Мектеп қабырғасындағы химия пәнін оқытудың жағдайы және проблемалары сексенова А. С. Астана қаласы Райымбек батыр атындағы №50



жүктеу 51.68 Kb.

Дата15.05.2017
өлшемі51.68 Kb.

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІН  ОҚЫТУДЫҢ 



ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 

 

Сексенова А.С. 

Астана қаласы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-

лицейі 


 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім жүйесінің 



басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым 

мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және 

кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау, 

оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп жазылған. 

 

Осы  заңды  орындау  мақсатында  бүгінгі  заман  талабына  сай  білімді, 



білікті  мамандарды  дайындау  ең  негізгі  мәселелердің бірі болып отыр.  Осы 

жӛнінде  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  жолдауында  да  айтып  ӛткен. 

Еліміздің  экономикасын  дамыту  үшін  барлық  ӛндіріс  салаларын 

дамытуымыз  қажет.  Оның  ішінде  Қазақстанның  ең  негізгі  ғылымдарының 

бірі  – химия.  Ӛйткені  Қазақстан пайдалы  қазбаларға  бай ел.  Ол  қазбаларды 

игеру үшін білімді де, білікті мамандар қажет. Ол мамандарды оқыту мектеп 

қабырғасынан басталады.  

Қазіргі  заманда  білім  саласында  болып  жатқан  модернизация  пән  

мұғаліміне  жаңа талап  пен  міндеттерді жүктейді.  Химия ғылымына деген 

жалпы  қызығушылық    мектеп  қабырғасында  химия  пәнінің    оқытылуына 

әсерін  тигізеді.  Оқушыларға  жақсы  білім  беремін  деген  мұғалім  міндетті 

түрде жаңаша ӛзіндік жол  табуға ізденеді.  

Химия  пәнін  оқытуда  –  биология,  физика,  математика  пәндерін 

білмейінше,  қазіргі  кездегі  химия  негіздерін  меңгеру  мүмкін  емес,  ал 

жаратылыстану  пәндерін  химияны  білмей,  толық  түсіне  алмайды.  Олай 

болса,  химия  пәнінен  алған  сапалы  білім,  жалпы  оқушы  кӛзқарасының 

қалыптасуына әсері зор.  

Елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  оның  мазмұнының 

түбегейлі  ӛзгеруі,  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  енуі,  мұғалімдер  алдына 

үлкен  жауапкершілікті  міндеттейді.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  отандық 

авторлардың  ұсынған  әдістемелік  оқыту  құралдарының  мәніне  назар 

аударсақ,  дәстүрлі  педагогикалық  жүйенің  элементтері  негізінде  жасалған. 

Дегенмен,  дәстүрлі  педагогикалық  жүйенің  элементтері  аталған  талаптарды 

қанағаттандырмайды. Осы орайда отандық ғалымдар А.Ж. Қараев пен Ж.У. 

Кобдиковалар  педагогикалық  жүйені  тұлғалық  әрекеттілік  тұрғысынан 

жетілдіріп,  оқу  мақсаттарын  диагностикалық  тұрғыдан  ұйымдастырудың 

теориясын  жасап,  білім  беру  саласын  реформалаудың  негізгі  мәселелерін 

шешіп  береді.  Сондай-ақ  диагностикалық  тұрғыдан  мақсат  қойып, 

оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  обьективті  бағалауды  жүзеге  асыру 


«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

амалын  кӛрсетеді.  Оның  үстіне  ол  педагогикалық  квалиметрияны  (алған 



нәтижені квалификациялық тұрғыдан ӛлшеу) жетілдіруге практикаға бағалау 

жүйесінің  жаңартылған  түрін  енгізуге  оқыту  сапасының  мониторингін 

қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Химия  пәнінің  оқу-әдістемелік 

құралдарын  жасап,  дайындайтын  отандық  авторлар  аталған  талаптарға 

сәйкес,  оқытуды  технологияландырудың  жоғарғы  кӛрсетілген  талаптарына 

сүйене отырып, жаңартулар  енгізу  қажет. Оқушыларға  патриоттық тәрбие 

беруде  отандық  химия  ғалымдарының  үлесі  ерекше.  Сондықтан    ғалымдар 

туралы  мәлімет  нақты  берілсе,  оқушының  ғылымға  деген  кӛзқарасы 

қалыптасады.  Оқушының  алатын  білім  сапасы  оқыту  дәрежесіне  тәуелді. 

Әрбір ұстаз- ӛз ісіне шебер, жан-жақты ізденгіш жаңашыл болу қажет.  

Қазіргі  кезде  мектептерде  мұғалімдердің  озық  тәжірибелерін 

алмастыруға  және  оны  Республика,  қала  кӛлемінде  таратуға  мүмкіндіктері 

бар.Қашықтық  оқытуға  байланысты  онлайн  сабаққа  шығу;  айта  кететін 

болсақ, біздің №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі 

Молбасова  Гүлбаршын  Әрінқызы  ақпараттық-компьютерлік  технологияны 

қолдану  нәтижесінде  On-Iine  жүйесінде  «Жүрек-  қан  тамырларының 

ауруларының 

алдын-алу 

жолдары» 

тақырыбында 

Республикалық 

интерактивті  сабақ  ӛткізді.  Осы  сабақты  Республикадағы  375  мектептің 

мұғалімдері  мен  оқушылары  тыңдап,  ӛз  пікірлерін  білдірді.  Осындай 

ақпараттық  технологияны  ары  қарай  дамыту  арқылы,    мұғалімдердің  бір-

бірімен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері ӛседі. 

Химия пәнін химиялық экспериментсіз оқыту мүмкін емес. Эксперимент 

арқылы  теориялық  білімді  іс  жүзінде  дәлелдеуге  мүмкіндік  беретін  

зертханалық  тәжірибелер  мен  сарамандық  жұмыстар  жоспар  бойынша 

жүргізіледі.  Қазіргі  уақытта  зертханалық  тәжірибелер  мен  сарамандық 

жұмыстарды  жүргізуге  толық  мүмкіндік  бар.  Қызықты  тәжірибелер, 

сарамандық  жұмыстар  жүргізе  отырып,  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығы  артады.  Мектеп  зертханасында  жүргізуге  тыйым  салынған 

орындалу  техникасы  күрделі  -  электр  құралдарымен  және  қопарылыс  бере 

жүретін  қауіпті  химиялық  зертханалық  тәжірибелерді  интерактивті  тақта 

арқылы  бейне  таспадан  кӛрсетуге  болады.  Мысалы,  суды  электр  тоғымен 

айыру, этанолдан этиленді дегидраттау арқылы алу және т.б. 

Инновациялық  технологияларды  сабақта  қолдану  маңызды  рӛль 

атқарады.  Замануи  талаптарға  сай  жабдықталған  компьютерлік  сыныптар, 

интерактивті  тақта,  мультимедиялық  құралдар  химия  пәнін  оқытуда 

қолданылуы  ӛз  нәтижесін  береді.  Жай  сабақта  жасалынбайтын  анимация, 

компьютерлік бағдарламалар арқылы кӛп нәрсені кӛрсетуге болады. Осындай 

жаңашылдықты  оқушылар  қызығып  қабылдайды.  Сондықтан  химияны 

оқытуда  интеграциялау  әдісін  қолданамын.  Бұл  әдіс  оқушылардың 

шығармашылығын дамытып, ӛздігінен жұмыс жасауға кӛп мүмкіндік береді. 

Ақпараттық  технологияларды  сабақтың  кез–келген  этапында  презентация 

түрінде,  бекіту  бӛлімінде  (тестілеу)  химиялық  практикумда  (виртуальды 

лабораторияны), білімді тексеруде (интерактивті тестілеу) қолдануға болады. 


«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

Осы  технологияның  ерекшеліктері  мынадай:  1)  тақырыптың  ауқымды 



кӛлемінде қамтылуы; 2) оқушылардың заттың құрылысын ӛздері кӛріп, оны 

зерттеуге  толық  мүмкіндіктер  алады.  3)  қауіпті  тәжірибелерді  кӛрсетуге;  4) 

уақытты  үнемдеуге  тиімді.  Тәжірибелерді  жүргізу  барысында,  химиялық 

заттарды  сатып  алу  және  оны  сақтау  ережелері  мен  нұсқаулықтарының 

жоқтығы  алаңдатады.Бұл  да  алдағы  уақытта  шешімін  табуы  керек  деп 

ойлаймын. 

Бүгінгі кезде ұстазға білімі мен білігін кӛтеру және танымын  кеңейтуге 

мүмкіндігі  мол.  Олай  дейтініміз,  Кеңес  Одағы  тұсында  қызмет  еткен 

Қазақстанның  химия,  биология  мұғалімдері  Ресейден  шығатын  жалғыз 

«Биология в школе», «Химия в школе» журналдарын айлап тосып отыратын. 

Ал  қазір  «Сіздердің  бақтарыңызға»  орай,  Қазақстанда  әр  пәннен  бірнеше 

журналдар  шығарылады.  Соның  ішінде  химия  пәніне  қатысты  «Химия 

анықтамалығы»,  «Химия    мектепте»  атты  ғылыми-танымдық  журналдары 

бар.  Осы  аталған  қолданыстағы  журналдар  оқыту  үрдісінде  пайдаланылып 

жүр,  бірақ  та  баспаға  берілетін  мақалаларда  әдістемелік-дидактикалық 

жағынан  теориялық  қателер  кездеседі.  Жас  мамандардың  тәжірибесінің 

аздығына  байланысты  сабақтағы  материалдардың  қатесі  баспаға  түзетілмей 

қолданылады.  Сондықтан  журналға  жіберетін  мақалаңызды  әбден  елеп-

екшеп  жіберсеңіздер,  сонда  ғана  журналдың  сапасы  кӛтеріліп,  мұғалімнің 

білім мен біліктілігі артар еді.  

Химия пәнінен Отандық авторлар жазған оқулықтар мен оқу-әдістемелік 

құралдарда  әлі  де  кемшіліктер  кӛптеп  кездеседі.  10-сынып  оқулығында  І 

тарауда  §1.10  «Қышқылдар  мен  негіздердің  жалпылама  теориясы»,  §1.8 

«Протондық  теория»,  §1.6  «Қышқылдар  мен  негіздердің  иондық  теориясы» 

тақырыптары  күрделі  ғылыми  тұрғыда  жазылған,  яғни  мазмұны 

оқушылардың  түсінуіне  қиындық  туғызады.  Себебі  бұл  тақырыптар  орта 

мектеп  бағдарламасында  С.Аррениус  –  Кабулков  түсінігі  бойынша  беріледі 

де,  соңынан  «протондық»  теорияны  түсінуге  келгенде  оқушылар  шатасып, 

теорияны  түсінуде  қиындық  туындайды.  Мысалы:  «тұз»  деп  оқытып 

келгеніміз  «қышқыл»  деп  ұғымдық  жақтан  шатастырылып  берілген. 

Сондықтан  протолиттік  теорияны  оқытуды  жоғарғы  оқу  орнының  еншісіне 

қалдырған дұрыс болар деп есептеймін. Сонымен қатар, «Тұздар гидролизі» 

тақырыбы  оқушылардың  түсінуіне  мазмұны  қарапайым  тілде  жазылып, 

мысалдар  келтіріліп,  осыған  байланысты    ӛз  бетімен  орындайтын  жаттығу 

жұмыстары  кӛбірек  берілсе,  оқушының  практикалық  білімі  артады. 

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  білім  стандартына  сәйкес  қамтылған 

тақырыптардың  теориясы  кӛлемді  берілген.  Сағат  санының  аз  болуына 

байланысты  қысқартылу  қажет  деп  ойлаймын.  Сонымен  қатар,  авторы 

Ә.Темірболатова, 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық  бағытына  арналып 

жазылған  «Химия»  тапсырмалар  жинағындағы    есептер,  жаттығулар 

шамадан тыс кӛп және күрделі берілген. Ондағы тапсырмалардың күрделілігі 

жаратылыстану  –  математикалық  бағыттағы  оқитын  оқушыларға  қолдануға 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

болады.  10-сынып  гуманитарлық-қоғамдық  бағытындағы  тақырыптар 



жарытылыстану- қоғамдық бағытымен бірдей тек орындары ғана ауысқан. 

Бұл кітапта судың диссоциациясы және сутектік кӛрсеткіш берілген. Не 

үшін?  РН=-Ig[H

+

]  Осы  тақырыпты  10-сыныптың  жаратылыстану  –



математика  оқулығына  немесе  12-сыныпқа  кіргізу  керек.  Сондықтан 

жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-гуманитарлық  бағытта 

оқылатын  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  құралдарды    қайтадан  құрастыру 

керек. Сонымен бірге 8-сынып оқулығындағы тақырыптардың ретін ӛзгерту 

қажет деп ойлаймын. 

ҰБТ–ті 


тапсыруда 

оқушыларға 

химиядан 

берілетін 

тест 

тапсырмаларында  сандық  есептер  кӛп берілген,  есептеуге  кӛп  уақыт  кетеді. 



Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрі  ,  Химия  оқу-

әдістемелік  құрал,  2012  жылғы  тесттер  жинағында  ІІІ  нұсқаның  №  12  есебі 

мынандай:  

[C

6



H

7

O



2

(OH)


3

]

n



  + 3nHNO

3

      [C



6

H

7



O

2

(OH)



2

ONO


2

)

3



]

n

 +3nH



2

                                                   Целлюлозаның тринитраты 



 

целлюлозадан  целлюлозаның  тринитратын  алу  жолындағы  есептеуде, 

целлюлозаның  мольдік  массасын  есептеудің  ӛзіне  1  минут  уақыт  кетсе,ал 

одан әрі қарай есепті аяғына дейін шешу үшін одан да кӛп уақыт кетеді. Бұл 

ҰБТ-да оқушының уақытын үнемдеуге тиімсіз.  

12-жылдық  оқытуға  байланысты  химия  оқулығы    8-9  сыныптар 

бейорганикалық химия, оның ішіне химиялық ӛндірістерді кіргізу , 

10-11сыныпта  органикалық  химия.  Ал  12-сынып  жалпы  химия  болып 

оқытылуы  қарастырылса  деген  ойдамыз.  Жалпы  химияда  есептер  шығару, 

тест  тапсырмалары,  қайталау  сабақтары,  сарамандық  жұмыстар  қамтылса, 

оқушының білім сапасы жоғары кӛрсеткішке ие болар еді. 

Қазіргі  заманғы  мектеп  мұғалімдері  бәсекеге  қабілетті  шығармашылық 

тұлғаны  тәрбиелеу  үшін  талмай,  жан-жақты  ізденіп,  заман  талабына  сай  ӛз 

білімдерін  кӛтеріп  отыруы  керек.  Сонда  ғана  біз  ӛз  Отанын,  тілін  сүйетін, 

мақтаныш ететін, елін-жерін қастерлейтін, құзыретті, білімді ұрпақты үлкен 

ӛмірге сенімділікпен аттандыра аламыз. 



 

Қолданылған әдебиеттер:  

1.

 



А.  Мырзабайұлы  .  Химияны  оқыту  әдістемесінің  педагогикалық 

негіздері. 

2.

 

Е.О.Емельянова, 



А.Г.Иодко. 

Организация 

познавательной 

деятельности учащихся на уроках химии.  



3.

 

Научно-методический журнал. Химия в школе. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал