 қаулы етеді:

1. «Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар авто-

мобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, па-

спорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру 

қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  1 

қазандағы № 1038 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 

58, 789-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

_______________________________________________________________________



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 17 сәуір                №207              Астана, Үкімет Үйі



«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын 

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына 

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі 



қаулы етеді:

1.  «Тіркелген  тарифтерді  айқындау  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан 

Респуб ликасының  ПҮАЖ-ы,  2014  ж.,  №  24,  180-құжат)  мынадай  өзгерістер  мен 

толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларында:

4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын бекітілген тіркелген тарифтердің 

деңгейлерін жыл сайын түзетуге құқылы.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы 

актісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспа басы-

лымдарында қазақ және орыс тілдерінде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін екі 

жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қуаты  аз  жаңартылатын  энергия  көздерін  пайдалану  жөніндегі  объектілерді 

енгізуді ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін табиғи, 

климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлерді электрмен 

қамтамасыз ету үшін тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерін пайдалану 

жөніндегі объектілердің белгіленген қуатына байланысты сараланады.»;

мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:

«11-2. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемесі бар жобалар үшін егер ұлттық 

валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі 

алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  25  %  және  одан  жоғары  болған  жағдайда,  күн 

сәулесінің  энергиясын  түрлендіру  үшін  қазақстандық  кремний  (Kaz  PV)  негізінде 

фотоэлектрлік  модульдерді  пайдаланатын,  жалпы  қуаты  37  МВт  күн  электр 

станцияларының жобаларына арналған тіркелген тарифтерді қоспағанда, тіркелген 

тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты 

айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай 

формула бойынша индекстеледі:

   мұндағы:

Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай 

толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген тіркелген тариф;

Тt – егер бұрын мұндай индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индексаци-

яны есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы 

тіркелген тариф;

ТБИ

t

 – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойын-



ша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға 

жинақталған тұтыну бағасының индексі;

USD

t-1


  –  индекстеу  жүргізілетін  жылдың  1  қазанында  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған теңгенің АҚШ долларына қатысты 

ағымдағы бағамы;

USD


t

 – индексациялау жүргізілген күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген, 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын теңгенің 

АҚШ долларына қатысты орташа бағамы.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен 

соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БҰЙРЫҒЫ

2017 жылғы 9 наурыз                   №23              Астана қаласы



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 

жылғы 27 шілдедегі №95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  2013  жылғы  15  сәуірдегі  Қазақстан 

Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін 

қызметтердің  тізілімін  бекіту  туралы»  2013  жылғы  18  қыркүйектегі  №  983  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің Қаулысын жүзеге асыру мақсатында 

бұйырамын:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (Қазақстан 

Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 санымен 

тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 

келесі өзгерістер енгізілсін: 

1-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бекітілсін:

1)  «Соттылықтың  болуы  немесе  болмауы  туралы  анықтаманы  беру»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;

2)  «Қазақстан  Республикасы  Бас  прокуратурасының  Құқықтық  статистика  және  ар-

найы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат 

анықтамарын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін 

қызметстандарты осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес;

3)  «Прокуратура  органдарынан,  тергеу  және  анықтау  органдарынан  шығатын  ресми 

құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3 

қосымшасына сәйкес.»;

көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа ре-

дакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы 

есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет): 

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан 

Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашы-

лық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы 

нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында 

орналастырылуын қамтамасыз етсін. 

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Б.Б. Мусинге жүктелсін. 

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры Ж.АСАНОВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Ақпарат және

коммуникациялар министрі _____ Д. Абаев

2017 жылғы 14 наурыз

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика

министрі ______________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы 13 наурыз

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы

№ 23 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі

№ 95 бұйрығына1-қосымша

«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама 

беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас про-

куратурасы әзірледі. 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық орган-

дары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1)  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  Мемлекеттік  корпорацисы»  коммерциялық  емес 

акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге 

асырылады. 

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ 

порталға жүгінсе – 10 (он) минут ішінде;

қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік  корпорацияға  жүгінген  кездегі  құжаттарды  қабылдау  күні  мемлекеттік 

көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он 

бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) 

және (немесе) қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес 

нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсынудың нысаны: электрондық және (не-

месе) қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет алушыға жіберіледі және «жеке 

кабинетінде» электрондық құжат нысанында сақталады, қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының 

электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолы қойылған. 

Шетелге  шыққан  кезде  қызметті  қағаз  түрінде  алуға  жүгінген  жағдайда,  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басылып шығарылады және 

қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен бекітіледі.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының 

электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет 

алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.

Портал арқылы жүгінгенде қызмет алушының «жеке кабинетіне» орнын және мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет нәтижесінің алған күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін 

көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорация - еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін 

қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбіні қоса алған аралықта түскі 

асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет  жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» 

тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 

тәулік бойы (қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс 

уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау 

күні келесі жұмыс күні болып табылады). 

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін қызмет алушы жүгінген жағдайдағы, болма-

са оның уәкілетті өкілі нотариуспен растаған сенімхат бойынша қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

нысан бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш, 

осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес; 

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты бірдейлендіру үшін талап етіледі);

мемлекеттік қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариуспен 

расталған сенімхат;

Құжаттарды  қабылдағанда  Мемлекеттік  корпорацияның  қызметкері  құжаттардың 

электрондық көшірмесін жасайды, содан кейін түпнұсқаны қызмет алушыға қайтарады.

2) порталға:

қызмет алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген қызмет 

алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, 

бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрауы.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін 

қызмет беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі 

арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде, егер Қазақстан 

Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен 

қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді алуға қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде қызмет алушыға тиісті 

құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, 

тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру күнін 

көрсетеді;

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру қызмет алушы жеке басын куәланды-

ратын құжатты немесе оның өкілі нотариуспен бекітілген сенімхатты ұсынған кезде қолхаттың 

негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация шетелге шығу үшін берілетін соттылықтың болуы немесе болмауы 

туралы анықтаманың сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге 

екі ай ішінде әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, 

Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын 

құжаттарды қызмет алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік 

көрсетілетін қызметке сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ күні мен уақыты 

көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жолданады.

10.  Қызмет  алушы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартында  көзделген 

тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 

9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес 

құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) құжат қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, 

Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойын-

ша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.



3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша қызмет берушінің 

және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және 

(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) 

шағымдану тәртібі 

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша қызмет берушінің және (неме-

се) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: 

шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 14-тармағында көрсетілген 

мекенжайлар бойынша қызмет берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, болмаса қызмет берушінің кеңсесі арқылы 

қолма-қол қабылданады, сонымен қатар портал арқылы.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошта мекен-

жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Қызмет берушінің кеңселерінде шағымның қабылдануының дәлелдемесі болып (мөртаңба, 

кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген, мерзімі және 

берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік 

корпорация  басшысына  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  14  тармағында 

көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

Мемлекеттік  корпорацияға  қолма-қол,  пошта  арқылы  түскен  шағымды  қабылдаудың 

дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына 

немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс 

орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жібергенде қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өтініштің қаралу 

жағдайы жөніндегі ақпаратқа қол жетімділік бар, ол қызмет берушімен өтінішті өңдеу кезінде 

жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан 

бас тарту туралы жауап).

Қызмет берушінің болмаса Мемлекеттік корпорацияның мекен-жайына келіп түскен қызмет 

алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды 

қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап 

қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі, болмаса қызмет берушінің немесе 

Мемлекеттік корпорацияның кеңселерінде қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға 

шағыммен жүгіне алады.

Қызмет  алушының  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  сапасын  бағалау  және  бақылау 

жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 

(он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып

қойылатын өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік 

корпорация арқылы 

13. Өмір сүру әрекетін шектейтін ағзаның тұрақты бұзылуы салдарынан денсаулығын 

жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау 

қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көме-

гімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары келесі интернет-ре-

сурстарда орналасқан:

1) қызмет беруші: www.pravstat.prokuror.kz;

2) Мемлекеттік корпорацияның: www.goscorp.kz;

15. Қызмет алушының ЭЦҚ болған жағдайда немесе ұялы байланыс операторымен берілген 

қызмет алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған 

жағдайда, бір реттік парольді колданып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы 

электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы 

көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы 

ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байла-

ныс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 

және 8 800 080 7777. 



«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Нысан 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал