Мектебінде



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/10
Дата09.04.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан         
11/2012  
ҚАРАША
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Мұғалімдерге  көмек
Бейбіт ИСХАН.                                Ақпараттық технологияны қазақ тілі мен
                                                             әдебиеті сабақтарында 
                                                             қолданудың тиімділігі.........................................3
Бақытхан ЖАҚЫПОВА.               Өзге тілді оқушыларға мемлекеттік тілді
                                                             меңгертудің жолдары.........................................10
Уалия ХАБИБОЛЛАҚЫЗЫ.        Тілді дамытуды қолдана білу мәселесі.............25
Гүлнәр ЖАҚИЯНОВА.                   Көрнекі құралдарды
                                                             пайдалану туралы...............................................30
Әлия ҚАДЫРБАЙҚЫЗЫ.             Күнтізбелік-тақырыптық
                                                             жоспар үлгісі......................................................32
Жібек АЙТЖАНОВА.                     Құзыретті білім беру арқылы оқушылардың
                                                             тілі мен ойын дамыта білу ұтымды..................37               
Күләш ШАЙДАЗЫМҚЫЗЫ.        Сабақ жоспары - 
                                                             мұғалімнің басты құралы..................................57
Педагог  пайымы
Айнұр ЕРДЕНОВА.                          Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз»
                                                             романындағы тарихи шындық.........................70
Білім негізі - бастауышта
Сәуле ӘУЕСБАЕВА.                         Көктемге қатысты шығармашылық
                                                              жұмыс түрлері...................................................77
Нүрилә СӘДЕНОВА.                        Мектеп тақырыбының сөздік қоры.................81
Тарихи  тұлға
Айжан АБДРАСИЛОВА.                  Тәуелсіздік жолындағы 
                                                              Тұрар Рысқұлов тағылымы..............................86
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  тілі
Гүлжанар СЕРІКҚЫЗЫ.                  Күз айларындағы жаңа сөздер........................94
Индира САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ.        Қазақстан Республикасы танытқан 
                                                               тәуелдік жалғаулары........................................97
Әлия ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.                   Келер шақта - көне қалалар...........................101
Жадыра МАКСИМҚЫЗЫ.              Төл сөз бен төлеу сөз.....................................106
Райхан ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА.            Септеулік шылаулар сөйлетеді......................108
Бақыт ЗЕЙНІЛҒАБИДЕНҚЫЗЫ.  Ежелгі қалалар қонағы - 
                                                                қарсылықты салалас......................................113
Нұржамал ЖАЛМАҒАМБЕТОВА.
   Мектеп өмірі - тілдік орта.............................119
Сыныптан  тыс  сабақ
Қызғалдақ НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ.         Тілге құрмет сөйлеу шеберлігінен
                                                                байқалады.......................................................123
Айгүл БЕКҚҰЛИЕВА.                      Логикалық ойлау обьектісі - 
                                                               Тәуелсіз Қазақстан......................................130
Классный час
Шолпан ТАБЫНБАЕВА.                   Культура и быт казахского народа...............138

3
Мұғалімдерге көмек
Бейбіт ИСХАН,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
доценті, ф.ғ.к., Әдебиеттану және 
тіл білімі ғылыми-зерттеу 
институтының қызметкері.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫң 
ТИІМДІЛІГІ
Әрбір  жеке  тұлғаның  қоғамның  сан  салалы  еңбек 
майданында  өзінің  игерген  кәсібіне,  мамандығына  сәйкес 
еңбек етіп, қызмет істеуі, өзін саяси тұрғыдан еркін сезінуі 
отандық білім беру жүйесімен етене байланысты екені анық. 
Көп  жағдайда  сапалы  білім  алып,  дәстүрлі  тәрбие  көрген 
азаматтардың өз Отанын саналы түрде сүйіп, өз елінің бай 
да  даңқты  тарихына,  оның  жарқын  болашағына  сеніммен 
қарап, оған өзінің де қатысы бар екенін мақтанышпен сезіне 
алатынын  қазіргі  уақыттың  алдыңғы  қатарлы  өркениетті 
мемлекеттерінің  іс-тәжірибесі,  өнегелі  дәстүрі  көрсетіп 
отыр. Сол себептен еліміздің бүгінгі күрделі мәселелері де, 
жарқын келешегі де ендігі уақытта оның өркендеп дамуына 
қажетті  сапалы  білім  алып,  ұлттық    дәстүрлі  тәлім-тәрбие 
көрген  жас  мамандарға  байланысты  екенін  қазақ  қоғамы 
терең пайымдай бастады.
Мәселен,  мектеп  –  жеке  тұлғаның  қалыптасатын  жері 
екені  баршаға  аян.  Ол  –  жас  ұрпаққа  білім  бұлағынан  нәр 
алып,  базалық  білім  жинақтауды  негіздеп  қана  қоймай, 
одан  әрі  білім  алуына  бағыт-бағдар  береді,  болашақ 
рухани  дамуына  негіз  қалайды,  өмірлік  тәжірибелер  мен 
машықтарды  үйретеді,  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілік 
сана-сезімін оятады. Демек, жас ұрпақтың ел-жұртына деген 

4
сана-сезімін қалыптастырудың бір жолы – білім  беру мен 
тәрбие ісін бір-бірімен ұштастыра жүргізуде жатыр. 
Ұлтымыздың  тілі  мен  ділін,  таным-түсінігін,  тұрмыс-
тіршілігін,  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрлерін,  мәдени-әдеби 
рухани  құндылықтарын  насихаттап,  солар  арқылы  жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  орасан 
зор қызмет атқарады. Әлбетте, жас ұрпаққа түрлі деңгейлік 
білім  ошақтарында  сапалы  білім  беріп,  елжандылыққа 
тәрбиелеуде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті    пәнімен    қатар  
қоғамдық-гуманитарлық  пәндердің  де,  атап  айтқанда, 
тарих,  философия,  педагогика,  психология,  мәдениеттану, 
саясаттану,  әлеуметтану  секілді  т.б.  пәндердің  де  маңызы 
ерекше.  Дегенмен,  тіл  мен  әдебиет  пәні  қоғамдық-
гуманитарлық  басқа  пәндерден  гөрі  жас  ұрпақтың  таным-
түсінігін кеңейтуде көркем-эстетикалық тұрғыдан тереңірек 
әсер  етіп,  олардың  отаншылдық  сана-сезімдерін  ұлттық 
рухани  құндылықтар  негізінде  қалыптастырады.  Мәселен, 
атамекенге  деген  іңкәр  сезім  көркем  әдебиеттің  әр  тегінің 
түрлі  жанрларында  көркем бейнелер, көркем суреттеулер 
арқылы  беріліп,  жас  ұрпақтың  көркем-эстетикалық 
талғамын,  ой-өрісін  кеңейтеді.  Мысалы,  қазақ  халқының 
эпостық  жырларындағы  батырлар  бейнесі,  олардың  ел-
жұрт  үшін  жан  қиярлық  ерліктері  және  солардың  жоғары 
пафоста  суреттеліп  дәріптелуі  жақын-жұрағаты  мен 
атамекеніне деген сүйіспеншілік сана-сезімі енді-енді оянып, 
қалыптасып, өркендеп өсіп келе жатқан ұрпақтың намысын 
жігерлендіріп, ерлік іс-әрекеттерге жетелейтіні сөзсіз. 
Демек,  жақын-жуыққа,  туыс-жұрағатқа,  өскен  ортаға, 
туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  сана-сезім  көркем  әдеби 
шығармаларда поэтикалық, көркемдік-эстетикалық жолмен 
беріледі.  Сондықтан  да  жастар  бойындағы  елжандылық 
сана-сезімді оятып, оны берік қалыптастыруда ұлтымыздың 
ертегілері  мен  аңыз-әңгімелерінің,  дастандары  мен 

5
жырларының,  мақал-мәтелдері  мен  нақыл  сөздерінің, 
қазақ  ақын-жазушыларының  романдары  мен  повестерінің, 
өлеңдері мен поэмаларының, т.б. берері мол.  
Көркем  әдебиет  жанрларының  ішінен  өз  еліне  деген  
іңкәр  сезімді,  ыстық  махаббатты  дәріптеудің  аса  бір 
айқын  көрінетін  жанры  –  нақыл  сөздер,  мақал-мәтелдер, 
қанатты сөздер болып келеді. Мәселен, «Отан – отбасынан 
басталады»,  «Отан  –  оттан    да  ыстық»,  «Ел  болам  десең, 
бесігіңді  түзе»,  «Береке  басы  –  бірлік»,  «Ер  туған  жеріне, 
ит  тойған  жеріне  үйір»,  «Бөтен  елде  сұлтан  болғанша,  өз 
еліңде  ұлтан  бол»,  «Көппен  көрген  –  ұлы  той»,  «Бірліксіз 
тірлік  болмас»,  «Ынтымақ  болған  жерде  ырыс  болады», 
«Еліңді құрметтеу – өзіңді сыйлау деген сөз» деген сияқты 
т.б.  көптеген  мақал-мәтел,  нақыл,  қанатты  сөздер  жас 
ұрпақты  туған  жер,  атамекен,  қоршаған  ортаны  сүюге 
тәрбиелейді.  Сондықтан  да  жас  ұрпақты  отаншылдыққа, 
елжандылыққа баулып тәрбиелеуде тіл мен әдебиет пәнінің 
және  оны  оқытып-үйрететін  пән  мұғалімдерінің  жөні 
бөлек  екенін  ескере  отырып,  осы  пәндерді  заман  талабы 
мен  өмір  қажеттілігіне  қарай  дәстүрлі  әдіс-тәсілдермен 
қатар заманауи жаңа технологиялардың көмегімен жаңаша 
оқытып-үйретуге қазіргі кезде, әсіресе, соңғы онжылдықта 
аса мән беріле бастады.
Заманауи  технологияларға  негізделген  білім  берудің 
жаңа  әдіс-тәсілдерін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында 
пайдалану оқушы-студенттердің әлемдік бәсекеге қабілетті 
маман, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді бойына жинаған 
өзіне  сенімді  тұлға  ретінде  қалыптастыруда  мәні  зор.  Бұл 
технология  өскелең  ұрпақты  оқыту  мен  дамыту  сапасын 
арттыруға үлкен  мүмкіндік беріп қана қоймай, адамгершілігі 
мол, рухани жан дүниесі таза, имандылығы жоғары, ізгілікке 
жаны  құштар  кемел  азамат  етіп  тәрбиелеуде  де  үлкен  рөл 
атқарады. Өйткені кез келген білім алушының, соның ішінде 

6
филология факультеті студенттерінің өз заманына лайықты 
нағыз  майталман  маман  болып  қалыптасуы  дәстүр  мен 
жаңа технологияларды бір-бірімен үйлестіре отырып, жетік 
меңгертуде жатыр.
Ақпараттық-қатынастық  технологиялар  кең  қолданыс 
тапқан қазіргі кезеңде оқыту үдерісіне осы технологияларды 
белсенді енгізу – заман қажеттілігінен туындап отырған заң-
ды талаптардың біріне айналды. Айталық, ғаламтор қорлары 
мұғалім-оқытушыға  ғана  емес  оқушы-студенттерге  де  мол 
мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім-
оқытушыларының  басқа  пән  иелерінен  айырмашылығы 
–  руханият  мәселелеріне  аса  көңіл  бөлуі,  оқушылар  мен 
студенттерді  тілдік,  көркем  әдебиеттік  білімі  мен  көркем-
эстетикалық  талғамы  жетілген  шығармашыл  тұлға  ретінде 
дамыту екені ақиқат. Осы міндеттерді шешуде, ең алдымен, 
түрлі  мәтінмен,  әсіресе,  көркем  мәтінмен  жұмыс  істеу 
бірінші кезекте тұрады, алайда сабақ анық та қанық, жетімді 
де  әсерлі  өтуі  үшін  мультимедиялық  технологиялардың 
мүмкіндігі  шексіз.  Осы  мүмкіндікті  оңтайлы  да  тиімді 
пайдалана  білу  үшін  филолог-педагог  мамандардың 
компьютерлік техниканы және қандай да болсын электрон-
ды құрал-жабдықтардың түрімен жұмыс істей алуды жетік 
білуі өте қажет.
Компьютермен  дұрыс  ұйымдастырылған  жұмыс 
білімгерлердің 
танымдық 
және 
қарым-қатынастық 
(коммуникативтік)  қызығушылығын  арттырады,  тіл  мен 
әдебиет  материалдарын  өз  бетімен  түсініп  меңгерулеріне 
септігін тигізеді.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың соңғы онжылдығын-
да  өскелең  ұрпақтың  зерттеушілік,  шығармашылық 
дағдыларын дамыту, жоғары деңгейде дамыған ақпараттық 
қоғамға  лайықты  тұлға  етіп  тәрбиелеу  мақсатында 
ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  (АКТ)  оқу-

7
тәрбие  үдерісінде  үнемі  қолданып  келеміз.  Компьютерді 
сабақтың  барлық  кездерінде:  түсіндіруде,  бекітуде, 
қайталауда,  бақылауда  қолдану  білім  сапасын  арттыра 
түсетіні  тәжірибеде  дәлелденуде.  Мәселен,  жаңа  сабақ 
тақырыбын  түсіндіргенде  түрлі  оқыту  бағдарламаларымен 
қатар  оқушылар  мен  студенттердің  өз  бетімен  орындаған 
материалдарын  қатыстырамыз.  Осы  кезеңде  АКТ-ны 
қолдану  барысында  білім  алушының  психологиялық 
және  жас  ерекшелігі  ескеріліп,  олардың  әрбірінің  өзіндік 
қабылдауының  жетекші  арнасына  сай  (аудиал,  киестет, 
визуал)  тапсырманың  қолайлы  түрін  таңдауға  мүмкіндік 
беріледі.  Бекіту  және  қайталау  кезеңдерінде  бақылау 
жүргізуге компьютерлік тестілер ыңғайлы. Өйткені қағазға 
басылған  тестіден  гөрі,  мониторға  шығатын  тестілерді 
орындау білім алушыға қолайлы әрі қызығырақ.
Берілген  білімді  тест  арқылы  бағалау-бақылау  мұғалім-
оқытушылардың  да,  оқушы-студенттердің  де  уақытын 
үнемдейді, білім алушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік 
береді.  Сондай-ақ  тестілік  бақылау  нәтижені  әділ,  тура 
(объективті)  бағалаумен  ерекшеленеді.  Әр  білімгер  өз 
шамасына  қарай  жұмыс  істеп,  бағасын  бірден  алады. 
Жауабын  көруге,  жіберілген  қателерінің  санын  білуге 
мүмкіндік алады. Материалды қаншалықты терең меңгеріп 
игергенін 
анықтайды. 
Қанағаттанарлықсыз 
нәтиже 
студентті  (оқушыны)  курсты  немесе  кейбір  тапсырмалар 
мен  сұрақтарды  қайталауға,  нақтылауға  мәжбүр  етеді, 
яғни,  олардың  өзін-өзі  бақылау-бағалау  дағдылары  жетіле 
түседі.  Әлбетте,  әрбір  студент  бойына  өз  білімін,  таным-
түсінігін  жүйелі  баяндап,  көркем  жеткізу  дағдыларын 
қалыптастырудағы  олардан  ауызша  емтихан-сынақ  алудың 
өзіндік маңызы зор екені даусыз.
Жалпы,  еліміз  бойынша  қолға  алынып  жатқан  қазіргі 
бағдарлы  білім  ұстанымдары  оқытудың  жаңа  жолдары 

8
мен  әдіс-тәсілдерін,  сан  алуан  амалдарын  талап  етеді. 
Мәселен, жобалау іс-әрекеті электронды және дәстүрлі оқу 
материалдарын  үйлесімді  ұштастыруға  мүмкіндік  береді. 
Жаңашыл  АКТ-ны  пайдалану  дәстүрлі  әдіс-тәсілдермен 
шешілмейтін  педагогикалық  жағдаяттарды  айқындауға 
көмектеседі.  Мәселен,  әдебиет  сабағындағы  электронды 
құрал-жабдықтарға  негізделіп,  АКТ-ның  көмегімен 
орындалатын  жобалық  әдіс  кез  келген  ақын-жазушының 
туындысын  игеруге  түрткі  бола  алады.  Бірінші  кезеңде 
студенттер  өздері  қалаған  бір  ақын-жазушыны  таңдап 
алып,  оның  өмірбаянын  зерттеп-зерделейді,  қажетті  деген 
деректерді  таңдап  алады  немесе  ондай  жұмыстарды 
топтарға бөлініп те орындады. Өмірбаян деректерін баяндау 
жеткіліксіз,  қаламгердің  немесе  шығармашыл  тұлғаның 
(жыршы, жырау, т.б.) бейнесін жаңғыртып, оның идеялық-
тақырыптық ізденісін, өзіндік шығармашылық ерекшелігін 
(стилін) анықтау қажет. Компьютерлік жоба сабақтарын пән 
бағдарламасы  аясында,  яғни,  бөлінген  сағат  пен  мерзімге 
орай, бір-екі рет өткізіп тұрған жөн. Жоғары курс студенттері 
зерттеуге  авторларды  өздері  таңдағаны  дұрыс.  Жұмысты 
орындау мерзімі мектептерде бір тоқсанға, ал ЖОО-да бір 
семестірге шамаланады. Әлбетте, бұл мерзім шартты түрде 
алынып отыр.
 Әр студент немесе топ зерттеу жоспары мен бағдарлама-
сын дайындайды, мақсат-міндеттерін айқындайды. Мысалы, 
М.Әуезовтің  өмірі  мен  шығармашылығын  зерделегенде 
жазушының  өзі  құрастырған  өмірбаяннан  мынадай 
сұрақтарды іріктейді:
1. Неліктен өз өмірбаянында жазушы жас шағына көңіл 
бөлген?
2.  Жазушы  өмірінде  Абай  Құнанбайұлы,  Ахмет 
Байтұрсынұлы қандай орын алады?
Бұдан кейін студент (топ) өз бетімен жұмыс орындайды. 
Бұл кезеңде оқытушы кеңесші рөлін атқарады. Студенттер 

9
ғаламтор  желісін  пайдаланып  жұмыс  істеп,  дереккөздерді 
зерделейді, егер ғаламтордан жеткілікті мөлшерде мәлімет-
ақпарат  жинақтай  алмаса,  кітапхана  қорына  жүгініп, 
жазушы  замандастарының  естеліктерін,  басқа  да  қосымша  
әдебиеттерді  оқиды.  АКТ  нәтижені  көрнекі  беруге,  нақты 
бір  мәселені  талқылауға  басқаларды  да  тартуға  мүмкіндік 
береді.
Ғаламтор желісін пайдалану студентті алынған ақпаратты 
жинақтауға,  талдауға,  көрсете  білуге  машықтандырып, 
белгілі  бір  шығармашылық  (жазушылық,  ақындық, 
зерттеушілік,  сыншылық,  т.б.)  дағдының  қалыптасуына 
негіз қалайды. Оқу, білім алу тиімділігінің жаңа түрі (типі) 
қалыптасады,  яғни,  қысқа  мерзімде  көлемді  материалды 
меңгеруді  үйретеді.  Жобаның  қорытындысында  ғылыми-
практикалық  конференция,  пікірсайыс  (дискуссиялық) 
клуб  отырысын,  компьютерлік  көрсетілім  (презентация) 
ұйымдастырып өткізуге болады. 
М.Әуезовтің  немесе  басқа  да  ақын-жазушылардың, 
шығармашыл  тұлғалардың  өмірі  мен  шығармашылығын 
зерделеу сабағына Power Point бағдарламасының көмегімен 
компьютерлік  көрсетілім  жасаған  жағдайда,  сабақ 
психикалық  тұрғыдан  жеңіл  өтеді,  себебі  компьютерлік 
көрнекілік  жетімді  де  жедел  (эмоционалды-экспрессивті) 
қабылдауға оң әсерін тигізеді. Мұндай материал ЖОО-ның 
медиа  қорын  байытып,  студенттерге  өз  еңбегінің  жемісін 
шынайы көруіне мүмкіндік туғызады және бұл нәтижелерді 
басқалар  да  қолдана  алады.  Ал  Microsoft  Publisher 
бағдарламасы  газет,  журнал,  буклет,  ақпарат  бетшелерін 
дайындап шығаруға ыңғайлы.
Міне,  осылайша  АКТ  қолдану  арқылы  тұлға 
қалыптастырудың  бағдарлы  оқыту  жүйесін  іске  асырып, 
студенттерді жоғары технологиялы ақпараттық ортада өмір 
сүруге дайындауға болады. 

10
                                                                              Бақытхан  ЖАҚЫПОВА,
Алматы  қаласындағы
№46 гимназияның  
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
       
ӨЗГЕ  ТІЛДІ  ОҚУШЫЛАРҒА  
МЕМЛЕКЕТТІК  ТІЛДІ  
МЕңГЕРТУДІң   ЖОЛДАРЫ
Бастауыш  сынып  оқушыларына  тілді  үйрету  мұғалімнің  
оқыту    әдіс-тәсілдерін    тиімді    таңдай    білуіне    тікелей  
байланысты.   Білім  негізі  бастауыш  сыныпта  қаланатын  
болғандықтан,   оларға  жас  ерекшеліктеріне  лайықты  жүк  
артып,  мемлекеттік  тілді   меңгертуде  әр  түрлі  жұмыстар  
істелуі  керек.
Қазақ      тілінің    дыбыстық    құрамы    мен    айтылу  
ерекшелігін    оқытудың  әдістемесін    жете    біле    отырып,  
оқушыларды        қазақша    сөздерді    дұрыс    айтуға    үйрету  
керек. Алдымен  жеке  сөздерді  үйрете  отырып,  мұғалім  
бірте-бірте  балаларға  ол  сөздерді  сөйлем  ішінде  дұрыс  
қолдануға, яғни,  сөйлемді  дұрыс  құрай  білуге  үйретеді. 
Осылайша  бала  бірте-бірте  сөздік  қорын  молайта  отырып,  
ойын  қазақша  айта  білуге  талпынады.
Тіл    үйретудің    қай    сатысында    болмасын    тіл    білімі  
салаларын  жеке-дара  үйрету  мүмкін  емес. Өйткені  тіл  
білімі   бір-бірімен  тығыз  байланысты    бірнеше  саладан  
тұратыны    белгілі.  Сондықтан      фонетиканы    меңгерту  
арқылы    сөздерді    дұрыс  айтқызуды    меңгертсек,  лексика  
арқылы  сөздік  қорын  молайтамыз, ал грамматика арқылы  
сөздерді  бір-бірімен  дұрыс  байланыстыра  білуге  үйретеміз. 
Оқу    орыс  тілінде    жүретін  мектептерде  мемлекеттік  
тілді  үйрету  үшін оқушыларға  әр  сыныпта тілдің  белгілі  

11
бір    шамадағы  сөздік  қорын  меңгерту,  сол  сөздерді  дұрыс 
айтып, сауатты жазуға дағдыландыру  жұмыстарын  тиімді  
ұйымдастыру    керек.  Мұғалім    алдында    отырған    әр 
оқушының ерекшеліктерін  жете  зерттей отырып, оқушының 
өзіндік  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  бағытталған  
білім  беруде  жеке  оқытудың дамуын  көздейді. Ол  баланың  
жеке    білім  алуымен,  біліктілігі  мен    дағдыларының  
қалыптасуымен    байланысты    болып    келеді.Сондықтан  
әр  оқушының    қабілеті  мен  шығармашылық    мүмкіндігін  
анықтай  отырып, әрі  қарай  дамыту  мұғалім  шеберлігіне  
байланысты  болып келеді.
Л.Н.Толстой: «Балаға  үйренген  сөзін  қолдана  білуіне  
жағдай    туғыза  білу  керек.Үйренген  сөзін  өзінің  ауызекі  
сөйлеу    тілінде    қолдана    білсе,  ол  оның    жеке  меншігіне  
айналады»,– деген  болатын.
Қазіргі    таңда    біздің    мемлекетіміз  заман    талабына  
лайықты    біліммен    қаруланған,  мемлекеттік    тілде    еркін  
сөйлей  алатын,өз  ойы  мен пікірін  қазақша  еркін  жеткізе  
алатын,Отанымыздың  тарихын,  салт-дәстүрін,  мәдениеті 
мен  әдебиетін  терең    білетін    білімді    тұлғаны,  еліміздің  
саналы  азаматтарын   даярлауды   мұғалімдерден    күтеді. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Ұлттық    бәсекелестік  
білімділік  деңгейімен  анықталады.
Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  
байланысты әлемдік  стандартқа  сай мүдделі  жаңа  білім  
беру  өте  қажет,– дей  отырып,– Жаңа  формация  мұғалімі  
жоғары    білімді    шығармашыл    тұлғаны    қалыптастырып 
дамыту    үшін    жауапты»  деп,    мұғалімдерге      зор    міндет  
жүктейді.
Шәкіртті ізденуге, білімді  меңгере білуге, қызыға білуге 
баулу  –  әрбір    мұғалімнің    азаматтық    парызы.  Ендеше,  
сабақты  қалай пайдалы, қызықты  өткізуге болады? Заманға  
лайықты білімді, тәрбиелі жас буынды  қалай  қалыптастыру  

12
керек? 
Мұндай  сұрақтың  жауабы  тағы  да  мұғалімнің  жан-
жақты  ізденісіне  алып келеді.
Яғни,  әр  мұғалім  өз  шеберлігін  қалыптастыруы керек. 
Ол  дегеніміз  – енді  «ескі  сүрлеумен», тек ұзақ жылдар  
бойы  қалыптасқан  дәстүрлі  сабақ  беру  жолымен  жүре  
беруге  болмайтындығы. Қазіргі  таңда  қоғам  мен ғылым  
ғарыштап  алға    дамыған    кезеңде    білім    беру    саласында  
да  инновацияны    белсенді    қолдану,  педагогтың    жаңа  
инновациялық  әдіс-тәсілдерді өз  сабағында  кеңінен  қолдана  
отырып,    сабақты    жаңаша    жүргізе    білуге    қол    жеткізуі 
–  заман    талабы.  Инновация    дегеніміз  –  жаңалық    енгізу, 
жаңалық  әкелу.  Оқытудың  инновациялық  әдістері – оқу  
материалын игерту  үрдісінде белгілі  бір  практикалық  жаңа 
іс-әрекетте  «мұғалім-оқушы»  өзара  әрекетінің  тәсілдерін  
сіңірген   оқыту  әдістері.
Бүгінгі    таңда    оқыту    технологияларының    тиімді    
әдіс-тәсілдерін    зерттеуші    шетелдік    ғалымдармен    қоса  
отандық  ғалымдарымыздың  да  бұл  салаға  қомақты  үлес  
қосып    отырғандығын    айтуға    болады.  Олардың    оқыту  
технологиясы    туралы    еңбектері    елімізде    білім  беру  
саласында  қолданысқа  еніп, жақсы  нәтижелер  беруде.
Атап  айтар  болсақ:
1. 
М.М.Жанпейісованың 
«Модульдік 
 
оқыту  
технологиясы»;
2.  Ж.Қараевтің  «Оқытудың      педагогикалық  
технологиясы»;
3. Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді  әдістемелік  жүйесі», 
т.б.
Тіл  үйретуде  әр  түрлі  технологияларды  қолдана  отырып,  
әр  мұғалім    өзінше  жұмыс  істейді. Бастауыш  сыныпта   
өзге  тілді  оқушыларға  тіл үйретуде    М.Жанпейісованың  
«Модульдік    оқыту    технологиясы»    кеңінен    қолданылып  

13
келеді.    Бастауыш    сыныпта    балалардың    сөздік    қорын  
молайту,  грамматиканы    меңгерте    отырып,  сөйлемді  
жүйелі  құру  мен   ауызекі  сөйлеу  тілін  дамытуда   бұл  
технологияның   тиімділігін  айтпай  өтуге  болмайды.
Әдетте,    әр    жаңа    сабақта    жаңа    сөздерді    таныстыра  
отырып,  оны  қолданысқа  енгізу  жолында  түрлі  жұмыстар  
жүргізледі. Алдымен  әр  оқушының  жаңа  сөздерді  дұрыс  
айтып  үйренуіне  көңіл  бөлінсе,  содан  соң жаңа  сөздер  
арқылы  сөз  тіркесі , сөйлем  құрау  қолға  алынады.   Оқулықта  
берілген  сөздер  арқылы  сөздік  қорды  молайту  жеткіліксіз.  
Сондықтан  осы  сөздердің  синонимін,  антонимін, омонимін, 
т.б.  қоса  үйрету  міндеті  алға  қойылады.  Мысалы, «Алма  
бағы»  деген   тақырыптағы  жаңа  сөздер  мыналар: 
1. бақ – сад;                          5. салма – не ложи;
2. суару – поливать;             6. салды – положил;
3. жәшік – ящик;                  7. күту – ухаживать.
4. сал – положи;
Мынандай  мәтін  берілген:
Мектептің    үлкен  бағы  бар. Онда әр түрлі   жеміс    
ағаштары  өседі.
Жазда  ағаштарды  күттік, суардық. Күзде   алма  пісті.
Біз  алманы  жинадық, жәшіктерге салдық.  Алма  тәтті  
жеміс.
Жаңа    сөздермен    таныстырып,  ол    сөздерді    алдымен  
мұғалім    оқиды,  оқушылар  қайталайды.  Жеке-жеке  
бірнеше  оқушы  оқып, аудармасын  айтады, сөз  тіркесін, 
сөйлем    құрастырады.  Интерактивті    тақтадан      бақтың   
және    жемістердің      суреті    көрсетіле    отырып,  ауызша  
жұмыстар    жүргізіледі.  Алдыңғы    сыныптарда    осыған  
байланысты  өтілген  тақырып  бойынша   қандай  жемістер 
мен    көкөністерді    білетініміз    еске    түсіріледі.    Алманың  
өзін    немесе    муляжын    көрсете    отырып,    оның    дәмі, 
көлемі   қандай  болатыны    сұралады. Осыдан  соң  мәтінді  

14
бірлесе  отырып  оқып, (мұғалім  оқиды, оқушылар  топпен  
қайталайды)    таныс    емес    сөздер    кездессе,    белгілеп  
отыру тапсырылады.    Бұл  сөздерді  тақтада  жаздырып,  
аудармасы      таныстырылады.    Оқушылар    аудара    алмаса, 
мұғалім    өзі    аударып,  тақтада    жазады,  оқушылар    сөздік  
дәптерге жазып, жаңа  сөздер  қатарын толықтырады. Содан  
соң  балалар  мәтіндегі  сөйлемдерді  тізбектей  оқи  отырып,  
аударады.  Соңынан  әр    сөйлемнен    қиын    деп    санаған  
сөздерді  балалар  дәптерге  теріп  жазады. Оларды  әдетте  
тірек  сөздер деп  атап,   оқушылар  тақтада  жазып  көрсетеді. 
Осы  сөздерге  көңіл  аударта  отырып, мәтіндегі  сөйлемдер 
бойынша  сұрақ  қойылады. Бұл  жерде  сұрақты  түрлендіріп  
қою  баланың  сөйлеу  тіліне, сөздік  қорының  молаюына  
мүмкіндік  береді.
Сұрақтар:
1. Мектептің  жанында  не бар?                   
2. Бақта  не  өседі?                                         
3. Қандай  жеміс  ағаштары  болады?         
4. Жазда  жеміс  ағаштарын  кім  күтеді?
5. Күзде  не  піседі?
6. Күзде  оқушылар  не істейді?
7. Алма  қандай  жеміс?
Алдымен    балалар    бір-бірлеп    жауап    береді.    Мәтінді  
іштерінен  тағы  бір  оқып, тірек  сөздер  көмегіне  сүйене  
отырып,  тұтас    әңгімелеп    шығуға    тырысады.  Соңынан  
толықтырушылар  өз  тілектерімен  мазмұндаушының  қате  
тұстарын  түзетеді.
Бұл  бақта  қандай  жеміс  өсетіндігіне  көз  жеткізген  соң,  
алма  суретін  көрсете  отырып, оған  сипаттама  бергіземіз.
Тақтада  алма  суреті  тұрады. Оның  айналасына  сызықтар  
жүргізу    арқылы,    алманың    қандай    жеміс    екендігін  
оқушылардың  өздеріне  дәлелдетеміз. Олар  әр  сызықтың  
тұсына    өздері    білетін    сөздерді    жазу    арқылы      алмаға  

15
толықтай  сипаттама  беріп  шығады.  Қазіргі  сабақ  талабы  
бойынша  мұғалім  тек бағыт-бағдар  беріп  ұйымдастырып  
отыратын    адам    болғандықтан,  ол    алмаға    сипаттама  
бергізгенде  оның  түсі, көлемі,  дәмі, күйі (қатты, жұмсақ  
екендігі)  туралы  айту  керектігін  ескертіп  отырады. Осы  
тұста  топты  екіге  бөліп, жарыс  ұйымдастыруға  да  болады. 
Ең  соңында  мынандай  кесте  пайда  болады.
                                   дәмді
                      қызыл                      домалақ
                   сары                               тәтті
                  көк                                     қышқыл
                     үлкен                        кішкентай
                              ащы          дәмсіз
Алғашында    балалардың  жауап  беру  мүмкіндігіне  қарай 
бірлесе  отырып,  шағын  кесте  жасатып,  оның  аумағын  
кеңейтуді  үйге  тапсырма  ретінде  беруге  болады. Немесе  
жемістің  бір  түрін  үлгі  ретінде  көрсетіп, әр  оқушы  жеке  
өздеріне  ұнайтын  жеміс  суретін  салып, сол жеміс туралы 
айтуына  болады.Сабақ    тақырыбына    қарай    сипаттама  
беретін   сөздер ауыстырылып  отырады.
Жалпылама  жеміс  бағының  суретін  сала  отырып, онда  
өсетін    жеміс    аттарын    да    осылайша    жасатуға    болады.
Бақта    адамдар    қандай  жұмыстар    істейді    деген  сұраққа  
жауап   талап  етіліп,  етістіктер  арқылы  да  кесте  құратуға  
болады.Оны  былай  да  жазғызуға  болады:  
                                 суарады
                                 күтеді
Адамдар                  жинайды
                                 салады
                                 жасайды
                                 жейді
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал