Мектепке дейінгі балалардың жан жақты ана тілінде дамыту және оның тілдік қарым қатынаста болуын басты мәселе деп есептеуі қажет. Себебі тіл- адамның қатыныс құралы


Балабақша балаларының ойын арқылы тілін дамыту



жүктеу 50.45 Kb.
бет3/7
Дата09.11.2022
өлшемі50.45 Kb.
#23608
1   2   3   4   5   6   7
17183 aqU
О ПРОИСХОЖДЕНИИ ТЮРКОВ ПО ДАННЫМ ГЕНЕТИКИ, ЛИНГВИСТИКИ И ПАЛЕОАНТРОПОЛОГИИ, Лекция 1 СИК 2020
Балабақша балаларының ойын арқылы тілін дамыту
Балабақша балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды- бейнелі, қимыл – қозғалыс, дидақтикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды – бейнелі ойында бала ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс – әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс – әрекетке бағдарлайды. Ойын жағдайын оған араласқан әрбір баладан тіл қарым – қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады. Сонымен, балалар ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, К.Д. Ушинский, П.Г. Саморукова, психолог – ғалымдар Д.Б. Эльконин, А.В Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Н.К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе жатқан бала организіміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш – қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қыралығы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген болатын.
Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.
Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда ойынның айырықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф – ғалымы Ш. Уәлиханов, ағартушы – педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татыпкөру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған.
Балалардың ойынға деген қызығушылығы және оның бала өміріндегі мәні психологиялық- педагогикалық мақсаттарда пайдаланылады. Балаларды физикалық, тілдік тұрғыдан дамытуда, өлшем бірлігімен, түс және форма ұғымдарымен таныстыруда дидактикалық ойындар таңдалып алынады. Бұл ойындар балалардың еркін күшін, тілін, қимылын – қозғалысын, ақыл – ойы мен қажырлығын қалыптастырылады.
Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол. Ойынның балабақша балаларына тәрбиелік тұрғыдан ықпал ететін мүмкіндіктерінің бар екені күмәнсіз: дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың тілін дамытып қана қоймайды, сабаққа, еңбекке баулиды. Мектепке дейінгі шақта ойын іс – әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл баланың көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінде емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызып, тілін дамытуға ықпал ететіндігімен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс- әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір ролді алады да, сол рөлге сәйкес іс- әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың орнына тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз басына алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған рөлді дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемейді кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың рөлін орындайтың басқалардың құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген затты жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар.
Кезінде,К.Д. Ушинский байқаған ерекше мәнді дидактикалық бір жағдайға тоқталайық: үнемі баланың тілін жөндеп отыру (болмай қоймайтын жай, өйткені балалар енді ғана тілді меңгеруде ғой) тіпті балаларға елеусіз іс болып қалады, өйткені тілден кеткен қате жол – жөнекей түзетіледі немесе балаларды жалықтырып жібереді. Балаларға тіл үйрету мұндай қателерді болдырмау жағын ойластыруға мүмкіндіктер береді, сол арқылы тәрбиеші бұл істен босатады, ал баланы оның қатесін түзетуден сақтандырады. Әрине, бұл ережені ерекшелеп байыптауға болады, алайда тіл үйрету процесі өзінен – өзі – ақ оның дұрыс дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, оқыту жайшылықта нашар дамитын, біраз жекелеген ерекшеліктер арқылы көрінетін тіл дамуындағы сапаларды да қамтиды. Балалар ойын кезінде бір – бірімен қарым – қатынас жасауды сүйеді. Алайда, мектепке дейінгі балалардың бәрі бірдей тілінің дұрыс қалыптаспауының салдарынан ойын кезінде қарым – қатынас жасауда еркін араласа алмайды. Балалардың тілін дамытуда заңдылықтарды ескере отырып жасалған жоспарлы ойын арқылы оқыту тәсілдері баланың тілін қалыптастыруды жеңілдетеді.
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл – ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығын сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым- қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:


  1. жүктеу 50.45 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет