Мемлекеттік емтихан сұрақтары


көлеміндегі сандар нумерациясы



жүктеу 169.73 Kb.
бет8/22
Дата01.11.2022
өлшемі169.73 Kb.
#23122
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Мемлекеттік емтихан с ра тары
математика 2-сынып Жүздіктер. Жүздіктермен санау 1000 дейін ДИДАКТИКА
1000 көлеміндегі сандар нумерациясы
Нумерацияны оқып үйрену кезіндегі мұғалімнің міндеті балаларды 1000 көлеміндегі нәрселерді санай білуге үйрету (бір-білеп қосып санау және нәрселерді он-оннан және жүз-жүзден топтауды пайдалану жолымен ). Балаларды үш таңбалы сандарды атауға, жазуға және оқуға үйрету қажет. Балалар осы сандардың жүздіктен, ондықтан және бірліктен жасалуын ұғынып, сондай-ақ разрядтық бірліктердің атаулары мен олардың қатыстарын игеріп, санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсетіп жаза білулері, берілген сандағы кез келген разряд бірліктерінің жалпы санын таба білулері керек, сондай-ақ оқушылардың сандардың натурал тізбегі жөніндегі білімін де пысықтау керек.
Көп таңбалы сандар. Оларды оқу, жазу және салыстыру тақырыбында разрядтар мен кластар жайында түсінік беру және көп таңбалы сандарды заттардың әр түрлі санау бірлігін пайдаланып санау; көп таңбалы сандарды оқу, жазу және сандармен шамаларды салыстыру; көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру; шамаларды (ұзындық, масса, аудан, көлем, уақыт) өлшеу және кейбір шамалардың жаңа бірліге енгізу, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер сияқты мәселелер қарастырылады. Алғашқы үш разряд:бірліктер, ондықтар және жүздіктер – бірліктер класын, бірінші класты құрайды. Жүздiктiң онын алсак, 1000 шығады, бұл бірліктер класының бірлігі емес, мыңдар класының бірлігі. Келесі үш разряд: бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздiк мыңдар класын, екінші класты құрайды.Жүздік мыңның онын алсақ, 1 миллион болады, бұл мыңдар класының бірлігі емес, келесі миллиондар класының бірлігі. Осы тақырыптан бастап 4- сынып математикасының соңғы тақырыбына дейінгі қарастырылатын сандар алғашқы екі класпен (бірліктер және мыңдықтар) шектеледі. Ал оқу жылының соғына қарай алғашқы үш класс (үшінші — миллиондар класы) көлеміндегі миллиардқа дейінгі сандарды қарастыру көзделеді. Үш таңбалы сандарды қарастырған кезде құрылған бірліктер, ондықтар және жүздіктер кестесі сияқты, келесі разряд бірліктерін және екі класты қамтитын кесте құрылады да, сол арқылы көп таңбалы санның құрылуы, құрамы, оқылуы, жазылуы және оның қай разряд, қай класс бірліктері екендігін анықтау жүзеге асырылады.
1. Көп таңбалы сандарды оқу үшін алдымен оң жақтан бастап үш цифрдан топтарға бөліп алу керек. Екінші топтағы (оңнан солға қарай есептегенде) цифрлардың санына қарай, екінші мыңдар класының бірлігін оқып, оған кластың аты қоса айтылады, әрі қарай бірінші – бірліктер класының бірлігін оқиды(бірінші кластың аты қоса айтылмайды). Ал көп таңбалы санды жазу үшін алдымен аталған кластың бірліктері жазылады. Оқығанда қай разряд бірлігі аталмаса, соны жазып көрсету үшін сәйкес разряд бірлігінің орнына нөл жазылады. Ал егер қандай да бір кластың ешқандай бірлігі аталмаса, оны жазып көрсету үшін сол класс бірліктерінің орнына үш нөл қатар жазылады. Санның жазылуында нөл тұрған разрядтың, сондай-ақ кластың бірліктерінің атаулары, сандарды оқығанда аталмайды.
Көп таңбалы сандарды салыстыру оқушыларға 1-3 сыныптардан белгілі екі тәсіл бойынша жүзеге асырылады. Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін салыстырады. Егер екі санның разряд бірліктерінің саны бірдей болмаса, қайсынікі аз болса, сол кіші сан болып табылады. Сондықтан ең жоғарғы разряд бірліктерін анықтау — сандарды салыстырудың ең негізгі мәселесі. Мысалы, 19745 және 197452 сандарын салыстыру керек болсын. Бірінші сан – 5 таңбалы ең жоғарғы разряды – ондық мың, ал екінші сан – алты таңбалы, ең жоғпрғы разряды- жүздiк мың. Демек, екінші сан бірінші саннан үлкен, яғни артық. Егер екі санның разряд бірліктерінің саны бірдей болса, онда жоғары разряд бірліктерінен бастап біртіндеп салыстырады, санның сәйкес разряд бірліктерін салыстырғанда, қайсысы артық болса, сол үлкен сан болғаны, ал қайсысы аз болса, сол сан кіші болғаны.

жүктеу 169.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет