«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 5.03 Mb.

бет1/47
Дата09.09.2017
өлшемі5.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

” “

М

ЕК



ТЕ

ПК

Е ДЕ



ЙІН

ГІ БАЛ


АЛЫ

Қ

Ш



А

Қ”

Р



О

R

С



P

R



E

S

C



H

O

O



L

CH

IL



DH

OO

D



”Р

Ц”Д


ОШ

КО

ЛЬ



Н

О

Е



Д

Е

Т



C

Т

В



О

” “


М

ЕК

ТЕ



ПК

Е ДЕ


ЙІН

ГІ БАЛ


АЛЫ

Қ

Ш



А

Қ”

Р



О

R

С



P

R



E

S

C



H

O

O



L

CH

IL



DH

OO

D



”Р

Ц”Д


ОШ

КО

ЛЬ



Н

О

Е



Д

Е

Т



C

Т

В



О

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   

  «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 

 

 

 

Республикалық  

педагогикалық оқу

 

 

ЖИНАҒЫ 

 

 

 

 

 

Қостанай қаласы  

3 мамыр 2017жыл 

 

ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒАСЫРЛЫҚ  

ТАРИХИ ШЕЖІРЕСІ 

 

 

 

Республиканские педагогические чтения



 

ЛЕТОПИСЬ ВЕКОВОЙ ИСТОРИИ 

ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ  

В КАЗАХСТАНЕ

 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



 «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында 

жинақталған  

 

Составлено на базе Республиканского центра «Дошкольное детство» 

Министерства образования и науки Республики Казахстан 

 

 

 



Редакция алқасы:  

Игенбаева Б.Қ., п.ғ.к., доцент 

Ерманова М.Н. 

Бликова Ж.Б. 

Хаменова М.О. 

Мукушева Г.О. 

Шотбайқызы А. 

 

 



 

«Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі» 

республикалық  педагогикалық  оқулары  жинағы  /  «Летопись  вековой  истории 

дошкольного  образования  в  Казахстане»  сборник  Республ.  педагогическ. 

чтениях. Астана, 2017 жыл, 3 мамыр. – Астана, 2017. – 424 б.  

 

 



 

Жинаққа  «Қазақстанда  мектепке  дейінгі  білім  берудің  ғасырлық  тарихи 

шежіресі»  республикалық  педагогикалық  оқуларына  қатысушылардың 

баяндамалары және мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметкерлерінің 

ұсынған мақалалары енгізілді. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

Республикалық орталық, 2017  

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І СЕКЦИЯ 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҦЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ КОНТЕКСТІНДЕ 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ 

МЕН ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҤРДІСТЕРІ 

___________________________________________________________________ 

 

ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ 

ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ В КОНТЕКСТЕ 

ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕИ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҦНДЫҚ 



ҚҦРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ 

 

Б.Қ.Игенбаева  

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

Еліміздің  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  қалыптасуы 



тарихи күрделі даму кезеңдерінен ӛтті. Оның мазмұны қоғам дамуының бағыт-

бағдарына қарай жаңарып, заман талабына сай ӛзгеріп отырды.  

Тарих  беттерін  парақтайтын  болсақ, 

1917  жылы  желтоқсан  айында 

Кеңестік Халық ағарту комиссариатының баланың туылған сәтінен бастап, оны 

жан-жақты дамытуды іске асыру қажеттігі айтылған «Мектепке дейінгі тәрбие 

туралы» декларациясы жарияланды.  

1919  жылғы  Коммунистик  партияның  VIII  сьезінде  қабылданған 

бағдарламада бала тәрбиесі мәселесін жетілдіру  мақсатында мектепке дейінгі 

мекемелердің желісін құру: ясли, бақша ашу міндеттері белгіленді. Сӛйтіп осы 

жылы  Кеңес  халық  ағарту  комиссариаты  балаларды  тәрбиелеудің  маңызды 

факторы  ретінде  мектепке  дейінгі  мекемелердің  жұмысын  ұйымдастыру, 

әйелдерді  социалистік  құрылыстың  барлық  саларына  тарту  мәселесі 

қарастырылған  «Біріңғай  еңбек  мектебінің  ережесі»  және  мектепке  дейінгі 

тәрбиенің  негізгі  қағидалары  нақтыланған  алғашқы  «Инструкция  по  ведению 

очага и детского сада» нұсқаулығы ұсынылды.  

1929  жылы  Кеңес  халық  ағарту  комиссариатының  «Мектепке  дейінгі 

мекеменің  мектеппен  байланысы  және  жұмысты  жоспарлау  туралы» 

әдістемелік  хаты  жіберілді.  Осыдан  кейін  «Мектепке  дейінгі  мекемелерге 

арналған бағдарлама» әзірлеу жұмыстары қолға алына бастайды. Сӛйтіп, 1932 

жылы  мектепке  дейінгі  педагогика  және  психология  саласындағы 

ғалымдардың,  педагог  мамандардың  қатысуымен  мектепке  дейінгі  білім  беру 

бағдарламасының алғашқы жобасы әзірленеді.  

Кеңес  Үкіметінде  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  сапасын  жақсарту  үшін 

балабақша жұмысының ғылыми негізделген бағдарламасын жасаудың маңызы 

зор болды. Әрбір бағдарламалық материал белгілі тарихи кезеңде пайда болып, 

мектепке  дейінгі  тәрбиенің  теориясы  мен  практикасының  дамуының  деңгейін 

айқындап берді.  

Бұл  құжат  қызмет  түрлеріне  сәйкес  мынадай  бӛлімдерден  тұрды: 

қоғамдық-саяси тәрбие, еңбек тәрбиесі, музыкалық-қимылдық тәрбие, бейнелеу 

әрекеті,  математика,  сауат  ашу.  Осы  Бағдарламаның  шығуы  мектепке  дейінгі 

мекемелердің  жұмыстарын  реттеуге,  педагог-тәрбиешілер  қызметінің  бағытын 

айқындауға  және  білімін  кеңейтуге  мүмкіндік  берді.  Бірақ  бағдарламадағы 

әрбір бӛлімі бойынша қарастырылған біліктер мен дағдылардың кӛлемі шағын 

болған.  

1934 жылы жетілдірілген «Тәрбиелеу бағдарламасы» шығарылады. Онда 

балабақшадағы  балалармен  жүргізілетін  жұмыс  мазмұны,  оны  ұйымдастыру 

жолдарына баса назар аударылған. Ол мынадай бӛлімдерден тұрған: қоғамдық 

тәрбие,  дене  тәрбиесі,  сурет  салу,  мүсіндеу,  тіл  дамыту,  кітаппен  жұмыс, 


 

табиғат  туралы  білім  негіздері,  алғашқы  математикалық  түсініктерді 



қалыптастыру,  сауат  ашумен  айналысу.  Бірақ  бұл  бағдарламаның  да  кем 

тұстары  болды,  олар:  күрделі  танымдық  материал  күрделі,  балалардың  жас 

ерекшеліктері 

ескерілмеген, 

педагогикалық 

процесті 

ұйымдастыруда 

тәрбиешінің жетекші рӛлі толық айқындалмаған.    

Кеңес Одағы Коммунистік партиясы орталық комитетінің «Халық ағарту 

комиссариаты  жүйесіндегі  педагогикалық  бұрмалаушылық  туралы»    1936 

жылғы 4 маусымдағы қаулысына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие бойынша жаңа 

бағдарламалық құжат жасау қажет болды.  

Осыған  байланысты  1938  жылы  «Балабақша  тәрбиешісіне  арналған 

нұсқаулық»  шығарылды.  Онда  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 

міндеттері  айқындалды.  Балалардың  жас  ерекшеліктері,  тұлғаны  жан-жақты 

дамыту  туралы  айтылды.  Бірақ  Нұсқаулықта  балалармен  ұйымдастырылатын 

жұмыс  мазмұны  жас  топтарына  сәйкес  емес,  тәрбиенің  жеке  бӛлімдері 

бойынша анықталған. Дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі Нұсқаулықта жан-

жақты  қарастырылмаған,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мәселелері 

ғылыми негізделмеген, ата-аналармен жұмыс түрлері қамтылмаған.  

1953  жылы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысының  сапасын  арттыру  және 

балаларды  мектепке  даярдау  мақсатында  балабақшада  оқытуды  енгізуге 

байланысты  «Нұсқаулық»  қайта  ӛңделіп,  бағдарлама  ретінде  тәрбиешінің 

басқаруымен  ұйымдастырылған  сабақтарда  балалар  игеретін  білім  беру 

мазмұны нақты берілген.  

Онда  психологиялық,  педагогикалық  ғылымның  жаңа  жетістіктері,  озат 

тәжірибелер,  сондай-ақ  балаларды  ана  тіліне  оқытудың,  оларды  қоршаған 

ортамен таныстыру, музыкаға тәрбиелеу ескерілген. Балалардың анатомиялық, 

физиологиялық,  психологиялық  ерекшеліктері  ескеріліп,  кіші  (3-4  жас), 

ортаңғы  (5  жас)  және  ересек  (6  жас)  топтарға  арналып  әзірленген.  Сондай-ақ 

балалардың  денесі,  ақыл-ойы,  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту,  еңбек  және 

кӛркем  сӛйлеуге  тәрбиелеу,  ойын  әрекетіне  басшылық  жасау  және  т.б. 

кӛрсетілген.  

1959 жылы 21 мамырда Коммунистік партия орталық комитеті мен СССР 

Жоғарғы  Кеңесі  ерте  және  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеу 

туралы  ғылымның  қол  жеткен  даму  деңгейін  ескеріп,  «Мектепке  дейінгі 

балалар мекемелерінің болашақ дамуы және мектеп жасына дейінгі балаларды 

тәрбиелеу  мен  оларға  медициналық  қызмет  кӛрсетуді  жақсарту  шаралары 

туралы»  қаулы  қабылдады.  Қаулыда  Үкімет  жергілікті  жерлердің  жағдайлары 

мен  мүмкіндіктерін  ескеріп,  мектепке  дейінгі  мекеменің  екі  типін:  ясли  мен 

балалар  бақшасын  -  біріңғай  мектепке  дейінгі  мекемеге  (ясли-бақша) 

біріктіруді  және  мектепалды  мен  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

тәрбиелеудің  біріңғай  бағдарламасын  әзірлеуді  ұсынды.  Бағдарламаны  әзірлеу 

Кеңес  одағы  педагогикалық  ғылым  академиясы  мен  медицина  ғылым 

академиясына бірге жасау тапсырылды.  

1960 жылы мектепке дейінгі білім беруді ғылыми қолдауға маңызды үлес 

қосқан  Кеңес  Одағы  педагогика  ғылымдарының  академиясы  құрылды. 


 

Мектепке  дейінгі  педагогика,  балалар  психологиясы  және  әдістемесін 



дамытудағы  жетістіктер  мектепке  дейінгі  тәрбие  практикасы  үшін  барынша 

жетілдірілген құжаттың жасалуына негіз болды.  

Осылайша,  1962-1965  жылдары  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  тәрбие 

жүйесінің  дамуы  мен  қалыптасуында  үлкен  бетбұрыс  жасалды.  416  мың  бала 

қамтылған мектепке дейінгі мекеменің желісі 5054-ке жетті. 1963-64 оқу жылы 

еліміздің мектепке дейінгі мекемелері Кеңес Одағы ағарту министрлігі бекіткен 

«Балабақшадағы  тәрбие  бағдарламасы»    ерте  және  мектепке  дейінгі  жастағы 

балаларға арналған мемлекеттік құжат ретінде қолдануға ұсынылды.  

«Балабақшадағы  тәрбие  бағдарламасы»  -  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

тәрбиелеу-оқыту  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттерін  және  мазмұнын 

анықтайтын мемлекеттік құжат болып танылды. Бағдарламада жалпы халықтық 

білім  беру  жүйесінің  алғашқы  баспалдағы,  жаңа  адамды,  коммунистік 

қоғамның болашақ белсенді құрылысшысын қалыптастырудағы балабақшаның 

рӛлі сипатталып, мектепке дейінгі мекемелердегі әрбір жас тобында тәрбиелеу-

оқыту  мектепке  дейінгі  баланы  жан-жақты  дамытуға  бағытталған 

педагогикалық  процестегі  тәрбиешінің  жетекші  рӛлі  кӛрсетілген.  Аталған 

бағдарламаға  сәйкес  әрбір  одақтағы  республикада  жергілікті  ерекшеліктерді 

(ана тілі, ұлттық дәстүрлер және т.б.) ескеріп, ӛз бағдарламалары жасалды.  

Осы  бағдарлама  одақтас  республикаларда  соның  ішінде  Қазақстанда  да 

1964  жылы  қосымшалар  мен  ӛзгерістер  енгізіліп  қайта  басылып  шығарылды. 

Дене тәрбиесі бӛлімі сабақтарда, серуен кезінде, қимылды ойындар барысында 

балалардың 

қимыл 

белсенділігін 



ынталандыратын 

жаттығулармен 

толықтырылды, таңғы жаттығудың балаларды сауықтырудағы мәні күшейтіліп, 

оның  ұзақтығы  артты.  Жылдың  суық  және  жылы  кезеңдері  ескеріліп,  барлық 

жас топтарына Күн тәртібі құрылды. Қазақстанда мәдени-тарихи және ӛлкетану 

бағыттарымен жұмыс бӛлімдері қосылды.  

Еліміздегі  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  жүйесін  дамытуда  1984  жылдың 

мамыр  айындағы  Кеңес  Одағы  Министрлер  Кеңесінің  «Мектепке  дейінгі 

қоғамдық  тәрбиені  одан  әрі  жақсарту  және  балаларды  мектепке  даярлау 

туралы»  қаулысының  маңызы  зор  болды.  Онда  мектепке  дейінгі  мекемелер 

желісін  кеңейту  жоспарланып,  тамақтандыруға  шығыннның  барынша  жоғары 

нормалары  енгізілді,  баланы  күтуге  тӛлем  ақының  ӛлшемі  қарастырылды, 

тәрбиешілердің  еңбекақысын  едәуір  кӛтеру  қарастырылды,  ясли  және  ересек 

топтардағы  тәрбиешілердің,  медицина  қызметкерлерінің  теңестірілген 

демалысы белгіленді.  

Реформаның  негізгі  ұстанымдарына  сәйкес  мектепке  дейінгі  қоғамдық 

тәрбиені  жетілдіру  бағыты  айқындалған  1984  жылы  жаңа  «Балабақшада 

тәрбиелеу  мен  оқыту»  типтік  бағдарламасы  шықты.  Бағдарлама  баланың 

жасына  сәйкес  педагогикалық  процестің  тұтастығы,  үздіксіздігі,  тәрбие  мен 

оқыту  мазмұнының  ғылымилығы,  олардың  бірлігі,  жүйелілігі,  сабақтастығы 

ескеріліп  әзірленген.  Тәрбиелеу-оқыту  жұмысының кӛлемі  екі бӛлім  бойынша 

«Балаларды  тәрбиелеу  және  тіршілік  әрекетін  ұйымдастыру»,  «Сабақтарда 

оқыту»  берілген.  Осы  бағдарлама  қазақстандық  ғалымдар  мен  педагог 


 

мамандардың  қатысуымен  ӛңделіп,  қазақ  тіліне  аударылып,  қазақ 



балабақшаларына  құжат  түрінде  берілді.  Екінші  сәбилер  тобынан  бастап, 

бағдарламаға  қазақ  халқының  ертегілері,  халық  ауыз  әдебиеті  (жұмбақтар, 

мақал-мәтелдер), қазақ жазушыларының шығармалары енгізілді.  

Ал  Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  тәрбие  жүйесінің  дамуына  және 

балабақшалар  желісін  кеңейтуге  ӛздерінің  сүбелі  үлесін  қосқан,  құнды 

әдістемелік оқу  құралдарды  әзірлеген Н.Құлжанова  («Балабақшадағы  тәрбие», 

«Ана мен бала»),  Б.Баймұратова («Біздің кітап», «Мектепке дейінгі ұйымдарда 

және  отбасында  баланың  тілін  дамыту  әдістемесі»,  «Баланы  мектепке  қалай 

даярлауға  болады?»  т.б.)  және  А.К.Меңжанованың  еңбектері  осы  күнге  дейін 

мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.   

1992  жылы  Ы.Алтынсарин  атындағы  педагогикалық  ғылыми  зерттеу 

институты  Мектепке  дейінгі  білім  беру  зертханасында  «Балбӛбек» 

бағдарламасы  (М.С.Сәтімбекова,  Б.Баймұратова,  Ф.Жұмабекова)  әзірленіп, 

бірнеше жыл бойы эксперимент алаңдарында сынақтан ӛткізілді. Нәтижесінде 

мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  ұлттық  құндылықтар  негізінде 

тәрбиелеудің дәстүрлі әдістемелік жүйесі қалыптасты.  

2006  жылы  «Балбӛбек»  бағдарламасы  ӛңделіп,  толықтырылған  нұсқасы 

қайта басылды. Бағдарламада кӛзделген басты мәселе - балабақшада тәрбие мен 

білім  беруді  кіріктіре  жүргізу,  апталық  жүктемені  азайту,  балаларды  еңбекке 

баулу, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болды.  

Соңғы  онжылдықта  «Қарлығаш»,  «Қайнар»,  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек 

бала»,  «Біз  мектепке  барамыз»  т.б.  білім  беру  бағдарламалары  әзірленіп, 

кеңінен қолданылып келді.  

2013-2014  жылдары  қолданыстағы  білім  беру  бағдарламаларының  саны 

мен  сапасы  бойынша  жүргізілген  зерделеу  жұмысы  олардың  атауы  түрленіп,  

санының  артып  отырғанын  кӛрсетті.  Баламен  ұйымдастырылатын  жұмыс 

түрлеріне,  тақырыптық  жоспарлауға,  қосымша  білім  беруге  арналып,  әр  түрлі 

бағытқа ие бола бастағаны, жекеленген тақырып аясында әзірленген авторлық 

бағдарламаларға айналғаны анықталды.  

Сондай-ақ  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмүны  бойынша  шетел 

тәжірибелері де зерделенді.  

Мемлекет/жас 

0 

1 

2 

3 

4 

5 

6 

7 

Ресей 


ФГОС  

Финляндия 

Мектепке дейінгі оқыту бағдарламасы  

Германия  

Мектепке 

дейінгі 


ұйымдарда 

балаларды 

тәрбиелеу бойынша білім беру ұсыныстары 

15 жасқа дейін 

Ирландия  

Балалардың білім беру бағдарламасы  

  

Жапония 


Балаларға 

күтім 


кӛрсететін 

орталықтарға 

арналған ұлттық білім беру бағдарламасы  

  

Белорусь 



Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы 

Шотландия 

Перинаталдық  кезеңнен 

үш 


жасқа 

дейінгі 


педагогикалық  кадрлар  үшін 

нұсқаулық 

Жетістікке 

жету бағдарламасы 

         18 жасқа 

дейін 


 

Мониторинг  нәтижелері  ғылыми  қызметкерлермен,  мектепке  дейінгі 



білім  беру  саласының  мамандары  және  тәжірибелі  педагогтарымен  түрлі 

республикалық және ӛңірлік іс-шараларда талқыланды. 

Нәтижесінде  республикадағы  білім  беру  жүйесін    жаңғырту  аясында, 

нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қажет ететін мектепке дейінгі тәрбие 

мен  оқытудың  мазмұнын  және  білім  беру  үдерістерінің  әдістерін  жаңарту 

туралы шешім қабылданды.  

Бүгінгі  күні  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті 

Мемлекеттік  стандарты  жаңартылды,  оның  негізінде  1  жастан  6(7)  жасқа 

дейінгі  құрылымды  толық  қамтитын  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

үлгілік  бағдарламасы  (ҚР  БҒМ  №499  бұйрығы  2016  ж.)  әзірленіп,  еліміздегі 

мектепке дейінгі 77 ұйымда сынақтан ӛткізіліп, 2016 жылдан бастап, еліміздің 

барлық ӛңірлеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда қолданысқа енгізілді.  

Аталған  Үлгілік  бағдарламаның  мазмұны    жоғарыда  зерделенген  білім 

беру  бағдарламаларының  ұтымды  тұстары  мен  ғылыми  зерттеулерге  сүйене 

отырып,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  дәріптейтін  «Мәңгілік  ел» 

идеясына  негізделді,  заман  талабына  сай  баланың  дамуына  қажетті  жағдай 

туғызуды қарастыратын дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылды.  

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  бағдарламасының 

құрылымы  мен  мазмұнындағы  және  оның  әдістемелік  кешенінің  басты 

ерекшеліктері:  

- балалардың жас кезеңдерінің ескерілуі; 

- білім беру салаларының ӛтпелі тақырыптар арқылы  кіріктірілуі; 

- баланың білім, білік және дағдыларының жасына сәйкес даму деңгейінің 

кӛрсеткіші - күтілетін нәтижеге бағдарлануы; 

-    білім  беру  үдерісінің  ӛтпелі  тақырыптар  жүйесімен  ұзақ  мерзімді 

(перспективалық) және қысқа мерзімді (циклограмма) жоспарлануы; 

-  баланың бағдарлама мазмұнын игеру деңгейін анықтаудың әдістемелік 

ұсынымдарының жүйеленуі.     

Осы  бағыттағы  тәрбие  мен  оқыту  мазмұнын  балаға  игерту,  оларды 

тәрбиелей  отырып,  мектепке  оқуға  даярлау  кәсіби  қалыптасқан    педагогтың 

құзырындағы жауапты қызмет екені баршамызға мәлім. Іске сәт, әріптестер! 

 

Әдебиеттер 



1.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпығаміндетті  стандарты, 

2015 ж. 


2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 

ж.  


3.  Ильясова  А.Н.  Становлние  и  развитие  педагогической  теории 

Казахстана (1900-1960 гг), Алматы, 1997.  

4.  Храпченков  Г.М.  К  вопросу  о  методологических  основах  историко-

педагогических исследований. – Қайнар, 1997.  



 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҦЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ  



ҦЙЫМДАРЫНДА ЖҤЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ 

 

Ф.Н.Жұмабекова, п.ғ.к, доцент 

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

 

«Мәңгілік  ел»–  ата-бабамыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы 

екенін  барлығымыз  білеміз.  Ол  арман  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас 

құратын,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  тәуелсіз  мемлекет  атану 

еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен 

қарайтын  бақытты  ел  болу  еді.  Біз  бұл  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық. 

Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Мен  қоғамда  «қазақ  елінің  ұлттық  идеясы 

қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, 

біліп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  етіп  ұлтты  ұйыстыра  ұлы 

мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  мәңгілік  ел  идеясы.  Тәуелсіздігімізбен 

бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі, 

тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік  елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік 

ғұмыры  ұрпақтың мәңгілік болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  – 

мәңгілік қазақтың перзенті»– деді Елбасымыз. 

Елбасы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Жаңа  құндылықтар  жүйесіне 

тезірек  бейімделіп  кеткен  келешекке  жаңаша  кӛзқарасы  бар  жас  ұрпақты  дер 

кезінде  ең  қымбат  адами  кӛзқарастар  негізінде  рухани-адамгершілік, 

имандылық  ізгі  қасиеттерге  баулу  қажет»–деген,  еліміздің  болашағы  ӛскелең 

ұрпақ қолында екенін, жақсы тәрбие беру барысында жас ұрпаққа адамзаттық 

құндылықтар,  рухани  мәдени  мұралар  сабақтастығын  сақтай  отырып 

тәрбиелеуді мектепке дейінгі ұйымдардан бастау керек.  

Президентіміздің  қазіргі  кезде  басты  назар  аударған  бір  мәселесі–

бүгінгімақтанышымыз,  ертеңгі  келер  ұрпағымыздың  тәрбиесі.  Ӛйткені,  бала–

ӛмірдің  сәні,  бақыттың  нысаны,  ертеңгі  күнді  жалғастырушы  ұрпақ.  Ұрпақ 

тәрбиесі–келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты 

жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени–ғылыми  ӛрісі  озық  етіп  тәрбиелеу–

педагогтардың міндеті. Ал, қазіргі кезде ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-

ғұрпынан  ажырап  қалған,  шетелдік  компьютерлік  ойындар  мен  қатыгездікке 

құрылған  фильмдердің  еркінде  кеткен  жастарымызды  қайтсек  дұрыс  жолға 

саламыз?  Бүгінгі  таңда  бұл  сұрақ  ұлтымыздың  болашағын  ойлайтын,  санасы 

сергек барша қауымды толғандыруда. 

Толғанысты  ой,  тартымды  пікір,  шешімін  күтіп  тұрған  кӛкейкесті 

мәселелер  кӛптеп  саналады.  Осыған  орай,  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім 

берудің тарихи шежіресіндегі жеткен жетістіктеріміз атап айтар болсақ. 

Егемендік алғанға дейінгі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тарихы 

мен  дамуын  зерделеген  зерттеулер:  Н.Құлжанова  (1887-1939),  Г.П.Охотская 

(1917-1941),  Р.М.Жұмағожина  (1941-1945),  Н.И.Храпченкова  «1946-1980), 

Меңдаяхова  (1958-1980),  В.Н.Андросова,  Л.И.Давиденко  (1980-1990), 

Б.Б.Баймұратова (1970-1999) т.б. еңбектерде сипатталды. 


10 

 

Қазақстанның  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  мектепке  дейінгі  білім  беру 



ұйымдарының  қоғамдағы  әлеуметтік  рӛлі  мен  оны  дамытудың  мәселелерін 

қарастырған  ғалымдар:  Т.Ж.Қалдыбаева,  В.Н.Андросова,  Р.К.Аралбаева, 

Б.О.Арзанбаева, 

Ә.С.Әмірова, 

Б.Б.Баймұратова, 

С.Г.Бәтібаева, 

А.Б.Бақрединова, 

Н.Б.Баримбеков, 

М.С.Сәтімбекова, 

Г.Х.Дүкенбаева, 

А.К.Меңжанова, 

Г.Ж.Меңлібекова, 

Қ.М.Меңдіаяқова, 

А.Е.Мәнкеш, 

Г.Метербаева, 

М.Т.Тұрсыкелдина, 

Т.А.Левченко, 

Х.Т.Шерьязданова, 

С.Н.Жиенбаева, 

Ф.Н.Жұмабекова, 

М.Оспанбаева, 

Р.Қ.Керімбаева, 

А.Ж.Салиева,  Ш.Сапарбаева,  Н.С.Сайлауова,  Ғ.З.Таубаева,  Ұ.Тӛленова, 

Т.И.Иманбеков т.б. еңбектерінің маңызы зор. 

Қазіргі  кезеңде  қарқын  алып  отырған  мемлекеттік  деңгейде  шешімін 

табуға  ықпал  етіп  отырыған  «Балаларды  мекепке  дейінгі  оқыту  мен  және 

тәрбиемен  қамтамасыз  етуді  арттыруға  бағытталған  «Балапан»  арнайы 

бағдарламасы, 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 – 2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  дайындалып  онда  мектепке 

дейінгі тәрбиенің күшті және әлсіз жақтары атап кӛрсетілді. 

2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты 

жұмыс  істеуі,  мектепке  дейiнгi  бiлiм  беру  мазмұнын  жаңартуға  бағытталған  

жалпыға  міндетті  стандарт,  тұжырымдамалар  мен  жаңа  тұрпатты 

бағдарламалардың 

дайындалуы, 

ғылыми-зерттеулер 

мен 


тәжірибелік 

мүмкіндіктердің  тиімді  тенденцияларын,  қағидаларын,  негізгі  бағыттары  мен 

күтілетін  нәтижелерін,  оны іске  асырудың  кезеңдері  мен  шарттарының бірлігі 

қамтамасыз етілуде. 

 

Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  100  жылдық 



мерейтойының  қарсаңында  атқарылар  ауқымды  істер,  зерттеуді  қажет  ететін, 

зерделеуде зеректік танытатын мәселелер жеткілікті. Атап айтар болсақ: 



Біріншіден, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын мектепке дейінгі білім 

беру  ұйымдарында  жүзеге  асырудың  шарттарын  айқындап  алу  қажет.  Мұнда 

Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласының  

нормативтік-құқықтық  құжаттарына  білім  беру  мазмұнының  сәйкестігін 

қадағалау және заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 

пайдалану,  балабақша,  мектепішілік  және  жоғары  оқу  орнында  БАҚ,  тәрбие 

мәселелері бойынша баспа қызметін ұйымдастыру. 



Ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  етудепедагогтардың  біліктілігін 

арттыру  және  қайта  даярлау,  ғылыми-әдістемелік  кешендер  әзірлеу, 

вариативтік  бағдарламаларды,  тәрбиелік  және  ақпараттық  технологияларды 

енгізу.  Тәрбиемен  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  озат  тәжірибесін 

анықтау,  зерделеу  және  кеңінен  тарату,  тәрбие  үдерісінде,  сондай-ақ  оны 

басқаруда  жаңа  технологияларды  меңгеру,  адамның  рухани  әлемін 

қалыптастыруға бірізді бағдарлану. 

Психологиялық-педагогикалық  қолдауда  -  балаларды  тәрбиелеуде  білім 

беру  ұйымдары  педагог-тәрбиешілерінің  педагогикалық  ЖОО  және 

колледждердің,  ғылыми  ұйымдардың  профессорлық-оқытушылық  құрамымен, 

ата-аналар  қауымдастығымен  және  қоғамдық  ұйымдармен  серіктестік  пен 



11 

 

ынтымақтастық  орнату.  Ол  балалар  мен  жастардың  әлеуметтік-педагогикалық 



қорғанысын  қамтамасыз  етуді,  ӛзіндік  құндылық  және  психологиялық 

жайлылық  сезімін  қалыптастыруды,  дамудың  психологиялық-педагогикалық 

кемшілігін  түзетуді  қажет  ететін  балалар  мен  жастардың  түрлі 

категорияларымен жұмыс жүйесін жетілдіру



Ұйымдастыру-басқарушылықты  қамтамасыз  етуде  -  балабақшаларда 

тәрбиелеу  мен  оқытуды  оңтайлы  жоспарлау,  оқу  қызметінің  мазмұнын 

үйлестіру және оған жағдай жасау, инварианттық және вариативтік білім беру 

мазмұн интеграциялау, тәжірибе жұмыстарына ұдайы зерттеу жүргізу, озық іс-

тәжірибелерді насихаттау, тарату, оқу қызметі мен тәрбиеге мониторинг жасау, 

тәрбие  үдерісі  субьектілерінің  пікірін  зерделеу  негізінде  біртұтас  білім  беру 

кеңістігін  құру.  Үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  білім  беру  деңгейлері  мен 

сатыларының  сабақтастығын  дамыту,  зерттеушілік  және  инновациялық 

қызметке  қолдау  кӛрсету.  Отбасылық  тәрбие  жүйелерін  қайта  ӛркендету, 

балабақшадағы  ата-аналар  комитеті  жұмыстарын  жетілдіру  және  оларға 

арналған  кеңестер,  бірге  ұйымдастырылатын  отбасылық  шаралар,  балабақша 

ӛміріне қатысуы, әкелер, аналар, әжелер, әкелер клубы, педагогикиалық оқулар 

мен  конференциялар  ұйымдастыру  арқылы  ұстанған  негізі  идеяны  насихаттау 

маңызды міндет. 



Екіншіден,  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мазмұнын  жаңартуда 

мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған  стандарт  негізінде  дайындалған  оқу 

әдістемелік  құралдардың  сапасын  арттыру,  тәжірибеде  пайдаланудың 

мүмкіндіктерін  жетілдіру,  мамандардың  кәсіби  біліктілігі  мен  құзіреттілігін 

арттыруға  баса  назар  аудару  қажет.  Оқу-әдістемелік  құралдар,  оқу 

бағдарламаларының  мазмұнын  тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың 

рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмге, 

жалпыұлттық идеяны іске асыруға тырысу, этносаралық және мәдениетаралық 

байланыс  жағдайында  толеранттылықты  және  қарым-қатынас  жасау  білігін 

дамытуға  бағыттау.  Жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  қазақстандық 

патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет  кӛрсету,  ынтымақтастық, 

еңбек  пен  шығармашылық,  ашықтық,  ӛмірлік  дағдыны  қалыптастыру. 

Қазақстанның  тәуелсіздігі  және  азаматтық  жауапкершілік,  Отанға  деген 

сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, мемлекет мүддесіне қызмет 

ету маңызды мәселе деп есептейміз. 

Үшіншіден, мамандар даярлау мәселесін жетілдіру және олардың сапасын 

жақсартуға  басым  кӛңіл  бӛлу.  Болашақ  мамандардың  қазақ  тілін  мемлекеттік 

тіл,  ұлттық  сана-сезімнің  базалық  тетігі,  қазақ  халқының,  қазақ  жерін 

мекендейтін  барша  халықтар  мен  ұлыстардың  руханияты  мен  бірлігінің 

тұғыры, тұтастай ұлттық рух дамуының негізі ретінде белсенді түрде меңгеруге 

дайындығын дамыту. Қазақ халқының озық дәстүрлерін (қонақжайлық, барша 

адамдарға  деген  ықыласты  кӛңіл  мен  қамқорлық,  тӛзімділік)  негізге  ала 

отырып, болашақ мамандардың (ұлтына қарамастан) бірлесіп ӛмір сүріп жатқан 

халықтар  мен  ұлыстардың  салт-дәстүріне,  ұлттық  мәдениеті  мен  тарихына 

деген  құрмет  сезімін  дамыту.  Болашақ  мамандарды  ӛз  бойында  келесі 



12 

 

қасиеттерді  саналы  түрде  қалыптастыруға  бейімдеу:  а)  жоғары  деңгейдегі 



ұлттық  абырой,  патриотизм  мен  азаматтық,  тӛзімділік  (толеранттылық)  пен 

гуманизм;  ә)  этносаралық,  конфессияаралық  және  мәдениетаралық  сұхбат 

құруға  әзірлік;  б)  Ақиқат,  Сүйспеншілік,  Дұрыс  іс-әрекет,  Ішкі  тыныштық, 

Қиянат  жасамау  құндылықтары  мен  «мәңгілік»  мұраттарды  бейнелейтін  жер 

бетінде  бейбітшілік  пен  тыныштық  орнауына  септігін  тигізетін,  зорлық-

зомбылыққа  жол  бермейтін  ӛмір,  еркіндік,  ар,  сенім,  махаббат,  бақыт  сынды 

жалпыадамдық  тұғырлы  құндылықтар  бағдарын  ұстануға  ықыласты  болу. 

Болашақ  мамандардың  заманауи  әлеуметтік-мәдени  жағдайда  келесі  қасиет-

сапаларға  ие  бәсекеге  қабілетті  зияткер  тұлғаға  деген  сұраныстың  жоғары 

болатындығын саналы түрде пайымдап түсінуге бағыттау: а) ӛзін жетілдіруге, 

ӛздігімен  дамуға,  ӛзінің  негізгі  күш-қуатын  іске  асыруға  және  ӛзін  танытуға 

ұмтылыс;  ә)  жаңа  білім  мазмұнын  игеріп,  тың  идеяларды  ойлап  табуда 

бастамашылдық  таныту  және  оларды  отан  игілігі  үшін  жүзеге  асыруға  дайын 

болуға үйрету. 



Тӛртіншіден, мектепке дейінгі ұйымдарда баланы дұрыс тәрбиелеу үшін 

ең алдымен «тәрбиешінің - ӛзі тәрбиеленген» болуы керек, балаға ӛзі үлгі бола 

алатын,  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  кемеңгер  басшы,  кемел  педагог-тәрбиеші 

қызмет  жасауы  қажет.  Педагог  мамандығы  жасандылыққа,  уақыт  талабынан 

қалыс қалуға тӛзбейді. Болашақтың адамын тәрбиелейтін, болашақ жас ұрпаққа 

білім  мен  тәрбие  беретін  бала  жанының  бағбаны  тәрбиешілер  болғандықтан 

олардың  ары  таза,  адал,  әдепті,  инабатты,  сыпайы,  парасатты,  байсалды, 

ұстамды,  тӛзімді,  кешірімді  болу  сияқты  адами  қасиеттерді  ӛз  бойында 

дамытып  ұрпақ  тәрбиесінде  қолдана  білу  арқылы  мектепке  дейінгі  жаста 

рухани  тәрбие  берудің  негізгі  тірегі  бола  білуі  шарт.  Балаларды  еңбек  етуге 

баулу  арқылы  ӛз  ӛмірінің  мәнін  түсінуге  ықпал  ететіндігі,  үнемдеу,  ӛмірлік 

дағды  қалыптастыру,  сӛз  бен  істің  бірлігін  сақтауға  баса  назар  аудару,  ата-

аналармен  ынтымақтастық  орнату.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  тәрбиелеу 

меноқыту  үдерісін  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негіздей  отырып  тұтас 

білім  беру  үдерісінде  үздіксіз  іске  асыру,  балалардың  жүректеріне 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  сіңіру,  олармен  жұмыс  жасауда  рухани 

бастауларды  ашу,  шабыттандыру,  оқу  қызметі  барысында  қолданатын  әдіс-

тәсілдерді түрлендіріп, жетілдіріп отыруға кӛңіл бӛлу қажет. 



Бесіншіден,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру  үдерістерінде 

инновациялық  технологияларды  қолдануға  жете  мән  беру.  Мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  білім  беру  мазмұнын    жаңалау,  жаңалық  енгізуде  -  инновациялық 

мазмұнды дамыту, жаңаша ұйымдастыру, ал «жаңаша» дегеніміз жаңа мазмұн, 

оны  енгізудің  әдіс-тәсілдерін,  технологиясын  тәжірибеде  тиімді  пайдалана 

білуге  ұжымды  жұмылдыру.  Қазіргі  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласында 

инновациялық  технологияларды  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман 

болуы  мүмкін  емес.  Инновациялықтехнологияны  меңгеру  тәрбиешінің 

интеллектуалды,  кәсіптік-адамгершілік,  рухани-азаматтық  және  де  басқа 

кӛптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  әсерін  тигізеді,  ӛзін-ӛзі  дамытып, 

оқыту-тәрбиелеу 

үлгісін 


тиімді 

ұйымдастыруына 

кӛмектеседі. 


13 

 

Инновациялықтехнологияларды  пайдалану  негізінде  мектепке  дейінгі  білім 



беру тұжырымдамасының алгоритмі тӛмендегідей түрде ұсынылады: білім беру 

жүйесінің  түпкі  мақсаттарын  баяндау;    аралық  мақсаттардың  болжамдық 

кӛрсеткіштерін  баяндау;  оқыту  мазмұнына  сүйену;  кӛзделген  мақсатқа 

жеткізетін  және  оқыту  сапасын  объективті  тексеру  әдістемесімен  қамтамасыз 

ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну; оқытудың ұйымдастырушылық 

формалары мен шарттарын баяндау. 

Инновациялықтехнологияларды  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  енгізу 

барысында  мына  факторлар  ескерілуі  керек:  алынып  отырған  технология 

тәрбиелеу  мен  білім  берудің  тақырыбы  мен  мазмұнына  сай  болуы;  тиімділігі, 

жүйелілігін  сақтау  мен  оны  тәжірибеде  пайдалануда  тӛмендегідей  кезеңдер 

арқылы іске асыру: 1-кезең – оқып үйрену. 2-кезең – меңгеру. 3-кезең – ӛмірге 

енгізу, тәжірибеде қолдану. 4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру. 

Қазіргі  заманғы  қазақстандық  білім  беру  үлгісіне  кӛшуде  және  әлемдік 

білім  кеңістігіне  енуде  кәсіби  білікті,  құзыретті  тәрбиеші  –  педагог  қана  ӛз 

жұмысын  жаңадан  құрып,  жоғарғы  нәтижелерге  жете  алады.  Сонымен  қатар 

жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын 

академиялық  пәндер,  жобалау-зерттеу  және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттер, 

қосымша білім беру, таңдау курстары арқылы  балабақша, мектеп және жоғары 

мектепте оқу мазмұнына енгізілетін болады. Оқытудың интербелсенді әдістері: 

ойын технологиясы, рухани тәрбие негіздерін берік қалаудың жаңаша әдістері 

мен  тәсілдемелері,  трениенгтер,  сыни  тұрғыдан  ойлау,  ой  қозғау,  кейс-стади,  

зерттеушілік т.б. әдістерді оқу қызметінде тиімді пайдалануға басымдық берілу 

керек.  

Алтыншыдан, ата-аналармен ынтымақтастықты күшейту, республикалық, 

облыстық,  аудандық  және  қалалық  ата-аналар  қауымдастығын  құру;  бала 

тәрбиесіндегі  ӛзара  келісім,  түсіністік,  отбасындағы  берілетін  рухани 

адамгершілік  тәрбиенің  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негізделуіне 

арналған кеңес беру әдістемесін жасау. Балабақша ұжымының басқа білім беру 

ұйымдарымен (мектеп, колледж, университ т.б) қоса білім министрлігі,  басқа 

да  қоғамдық  басқару  ұйымдары,  мешіттер,  ата-аналардың  қоғамдық 

ұйымдарымен,  бизнес  саласының  ӛкілдерімен,  БАҚ-мен  тығыз  байланыс 

орнату  және  олармен  жүйелі,  тұрақты  қарым-қатынаста  болып,  ғылыми-

зерттеулер  жүргізіліп  оның  нәтижелерін  әлемнің  деңгейде  тәжірибеге  енгізе 

алатындай үлгі болуымыз керек. 

Ойымызды қорытындылай келе, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың 

басты  тетігі  ретінде  білім  беру  ұстанымдарын  анықтап,  оларды  үздіксіз  білім 

беру жүйесінде үзбей іске асыру мәселесінде нақты іс-шаралар ұйымдастырылу 

қажет.  Ең  бастысы  ұрпақ  тәрбиесінде  ата  -  ана,  ұстаз,  тәрбиеші,  білім  беру 

ұйымдарын  басқарушы  әкімшілік  ӛздері  үлгі  бола  отырып  жас  ӛркенді 

ақпараттар ағымымен қаруландыруды ғана мақсат тұтпай, адами құндылықты, 

рухани  адамгершілік  тәрбиені  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіруде  нақты  іске 

кӛшудің  жолдарын  қарастыру  қажет.  Мұнда  баланың  рухани  бастауын  ашуда 

кемел  мұғалім  ретінде  ізгілік  стилін,  ізгілік  тәсілдемелерін  пайдалану,  ата-



14 

 

анамен ынтымақтастық орнату, әрдайым жағымды кӛңіл күй туындату арқылы 



жас ұрпақтың бойына имандылық, ізгілік, кісілік, бауырмалдық, ұлтжандылық 

т.б.  құнды  адамгершілік  қасиеттерді  бойына  сіңіру  маңызды  болмақ.  Ұрпақ 

тәрбиесіндегі парызымызды орындауда ғасырлар бойы тағдырдың талқысынан 

ӛткен,  заманымыздың  сынында  шыңдалған,  еленіп-екшеліп  жасығы  жоғалып, 

асылы  жеткен  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  бағдарланған  білім  беру  мен 

тәрбиелеудің  әдіснамасы  мен  тұжырымдамасын,  осыған  дейін  жасалған 

тұғырлар  мен  қағидаларды  жүзеге  асырудың  әдістемесін  қалыптастыруды  

қолға алуымыз қажет. Ұлтымызға тән даналық қасиеттерге сүйене отырып, жас 

ұрпақтың  ой,  ниет  тазалығын  сақтауға,  ақиқаттың  ақ  жолын  таңдауға,  риясыз 

сүйіспеншілікпен  дұрыс  әрекет  жасауға,  бүгінгі  «беймаза»  заманда  ішкі 

тышытық орната алуға, тӛзімділікке, шыдамдылыққа, ӛмірден адам ретіндегі ӛз 

орнын таба алуға бағыттай білу – ең маңызды мәселе.  

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал