Мектептегі білім беруді



жүктеу 1.7 Mb.

бет1/17
Дата03.03.2017
өлшемі1.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

www.bilim-gylym.kz

Ұстаздарға арналған басылым редакциясы

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІ 

ЖАҢАША ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Алматы, 2016

1


УДК 37.1

ББК 74.204

М 41 

Мектептегі білім беруді жаңаша қалыптастыру  /Редактор І. Б. Нағиев. – Алматы,

2016. – 95 б.



М 41

ISBN 978-601-7579-32-6

«Нұрлы жол»  - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары,

жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —

дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы,

экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 

Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату,

оқытудың   әдістерімен   тәсілдерінің   пәнді   игерудің   тың   технологиясын   іздестіру,

оқушылардың   білім   деңгейін,   оқу   ынтасын,   белсенділігін   арттыруды   тәжірибеде   іске

асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс

жасайтын,   білім   беру   жүйесін   дамытуға   ықпал   ететін   дарынды   ұстаздарды   анықтау

мақсатында   өткізілген   іс-шараларға   қатысушы   ұстаздар   еңбектерін   (материалдарын)

жинақтау, республикалық деңгейде бір жерге топтастыру жұмыстары жүргізіледі.

УДК 37.1

ББК 74.204

ISBN 978-601-7579-32-6

© Нагиев И.Б., 2016

2


АЛҒЫ СӨЗ

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.  Н. Ә. Назарбаев.

Сатиева Гүлдана Табысқызы

Алматы облысы  Іле ауданы  Жаңадәуір ауылы 

 № 5 орта мектеп директоры

ХХІ  ғасыр – білім мен  ғылым ғасыры, сондықтан жалпы

орта білім беретін мектептерде білім алудың жолдары  жан-

жақты қарастырылған. 

Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев   кезекті     Жолдауында   -

еліміздің болашақта бәсекеге  қабілетті елдердің қатарында

болуына   баса   назар   аударып   отырғаны   баршамызға   аян,

сондықтан   да   тәуелсіз   мемлекетіміздің   болашақ

ұрпақтарының білімді, парасатты, ұлтжанды азамат  болып

қалыптасуына   мектепте   берілетін   білім   мен   тәрбиенің

маңызды   орын   алатынын   әрқашан   да   есте   сақтағанымыз   абзал.   «Еліміздің   ертеңі   –   бүгінгі   жас   ұрпақтың

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында» - деген  Елбасымыздың аталы сөзін алға ұстаған біздің

№5 орта   мектебінің ұстаздары   бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім

беру, оның рухани   байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, әр баланың білімділігін,

іскерлігін арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді. 

Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңадәуір ауылы, «№5 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

МКМ-і  1973  жылы   640  оқушыға   арналып   салынған.  43  жылдық   тарихы  бар  бұл  мектепте   2015-  2016  оқу

жылында 655 оқушы аяқтады. Оның ішінде 160 оқушы үздік, 223 оқушы екпінді болып аяқтады. Білім сапасы

58 пайыз, оқу үлгерімі 99 пайыз, себебі үйден оқытылатын 3 оқушы бағаланбады.  

Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылында пәндік олимпиадаға қатысқан 20 оқушының ішінде 10 оқушы ІІ

орынды,   6   оқушы   ІІІ     орынды   иеленді.   КҒА   байқауына   қатысқан   2   оқушы   аудандық   байқауда   І   орынды,

облыстық байқауда ІІ орында иеленді. «Зерде» байқауына қатысқан 11 оқушының ішінде 5 оқушы І орынды, 4

оқушы ІІ орынды иеленсе, облыстық байқауда 2 оқушы ІІІ орынды иеленді.  «Дарын» байқауының аудандық

деңгейінде  2 оқушы  І  орынды иеленіп,  облыстық  байқауда   ІІІ  орында  иеленді.  Математика  пәні  бойынша

қашықтық   олимпиадаға   10   оқушы   қатысып   6   оқушы   І   орынды,   3   оқушы   ІІ   орынды   иеленсе   1   оқушы

сертификатпен   марапатталды.     Сондай-   ақ   сыныптан   тыс   іс-   шараларға,   түрлі   байқауларға   қтысқан

оқушылардың   да   жетістіктері   жоқ   емес.   Соның   ішінде   9   -сынып   оқушысы   Болатова   Еңлік   «Яссауитану»

байқауының аудандық деңгейінде бас жүлде, облыстық деңгейде І орынды иеленді. 

 2016- 2017 оқу жылында 1- 11 сыныпта 752 оқушы білім алса, мектепалды даярлық сыныбында 63, шағын

орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Барлық оқушылар саны 815. Оның ішінде 426 ұл 52 пайызды құраса, 389 қыз

48 пайызды құрайды. 2016- 2017 оқу жылында мектебімізде 60 мұғалім жұмыс істеуде. Оның ішінде жоғары

білімді   мұғалім  54, ол  90 пайызды  құраса,  арнайы  орта  білімді   мұғалім  саны  6. Ол  10  пайызды құрайды.

Мұғалімдердің сапалық құрамына келетін болсам 13 мұғалім, 21 пайыз жоғары санатты, 12 мұғалім 20 пайыз

бірінші   санатты,   14   мұғалім,   24   пайыз   екінші   санатты,   21   мұғалім,   35   пайыз   санаты   жоқ.   Яғни   65   пайыз

мұғалімнің санаты бар. 

11   жылдық   білімнің   таразысы   іспетті     Ұлттық   бірыңғай   тестілеу   нәтижесі   білім   сапасының   басты

өлшемдерінің бірі екендігі айқын, соңғы 5 жылда мектебіміздің ҰБТ бойынша білім сапасы жыл сайын тұрақты

түрде жоғарылап келеді. Нақты деректерге сүйенсек, 2012-2013   оқу жылы   11- сыныптың 17 түлегі ҰБТ-ге

қатысып, білім сапасы   80% , орташа   балл 81.4 көрсетіп, Құттықбай   Жалғас «Алтын белгі» иегері атанды.

2013-2014 оқу жылында 16 түлек қатысып орташа бал 82.3 көрсетсе, екі оқушымыз   Абдығалиева Айгерім,

Меңдіқұл Сауле «Алтын белгі» иегерлері атанды. 2014-2015 оқу жылында 15  оқушымыз ҰБТ- ге қатысып орта

бал 85.1 пайызды құрап, Қалиева   Меруерт  «Үздік  аттестатпен» бітірді. 2015- 2016 оқу жылында ҰБТ- ға

қатысқан 11- сыныптың 19 оқушысы орташа есеппен 82,47 пайыз көрсеткіш көрсетіп, 10 оқушы мемлекеттік

грантқа ие болды. 

ҰБТ  қорытындысы бойынша аудан мектептері арасында бес жылдың  көлемінде алдыңғы қатарда келеміз.

ҰБТ   –ға     оқушыларды   дайындауда     ұстаздарымыз     А.Р.Тұрманбетов,   К.А.Фазылов,   К.М.Молдабекова,

Г.Т.Тұрманбетова, П.Т.Касымбекова, К.М.Касеновтердің іс-тәжірибесі     аудан, облыс көлемінде таратылып,

насихатталды.

3


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОҒАМНЫҢ 

ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Сатиева Г.Т. Мектеп директоры

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы,

жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.  Сондықтан білім беруді дамытуға байланысты

Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі- білім ұйымы басшыларына  басқаруды жүзеге асыруда

жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді. Осыдан жаңарған орта білім беру мазмұнын жүзеге асыру

басшы кадрлардың кәсіби деңгейіне, олардың жауапкершілікті түсінуі  мен білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді

шешуге   қосқан   үлесіне   байланысты.   Елбасының   «2050   стратегиясы»   және   Ұлт   жоспары   100   нақты   қадам   шеңберінде

«Ғылыми   –   әдістемелік   деңгейде   білім   беруді   жаңарту,   оқу,   ғылыми   және   өндірістік   үдерістердің   өзара   байланысын

қамтамасыз ететін мүлдем жаңа құрылымдар құруға» баса назар аударылуда. 

Соған   байланысты   Қазақстан   Республикасында   білім   беруді   дамытудың   2011-   2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік

бағдарламасында мына негізгі басымдылықтар атап көрсетілген:

1)

Білім берудің барлық деңгейлерін жаңа сапаға көтеру,



2)

Педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, оған мемлекеттік қолдауды күшейту,

3)

Білім беру жүйесін басқаруды дамыту. 



Қазіргі   таңда   мұғалімнің   кәсіби   дамуы   үшін   тәжірибелік   дағдыларды   қалыптастыруға,   сонымен   қатар   оқушылардың

бойында   қалыптастыратын   дағдыларға   қойылатын   талаптарды   түбегейлі   өзгертуге   ерекше   көңіл   бөлініп   отыр.   Бүгінгі

мұғалімдердің   алдына   қойылатын   маңызды   мәселе   «ХХІ   ғасырда   нені   оқыту   керек?»,   «Мұғалімдер   оқушыларды   ХХІ

ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?»

Жалпы қоғамда оқушыларға білім де, дағдылар да қажет деген пікірді барлығы қолдап отыр. Оқушылардың білімді жай

ғана иеленуі аз, себебі ХХІ ғасырдың тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды жерде

қолдана білуіне басты назар аударылады. Яғни бұған дейін сабақтарда тек білім мазмұнын қалыптастырып келсек, енді сол

білімді оқушылардың  тәжірибе жасап, зерттеуі арқылы жеткізу қажет. 

Бүгінгі   мұғалімдер   зерттеу   жұмыстарымен   айналыса   ма?   Зерттеу   жұмыстары   десек   мұғалімдер   тек   ғылыми   жоба

байқауларына бір- бір оқушыны алып, солармен  белгілі бір тақырыпты қорғаумен ғана  шектелуде. Ал, сабақ жоспарына

ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілмейді, оны мұғалімдердің басым көпшілігі қажет деп есептемейді де.

2015- 2016 оқу жылында мектебімізде 4, 9 сыныптардың қатысуымен ОЖСБ өткізілді. ОЖСБ қорытындысын сараптай

отырып   мен   мектепте   оқушыларға   білімнің   зерттеу   жұмыстарын   жүргізу   арқылы   берілмейтіндігін,   оқушыларға   алған

білімдерін   өз   қажетіне   жарата   алмайтындығына   көзім   жетті.     Сол   кезден   бастап   мектепке   бір   өзгеріс   қажет   деген

тұжырымға келдім. Ал, ол өзгерісті кім және қалай жасайды? Мен осы сұрақтар барысында ойланып жүрдім.  

  «Оқытушы   көшбасшы   –   мұғалімдер   қолданатын   оқыту   стратегиялары   мен   әдістері   бірінші   кезекте   оқушылардың

нәтижеге   қол   жеткізуін   қамтамасыз   күш   екендігін   бірінші   болып   түсінетін   адам»   деп   Дьюи   Хэнсли     тиімді   мектеп

директорының тағы бір қырын ашып көрсеткендей мектеп басшысы ретінде жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуде

бірінші өзімнің заман ағымына ілесе алатындай өзгеруім қажеттігін түсіндім. Себебі, мектепке өзгеріс енгізу, мұғалімдердің

оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін меңгеріп, өз іс- тәжірибесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер беруде   бүгінгі деңгейлік

курс идеясын өзім түсінбей тұрып әріптестерімнен оны талап ете алмайтындығымды байқадым. 

Осыған орай Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы

аясында курстан өтудемін. Курстан өту барысында  курсалды кезең шеңберінде  мектеп туралы, мектептің мықты жақтары

мен дамытуға болатын салаларын анықтау мақсатында мектеп тәжірибесін зерттеу мәліметтерін жинақтадым.

Мәліметтер жинақтау барысында мектептің статистикалық есебіне және мектеп персоналдары мен ата- аналардың мектеп

туралы, оқушылардың мұғалімдер туралы пікірін анықтау барысында алынған сауалнама қорытындысына жүгіндім. 

Мектепті   зерттеу   деректерін   жинауда   мен   өз   әріптестерімнен   қолдауды   сезіндім.   Олар   маған   сауалнаманы   алуды

ұйымдастыру, оны өңдеуде өз көмектерін аямады. Мен осыдан мектеп ұжымының да өзгеруге дайын екендігін түсіндім. 

Сондай-ақ деректер жинау барысында курсалды тапсырмаларды орындауға  арналған нұсқаулық маған көмекші құрал

болды. Себебі, өңдеу жұмыстарында мен осы нұсқаулықты басшылыққа алдым. 

Сауалнама- мектептің даму бағытын анықтауға өте жақсы құрал болды. Себебі, сауалнаманың мұғалім, ата- ана, оқушы

пікірін білудің ең тиімді жолы екенін байқадым. Берілген сұрақтарға іздеген қажетті сұрақтың жауабы   табылып тиісті

дәлелдеме бола   алатынына  көзім жетті. Сауалнамаға  қатысушылар  өздерін еркін сезініп, кез келген сұрақтарға ашық,

шынайы жауап беруге мүмкіндік алды. Әрине сұрақтарды дұрыс түсінбеу, сұрақтарды толық оқымау, ойланғысы келмеу,

немқұрайлылық  таныту сияқты   қиындықтар  да  кездесті.  Түсіндірме  жұмыстарын   жүргізу,   сауалнаманың  қорытындысы

талқыланбайтындығын бұл тек респонденттердің пікірін білу үшін екендігін түсіндіру арқылы бұл қиындық шешілді деп

ойлаймын.  Сауалнама нәтижесі  маған  мен күтпеген проблемаларды ашып берді. Зерттеу жұмыстарын жүргізгенге дейін

мен   мектепте   ата-   аналармен   мұғалімдер   арасында   өте   тығыз   ынтымақтастық   орнаған   деп   ойлаушы   едім,   сауалнама

қорытындысынан байқағаным 5- 9 сыныптарда ата- аналардың мектеп өмірінен сырт қалғандығы болды. 

Мектеп персоналдарынан алынған сауалнама қорытындысын зерделей келе менің көзімнің жеткені менің ойымша осыған

дейін  бір-  біріне  деген сыйласымдық   мәдениеті   жақсы дамыған мұғалімдер арасында   бірге  жоспарлау,   зерттеу,  талдау

жұмыстарының сирек жүргізілетіндігі, ал күнделікті сабаққа дайындалуда мұндай ізденістің жоқтығы болды.

Неліктен? Мен бұл мәселенің себебі, мұғалімдердің кәсіби байланыспауы,  ынтымақтастықтың жоқтығы, оқу мен оқыту

үдерісінде мұғалімдерді бірге жұмыс жасауға негіз болатын жаңаша әдіс- тәсілдердің қолданылмауы, топтардың болмауы,

бүгінгі   оқыту   деңгейі   Блум   таксономиясының   ең   төменгі   білу   деңгейімен   шектеліп   тұрғандығы   деп   тұжырымдадым.

Сондай-   ақ   оқушылардан   алынған   сауалнаманың   қорытындысында   да   осы   мәселе   көрініс   тапқан.   Яғни   оқушылардың

арасындағы бәсекелестік,  ынтымақтастық   дағдыларының   қалыптаспауы,  кері  байланыс  жасай алмауы  оқу мен оқытуда

жаңашылдықтың, топтық жұмыстардың өте төменгі деңгейде жүргізілуі және оған қалыптаспағандығы. 

Оқушыларға жайлы психологиялық ахуал туғыза отырып,   олардың еркін сезінуіне ықпал ету, мектеп басшылығының

қызметкерлерге көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік бере отырып, олардың кәсіби дамуына басты назар аударуы,

4


мұғалімдер арасында оқушыларды   тыңдау және түсіну, қолдау, ынталандыру, әрқашан көмектесу, дағдыларының жақсы

қалыптасуы деген сияқты  мектептің күшті  жақтарының  сауалнама  қорытындысы бойынша  анықталғаны да қуантарлық

жағдай,   дегенмен бұл көрсеткіштердің жоғарғы басымдықтарға қол жеткізуде қауқарсыз екендігі белгілі. 

Сауалнама алу мен зерделеу кезінде мен мектепте өзгерістер жасауға ата- аналардың өте ынталы екенін байқадым. Оған

дәлел шақырылған ата- аналардың толық келуі, мен мектепте өзгерістер жасау үшін олардың пікірлерінің құнды екендігін

айтқандағы олардың көзқарастары, өз пікірлерін шынайы, ашық білдіруі болды. Маған жаңаша көзқарас қалыптастырған

тағы   бір   жағдай   ол,   оқушылардың   көпшілігінің   мұғаліммен   бір   деңгейде   тұрып,   үнемі   мұғалім   назарында   болғылары

келетіндігі және әзілді түсіну мұғалімге тән қасиет деп қабылдауы.

«Сабақта күлкі мен әзіл болуы керек, бірақ сабақты әзілге айналдыруға болмайды» деген орыс педагогі К.Д.Ушинский.

Мұғалім өзін бір уақыт оқушымен қатар қойып оларға өз жүрегінің жылуын сыйлау, көңілдерін көтеру, күлдіру қажет

екендігін   топшыладым.   Себебі   бұл   психология   тұрғысынан   белгілі   жүзіне   күлкі   үйірілген   адамның   жанында   үнемі

жақсылық жүретіндігі осы арқылы оқушылардың өз сабағына деген қызығушылығын арттыруға болатындығын түсіндім. 

Курсалды тапсырмаларды орындау кезіндегі негізгі мақсатым жүзеге асты мектептің дәл қазір қай деңгейде екендігі, қай

бағытты дамыту керек екендігі анықталды. Білім беру жүйесі- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі

деңгей   мен   бағыттағы   мемлекеттік   білім   білім   беру   стандарттары   жүйесінің,   оларды   әртүрлі   ұйымдастыру   құқықтық

формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың сонымен қатар білім беруді басқару

органдарының жүйесінің жиыны. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуында жетекші роль атқарады,

сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал, білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның   негізгі

мәселесі- рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. Таным

теориясының     басқа   ғылыми   теориялардан   түбірлі   айырмашылығы-   ол   білімнің   қалыптасуы   мен   негізделуінің   жалпы

ұстанымдарын,   обьективтік   қатынастарды   қалыптастырады.   Ал,   адам   бойына   білім   мен   танымдық   дағдыларды

қалыптастыратын білім беру жүйесіндегі негізгі орын - Мектеп. 



Сабақ: 

Қазақстан тарихынан әңгімелер 



Мектеп № 5 Іле ауданы

Күні 

Мұғалімнің аты – жөні: Сатиева Г.Т.



Сынып 5

Қатысқандар:                             Қатыспағандар:      



Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын 

оқу мақсаттары:

1.Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту;

2.  «Сақтар – ежелгі Қазақстан тұрғындары»  тақырыбын меңгеру.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:  Жаңа тақырыпты меңгереді. 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты түсініп, тыңдап, 

жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.



Кейбір оқушылар орындай алады: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат

 Оқушылар орындай алады: 1. Айтылған пікірлермен санаса отыра, өз  

пікірлерін дәлелдейді;

2. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мидиялық, көшпелі, жартылай 

көшпелі, отырықшы, Анахарсис, Солон, Скунха, сақ қоғамы, Ескендір 

Зұлқарнайын 

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Алтын киімді 

адам, Аралтөбе қорымы, алтын адам



Талқылауға арналған сұрақтар: Сақтардың өмір салты, шаруашылығы мен 

тұрмысы, наным – сенімі жайлы не білеміз?



Не себепті... деп ойлайсыз? Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымын ерекше деп 

ойлайсыз?



Шара: мадақтау, марапаттау, бағалау

Алдыңғы оқу

Қола дәуірі, 23- бет.



Жоспар

Сақтар– ежелгі Қазақстан тұрғындары



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы

5 минут


1. Ақкөңілді тілекпен,

Мейірімді жүрекпен.

Сәлемдесіп алайық, 

Бір жадырап қалайық. 

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

2.Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп 

үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

3. Өткен сабақты сұрау, қорытындылау: «Сенемін – сенбеймін» стратегиясы

Сыныпты  үш топқа бөлу.

- «Андрондықтар» тобы;

5


- «Беғазы – Дәндібай» тобы;

- «Қола дәуірі»

Шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе 

келесі топ жауап беруге болады.



1 - топ:

- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)

- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)

- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген 

(сенбеймін)

2 - топ:

- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б. з. б. 2 мыңыншы жылдық – б. з. б. 8 ғасыр аралығын 

қамтиды (сенемін)

- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл – күміс ( сенбеймін)

- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)

3 - топ:

- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа 

түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)

- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)

- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі – терімшілік ( сенбеймін)

Сабақтың ортасы

25 минут

4. «Болжау» стратегиясы (Суретті интерактивті тақтадан көрсету арқылы

сабақтың тақырыбын аштыру, мақсатын қойдыру)



5. «Джигсо» әдісі  &6 Сақтар, 28- бет.

1-топ. Сақтар – ежелгі Қазақстан тұрғындары Сақтардың өмір салты,

шаруашылығы және тұрмысы

2-топ. Сақтардағы басқару ісі. Шырақтың ерлігі

3- топ. Теңдесі жоқ жәдігер 

 6. «Постермен жұмыс» Әр топ өздерінің тақырыптарын қорғайды.( Сурет

салу, топтастыру, кесте)

 7. «Сен маған, мен саған» стратегиясы (Бір – біріне сұрақтар қойғызу)

1.Сақтардың мекендеген жерлерін ата.

2.Шырақтың ерлігін қалай бағалайсыңдар?

3. «Алтын киімді адамды»  ашқан кім?

4. «Алтын киімді адам»  бейнесі неліктен тәуелсіздігіміздің рәмізі саналады?

5. Ғылымда үшінші Алтын адам» атауы қай ескерткішке берілген?

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,



Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сабақтың соңы

минут

10

8. «Кім жылдам?» ойыны  «Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» кестесін толтыру 



Сақтардың 

әлеуметтік топтары

Айырмашылықтары

Немен айналысты?

Жауынгерлер

Абыздар


Малшылар мен 

егіншілер



9. «Зымыран сұрақтар» стратегиясы

1. Сақ тайпалары б. з. б ҮІІІ - ҮІІ ғ қай елдермен қатынас жасап отырады?

2. Парсы патшасы Кир сақтарға соғыс ашу үшін қандай сылтау іздеді?

3. Сүйікті ұлының қайғылы хабарын естіген Томирис Кирге жаушы жіберіп, хат 

жолдайды. Хатта не делінген?

4. Қазақ халқының ата – тегі болған тайпалар мен ұлыстарды ата?

5. Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

6. Сақтар жылқысының түрлерін ата?

7. Томиристің ұлы туралы не айтасың?

8. Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атады?

9. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың 3 тобын ата?

10. Шырақ қандай ерлік жасады?

11. Апасиоттардың астанасы қай қалада болды?

12. Сақтардың негізгі өсірген малдары.

13. Сақтардың 3 әлем туралы түсінігі қандай болды?

14. Есік қорғаны қай жылдары қазылды?

15. Сақтар өңірінде қандай стильді пайдаланды?

10. «Ыстық орындық» Менің ойымша...

3 минут


11. Бағалау (дескрипторлар арқылы)

12. Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.



Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

              

6


ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ

Дүйсенова Ш.Д. Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

ХХІ   ғасыр   –   ғылым   мен   техниканың   дамыған   кезеңі.   Заман   талабына   сай   қазіргі   білім

жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа

ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам

дәуірінің   негізгі   көзі.     Қазақстан   Республикасының   «Білім   туралы»   Заңында   «Білім   беру

жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика

жетістіктері   негізінде   жеке   адамды   қалыптастыруға   және   білім   алу   үшін   қажетті   жағдайлар

жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру

жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген..

  Қазіргі   заман   мұғалімнен   тек   өз   пәнінің   терең   білгірі   болуы   емес,   тарихи   танымдық,

педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық

сауаттылық   талап   етілуде.   Ол   заман   ағымына   сәйкес   білім   беруде   жаңалыққа   жаны   құмар,

шығармашылықпен   жұмыс   істеп,   оқу   мен   тәрбие   ісіне   еніп,   оқытудың   жаңа   технологиясын

шебер   меңгерген   жан   болғанда   ғана   білігі   мен   білімі   жоғары   жетекші   тұлға   ретінде   ұлағатты   саналады.   Жаңа

технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық.

Білім берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен

жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік

потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы

оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің

бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға  көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым

оқулықтарға   қарағанда   пайдалану   ыңғайлы   және   оларда   өзін-өзі   тексеру   жүйесі   бар.Осы   электрондық   оқулықтың

артықшылығы   болып   табылады.   Мұғалім   үшін   электрондық   оқулық   бұл   күнбе-күн   дамытылып   тұратын   ашық   түрдегі

әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай

жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті

элемент   болып   табылады.   Бейнеклиптер   уақыт   масштабын   өзгертуге   және   көріністерді   тез   және   жай   түрде   көрсетуге

пайдалы. Электрондық  оқулық  таңдап алынған хабарды  көшіруге  мүмкіншілік туғызады.  Электрондық  оқулық  арқылы

түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка  тыңдатып көрсетуге  болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып

түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса,

жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы

ретінде   пайдалану   интеллектуалдық,   эстететикалық   және   ақпараттық   сауаттылығын   арттыруға   көмектеседі,   ал   көрнекі

құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. 

  Біз бейбіт елде, мемлекеттік  білімді жетілдіруге  аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің  мақсаты – терең

білімнің,   кәсіби   дағдылардың   негізінде   еркін   бағдарлай   білуге,   өзін-өзі   дамытуға   адамгершілік   тұрғысынан   жауапты

шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты

технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

  Қазақстанның   тәуелсіз   мемлекет   ретінде   қалыптасуы   орта   білім   беру   жүйесінің   дамуымен   тығыз   байланысты.   Қай

халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да –

мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін

тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты

деп   есептейміз.   Ақпараттық   технологияның   келешек   ұрпақтың   жан-жақты   білім   алуына,   іскер   әрі   талантты,

шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы

аса мол.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал