Мектебінде



жүктеу 0.93 Mb.

бет8/9
Дата12.04.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

          Бір  нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға 

        алдымен табандылық қажет.

                                                                    Әл-ФАРАБИ 

114

115


Сайыс  сабақ

А.МҰХАМЕДЬЯРОВА,

№5 ЖББ орта мектебі.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы,

Егіндібұлақ селосы



АНА ТІЛІ – АРЫҢ БҰЛ!

Тілім менің- қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, ана тіл, қасіретім. 

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ана тілі – арың 

бұл!»  атты  тілдер  мерекесіне  арналған  сайысқа  қош 

келдіңіздер. 

Ана тілі –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр ағамыз  жырлағандай, 

әр адам ең бірінші өз ана тілін білуі керек. 

Біздің ана  тіліміз- қазақ тілі. Қазақ тілі- мемлекеттік 

тіл болып  үлкен мәртебеге ие болды. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  1989 

жылдың  20  қаңтарындағы  Жарлығына  сәйкес  22- 

қыркүйек  «Қазақстан  халықтарының  тілдері»  күні 

ретінде  аталып  келеді.  Тіл  халықпен  бірге  өмір  сүріп 

дамиды,  себебі  әр  ұлттың  тілі–оның  бақыты, 

тірегі. 

Бүкіл  түркі  елдеріне  ардақты  ағартушы,  ғұлама 

ғалым ғалым Ахмет Байтұрсынұлы  «Сөзі жоғалған 

жұрттың  өзі  жоғалады»  деген  сөзінде  үлкен  мән 

жатыр. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі-тіл, бірі-

ділің  жүректегі»,-деп  Жүсіп  Баласағұн  бабамыз 

айтқандай  кез  келген  мемлекеттің,  елдің  ең 

негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана 

тілі  болмақ.  Біздің  ана  тіліміз  –  қазақ  тілі.  Біздің 

Отанымыз – Қазақстан.

-«Ана  тілі  –  арың  бұл!»  атты  сайысымызды 

бастауға  рұқсат  етіңіздер.  Сайыскерлерімізді 

бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыру.

Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, -  

деп    сайыскерлерімізді  қошеметпен  ортаға 

шақырамыз. 

«Ана  тілі  –  арың  бұл!»  атты  сайысымыз  5 

кезеңнен тұрады: 

1.  «Жорға» сайысы.

2.  «Бірге ойланайық».

3.  «Сөзден сөз тудыру».

4.  «Мақалдың жалғасын тап».

5.  «Өз өнері».

  Бірінші  кезең  (3-слайд).  «Жорға»  сайысы 

бойынша сұрақтарға жауап беру. 

1 . ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? (Қазақ тілі)

2.  Қазақ  тіліндегі  әріптердің  реті  бойынша 

орналасу жиынтығын не дейміз? (Әліпби)

3. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? 

(Ыбырай Алтынсарин)


116

117


   

   


 

4.  Адамның  қай  мүшесі  қорқақ,  қай  мүшесі 

батыр?  (Көз-қорқақ, қол-батыр)

5.  Жылататын да, жұбататын да не? (Тіл)

6.  Оттан ыстық не? (Отан)

Сүйемін өз тілімді – ана тілім,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан 

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Екінші кезең (16 слайд)

«Бірге ойланайық» сайысының  тапсырмалары.

Берілген өлеңдердің жалғасын табу.



Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймінтойғаныма, тоңғаныма,

Жылқыойнап, биеқашқан, тай жарысқан?

                               Абай Құнанбайұлы.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

                           Абай Құнанбайұлы.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге...

               Абай Құнанбайұлы.

Үшінші кезең «Сөзден сөз тудыру» (23-слайд)

Қ А З А Қ  С Т А Н – қазақ,  қаз, ақ, зат, тас.., т.б. 

Төртінші кезең. «Мақалдың жалғасын табу» (25- 

слайд)

1.  Мектеп - кеме, 

       Білім - теңіз.

2.  Аталар сөзі -ақылдың көзі.

3.  Өнерлі өрге – жүзеді.

4.  Еңбек етсең ерінбей, 

       Тояды қарның тіленбей.

5.    Жері байдың - елі бай.

6.  Кітап - білім бұлағы.

7.  Ас - адамның арқауы.

8.  Еріншектің ертеңі бітпес

9.  Тіл тас жарады - 

       Тас жармаса бас жарады.

10.  Батыр туса ел ырысы, 

       Жаңбыр жауса жер ырысы.

Бесінші  кезең.  (46-слайд)  «Өз  өнерім»  сайысы.  

Тіл туралы өлеңдер мәнерлеп оқу. 

Әділқазыларға 

сөз 

берейік 


(сайыстың 

қорытындысы 

жасалып, 

сайыскерлеріміз 

мараппаталады). 

-  Тіл-ұлттық  қазынамыз,  байлығымыз.    Оны 

қадірлеп,  атадан  балаға  жеткізу-біздің  міндетіміз. 

Ана  тіліміздің  мәртебесі  биіктей  берсін!  Бүгінгі 

тілдер  мерекесіне  арналған  «Ана  тілі-арың  бұл» 

атты сайысымыз аяқталды. 



118

119


Білім сынағында

Ш.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,

№27 мектеп-лицейі.

Астана қаласы



ДИКТАНТ ТҮРЛЕРІ

  

Диктант  –  орфографиялық  сауаттылықты 

тексеруге  арналған  жазу  жұмысының  бір  түрі. 

Диктанттың бірнеше түрі бар.

  Әріп  диктанты  –  оқушылардың  естіген, 

үйренген  дыбыстарының  әріптік  таңбасын 

қаншалықты  меңгергенін  байқау  үшін  жазылады. 

Буын диктанты –  сөзді буындап оқуға, оны жаттап 

алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету 

сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.

  Сөздік  диктант  –  өтілген  жаңа  сөздер 

алынады. Әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай 

немесе  әріптердің  орынын  ауыстырмай,  әрбір 

сөздің  мағынасын  түсініп,  қатесіз,  көркем  жазуға 

дағдыланады.

  Терме  диктант  –  фонетика,  грамматиканы 

пысықтау  үшін  өте  қажет.  Оқушылар  мәтінді 

түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім 

өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз 

тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.



Көру диктанты - бұл диктант түрі оқушылардың 

көру,  есту,  есте  сақтау,  затты  тану  сияқты 

қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру 

диктанты  үшін  әріп,  буын,  жеке  сөздер,  сондай-

ақ  жазылуы  қиын  сөздер  мен  сөз  тіркестері  және 

шағын  мәтіндер,  жұмбақтар,  мақалдар,  жаттауға 

берілген өлеңдерді алуға болады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе 

алдын  ала  аумақты  қағазға  жазылып  қойылады. 

Оларды  оқушылардың  2-3  рет  оқып  шығуына, 

асықпай  көріп,  жадында  сақталуына  1-2  минут 

уақыт  беріледі.  Содан  кейін  мұғалім  оны  жауып 

қояды.  Оқушылар  тақтадан  оқыған  мәтінін  есіне 

түсіріп, дәптерге жазады. 

  Өздік  диктантын  оқушылар  өтілген 

материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, 

сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер 

мен  жаттап  алған  өлең,  жұмбақ,  жаңылтпаш, 

мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып 

өз бетінше жазады.

Диктанттың  бұл  түрінің  өткенді  қайталап,  тіл 

ұстартуда  маңызы  зор.  Мұғалім  өздік  диктанты 

қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін 

оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.



Шығармашылық 

диктант-үйрету 

диктанттарының  ішінде  мазмұн,  құрылым,  әдіс-

тәсіл  жағынан  ең  күрделісі,  оқушылардың  ойлау 

қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен 

жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. 

Бұл  диктанттың  көп  нүктенің  орнына  тиісті 

әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы 

сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты 

басқа  диктанттарға  ұқсамайтын  өзгешеліктері 

болады.


Ескерту  диктанты  -  көлемі,  орфографиялық 

емле,  сөздік  қоры  жағынан  бақылау  диктантына 

жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген 

барлық  материал  түгел  қамтылып,  оқушыларды 

бақылау диктантына тікелей әзірлейді.


120

121


Графикалық  (сызба)диктант  -    сөйлемдегі 

сөздердің  байланысын  сызба  арқылы  көрсету, 

керісінше,  берілген  сызба  бойынша  сөйлем  құрау 

сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.



Бақылау  диктанты  -    бұрын  өтілген 

материалдарды  оқушылар  қандай  дәрежеде 

меңгергенін  және  сауаттылық  деңгейінің  қандай 

екенін  анықтау  мақсатымен  жүргізіледі.  Бақылау 

диктанты  белгілі  бір  тарауды  оқып  бітіргеннен 

кейін және тоқсанның, жылдың аяғында   өкізіледі.

Диктант  түрлері  белгілі  бір  грамматикалық 

ережеге  сай    жүргізіледі.  Ең  алдымен,  ережені 

түсіндіріп  алып,  содан  кейін  ережеге  сай  келетін 

сөйлемдер  айтылып,  оқушыларға  жаздыру  керек. 

Бұл  түсіндірме  бойынша  диктантты  есту  арқылы 

және  көру  арқылы  жазатын,  теріп  жазатын, 

шығармашылық  қабілеттерін  шыңдайтын,  т.б.  

түрлері бар.

Қазақ  тілі  пәнінен  білім,  білік,  дағдыны  үнемі 

есепке  дыбыстарының отыру-бастауыш мектептегі 

оқу процесінің ең қажетті бөлігі. 

тоқсан


I тоқсан

II тоқсан

IIIтоқсан

IVтоқсан


Жұмыс

түрлері


1.Әріп 

диктанты.

2.Бақылау 

диктанты.

1.Шығарма-

шылық


диктант.

2.Бақылау 

диктанты.

1. Терме 

диктанты.

2. Буын


диктанты.

3.Көру


диктанты.

4. Бақылау

диктанты.

1.Өзіндік

диктант.

2.Графикалық

диктант.

3.Бақылау

диктанты.

    


 

2-сынып. 15-20сөз

І тоқсан. 

1. Әріп диктанты. 

                                Отбасы



Ата, әже, әке, ана, көке, апа,  аға,  әпке, іні, сіңлі, 

қарындас, бауыр, немере, жиен, шөбере.            (15 

сөз)


Грамматикалық тапсырма:

Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.



2. Бақылау диктанты.

                                Киімдер



Құлақшын,  тымақ,  бөрік,  тақия,  сәукеле, 

бөкебай,  күрте,  жейде,  кимешек,  камзол,  көйлек, 

шалбар, белбеу, ішік, тон, қолғап, шұлық, байпақ, 

мәсі, бәтеңке.   

(20 сөз)


Тымақ,  бөрік,  тақия,  сәукеле,  камзол,  мәсі  – 

ұлттық киімдер. 

 Грамматикалық тапсырма:

Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

ІІ тоқсан.



1. Шығармашылық диктант.

                            Ойыншық



1.  Балалар, ойнады, ойыншықпен. 

2.  Қуыршақты, Айжан, киіндірді. 

3.  Сыйлады, Алдиярға, робот, әкесі. 

4.  Машина, Мақсат, жүргізді.

5.  Барамын, ойыншықтар, мен, дүкеніне.   (17 

сөз) 


122

123


Грамматикалық тапсырма:

Орны  ауысқан  сөздермен  сөйлем  құрап, 

жазыңдар. 

2.Бақылау диктанты.

                              Жануарлар



Төрт түлік мал: түйе, жылқы, қой, сиыр.

Түйенің төлі – бота. Жылқының төлі – құлын. 

Қойдың төлі – қозы. Сиырдың төлі – бұзау.       (19 

сөз) 


Грамматикалық тапсырма:

Дауыссыз  дыбыстардың  сөздердің  астын 

сызыңдар.

ІІІ тоқсан.

1.Терме диктант.

                            Апта күндері



Бір аптада жеті күн болады. Бірінші – дүйсенбі, 

екінші  –  сейсенбі,  үшінші  –  сәрсенбі,  төртінші 

–  бейсенбі,  бесінші  –  жұма,  алтыншы  –  сенбі, 

жетінші  –  жексенбі.  Мен  тоғызыншы  қаңтарда 

тудым.  (23 сөз) 

Грамматикалық тапсырма:

Нешінші?  деген сұраққа жауап беретін сөздерді 

теріп жазыңдар.



2. Буын диктант. 

                                    Гүл



Бақбақ,  бәйшешек,  жауқазын,  жұпаргүл, 

күнбағыс,  қызғалдақ,  қырмызыгүл,  лалагүл, 

меруетгүл, меңдуана, нәркес, раушангүл, түймедақ, 

шегіргүл, інжугүл.

 (15 сөз) 

Грамматикалық тапсырма:

Сөздерді буынға бөліп жазыңдар. 



3. Көру диктанты.

Диктант  тақтаға  жазылады,  мұғалім  дауыстап 

оқиды,  оқушылар  2-3  мәрте  оқып,  естеріне 

сақтайды. Сосын мәтін өшіріледі.

                       Оқу құралдары

 Кітап оқу үшін керек.

 Өшіргіш өшіру үшін керек.

 Сызғыш сызу үшін керек.

 Дәптер жазу үшін керек. 

  Түрлі-түсті  қарындаштар  сурет  салу  үшін 

керек.      

 (23 сөз) 

Тапсырма:

Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Кітап ...

Өшіргіш ...

Сызғыш ...

Дәптер ...

Түрлі-түсті қарындаштар ...

4. Бақылау диктанты.

Тыныс белгілеріне  назар аударыңдар!



Кітап дүкені

Кітап  –  білім  бұлағы.  Кітап  –  шебер  ұстаз, 

тілсіз мұғалім. Кітап – адал дос. 

Кітап – асыл қазына. Кітап – оқығандікі, білім 

то-қығандікі.                                                             (18 

сөз)


 

Грамматикалық тапсырма:



Кітап сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар. 

124

125


ІV тоқсан. 

1. Өзіндік диктант.

                                 Демалыс



Демалыс,  алма,  кітап,  қыз,  оқушы,  бауырсақ, 

сынып, үй, кемпірқосақ, тон.

Керекті  сөздер:  үлкен,  таза,  жылы,  қызық, 

сары, әдемі, қызыл, дәмді, тәртіпті, көңілді.

Тапсырма:  берілген  сөздермен  сөз  тіркестерін 

байланыстырып жазыңдар.

2. Графикалық диктант.

 «Бағдаршам»

_______    ______ ?

_______    ______ .

_______    ______  _______  ______.

_______    ______  _______   ______   .

Что это?

Это –светофор.

У светофора три цвета.

Я всегда смотрю на светофор

Грамматикалық тапсырма:

«Бағдаршам» сөзіне фонетикалық талдау жасау, 

буынға бөліп, буын түрлерін жазыңдар.

3. Бақылау диктанты. 

                               Тазалық



Таңертең  ерте  тұрамын.  Бетімді,  қолымды 

сабынмен 

жуамын. 

Тісімді 

тазалаймын. 

Шашымды  тараймын.  Киім  ауыстырамын. 

Төсегімді  жинаймын.  Мен  ұқыпты  баламын, 

тазалықты сақтаймын.    

(20 сөз) 

Грамматикалық тапсырма:

Жіңішке  сөздердің  астын  бір  сызықпен,  жуан 

сөздердің астын екі сызықпен сызыңдар.

Сыныптан тыс шара

М.ӘБЖАНОВА,

Балкашин №1 орта мектебі.

Ақмола облысы,  

Сандықтау ауданы, 

Балкашин ауылы 



ТӘУЕЛСІЗДІК  ТҰҒЫРЫ                    

БИІК БОЛСЫН!

                

Мақсаты: 

оқушыларды 

ұлтжандылыққа, 

адамгершілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу; оқушыларға 

азаттығымыздың  қалай  келгендігін  түсіндіре  отырып, 

өз  елін,  жерін  сүюге,  қадірлей  білуге  баулу.  Оқушы 

бойында  патриоттық  сезімін  қалыптасуына  ықпал 

жасау.


Түрі: тарихи-танымдық тәрбие сағаты.

Оқыту әдсі: әңгімелесу, пікір алысу.

Көрнекілік: слайдтар, дербес компьютер.

Пәнаралық байланыс: тарих пәні, әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран орындау.

                             Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

                             Туымызды бізге ешкім бермеді.

                             Ел тізгінің  қолына алу жолында,

                             Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

Ой ашар:


1.  Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

2.  Қай  жылы  тәуелсіздік  алдық?  (1991  жылы  16 

желтоқсанда)


126

127


3. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер.

4. Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, 

ұлттық  рәміздері,  Ата  заңы,  өзіндік  экономикасы 

шаруашылығы,  әлеуметтік  жағдайы,  салт-дәстүрі 

болады.)

5.  Қазақ  елінің  іргесі  қай  жылдардан  қаланды  деп 

ойлайсыздар, ол кезде қазақ елді кім басқарды?

-  Иә,  балалар,  XV  ғасырдың  II  жартысында 

Жәнібек,  Керей  хандарымыз  қазақ  елін  құрып,  біздін 

ата-бабаларымызды  бір  тудың  астына  біріктіріп,  ел 

шекарасын  белгіледі.  Қазақ  елі  құрылды.  Кейіннен 

бірнеше хандар елімізді басқарды. Алдарыңызда қазақ 

елінің  алғашқы  сол  кездегі  картасы.  Осы  қазақ  елін 

құрған хандарымыздың ерен еңбегі бүгінгі таңда еленіп, 

ҚР  Тұңғыш  Президенті  мұражайының  алдындағы 

саябаққа  биіктігі  12  метрлік  ескерткіш  орнатылды. 

Жобаның авторы астаналық жас мүсінші- Ринат Әбенов. 

Ескерткіштің  ашылу  салтанатында  Н.Ә.Назарбаев: 

«Елорда  тұрғызылған  Керей  мен  Жәнібек  хандардың 

еңселі  ескерткіші-мызғымас  мемлекетімізге  арналған 

мәңгілік белгі» деген болатын. Сонымен бірге, Есілдің 

сол жағалауындағы екі көшеге Жәнібек пен Керей аты 

берілді.

Дегенмен,1991  жылы  егемендік,  тәуелсіздік  алдық 

деп қайталап отырмыз. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт 

болып  отыр.  Иә,  осы  аралықта  сан  ғасырлық  тарих. 

Үлкен шежіре жатыр. 

Слайд (Желтоқсан оқиғасы)

Ой қозғау.

I. «Тарихы мол сан тарау»

Егемендік –ел болудың белгісі,

Басқы жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер,

Ата-жұрттың арғысы мен бергісі.

Тәуелсіздік  алғаннан  соң  елдің  биік  рухын 

бейнелейтін  «Тәуелсіздік  монументі»  алматыдағы 

республика алаңына орнатылды. Ескерткіштің жобасын 

жасаған  сәулетші-Тимур  Сүлейменов.  Сонымен,  біз 

тәуелсіз  елміз,  азат  елміз,  егемен  елміз.  Ал,  тәуелсіз 

елдің өзіндік ерекшелігі, байлығы болады. Бізде не бар 

екенін топтастырын көрейік.

1)  Біздің басқару жүйеміз қандай? Біздің Тұңғыш 

Президентіміз туралы кім не біледі?

2)  Еліміздің ұлттық рәміздеріне тоқталайық. 

Ту-елдіктің  белгісі.  Авторы-Ш.Ниязбеков.  1992 

жылы  Ту  бекітілді.  Көгілдір  түсті,  жиегінде  оюмен 

безендірілген, ортасында күн және қыран бейнеленген.

3)  Елтаңба-бейнесі.  Авторлары-  Ш.Уәлиханов,               

Ж.Мәлібеков.

4)  Әнұран-Отанымыздың  салтанатты  үні,  өр  үні, 

өміршең үні. Оның қалықтай көтерген әуенінде туған 

жердің  рухы  мен  сазы  шымырлай  шалқиды.  Кеудені 

мерейлі қуанышқа бөлейді, арманыңда аялай самғатады.

5)  1993 

жылы 

28 


қантарда 

Қазақстан 

Республикасының 

алғашқы 


Конституциясы 

қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда 

өзгерістерге,  талаптарға    сай  толықтырылған  қазіргі 

Ата заңымыз қабылданды.

6)  «Мен-қазақпын» әні орындалады.

- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

  Халқының саны-16млн 9600.



128

129


Жалпы халықтың 63%-ын қазақтар құрайды.

7)  «Түркі халықтарының ішіндегі ең бай, бейнелі 

тіл-қазақ тілі».

Қазақ  тілі-1990  жылдан  бастап  мемлекеттік 

мәртебеге ие болды. 2001 жылы наурызда  Тіл туралы 

Заң қабылданды.

8)  Діні–Ислам.  Ислам  дінінің  негізін  салушы- 

Мұхаммед  Пайғамбар.  Ислам  дінінің  негізгі  Сауд 

Арабиясында  қаланды.  Қазіргі  танда  Қазақстан 

Мұсылмандары  діни    басқармасының  төрағасы  Бас 

мұфти Ержан қажы Малжағыұлы. 

9)  Валютамыз-теңге.  «Валюта»  баға  дегенді 

білдіреді.  Әр  елдің  өз  бағасы  бар.  АҚШ-та  доллар, 

Ресейде-рубль.

10)  1992 

жылы 


мамырда 


Қазақстан 

Республикасының Қарулы Күштері құралды.1992-1998 

жылдар  аралығында  Қарулы  Күштер  қайта  құрылып, 

1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі танда 

бас қолбасшы – Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

11)  1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді, 

1998  жылы  Астана  деген  ат  берілді.  Стамбулда  өткен 

түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылға 

Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Елордамызда 

Астанасы  әлемге  паш  ететін  монументтер  көрініс 

тапты. Соның бірі-«Қазақ елі» монументі, биіктігі- 91 м. 

Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатылған 

самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы метр кеңістікке 

созылған  мәрмәр  тастан  жасалған.  Бас  сәулетші-

Саматбек  Бөкебай.  Ал  «Бәйтерек»  монументінің 

биіктігі-97м. Шарының диаметрі-22 м. «Аялы алақан» 

композициясы 2 кг алтыннан, 6 кг күмістен құйылған. 

Ол әлемінің жеті кереметінің бірі- Эйфел мұнарасы 

нысаны  қатарына  қосылған.  Міне,  осындай  біздің 

сүйікті астанамызда  кеше ғана әлемді аузына қаратқан 

Еуропадағы  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық 

Ұйымына мүше елдердің Саммиті болып өтті. Саммит 

сөзі-«Шың» дегенді білдіреді. Дәлірек айтсақ, елдердің 

басшыларының  бас  қосуы  деген  түсінікті  береді. 

Саммитте 13 бөлімнен тұратын Астана декларациясы 

(жарғы)  қабылданды.  56  елден  келген  елбасылары 

мен  өкілдері  бірауыздан  ЕҚЫҰ  шеңберіндегі  өткір 

мәселелерді  бір  ізге  түсіріп,  бейбіт  түрде  шешу 

мәселелерін бекітті.

  «Мен  елімнің  ұланымын»  тақырыбына  ой-толғау 

жазу.

-  Біз-тәуелсіз  елміз.  Тәуелсіздігімізге  24  жыл 



толды.  Бұл-үлкен  мәртебе.  Үкімет  Тәуелсіздігіміздің 

24 жылдығына дайындық жоспарын жасауда. Біз-осы 

тәуелсіз  елдің  ұланымыз,  болашағымыз.  Елімізді, 

жерімізді  сүйеміз.  Ендеше,  елімізге  арналған 

жүрекжарды  өлеңдерің  мен  шығармаларыңды  оқи 

қойыңдар. 

Ой қорыту.

Оқушылар  бүгінгі  сабақтан  алған  білімдеріне 

сүйене отырып, өз ой-пікірлерін әңгімелейді.

Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

«Елім менің» әні орындалады.

   

   


 

130

131



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал