Мектебінде



жүктеу 0.93 Mb.

бет9/9
Дата12.04.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ғ.ЖАҚАЕВА,

«№ 9 орта мектеп» ММ.

Петропавл қаласы



ДОСТЫҚТЫ БАҒАЛАЙ  БІЛ

(6-сынып)

Мақсаты:  білімділік-  «Достық»  тақырыбынан 

алған  білімдерін  пысықтау;  дамытушылық-жақсылық 

жасай  білуге,  адамгершілік  жолына  баули  отырып, 

әдептілігін,  инабаттылығын  дамыту;  тәрбиелік-досқа 

деген  мейірімділік,  кішіпейілділік,  сыйластық  қарым-

қатынасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: 

үлестірме 

қағаздар, 

плакаттар, 

интерактивті тақта, мәтін, слайдтар.

Түрі: жарыс сабағы.

Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,    жаттығу,  қайталау, 

ізденіс, талдау, жүйелеу, сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу және 

сабаққа даярлықтарын тексеру.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Балалар, бүгін біз бір тақырыпты әңгімелейміз. Ол 

тақырып жасырылып тұр. 

- Тақтаға қараңдаршы, дұрыс сөзді табыңдар.

                            Д Т О Ы С Қ

-  Иә,  яғни,  бүгін  біз  «Достық»  туралы  тақырыпты 

қамтимыз.

- Достықты қалай түсінесіңдер?

-  Иә,  достық-татулық,  мейірімділік,  сыпайылық. 

Әрбір  адамның  досы  бар.  Досың  болса,  онымен 

әңгімелесесің,  бірге  сабақ  дайындайсың,  бірге 

ойнайсың.  Қиын  кезде  досың  саған  қол  ұшын  береді.

Жақсы дос өз-өзін дұрыс ұстай білетін, достарына үнемі 

көмектесіп  жүретін  бала.  Достық  туралы  көптеген 

мақал-мәтелдер бар. Мәселен,

Жүз теңгең болғанша

Жүз досың болсын

Жаманмен жолдас болсаң,

Кесірі жұғар.

Жақсымен жолдас болсаң,

Несібі жұғар.

Сұрақ-жауап:

 - Балалар, сендердің достарың бар ма?

 - Олар қандай?

-  Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-  Шын досты қалай білуге болады?

-  Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

ІІІ. Сайыс.

Балалар, қазір сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.

1-топ «Тапқырлар», 2-топ «Алғырлар»

1-топ «Тапқырлар»

Ұраны: 

«Өнер-білім, бәрі де



Оқуменен табылған.»

Жетістікті тағдыр емес

Білім ғана анықтар

2-топ «Алғырлар»

Ұраны:

Өнеріміз сайыста



Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі

Достық болып қалады.

- Балалар, біз сабақтың аяғына дейін «Достық» үйін 

салуымыз  керек.  Үй  салу  үшін  бізге  кірпіштер  керек. 


132

133


Біздің  кірпіштер  –  ол  достыққа  қатысты  сөздер.  Әр 

орындаған  тапсырмалардан  кейін  үйдің  кірпіштерін 

қалап отырамыз. (ұпай беріп отыру)

ІV.  «Сөзжұмбақ»  сайысы.  Сын  есімдерді  қазақ 

тіліне аударып, сөзжұмбақты шешу. (тігінен шешу) (әр 

командаға 1 ұпай беру)

 V. Мәтінмен жұмыс. (әр командаға бір ұпай беру)

Достықты бағалай біл

Самат досы Әлиге бірнеше рет өтірік айтты. Мұны 

білген Әли:

-  Бұлай  жасауға  болмайды,  Самат.  Саған  ешкім 

сенбейтін  болады, - деді.

-  Мен енді өтірік айтпаймын. Мені кешірші, - деп 

жалынды досы.

-  Мен саған сене алмаймын, - деді Әли.

-  Сеніңіз, мен уәде беремін, - деді Самат.

-  Уәде – қасиетті серт. Ал, сертті әрқашан ұстау 

керек. Шын достар өтірік айтпайды.

-  Мен енді алдамаймын. Дос болып қалайықшы, - 

деді Самат.

-  Жақсы. Достықты бағалай біл, - деді  Әли.

1. Жаңа сөздерді  тыңдаймыз, мұғалім оқиды.

Сөздік:


достық- дружба;

өтірік - ложь;

өтірік айту– солгать, обмануть;

өтірік айтпау- не обманывать;

ешкім- никто;

сенбеу- не верить;

уәде беру- дать обещание;

жалыну- умолять;

шын – настоящий;

бағалау- ценить;

серт- клятва;

қасиетті- святой.

2.  Өздері  жаңа  сөздерді    оқиды,  мұғаліммен  бірге, 

жеке,  сөз  тіркестерін    құрастырады,  сөздік  дәптерге 

жазады. 

Мәтінмен жұмыс.

1. Мұғалім мәтінді оқиды, түсінгендерін сұрайды.

2. Өздері жеке, рөлге бөліп  оқиды, аударады.

1.  Мәтін  бойынша    1-топ    2-топ  бір-біріне  сұрақ 

қояды.


- Самат Әлиге  бірнеше рет не  айтты?

- Әли Саматқа қандай кеңес берді?

- Самат жасаған ісіне ұялды ма?

- Самат Әлиден нені сұрады?

- Әли Саматқа не деді?

- Достықты бағалай біл дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Жазбаша жұмыс. «Сауатты болу мақсатым».  (әр 

командаға 2 ұпай  беру)

1-топ. «Тұлпарлар»

1) Қасиетті сөзіне морфологиялық талдау жасаңыз.

2) Достар сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

2-топ. «Алғырлар»

1) Достықты сөзіне морфологиялық талдау жасаңыз.

2) Өтірік сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

VІ.  «Мақал-мәтелдер» сайысы. Қай топ мақал-мәтел 

көп  біледі, сол топ жеңімпаз.

VII. Капитандар сайысы.    (ұпай беру)

1- топ сұрақтары:

1. Сын есім аудармасы.

2. Сын есім нені білдіреді?

3. «Чуткий  сын» аудармасы.

4. Дара сын есімге мысал келтір.

5. Сын есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді? 


134

135


2-топ сұрақтары:

1. Сын есім сұрақтары.

2. Сын есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? 

3. «Вежливый мальчик» аудармасы

4. Күрделі сын есімге мысал келтір.

5. Сын есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? 

VІІІ.    «Венн»  диаграммасы.      Айырмашылығы,  ортақ 

белгісі.   (ұпай беру)

1-топ.     Достық                           2-топ.   Жолдастық

 

  



ІХ. Сұхбаттасу. Өзі туралы,  досы туралы әңгімелесу. (өз 

тобында) (ұпай  беру) 

Х. Үй салу.     (Ұпай беру)

                                  

                                  

                                       

-  Енді  біз  үйдің  шатырын  қоюымызға  болады. 

«Достық»-«Дружба»

-  Достықты  құру  үшін  біз  қандай  қасиеттерге  ие 

болуымыз керек?

ХI.  Қорытынды.  -  Балалар,  біз  сабақта  не  істедік? 

Сонымен, балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сайыста 

кім  жеңді?    (ұпай  жиналған    2-топтың  ыдыстарын 

көрсету,  егер  екі  топтың  ұпайлары  бірдей  болса, 

«Достық» жеңеді. 

ХIІ.Бағалау. Үйге тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.

А1.  Берілген  сызбалар  бойынша  3-4  сөз  тіркесін 

құраңдар.

Есімдік + зат есім

Сын есім + зат есім

Зат есім + етістік

Сан есім + зат есім

А2.  Берілген  сөздерді  аударып,  сөйлемдер 

құрастырыңдар.  Оқу  озаты,  түйдей  құрдас,  ақкөңіл, 



сенімді, қадірлейді.

В1.  Сөз  тіркестерінен  сөйлем  құрастырыңдар. 



Жақсы  дос,  оқу  озаты,  үлкендерді  сыйлайды,  ол 

ұқыпты,  түйдей  құрдас,  ұзын  бойлы,  мінезі  шапшаң, 

бірге оқимыз.

В2.  Кестедегі  достық  туралы  мақал-мәтелдерді 

табыңдар.

жаман 


күлме          достың 

аяғым


досы 

таяғым 


азбен   

келер


заттың 

досы   


ескісі   

артық


жаман 

жақсы  


жолдастан  басына

жаңасы 


көппен 

аттан   


сыйлас

сырлас 


артық   

досыңа 


жақсы

С1.  «Телефон  арқылы  досыңмен  сөйлесу» 

тақырыбына диалог құрастырыңдар.

С2.  «Менің  досым»  тақырыбына  шағын    шығарма 

жазып келу.

1жұрнақ 


2 буын, 6 әріп,

 4 дауыссыз, 2 дауысты

2жұрнақ

   3 буын, 9 әріп,



   6 дауыссыз, 3 дауысты   

Н е ? 


дара, бітеу

  буын, дерексіз,

туынды, жалпы,

зат есім,ұғым,

А.с., жекеше

түрде, синоним,

буындары жуан 

Сыпайылық

Сыйластық

Бауырмалдық

Қамқорлық

Мейірімділік

  

ДОСТЫҚ    



136

137


               Д.ЖАНАБЕКОВА,

                                            Казанка орта мектебі.                                  

 

              Солтүстік  Қазақстан облысы,

                                                      Жамбыл ауданы



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

(Тапқырлар сайысы)

Мақсаты:  өзге  ұлт  өкілдерін  мемлекеттік  тілді 

қадірлеуге,  сыйлауға    баулу,  өз  ойын  қазақ  тілінде 

неғұрлым жетік, еркін білдіруге дағдыландыру.

Түрі:  сайыс.

Көрнекілігі:  кеспе  қағаздар,  суреттер,  тіл  туралы 

қанатты сөздер, өлең шумақтары.

Әдісі: іздендіру, шығармашылық.

-Қазақстан елім менің,

 Қазақстан жерім менің.

 Саған арнап айтылады,

 Әнім менің.

Әнұран. 


Сабақтың барысы:

    -Сәлеметсіздер  ме!  Құрметті  қонақтар  мен 

қолдаушы  әріптестер.  Бүгін  біз  Мемлекеттік  тіл  

мерекесін  атап өтпекшіміз. Сіздер білесіздер, біздің 

жеріміз  өте  кең,  онда  әр  ұлттың  өкілдері  тұрады 

және олардың  бәрінің өз ана тілдері бар. Олардың 

басым  көпшілігі  өз  ана  тілінде  сөйлейді.  Өз  тіліне 

үлкен  құрметпен  қараған  адамдар  өзге  ұлттың  да 

ана тіліне  құрметпен қарайды. Ал біздің Қазақстан 

сияқты  көпұлтты  мемлекетте  ортақ  тіл,  барлық 

халықты  мекен  еткен  жеріне  деген  сүйіспеншілікті 

дарытатын    мақтаныш  туғызатын  қазақ  тілі.  Бұл 

біздің мемлекетімізді  күшейтеді. 

—  Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

—  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Тапқырлар  сайысы  басталады.                         

Көргендер де арманда,

Көрмегенде де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Сайысқа 4 ойыншыдан тұратын екі топ қатысады.

-Ау, халайық, тыңдаңыздар, анау жаққа қараңыздар!

Келе жатқан бұл кімдер екен?

Қарсы алайық! Бекер қарап тұрмаңыздар!

Сайыстың кезеңдері: I. Таныстыру.

«Жас қыран» тобы өздерін таныстырады.

«Жас ұлан» тобы өздерін таныстырады. 

-Әр сайыстың төрешісі болады,

Әр тартыстың нәтижесі шығады. 

Әділ баға беретін қазылармен 

Танысқымыз  келеді де тұрады!

Олай болса,  әділқазылармен таныс болайық! 

«Жас қыран» тобының ұраны:      

Ардақтайық ана тілді!

4-сынып оқушысы өлең оқиды:  

Қазақстан туы. 

Ақ ниеті –алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі, мақтаны.

«Жас ұлан» тобының ұраны:        

Құрметтесек, ана тілді  құрметтейік!

4-сынып оқушысы өлең оқиды:    



138

139


Туған елім.      

Туған өлке-кең далам

Мәңгілік бақыт орнаған.

Сайрандаймыз саянда,

Ерікті ұлан –біз балаң.

II. Өз сыңарыңды тап.

ел-таң-ба,  мем-ле-кет,  тә-уел-сіз,  та-ту,  ән-ұр-ан, 

ас-та-на, дос-тық, ме-ре-ке.

1-сынып оқушысы «Менің Отаным» өлеңін оқиды:                  

Отан –менің ата-анам,

Отан –досым, бауырым.

Отан-менің бар қалам, 

Отан-туған ауылым.

3-сынып оқушысы:

       

Отан                



Отан-туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз,

Отан –ортақ үйіміз,

Отан-көңілді ән, күйіміз.

III.  Алты сөз тауып жаз.

с

ж



м

е

м



л

е к


е

т

о



т

а

н



п

з

е ж



и

л

ә



н

ұ

р



а

н

т а



н

п

п



з

ы

е



л

т

а ң



б

а

т



ә

у

е



л

с

і з



ю

е

IV.  Сөзжұмбақты шешу.



Анастасия  «Государственный  язык»  атты  өлеңді 

жатқа оқиды.



Государственный язык с детства уважаем

И старательно его в школе изучаем.

Хоть и трудно нам пока, мы не унываем

И уже не мало слов по-казахски знаем.

V.  Пирамида ойыны. (моншақты толтыру)  

Оқушылар би билейді. 

Мұғалім:  -Сонымен,  балалар,  тапқырлар  сайысы 

аяқталды.  Ойынның  қорытындысын  шығару  үшін 

сөзді  әділқазылар  алқасына  береміз.  Әділқазылар 

қорытынды  шығарып,    жеңген  топты  марапаттау 

қағаздарымен мадақтайды.

Мінекей,  осылайша  бүгінгі  біздің  сайысымыз 

аяқталды. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды 

білдіремін.  Осы  сайыста  сендер  өздеріңнің  алған 

білімдеріңді, өнерлеріңді  көрсете білдіңдер. Сайыс 

болғаннан  кейін  жеңген  де  болады,  жеңілген  де 

болады.  Келешекте  білімдеріңді  одан  әрі  шындап, 

биіктерден көрінетіндеріңе  тілектеспін! 

Мемлекеттік  тілімізді  құрметтесек  орнымыздан  

тұрайық,

Елордамыз көркейсің десек қолымызды көтерейік.

Қазақстан  Республикасы–  тәуелсіз  десек  қол 

соғайық.


Ынтымағы  мен  бірлігі  жарасқан  ел  десек  қол 

ұстасайық.

Осымен  келесі  көріскенше  қоштасайық.  Сау 

болыңыздар!

   

   


 

140

141


Мұғалімдерге көмек

И.ҚАЗЫМБЕК,

№8 орта мектебі.

Ақмола облысы, 

Атбасар ауданы

ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ

Мақсаты:  оқушылар  Ыбырай  Алтынсаринның 

өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  қосымша  және 

архив  материалдарын  қолдана  отырып,  өз  бетінше 

қорытынды жасап, ойларын ашық айтады, тұжырым 

жасайды,  бірлесе  жұмыс  жасай  отырып,  бір-бірінің 

пікірін тыңдайды, жауаптарды талдайды, бағалайды, 

ұлтының ардақты ұлдары туралы өз ойларын ортаға 

салады.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, талдау, сұрақ-



жауап, тұжырымдау, сараптау, қорытындылау, бекіту, 

т.б.


Көрнекілігі:  ағартушының  портреті,  сабаққа 

байланысты сызбалар, кестелер, слайдтар, т.б.

Сабақтың барысы:            І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін қалыптастыру.

ІІ.  Өткен  тақырыпты  бекіту  мақсатында    кодты-                                             

графикалық  диктант жүргізу.

ІІІ.  Жаңа тақырыптың  мақсаты мен барысын айту 

және түсіндіру.           

-Балалар,  біздің  бүгінгі  сабағымыз  ерекше.  Бұл 

сабағымызды  қазақ  халқының  белгілі  ағартушысы, 

ұлт  ұстазы  атанған,  қазақ  көркем  сөзінің  биік 

шыңындағы жалпы әдебиет  әлеміндегі қайталанбас 

тұлғалардың  бірі-Ыбырай  Алтынсариннің    өмірі  

мен шығармашылығына арнамақпыз.Сабағымыздың 

эпигафы ретінде мына  өлең  жолдарын алдым. Олай 

болса,  осы  өлең  жолдарымен  бүгінгі  сабағымызды  

бастайық:

                      «Ұлы есімің өшпес мәңгі санадан,



                      Бір өзіңе басын иген сан адам,

 

          Сен қалдырған болашаққа, ұрпаққа,

 

          Еңбегіңнен қуат алам, нәр алам.

 

 

Сөнбес жұлдыз мәңгі қалар санада,

  

 

Қазақ елі басын иген данаға...»

  ...Алтынсарин  Ыбырай  атамыз  аудармашы, 

жазушы,  ақын,  ағартушы-ұстаз,  қазақ  халқының 

тұңғыш  ұлттық  педагогикасының  негізін  салушы, 

қазақ  тіліндегі,  яғни,  ана  тіліміздегі  тұңғыш 

оқулықтардың авторы. Қазақ тілінде тұңғыш мектеп 

ашқан.  Қазақ  балалар  әдебиетінің  негізін  салушы.

Бір сөзбен айтқанда Ұлтымыздың ұстазына айналған 

жан. 

      ІV.  Балалар,  бізге  тақтада  Ыбырайдың  атасы 



Балғожа  бидің  жазған  мына  хаты  берілген.  Олай 

болса, осы екі  өлеңге талдау жасайық:

1.  /Үміт еткен/ көзімнің нұры,/ балам,/11а

/Жаныңа/ жәрдем берсін/ Хақ тағалам./11а

/Атаң мұнда/ анаңмен /есен-аман,/11б

/Сүйініп/ сәлем жазды/ бүгін саған.../11б

                                     Шумақ-1

                                     Тармақ-4

                                     Бунақ-3


142

143


                                     Буын -11.

                                     Қара өлең ұйқасы-(а, а,б, б.)

                                     Арнау өлең.

V.     Сөзжұмбақты шешу:

Сөзжұмбақ сұрақтары:  Кілт сөзі «Балғожа»

1.    Ыбырай  әдебиеттің  ішінде  қай  әдебиетке 

ерекше көңіл бөлді?

2.  Ыбырай  халық игілігі балалардың болашағы 

үшін қандай іспен айналысты?

3.  Ыбырай өлеңдері көбінесе қай бағытта келеді?

4.  8-қаңтарда14 оқушы қабылданған мектеп қай 

жерде ашылды?

5.  «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы қай қалада 

басылып шықты?

6.  Торғай жерінің қазіргі атауы қандай?

7.  Ыбырайдың азан шақырып қойылған аты кім?

VI. Слайтпен жұмыс,глоссарийді сәйкестендіру.

V. Жұпқа ортақ тапсырма осы тақырыпқа сай  эссе 

5-жолды өлең  жазу.

Синквейн әдісімен жұмыс.

 Мысалы:                1.1-зат есім

                                 2.2-сын есім

                                 3.3-етістік

                                    4.4-сөзден құралған бір сөйлем 

                                  5.1-синоним

І.  1.Ыбырай                                   

2. Ойшыл, танымал                  

3. Ашты,танылды,айтты                      

4. Ыбырай-халықтың біртуар ұлы.        

5. Ағартушы. 

ІІ. 1. Ақын. 

2. Әйгілі, ардақты

3. Туды, жырлады,танылды

4. Торғайда мектеп ашқан ұстаз.

5. Пәлсафашы.

(Әр топтан бір бала 5 жолды өлеңдерін оқиды)

VІІ. Балалар, бүгінгі сабақта біз ұлт ұстазы, дала 

қоңырауы  атанған, қазақ көркем сөзінің әлеміндегі 

қайталанбас тұлға-Ыбырай Алтынсарин туралы біраз 

ой толғадық, оның өмірі мен шығармашылығы  жайлы 

біраз    мәлімет  білдік.Енді,  балалар,  қиялдарыңызға 

ерік беріп, бүгінгі алған деректер мен мәліметтерге 

сүйене отырып, ұлт ұстазы атанған Ыбырай туралы 

өз  ойларыңызды  мына  қағаздардың  беттеріне 

түсірсеңіздер. Оның аты аталғанда көз алдымызға не 

келеді соны  тезірек бейнелеңіздер.

  (Балалар  Ыбырайды  суреттейді  және  суреттерін 

қорғайды)

Оқушылар Ыбырай ата жайлы ойларын қорытады.

VІІІ.  Сабақты  сұрақ-жауап  әдісі  бойынша 

пысықтау, қорытындылап, бекіту.

     ІХ. Кодты-графикалық диктант жазу барысындағы  

жұмыстарын  ескеру.  Кері  байланыс  ұйымдастыру.

Қабырғада  ілінген  пайыздар  тұсына  оқушылардың 

баруын сұраймын және сол арқылы бағалаймын.

Х.Үйге  тапсырма:  Ыбырайдың  өмірі  мен 

шығармашылығы  және  «Даланың  дара  ұстазы» 

тақырыбына эссе жазу.

   

   


 

144

Бас редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.

“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –

Казахский язык и литература в русской школе”  –

ай сайын шығатын республикалық 

ғылыми-педагогикалық жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: 

“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Теріп, беттеген – Айнур ХАБИДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           

дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.

Басуға 08.12.2015 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 

Таралымы – 5000. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.

Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 

Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер.........................268-32-48.

Факс................................243-15-53.   

Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru

Жұрнал сайты: www.kazhu.kz

Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш. 

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ

ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ

 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”

© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -

Казахский язык и литература в русской школе»,

 №12, 2015 ж., 144 бет, Алматы.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал