Мектебінде



жүктеу 0.93 Mb.

бет3/9
Дата12.04.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ КАЗАХСКИЙ 

ЯЗЫК: АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ 

ПРЕПОДАВАНИЯ

В  данной  статье  рассматриваются  актуальные 

вопросы  в  изучении  профессионального  казахского 

языка  в  высшем  учебном  заведении:    усвоение 

студентами  профессиональных  терминов,  виды 

работ  с  текстами,  попытки  создания  языковой 

среды.  Интерактивные  методы,  выбранные  согласно 

программных  тем,  сопровождаются  примерами  из 

уроков, определются  пути достижения цели в работе с 

терминологическими словарями.  



PROFESSIONAL KAZAKH LANGUAGE: 

CURRENT ISSUES IN TEACHING

This article discusses the topical issues in the study 

of professional Kazakh language in higher educational 

institution:  the  acquisition  by  students  the  professional 

terms, types of work with texts, attempts to create a language 

environment. The interactive methods, selected according 

to the program, subjects are followed by examples of the 

lessons, the ways of achievement of the purpose in working 

with terminology dictionaries are determined.

                                          

Г.СМАҒҰЛОВА,

                                                                      Рудный индустриалдық 

институты.

 Рудный қаласы

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ПАТРИОТИЗМ- ЖАСТАР 

ЖҮРЕГІНДЕ

Аталмыш  мақалада  қазіргі  таңда  өзекті  тәрбие 

мәселесі-жаңа  қазақстандық  патриотизмді  студент 

жастар  бойына  сіңіру  жайлы  ой  қозғалады.  Ата-баба 

салты-тарихымыздың  үлесі  ұлттық  тәрбие  негізінде 

егеменді  ел  жағдайында  жастарды  отансүйгіштікке 

тәрбиелеу,  елін,  тілін  құрметтейтін  азаматтарды 

тәрбиелеу  туралы  айтылады.  Жаңа  Қазақстандық 

патриотизмді жастар бойына ұялату-мақаланың басты 

тақырыбы болып табылады.

  Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм 

мен  отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеу  барысында 

Қазақстанның  білім  және  ғылым  қызметкерлерінің 

ІІ  съезінде  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаев: 

“Қазақстанның  отаншылдық  сезімін  тәрбиелеу  білім 

берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғары  оқу 

орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда 

көкейкесті болып табылады. Оның басты құндылықтары 

– ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз 

байланысты.  Қазақ  халқы  –  рухани  зор  байлықтың 

мұрагері. 

Әл-Фараби  өзінің  “Азаматтық  саясат”,  “Поэзия 

өнері  туралы”,  “Бақытқа  жол  сілтеу”,  “Риторика”, 

“Мемлекеттік  қайраткердің  нақыл  сөздері”  атты 

трактаттарында  этикалық,  эстетикалық  мәселелермен 

бірге  көркемдік,  сұлулық,  мейірбандық,  білім 

категорияларының  бетін  ашып,  олардың  негізгісін 

   


   

 


30

31

дәлелдеп берген. 



Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана 

тіліне,  салт-дәстүріне  сүйіспеншілік  түрінде  ықылым 

заманнан  қалыптаса  бастаған.  “Патриот  –  Отанын, 

халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі 

үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар 

–  өз  Отанының  жалынды  патриоты,  өнеркәсіп,  ауыл 

шаруашылығының озаттары. 

Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-

жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. 

Халық  қаһарманы  Бауыржан  Момышұлының  ұлы, 

жазушы  Бақытжан  Момышұлы  “нағыз  патриоттар 

өзінен  бұрын  Отанының  қамын  көбірек  ойлайды. 

Шынайы  патриот  қазақ  ата  жұртының  мәңгі  тәуелсіз 

өмір  сүріп,  гүлдене  беруі  үшін  өзінің  саналы  өмірін 

сарп етуге даяр адамдар” деп дәріптейді. 

Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқымыздың 

баға жетпес мұрасы. Төл жәдігеріміз – ауыз әдебиеті, 

мақал-мәтелдер,  қанатты  сөз,  өлең,  жыр,  терме,  ана 

әлдиі, ата тілегі – ұлттық тәрбие бесігі. 

Егемен  ел  жағдайында  жастарды  отансүйгіштікке 

тәрбиелеу,  олардың  елін-жерін  сүйетін,  ана-тілін 

ардақтайтын,  ұлтын  пір  тұтатын  азамат  болып  өсуін 

қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге 

болады. 


Біздіңше  патриотизм  –  ол  өзінің  туған  жеріне,  ана 

тіліне,  мемлекетке  деген  сүйіспеншілік  сезімі,  сол 

мемлекеттің,  Отанының  гүлденуіне,  өсіп  өркендеуіне 

өз үлесін қосу, қызмет ету. Қандай бір халық болмасын 

Отанын,  елін,  жерін  сүймейтіні  жоқ.  Соның  ішінде 

қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді 

халықтардай  Отанын,  жерін,  суын,  табиғатын  сүюге 

жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып 

келеді.

Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  “Тарих  толқынында” 



деген  еңбегінде  негізінен  халықтардың,  оның  ішінде 

түркі мәдениетіне, қазақ топырағында түрлі діндердің 

болғанын  айтқан.  Бұл  еңбек  қазақстандық  ұлттық, 

ұлтаралық  татулықтың,  қазақстандық  патриотизмнің 

темірқазығы іспеттес.

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық 

салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз,  ертегілер,  жырлар, 

кешегі  кеңестік  ортақ  дәуір,  Ұлы  Отан  соғысындағы 

түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері 

туралы тарихи деректер болып табылады.

Қазақстандық  патриоттық  тәрбие  бүгінгі  өмірден 

оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып, ұлттық 

тәрбиеге жаңа мән береді.  Ұлттық тәрбие дегеніміз ол 

оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен 

әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық 

екенін тани білу, өрісі, дүниетанымы кең азаматтарды 

тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және 

солай да.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа 

тәрбиелеудің  жолдары  мен  құралдары  –  ол  түрлі  іс-

шаралар,  тәрбие  сағаттары,  гуманитарлық  пәндердің 

мазмұны.


«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде 

тәрбиелеу,  білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен, 

жоғары  оқу  орнына  дейінгі  барлық  ұйымдардың 

міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған 

халық қана тұтастығын сақтап қалады» –  деп атап кетті 

Н.Ә.Назарбаев.

Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек 

сүйгіш,  қайырымды  бала  тәрбиелеуді  қояды.  Соның 

ішінде  қазақ  халқы  өз  ұрпағын,  үлкенді  құрметтейтін 

адал,  инабатты,  әділ,  ержүрек,  намысшыл,  ізгі  ниетті 

болып  өсуін  қалайды.  Бұл  қасиеттер  дұрыс  тәрбие 

арқылы қалыптасады.

Қазақ  халқының  тұңғыш  ағартушысы  Ыбырай 

Алтынсарин  тәрбиенің  басты  құралы  етіп  –  дінді 

алған  да,  оның  тиімді  жақтарын  өмірмен  ұштастыра 


32

33

білгеннің артықшылығы жоқ деген. Ата-баба салтының 



Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезеңде тұрады. 

Сондықтан  да  бұл  әр  адамның  ойындағы  қасиеті, 

дарыны  ата-баба  жерімен  тығыз  байланысты.  Міне, 

осылардың  барлығы  жалпыадамдық  педагогиканың 

бір  бөлігі  ретінде  ұлттық  тәрбие    жүйесінің  ізгілікті 

де  игі  бастауларын  құрайды.  Республикадағы  ұлттар 

мен  ұлыстардың  ешқайсысын  алаламай,  бәрінің  де 

толыққанды  дамуына  нақты  жағдайлар  туғызып, 

көп  этносты  елдегі  саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз 

ету  қазақстандық  патриотизмнің  туындауына  негіз 

бола  алады.  Ұлтына  қарамастан  Қазақстанда  тұратын 

әрбір  азамат  Қазақстанды  туған  Отаным  деп  түсінуі 

қажет.  Сонда  ғана  адамның  жүрегінде  қазақстандық 

патриотизм  сезімінің,  өз  Отанына  деген  перзенттік 

мақтаныш  сезімнің  өркен  ғажайып  тамырлануына 

негіз  қаланады.  Яғни,  этносаралық  интеграцияның 

базасы  емес,  адамдардың  өзін-өзі  азаматтық  билеуі, 

Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып 

қалыптасады.

Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  туралы  сөз  болғанда 

бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін 

оқыту  мәселесін  жеке  бөліп  қарастырмаса  болмайды. 

Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан-жақты 

қарастырылып отырған мәселе – орыс аудиториясында 

қазақ тілін оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе 

тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола 

келіп,  қазіргі  кезеңде  өзекті  мәселе  болып  отырған 

қазақша  сөйлеуге  үйретудің  тиімді  жолдарын  табуға 

көмектеседі.

Орыс  аудиториясында  қазақ  тілі  сабағын  жүргізу 

мәселесімен  айналысып  жүрген  ұстаздар,  тілшілер, 

ғалымдар  көптеп  саналады.  Олардың  әрқайсысы 

әр  түрлі  мәселелерді  қарастыра  келіп,  қазақ  тілін 

оқыту  саласының  дамып,  жетілуіне  үлес  қосуда.  Бұл 

еңбектердің  авторлары  Ш.Х.Сарыбаев,  И.В.Маманов, 

Ғ.Бегалиев,  С.Жиенбаев,  Т.Аяпова,  Ш.Бектуров, 

К.Сариева, 

А.Жүнісбеков, 

Ф.Р.Ахметжанова, 

М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.

Бүгін  біздің  алдымызда  тұрған  мақсат  –  өзге  тілді 

аудиторияны  қазақ  тіліне  үйрету  ғана  емес,  сонымен 

қатар  алдымызда  отырған  шәкірттердің  Отанының 

қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін 

ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы 

болып  саналады.  Сол  сияқты,  барлық  отандастардың  

отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста 

болуы,  өзі  өсіп-өнген    аймаққа  деген  сүйіспеншілігі 

патриотизмнің қайнар көзі.

Білім  беру  жүйесінің  даму  бағдарлама  жобасында 

бұл мәселе жөнінде былай делінген:

-        Жоғары  Қазақстандық  ұлтжандылық,  жоғары 

мәдениет,  ымырашылдық  және  адамдардың  құқығы 

мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;

-    Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, 

үштілділік  принципін  іске  асыру,  мемлекеттік,  орыс 

және шет тілдерін меңгеру.

Міне,  бүгінгі  біздің  күн  тәртібімізде  тұрған  өзекті 

мәселелердің  бірі  осылар.  Алдында  аталып  өткен 

авторлардың  еңбегінің  зор  екендігін  айта  келе, 

өзімнің  жұмысымда  Ә.Жүнісбектің  үндестік  заңы 

технологиясы  және  Е.И.Пассовтың  және  бұл  әдісті 

қазақ  тілін  үйретуге  бейімдеген  Ф.Оразбаеваның 

қатысым  әдіс  технологиясын  басшылыққа  алып 

келемін.  Сонымен  қатар,  қазақ  тілі  сабақтарында 

қатысымдық  әдісін  қолданып,  аймақтық  компонентін 

кеңінен  пайдаланамын.  Неліктен  қатысымдық  әдіске 

тоқталдым?  Мәселені  дұрыс  ашу  үшін  ең  бірінші 

қатысымдық  әдістің  негізін  құрайтын  принциптерін 

көрсетейік.  Ф.Оразбаева  басқа  ұлт  өкілдеріне  қазақ 

тілін  оқыту  барысында  қолданылатын  қатысымдық 

әдісті  өзіндік  принциптер  арқылы  ажыратады.  «Отан 

отбасынан  басталады»  десек,  туған  облысымыздың, 


34

35

қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, 



айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор.  

Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен 

қатар, басқа да жаңа инновациялық технологиялардың 

элементтерін  қолданып,  солардың  жақсы  нәтижесін 

оқушыларымның  жетістіктерінен  көріп  келемін. 

Біріншіден,  оқушыларым  дыбыстық  ерекшеліктерді 

жақсы  меңгерген,  яғни,  айтылым  дағдылары  жақсы. 

Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жақсы. Күнделікті 

жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар 

берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген 

аймақтық  компоненттер  тақырыбына  сұрақ  қоя  білу, 

жауап беру дағдылары даму үстінде. 

Ақиық  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  «берік  денелі, 

түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, 

сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны 

толқындатарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам 

болатындығы» деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл 

осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами 

құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты 

мақсаттарына сай клетін жеке тұлғаны қалыптастыру – 

баршамыздың алдында тұрған міндетіміз.

Адам  махаббаты  қандай  мәңгі  болса,  оның 

патриотизмі де сондай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз, 

мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш 

нәтиже де, жеміс те бермейді. Олай болса, қазақстандық 

патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз. Сол 

үшін  азаматтардың  биік  отаншылдық  сезімі  бүгінге 

ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек.

Қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл 

қазақстандықтарға  тән.  Себебі  Отан-ортақ,  тарих-

ортақ,  салт-дәстүр-ортақ,  қазақтың  тілі-ортақ.  Басқа 

ұлт  өкілдері  қазақтың  тілін  білуі  тиіс.  Қазақстандық 

патриотизм  –  мемлекеттік  патриотизм  идеясы. 

Қазақстанда  мемлекет  құрушы  ұлт  ретінде  қазақ 

халқы этностық патриотизм сатысынан өтті. Қазақтар 

осыдан  екі  жыл  бұрын  өткен  халық  санағы  бойынша 

63  пайыздан  асты.  Ол  енді  өзі  құрған  мемлекеттің 

дамуына мүдделі болғандықтан, барлық ұлт өкілдерінің 

ұйытқысына  айналып,  жасампаздыққа  бастаушының 

міндетін атқаруға кірісті. 

Сондықтан  қазақстандық  патриотизм  –  бүкіл 

қазақстандықтарды  кемел  болашағына  сендіру, 

оларды  жасампаз  еңбекке  шақыру,  береке-бірлікті, 

баянды ынтымақты орнықтыру. Отанды сүюді әркім өз 

қалыбына  салып  өлшейді.  Бауыржан  Момышұлының 

қалыбына салсақ, бұл “Отан үшін отқа түс, күймейсің!” 

деген  өмірлік  қағида  болар  еді.  Ал  Мұхтар  Әуезовше 

айтқанда,  “Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе”  деген 

тұжырымға  саяды.  Патриот  –  елінің,  мемлекетінің 

жетістігін жеке басының жеңісіндей қабылдай алатын, 

сол үшін қуана да, жұбана да алатын азамат. 

Новый казахстанский патриотизм в сердцах 

молодежи

В  данной  статье  ведется  рассуждение  об  актуальной 

проблеме  воспитания  студенческой  молодежи  к  новому 

казахстанскому  патриотизму.  Также    рассказывается  о 

воспитании  молодых  людей,  на  основе  традиции  предков, 

воспитывать  чувство  любви  к  Отчизне,  с  уважением 

относится  к  родной  земле  и  языку.  Основной  темой 

доклада  является  привитие  чувства  нового  казахстанского 

патриотизма у молодежи.

New Kazakhstan patriotism in the hearts of young people

Said  article  being  reasoning  about  the  actual  problem  of 

education of students to the new Kazakhstani patriotism . Also 

describes the education of young people , based on the traditions 

of their ancestors , cultivate the feeling of love for the Motherland 

, with respect for the native land and yazyku.Osnovnoy theme of 

the report is to impart a sense of the new Kazakhstan patriotism 

among young people.

Әдебиеттер:

1  Патриоттық  және  азаматтық  ұстаным-2011  жылғы 

«Егеменді Қазақстан» газетінен.

2      Нагиева  Ш.  Қазақ  тілі  сабақтарында  қазақстандық 

отаншылдыққа тәрбиелеу.


36

37

қыранның  қанатындай  күштілікті,  таза  жүрек  пен 



сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты 

көрді.


   Жұмсақ мінез жібектер,

   Сүттей таза жүректер.

   Қасиетті тілектер –

   Мен жастарға сенемін!

Халықтың  болашағы  үшін  күресетін  негізгі  күш  – 

жастар. Олай болса, өмір бойы «алаш ұранын көтеріп 

өткен. Алаш атын аспанға шығарар олар «мен жастарға 

сенемін» деп жырлаған еді...

Ақынның  жастарға  қайрылуы,  ұлт  тағдырын 

солардың ісімен байланыстыратыны бекер емес. Өйткені 

жастар  жігерге  толы,  жаңалыққа  құмар,  жасампаз 

еңбекке ынталы, жаңалықты қабылдауға зерек, қайрат-

жігері  мол.  Сондықтан  да  ақын  жастарға  үміт  артты, 

соларға  сенді.  Мұны  «Мен  жастарға  сенемін!»  деп 

жырға  қосып, бар дауыспен халыққа үн қатты.

Ал  жиырма  бірінші  ғасырдың  басында  Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» халықтық 

-  демократиялық  партиясының    кезекті  XIII  съезінде, 

жылдағы дәстүрлі Жолдауларында осы сөзді қайталап, 

жастарға  арнайы  қайрылып  үн  қатты.  Елбасы    да  өз 

кезінде Мағжан Жұмабаев  сияқты жастарға  айрықша 

үміт артады. Жастарды елдің ертеңі деп қарайды.

    Мағжан    Жұмабаевтың  «Мен  жастарға  сенемін» 

өлеңі  сол  замандағы  қазақ  жастарының  ел-жұрт 

алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама 

бүгінгі  күнде  де  өзекті  бағдарлама  десе,  қате  деп 

ойламаймын.

Бұл өлеңнің кейбір шумақтарын келтірейік:

  

 



Арыстандай айбатты, 

            

Жолбарыстай қайратты – 

Тарихи тұлға тағылымы

Р.ТЕМІРОВА,

№13 орта мектеп.

Қарағанды облысы, 

Саран қаласына 

қарасты Ақтас кенті



МАҒЖАН МЕН ЕЛБАСЫНЫҢ  

ЖАСТАРҒА ДЕГЕН 

СЕНІМДІЛІГІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Мағжан  Жұмабаев  жиырмасыншы    ғасырдың 

басында «Мен жастарға сенемін» деген өлеңін жазған 

еді.  1918  жылы  Қызылжарда  шығып  тұрған  қазақтың 

жастар  баспасөзінің  тұңғышы  «Жас  азамат»  газетінің 

бірінші санында, бірінші бетте «Мен жастарға сенемін» 

деген  тақырыппен  көпке  тараған  өсиет  өлеңі    жарық 

көрді.  Қазақ  жерінде  заман  ауысып,  үлкен  өзгерістер 

болып  жатқан  кезде,  ескіні  қиратып,  жаңа  тұрмыс 

құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар 

болашақты  жастармен  байланыстырып,  соларға  үміт 

артқан еді. Айналасындағы жастарды  да «арыстандай 

айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келді.                                     

«...  Жас қырандар-балапан, 

 

Жайып қанат, ұмтылған. 

 

Көздегені көк аспан, 

 

Мен жастарға сенемін!.. 

Халықтың  келешегі  үшін  күресетін,  оның  алдағы 

тағдырының қандай болмағын айқындайтын көзі ашық, 

жаны таза, саналы жастар. Ақын жастардың бойынан 



38

39

            



Қырандай күшті қанатты. 

           

Мен жастарға сенемін!..

 

 

 

...Тау суындай гүрілдер, 

 

 

Айбынды алаш елім дер

 

 

Алтын Арқа жерім дер

 

 

Мен жастарға сенемін! 

 

 

Қажу бар ма тұлпарға, 

 

 

Талу бар ма сұңкарға?! 

 

 

Иман күшті оларда, 

 

 

Мен жастарға сенемін!..

 

 

 «Алаш» - айбынды ұраны, 

           

Қасиетті құраны, 

            

Алаштың олар құрбаны

           

 Мен жастарға сенемін! 

            

Тау суындай гүрілдер, 

            

Айбынды алаш елім дер, 

           

Алтын Арқа жерім дер, 

           

Мен жастарға  сенемін!  

         

... Мен сенемін жастарға. 

          

Алаш атын аспанға 

          

Шығарар олар бір таңда

          

Мен жастарға сенемін!

Смағұл Садуақасов айтып, ел аузында қанатты сөзге 

айналған:  «Мағжан  –  қазақ  жастары  ой-санасының 

әміршісі»  деген  бағаның  түп-тамыры,  бәлкім  осы  бір 

отты-жалынды өлеңде жатқан шығар...

   


   

 

Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл!



А.ҚҰМАРОВА,

№16 лицей-мектебі.

Павлодар қаласы



«ЖАСАУЛЫ ДЕП, МАЛДЫ ДЕП 

БАЙДАН АЛМА ...»

Абай өзінің халқына, келер ұрпағына өшпес әдеби 

мұра қалдырды.

Бұл өте бай мұраның тақырыбы, жанры сан алуан 

болғанымен оның негізгі идеясы – біреу. Ол – нұрлы 

ағартушылық  идея.  Ақынның  қай  шығармасын, 

қай  өлеңін,  қай  бір  өлең  жолдарын  алсақ  та  тәлім-

тәрбиелік мәні зор асыл қазына.

Ұлы  Абай  бар  асыл  ойын  замана  жастарына, 

келер заман ұрпағына арнады. Сондықтан да жастар 

тәрбиесінің  сан  қырына,  оның  өзекті  салаларына 

әлеуметтік  тұрғыдан  қарады.  Соның  бірі  үйелмен 

тәрбиесіндегі  жастарды  жұбайлық  өмірге  баулу 

мәселесі  болатын.  Абай  мән  берген  бұл  проблема 

қазірде заманымыздың көкейесті (актуальді) мәселесі 

болып отыр.

Жастар тәрбиесінің бар тамырын басып байқаған 

сезімтал  ақын  жұбайлық  өмірлерінің  дұрыс, 

даярлықпен  басталуын  олар  көрер  бақыттың  басы 

деп білді. Сол бақытқа жету жолындағы іс-әрекетке 

педагогикалық-этикалық  тұрғыдан  талдау  жасады, 

бағдар ұсынды.

Көреген  ақынның  осы  мәселеде  ой  толғаған 

ағартушылық  пікірлері  бүгінгі  талап-тілектерге  өте 



40

41

жақын екені оны таныған сайын айқындалып келеді.



Абай заманында аталмыш мәселеге жауапкершілік 

тек  ата-анада  болса,  біздің  заманымызды  бұл 

мәселені  қоғамымызда  қолға  алып,  ең  әуелі  мектеп 

пен мұғалімдерге үлкен міндет жүктеп отыр.

Біріншіден, отбасылық өмірдің жалпы әлеуметтік 

рөлін  түсіндіруде  Абай  ерлі-зайыптылардың 

некелесудегі 

мақсатын, 

әрқайсысының 

жауапкершілігін  түсіндірді.  Абай  отбасының  екі 

мүшесін  де  жұбайлық  өмірді  үлкен  саналықпен, 

жауапкершілікпен  бастауын,  ол  үшін  ішкі 

мүмкіндіктерді  бір-біріне  сай  болуы  керектігін 

ескертті.

Абай  әсіресе  қыз  балаларды  отбасылық  өмірге 

ертерек  баулу  керектігіне  ата-аналардың  назарын 

аударды.  Қыз  күнінде  сырттай  әжептәуір  болып 

жүріп,  үй  болғанда  берекесі  кетіп,  азып-тозып, 

салақ  әйел  атануы  жастайынан  үй  ішіндегі  еңбек 

әрекетіне  баулынбағаны  деп  білді.  Әсіресе  шолжаң 

болып өскен бай қыздарының барған елінде беделсіз 

болатыны,  үй-іші  тірлігіне  ерте  баулынбағанынан 

деп  ескеріпті.  Өзінің  «Жігіттер,  ойын-арзан,  күлкі 

-қымбат» өлеңінде:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба,

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма,- 

деп, жігіттердің жар таңдау мәселесінде аса құнды 

пікір  айтты:  Ол  қазақта  «Аяғын  көріп  асын  іш, 

анасын көріп қызын ал» деген мақалға сай, «тәрбиелі 

жақсы  ананың  перзентін  малды  болмаса  да  бағала, 

өмірлік жолдас ет» деген ойы еді. Өйткені ұлы ақын 

тәрбиелі адамның, еңбекқор адамның өз бақытын өзі 

жандандыратынына кәміл сенді.

Үй  болам  деген  жігіттерге  қыздардың  көркінен 

гөрі  табиғи  жақсы  қасиеттерін  бағалау  керектігін 

ерекше атап көрсетті. Бұл жерде ақын қыз баланың 

мінезінің  жағымды  болуына  басты  назар  аударды. 

«Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат» өлеңінде:



Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме.

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме,

деп жазды. Қалыңдықты тек түр-түсіне, сымбатына 

ғана  қарап  бағалатпай,  бәрінен  бұрын  оның 

адамгершілік  қасиетіне,  ішкі  жан-дүниесіне,  ақыл-

парасатына,  көрегендігі  мен  тәрбиелілігіне  көңіл 

бөлдірді.  Осы  өлеңде  асыл  жардың  психологиясын, 

адамгершілік парасатын:

Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,

Бүлк еткізбес, қалайша соқса тамыр.

Жар көңіліне бір жанын пида қылып

Білместігің бар болса, қылар сабыр, - 

деп көрсетті. Екіншіден, Абай некелік – үйелмендік 

өмірдің этикасына өте жоғары мән берді. Ол махаббат 

иесі жастардың жұбайлық өмірі этикалық талаптарға 

сай  болуын  талап  етті.  Жастар  бұл  өмірді  тек 

қызықты, тәтті өмір деп қана түсініп қоймай, оның 

елеулі  қиындықтары  да  болатынын,  ол  қиындықты 

жеңуге жастар әзір болуы керектігін көрсетті. Абай 

махаббат  сезімін  стихиялы  сезім  емес  (ес-түсінен 

айырыла сүю емес) саналы сезім екенін, оның шешек 

атып,  салтанат  құруына  үлкендер  әрдайым  жол 


42

43

сілтеп, қадағалап отыруын құптады.



Абай  некелескен  (ол  замандағы  некесі  қиылған) 

жастардың  бір-бірімен  үйелмен  мүшелерінің  басқа 

кісілерімен, жора-жолдас, туған-туыс, ауыл-аймақпен 

сыпайы  қарым-қатынаста  болуын,  жастардың 

құрметті  болуы  өздерінің  мінез-құлқы,  іс-әрекетіне 

байланысты екенін ашып көрсетті. Әсіресе бұл жерде 

жаңа түскен келінге қояр талаптың жоғары екенін:

Үйіңе тату құрбың келсе кіріп,

Сызданбасын қабақпен имендіріп.

Ері сүйген кісіні о да сүйіп,

Қызмет қылсын, көңілі таза жүріп, - 

деген ойы арқылы жеткізді. Ақын «Жігіттер, ойын- 

арзан, күлкі-қымбат» атты өлеңінде:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз

Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз ...

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,

Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып,

Біріңді бірің ғиззат, құрмет етіс,

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып, 

деп  жас  жұбайларға  жарасымды  инабат 

иірімдерін  ұсынды.  Үшіншіден,  Абай  некелік 

өмірдің  басталуы,табиғи  тірегі,  яғни,  құқылық 

негізі  жастардың  бір-біріне  деген  сүйіспеншілігі 

деп біледі. Абай жастардың тең құқылығы махаббат 

бостандығының іс жүзіне асуы – олардың некелесуі 

деп қарады. Сондықтан ол өзінің көптеген өлеңінде 

осы идеясын паш етті.

Сүйген жүрек өз өмірін бөтен, өзі сүймеген адамға 

қимай,  тіпті  жас  өмірін  өз  махаббатының  құрбаны 

ететінін  «Бір  сұлу  қыз  тұрыпты  хан  қолында» 

өлеңінде:

Етімді шал сипаған құрт жесін деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға, - деп, жас 

қызды өз бақытының құрбаны етіп көрсетуі ақынның 

махаббатты-өмір деп бағалауын танытты.

Төртіншіден, 

Абай 

үйелмендік 



өмірдің 

психологиялық-эстетикалық 

мәнін 

махаббат 



жырларында  өрнектеді.  Өзінің  басынан  кешкен, 

оқып-білген,  көріп  байқаған  жәйттерін  түкпірінен 

жарып  шыққан  мөлдір  бұлақтай  төгілдірді. 

«Көзімнің  қарасы»,  «Ғашықтық  құмарлықпен  –  ол 

екі  жол»,  «Жігіт  сөзі»,  «Білектей  арқасында  өрген 

бұрым», «Жастықтың оты, қайдасың», «Жарқ етпес 

қара  көңілім  не  қылса  да»,  «Қызарып,  сұрланып», 

«Ғашықтың  тілі  –  тілсіз  тіл»,  «Махаббат,  достық 

қылуға», «Мен сәлем жазамын», «Ауру жүрек ақырын 

соғады жай», «Жүрегім, нені сезесің», т.б.өлеңдерінде 

шын махаббат не, ол адам психологиясына қалай әсер 

ететіндігін байқата отырып, жастарды сүйіспеншілік 

қасиеттің сыршыл әуенін түсіне білуге баулиды.

Абай  шаңырақ  көтерер  жастардың  іңкәрлік 

сезімдерін өз өлеңдерінде шеберлікпен жеткізді. Шын 

махаббат  сөзбен  емес,  сезіммен,  жүрек  лүпілімен, 

бір-бірін қас-қабағынан танып білуі деп білді.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» өлеңінде:



Ғашықтың тілі – тілсіз тіл

Көзбен көр де, ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің  илан,  мейлің  күл,  -  деп  жазды.  Жоғарыда 

айтып  өткендей  ұлы  Абай  сүйіскен  жастардың 

махаббат  бақыты  –  олардың  өмір  бойы  бірге  болу 

одағы  –  некелесу  деп  білді.  Сондықтан  некелесу 



44

45

бір  ғана  адамды  шын  сүйіп,  сонымен  өмір  кешу 



екенін  өзінің  «Жігіттер,  ойын-арзан,  күлкі-қымбат» 

өлеңінде былай көрсетті:



Қызды сүйсең бірді-ақ сүй, таңдап тауып ...

немесе


Ер  жігіт  таңдап  тауып,  еппен  жүретін,  -  деп 

жастардың  некелесуіне  үлкен  жауапкершілікпен 

қарайды.

Абай  махаббаттың  қартаймайтын  мәңгілік  сезім 

екенін, оны қолдан шығарып алмай, өмір бойы аялау 

керектігін  ескертті.  Ақын  пікірінше  некелескен 

жұбайлар  бірін-бірі  өмір  бойы  ұғынып,  бірін-бірі 

құрмет  тұтып,  бір-біріне  жанашыр  етене  жақын 

туыс адамдай болып кететінін танытты. Отбасылық 

өмірде қуаныш та мол, қиындық та болып қалатыны, 

сол  сәтте  шын  махаббат  қиындықтар  барысында 

шыңдала  түсетінін,  ал  жалған  махаббат  (құмарлық) 

әлсіреп,  суына  беретінін  көрсетті.  Абай  махаббат 

сезімінің адамгершілік парасатқа ұласуын қуаттады. 

Өзінің  соңғы  жылдары  есейген  шағында  жазған 

«Домбыраға қол соқпа» өлеңінде:



Онан да жылы жүзіңмен,

Кел, жарым, қара бетіме.

Жылы тәтті жауап айт

Іштегі қайғы дертіме,

Іштегі ескі жалынды,

Сөндір жаңа қылықпен.

Сөйлеші жақсы жағымды,

Мендей  көңілі  сынықпен,  -  деп,  асыл  жардың 

азаматқа  сүйеу,  көңілге  медеу  боларлық  жанашыр 

достығын, қартаймайтын махаббатын паш етті.

Ақын  жүрекпен  сүйіскен  жастардың  қылығы 

сырттай қарағанда бір түрлі ерсі болып көрінетінін, 

бірақ  бұл  көріністің  махаббатқа  тән  қасиет  өзінің 

«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңінде аса 

сезімталдықпен танытты. Ол: 



«Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бойы тоңар, суыр, үміт үзсе,

Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып»- деп көрсетсе, 

«Қызарып, сұрланып» өлеңінде:



Қызарып, сұрланып

Лүпілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып,

Өзді-өзі керегі.

Екі асық құмары,

Бір жолдан қайта алмай.

Жолықса ол зарлы

Сөз  жөндеп  айта  алмай,-  деп  махаббат 

психологиясының 

бейкүнә 

кейпін, 


адамның 

батылдығынан,  бағдарлылығынан,  ақыл-есінен 

айырылған  күйімен  салыстырады.  Ақын  махаббат 

сезімінің  адам  көңілін  толқытар  асқақ  та  жағымды 

күй тудыратын сәттерін «Көзімнің қарасы» өлеңінде:

Қайғың – қыс, жүзің – жаз,

Боламын көрсем мәз.

Күлкіңіз бойды алар,

Бұлбұлдай шықса әуез.

Исің-гүл аңқыған, 

Нұрың-күн шалқыған.

Көргенде бой еріп,

Сүйегім балқыған, - деп тамаша суреттейді.

Ақын  өз  шығармаларында  шын  махаббаттың 

бар  сырын  жайып  сала  отырып,  жастарды  жалған 


46

47

махаббат, яғни, уақытша құмарлықтан сақтандырды. 



Өзінің  «Ғашықтық,  құмарлықпен-ол  екі  жол» 

өлеңінде шын ғашықтық пен жалған құмарлықтың өз 

алдына екі түрлі сезім екенін:

Ғашықтық, құмарлықпен-ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол, - деп көрсете, 

«Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат» өлеңінде:



Көп жүрмес, жеңсікқойлық әлі-ақ тозар,

Жаңғырар  жеңсік  құмар,  жатқа  қонар,  -  деп, 

олардың  тұрақсыз,  тұрлаусыз  сезімдерін  жек  көрді. 

Әрі қарай «Ұяламын деген көңіл үшін» өлеңінде:

Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,

Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар.

Ар мен ұят ойланбай тәнін асырып,

Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар, - 

деп,    құмарлықтың  уақытша  екенін,  ол  адамда 

азапсыз  басталып,  тез  ұмытылатын  құнсыздығын 

әшкере  етті.  Сондай-ақ  үйелмендік  өмірдегі 

қиындықтар  кезінде  шын  сүйіскен  жандарда 

махаббаттың мерейі аса түсетінін, керісінше жалған 

сезімнің суып, алыстай беретінін айрықша жеткізді.

Бесіншіден, 

ақын 

отбасылық 



өмірдің 

физиологиялық-гигиеналық  мәніне  ерекше  назар 

аударды. Ол некелескен жастардың жұбайлық өмірі 

дер  кезінде  басталуын  қалады.  Әсіресе  жігіттердің 

көпке  дейін  үйленбей  жүріп  алуын  жақсылыққа 

жорыған  жоқ.  Бұл  ойын  өзінің  «Ғабидоллаға» 

өлеңінде былай білдірді:

Мен –дағы көп естідім жастың назын,

Қол жетпеске қол созар, бар ма лажың?

«Боламынмен» жүргенде, болат қайтып,

Жалын сөніп, жас жүзін басады әжім

деп,  жастық  шақтың  негізгі  шаруасы  жастардың 

бас  қосып,  үй  болуы  деп  көрсетті.  Сезімтал  Абай 

некелескен  екі  адамның  жас  мөлшері  бір-бірінен 

алшақ  болмау  керектігін  өзінің    «Бір  сұлу  қыз 

тұрыпты хан қолында» өлеңінде:



Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,

Епке көнер ер жүрек сату емес.

Кімде кім үлкен болса екі мүшел,

Мал беріп алғанымен қатын емес,- 

деп, некелескен ерлі-зайыптылардың арасында 25-

30 жылдай алшақтық болуы физиологиялық жағынан 

бір-біріне ай еместігін көрсете отырып, осы өлеңінде 

бұл ойын әрі қарай дәлелдей түседі:

Біреу – көк балдырған, бірі – қурай,

Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз.

немесе:


Екі көңіл арасы – жылшылық  жер,

Оны қайтіп қосады ол ант ұрған, 

деп,  мұндай  некенің  психологиялық  жағынан  да, 

биологиялық жағынан да үйлеспейтінін ескертті.

Алтыншыдан, Абай жастардың өз алдына шаңырақ 

көтерген  кездерінде  шаруашылық-экономикалық 

есебіне ыждағатты болуы керектігін естеріне салады. 

Екі жастың да отбасы қаржысын үнемді пайдалануын, 

адал еңбегінің құнын өмірлік қажетіне ғана жаратуға 

үндеді. Мақтан үшін артық дүниелікке қызықпай, не 

болмаса қолапаш сөзге қарық болып, қолындағысын 

орынсыз  шашпай  үнемшіл  болуға  үйретті.  Өзінің 

«Қуанбаңдар  жастыққа»  өлеңінде  ол  ойын  былай 

білдірді:

Адалдан тапқан тиынды,

Сал да сақта қапшыққа.


48

49

Қолдағыңды қорғап бақ,



Мал  арзан  деп  аптықпа,  -  деп  қолда  бар  қорды 

сақтап  ұстауға,  оны  арзан  дүниеге  айырбастамай, 

тек  мұқтаж-қажетіне  жаратуларына  кеңес  берді. 

Үй  болғаннан  соң  еткен  еңбегіне  қарай  жиналған 

қаражат-қоры болуын мұқият тапсырды. Осылайша, 

Абай  жастарды  жұбайлық  өмірге  баулуда  мына 

мәселелердің шегін ашып береді:

1.  Жар  таңдауда  тәрбиелі,  ақылы  ажарына  сай, 

еңбекқор,  адамгершілігі  мол,  таза  жүректі  адаммен 

бас қосқан абзал екенін танытты.

2.  Жастық  шақ  адам  өмірінің  ең  қызық,  ең 

жауапты, ең мағыналы шағы екенін, басты ерекшелігі: 

алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл 

әрекет,  қызыққа  құмар,  қызылға  өш  өткінші  мезгіл 

екенін қатты ескертті.

3.  Жастық шақта отбасы болу, мақсат қуу, білім 

алу, еңбек қарекетіне төселу қажетіне, сонымен қатар 

бұл  шақ-адамдықтың  басталу  шағы  екенін,  оны 

қалайда дұрыс бастау қажетін ескерте айтты.

4.  Абай  үй  болу  бақыты  екі  адамның  тілек-

мүддесінің  бірлігі  деп  білді.  Жастар  өз  бақытының 

қожасы,  мұны  берік  дәстүрге  айналдыру  өз 

қолдарында екеніне сенді.

Қорыта  келгенде,  Абай  өзінің  қол  артқан  үміті 

жастардың жұбайлық өмірді алдын ала даярлықпен 

бастауына ерекше мән берді. Ол өз кезіндегі үйелмен 

құрылымының  барлық  жай-жапсарын,  жетістік-

кемістігін  түк  қалдырмай  алдарына  жайып  салды. 

Жақсысынан  үйренуге,  жаманынан  жиренуге  бар 

қолынан келген үгіт-насихатын арнады.



Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал