Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды



жүктеу 376.09 Kb.

бет1/3
Дата30.04.2017
өлшемі376.09 Kb.
  1   2   3

№14 (10265)

...Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды 

қамтамасыз етуге, олардың жай-күйін және инфрақұрылымын 

жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға 

бағытталған «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республи ка-

сы ның Заңына қол қойды. 

Сонымен бірге Мемлекет басшысы заңнаманы «Жайылымдар 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге 

бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 

актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өз-

герістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес пуб-

ли ка сының Заңына қол қойды. 

 

(Ресми ақпарат көздерінен). 

Аймақ  жаңалықтары

100  МЫҢ  ТОННА  МИНЕРАЛДЫ 

ТЫҢАЙТҚЫШ  ӨНДІРЕТІН  ЗАУЫТ 

САЛУ  ЖОСПАРЛАНУДА

Жаңақорған ауданында жылына 100 мың тонна кешенді 

минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау 

жоспарланып отыр. Зауыт іске қосылғанда аймақтың егін 

шаруашылығының одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. 

Себебі, құрамында өсімдіктің өсуіне қажетті бейорганикалық 

заттары  бар  минералды  тың айт қыштар  топырақтың  құнар-

лылығын арттырып, ауыл шаруа шы лығы дақылдарынан мол 

өнім алуға жағдай жасайтыны белгілі. Жаңақорған ауданы 

әкімінің  орынбасары  Ғалымжан  Соп бе ковтің  айтуынша,  зауыт 

«СКЗ-U» ЖШС жанынан ашылады. Жо баның бизнес жоспары 

дайын. Зауытты алматылық ком паниялар жүзеге асырады.   



ЭКСПОРТҚА  БАҒЫТТАЛҒАН 

ӨНДІРІСТЕР  ҚҰРЫЛУДА

Қызылордада экспортқа бағытталған өндірістер құрылуда. 

Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Кө-

шер баев 15 ақпанда халықпен есепті кездесуінде мәлім етті. 

«Шикізат секторына тәуелділікті азайту мақсатында біз бә се-

кеге қабілетті, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер құру 

бойынша жұмысты  жалғастырудамыз. Бұл тапсырманы Мем-

ле кет  басшысы  өзінің  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы: 

жа һан  дық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  биылғы  Жолдауында 

біз дің алдымызға қойып отыр», -деді облыс әкімі өз сөзінде. 

«Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-

өндірістік  зерттеулер аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын ме та-

ва надат аммоний мен ванадий тотығын Тайвань мен Ресейге 

экс порт тай  бастады.  Метаванадат  аммонийдің  сынама  топ-

та масы АҚШ-қа да жіберілді. Енді басқа да елдер нарығына 

шығару жолдары қарастырылуда. «Мұнан бөлек, 2016 жылдың 

қарашасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық жә не 

мәдени байланыс жөніндегі үкіметаралық комиссияда бри та-

ниялық компания қара тақтатасты автоклавты өңдеу бой ын-

ша осы аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ын ты-

мақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаның ІІ және ІІІ 

кезеңін 125 млн. доллар көлемінде қаржыландыру туралы ше-

шім қабылданды», - деді Қырымбек Көшербаев. 

ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ  САЛАСЫНЫҢ 

БЮДЖЕТІ  9,5  МЛРД  ТЕҢГЕГЕ  ӨСТІ

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымын 

кеңейту үшін республикалық бюджеттен қосымша 1,5 млрд. 

теңгеге жуық қаржы бөлінді, нәтижесінде жүрекке ашық 

ота жасау 20 пайызға, нейрохирургиялық операциялар са ны 

27, эндопротездеу саны 2 есеге өсті. Бұл туралы облыс әкі мі 

Қырымбек Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мә лім деді. 

«2016 жылы біздің облысымызда республикада ал ғаш қы болып 

ауыр патологиясы бар әйелдер үшін босан ған нан кейінгі оңалту 

орталығы ашылды. Дәрігерлердің ай туын ша, босанғаннан кей-

ін гі  оңалту  аналар  мен  сәбилердің  денсаулығын  нығайтуда  тиім-

ді жолдардың бірі болып сана лады», - деді аймақ басшысы. Өт-

кен жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының 

база сында Арал, Қармақшы, Қазалы аудандарының және Бай-

қоңыр  қаласының  тұрғын да рына  арналып  үшінші  аудан ара -

лық  нейроинсульттік  ор та лық  ашылды.  Сондай-ақ,  Қа залы 

орталық ауруханасында инсульт ауруларды оңалтуды жал ғас-

тыру бөлімшесі мен  №3 қалалық емхана жанынан нейро оңалту 

орталығы іске қосылды. Денсаулық сақтау жүйесінде қабыл-

данған шаралар нәтижесінде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 

10 пайызға, туберкулезден өлім-жітім 17 пайызға төмендеген. 

Қан  ай на лымы  жүйесі  ауруларынан  өлім-жітім  көрсеткіші    21 

пай ызға, қатерлі ісіктен 8 пайызға азайды. Тұрақты төмендеу 

үр дісі нәрестелер өлім-жітімінде байқалады. Өткен жылы бұл 

көр  сет  кіш  10,5  пайызға  жақсарды.  «1  ана  өлімі  тіркелді    (2015 

жы  лы мұндай қайғылы оқиға - 9). Алайда, мұндай жағдайлар 

мүл  де орын алмауы тиіс!  Біз соған қол жеткізуіміз керек. Ден-

сау  лық  сақтау  саласы  біздің  жұмысымыздағы  ең  басым  бағыт-

тар дың бірі болды және солай болып қала береді», - деп атап өтті 

Қ.Көшербаев.



Елбасы Жолдауына халықтың қолдауы

·

·



Үстіміздегі жылғы қаңтар айының соңғы күндері 

ел күткен айшықты оқиғаларға толы болды. Мемлекет 

басшысы Үндеу жариялап, билік тармақтарының өкі-

лет тіктерін қайта бөлу міндеттерін барша қазақ стан-

дықтарға құлағдар қылды. Мұнан соң, жыл сайынғы 

Жолдауы бойынша мәлімдеме жасап, осынау стра те-

гиялық маңызы бар құжат бұқаралық ақпарат құ рал-

дарында жарық көрді. 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә-

се кеге қабілеттілік» деген тақырыппен қалың бұ қа-

раға жол тартқан Елбасының Жолдауы бүгінгі таңда 

қазақстандықтар тарапынан қызу талқылануда. Әсі-

ресе, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың: «Үкімет 

пен әкімдерге мынадай тапсырмалар беремін: бірін-

ші ден, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қа-

рас 


тырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу 

қажет; екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам 

жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді 

кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай 

жасау керек; үшіншіден, өнімнің өңдеу сапасын жақ-

сартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және 

өткізудің тиімді жүйесін құру қажет» деген сөзі көп-

тің көңіліне қуаныш ұялатты. 

Бүгінгі таңда Кіші Аралдың арнасы қайта толып, 

өңі рімізде балық шаруашылығы дами түсті. Бұл Пре-

зи ден тіміздің  тікелей  қолдауымен  жүзеге  асқан  игі 

істердің бірі екенін айта кеткеніміз жөн. Нақтырақ 

тоқталсақ, аймақ экономикасының өркен жаюында 

үлесі салмақты бұл салада жетістіктер жетерлік. Теңіз 

тереңінен су маржанын сүзген балықшылар қауымы 

өткен жылы 4490 тонна балық аулап, оның 3878 

тоннасы өңделді. Осынау балық өнімдері бірқатар 

шет мемлекеттерге де экспортталды. 

Иә, болашаққа жасалған нық қадам ел ертеңінің 

ең селі екенін аңғартқандай. Дамыған өркениетті ел-

дер қатарынан табылуға жол ашқан Жолдаудың ел дің 

әлеуетін арттыра түсетініне сенім мол. 



Табын ӘЛЕНОВ,

«Жамбыл» өндірістік кооперативінің төрағасы.

Иә, «Кіндігім бірге Аралмен, теңізден ты ныс 

алам мен»,-деп жыр шумақтарын кейінгі ұр-

паққа аманат етіп қалдырған қазақтың қайсар 

қаламгері Зейнолла Әнәпияұлы Шүкіровтің ту-

ға нына 90 жыл. Аз ғана өмірінде кейінгі буынға 

ауыр жүк бола аларлық мол мұра қалдырды. 

Әттең, азапты өмірі оны бұл дүниеге көп тұрақ-

татпады. Алайда, ол өмірден өткенімен, есімін 

елі есінде мәңгі сақтайды. Қауырсын қа 

ла-


мынан төгілген туындыларын іздеп оқиды. 

Міне, қасиетті Арал жұрты аңыз тұлғамен қай-

та қауышты. Сонау облыс орталығынан бас тау 

алған  ақынның  90  жылдық  мерейтойы  құр  ме тіне 

арналған іс-шараның жалғасы жыл соңына дейін 

ауданда кеңінен аталып өтіп, оның құнды өмірі 

жыл бойына өскелең ұрпақ қа насихатталмақ. 

Сол іс-шараның бірі өткен ап 

та 

ның жұма 



күні қаладағы З. Шүкіров атын дағы қалалық 

мәдениет үйінде «Кіндігім бірге Арал 

мен...» 

деген атпен өтті. «Құрыш қазақ» атанған Арал 

перзентінің балалық шағынан бас тау алған өмірі 

арнайы  слайд  арқылы  көрер мен дер  назарына 

ұсынылды. Мұнан соң, бала ақынның өмірін 

бейнелейтін сахналық қойы 

лым көрсетілді. 

Аудан әкімі М. Оразбаев:

Биылғы  жыл  мәдени  ша ра ларға  толы  бол мақ. 

Солардың бірі-бүгінде қазақ елі түгел мойын-

даған  Аралдың  қайсар  қа ламгері  З.  Шүкі ров тің 

90 жылдығына арнал ған осынау шара. Біз бұл 

бастамаларымыз  ар қы лы  ақынның  қиын  әрі 

қызықты өмірі мен оның қайталанбас  туын ды-

ла рын  кеңінен  наси хат тамақпыз.  Қазақ  халқы 

ұлықтаған тұлғаны біз де өз биігінде көрсетіп, 

кейінгі ұрпақтың санасына сіңірейік, ағайын,-

деп өзінің игі тілегін жеткізді. 

Заманында ақынның көзін көріп, тұз-дәмдес 

болған «Арал ауданының құрметті азаматы» 

Ш.Дәрмағамбетов және Ә.Әуезов, М.Сыдықов, 

Ш.Ильясов сынды бір топ аға буын өкіл дері сах-

на төріне көтеріліп, ақын өмірінен ес телік сыр 

шертті. Кұйші, сазгер, Қазақстан Композиторлар 

Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасына 

еңбегі сіңген мәдениет қайраткері М.Сыдықов 

«Дауылпаз ақын» күйін орындаса, зейнеткер 

Ш.Ильясов ән-жырдан шашу шашты.

«Бос мамықтың үстінде ғажап жатыр, бос 

ма мықтың үстінде азап жатыр». Айтыс ақыны 

Ә. Маханов қайсар қаламгерді осылайша су-

рет тепті. Шындығында, азапты өмірін ғажап қа 

айналдыру үшін күресіп өткен қайсар қалам гер-

дің өмірі көпке үлгі боларлық. Осындай жанның 

өмір жолы мен туындыларына арналған кештің 

соңы ақын өлеңдеріне жазылған ән-жырларға 

ұласты.

А. БИСЕНОВ.

Ақпанның соңғы күндерінде үсті-үстіне жауған қар едәуір 

қалыңдады.  Бұл-табиғи заңдылық. Қыс өз дегенін істейді. 

Дегенмен, «қамданған қапы қалмайды» деген тәмсіл де бар 

емес пе?  Аудан әкімдігінің бастамасымен жұмыс жасаған 

«Арал тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжы-

мы ның  тынымсыз  еңбегі  қар  суы  әп-сәтте  еріген  кезде  ай на-

ланы қызыл су баспайды ма деген көпшіліктің күмәнді ойын 

сейілтіп, қар тазарту жұмыстарына жұмыла кірісті. 

Яғни, аталмыш мекеме жұмысшылары ең бірінші кезекте 

жаяу жүргіншінің де, көліктің де жүріп-тұруына қиындық 

туғызатын, су алу қаупі бар көшелерді яғни, Жетес би, Бақ-

тыбай батыр, Мәметова, Дулатов, Мұқанов, Қосымов, Мұ-

рат баев, Өтемісұлы, Тоқтаров, Жылқаман батыр, Сартай 

батыр, Т. Медетбаев, М. Әуезов, Т. Есетов, Өтенов, Бекмырза 

хан, Әбілқайыр хан, Жанқожа батыр көшелеріндегі қарлар 

қала сыртына үздіксіз  тасылды. Сондай-ақ, орталық алаңға 

және №220 орта мектебінен бастап, орталық аурухана ара-

лы ғындағы жол бойына түскен қарлар да жинақталып, та-

заланды. Осынау жұмыстарға серіктестік жұмысшылары 

Жоламан Ташпенов, Қуанар Құлжұмыров, Ермекбай Ба ла-

баев, Серік Шамұратов айрықша белсенділік танытты.

Иә, күннің күрт жылынуы жайбасарлықты көтер мей-

тініне тағы бір мәрте көзіміз жетті. Жекелеген тұрғын үй-

лердің аулаларын су шаймауына, жаяулатып қызметке не-

месе базарға барған жандардың тобықтан су кешпеуіне 

бар күш терін сала жұмылған ұжым 11400 м

қар мөлшерін 



қаладан тыс жерге шығарып, өздеріне жүктелген міндетті 

үлкен жауапкершілікпен атқару үстінде. Оларға қоғамдық 

не гізде жұмыс жасайтын жұмысшылар да қосылған.

А. ЖАЙШЫЛЫҚ.

Тіршілігіміз теңізбен байланысты болған 

соң, біз бала күнімізден балық аулау кәсібімен 

айналысып келеміз. Үлкендерге ілесіп, жан да-

рын да  қолғабыс  етіп  өскендіктен,  бұл  саланың 

өзіндік ауыртпашылығы мен рахатын да сезініп 

өстік. Шындығында, балық шаруашылығы 

қиын дығы  мен  қызығы  қатар  жүретін,  тыным-

сыз еңбекті қажет ететін аса күрделі сала. Әсі-

ресе, абыржының кезінде балық аулау қиын-

дық тудырып, тіпті, адам өліміне дейін әкеліп со-

ғуы мүмкін жағдайлар кезігіп жатады. Мер ген-

сайлық ағайынның тұрмысындағы қолданыста 

төрт түлік мал болғанымен, балық аулап, күнімді 

көремін дейтін жанға теңіз тіршілігі бейтаныс 

емес. Сондықтан болар, мұндағы балықшы қа-

уым жылда ау-құралын сайлап, бұйырған ол-

жа 


сына орай жылымдарын майлап тұрады. 

Аралдық ағайынның ортақ байлығына айналған 

қарт Аралдың қазынасы еңбек еткенге еншісін 

бермей қойған емес. Жұрт қатарлы тырбынып, 

әрекет қылғандар құр қалмайды. Талай жыл дан 

бері ата-бабаларымыз да осы теңіз маржан да-

рын өздеріне нәпақа етіп келді. Сол ізбен біз де 

жүріп келеміз. Шүкір, тұрмысымыз да жаман 

емес. Жұрт қатарлы еңбек етудеміз. 

Еліміз соңғы жылдары шағын және орта 

бизнеске қолдау білдіре бастағалы, осы балық 

ша 


руашылығы саласының да тамырына қан 

жүгіре бастады. Ауданның балық аулаудағы 

ресми көр сеткіші де әр жылдарға қарағанда 

көптеп арт 

қан. Экспортқа шығып жатқан 

өнімдеріміз де қан шама! Осы сынды қолдаудың 

нәтижесін көріп, мен де бұл саладағы өзімнің 

ісімді одан әрі жетілдіргім келді. Қысқасы, 

кәсіпкерлікті қол дау мақсатындағы түрлі бағ-

дарламалармен та 

ныса жүріп, өткен жылы 

«Қызылорда  өңірлік  ин вес тициялық  даму  орта-

лығы» арқылы 5 млн. теңге қаржылай несиеге 

қол жеткіздім. Ол қар жыны мақсатты орнына 

жұмсай отырып, өзім нің шағын кәсібіме қа-

жетті автокөлік, ба лық аулауда керек барлық 

құралдармен қоса мо тор лы қайықтар алдым. 

Күн жылынып, теңіздегі мұздың іргесі сө-

гіл се,  өңірдегі  балық  қабылдайтын  «Арал-СДО» 

ЖШС-мен жасасқан келісім-шарт негізінде 

балық аулау жұмысына толықтай кірісетін бо-

ла мыз. Уақытылы жұмыс жасап, қажетті өнімді 

аулау барысында 3-4 адамды жұмыспен қамту 

жоспарымызда бар. Осылайша, мемлекет бер-

ген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз өзі-

міз дің  жанымызға  жақын  қарқынды  кәсіпті 

жан дандырмақ  ниеттеміз.  Осының  баршасы 

елі міздің  кәсіпкерлік  саласына  жасаған  қам қор-

лығының нәтижесі деп білеміз. 

Қ. ҚҰТМАМБЕТОВ, 

жеке кәсіпкер, 

Жалаңаш ауылының тұрғыны.

Иә, Елбасымыз кәсіпкерлікке қолдау 

білдіру керектігін биылғы Жолдауында 

да нақтылай түсті. Одан бөлек, Үкімет-

тің кеңейтілген отырысында да кәсіп-

кер лерге  оңды-солды  жасалатын  заңсыз 

тек се ру лердің  әлі  де  алдын  алу  керек 

екен дігін  айт қан  Мемлекет  басшысы,  бұл 

салаға қол дау дың әлі де қажеттігін алға 

тартқанын жақсы білеміз. Соңғы жыл-

дары  кәсіп кер лікке  жасалған  қам қор лық-

тың нәтижесі уақыт өте сезіліп келеді. 

Елбасымыздың аудандағы, ауылдағы өкі-

лі  ретінде  ха лық пен  етене  жұмыс  жасап 

келе жатқан әкімдер кәсіпкерлікті ашуға 

немесе одан әрі дамытуға ниетті жеке 

тұл ғаларға  ба ғыт-бағдар  сілтеуде  аянып 

жүрген жоқ. Міне, осы мақсатта жасалған 

жұ мыс тар дың  бір  парасымен  таныспақ 

ниет пен  Ақирек  ауылдық  округінің  әкімі 

А.  Ния зым бетовпен  телефон  арқылы  тіл-

дестік. 


Айтуынша, ауылда өткен жылы бір не-

ше кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары 

мемлекеттен беріліп жатқан қаржылай 

несиелерге ие болған. Олардың қатарында 

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бой-

ын ша екінші рет несие алған «Тағы бер-

ген» шаруа қожалығы және алғаш рет 

не сие ге қол жеткізіп, бүгінде мүйізді ірі 

қара малын асылдандыру бағытында жұ-

мыс жасап жатқан «Сәуле» шаруа қо-

жа лығы бар. Бүгінде екі қожалық та 370 

мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз суб-

си дияға қол жеткізген. Ал, «Жұмыспен 

қам  ту-2020  жол  картасы»  бағдарламасы 

не  гізінде 2 жеке кәсіпкер 5 млн. теңге 

кө  ле  мін де  несие  алып,  бүгінде  мал  бор-

да  қылау 

мақсатындағы 

жұмыстарын 

қар   қынды  жүргізуде.  Міне,  осы  сынды 

ша  руа  лар  аудан  көлемінде  жүйелі  түр-

де қолға алынып келеді. Бүгінде, ауыл 

шаруа шы лығы  бағытындағы  бағ дар ла-

ма лар ға  қа тысып,  қарауындағы  малдың 

са нын  арт ты рып,  өнімін  еселегісі  келе-

тін  қо жа лық тар ға  мүмкіндік  әлі  де  бар. 

Се бебі,  бұл  тікелей  Елбасымыздың  бас-

та ма сымен  қол ға  алынған  жұмыстар. 

Сон дықтан,  ол  бағ дар ла малар  бойынша 

жұ мыс жасауға ниетті аза маттарды аудан 

әкімі немесе ауыл әкі мі бақылауға алып, 

кө мек те суге  мүд делі.

Ал, Қырдағы Қарақұм ауылдық ок ру-

гінде «Ақтан» шаруа қожалығы бар. Сол 

қожалық өткен жылы «Сыбаға» бағ дар-

ламасы бойынша 7,0 млн. ақшалай несиеге 

қол жеткізіп, сол қаржыға 42 бас аналық 

сиыр мен асыл тұқымды 2 бас бұқа сатып 

алған. Бүгінде жайылымы малға толған 

осынау қожалық иесі Ж. Жиентаев мем-

лекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар 

мен ауыл шаруашылығы саласына жа сал-

ған бетбұрыстарды оң бағалайды. Және 

оның алдағы уақыттарда да жалғасын таба 

бергенін қалайды. Бұл бағдарламалардың 

аудан көлеміндегі көрсеткіші жаман 

емес. Сон 

дықтан, осының баршасын 

ауыл  ша руа шылығы  саласына  жасалған 

қам қор  лық тың  нәтижесі  екенін  анық  аң-

ғаруға болады.

А. ҚАРАСАЙ.

Төңірек аппақ. Биылғы қыстың ақ 

па-

нында қардың толассыз жаууына бай 



ла-

нысты қар мөлшері еселене түсті. Бұл ауыл-

дағы ағайынның аудан орталығына қа 

ты-


науына қиындық туғызуда. Нақтырақ тоқ-

тал сақ, көліктердің алға жылжуына омбы қар 

ай тар лықтай  кедергі  келтіруде. 

Жағымды жаңалық тез тарайды екен. 

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тікелей бас-

та масымен қаладағы су алу қаупі бар көшелер 

арнайы техникалармен қардан тазартылып 

жатқанынан құлағдар болдық. Ендігі кезекте, 

аудан басшысы осынау игі бастама аясында 

шалғай елді мекендердегі жол қиындығын 

ес керіп, сол жолдағы сірескен қасат қар ар-

найы техникалар арқылы бұзылса дейміз. 

Бұл-көптің тілегі. Себебі, аудан бас шы сы-

ның ерекше қолдауын сезінген  ауыл тұр ғын-

дары қыс мезгіліндегі жол қатынасы қиын ды-

ғын ұмытатын күннің алыс еместігіне сенеді. 



Ш.  ӘБДІРАМАНОВ,

зейнеткер.

Аманөткел ауылы.

Редакцияға  хат!

ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

Қазақстан Республикасының Мем-

ле кет тік  қызмет  істері  және  сыбай лас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент-

ті гінің  Қызылорда  облысы  бойын ша 

департаментінің басшысы, Әдеп жөнін-

дегі кеңес төрағасы Абзал Сансызбайұлы 

Мұхимов үстіміздегі жылдың 23 ақпан 

күні, сағат 11.00-13.00 аралығында «Нұр 

Отан» партиясы Арал аудандық филиалы 

ғимаратының  (Арал қаласы, Мектеп кө-

шесі №35 А)  қоғамдық қабылдау бөл ме-

сінде жеке және заңды тұлғаларды қа-

был дайды. 



Арал  ауданы  әкімдігі.

«Сыбаға»

·

·



Балық - халық  байлығы!

·

·



Шұғыл  іс

·

·



2

Осыдан 60 жыл бұрын аудан өмірінде бол-

ған айтулы оқиға дүйім елді елең еткізген еді. 

Кеңестік үкіметтің мал шаруашылығын өр кен-

дету жөніндегі қаулысына сәйкес шалғайдағы 

құм қойнауында жатқан Абай ауылында қыр  

еліндегі майда  колхоздарды  біріктіру  нә-

ти же сінде,  жаңадан  құрылған  мемлекеттік 

ша руа шылықтың-«Қарақұм» 

кеңшарының 

ал 

ғаш 


қы қазығы қағылған болатын. «Мал 

ша руа шылығы-екпінді  майдан!»  деген  пар-

тия лық  ұранды жалаулатқан елдің назары 

бей қам  да  мамыражай  жатқан  құмды  өңір ге 

ау ған  еді.  Ықылым  замандардан-ақ  адам дар-

ға құтты қоныс, жайлы мекен болған, елі міз-

дің жағрапиялық картасына көз сал 

сақ-та 


Еуропаның әлеуетті деген бірнеше мем 

ле-


кет 

терінің өзі сыйып кетерліктей, сырт 

тай 

құлазыған құмды-шөлді алқап болып көрін ге-



ні мен, саф ауасы, табиғаты таза, шөбі  шүй гін, 

жер асты суы мол, малға да, адамға да жай лы, 

қойнауы құтқа, тіршілігі берекеге толы алқап-

тың екінші тынысы ашылып, қайта тү леуі не 

негіз қаланды. 

Осы жерде «өткенсіз бүгін жоқ» дегендей, 

бұрынғымызды ұғып, тарихи тамырларымызды 

зерделеуге сәл шегініс жасап, көңіл бөле кет-

кенді жөн көрдік. Өйткені Елбасымыз Н.Назар-

баев  атап  көрсеткендей:  «Жалпақ  жұр тың ды, 

исі Алашыңды құрметтеу, алдымен өзің туған 

өлкенің тарихы мен табиғатын танудан, тұл-

ғаларын ардақтаудан басталады». Ата та рих 

беттерін парақтасақ та, осы бір қанатты сөз дің 

мән-мағынасына  қаныға  түскендей  бо ла мыз. 

Ескілікті аңыз-әфсаналар өзегіндегі дәйек-

тер ге  ден  қойсақ,  «алты  атанға  көш  артып, 

ал тын қоныс қарадым» деп қазақ даласында 

желе жортқан Асан қайғы абыз нулы да су лы 

Қарақұм өңірінің құмды бұйраттарына көз 

тоқтата келіп: «Қырында деп қазығы, ойын-

да деп табаны, бұл жерді өзім қаладым» деп 

тебіренген деседі. Жиһанкез Сыр-Арал аты-

ра бын  көргенде:  «Басы  байтақ,  аяғы  тайпақ 

қо ныс  екен.  Қарақұмды  жайласам,  Сырдың 

бойын қыстасам мекен-жайға дұрыс екен, Қа-

ра құм дегенше, қарағым десейші» деп риза 

бо лып артына өшпес мағыналы сөз қалдырып 

аттанған екен. Қасиетті Қарақұм өңірінің ел 

тарихындағы ойып алар орны бар екендігіне 

айтар мысалдар да жеткілікті. Ел басына күн 

туған небір қиын-қыстау кезеңдерде жоң ғар 

шапқыншылығының бетін қайтарып, хал қы-

мызды азаттық жолындағы күреске ұйыс тыр-

ған «Қарақұм құрылтайы» деген атпен өт кі-

зіл ген ұлы жиын маңызды оқиға болған еді. 

Осы дан  үш  жүз  жылдай  бұрын  құт-береке 

қон ған жерімізде Ұлы дала рухын көтерген сол  

оқиғаның ел мен жер тарихын танып-бі лу ге 

ұмтылған жас ұрпақ үшін үлгі болар тағы лы-

мы көп. 2012 жылы осы бір айтулы датаға бай-

ла нысты  аудан  көлемінде  көптеген  тәлімдік 

іс-шаралар атқарылып, ұлықталды. Соның 

қатарында Абай ауылындағы орта мектеп ал ды-

на стелла тақта орнатылғанын да  айта  кеткен 

жөн. Жаугершілік замандарда  жаудан қашып 

ты ғылуға  қолайлы  табиғи  жағдайларына  бай-

ла нысты Қарақұм өңірі  небір қысталаң сәт-

тер де де ел-жұртына пана болды. Найзаның 

ұшы на,  білектің  күшіне  қараған  кезеңдерде 

жа рақ танған жауға қарсы күресте еліне айбат

жеріне қорған болған Байғара, Ақша, Төртім, 

Қабылан, Дабыл сынды батырлардың, ел-хал-

қына өнегелі сөз айтып, береке-бірлікке ша-

қыр ған  Құлыс,  Берсүгір  билердің  өмір  сүр-

ген дігіне құм қойнауларында әлі күнге дейін 

сақ 

талған жер-су атаулары дәлел. Қарақұм 



өні 

рінде мұсылман дәстүрін дамытып, елді 

иман ды лыққа  баулудағы  мешіт  ұстаған  Өтеп 

ишан, Дәрібай ахун, Әли мақсымдардың ат-

қар ған  сауапты  істері  сталиндік  қуғын-сүргін 

қия на тын  көрсе  де,  халық  жүрегінен  өшпей 

өз жал ғасын тауып отыр. Десек те, Қарақұм 

өңі рінің  өткен  тарихына,  ондағы  өмір  сүрген 

небір айтулы тұлғалардың өміріне байланысты 

ақи қаты  ашылмай,  жариялылығы  жетіспей 

келе жатқан құпия сырлары әлі де бар. За ма-

нында дәулескер күйші атанып, аттары шар та-

рапқа тараған Ұябай, Шал Мырза сияқты аса 

дарынды өнер иелерінің есімдерін енді ғана 

біліп жатырмыз. Қыр төскейіндегі ұзын дығы 

12 шақырымға созылып жатқан та би ғаттың 

ерекше бір туындысы іспетті «Жан 

тудың 


тақырына» ұласатын биік төбе басындағы 

күмбезді үйтам алыстан көз тар 

тып, көр-

ген жанды еріксіз таңқалдырады. Ара да екі 

ғасырға жуық уақ ыт өтсе де, ірге тұ тасты-

ғы сақталған «Ұябай кесенесі» деп атала-

тын бұл көне архитектуралық кешен тиіс ті 

орындар тарапынан көңіл бөлініп, же дел рес-

таврациялауды қажет етіп тұр. Ал, «Шы ғыс-

тың жарық жұлдызы» атанған жастардың жа-

лынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың кін дік 

қаны тамған жері осы Қарақұм өңіріндегі Ар-

ғымақ жайлауы екендігіне біреу сенер, біреу 

сенбес. Бірақ, ақиқаты солай. Ол құжатта таң-

ба ланған.   

Қарақұмды ежелден қоныс етіп келе 

жат қан  тұрғындар  өткен  ғасырдың  30-

шы жылда 

рындағы кеңестік «ұр да жық» 

биліктің сой 

 

қанды саясатынан туындаған 



қасіретті күн 

 

дерді де басынан кешірді. 



Үкіметтің қара ха 

 

лыққа  жазықсыз жапа 



шектір 

ген зорлық-зом 

 

былығына қарсы бас 



көтерген «Қарақұм көте 

рілісінің» негізгі 

өріс алған жерлері де, оқиғалары мен оған 

қатысушылардың басым көпшілігі де осы 

өңір де  болғандығын  тарихи  деректер  айғақ-

тайды. Ауқымы жағынан әйгілі «Созақ  көтері-

лісінен»  кейінгі  саналатын  осы бір халық 

наразылығы көрінісінің әлі күнге дейін ашыл-

маған «ақтаңдақтары» мен тағылымдық са-

бақтары өз дәрежесінде көтерілуге тиіс. 

Кеңес халқының бейбіт дамуын кілт үзген Ұлы 

Отан соғысы жылдарында да қарақұмдықтар 

жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсете білді. 

Біз дің  қолымыздағы  мәліметтер  бойынша 

осы өңірден әскер қатарына шақырылып, қас 

дұш 


 

панға қарсы қанды қырғынға аттанған 

азаматтар саны үш жүзге жуықтайды, оның 

ішінен майдан даласында опат болып не хабар-

ошарсыз кеткен боздақтар саны екі жүздей. 

«Ешкім де, ештеңе де ұмыт болмайды» деген 

ізгі қағиданы берік ұстанған жерлестері май-

дан герлер  ерлігін  жыл  сайын  қастерлеп  еске 

алып отырады. Соның айғағындай,  Абай және 

Тоқабай елді мекендерінің орталық алаң да-

рын 

дағы «Даңқ» ескерткішінде Отан үшін 



жанын пида еткен боздақтардың  қастерлі 

есімдері айшықталып жазулы тұр. Бұл күндері 

осы бір қанды қасаптың жалғыз куәгері, тоқ-

санның төріне аяқ басқан Асанхан Өксікбаев 

ақсақал ел-жұртының ортасында отыр. Отан 

үшін от кешкендердің кейбіреулері со 

ғыс-

тан аман-сау оралып, бейбіт өмірге ара 



ла-

сып, халық игілігі үшін қалтқысыз еңбек етті. 

Мысалы, Әбіш Жұмағұлов-кеңшар парт 

ко-


мы ның  хатшысы,  Медет  Төрежанов,  Қуа ныш 

Мүсенов, Пірімжан Қалымбетов-ауылдық ке-

ңес тің  төрағасы,  Бәйен  Жанкүшіков  рабкооп 

төрағасы болып, абыройлы құрметке ие болды.

Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын 

қал пына  келтіріп,  мал  шаруашылығын  өр кен-

де туге  айрықша  көңіл  бөлінген  жылдарда  да 

қыр өңірінің еңбеккерлері оза шауып, ерен 

ең бек тің үлгісін көрсете білді. «Елдің атын ер 

шығарады» дегендей, қарақұмдықтар жо ғар-

ғы еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізіп «Со-

циа лис тік  Еңбек  Ері»  деген  құрметті  атаққа  ие 

болған жерлестері Мұқыш Нұржаубаевтың, 

Әлмұрат Лепесовтің, Көшербай Дәрібаевтың 

есімдерін мақтан тұтады. Сондай-ақ, әртүрлі 

мақтау-марапаттарға ие болып, еңбек тай қа-

за нын тасытқан сол тұстағы Қыр беткейіндегі 

кол хоз дар  төрағалары  Төлеген  Медетбаев, 

Мәнеп Әбі 

шов, Рсалы Тұрымбетов, Рүстем 

Айтжанов, Муса Қожанов сияқты абзал аза -

маттар бас 

таған бір шоғыр еңбек майтал-

мандарының есім дері тарих беттерінде қат-

талып қалған. Осы өңірден КСРО Жоғарғы 

Кеңесіне депутат болып сайланған Жұбандық 

Пірімбетов, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі 

рет сайланған Аяр Ора за лиева мен Мамадин 

Жұқашев сияқты ха лық қалаулылары ел абы-

ройын асқақтатты. 

Не нәрсені де бастау қиын. Жазы ап тап 

ыстық, қысы қатал шалғайдағы құм бұй рат-

тарының қойнауында орын теп кен жаңа кең-

шар дың  қаз  тұрып,  шаруашылығының  ілгері 

басып кетуі де оңайға түскен жоқ. Алғашқы 

кезде оған көшіп келетіндерді үй-жаймен қам-

та масыз ету, тұрмыс-тіршілігіне жағдай жасау 

бірінші кезекте тұрды. Үлкен құрылыс алаңына 

айналған кеңшар орталығына ауылдың үлкен-

кішісі түгел атсалысты. Соның нәтижесінде, 

алғашқы жылдың өзінде-ақ, алпысқа жуық 

тұрғын үй бой көтеріп, өзінің жаңа қоныс ие-

ле 

 

рін қабылдаған еді. Ауылдың тұрмыстық 



әлеу меттік  жағдайын  көтеруге  баса  көңіл 

бөлінді. Соның айғағындай, айналасы төрт-бес 

жыл дың  ішінде  жаңа  мектеп  пен  интернат, 

балабақша, аурухана бой түзеп, ауылдың сә-

нін кіргізді. Ферма орталықтарына да көңіл 

бө 


лініп, шағын ауылдарда аздаған жылдар 

ішінде ақшаңқан үйлер бой көтеріп, алыстан 

көз тартатындай жағдайға келді. Осы күнгі 

То қабай,  Жіңішкеқұм,  Ерімбетжаға,  Атанши, 

Кө каша сияқты іргелі елді мекендердің бас-

тауы сол кезде қаланғанын ел жақсы біледі. 

Ауыл еңбеккерлерінің осындай тынымсыз, 

жанкешті ұмтылысының  нәтижесінде, араға 

аз даған жылдар салып Қарақұм кеңшары ау дан 

асып, облыс, республика көлеміндегі ал дың-

ғы қатарлы табысы тасыған рентабельді ша-

руа шылықтар қатарында  аталды. Қарыштап 

алға басқан шаруашылық бірнеше жыл қата-

ры нан ауыспалы «Қызыл Туға» ие болып, іс-

тә жі рибелері  таратылды.  Еңбек  озаттары  ор-

ден дер мен медальдарды омырауына тақты. 

«Ел дің  атын  ер  шығарады»  дегендей,  мал  ша-

руа шы лығының  бар  қиындығын  қайыспай 

жеңіп, абы рой биігінен көрінген «Қазақ КСР 

Мем ле кеттік  сыйлығының  иегері»  Қуа ныш 

Бердімағанбетовтың, Шөменбай Құт 

ты 


баев-

тың, Шәкен Сәдуақасовтың, Баян Ес қуа  това-

ның, тағы басқа да көптеген еңбек  озат тары-

ның көпке үлгі болған жетістіктері кейінгі ұр-

пақ та рына өнеге болады. 

Қашаннан мал шаруашылығы-негізгі кә-

сі бі деп саналып келген құм іші төрт түлік 

мал ға толды. Мал басының күрт өсуіне жә не 

жер жағдайларына байланысты кейін «При-

арал» және «Жіңішкеқұм» кеңшарлары бө лі-

ніп шығып, өз алдына отау тіккен кездері де 

болды. Кеңшарда  мал өсірудің өзіндік тех-

но логиясы мен дәстүрлерін іске асыру нәти-

же сінде  шаруашылықты  жеделдете  дамы-

ту 

дың небір тың бастамалары өмірге ен-



гізіліп, өз нәтижелерін бере бастады. Мал ды 

ірілендірген  комплексті  шопандар  бри га да сы-

на топтастырып бағуды ұйымдастыру, ауыл 

жас тарын ата кәсіпті игеруге бағытталған ша-

ра ларға тарту-сол кездегі уақыт талабына сай 

атқарылған жұмыстар болатын. Кеңшардың 

барлық адам және техника күштерін «Мәм-

бет» қырқым пунктіне жинақтап, сан мың-

да ған  қойды  бір  жерден  қысқа  мерзім  ішін де 

«кубкадан» өткізудің мүмкіндігі ойлас ты рыл-

ды. Әр отардағы ауру малдарды да бір жерден 

емдеу үшін малдәрігерлік лазарет, аптека 

сияқты орталықтан атқару тиімді нәтижелерін 

берді. Мал тұқымдарын асылдандыру жөнінде 

де қыруар істер тындырылды. Сол тұста жо -

ға  рыдан келген нұсқау бойынша қолға алын -

ған меринос жүнді ақ қой түлігін өсіру эко-

но микалық  тұрғыда  тиімді  болғанымен,  Арал 

өңірінің  климаттық  және  жер  жағ дай ларына 

сәйкес келмей, кейін қазақы тұқымды қаракөл 

қойларын өсіруге көшірілді.

Мал шаруашылығы үшін аса маңызды 

жем-шөп базасын жасау сияқты салаға жіті 

көңіл бөлініп, керекті техникамен ны ғай ты-

лып, ілгері басты. Ол үшін кеңшардың жөн деу 

шеберханасы жаңа үлгідегі түрліше ста нок тар-

мен жабдықталды, атшаптырым аймақты алып 

жатқан гараж ісі қайнаған еңбек базарына 

ай налып  жатты.  Барлық  мал  баздары  мен  он-

дағы шопан үйлері жаңа үлгімен салынып, 

то 

лық электрлендірілді. Халық игілігі үшін 



ат қа рылған  шаралардың  ішінде  аудан  орта-

лы ғы мен әуе байланысын орнату, тас жол 

салу, ауылдағы әлеуметтік нысандарды бір-

не ше шақырымға созылған құбырлар арқы-

лы орталықтандырылған бу қазандығы ар-

қы лы  жылыту  сияқты  жұмыстарды  көзі  көр-

ген дер  әлі  күнге  дейін  қимастықпен  еске 

алады. Жылда өте келе  өркен  жайған өңір дің  

өріс  алған өрелі  мысалдарын  архив құжат-

тарынан да біле аламыз. 1928 жылы ал ғаш-

қы әкімшілік  құрылым  болған №8 Ұзақ бай-

сор ауылдық кеңесінің ізінен бұл күндері  үш  

ауылдық округ  қанат жайып, іргелі  елге  ай-

налып  отыр. Алғаш ұстаз Сұлтанов Жақ сы-

лық сабақ берген бастауыш мектептің жал-

ға сы үш  орта, бір  негізгі және екі бас тауыш  

мектепке ұласып,  олардан  білім  нә рін  алып  

түлеген  шәкірттерінің  саны  мың дап  са на ла-

ды. Олардың ішінен көптеген ғы лым және  

мәдениет өкілдері, өнер және спорт саң лақ-

тары  мен  кәсіпкерлер  есімдері    рес пуб  ли ка  кө-

ле міне  кең  тараған.

«Су сағасыз, ел ағасыз болмайды» дегендей, 

іргелі шаруашылықтың негізін қалап, «екінші 

тың» атанған Қарақұм өңірінің игеріліп, қайта 

түлеуіне бас болып күш-жігерін жұмсаған Бай-

жан Бижанов жайлы еске алмау мүмкін емес. 

Өйткені, ел есінде Қарақұм десе, Бижанов 

есімі егіз сөздер сияқты айтылатын түсінік те 

қалыптасқан. Қарақұм кеңшарына директор 

болып өмірлік тәжірибесі мол, қабілеті жоға-

ры, білімдарлығымен табандылығымен об-

лыс, республика деңгейіндегі қызмет биік 

-

терінен көрінген Байжан Бижановтың таға-



йын 

да 


луы кездейсоқ таңдау да емес еді. 

Өзі  нің ең бек жолында Қазақ КСР Жер Ха-

лық ко мис сариатында (Наркомзем) мал ша-

руа шы  лы ғы  басқармасының  бас  зо отех нигі, 

облыс тық мал асылдандыру ме кеме сінің ди-

рек торы  сияқты  лауазымды  қыз мет терді 

ат 

 

 



қарған оның одан кейінгі еңбек жолы 

ту 


 

 

ған жерде аудандық жер бөлімінде бас 



маман, «Абай» колхозының төрағасы болып 

жалғасты. Көзден кетсе де, көңілден кетпей -

тін абзал азамат жайлы замандастары оның 

шаруа жайын жетік білетін іскер ұйым-

дастырушылық қасиеттерімен қатар, көп 

жай ды көңіл сүзгісінен өткізетін жаны жай-

саң, сөзі сарас, ісі әділ басшы болғандығын 

тілге тиек етеді. Оның тәлім-тәрбиесін көрген 

есеп саласының ардагері Темірхан Бейісов 

ақсақал: «Бәкеңнің беделі-оның қарым-қай ра-

тымен, ақыл-парасатымен, жан-жақты сауат-

тылығымен, белсенді іс-әрекетінің арқасында 

жиналған шын бедел болатын. Дүниеге қызы-

ғушылық, адамды алалау, өзінен биік ла уа зым-

ды адамдар алдында жалбақтап, оған  рет сіз 

бас ию жат еді. Турасын айтып, дәлелді пі-

кірлерін қалайда да өткізіп отыратын. Қа ра-

мағындағы жұрттың да жай-жағдайын ой лап, 

мақұлдап, марапаттап, жұмыс бабында тәр-

тіп ке шақырып, қатаң талап та қоя білетін. 

Шаруашылықтың келешегін әріден ойлайтын 

Бәкеңнің қолынан жетектеп апарып оқытқан 

көптеген ауыл жастары кейін абыройлы қыз-

мет атқарып, ел ырысын тасытуға сү 

белі 

үлес  қосқан  азаматтар  қатарынан  кө рін ді» 



деп  еске  алады.  Үстіміздегі  жылы  туға ны на 

торқалы 100 жыл толатын ардақты аза мат-

тың ел алдындағы сіңірген еңбектері Үкі мет 

тарапынан да лайықты бағасын алды. Рес-

пуб ликаның  «Ауыл  шаруашылығының  еңбек 

сіңірген қызметкері» атанды, «Құрмет белгісі» 

орденімен және бірнеше медальдармен ма-

рапатталып, Арал қаласының бір көшесіне 

есі мі  берілді.  Ең  бастысы,  оның  халық  игілігі 

үшін атқарған істері мен өнегелі сөздері ел-

жұр тының есінде қалды. 

«Ауылын көріп, азаматын таны» дегендей, 

оны өздеріне ұстаз тұтып, ақыл-кеңесін алып, 

үзеңгілес жұмыс істеген көптеген азамат-

тардың да есімдері ауыл тарихында құрмет-

пен еске алынады. Қыр төскейіндегі екі ша-

руашылықты ширек ғасырға жуық бас қарған 

Қоңырбай  Рыстығұловтың,  шаруа шы лықтың 

әр  салаларында  ұзақ  жылдар  же міс ті  еңбек 

етіп, биікке көтерген Мансұр Май 

мақов, 

Шам ша  Байғараев,  Бозғұлан  Құл ма ғанбе-



тов, Сейдалы Жақсыбаев, Өмірше Әбсеме-

тов, Балпаш Асанбаев сынды көптеген аға 

буын өкілдерінің туған жердің ырыс-бе 

ре-


кесін молайтуға қосқан үлестері зор. Алаш 

ар дақтысы Ә. Бөкейханов: «Әр дәуір ұрпа-

ғының мойнына жүктелген міндеттері бола-

ды. Егер олар сол аманатты тиісті жеріне жет-

кізе алмаса, ол кейінгі ұрпақтың мойнына 

зіл-батпан болып артыла береді»-деген екен.  

Сол сияқты  қоғам ілгері басып, заман талабы  

өзгерсе де, ел игілігі үшін тер төгіп, туған жерді 

көркейтуге өз үлестерін қосқан азаматтардың 

еңбектері ұмытылмайды, атақ-даңқы өшпейді. 

Біз олардың жақсы істерін кейінгі ұрпаққа 

жеткізіп отыру арқылы ғана өткенімізге деген 

құрмет сезімін тудыра аламыз.

«Елу жылда ел жаңа» дегендей, Тәуелсіздік 

рухымен қайта жаңғырған Қарақұм өңірінің  

бүгінгі келбеті мен жеткен жетістіктері көңіл 

тоярлықтай. Елбасымыздың ауылды өр 

кен-


де ту  жөніндегі  бағдарламаларына  сәйкес 

ат қа рылып  жатқан  ауқымды  істер  көп-ақ. 

Соның бір көрінісі-Тәуелсіздік арқасында Қа-

ра құмды  көктей  өте  салынған  «Жез қазған-

Бейнеу» темір жолы қазақтың жазиралы 

сайын даласына жан кіргізді. Елсіз дала, бос 

жат қан жер иесін тауып сәні кірді. Енді біраз 

жыл да сол жолдың бойы сән-салтанатқа бө-

ленген елдің тұрағы болып гүлденеріне сенім 

мол. Тарихы  тағылымға  толы, бүгінгісі бүтін, 

келешегі кемел Қарақұм өңірінің жетер же-

тістіктері әлі алда. 

  Үргенішбай    ҚУАТ,

тарихшы.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал