Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен



жүктеу 0.62 Mb.

бет1/5
Дата10.09.2017
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4   5

C

M

Y

K

ЖАҢА КІТАП



e-mail: aikyngazeti@gmail.com

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ

ГАЗЕТ


№83 (3155)

7 маусым, 2017

СƏРСЕНБІ

www.aikyn.kz

www.facebook.com/aikyn.kz

www.twitter.com/aikyn_gazeti

АВТОШЕРУ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың төрағалығымен 

«ЭКСПО – 2017» халықаралық 

көрмесін өткізу мәселелері 

жөнінде кеңес өтті.

Кеңеске Президент  кімші лігі-

нің басшысы  ділбек Жақсы беков, 

Президенттің к мекшісі – Қа уіп-

сіздік кеңесінің хатшысы Влади мир 

Жұмақанов, Бас прокурор Жақып 

Асанов, Мемлекеттік күзет қызметі-

нің бастығы Амантай Күрең беков, 

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұза-

қов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет 

Қасымов, «Сырбар» сыртқы барлау 

қызметінің директо ры Ғабит Бай-

жанов, Астана қала сының әкімі  сет 

Исекешев, «Астана ЭКСПО – 2017» 

ҰК» АҚ бас қарма т рағасы Ахметжан 

Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

т рағасының бірінші орынбасары 

Самат  біш қатысты.

Басқосуда «ЭКСПО – 2017» ха-

лықаралық к рмесін  ткізудің жалпы 

тәртібі және оны  ткізу кезінде 

елорда тұр ғындары мен қонақта-

рының қауіп сіздігін қамтамасыз ету 

мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы алдағы іс-

шараны дайындау және оны сапалы 

ткізу үшін ауқымды жұмыстар атқа-

рылғанын атап  тті. 

– Біз к ңіл толқытарлық сәтке – 

к рменің ашылуына таяп қалдық. 

Қазақстанның астанасына келетін 

қонақтар саны к п болады. Бүгінде 

«ЭКСПО – 2017» к рмесіне 1,2 мил-

лион билет сатылған екен. Бұл – біз 

күткендегіден әлдеқайда к п, – деді 

Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі 

жағдайдың тұрақсыз екенін ескере 

отырып, к рмені  ткізу кезінде қо-

нақтар мен ел азаматтарының қауіп-

сіздігін Астанада ғана емес, барлық 

ңірімізде де жоғары деңгейде 

қамтамасыз ету маңызды екенін атап 

тті. Бұл үшін әр басшыға жеке 

жауапкершілік жүктеледі. 

Мемлекет басшысы кеңес қоры-

тындысы бойынша бірқатар тап-

сырма берді.

БАСШЫЛАРҒА ЖЕКЕ 

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛЕДІ

АҚОРДА

Президент Нұрсұлтан 

Назарбаевтың таңдамалы 

еңбектерінің жинағы қытай 

тілінде басылды. Кітаптың 

тұсаукесері Астанада Елбасы 

кітапханасында өтті. Шараға 

ҚР Президенті кеңсесі 

басшысының орынбасары 

Бақытжан Темірболат, Қытай 

әлеуметтік ғылымдар 

академиясының президенті Ван 

Вэйгуан, Қытай Халық 

Республикасы елшілігінің 

өкілдері, Елбасы 

кітапханасының қызметкерлері, 

ғылыми және мәдени 

қауымдастық өкілдері қатысты. 

Жадыра АҚҚАЙЫР

Елбасының әлемдік аренада 

беделі жоғары. Оның с йлеген с з-

дері мен мақалалары к пшіліктің 

ықыласын оятып, рух береді десе 

артық емес. Жинаққа Президенттің 

халыққа Жолдауы, мақалалары еніп 

отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың бастамаларын дамы-

туды Елбасы кітапханасы  зінің бас-

ты міндеті санайды. Сонымен бірге, 

алдағы уақытта Президенттің  мір-

баяны баяндалатын ресми биогра-

фиялық еңбек қытай тілінде басы-

лады деп жоспарланып отыр. Кітап 

Бейжіңде жарық к ретін болады. 

«Елбасымыздың с здері мен 

мақалалары жинағының негізінде 

саяси философия жатыр. Бұл еңбек 

қытай аудиториясына  те қызық 

болары с зсіз.  йткені бұл жерде 

мемлекетті басқарудың Қазақстанда 

қолданылған жекелеген элементтері 

ж нінде ғана айтылмайды. Яғни, 

заманауи мемлекет құрудың сәтті тә-

сілдерін ішіне жинақтайтын, к п-

шілік мойындап үлгерген «Назарбаев 

моделі» атты феномен ж нінде 

ерекше айтып  ту керек.  рі жинақ 

тұсаукесерінің ҚХР т рағасы Си 

Цзинь пиннің Қазақстанға ісса-

парымен сәйкес келгеніне қуаныш-

тымыз. Сондай-ақ Қытай әлеуметтік 

ғылымдар академиясы баспаға да-

йындау барысында серіктесті  те 

сәтті таңдаған. Мұндай жобалардың 

басы-қасында жүретіндіктен, мұндай 

жұмыстың жауапкершілігі мен ма-

ңызын жақсы түсінемін. Осының 

нәтижесінде, екі мемлекет арасында 

саяси және гуманитарлық байланыс 

нығая түседі» дейді ҚР Президенті 

кеңсесі басшысының орынбасары 

Бақытжан Темірболат. 

Бүгінде Елбасымыздың бірқатар 

кітаптары әлемнің түрлі тілдеріне 

аударылды. Соның ішінде қытай 

тілінде де жарық к рген еңбектері 

бар. «Қазіргі таңда Қытай мен Қазақ-

стан арасында жақсы қарым-қатынас 

орнаған. Елбасымыз Халықаралық 

серіктестік форумында да осы екі ел 

арасындағы ынтымақтастықтың 

згелерге үлгі боларлықтай дәрежеде 

екендігін атап  ткенін білесіздер. 

Сол себепті, жинақтардың әлем 

тілде ріне аударылғаны дұрыс. Бұл – 

екеуара түсіністік орнатуға таптырмас 

құрал. Осының арқасында Қазақстан 

үшін де, Қытай үшін де дамудың 

жаңа перспективалары ашылатын 

болады. ҚХР т рағасының Қазақ-

станға іссапармен келуі серіктес-

тігіміздің дамуын одан сайын нығай-

татынына сенімдімін. Аталған 

еңбек те Нұрсұлтан Назарбаевтың 

идеялары мен с здері, мемлекетті 

басқару мен стратегиялары жақсы 

топтастырылған. Сонымен бірге, 

құрастыру барысында кітапхананың 

тәжірибелі сарапшылары жұмыс 

істеді. Олар Елбасының саяси 

мұраларын сақтап, дамыту үшін 

арнайы құрылған топ екендігін атап 

ту керек. Серіктестеріміз болса – 

Қа зақстанды жақсы білетін әрі ұзақ 

жылдар бойы зерттеп жүрген Қытай 

әлеуметтік ғылымдар академиясы-

ның белгілі ғалымдары. Алдағы 

уақытта бұл еңбек ҚХР-дың саяси 

және ғылыми орталарында жақсы 

бағаға ие болады деп үміттенеміз» 

дейді Тұңғыш Президент кітапханасы 

директорының орынбасары  мірхан 

Рақымжанов. 

Тұсаукесер рәсімінен соң Елбасы 

кітапханасына жаңа жинақтың 50 

данасы сыйға тартылды.

ЕЛБАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ӘДІСІ ӘЛЕМГЕ ҮЛГІ



Астанада 8-9 маусым күндері ШЫҰ саммиті өтеді. 9 маусымда 

«ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылу салтанаты басталады. Осы екі ауқымды 

шараға, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин арнайы 

келіп қатыспақ. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си 

Цзиньпиннің бұл кездесуінде қандай мәселелер талқыланады? Қытай 

басшысының Қазақстанға сапарынан қандай жаңалық күтеміз? Осыған 

байланысты Қазақстан Республикасының Қытай Халық 

Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышевпен 

сұхбаттасқан болатынбыз.

(Жалғасы 6-бетте)

Ақбота ИСЛӘМБЕК 

Жобаның ерекшелігі – қазақ және 

қырғыз  нертапқыштары  з инно вациялық 

туындыларымен белгіленген аралықты 

бағындыруы керек. Олардың арасында 

желден қуат алатын электрлі велосипедтен 

бастап сутегі генераторымен жүретін 

к ліктерге дейін бар. «Жасыл» техноло-

гиялар  нертапқыштарын қол дауға бағыт-

талған шара Ресей, Армения, Беларусь 

және Еуропа елдері арқылы  тпек. 

Эко автошеру G-Global халықаралық 

хатшылығы, «Жасыл» экономиканы 

қолдау және G-Global-ды дамыту Коали-

циясының мұрындық болуымен ұйым-

дастырылғанын айта кеткен ж н. Аста на 

қаласында эко автошеруді Л.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті 

салтанатты түрде қарсы алды. Алғашқы 

болып с йлеген Сенат депутаты Сергей 

Плотников Қазақстанда «жасыл» эко-

номикаға к шудің тұжырымдамасы 

жасалғанын және елімізде экологиялық 

таза қуат к здерін  ндіретін мемлекеттік 

бағдарлама қабылданғанын жеткізіп, таяу 

күндері к птен күткен «ЭКСПО – 2017» 

к рмесінің ашылатынын тілге тиек етті. 

Сондай-ақ барған жерлерінде «жасыл» 

экономиканы насихаттап жүрген эко 

автошеру мүшелеріне сәттілік тіледі.

G-Global халықаралық хатшылы ғының 

басшысы Серік Н гербеков  з с зінде эко 

автошерудің мақсаттарына жан-жақты 

тоқтала келіп: «Эко автошеру әлемімізді 

экологиялық таза әрі энергия лық тиімді 

ететін қолжетімді «жасыл» техноло гия-

лардың мүмкіндіктерін ха лыққа к рсетеді. 

Жастарды ғылымға тар тып, ғалымдарды 

қамтып отыр. Мұ ның барлығы болаша-

ғымызға сенім ділікпен қарай алатыны-

мызды білдіреді, – деді. Сондай-ақ Еуразия 

ұлттық университе тінің ректоры Ерлан 

Сыдықов бұл ша раның жастар үшін 

маңызына тоқта лып, қатысушыларға 

жылы лебізін білдірді.

Автошерудің басты ерекшелігі – 

қатысушылардың к лік құралдарының 

жартысы жаңа технология мен иннова-

цияларды қолдануында. Эко автошеру 

мүшелері аталған мемлекеттер ден жай ғана 

жүріп  тпей, әрбір елдімекенге тоқ тап,  з 

туындыларын таныстыруымен ерек ше-

ленеді. Баламалы қуат к здерін пайда-

лануға шақырады, Астанада  тетін 

халықаралық к рмені насихаттайды.

Эко автошерудің ресми серіктесі – 

қырғызстандық  нертапқыш Мұратбек 

Сұлтанбеков. Ол 2016 жылғы «Менің 

таңдауым таза энергия, таза су, таза ауа, таза 

сана» ұранымен Бішкек – Астана – Ере -

ван – Минск – Мәскеу бағытымен  т  кен 

12 мыңдық велошерудің бастау шы сы бол - 

ған. Велошеруге дайындық кезінде ол  электр 

велосипедін жасап, соған лайық генератор 

іздеген болатын. Мұндай гене ратор Қа зақ-

станнан табыл ғанын к пшілік біле бермейді. 

Бұл  те жеңіл жиналатын модульдік құ рыл-

ғыны Three Energy ЖШС-нің директоры 

Жам болат Мұзбаев құрас тырған. Ерек шелігі 

– желге т зімді әрі жел ағынының жылдам-

дығы ақырын болған ның  зінде электр энер-

гиясын  ндіреді. Енді бұл жаңа құрылғы 

қатысу шылардың электр велосипедтерін 

энергиямен қам тамасыз етуде. 

Бірегей эко автошеру  ткен қалаларда 

жастармен, ғалымдармен, кәсіпкерлер мен 

және билік  кілдерімен кездесулер  ткі-

зілді. Бұл  з кезегінде «жасыл» эстафета 

болатыны анық. 

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық 

әлеуетін к теріп, бәсекелестікті арттыру 

жолында да жаңа технологиялардың ық-

палы зор. Сондықтан «жасыл» техноло-

гияның мүмкіндіктерін жастар арасында 

насихаттау аса маңызды. Эко автошеруге 

еліміздің жетекші жоғары оқу орындары 

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетімен қатар Қазақстан-Британ 

техникалық университеті, Қарағанды 

ұлттық техникалық университеті, Бал қаш 

гуманитарлық техникалық колледжі қол-

дау к рсетті.

ҚЫТАЙ – 


МҮМКІНДІГІ

МЫҒЫМ 


МЕМЛЕКЕТ

БОЛАШАҚ 


ЭНЕРГИЯСЫНА 

АРНАЛДЫ


«Болашақ энергиясы» эко автошеруі Астанаға аялдады. Қоршаған ортаны 

қорғау және «жасыл» экономиканы дәріптеуді мақсат тұтқан автошеру 

31 мамырда Бішкек қаласынан бастау алып, Алматы, Балқаш, Қарағанды 

қалаларында болып, Астанаға тұрақтады. 

«ЭКСПО –2017»

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Осыған орай Астана қаласының әкімдігі 

«ЭКСПО – 2017» халықаралық ма-

мандандырылған к рмесін  ткізу ая сын да 

ауқымды мәдени-бұқаралық бағ дарлама 

дайындап отыр.

Атап айтар болсақ, ауқымды шаралар 

қатарында халықаралық фестивальдер мен 

к рмелер, отандық және әлемдік эстрада 

жұлдыздарының, классикалық және халық 

музыкасының концерттері, премьералар, 

цирктік қойылымдар, «Бәй терек» мону-

ментінің алдында және қалалық алаңда, 

барлық саябақта халық т ық серуен сипа-

тындағы шаралар бар.

(Жалғасы 8-бетте)

АСТАНА АУҚЫМДЫ

 

ШАРАЛАРМЕН АЙШЫҚТАЛАДЫ



Енді бірнеше күннен кейін Астанада әлем мән беріп отырған «ЭКСПО – 2017» 

халықаралық көрмесі басталады. Мұның Қазақстан үшін де маңызы үлкен. 

Өйткені әлем өркениетінің жетістіктері көрмеде көрсетіледі. Сонымен қатар 

көрмеге келген қонақтар қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен өнерін 

тамашалап, халықтың бай мұрасына қанығып қайтпақ.

??

?

№83 (3155) 7 МАУСЫМ, 2017 СƏРСЕНБІ



www.aikyn.kz

САЯСАТ


2

Үкімет үйінде Премьер Бақытжан 

Сағынтаевтың төрағалығымен 

Президенттің «Қазақстанның үшінші 

жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік» Жолдауын іске асыру 

бойынша ел экономикасын жаңғырту 

мәселелері жөніндегі мемлекеттік 

комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс аясында экономика да-

муының негізгі макроэкономикалық 

сценарийлері қаралды. Олар эко-

номикалық өсім қарқынын жылдам 

қалпына келтіруді қамтамасыз етеді 

және ол өсімді әлемнің дамыған 30 

озық елінің қатарына кіруге қажетті 

деңгейге жеткізеді. 

Ж и ы н д а   Ұ л т т ы қ   э к о н о м и к а 

министрі Тимур Сүлейменовтің және 

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 

баяндамалары тыңдалды.

Осы күні Бақытжан Сағынтаев 

CNPC директорлар кеңесінің төрағасы 

Ван Илин бастаған CNPC өкілдерімен 

кездесу өткізді. Кездесу барысында 

тараптар мұнай-газ саласында одан әрі 

ынтымақтастықты дамытуды тал-

қылады.


Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев 

CNPC директорлар кеңесінің төрағасы 

Ван Илинь бастаған CNPC өкілдерімен 

кездесу өткізді. Кездесу барысында 

тараптар мұнай-газ саласында одан әрі 

ынтымақтастықты дамытуды тал-

қылады.

Ерік ЕРДЕНОВ

Дөңгелек үстел жұмысына Қол-

данбалы саясаттану мен халықаралық 

зерттеулер орталығының жетекшісі 

А й д а р   Ә м і р е б а е в ,   Қ Р   Б Ғ М   Ғ К 

философия, саясаттану және дінтану 

институты саясаттану бөлімінің 

этносаяси зерттеулер секторының 

меңгерушісі Рүстем Қадыржанов, 

«Аспандау» қорының президенті 

Қанат Нұров, «Рейтинг.kz» зерттеу 

а г е н т т і г і н і ң   д и р е к т о р ы   Д ә у р е н 

Сәкенұлы, сондай-ақ саясат танушылар 

Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым 

және отандық сарапшы мамандар 

қатысты.


Шараға қатысушылар Мемлекет 

басшысының «Рухани жаңғыру: 

болашаққа бағдар» бағдарламалық 

мақаласы аясында Қазақстандағы 

ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен 

жандандыру және жүзеге асыру 

мәселелерін, сонымен қатар бұл 

үдеріске әсер ететін факторлардың 

алдын алуды талқылады. Сарап-

шылардың айтуынша, урбанизация 

мен мәдени жаһандану үдерістеріне 

байланысты өзгеріп отыратын қоғам 

мен қоғамдық сананың дағдылануы – 

әлеуметтік-экономикалық жетістіктің 

маңызды көрсеткіші. Сондай-ақ 

қатысушылар ұлттық мәдени код пен 

ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық 

сананың әртүрлі полюстерін келістіру 

де өте маңызды шарт екенін атап өтті. 

Бұдан өзге қоғамға қатысты жаңғырту 

жұмыстары қалай жүзеге асатынын 

әлі де түбегейлі зерттеу керектігі 

айтылды. Олардың сөзінше, ұлттық 

бірегейлікке қатысты жаңғырту 

процес барысында туындайтын ішкі 

және сыртқы сын-тегеуріндерге көп 

көңіл бөлінуі керек.

Атап өтейік, ӘЭСИ пікірталас 

алаңы ұлт Көшбасшысының стра-

тегиялық идеяларын насихаттау мен 

оларды жүзеге асырудағы тәжірибелік 

жолдарды қалыптастыру мақсатында 

жұмыс жасап келеді. 2003 жылдан 

бері институт Мемлекет басшысының 

мем лекеттілікті құру мен қа лып-

тастыру, халықаралық серік тестікті 

д а м ы т у ,   б е й б і т ш і л і к   п е н   т ұ  р а қ -

т ы л ы қ т ы   с а қ  т а у д а ғ ы   е л е у л і   е ң -

бектерін зерттейді. Ғылыми және 

сараптамалық жұ мыстары ұлттық, 

әлемдік экономи каның, халықаралық 

қарым-қа ты настың,  геосаясаттың, 

қауіп сіз діктің,  интеграцияның,  қа-

з а қ с т а н   д ы қ   қ а у ы м   д а с т ы қ т ы ң 

әлеуметтің шоғырын, сонымен қатар 

Е л б а с ы н ы ң   с т р а  т е г и я л ы қ   б а с -

тамаларының ауқымды спектрін 

қамтиды. 



Асыл ТҰМАР

Айхан ШӘРІП

Соны тұрпатты атаулы әлеуметтік 

көмек (АӘК) Қазақстанда 2018 жылғы 1 

қаңтардан бастап өмірге жолдама 

алатыны мәлім. Еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрі Тамара 

Д ү й с е н о в а н ы ң   а й т у ы н ш а ,   ж а ң а 

форматтағы АӘК қолданыстағы жәрде-

мақылардың үш түрін алмастырады. 

Нәти жесінде, жәрдемақыны алуға 

қ а ж е т т і   қ ұ ж а т  т а р д ы ң   с а н ы   д а 

айтарлықтай қысқарады. 

АӘК енді «шартсыз» және «шартты» 

ақшалай көмекке бөлінеді. «Шартсыз» 

көмек «еңбекке жарамды мүшелері 

жоқ барлық отбасыларға», мысалға, 

мүгедектер немесе зейнеткерлер 

отбасыларына, сондай-ақ «еңбекке 

жарамды мүшелері дәлелді себептер 

бойынша жұмысқа араласа алмайтын 

отба сыларға» – мысалға, мектепке 

д е й і н г і   ж а с т а ғ ы   б а л а л а р ы   б а р 

ж ал ғ ыз б ас т ы  ан алар ғ а   б е ріле ді. 

Осындай отбасылардан жәрдем ақыны 

алу үшін жұмыспен қамту шараларына 

қатысу талап етілмейді.

–   « Ш а р т т ы »   а қ ш а л а й   к ө м е к 

отбасында кем дегенде бір еңбекке 

жарамды мүшесі бар отбасыларға 

әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, 

отбасының еңбекке жарамды барлық 

мүшесі жұмыспен қамту шара ларына 

міндетті түрде қатысқан кезде ғана 

беріледі, – деді Т.Дүйсенова. 

Еңбек және халықты әлеуметтік 

қ о р ғ а у   м и н и с т р л і г і н і ң   м ә л і м е т і 

бойынша, әлеуметтік көмек жүйе-

сіндегі реформа нәтижесінде жаңа 

форматтағы АӘК-тің әрбір алушысы 

үшін жәрдемақы сомасы 2018 жылы 

орташа есеппен 25%-ға ұлғайтылады.

Әлеуметтік көмек алу ережелеріне 

енгізілген өзгерістерге халықты 

дайындау үшін еліміздің үш өңірінде 

2014 жылдан бастап пилоттық режимде 

«Өрлеу» жобасы іске асырылған-тын. 

Бағдарламаға шамамен 79 мың азамат 

қатысып, олардың 19 мыңға жуығы 

еңбекпен қамтылған екен.

Өңірлерде осы пилоттық жобаны 

жүзеге асыру мен жұмыспен қамту 

шаралары туралы Ақмола облысының 

әкімі Мәлік Мырзалин мен Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 

баяндады.

Бұл ретте Ақмола өңірінің басшысы 

«Өрлеу» қатысушысы болған және 

жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік 

көмекті алушы Антон Варварюкке сөз 

берді.

– Біз әйелімізбен бірге екі ба-



ламызды асырап отырмыз. 2016 жылға 

дейін жұ мыссыз болдым. Зайыбым 

балаларды бағумен ай налысты. Өткен 

жылы маған «Өрлеу» жоба сына қатысу 

ұсынылды. Егер мен өз ісімді ашсам, 

біржолғы жәрдем ақы алу мүмкін 

екендігі айтылды. Біздің отбасымыз 

бұл шарттарға келісті. Нәти жесінде, 

қолымызға 100 мыңнан астам теңге 

түсті, мен металл өнім дерін – темір 

қабырға, есіктер, баспалдақ жақ тау-

ларын жа сау мен шұғылдана бас тадым. 

Табыс  ұл ғай ды,  өз  биз не сімізді  кеңейт-

тік. 6 адам   ды – 4 дәнекерлеуші мен 2 

ор на ту  шы ны  жұмысқа  алдым.  Не гі-

зінен, олар бала лар үйле рінің тәрбие-

ленушілері және аз қамтыл ған отбасы 

мүшелері, – деді А.Варварюк. 

Ол сондай-ақ өз басындағы мә-

селелерін де Үкімет басшысына 

жеткізе кетті. Біріншіден, оларға 

нарықта бұ рын нан жұмыс жасайтын 

кәсіпорындармен бәсекелесу қиынға 

түсіп жатқан көрінеді. Екіншіден, ол 

«Өрлеу» бағдарламасы жалғасын 

тапса дейді. «Бағдарлама қатысушы-

ларының оқуы ке зеңінде оларды 

атаулы әлеуметтік көмекпен қолдау 

қ а ж е т .   О қ у д а н   к е й і н   о л а р д ы ң 

орналасуына арналған әлеуметтік 

жұмыс орындары тізбесін кеңейткен 

жөн. Сонда біз тек өз ісімізді ашып 

қана қоймай, басқа адамдарды да 

жұмысқа ала аламыз» деді жас кә-

сіпкер. 

Премьер бұл ұсыныстарға қарсы 

еместігін айтты. Бақытжан Сағынтаев 

жауапты ведомствоға Өнімді жұмыс-

пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті 

дамыту бағдарламасына еңбекке 

қабілетті халықты белсенді түрде 

тартуды тапсырды. 

Ол сонымен қатар халық арасында 

түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізуді 

жүктеді. Барлық деңгейдегі әкімдер 

жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік 

көмек көрсету шарттарына жататын 

отбасылар санатын анықтауға мін-

деттелді. 

2017 жылдың соңына дейін аз 

қамтылған әрбір отбасымен «олардың 

еңбекке қабілетті мүшелерін оқыту, 

еңбекпен қамту, жеке кәсібін ашу 

бойынша жеке жоспарлар жасау» 

сияқты жұмыспен қамту мәселелерін 

пы сықтау қажет. Бұл жұмысты сапалы 

жүргізу үшін Бақытжан Сағынтаев 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министр лігіне жергілікті атқарушы 

органдар және Жұмыс пен қамту 

орталықтарының қызметкерлерін 

даярлауды қамтамасыз ету туралы 

тапсырма берді. 

Үкіметтің әлеуметтік көмек фор-

матын өзгерту бойынша жұмысы 

Мемлекет басшысының бес инсти-

туттық реформаны жүзеге асыру 

бойынша «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарының міндеттеріне сәйкес 

жүргізіліп жатыр. 84-қадамда әлеумет-

тік көмекті оған шын мәнінде, мұқтаж 

азамат тарға бағдарлап, оның атаулы 

сипатын күшейту және оңтай ландыру 

туралы айтылған. 

Осыдан кейін Үкімет отырысының 

күн тәртібіне шығарылған екінші 

мәселе бойынша Инвестициялар және 

даму министрі Жеңіс Қасымбек 

баяндады. Оның мәліметінше, ин-

дустрия лық аймақтарды (ИА) да-

мытудың жаңа тәсілдері әзірленіпті. 

ИА-лардың қызметі енді заң жүзінде 

бекітілетін болады. 

Министрдің ақпарынша, қазір 

Қазақстан да дайын инфрақұрылымы 

бар 22 индустрия лық аймақ (ИА) 

қызмет етеді. Олардың құрылысына 

мемлекет шамамен 53,1 мил лиард теңге 

ш ы ғ ы н д а ғ а н .   И А   а у м а қ т а р ы н д а 

шамамен 100 млрд теңге инвестиция 

құйылған 107 өндіріс іске қосылды. 7 

700 жұмыс орны құрылыпты. Тағы 150-

дей жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Сонымен бірге, министр талдау 

бары сында индустриялық аймақ-

тардың тиімді қызмет етуіне кедергі 

болып отырған бірқатар проблемалар 

анықталғанын жеткізді.

– Бұл – индустриялық аймақтар 

қызметінің заңмен реттелмегеніне 

қатысты. ИА қызметі Кәсіпкерлік 

кодексінде бекітілген, онда да тек 

түсінік қана берілген. Сондай-ақ 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағ-

дар ламасында ИА-ларды қаржы-

ландыру тетігі анықталған, бірақ бұл 

бағдарлама 2020 жылы күшін жояды. 

Сондықтан индустрия лық аймақтарды 

дамыту және құру бойынша жүйелі 

мәселелерді шешу үшін заңнамалық 

деңгейде бекіту қажет, – деді министр.

Тағы бір мәселе – саясатқа және 

инфрақұрылым құрылысын қаржылан-

дыруға жауапты бірыңғай мемлекеттік 

органның жоқтығымен байланысты 

болып отыр. Осыған байланысты 

Инвестициялар және даму министрлігі 

қолданыстағы заңнамаға өзгерістер 

енгізуді, атап айтқан да, индус триялық 

аймақтарды дамыту мәселелерінің 

мемлекеттік саясатын қалыптастыру 

бойынша функцияларды Ұлттық 

экономика министр лігінен алып, өзіне 

беруді ұсынып отыр. «Аймақтардың 

өздерін дамыту мәселелерін жер-

жерлерде әкімдіктердің басқаруына 

қалдырған жөн» деді министр. 

Сондай-ақ «рәсімдеудің жеңіл-

детілген тәртібін; жосықсыз және 

тиімсіз пайдаланған жағдайда жерді 

қайтару бойынша құқықтық негізді; 

жобаны іске асырған соң жер телімінің 

инвесторлардың меншігіне берілуі 

бойынша кепілдерді қарастыратын 

жер мәселелерін заңнамалық рег-

ламенттеу» қажет.

Жеңіс Қасымбек ИА-ларды дамыту 

үшін «дайын инфрақұрылымы бар 

тоқтап тұрған өндірістік базаларды, 

яғни бұрынғы үлкен зауыттарды сатып 

алу механизмін қарастыру» туралы 

ортаға ұсыныс тастады. «Бұл мемле-

кетке жаңа ИА-ларды құрғаннан едәуір 

арзанға түсуі мүмкін» дейді ол.

Ж.Қасымбек ИА-ны басқару, құ-

жаттарды рәсімдеу және беру, инфра-

құрылымдар мен желілерді басқару 

бойын ша басқарушы компанияның 

өкілеттілігін анықтауды, сондай-ақ 

жеке индустриалық аймақтар қызметін 

де заң жүзінде реттеуді ұсынды.

Қазір министрлік KPI (Key Perfor-

mance Indicators тиімділігінің басты 

к ө р с е т  к і ш т е р і н )   а н ы қ т а у   ү ш і н 

индустриялық аймақтарға толық аудит 

жүргізуде екен. «Осы айдың соңында 

инвестицияның, өндіріс көлемінің 

және жұмыс орын дарының нақты 

KPI-ы анықталады» деді министр. 

Ол арнайы экономикалық аймақтар 

( А Э А )   а у м а ғ ы н д а   1 5 7   ж о б а   і с к е 

қосылғанын (оның ішінде 32 шетелдің 

қатысуымен) мәлім етті. Бұларға 651 

млрд теңге инвестиция салыныпты. 11 

мың 600-ден астам жұмыс орны 

құрылды. Бюджетке салық түрінде 107 

млрд теңгеден астам қаржы қай-

тарылды. Инфрақұрылым бюджеттік 

ш ы ғ ы н н ы ң   ә р   т е ң г е с і н е   А Э А 

қатысушылары 2,4 теңге инвестиция 

салды.

Министрдің дерегінше, биыл 100 



млрд теңге тұратын 24 жобаны іске 

қосу жос парлануда. Сондай-ақ тағы 20 

ж о б а н ы ң   қ ұ р ы л ы с   ж ұ м ы с т а р ы 

басталады. Бұл жо баларда 3 мың жаңа 

жұмыс орны құрылады деп күтілуде. 10 

АЭА инфрақұрылымына шамамен 275 

млрд теңге салынған. 5 АЭА (Оңтүстік, 

Бурабай, Сарыарқа, ИТП, Қорғас) 

инфрақұрылымы толығымен аяқ-

талған, қалған АЭА-ларда инфрақұ-

рылым құры лыстары жүргізілуде.

АЭА режимі «Қорғаста» заманауи 

логистикалық кластердің негізін 

қалауға, Астанада темір жол машина 

жасау жүйесін құруға, «Оңтүстік» АЭА 

тоқыма өнеркәсібін жаңартуға және 

«Тараз химиялық паркі» мен «ҰИМТ» 

А Э А   х и м и я   ж ә н е   м ұ н а й - х и м и я 

кластерлерін құруға мүмкіндік беріпті.

Осы орайда Үкімет жетекшісі 

салықтық жеңілдіктер және басқа да 

преференция ларды  пайдаланатын 

еркін экономикалық ай мақтардың 

қатысушыларының қызметін талдауды 

т а п с ы р д ы .   Б ұ л   а й м а қ т а р д ы   ә л -

дебіреулер салықтан жалтару үшін 

пайда ланбауы  қажет. 

– АЭА-ларда компаниялар қаптап 

тір келіп алған, бірақ соларда жұмыс 

істегісі келіп отырғандары шамалы. 

Оларда кімнің тір келгенін қарап, 

талдау керек. АЭА-ларды әлдебір 

амалдар үшін пайдаланып жатпасын, 

– деп нықтады Б.Сағынтаев.

– Біз «Алатау» инновациялық 

техно логиялар  паркі»  АЭА-сының 

барлық қа тысушыларымен арадағы 

келісімшарттарға толық аудит жүргізіп 

шықтық. Аудит қорытындылары 

бойынша өз міндет темелерін орын-

дамаған 42 қатысушымен келісім-

шартты бұзу бойынша жұмыстар 

жүргізілуде. Басқа АЭА-лар иелерімен 

бірлесіп, дәл осындай жұмысты оларда 

да бастап кеттік, – деп хабарлады 

Ж.Қасымбек.

Министр арнайы экономикалық 

аймақтардың қызметіне жүргізілген 

т а л д а у   қ о р ы т ы н д ы с ы   б о й ы н ш а 

анықталған басқа да жүйелі пробле-

маларға назар аудартты. Олардың 

аумағында жүзеге асырылып жатқан 

сапалы жобалар аз әрі басқару орган-

дарының жұмысы тиімсіз. Инфра-

құрылым құрылы сының қарқыны 

төмен. Мәселен, бүкіл әлемде мұндай 

аймақтарға кәсіпорындар үшін қажетті 

инженерлік-ком муникациялық  же-

лілерді тарту 2-3 жыл ішінде аяқталса, 

қа зақстандық осы ай мақтарда ол бес 

жылдан да ұзап кетеді екен. Мұның 

сыртында «жеңіл діктерді пай далану-

дағы проблемалар», «жер телімдерін 

алудың ұзақ мерзімі», «АЭА-лар дағы 

салалық шектеулер» жайы да айтылды. 

Осы және басқа да түйткілдер 

түйінін тарқату үшін ел Үкіметі арнайы 

эко номикалық аймақтарды дамытудың 

жүйелі мәселелерін шешу бойынша 

шаралар пакетін дайындады.

Жобалармен толтыру және олардың 

сапасын арттыру мақсатында әрбір 

АЭА-ны одан әрі дамыту және толық-

тырудың стра тегиясы әзірленіп жатыр. 

Бұдан өзге, әкім діктер жанындағы 

басқарушы ком паниялар үшін жеке 

«бюджеттік бағ дарлама» қарастыру 

жоспарланған, ол бойынша әкімдіктер 

АЭА-ны басқарушы компаниялардың 

қызметін дамудың бастапқы кезеңінде, 

яғни инвес торлардың АЭА-да қажетті 

жиынды толық тырғанға дейін шамамен 

3-5 жыл бойы бюджеттен қаржы лан-

дырады.


Сондай-ақ салықтық және өзге де 

жеңіл діктер беру үшін АЭА қатысу-

шыларын салықтық әкімшілендіру 

тетіктерін оңтай ландыру жоспар-

лануда. Жер телімдері мен өзге де 

рұқсат құжаттарын алудың жеңіл детіл-

ген тәртібі қарастырылады. Қазіргі 

кезде сондай-ақ қызметтің басымдықты 

түрлеріне жатпайтын жаңа жобалар 

б о й ы н ш а   ш е ш і м д е р   қ а б ы л д а у 

үдерістерін жылдамдатуға мүмкіндік 

б е р е т і н   з а ң   ж о б а с ы   П а р л а м е н т 

қарауында екен. 

Үкімет отырысында осы мәселе 

бойын ша бизнес қоғамдастықтың ұста-

нымын «Ата мекен» ҰКП басқарма 

т ө р а ғ а с ы   А б ы л а й   М ы р з а х м е т о в 

баяндады. Сондай-ақ Маң ғыстау, 

Оңтүстік Қазақстан, Қара ғанды, 

Павлодар, Қызылорда облыстары мен 

Алматы қаласы әкімдерінің баян-

дамалары тыңдалды. «Самұрық-

Қазына» қорының басқарма төрағасы 

Өмірзақ Шөкеев АЭА-дағы инфра-

құрылым құры лысының барысы 

туралы құлағдар етті.

Т а л қ ы л а у д ы   қ о р ы т ы н д ы л а ғ а н 

Премьер Бақытжан Сағынтаев арнайы 

экономи калық және индустриялық 

аймақтардың қызметін жетілдіру 

бойынша қажетті шараларды қабыл-

дауды жүктеді.

Арнайы экономикалық және ин-

дустрия лық аймақтардың тиімділігі 

бас қарушы компаниялардың қыз-

метіне тікелей тәуелді. Осыған орай 

Б.Сағынтаев жауапты мемлекет тік 

органдарға осындай ұйымдарды таңдау 

к е з і н д е   м ұ қ и я т   қ а р а п ,   о л а р д ы ң 

ж ұ м ы с т а р ы н   т и і м д і   б а қ ы л а у д ы 

тапсырды. Инвестициялар және даму 

министрлігі Қаржы, Ұлттық экономика 

және Ауыл шаруашылығы министрлік-

терімен бірлесіп, АЭА қатысу шыларын 

салықтық әкімшілендіру тетігін оңтай-

ландыру, қызметтің басымдықты 

түрлерін ұлғайту тәртібін жеңілдету 

мен АЭА жер телімдерін берудің жеке, 

жеңіл детілген тәртібін әзірлеу мә-

селелерін пысықтауға міндеттелді.

Үкімет басшысы әзірленіп жатқан 

«Арнайы экономикалық және индус-

трия лық аймақтар туралы» заң жобасы 

аясында барлық ұсыныстарды қарас-

тыруды жүктеді. Көтерілген мәсе-

лелердің шешімін табуын бақылауға 

бірінші вице-премьер Асқар Мамин 

міндетті болып белгіленді. 

ДАМУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ 

ДАМУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ 

ҚАРАЛДЫ

ҚАРАЛДЫ


ЖАҢҒЫРТУ 

ЖАҢҒЫРТУ 

ЖҰМЫСТАРЫ 

ЖҰМЫСТАРЫ 

ТҮБЕГЕЙЛІ 

ТҮБЕГЕЙЛІ 

ЗЕРТТЕЛУІ ҚАЖЕТ

ЗЕРТТЕЛУІ ҚАЖЕТ

АРНАЙЫ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІ 

АРНАЙЫ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІ 

БАҒАМДАЛАДЫ

БАҒАМДАЛАДЫ

ҮКІМЕТ

ШАРА


БАҒДАР



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал