Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



жүктеу 25.94 Kb.

бет1/28
Дата03.05.2017
өлшемі25.94 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ҚАЗАҚСТАН
Мектеп ресурстары ЭЫДҰ шолуы 
Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински,  
Игорь Хейфец, Марлейн Локхид, Пауло Сантьяго


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© ЭЫДҰ және Халықаралық қайта құру дәне даму банкі / Дүниежүзілік банк, 2015 ж. 
Осы  құжатты  жазбаша  рұқсатсыз  басқа  тілдерге  аударуға  рұқсат  етілмейді.  Осы  мәселе 
бойынша сұрақтарды rights@oecd.org мекенжайына жіберу қажет 
 
 


АЛҒЫСӨЗ  
Осы  ЭЫДҰ  және  Қазақстан  бойынша  Дүниежүзілік  банктің  бірлескен  есебі  ЭЫДҰ-ның 
мектептердегі ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру саясаты жөніндегі шолуының (сондай-
ақ «Мектептердегі ресурстарды пайдалану тиімділігін жақсарту жөніндегі саясатқа шолу» деп те 
аталады,  толық  ақпарат  алу  үшін  А  қосымшасын  қараңыз)  бір  бөлігі  болып  табылады.  Бұл 
Шолудың  мақсаты  мектептегі  білім  берудің  сапасын,  әділдігі  мен  тиімділігін  арттыру  үшін 
ресурстарды басқару, бөлу, пайдалану мүмкіндіктерін және олардың менеджментін зерттеу болып 
табылады.  «Мектеп  ресурстары»  деген  түсінік  бұл  жерде  кең  мағынада  пайдаланылады  және 
қаржылық  ресурстарды  (мысалы,  білім  беруге  жұмсалатын  шығындар,  мектеп  бюджеттері), 
физикалық  ресурстарды  (мысалы,  мектеп  ғимараттары,  компьютерлік  жабдық),  адами 
ресурстарды  (мысалы,  мұғалімдер,  мектеп  басшылығы)  және  басқа  ресурстарды  (мысалы,  оқу 
уақыты) қамтиды.   
Қазақстан  мемлекеттік  шолулар  сериясына  қатысуды  және  сыртқы  сарапшылардың  тобын 
қабылдауды  шешкен  елдердің  бірі  болды.  Сарапшылар  тобының  құрамына:  Анна  Понс  (ЭЫДҰ 
Хатшылығы),  Шолуды  дайындау  жөніндегі  жұмыстарды  үйлестіруші;  Джереми  Аморосо 
(Дүниежүзілік банк); Ян Херчински (Білім беру саласындағы зерттеу институты, Польша); Игорь 
Хейфец  (Дүниежүзілік  банк);  Марлейн  Локхид  (Принстонский  университеті,  АҚШ);  Пауло 
Сантьяго (ЭЫДҰ Хатшылығы) кірді. Бұл жарияланым Шолуды дайындау жөніндегі сарапшылар 
тобының  есебі  болып  табылады.  Ол  Қазақстанның  мектептегі  білім  беру  жүйесінің  негізгі 
мәселелері,  ағымдағы  стратегиялық  бастамалар,  болашақтағы  ықтимал  тәсілдер  бойынша, 
халықаралық  тұрғыдан  берілген  тәуелсіз  талдауды  қамтиды.  Есептің  үш  мақсаты  бар:  (1) 
Қазақстандық уәкілетті білім беру органдарына ақпарат пен ұсынымдар беру; (2) ЭЫДҰ елдеріне 
Қазақстандық тәсілді түсіндіру; (3) ЭЫДҰ-ның мектептердегі ресурстарды пайдалану тиімділігін 
шолу жөніндегі соңғы салыстыру есебін дайындау үшін ақпарат беру.  
ЭЫДҰ  шолу  жөніндегі  сарапшылар  тобы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрі А.Б. Сәрінжіповке және Министрліктің аппаратына, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ 
(бұдан әрі - АТО) президенті С.А. Ирсалиевке, АТО вице-президенті Е.Н. Шулановқа, сондай-ақ 
олардың қызметкерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Қазақстанның ЭЫДҰ шолуын 
дайындауға қатысуын үйлестіруге сол кезде АТО орта білімді дамыту департаментінің директоры 
қызметін атқарған Әсем Сәтмұхамбетова; 2013 жылғы қыркүйектен бастап 2014 жылғы мамырға 
дейін  және  2014  жылғы  маусымнан  бастап  АТО  жетекші  аналитигі  Жаннат  Мусина  жауапты 
болды.  
Қазақстанның  қатысуының  маңызды  бөлігі  АТО-ның  ел  бойынша  мектептердегі  ресурстар 
туралы  кешенді  және  ақпараттық  Негізгі  есеп  дайындауы  болды.  НЕ-нің  өзі  ЭЫДҰ  жобасының 
маңызды нәтижесі болып табылады, бірақ ол Сарапшылар тобы үшін де ақпараттың маңызды көзі 
болды.  Егер  басқасы  көрсетілмесе,  осы  есеп  үшін  деректер  Қазақстан  бойынша  Негізгі  есептен 
алынған.  НЕ  ЭЫДҰ  Хатшылығы  дайындаған  нұсқауға  сәйкес  құрастырылған  және  ұлттық 
мәнмәтінге,  білім  беру  жүйесін  ұйымдастыруға,  мектептердегі  ресурстарды  пайдалануға  және 
негізгі мүдделі тараптардың пікірлеріне қатысты ауқымды ақпаратты, талдау мен талқылауларды 
қамтиды. Бұл тұрғыда НЕ және осы есеп бір-бірін толықтырып тұрады және Қазақстанда мектеп 
ресурстарын  пайдалану  тиімділігі  мәселесіне  қатысты  толық  түсінік  алу  үшін  оларды  бірге  оқу 
қажет.  
Сарапшылардың  Қазақстанға  сапары  2014  жылғы  31  наурыздан  8  сәуір  аралығында  өтті.   
Сапар  бағдарламасы  С  қосымшасында  берілген.  Сапарды  2014  жылғы  3-4  наурызда  алдын  ала 
сапарға  тартылған  қазақстандық  мемлекеттік  органдардың  жәрдемдесуімен  ЭЫДҰ  және 
Дүниежүзілік  банк  ұйымдастырған  (сапар  бағдарламасын  С  қосымшасынан  қараңыз).  Сапар 
барысында  сарапшылар  53  кездесу  өткізді    (немесе  52  сағат  талқылау),  6  мектепке  барды,                  
268  адамнан  сұхбат  алды.  Сарапшылар  тобы  мемлекеттік  басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі 
түрлі  тараптармен  (республикалық,  облыстық  және  аудандық)  талқылау  өткізді.  Сарапшылар 
республикалық  деңгейде:  Білім  және  ғылым  министрі  Аслан  Сәрінжіповпен;  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ) басқа қызметкерлерімен және 


оның  негізгі  ведомстволық  бағынышты  ұйымдарымен  (яғни,  Ұлттық  білім  беру  статистикасы 
және  бағалау  орталығы,  АТО  және  Қаржы  орталығы);  Президент  Әкімшілігінің,  Қазақстан 
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі - ЭБЖМ), Қаржы 
министрлігінің  (бұдан  әрі  -  ҚМ)  қызметкерлерімен;  және  Парламент  Сенатының  таңдаулы 
өкілдерімен  кездесулер  өткізді.  Облыстық  және  аудандық  деңгейлерде  Астана  және  Алматы 
қалаларының  білім  беру  және  қаржы  органдарымен,  Ақмола  облысы  Аршалы  ауданының  және 
Алматы  облысы  Талғар  ауданының  әкімшілігімен  кездесулер  өткізілді.  Бұдан  басқа,  сапар 
шеңберінде Алматы және Астана ғалымдарымен кездесулер өткізілді. Сарапшылар, сондай-ақ, ҚР 
БҒМ және Дүниежүзілік банк ұйымдастырған «Білім беру сапасын арттыру» тақырыбы бойынша 
дөңгелек  үстелге  қатысты.  Сапар  мақсаты  сарапшылар  тобының  білім  беру  ресурстарын 
пайдалану және оның тиімділігін жақсарту жөнінде жан-жақты ақпарат және пікірлер алуы болып 
табылды.   
Сарапшылар  тобы  өз  пікірлерімен,  тәжірибесімен  және  білімдерімен  бөлісу  үшін  өздерінің 
тығыз кестелерінен уақыт бөлген көптеген адамдарға үлкен алғысын білдіреді. Кездесулер ашық 
атмосферада  өтті  және  көптеген  пайдалы  ақпарат  берді.  Сарапшылар  сапар  кезінде  Ұлттық 
үйлестіруші  болған  және  сарапшылар  тобының  өтініштері  мен  барлық  сұрақтарына  жауап  беру 
үшін көп күш жұмсаған Әсем Сәтмұхамбетоваға ерекше алғысын білдіреді. Сарапшылар тобына 
оның  тиімділігі  мен  білімі  өте  жақсы  әсер  қалдырды;  және  біз  осы  жақсы  қарым-қатынас  үшін 
ризашылығымызды  білдереміз.  Сондай-ақ,  біз  Сарапшылар  тобына  көрсеткен  тамаша  қолдауы 
үшін,  оның  командасына,  атап  айтқанда  АТО  аналитиктері  Жаннат  Мусина  мен  Тимур 
Бұлдыбаевқа  алғыс  айтамыз.  Сарапшылар  тобы  Ұлттық  үйлестіруші  ретінде  2014  жылғы 
маусымнан  бастап  осы  есепті  дайындау  кезінде  өте  пайдалы  болған  қолдауы  үшін  Жаннат 
Мусинаға алғыс айтады. Бұдан басқа, сарапшылар тобы АТО-ның бас аналитигі Ирина Бурлак пен 
жетекші  аналитигі  Асылхан  Сүйіндіковке  де  алғысын  білдіреді.  Біздің  Қазақстанда  болған 
кезімізде көрсетілген сыпайылық пен қонақжайлылық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын 
тек пайдалы және нәтижелі ғана  ғана емес, сонымен қатар қызықты да етті.  
Қазақстандағы мектептердің ресурстарын пайдалануды тиімділігі бойынша шолу ЭЫДҰ және 
Дүниежүзілік банктің жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Сарапшылар тобы  
пайдалы  түсініктемелері  мен  ынталандыратын  талқылауларға  қатысқаны  үшін  ЭЫДҰ  және 
Дүниежүзілік банктегі әріптестері мен тәуелсіз сарапшыларға алғыстарын білдіреді. Дүниежүзілік 
банктен Шерезад Латиф, Дорсати Мадани және Сухас Парандекар пайдалы әрі сындарлы пікірлер 
ұсынды,  Кристиан  Аэдо,  Альберто  Родригез,  Людмила  Бутенко  және Шебнем  Аккайя  басқарып, 
қолдау  көрсетті.  Әлия  Бижановаға  (Дүниежүзілік  банк)  ел  туралы  консультация  берудегі  баға 
жетпес  көмегі  және  сарапшылардың  Қазақстанға  сапары  кезінде  көмек  көрсеткені  үшін  ерекше 
алғыс  білдіреміз.  ЭЫДҰ-дан  Дебора  Нуше  және  Клэйр  Шьюбридж  кері  байланысты  жүзеге 
асыруда  кеңестерімен  көмек  көрсетті,  сондай-ақ  Юрий  Белфали  және  Михаэль  Давидсон  да 
қолдау  көрсетті.  Элеонора  Морена  мен  Лиз  Закари  (ЭЫДҰ  Хатшылығы)  қажетті  әкімшілік, 
редакторлық  және  техникалық  қолдаумен  қамтамасыз  етті.  Франческ  Масдеу  (Хауме  Бофилл 
Қорының бағыты бойынша жұмыс істейтін) де құнды статистикалық қолдау көрсетті. Сондай-ақ, 
осы  шолуға  Қазақстанның  қатысуына  бастама  жасаған  және  зерттеудің  бастапқы  кезеңінде 
нұсқаулар  берген  Иан  Уитман  мен  Михайло  Миловановичке  де  (ЭЫДҰ  бұрынғы сарапшылары) 
алғыс білдіреміз. 
Осы  баяндамада  талдау  үшін  мүмкіндіктер  жалпы  мектептегі  білім  беру  ресурстарын 
пайдаланумен  шектелгенін  атап  өту  қажет  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім). 
Мектепке  дейінгі  білімге  және  кәсіптік-техникалық/орта  білімге  сілтеме  жасалғанымен,  осы 
шолуда осы секторларға баса назар аударылмаған. Бұдан басқа, осы баяндамада ұсынылған талдау 
ЭЫДҰ  сарапшылар  тобы  Қазақстанға  келгенде  2014  жылғы  сәуірдегі  білім  беру  жүйесінің 
жағдайына  қатысты.  Макроэкономикалық  оқиғалар  нәтижесінде  2014  жылдың  соңында  және        
2015 жылдың басында білім беру жүйесі саясатында бірқатар елеулі өзгерістер орын алды. Оның 
есепте көрсетілгеніне қарамастан, осы өзгерістер одан әрі талдаудың мәні болған жоқ.  
Осы  есеп  бес  бөлімнен  тұрады.  1-бөлімде  Қазақстан  мектептеріндегі  білім  беру  жүйесі,  
негізгі  үрдістер  мен  проблемалар,  сондай-ақ  соңғы  оқиғалар  туралы  ақпаратты  қоса  алғандағы 
ұлттық  мәнмәтін  сипатталады.  Осыдан  кейін  2-5-бөлімдерде  мектептердегі  ресурстарды  оның 


негізгі параметрлері: анағұрлым күшті жақтарды, проблемаларды анағұрлым толық сипаттаумен, 
белгілеумен  және  саясат  жөніндегі    ұсынымдармен    басқару,  бөлу,  пайдалану  және  менеджмент  
бойынша  пайдалану  тиімділігі  талданады.  Ұсынымдар  Қазақстанда  іске  асырылып  жатқан 
реформаларды және сарапшылармен кездесуге қатысқан тұлғалар арасында анық болған одан әрі 
жақсартуларға  күшті  бейімділікті  толықтыруға  және  нығайтуға  арналған.  Ұсыныстарды  қарау 
кезінде  Қазақстанның  кешенді  жүйесін  қабылдағанда  барлық  мәселелермен  қаншалықты  жақсы 
таныстырылғанына  және  барлық  мәселелерді  толық  түсінуіне  қарамастан,  кез  келген  сыртқы 
сарапшыларға  кездесетін  қиындықтарды  ескеру  қажет.  Осы  есеп  үшін  жауапкершіліктің 
сарапшылар тобына жүктелетіні анық. Сонымен қатар, бізге Қазақстан бойынша негізгі есеп және 
өзге құжаттар, сондай-ақ әртүрлі қазақстандық мамандармен жүргізілген көптеген талқылаулар да 
көп  көмегін  тигізді,  осы  есептегі  қандай  да  бір  қателіктер  мен  дұрыс  түсіндірмеулер  үшін 
жауапкершілік те сарапшылар тобына жүктеледі.  
 
 


МАЗМҰНЫ 
АББРЕВИАТУРАЛАР .................................................................................................................................. 8 
ТҮЙІНДЕМЕ ............................................................................................................................................... 10 
ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР .................................................................................................... 13 
Білім беру жүйесінің мәнмәтіні .............................................................................................................. 13 
Күшті жақтар мен талаптар .................................................................................................................... 13 
Саяси ұсынымдар .................................................................................................................................... 19 
1-БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ................................................................. 25
 
Ұлттық мәнмәтін ..................................................................................................................................... 26 
Білім беру жүйесін басқару .................................................................................................................... 29 
Мектептегі білім беру жүйесінің құрылымы мен негізгі сипаттамалары .......................................... 32 
Әдебиет тізімі ........................................................................................................................................... 44 
2-БӨЛІМ МЕКТЕПТЕРДЕ РЕСУРТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ .......................................... 47
 
Мәнмәтін және ерекшеліктер ................................................................................................................. 48 
Күшті жақтар ............................................................................................................................................ 58 
Шешуді талап ететін күрделі мәселелер ............................................................................................... 60 
Саясат жөніндегі ұсынымдар ................................................................................................................. 65 
Әдебиет тізімі ........................................................................................................................................... 71 
3-БӨЛІМ  РЕСУРСТАРДЫ БӨЛУ ............................................................................................................ 74
 
Мәнмәтін және ерекшеліктер ................................................................................................................. 75 
Күшті жақтар ............................................................................................................................................ 90 
Шешуді қажет ететін қиын сұрақтар ..................................................................................................... 97 
Саясат жөніндегі ұсынымдар ............................................................................................................... 110 
Әдебиет тізімі ......................................................................................................................................... 132 
4-БӨЛІМ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ............................................................................................ 137
 
Мәнмәтін және сипаттамалар ............................................................................................................... 138 
Күшті жақтары ....................................................................................................................................... 154 
Шешуді талап ететін күрделі мәселелер ............................................................................................. 161 
Саясат жөніндегі ұсынымдтар .............................................................................................................. 169 
Әдебиет тізімі ......................................................................................................................................... 184 
5-БӨЛІМ РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТІ .............................................................................................. 188
 
Мәнмәтін және сипаттамалар ............................................................................................................... 189 
Күшті жақтар .......................................................................................................................................... 195 
Шешімін талап ететін күрделі міндеттер ............................................................................................ 196 
Саясат жөніндегі ұсынымдар ............................................................................................................... 200 
Әдебиет тізімі ......................................................................................................................................... 206 
А-ҚОСЫМШАСЫ.  МЕКТЕПТЕРДЕ  РЕСУРСТАРДЫ  ПАЙДАЛАНУ  ТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУ 
БОЙЫНША ЭЫДҰ-ҒА ШОЛУ ЖҮРГІЗУ ............................................................................................. 208 
B-ҚОСЫМШАСЫ. САРАПШЫЛАР КОМАНДАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ .............................................. 209
 
С-ҚОСЫМШАСЫ. САПАР БАҒДАРЛАМАСЫ................................................................................... 211 
 
Суреттер 
1.1-сурет Қазақстанның облыстары 
26
 
1.2-сурет  Халықтың  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ-нің  динамикасы  және  мемелекеттік 
тұтынушылық шығындар 
28
 
1.3-сурет PISA-2012 оқу бойынша оқушылардың жетістік деңгейлері 
37
 
1.А1.1-сурет Халықтың жасы және жынысы бойынша құрлымы 
40
 
1.А2.1- сурет Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі 
41
 


2.1-сурет Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінде мектептердің дербестігі (2012) 
50
 
2.2-сурет  Қазақстанда  бір  оқушы  басына  жыл  сайынғы  мемлекеттік  шығындар,  білім  деңгейі 
бойынша, 2009-2013 
57
 
2.3-сурет  Қазақстан  өңірлері  арасында  бір  оқушы  басына  жұмсалатын  шығындардағы 
айырмашылықтар, (%) жергілікті бюджет  (2011 ж.) 
58
 
2.4-сурет  Халықтың  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ,  15  жастағы  оқушылар  арасында  математика 
бойынша PISA орташа нәтижелері мен бір оқушы басына шығындардың қатынасы, 2012 
61
 
2.5-сурет Білімнің ерте кезеңдеріне инвестициялардың тиімділігі мен әділдігі 
66
 
3.1-сурет  Қазақстандағы  және  ЭЫДҰ  елдеріндегі  білім  берудің  күрделі  және  ағымдағы 
шығындары, 2011 ж. 
76
 
3.2-сурет.  2003  және  2012  жылдары  PISA-да  орташа  баллдың  және  ең  жоғары  және  ең  төмен 
нәтижелі оқушылар үлесінің өзгеруі 
100
 
3.3-сурет  Мектеп  директорларының  материалды-техникалық  базаның  және  білім  беру 
ресурстарының жеткіліктігі бойынша ойлары 
110
 
4.1-сурет  Қазақстанда  және  орта  есеппен  ЭЫДҰ-да  міндетті  оқу  уақыты,  жас  топтары  бойынша, 
2011 жыл 
144
 
4.2-сурет Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінде оқуды басқаруға қатысу тұрақтылығы орта есеппен, 
2012 
146
 
4.3-сурет Қазақстанда және жалпы ЭЫДҰ бойынша ата-аналардың қатысуын қабылдау, 2012  153
 
4.4-сурет Қазақстанда сыныпта жаман мінез-құлық таныту жиілігі (2012 жыл) 
157
 
4.5-сурет 15 жастағы оқушылардың сыныптан тыс сабақтарға қатысуы, 2012 жыл 
158
 
4.A2.1-сурет Мектепте пәндер бойынша сабақтарды бөлу мысалы 
180
 
 
Кестелер 
1.1-кесте Қазақстан және ЭЫДҰ-ның негізгі білім беру статистикасы, 2012-2013 
34
 
1.A3.1-кесте  Қазақстан  Республикасын  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасының индикаторлары 
42
 
2.1-кесте Қызмет салалары бойынша ресурстарды пайдалану жөніндегі міндеттерді бөлу 
51
 
2.2-кесте Қазақстанда республикалық, өңірлік және жергілікті бюджетті қалыптастыру күнтізбесі
 
54
 
2.3-кесте Қазақстанда, ЭЫДҰ және салыстыру өткізілетін басқа елдерде білім беруге жұмсалатын 
мемлекеттік шығындар 
56
 
3.1-кесте Өңірлер бойынша мектептер желісінің сипаттамасы, 2010 ж. 
77
 
3.2-кесте  2008-2009  және  2012-2013  жылдарындағы  мұғалімдердің  саны,  білім  деңгейлері  және 
жұмыс өтілдері 
81
 
3.3-кесте 2011-2012 оқу жылындағы азаматтық қызметкерлердің еңбекақысының құрылымы 
84
 
3.4-кесте  Мұғалімдердің  қосымша  білімдері,  қызметте  жоғарылаулары  және  кәсіптік  дамудың 
бірқатар бағдарламалары үшін қосымша төлемдері 
85
 
3.A1.2-кесте Мұғалімдердің толық жұмыспен қамтылуының баламасын есптеудегі факторлар  126
 
3.A2.1-кесте Польша мен Литвада қаржыландырудың негізгі элементтерін салыстыру 
129
 
3.A3.1-кесте  Мұғалімдерді  өңірлер,  ауылды  жерлер  мен  қалаларда  санаттар  бойынша  үлестіру, 
2010 жыл 
131
 
4.1-кесте  Өңірлер,  сыныптар  және  мектептердің  көлемі  бойынша  оқушы-мұғалім  арақатынасы, 
2011 
141
 
4.2-кесте  Директорлардың,  мұғалімдер  мен  оқушылардың  мектептегі  ахуалды  қабылдауы,  2011 
жыл 
143
 
4.3-кесте Мектептерді аттестаттау, 2013 жыл 
152
 
4.4-кесте  Сыныптар  бойынша  аттестаттауда  төртінші  сыныптағы  балалардың  ұпайларындағы 
айырмашылық 
162
 
4.5-кесте ЭЫДҰ  елдеріндегі мектептердің ынтымақтастықтың кейбір бағыттары 
175
 
4.A1.1-кесте Мұғалімдерден басқа мектептің үлгілік штаты 
179
 
4.A3.1 кесте «Жоғары деңгейдің» оқыту бағдарламаларына қатысу үшін талаптар, бағдарламаның 
деңгейлері бойынша 
181
 
4.A3.2-кесте Мұғалімдерді аттестаттау бойынша біліктілік талаптары, санаттары бойынша 
182
 
 


Кірістірмелер 
2.1-ендірме Бюджетаралық трансферттердің кейбір тәсілдері 
69
 
3.1-ендірме Шағын жинақталған мектептерді қолдауға арналған ресурстық орталықтар 
78
 
3.2-ендірме Назарбаев Зияткерлік мектептері 
88
 
3.3-ендірме Мектептерді қаржыландыру тәсілдері 
92
 
3.4-ендірме Ауылдық білім беру тәсілдері 
117
 
4.1-ендірме Австралия мен Сингапурда басшы кадрларын дайындау бағдарламаларының үлгілері
 
171
 
4.2-ендірме АҚШ-та, Онтариода (Канада), Шанхайда (Қытай) және Уругвайда мектептерді жүйелі 
қолдау 
172
 
Ошибка! Закладка не определена. 
 


АББРЕВИАТУРАЛАР 
АДБ
 
Азиялық даму банкі 
ДБҰ
 
Дербес білім беру ұйымы 
ҚРСА
 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 
ЕНЕ
 
Елдің негізгі есебі 
БҒСБК
 
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 
ОЖСБ
 
Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау 
БЕД
 
Балалардың ерте дамуы 
ECTS 
Еуропалық аудару және балл жинау жүйесі 
ОВД
 
Барлығына арналған білім 
FTE 
Толық жұмыс күнінің баламасы 
ЖІӨ
 
Жалпы ішкі өнім 
МКК
 
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 
ММ
 
Мемлекеттік мекеме 
ҚРҮҚ
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал