Мектебінде



жүктеу 0.93 Mb.

бет5/9
Дата12.04.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Айтылым.

   «Ой қозғау»

Тапсырма.  Тірек  сөздерді  қолдана  отырып,  мәтінді 

дамытыңыздар.

Қазақ елінің жері кең, аумағы үлкен. Қазақстан елінің 

шекарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 

     Тірек сөздер: Ресей, Қытай, шектеседі, батысында, 

теңіз, мұнай, егін, металл, көмір, бас қала, халық, саны, 

бай. 

Тірек сөздер:



Қоғам

Тәуелсіз


Халық саны

шекара


Аймақ

Кеніш


Кент

Шаһар


Тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.

3.Тілдесім.

Тапсырма.  Сұхбатты  сұрақтармен  толықтырып, 

екеуара сөйлесіңдер.

- ... ?


- Біз, қазақтар,  ежелден еркіндікті сүйетін елміз.

- ... ?


- Қазақтар өр мінез, ақкөңіл, мейірбан келеді.

- ... ?


-  Қазақтар  ақындықты,  ән  айтуды,  күй  тартуды 

ұнатады.


- ... ?

- Қазақтар достықты, татулықты қадірлейді.

- ... ?

- Бүгінгі Қазақстан – тәуелсіз, егемен ел.



4. Жазылым.

Грамматика. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.

     Есімше – есім сөздің де, етістіктің де қызметін 

атқаратын  етістіктің  ерекше  түрі.  Есімше  септеліп, 

тәуелденіп,  көптеліп,  есім  сөздің  және  жіктеліп 

етістіктің қызметін атқарады.

Есімшенің жұрнақтары:

1. -ған,-ген,-қан,-кен: алған, келген;

2. -ар,-ер,-р,-с: барар, жүрер;


68

69

3. -атын,-етін,-йтын,-йтін: алатын, санайтын;



4.  -мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек:  бармақ,  келмек, 

жазбақ;


Көсемше  –  пысықтауыш  пен  баяндауыштың 

қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Көсемше іс-

әрекеттің жай-күйін білдіріп, жіктеліп немесе көмекші 

етістікпен тіркесіп, баяндауыш болады. 

Көсемшенің жұрнақтары:

1. -а,-е,-й: барады, келеді;

2. -ып,-іп,-п: шығып, санап;

3. -ғалы, гелі,-қалы,-келі: алғалы, бергелі;

Тұйық етістік – шақпен, жақпен байланысы болмай, 

қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.

Тұйық  етістік  –  у  жұрнағы  арқылы  жасалады. 

Мысалы, қара + у; алма +у.

Тұйық  етістік  көптеледі,  тәуелденеді,  септеледі. 

Мысалы, тексерулер,  айтуым, білудің.

1-жаттығу.  Сөйлемдердің    ішінен  есімшені  тауып, 

қандай септік жалғауында тұрғанын айтыңдар.

1)  Оқығанның  күні  жарық.  2)  Сөз  тапқанға  қолқа 

жоқ. 3) Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес. 4) Қаһарлы 

сөз қамал бұзар. (Мақал-мәтел)  5) Білмекке кетті көңілі 

жөнін сұрап. (Ы. Алтынсарин)

2-жаттығу.  Мәтіннен  көсемше  тұлғалы  етістіктерді 

тауып оқыңдар және жасалу жолдарын анықтаңдар.

3-жаттығу.  Берілген  сөздерді  сөз  құрамына 

талдаңдар.

Тәуелсіздігін,  еліміздің,  аумағы,  мемлекеттерімен, 

шекарасы, оңтүстігінде, кеніштері.

4-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып, қандай тұлғада 

тұрғанын ажыратыңдар.

1) Отанды сүю отбасынан басталады.  

2) Жақсының қасиеті – жарастыру, 

Жаманның қасиеті – таластыру.  

3) Сөз – ұлы құдірет, ұлылығы – сөзбен адамдарды 

табыстыруға болады.  

4)  Ана  тілін  құрметтемеу  –  анаңды  да  сыйламау 

деген сөз.  

5-жаттығу.  Мақал-мәтелдерден  етістіктің  есімше, 

көсемше  түрлерін  тауып,  олардың  қандай  жұрнақтар 

арқылы  жасалып  тұрғанын  және  қалай  түрленгенін 

айтыңдар.

1) Ақылды кісі азбайды,

    Асыл бұйым тозбайды.

2) Білмегенді кісіден сұра,

    Үлкен болмаса, кішіден сұра.

3) Көре-көре көсем боласың,

    Сөйлей-сөйлей шешен боласың.

4) Ақылды адам арын қорғайды,

    Сараң адам малын қорғайды.

6-модуль  бойынша  нәтиже  сабақ  «Сенің  есімің 

қандай мағына береді?»

1.  Оқылым.   Азан  араб тілінде шақыру, жариялау, 

хабарлау  дегенді  береді.  Азан  шақырып  ат  қою 

қазақ  дәстүрінде  кездеседі.  Жаңа  туған  сәбиге  ауыл 

ақсақалдарын жинап, азан шақырып ат қойғызады. Үш 

рет  қайталап,  сәбидің  құлағына  айқайлайды.  Сәбиге 

лайықты ат қоюға ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен 

жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған.

     Қазақта балаға ат қоюдың жолы көп. Шөп шауып 

жатса, Шөптібай деп, наурыз айында туса, Наурызбай 

деп,  мамыр  айында  туса,  Мая  немесе  Мамырхан  деп, 

қыстың боранды күндері туса, Боранбай, айт күні туса, 

Айтбай, Рамазан, табиғат құбылыстарына байланысты 

Күнтуған,  Айтолқын,  Жұлдыз,  Жаңбырбай  деп  те 

қоя салады. Сол сияқты дүниеге қыз бала келе берсе, 



70

71

Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді.



Мәтінмен жұмыс.

1.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.  Мәтін бойынша сұрақтар құраңдар.

2. Айтылым.

   «Ой қозғау»

 Атаңның баласы болма,

 Адамның баласы бол.

• Атаның баласы болу деген не?

• Адамның баласы болу дегенді қалай түсінесіз?

Тірек сөздер:

Жариялау 

Хабарлау

Құлағына айқайлау

Табиғат құбылысы

Дәстүр


Шөп шабу

Тапсырма.  Берілген  сөздермен  сөз  тіркестері  мен 

сөйлемдер құраңдар.

3.  Жазылым.

Грамматика.  Қос  сөздер.  Қысқарған  сөз.  Тіркесті 

сөздер. 

     Қос сөз – екі сөздің қосарланып немесе қайталанып 

айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі сыңары дефис 

арқылы жазылады. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама 

қос сөз және қосарлама қос сөз.

А)  Қайталама  қос  сөз  –  сыңарлары  бір  түбірден, 

яғни  бір  түбірдің  қайталануынан  жасалатын  қос  сөз. 

мысалы, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау, ап-ащы, кісі-місі.

Ә)  Қосарлама  қос  сөз  –  әр  түрлі  сөздердің 

қосарлануынан  жасалатын  қос  сөз.  Мысалы,  үлкен-

кіші, тәлім-тәрбие, бала-шаға, саяси-әлеуметтік.

     Қысқарған сөз – күрделі атаулардың және шартты 

белгілердің  қысқартылып  жазылған  түрі.  Мысалы, 

ТМД, ҚазҰМу, пединститут, Қазмұнайгаз, см, АН-24.

     Тіркесті сөз – екі немесе одан көп сөздер тіркесіп 

келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі. 

     Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін тіркес және 

тұрақты тіркес.Олардың  ерекшеліктері төмендегідей:

1)  Еркін  тіркестің  құрамындағы  сөздердің  орнын 

ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. 

Мысалы,  оқып  отыр  /оқып  жүр,  ұзын  бойлы/  бойы 

ұзын.


2)  Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын 

ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. 

Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп, бір ғана 

мағына береді. Мысалы, қас пен көздің арасында деген 

тіркесті кірпік пен көздің арасында десек, «тез» деген 

мағына бермейді.

1-жаттығу.  Сұрақтарға  жауап  беріңдер.  Диалог 

құрыңдар.

-  Сенің атыңды кім қойған?

-  ... .


-  Сенің  атыңды  қойғанда  түрлі  ырым,  тілектер 

ескерілген бе?

-  ... .

-  Сенің атың тағдырыңа әсер ететініне сенесің бе?

-  ... .

-  Сен біреуге ат қойып көрдің бе?

-  ... .

-  Ат қойып көрсең, ат қою оңай болды ма?

-  ... .

2-жаттығу. Сөйлемдердің сыңарын  мағыналарымен 

сәйкестендіріңдер.


72

73

1



Қазақтың 

дәстүрінде  

нәресте дүниеге келген кезде

адамдардың 

айтқаны 

бұлжымас заң.

2

Қазақ дәстүрінде үлкен



жас  нәресте  есімін  өздері 

таңдайды.

3

Кейде ата-аналары



ата-анасы  құрметті,  сыйлы 

адамға сәбидің есімін қойғызады.

3-жаттығу. Төменде берілген сөздермен көрсетілген 

сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.

зат есім + етістік

сын есім + зат есім

есімдік + зат есім

үстеу + етістік

сан есім + зат есім

Үлгі: әкені сыйлау (зат есім + етістік)

Ежелгі, есімдер, олардың, қазір, миллиондаған.

Жетістіктері, 

уақыт, 

таңғалмайсың, 



адам, 

ұмытылмайды.

3-жаттығу.  Берілген  қос  сөздерді  пайдаланып,  сөз 

тіркесін жасаңдар.

Үлгі: ойын-тойдың сәні, ...

Ойын-той, оқу-тәрбие, ән-күй, аяқ-қолы, артық-кем, 

үлкен-кіші, ойлы-қырлы, үш-төрт, ат-арба, қып-қызыл.

4-жаттығу. 

Төмендегі 

қысқарған 

сөздерді 

қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар. 

Үлгі: см – сантиметр, ..

См, кг, пединститут, педколледж, медпункт, ТУ-104.

5-жаттығу.  Төменде  берілген  сөздерді  жіктеңдер. 

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.



Қырық қасық су құю, суға шомылдыру.

4. Тілдесім.

    1. Баланың өмірге келуі қуаныш па?

    2. Баланың өмірге келуі бақыт па?

    3. Баланың өмірге келуі  ұрпағымның жалғасы ма?

    4. Баланың өмірге келуі үлкен байлық па?

7-модуль бойынша нәтиже сабақ «Мен оқитын газет-

журналдар».

1. Оқылым.

     Баспасөз – мерзімді және мерзімсіз басылымдардың 

жиынтық атауы. 

     Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдық нөмірі 

бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын 

газет, журнал, альманах, бюллетень жатады. Мерзімді 

баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет.

   Баспасөздің екінші түрі – мерзімсіз басылымдарға 

кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, 

т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі – кітап.

     Қазіргі кезде Қазақстанда 2756 мерзімдік басылым 

жарық  көреді.  Сондай-ақ    әр  түрлі  меншіктегі  260-

тан  астам  баспадан  мыңдаған  таралыммен  кітаптар, 

бүктеме мен плакаттар, т.б. шығады. 

  Республикадағы  Баспасөз  жүйесінің  қызметі 

Қазақстан  Республикасының  «Бұқаралық  ақпарат 

құралдары туралы» Заңымен реттеледі.

Мәтінмен жұмыс.

1.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.  Сұрақтарға жауап беріңдер.

А) Бұқаралық ақпарат құралдарына не жатады?

Ә) Қандай баспасөз түрлерін білесіңдер?

Б) Қазақ тіліндегі басылымдарды оқисыңдар ма?

2. Айтылым.

   «Ой қозғау». Үзіндіні түсініп оқып, өз пікірлеріңді 

білдіріңдер.

     Бүгінгі қазақ баласы өз ана тілінде шығатын көркем 

кітаптар мен газет-журналдарға зәру. Олардың көретін 

мультфильмдері  мен  кинолары,  оқитын  кітаптары 

мен  газет-журналдары,  ойнайтын  ойыншықтары 


74

75

мен  компьютерлік  бағдарламалары  негізінен,  орыс 



тілінде.  Қазақ  балалар  әдебиетінің  заманға  сай  дами 

алмай отырғанын айтпағанның өзінде, біздің баспасөз 

нарығында  балалар  басылымдарының  үлесі  тым  аз 

екендігі өкінішті жайт ... 

Тірек сөздер:

Баспасөз


Мерзімді / мерзімсіз

Таралым


Дүңгіршек

Күнделікті

Апталық

Айлық


Қоғамдық

Саяси


Жалпыұлттық

Тапсырма.  Берілген  сөздермен  сөз  тіркестері  мен 

сөйлемдер құраңдар.

3. Жазылым.

Грамматика. Бірыңғай мүшелер.

Бір  сұраққа  жауап  беріп,  бір  ғана  қызмет  атқарып, 

бір  ғана  мүшемен  байланысатын  екі  не  одан  да  көп 

мүшелер сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. 

Бірыңғай мүшелер барлық сөз таптарынан жасалады 

және олардың арасына үтір қойылады.

Мысалы,    ауа  тұп-тұнық,  тап-таза,  жібектей 



жұмсақ.

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын 

қойып жазыңдар. Бірыңғай мүшелерді табыңдар.

«Дружные  ребята»  -    балалар  мен  жасөспірім...  

арналған  газет.  «Дружные  ребята»  -  Орта  Азиядағы 

балалар...   арналған жалғыз орыс тілді басылым. Газет 

мектеп оқушылары...  өмірі туралы жазады.

  Газет  соғыс  және  еңбек  ардагерлері...    көмек, 

қоршаған ортаны қорғау, спорт жаңалықтары, мәдениет 

жаңалықтары,  жануарлар...    қорғау  шараларын 

жүргізеді.  Бұл  шаралар  оқырмандарды  туған  жер...  

сүюге,  Отан...    сүюге,  табиғат...    аялауға,  үлкендер...  

сыйлауға, салт-дәстүр...  құрметтеуге тәрбиелейді.

2– жаттығу.  Сөздерді етістіктермен сәйкестендіріңдер.

Журналға                                                    пайдаланамын

Сабаққа                                                   жазыламын

Есте қалуына                                          шешемін

Сөзжұмбақтарды                                    көмектеседі

Достар                                                     үйрендім

Ойымды ашық айтуға                            таптым

3-жаттығу.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 

қатыстырып сөйлем құраңдар.

 Журналға жазылу, оқып тұрамын, оқырмандар, маған 

ұнайды,  жасөспірімдер,  әртістер  мен  музыканттар, 

жаңалықтар.

4-жаттығу.  Өзіңіз оқитын газет туралы айтыңыз. 



4. Тілдесім.

Мына сұрақтарға жауап беріп, сұхбат құрыңдар.

-  Сендер қандай басылымдарға жазыласыңдар?

-  ... .


-  Қандай басылымдарды сатып алып оқисыңдар?

-  ... .


-  Қазақ  тілді  қандай  басылымдарды  білесіңдер? 

Оларды оқисыңдар ма?

-  ... .

-  Балаларға  арналған  басылымдарға  көңілдерің 

тола ма?

-  ... .


-  Балаларға  арналған  басылымдардың  қандай 

болғанын қалайсыңдар?



76

77

-  ... .



8-модуль  бойынша  нәтиже  сабақ  «Мен  мамандық 

таңдаймын».



1. Оқылым.

Мамандық    таңдау  деген  өзіңнің  айналысқың 

келетін  жұмысты  таңдау  ғана  емес,  өзің  араласқың 

келетін  ортаны  да  таңдау.  Қазақ  «Адам  екі  түрлі 

жағдайда  қателеспеу  керек:  соның  бірі  –  мамандық 

таңдағанда»  деп  бекер  айтпаса  керек.  Өз  ісінің  нағыз 

маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол 

үшін,  ең  алдымен,  мамандығыңа  деген  сүйіспеншілік 

керек. Сүйіспеншілікпен істелген жұмыс қана нәтиже 

береді.  Өз  жаныңа  жақын  мамандықты  іздеп  табу 

да  барынша  күрделі  жұмыс.  Өз  қалауыңды  білесің, 

бірақ  сол  мамандықтың  қалай  аталатынын  білмейсің. 

Бұндай  жағдайда  мектеп  психологтары,  мұғалімдері, 

оқу орындарының оқытушылары, ата-аналарың, туған-

туыстарыңның көмектеріне жүгінгенің жөн. Дегенмен, 

ең алдымен жүрегіңнің үнін тыңдағаның дұрыс. Әлемде 

өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүргендердің де, 

өз  жұмысын  жанымен  сүйіп  істейтін  адамдардың  да 

саны аз емес. 

Мәтінмен жұмыс.

1.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.  Сұрақтарға жауап беріңдер.

А) Адам қандай жағдайда қателеспеу керек екен?

Ә) Өз ісінің нағыз маманы атану үшін не істеу қажет?

Б)  Мамандық  таңдауда  кімдердің  көмектеріне 

жүгінуге болады?



2. Айтылым.

«Ой  қозғау».  Жағдаятты  оқып,  ондағы  берілген 

ақпаратқа өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Қазір  жастардың  мұғалім,  агроном,  аспаз,  т.б. 

мамандықтарды таңдағысы келмейді. Неге?

Тірек сөздер:

Қателеспеу керек

Бекер айтпау

Білекті

Жығады


Таңдау

Тапсырма.  Берілген  сөздермен  сөз  тіркестері  мен 

сөйлемдер құраңдар.

3. Жазылым.

Грамматика. Туынды зат есім. 

Зат  есімдер  қазақ  тілінде  түбір  зат  есімдер  және 

туынды  зат  есімдер  деп  екіге  бөлінеді.  Туынды  зат 

есімдер  басқа  сөздерге  жұрнақтар  қосылу  арқылы 

жасалады. Мысалы, -шы/-ші: мал+шы, -лық/-лік, -дық/-



дік, -тық/-тік: дос+тық, жылдам+дық. Қазақ тілінде 

зат  есімдер  бірігу,  қосарлану,  тіркесу  жолымен  және 

сөздерді қысқарту жолдарымен де жасалады. Мысалы: 

тасбақа, ата-ана, Сарыарқа, т.б.

1-жаттығу.  Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.

•  Білекті – бірді жығады, білімді – мыңды жығады. 

•  Жеті жұрттың тілін біл,

       Жеті түрлі білім біл.

2-жаттығу.  Сөйлемдердің  ішінен  туынды  зат 

есімдерді  табыңдар.  Олардың  қандай  жолдармен 

жасалғанын анықтаңдар.

1.  Ескі дәуірдегі серілік өнерді бастаушы – Қорқыт 

ата.


2.  Олар тек әнші, ақын, күйші ғана емес, керемет 

зергер де болған.

3.  Жерге орналастыру мына жұмыстарды қамтиды: 

кәсіпорындарға,  ұжымдарға,  шаруашылықтарға  жер 

бөлу.


78

79

3-жаттығу.  Сөйлемдерді  оқып,  «Келісемін    (+)» 



немесе «Келіспеймін (-)» деп жауап беріңдер.

                      

Сөйлемдер

 

+  -

1. Мамандық таңдаудың еш қиындығы жоқ 

2.  Жақсы  маман  болу  үшін  мамандығыңа  деген 

махаббат керек.

3. Өз мамандығын ұнатпайтын жұмыскерлер бар.

4. Өзім ұнатпайтын мамандыққа бармаймын. 

5.  Маған  ата-анам  қай  мамандықты  таңда  десе,  сол 

мамандықты таңдаймын.

6. Тек ақшаның күшімен оқып шығуға болады.

4-жаттығу.  Мына  әріптердің  өзгеріске  ұшырауына 

сәйкес келетін кейінді ықпалдағы сөздерді жазыңдар.

 П-б,қ-ғ, к-г, п-у.

5-жаттығу. Мәтіннен қос сөздер мен біріккен сөздерді 

табыңдар.

Республикадағы  мұнай-газ  саласының  ғылыми 

тұрғыда  кең  зерттеле  бастауы  соғыстан  кейінгі 

кезеңге сәйкес келеді. Ал 1970-1980 жылдарда мұнай-

газ  іздестіру  бағытындағы  зерттеулер  қазақ  жерінің 

жерасты байлықтарының ұшан-теңіз екендігін танытты. 

Жетібай мен Өзен, Қаражамбас пен Қаламқас, Құмкөл 

мен Қарашығанақ, Теңіз бен Жаңажол секілді алыптар 

– осы жылдардағы іргелі зерттеулер жемісі.

4. Тілдесім.

     Сұхбатты оқып, өздерің таңдаған мамандықтарың 

туралы көршілеріңмен әңгімелесіңдер.

-  Аружан, сен қандай пәндерді ұнатасың?

-  Мен  тарих,  әдебиет  пәндерін  ұнатамын.  Ал 

саған қандай пәндер ұнайды?

-  Мен жаратылыстану пәндерін ұнатамын. Қандай 

маман иесі болғың келеді?

-  Мен журналист болсам деймін.

-  Әрине,  журналист  –  өте  қызықты  мамандық. 

Бірақ журналист болу үшін газет-журналдарға мақала, 

әңгіме жазбаушы ма еді?

-  Дұрыс 

айтасың. 

Менің 

жарияланған 



мақалаларым бар ғой.

-  Солай  ма?  Мен  білмеппін.  Қандай  тақырыпта 

жазып едің?

-  Соңғы  жазған  мақалам  «Менің  болашақ 

мамандығым» деп аталады. Онда армандарым туралы 

жазған болатынмын.

-  Сен журналист болуға жақсы дайындалып жүр 

екенсің. Ендеше жолың болсын, талабыңа нұр жаусын! 

Жақсы журналист болуыңа тілектеспін.

-  Рақмет. Сенің де қалаған мамандығыңның иесі 

болуыңа тілектеспін.

-  Рақмет, Аружан.

9-модуль  бойынша  нәтиже  сабақ  «Мен  болашақта 

қандай жұмыс істеймін?»



1. Оқылым.

  Біздің шаштаразда ерлер және әйелдер залы бар. Біз 

шаш қиямыз, шаш бояймыз. Маникюр жасаймыз.

   Шаш қалыпты, құрғақ, майлы болып үшке бөлінеді. 

Қалыпты  шаш  –  қайызғағы  жоқ,  жылтыр  болады. 

Мұндай  шаш  ерекше  күтімді  қажет  етпейді.  Құрғақ 

шаш – жеңіл және жұмсақ, тез сынғыш болып келеді. 

майлы шаш – жуғаннан кейін-ақ тез майланып кетеді. 

Жұқа  шаштың  диаметрі  –  0,05  мм-ден  кем  болады, 

орташа шаш – 0,05 мм, қалың шаш – 0,07 мм.

Әдемі  шаш  –  адамның  көркі.  Шаш  күтімі  дегенде 

шашты  жуып,  бұйралау  деп  қана  түсінбеу  керек. 

Шаштың  түрлеріне  қарай  дұрыс  сусабын  таңдап, 

мамандардан кеңес алып тұрған жөн.



80

81

2.  Мәтін  бойынша  үш  деңгейлі  тапсырмаларды 



орындаңдар. 

ІІІ деңгей.

1.  Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.  Шаштаразда әйелдер залы бар ма?

2.  Шаштаразда ерлер  залы бар ма?

3.  Шаштаразда қандай қызмет көрсетіледі?

4.  Құрғақ шаш қандай болады?

5.  Майлы шаш қандай болады?

6.  Қалыпты шаш қандай болады?

2.  Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Шаштың, майлы.

ІІ деңгей.

1.  Сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.

Шаштараз, сусабын, құрғақ, майлы, шаш қию,бояу, 

ерлер залы, әйелдер залы.

2.  Сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Майлы, мамандардан, бояймыз.

І деңгей.

Басқа қандай мамандықтар туралы білесіңдер?Өздерің 

таңдаған мамандықтарың туралы толығырақ айтыңдар.



1. Оқылым.

    Мен – медициналық орталықтың дәрігерімін. Біздің 

медициналық  орталық  жоғары  технологиялық  құрал-

жабдықтармен  жабдықталған.  Жаңа  талаптарға  сай 

жұмыс істейді. Күрделі биологиялық анализдерді өзіміз 

жасаймыз. Медициналық орталықта күндізгі стационар, 

хирургиялық бөлім, зертхана, диагностикалық орталық, 

дәріхана  жұмыс  істейді.  Сондай-ақ,  рентгенттік 

техника-компьютерлік  томограф,  рентген  аппараты, 

маммография  қондырғысы  науқастарға  қызмет 

жасайды.  Біздің  медициналық  орталық-медициналық 

қызмет көрсетудегі үлгілі мекеменің бірі.

2.  Мәтін  бойынша  үш  деңгейлі  тапсырмаларды 

орындаңдар. 

ІІІ деңгей.

1.  Орыс  тіліндегі  сөздерді  қазақ  тілі  сөздерімен 

сәйкестендіріңіз.

1)  оборудованный                             қорытынды 

2)  пациент                                          жабдықталған

3)  принимать                                      кеңес

4)  перерыв                                          қабылдау

5)  консультация                                 жас маман

6)  молодой специалист                     үзіліс

7)  протокол                                         хаттама

8)  заключение                                     емделуші

9)  медсестра                                        медбике

2.  Мәтіннің 

мазмұны 


бойынша 

сұрақтар 

дайындаңдар.

ІІ деңгей.

1.  Етістіктерді болымсыз түрде жасаңыз.

1)  Қабылдау - .....................

2)  Беру - ...............................

3)  Өткізу - ............................

4)  Жазу - ..............................

5)  Шығару - ........................

2.  Диаграмманы 

толтырыңыз. 

Медицина 

терминдерін жазыңыз.

Медицина терминдері.

І деңгей.

Бір  мамандық  бойынша  берілген  жоспар  негізінде 

презентация дайындаңдар.

1.  Мамандық.

2.  Маман не істейді?

3.  Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?

4.  Маман қандай жағдайда жұмыс істейді?



82

83

А.УТКЕЛЬБАЕВА,



Қорғалжын мектеп-гимназиясы.

Ақмола облысы,

 Қорғалжын ауданы



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал