Мектепке дейінгі балалардың жан жақты ана тілінде дамыту және оның тілдік қарым қатынаста болуын басты мәселе деп есептеуі қажет. Себебі тіл- адамның қатыныс құралы



жүктеу 50.45 Kb.
бет7/7
Дата09.11.2022
өлшемі50.45 Kb.
#23608
1   2   3   4   5   6   7
17183 aqU
О ПРОИСХОЖДЕНИИ ТЮРКОВ ПО ДАННЫМ ГЕНЕТИКИ, ЛИНГВИСТИКИ И ПАЛЕОАНТРОПОЛОГИИ, Лекция 1 СИК 2020
Бала, бала, баламыз
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз! (Е.Өтетілеуов)


Өлеңмен жұмбақты қайталау:
Ол көпке жарады,
Отынсыз жанады. (газ)

Бозда боз ат мінген атам,


Бозда бозда жүрген атаң.

/Ж/- дыбысы бар буындарды қайталау:


Жа – жа- жа – жалау
Жо – жо- жо – жол жө- жө- жө- жөке
Жу- жу- жу- жусан же – же – же - жер
Жы- жы- жы- жылан жә- жә- жә- жәшік
Жи – жи- жи- жиек аж – аж – аж – гараж


/Ж/- дыбысы бар тақпақ:
Жау жаңбыр
Жау – жау жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жауған жаңбыр – жауған нұр.
Жердің шаны басылсын,
Гүлдің қаузы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау
Гүлденсін, бау!

(Ж.Смақов)




Сөзде /Т/ дыбысын дыбыстау:
Та – ла - ту- ты – то – па – пи – ти.
Тарақ бұтақ хат
Торғай кітап от
Тұман балта сағат
Тауық ата шахмат

Та – та – та – ата ат – ат – ат - сағат


Ты – ты – ты – тымақ үт – үт – үт - сүт
Тұ – тұ- тұ- тұтін ет – ет – ет –ет


/Т/ дыбысын бекітуге тақпақ:
Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қоңғайсың.
Жем шашайын – тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. (Х. талғаров)
Жұмбақтар
Жүйрік өзі оқтан да,
Ғарышқа өрле, тоқтама. (зымыран)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. (бидай)
Көрдім мен терезеден өрнекті,
Біреу қолмен жасағандай көрнекті. (қырау)

Асты тас, үсті тас,


Ортасында жанды бас. (тасбақа)

Шеңбер жасап өседі,


Желмен бірге көшеді. (қаңбақ)

Бұрап қойған сағаттай,


Айқайлайды таң атпай. (әтеш)
Қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс дыбыстау кестесі:



Әріптің


баспа түрі



Ә
Әріптің
жазба түрі

Ә
Әріптің
айтылуы

Дыбыстардың


артикуляциясы

Сөздің дыбысталуы

1

2

3

4

5

Ә ә

Ә ә

ә

Дауысты, жіңішке, ашық, езулік.

Әже, әке, сәби, әулет, әпке, тәте.

Ғ ғ

Ғғ

ғ

Дауыссыз, ұяң,
жуан дауысты дыбыстыла рмен жазылады,тіл арты.

Аға, нағашы, ғасыр, ғалым, ғылым.

Қ қ

Қ қ

қ

Қатаң,тіл арты, шұғыл,жуан дыбыстылармен жазылады.

Қарындас, қыз, қалам, Қайрат.

Ң ң

Ң ң

ң

Үнді, тіл арты, шұғыл, жуан дыбыстылармен жазылады.

Сіңлі, мың, жаңа, жаңбыр, таң, аң.

Ө ө

Ө ө

ө

Дауысты, ашық, еріндік.

Бөбек, бөпе, сөз, өмір, көз, өнер, төрт.

Ұ ұ

Ұ ұ

Ұ

Дауысты, қысаң, жуан, еріндік.

Ұл, ұлт, құс, тұр, бұлт, сұлы.

Ү ү

Ү ү

ү

Дауысты, жіңішке, қысқа, еріндік.

Сүт, гүл, жүр, күл, күн, түн, үй, үш.

Һ һ

Һ һ

һ

Дауыссыз, қысаң, қатаң, ызың.

Жауһар, Гауһар, жиһаз, шаһар.

Ы ы

Ы ы

ы

Дауысты, жуан.

Отыр, жатыр, ыдыс, Ырысты, Ыдырыс.

І і

І і

і

Дауысты, жіңішке, қысқа, езулік.

Іні, тіл, білім, кісі, бір, кір, кілт, кілем, ішік.

Түйінді
Тіл дыбыстарын дұрыс айта білуді меңгеруді сөйлеу процесінен бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу тілі алуан түрлі әуездігімен, дауыс ырғағының сан құбылып, сөйлеушінің көңіл күйі, сөйлеу мақсаты шеберлік машығымен астасып жатуымен ерекшеленеді. Осыған орай оның тыңдаушыға әсері де түрліше болады. Мәселен, көтеріңкі немесе баяу дауыспен сөйлеудің адамға әсері бірдей болмайды. Сондықтан ана тілінің дыбыс жүйесіне тән ерекшелігін жас баланың құлағына табиғи сіңруде қызықты ертегі, тақпақ, жаңылтпаш, санамақтарды оқып беру мен айтқызудың орны ерекше болмақ.
Тәрбиеші ертегіні мазмұнына қарай дауыс ырғағын құбылтып, мәнерлеп оқып беру арқылы балаларды сөйлеу машықтарына біртіндеп үйретеді.
Балаларға тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар айтқызғанда дауыс, қимыл – қозғалыс жағына ерекше назар аударылады. Балаларға арналып жеңіл тілмен жазылған көңілді өлеңдер мен санамақтарды да жатқа айтқызу тартымды.

Қолданған әдебиеттер.



  1. Еденбаева З. Д, Попова Т. Н. – Алматы: Күншуақ – 2006

Қазақ тілінің дыбыстық үндестігі.

  1. Дүйсенбай Е. Әліппе тілашар. Алматы, 1996.

  2. Асқар Д. Әріптер әлеміне саяхат. Алматы. 1998

  3. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы:

Ана тілі, 1991.

  1. Мектепке дейінгі балаларды оқытып – тәрбиелеуде дидақтикалық ойындардың рөлі: методикалық нұсқау,

Алматы, 1988

  1. Мухина В. С., Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, Алматы, Мектеп, 1986

  2. Баймұратова Б., Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселелері, Алматы, 1993

Мазмұны:


  1. Түсініктеме.

  2. Мақсатымен, міндеті.

  3. Қазақ тілінің дамытудың кейбір мәселелері.

  4. Балабақша балаларының ойын арқылы тілін дамыту.

  5. Қазақ тіліндегі фонетика ерекшеліктері.

  • Дыбыстармен таныстыру

  • Дыбыстарды ажырата білу

  • Дыбыстардың түрлерін ажырату

  1. Жеке дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету.

  2. Қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс дыбыстау кестесі.

  3. Түйнді.

  4. Қолданған әдебиеттер.




жүктеу 50.45 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет