Мәңгілік мұра Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 325 жыл қарсаңында



жүктеу 160.62 Kb.

Дата07.09.2017
өлшемі160.62 Kb.

Мәңгілік мұра 

Бұқар жырау Қалқаманұлының 

туғанына 325 жыл қарсаңында 

Бұқар жырау шығармалары-

нан қазақ елінің бүтіндігін, 

іргелі ел болуын, халықтың 

тыныштығы мен бірлігін 

ойлаған озық парасат иесі 

екендігі танылды. Жырау -

қазақ халқының егемен ел 

болуының жақтаушысы, қол-

даушысы. Қазақ елінің дербес 

мемлекет ретінде өмір сүруі -

оның ғұмырлық басты арман-

мақсаты. Сондықтан да жы-

р а у : 

Бұл жалғанда бір жаман 

Ағайынның аласы, - деп 

елдің елдігінің: оның 

беріктігінің өзі от басы, ошақ 

қасы, ағайын-туыстың бірлігі, 

татулығынан басталады де-

генді аңғартып отыр. 

Ауылда адам бар болса, 

Ауыл ала болмайды. 

Ел иесі кұт болса, 

Халқы ала болмайды, -

дейді. "Қорқанды шаһар 

қаласын" деп басталатын 

өлеңде. Татулығы жарасқан 

іргелі ел болу, оған бас болып, 

дүйім жұртты өзіне қаратып 

отырған ел басына тікелей 

сын. Егер ел басқарған адам 

ел ішін ірітсе онда елде бере-

ке-бірлік қашады. Сондықтан 

нағыз елбасы халқының 

қамын ойлап қабырғасы 

қайысқан шын мәніндегі қам-

қоры болуға тиісті. 

... Төс айылдың батқанын, 

Иесі білмес, ат білер, - деп 

Бұқар тегіннен тегін айта 

салмаған. Бұл жерде жырау-

дың меңзеп отырғаны ел бас-

қарған адам халқына жайсыз 

болса, өзі сезбейді, оның қа-

сірет-қайғысын, зардабын 

тартатын түптің түбінде 

қарапайым халық, солар бар 

ауыртпалықты көретін деген 

ой-нысана. 

Көпті көрген әулие жырау-

дың айтқандары бүгінгі күні 

айна қатесіз алдыдан шығып 

жатқанына қайран қалмпасқа 

шараң жоқ. Сол кездің 

өзінде-ақ іргелі ел болам де-

сең осылардан арыл, осылар-

ды есте ұста деп атын атап, 

түсін түстеп кеткен жырау 

ойларының ең маңыздылығы 

мен мәні бүгінгі күннің өзекті 

проблемаларын шешуге де 

қабілеттілігі. 

Бұқар жырау өмір сүрген 

мезгіл қазақ халқының тари-

хындағы ең бір ауыр шақ 

болатын. 

Әз-Тәукенің өлімінен кейін 

қазақ елі жүзге бөлініп, ұсақ 

хандықтарға айнала бастайды. 

Осы кезде Орта жүздің ел 

билігіне Абылай келеді. Аты 

әйгілі 1725 жылғы Алакөл 

маңындағы шайқаста жоңғар-

лар ойсырай жеңіліп, үлкен 

дағдарысқа ұшырады. Міне, 

тап осы жорықта Төле биден 

рұқсат алып жауға аттанған 

Әбілмансұр /кейін хан бола-

тын Абылай/ 15 жасында аса 

үлкен ерліктер көрсетеді. Ол, 

бұдан былай да біраз жылдар 

Қабанбай батырдың қара-

мағында жүріп ірі-ірі қимыл 

әрекеттерімен айналасына 

атак-даңқы кете бастайды. 

Кейіннен қазақтың Абылай-

ханы атанады. Міне, осы кез-

дерде Абылай ханның 

қасында би, әрі жыраулығын 

қатар қойып ірі-ірі мемле-

кеттік істерге араласып іргелі 

ел болуы жолында күрескен 

қайраткер, дипломат Бұқар 

тұлғасы көрінеді. 

Бұқар өлеңдерін оқып 

шыққан әр адам оның туын-

дыларынан тапқа бөліну-

шіліктен гөрі адамдарды іс 

әрекетіне қарай жақсы-жаман 

қасиеттеріне қарап бағалау-

шылықты молынан байқар 

еді. Сондықтан да ол қазақ 

халқының іргелі ел болуын 

басты мақсат тұтқан жырау 

болды. Абылайханға арналған 

бірнеше толғауында Бұқардың 

күллі дүниетанымы көз ал-

дыға келеді. Ол, Абылайдың 

орыны мен маңызын, ха-

лықтың түпкілікті мұраттары 

үшін қаншалықты қажыр 

жұмсай білгендігімен бағалай-

ды. Ханның істері халықка 

пайдалы болғанын тілейді. 

Билеушіні астамшылықтан, 

қиянаттан, асығыс шешім-

дерден сақтандырады. Жырау 

айтқан осы аңсарларының 

қаншалықты мән-маңызды-

лығы бүгінгі қоғамдық-саяси 

әлеуметтік жағдайлардан 

анық көрініс беріп отырған 

жоқ па?! 

Алдымен елдің амандығын 

тілеген дана қарт Абылайдың 

айбындылығына қарап бетің 

бар, жүзің бар деп отырған 

жоқ. Хандықтың өзі ха-

лықтың арқасында елдің, 

жердің тыныштығын сақта, 

халық сыйлап басына 

көтерсін десең деген ойға 

жетелейді. 

Жыраудың сөзіне тоқтаған 

Абылай көрші орыс халқымен 

соғысам деген ойынан қайт-

қан. Өйткені соғысқанымен 

қуаты басым мемлекеттен көп 

шығынға ұшырап, жеңіліс та-

бары сөзсіз еді. Екіншіден, 

Жоңғарлармен соғыста орыс 

халқының көмегі болды. Со-

ның арқасында жарты 

ғасырға созылған елдің 

еңсесін басқан соғыста жеңіп 

шығып, жеңістің жығылмас 

туын желбіретті. Сөйтіп, бір 

тудың астына жыйылған 

күшті қазақ хандық мемле-

кетінің нығаюына қол жет-

кізді. Бұл жерде халқымен, 

оның қабырғалы билерімен 

кеңінен кеңесе отырып 

ақылын жерге тастамай мем-

лекет, ел басқаруда пайдала-

нып, қолдана білген мемлекет 

басшысы - Абылайды көреміз. 

Сол арқылы болашақ ұрпақ 

иелерін де астамшылықтан 

сақтандырып кеткен. Өкі-

нішке орай, осындай көне 

тарихтан қалған асыл мұра-

ларымыздағы ғибрат алар тұ 

старды ескеріп, елемеушілік 

неге апарып соқтырғаны 

бүгінде жалпақ жұртқа 

белгілі. Кеңес үкіметі тұсында 

қоғамымыздағы, ел басқа-

рудағы кеткен қателіктердің 

өзі өарапайым халықтың 

қабырғасын қайыстырып, 

орыны толмас үлкен-үлкен 

қайғы-қасіреттерге душар етті 

емес пе? Қазір айтып жүрген, 

бір ғана Голощекиндік "қызыл 

қырғын" тігерге тұяқ қонмай, 

бүкіл бір халықты аштықтан 

қырғынға ұшыратып, - тірі 

қалғанының бір бөлігін 

босқынға айналдырып, жер 

шарының түкпір-түкпіріне бас 

сауғалап кетуге мәжбүр ет-

кенін бүгінде кім бүркемелей 

алады?! 

Бұқар ХҮПІ ғасырда қазақ 

поэзиясында бұған дейін жоқ 

жаңа тақырыпты - халықты 

бірлікке шақыру, осы 

бірліктің ұйтқысы - сол кез-

дегі мемлекеттік мекемені 

нығайтуды уағыздау сияқты 

қоғамдық, дәуірлік 



тақырыпты көтере отырып, 

екінші кезекте сол дәуірдегі 

коғамдық ойды жаңа бір 

биікке көтерген болатын. Сол 

бір ой тұжырымдары, тәуел-

сіздік алып жаңа дербес мем-

лекет құрып жатқан бүгінгі 

кезде де аса қажет, құнды-

лығын жойған жоқ. 

Бұқар жырау, орыс патша 

үкіметінің отарлау саясатын 

да алғаш түсініп, елінің бола-

шағына алаң болып, ел 

басқарып отырған Абылай-

ханға халықтың үміті, сенімі, 

тағдыры қолында деп жыры 

арқылы ескерту жасайды. 

Осы жерде монографиялық 

еңбек жазған Мұхтар Ма-

ғауиннің "Жырау болашаққа 

назар салмайды, ол тек өз 

басындағы, өз тұсындағы за-

манның мән-мағнасын түсі-

нуге ғана тырысады" деген 

тұжырымын теріске шығаруға 

тура келеді. Расында патша 

саясатының астарында жат-

қан қазақ халқын білдіртпей 

езіп, жанышуға бағытталған 

мақсатын көрегендікпен 

түсіне білген Бұқар жырау 

бұл жерде өзі өмір сүріп 

отырған кезеңдегі қоғамдық, 

әлеуметтік-саяси жағдайдың 

ғана астарын, сырын ашып 

отырған жоқ. Болашақтағы 

елдің, қоғамның, адамдардың 

одан шегетін зиянын да бол-

жап, көріп, біліп соны бол-

дырмауға алдын ала әрекет 

жаса деп  о т ы р . Уақыт 

көрсеткендей патша үкі-

метінің қазақ халқына 

көрсеткен отаршылдық саяса-

тының қандай зардаптар 

әкелгеңдігі тарихтан белгілі. 

Міне, осы турғыдан бағалап, 

осы тұрғыдан тұшынып, 

түйсіну Бұқар жырау туын-

дыларының бүгінгі ұрпақтың 

талғамына, ойлау жүйе-

сіне, міндет-мақсатына ізгі ар-

манына жауап бере алатын 

құдыретті күші, мақсаткөрлік 

тұрғысынан көкейтесті жыр-

лар тудырғандығы онан сайын 

айқын бола түседі. Сол 

қасиеттермен де Бұқар 

өлеңдері бүгінгі күннің өзінде 

қымбат, маңызды, өзіндік 

айтар терең тағылымы бар, 

құнды. Әрине, оның бұл тұ 

жырым-түйіндерін бүгінгі ой 

еркіндігі берілген жаңаша 

ойлау тұрғысынан шығарма-

шылықпен игере отырып, ру-

хани дүниемізге жан азығы 

ретінде пайдалана білгенімізде 

ғана оның әсерін анық аңғара 

аламыз. 

Ұлы жыраудың біршама 

өлеңдері қазақ халқының 

жоңғар басқыншылығына 

қарсы азаттық күресіне ар-

налған. Ол өлеңдерден 

тәуелсіздік үшін соғыстың 

қаһармандарына арналған си-

паттама оқимыз. Тілсіз дүлей 

күштерге қарсы шашыранды 

қазақ халқын біріктірген та-

рихи мені бар істер атқарған 

ерлер есімін, Бұқар келешек 

ұрпақ ұмытпасын, әрдайым 

алғыспен еске алсын дегендей 

қайталап айтып отырады. 

Абылайға қарата айтылған 

өлеңнің бірінде ол аса 

көрнекті қайраткерлеріне зор 

баға береді. 

... Қара керей Қабанбай, 

Қанжығалы Бөгембай, 

Қаз дауысты Қазыбек, 

Шақшақ ұлы Жәнібек 

Ормандай көп орта жүз, 

Содан шыққан төрт тірек. 

Тұғыр болған сол еді, 

Сіздей төре  с ұ ң қ а р ғ а , -

дейді. Бұл ұлы жыраудың 

жүрегінен шыққан азаматтық 

сөздері еді. 

(ЖАЛҒАСЫ БАР). 

Балқантау.-1993.-8 мамыр 



Мәңгілік мұра 

Бұқар жырау Қалқаманұлының 

туғанына 325 жыл қарсаңында 

(Басы өткен санда) 

Осы соғыста Бұқар жырау 

мен Абылайхан майдан мен 

елді байланыстырушылық 

қызмет атқарады. Яғни өзі 

көзбен көрген, көңілге түйген 

жайларды баяндап отырған 

жырау алғаш рет жеке адам-

ның әдебиеттегі бейнесін жасай 

білді. Отанын, елін, жерін жа-

удан ерлікпен қорғаған ер-

лердің бейнелерін сомдап, бо-

лашақ ұрпақ халқының ерлік 

дәстүрін қазақ халқының 

өрлеуге беттеген, сонымен бірге 

сырт жаулар қаупінен құтылып 

болмаған аса жауапты 

қайталанбас кезеңінің шытыр-

ман шындығын білсем деген ой 

аңғарылады. Шынында да 

бүгінгі ұрпақты елін, жерін 

сүйген патриоттық өршіл рухта 

тәрбиелеудегі Бұқар жырау 

жырларының маңызы зор. 

Өкінішке орай "қызыл импе-

рия" туған халқымыздан 

шыққан қаһармандарымызды 

атауға жетпіс жылдан аса тый-

ым салып келді. Керісінше 

үстемдік жүргізген елдің Куту-

зов, Суворов сияқты батырла-

рын оқып, шын тарихымыздан 

шеттеп, макұрым қалдық. 

Тәуелсіздігімізді жариялап, де-

рбес мемлекет құра бастаған 

кезде ғана батырларымыздың 

атын қайта жарыққа шығарып, 

жалпақ жұртқа жариялай бас-

тадық. Бұған да шүкіршілік 

дейміз де қайтеміз. 

Бұқар жырау шығармаларын-

да заман жайында түйгендері, 

мораль, этика хақындағы ой-

толғаныстары әлем, болмыс, 

тіршілік, табиғат сырының 

мән-мағнасы, адам өмірінің әр 

кезеңі, олардың іс-әрекеттері, 

адамгершілік қасиеттері келелі 

сөз болады. 

Он бір тілектен тұратын 

"Тілек" атты толғауының әр 

тілегі ақыл-парасаттың қайнар 

көзі ісиеттес. Екінші тілегінде, 

адамзат баласын осек созге 

ермеуге шакырып, одан 

әрдайым сактандырады. 

Үшінші тілегінде, жырау адам 

оміріндегі, адам бойындагы жи-

рендірер тагы бір әдеттен 

кашык болуын тілейді. Мандай 

терсіз табылган мал, дәулеттен 

сак бол. Біреуді алдап-арбаудан 

түсірген байлық саған 

түпкілікті бақыт, жақсылық 

әкелмейді. Түбінде опа таптыр-

мас дегенді білдіріп отыр. 

Төртінші тілегінде "әуелгі бай-

лық - денсаулық" дегенді 

аңғартса, алтыншы тілекте бо-

саға беріктігін, отбасы тату-

лығын тілейді. Одан кейінгі 

тілектегі жыраудың ізгі тілек, 

жақсы арманы-елдің берекесі 

мен тыныш бейбіт өмірі, ал енді 

"Сегізінші тілек тілеңіз, сегіз 

қиыр шартарап, жер тұлданып 

тұрмасқа" деп отырғанда көпті 

көрген көнекөз қарт жырау 

жер де, табиғат та өлшеусіз 

шексіз, шетсіз бір нәрсе емес, 

сондықтан жер бесігімізді азды-

рып, тоздырып алмайық, оған 

да аялы алақан, жомарт жана-

шырлық керек деп парасатты-

лыққа шақырған идея. 

Толғаудағы тоғызыншы, онын-

шы тілектер адам бойындағы 

адамгершілік, сыйластық, 

имандылық сияқты асыл 

қасиеттерді аялай білуге жөн 

сілтеген тәлім-тәрбиелік түйін-

толғаулар. Онбірінші тілекте, 

асыл жарыңа деген берік ма-

хаббатты сақтай біл, өмірге 

деген, айналаңды қоршаған 

жалпақ, шегсіз де шексіз 

әлемге деген құштарлығың, 

іңкәрлігің, көзқарасың өз отба-

сы, ошақ қасыңа деген өшпес 

ыстық махаббатыңнан бастала-

ды деген ой. Аяулы анаңның, 

қамқор әкенің, сүйікті асыл 

жардың жарастықты өмірі, 

шаңырақ иесі - ер жігітпен 

бірге деп түйіп, отбасының 

ырыс-бақыты бүкіл ел 

бірлігімен, халық болашағымен 

тығыз байланысты деген мәнді 

әлеуметтік қорытынды жасай-

ды. 

Енді осы тілек-толғауда 

айтылған мағналы да терең ой 

саларлық болжамдарды бүгінгі 

күнмен байланыстыра алып 

қарап көрсек үлкен ойға же-

телейді. Сол бір патриарх ал-

дык, феодалдық қоғам құрсау-

ында өмір сүрген Бұқар бүгінгі 

күнде де кездесер, алдан шығар 

жайларды болжап, білгенге 

ұқсайды. Сол бір Бұқар айтып, 

кезінде ескертіп, содан арыла 

білуге шақырып сынаған жай-

лардан бүгінгі күнде де арылып 

біте қоймаппыз. Мейірім, сый-

ластық, имандылық, ізеттілік 

сияқты сан ғасырлар жинаған 

адамдық асыл қасиеттердің 

адамдар бойында жоғала бас-

тауы қоғамда да өзіндік зардап-

тарын тигізіп, үлкен-үлкен про-

блемаларды алға тартуда. Бұ 

қар бір кезде: "Тас құрсағын 

кеңіткен, тас емшегін жібіткен" 

асыл ана мен "Тоқсандағы қарт 

бабам, топқа жаяу бармасқа" 

деп үлкенді сыйлап, құрметтей 

білуге шақырады. Бүгінгі кезде 

осы қасиеттерден айрылып 

қалған сияқтымыз. Содан ба-

рып бүгінде зарлы әуенге 

айналған "Қара шал", "Қара 

кемпір", "Қара бала" деген 

қатыгездіктің ең кемер шетін 

білдіретін, жаныңды 

түршіктіріп құйқаңды шымыр-

латар ұғымдар қалыптаса бас-

тады. Адамзат баласы адами 

үлкен де мәртебелі биік жауһар 

қасиеттерін - қатыгездікке, 

рақымсыздыққа айырбастай ба-

стады. Адамзат дамуында бас-

талған бір рухани кұлдырау 

белгілері белес бере бастаған 

сияқты. Міне, осындай алда 

тұрған адами рухтағы 

қалыптасқан күрделі проблема-

ларды шешуде сан ғасырлар 

тірнектеліп жиналған көне 

дәуір әдебиетіміздегі өлшеусіз, 

жеке-жеке тәрбие мектептері 

болуға лайық сандаған сөз зер-

герлерінің асыл, нақыл, ақыл 

мұраларын жаңа ойлау тұ 

рғысынан меңгеріп, пайдала-

нуға деген шынайы күрт бетбұ 

рыс жасала бастағандығы 

қуантады. Осы тұрғыдан алып 

бағалағанда Бұқар жыраудың 

жоғарыда талдаған он бір 

тілектен тұратын толғауы адам-

гершілікке баулитын асыл 

қазыналардың жиынтығы 

сияқты әсер қалдырады. 

-Бұқар жыраудың заман, бол-

мыс жайындағы терең ой 

түйген болжау, толғаулары 

шығармашылығында ерекше 

орын алады. Болжау, толғаула-

рынан бізге мәлімі 

Асанқайғының "Мұнан соң 

қилы-қилы заман болар" деген 

өлеңінің мәнін шешкен "Ханға 

жауап айтпасаң" сонымен 

қатар "Он екі айда жаз келер", 

"Абылай ханның қасында" деп 

аталатын бір тол жырлары 

ғана. Бұл шығармаларының 

алғашқысында ол заман, дәуір 

болашақ туралы түйген ойла-

рын Асанқайғы жұмбағын ше-

шу үстінде өзінің сонымен 

іштей үндестігін де бүкпесіз 

білдіріп, баяндайды. 

Судан қашып қарағай, 

ІІІөлге біткен бір дарақ. 

Шортан шөлге шыдамсыз, 

Балықтан шыққан бір қарақ. 

Ойлама шортан ұшпас деп, 

Қарағанға шықпас деп. 

Қарт жырау адамзат дамуын-

да талай-талай уақыт ке-

зеңдерде кездесетін қилы-қилы 

заман жайында болжау сыр 

ашып отыр. Өз дәуірінде өмір 

сүрген ұрпақ қобалжымасын 

дегендей ішке түйген сырын 

ашпауға, Абылайхан қоймай 

тілек еткен соң "Ханның көңілі 

қайтады" деп айтуын айтса да, 

"Қандыра жауап сөйлесем, 

халқым не деп айтады?" деп 

бір жағынан абыржығаны да 

байқалады. Десе де, 

Асанқайғының "Мұнан соң 

қилы-қилы заман болар" деген 

өлеңінің астарын, мәнін ашып 

жырлап береді. "Ойлама шор-

тан ұшпас деп, қарағайға 

ілықпас деп". Бұқар да сөздің 

мәнін астарлап шешіп отыр. 

Яғни, шортан шөлге шыдамсыз 

болса, қарағай судан қашса бір 

кезде өмір, болмыс, табиғат 

тіршіліктегі жайлар соған ке-

реғар болатын да кездер болады 

деп топшылайды. Жырау бол-

жауларының талай заман 

өткен соң көп жағдайларда 

бүгінгі өмірдің өзінде көрініс 

беруі, Бұқардың керемет 

көреген, алысты болжай білген 

данышпандығын көрсетеді. 

Адами қасиеттердің әлсірей ба-

стауы, кереғар көзқарастардың 

көбеюі, табиғатқа деген "жа-

байы" - жанашырлық сезім, 

қоршаған сыртқы дүниенің. 

адамның, тіршіліктің өзіне 

қауіп төндіріп, қасірет әкеле 

бастады. Осындай тұста 

өлеңдерінің, жалпы адамзаттық 

мәселелерді қозғаған, оған ал-

дын ала барлау жасаған 

көреген ойлары дәл бүгінгі күні 

де ескерту жасап отырғандай 

әсер қалдырады. Міне, бұл 

Бұқар ойларының, Бұқар ту-

ындыларының мәнін, маңызын 

жоймайтындығын көрсетеді. 

Енді болмысқа, табиғатқа 

байланысты мына бір өлең 

жолдарынан үзінді келтіріп 

көрелік: 

Айналасын жер тұтқан 

Айды батпас демеңіз. 

Айнала ішсе азайып, 

Көл суалмас демеңіз... 

Әлеуметтік астармен суа-

рылған осы бір жолдар мәңгілік 

ештеңе жоқ деген ойды аңғар-

тады. Сол арқылы адамзатқа 

алдын ала ескерту жасайды. 

Табиғатта жанды тіршілік, өз 

заңы бар. Оған да аялы алақан, 

ақыл мен парасаттылық керек. 

"Кұландар жортқан қу тақыр, 

қурай бітпес демеңіз" деп білім, 

адамның асыл арман, ой-

қиялы ізгілік мұраттарына 

қызмет жасаса, өзгертпейтін 

бұл дүниеде ештеме жоқ. Адам 

ойы ғаламат, ғажайып тылсым 

күш. Соны дұрыс пайдалан. 

Ал, өз орынына дұрыс бағыт-

тамасаң, талаптанбасаң түптің 

түбінде табиғат, болмысты тұ 

лдыр ай тақырға айналдыра-

сың дейді. Оны "Айналасын 

жер тұткан, айды батпас де-

меңіз, айнала ішсең азайып, 

көл суалмас демеңіз" деген 

сөзінен байыбына бара түсеміз. 

ІІІынында, осы бір ұлағатты 

сөздер ақиқатын мойындамасқа 

лажымыз жоқ. Бүгінде жар 

салып, жанұшыра айқайлап 

жатсақ: Табиғатты құрттық, 

ауаны, қоршаған ортамызды 

ластап біттік деп. Миллиард 

деп ұрандап, тың игереміз де-

ген желеумен желпініп жүріп 

тың жатқан, тұнып жатқан 

дүрия даламыздың тілім-тілімін 

шығарып, тулақ сүйреткендей 

етсек, табиғаттың бермесін тар-

тып аламыз деп жерді де 

саудаға салып, суды құрдымға 

сіңіріп, ақыр аяғында Арал мен 

Балқашқа қасірет, қауіп 

төндірсек; соның бәрі адамның 

жеткен ақыл-ойының дұрыс 

бағытталмағанынан болып 

отырған ойсыраған орыны тол-

мас өкініштер емес пе?! 

Келесі үш мыңыншы жыл-

дықпен қауышар тұстағы 

өліара ғасырдың аждаһасы, 

адамдардың өз ақыл-ой 

білімінің жемісі - атомдық жа-

рылыс, полигон, бір кезде бір 

ұлттың, бір халықтың ғажайып 

ұлдарын дүниеге әкелген 

қасиетті Сарыарқа - Ұлы Абай, 

Мұхтар, Шәкәрім, Тәттімбет, 

Қаз дауысты Қазыбек, Мәдилер 

келген киелі топырақты қырық 

жыл ажал отымен бүркіп, 

айналасын қасіреттің қара да-

уылымен құрсаулап, өмірге 

келген ұрпақтардың өзі кемтар 

болып туып, көзін ашқаннан 

өмірден кемсеңдеп өтіп жатса, 

сау жүрмін дегенінің өзінің 

болашақтағы үміт-қайыры 

азайып бара жатқаны бүгінгі 

айғайлап айтар ақиқат шын-

дықтар. Өкініштісі де осы. 

Әрине, адаһа ауыздықталды. 

Үні өшті. Бірақ, оның зардабы 

әлі сан ғасырларға жетерлік. 

Халықтың, оның қасіретін 

қанша уақытқа дейін тартары 

тағы белгісіз. Осының бәрі 

адамзатты, өзіне дейінгі жеткен 

асыл қазыналарын терең 

меңгеріп, оған кезінде дұрыс 

мән бермеуден, ескерме-

ушіліктен келіп туған ке-

леңсіздік, сүреңсіздік, бүгінде 

тәуелсіздік алып "қызыл импе-

рияның" құрсауынан 

шығуымыздың арқасында 

адамзаттың дамуында сандаған 

ғасырлар жинаған ой 

қазыналарының қойнауына 

қайта бір сұңгіп, оның мон-

маңызын үңіліп, көптеген жыл-

дар бойы жинаған жауһар 

қасиеттерімізді қайта қалпына 

келтіруге жәрдемдесетін сөз 

маржандарының астарындағы 

бай мазмұнына зер салып, 

үңіле бастадық. Міне, осы тұ 

рғыда көне дәуір әдебиеті аса 

ірі тұлғаларының бірі, әрі 

сәуегей, әрі шешен Бұқар жы-

раудың басқа да біз тоқталған 

туындыларымен бірге жоғарыда 

сөз етіп отырған өлеңінің де 

бүгінгі заман, жалпы адамзат-

тық проблемаларды шешудегі 

жол көрсетер, акылға салар 

көкейкесті ойлары бүгінгі 

уақытта онан сайын жарқырай 

түспек. Мұның озі Бұқар жы-

рау өлеңдерінің дәуір озған 

сайын құндылығы артып, ке-

мелдене түскендігінің айғағы. 

Демек, оның туындыларының 

бүгінгі, болашақ ұрпаққа да 

берері шексіз мол. 

(Жалғасы бар). 

Балқантау.-1993.-15 мамыр 

Мәңгілік мұра 

Бұқар жырау Қалқаманұлының 

туғанына 325 жыл қарсаңында 

(Соңы. Басы № 17-18 сан-

дарда) 

Х V I I I ғасырда өмір сүріп, 

артына өлмес мұра қалдырған 

Бұқар жыраудың құнарсыз, 

айтақыр рухани әлемде жара-

тылмағаны сөзсіз. Ол, бай ауыз 

әдебиетінен, өзінен бұрын жа-

саған ақын-жыраулар мұрас-

ынан еркін сусындады. 

Асанқайғы, Шалкиіз, Жиенбет, 

Қазтуған сияқты жыраулардан 

басталған азаматтық поззияны 

тақырып әрі түр жағынан 

жетілдіріп, кемелденген поэзия 

үлігісін жасай білді. Сонымен 

қатар Бұқар жыраудың өзінен 

кейінгі жыраулық, ақындық 

дәстүрдің дамуына да тигізген 

әсері мол екендігін байқаймыз. 

Әсіресе, ол Абай салған про-

фессионалдық қазақ жазба 

әдебиеті мен Бұқар арасын 

байланыстырып тұрған ірі ту 

лғалар Дулат пен Шортанбай 

мұраларынан анық сезіледі. Бұ 

қар туындылары мен бұл ақын-

жыраулардың шығармашы-

лығы арналас, көзқарастары 

жағынан үндес жатыр. Бірақ, 

тарихи шындық солай бола 

тұрса да осы ірі тұлғалардың 

шығармашылығын дұрыс та-

нып, әділ бағасын беруде көп 

уақыттар бойы талас-тартыс. 

дау-дамайдан аса алмай келдік. 

Бірде, бір жақты асыра 

мақтасак, енді бір ретте асыра 

жамандадық. Содан барып Ду-

лат пен Шортанбайға ескілікті 

аңсаушы, кертартпа ақын жы-

раулар деген бағалары жөн-жо-

зықсыз үйіп тақтық. Мұның өзі 

коммунистік, кеңестік идеоло-

гияның кесірі де еді, бір кезде. 

Ақиқатына келгенде олардың 

көзөарастары шын мәнінде со-

лай ма еді? Ал, олар сүрген 

кездегі уақиға қалай еді? 

Біріншіден қазақ даласының 

1824 жылдан бастал хандық 

дәстүр жойылды. Сөйтіп, аға 

сұлтандық билеу тәртібі орнаса, 

1868 жылы аға сұлтандық 

жойылыл, енді уез, облыс стар-

шындықтары шықты. Міне, осы 

тарихтағы уақыт жағынан 

алғанда қысқа мерзім ішінде 

қазақ елі үш түрлі әлеуметтік 

жағдайды басынан өткерді 

және ол Абылай хан тұсында 

жоңғарларға қатты соққы бере 

отырып мықты мемлекет құрса, 

одан кейінгі патшалык Ре-

сейдің қол астына кіруі 

нәтижесінде отаршылдық сая-

сат пен елдегі олардың саяса-

тын қолдаушы атқамінерлерден 

екі жақты жапа шекті. Мұның 

зияндылығын алғаш Бұқар жы-

рау көре біліп, оны өзінің жыр 

- толғауларында асқан 

көргендікпен айтып, ескертіп 

кеткен болатын. Бұқар өмірден 

өткеннен кейін, отаршылдық 

саясат одан әрі өрши түсті. 

Бұқар өлеңдерінен де сусындап 

өскен Дулат, Шортанбайлар 

жерін, суын алып, бекініс ка-

налдар салдырып жатқан пат-

шалық Ресейдің түпкі 

мақсатына қарсылық үні 

ретінде өздерінің жыр-

толғауларын шығарды. Осы 

тақырыпқа арналған өлеңдері 

Қазан төңкерісінен кейін 

бертінге дейінгі зерттеулерде 

Дулат, Шортанбайларға кер-

тартпа ақындар деген айдар 

тағып, жалған ат жапсыруға 

желеу болды. Әрине, бұлай 

бағалау XIX ғасырда өмір 

сүрген әдебиетіміздегі ірі екі 

тұлғаның шығармашылығын 

бір жақты, жете, терең байып-

тап бағаламаушылықтан, сол 

кездегі патшалық Ресейдің 

отаршылдық саясатының 

қарапайым қазақ халқын жан-

шыған қатал істерін көре 

білмеушіліктен туындаған жай-

лар еді. Дулат "Аяз қысса 

мүйізді" деп басталатын шағын 

өлеңінде: 

Ұлық қысса ұлықты, 

Ұласып мидай былықты. 

Атқамінер ауылда 

Итше ілініп, ылықты. 

Орыстың көрсе ұлығын, 

Қыздан-дағы қылықты. 

Ұлық кетсе қазаққа, 

Қорқау қасқыр құлықты, -

десе, екінші бір "Тегімді менің 

сұрасаң" деген ұзақ толғауын-

да: 

Майордың алса бұйрығын, 

Борбайға қысып құйрығын, 

Ел пысығы жортады, 

Өзі елді қорқытып, 

Онан өзі қорқады, -  д е п , 

тізесін батырған отаршыл-

дықтың, оның қазақ еліндегі ел 

басқару ісінде көрініп отырған 

теріс әрекеттерін бұлтартпай 

бетке басады. Ал Шортанбай: 

Оны-мұны жиғанын, 

Шығын деп тілмәш алады. 

Жалғыз сиыры бар болса, 

Соғымына сояды. 

Қағаздатып бұзауын, 

Ноғайына қояды. 

Кедейге салып шығынды, 

Негізі байдың тояды, - деп ол 

да сол кез шындығын отаршыл-

дық саясаттың екі жақты 

езгінің негізін ашып беріп, 

оның келешекте елге, халыққа 

тигізер астамшылық жақтарын 

көрегендікпен болжай біледі. 

Бұл жерде Дулат та, Шортан-

бай да өзінен бұрын өмір сүріп, 

қазақ халқының патшалық Ре-

сейге қосылуының прогрестік 

жақтарымен қатар келешекте 

әкелер кеселді жақтарын да 

көрегендікпен болжай білген. 

Бұқар жырау көзқарасымен 

үндестігін көреміз. Сонымен 

қатар олардың осындай 

көзқарастары болғандықтарына 

қарамастан Дулат, Шортанбай-

лар ескілік өмірді аңсаушы, 

кертартпа ақындар дегенде 

пікірлер көп айтылған. Шын-

дық солай ма еді? Олар ескішіл 

өмірді аңсағанда біртұтас күш 

біріктіріп, қазақ елін сырт жа-

удан қорғай білген, мықты 

мемлекетке айналдырған ел 

мен оның басшысы Абылай-

ханды аңсады. Бұқар жырау 

да Абылайханды елдің елдігін 

сақтап, қорғап қалушы, ха-

лықтың ортасынан шыққан ел-

басы ретінде жағымды жиын-

тық бейнесінде алып қараған-

дығын ескертсек, бұл жерде 

Бұқар жырау мен Дулат, Шор-

танбайлардың көзқарастары -

ескілік өмірді, тұрмысты 

аңсаушылық емес, қайта халық 

қамы үшін келешекте болжай 

біліп, жақсы өмір үшін күресе 

білген ХҮПІ - XIX ғасырлар 

әдебиеттінің көрнекті тұлғалары 

болғандығын, көне мұраға 

бүгінгі кезең, уақыт тұрғысы-

нан қарай баға бергенде айқын 

аңғара түсеміз. Бүгінгі кезде 

елдің тәуелсіздігін жариялап, 

атамұра, салт-дәстүр, рухани 

мұраларымызды қайта 

жаңғыртып, бүгінгі ұрпақтың 

тәлім-тәрбие аларлық мектеп-

теріне айналдырып жатсақ Бұ 

қар жырау және одан кейін бір 

көзқараста өмір сүріп, кейінгі 

ұрпақтарының игілігіне елмес 

туындылар жасап қалдыра 

білген Дулат, Шортанбай ту-

ындыларының да мәңгілік мәні 

уақыт өткен сайын көмес-

кіленбей, қайта маңызы арта 

түсетіндігін байқаймыз. Ал Бұ 

қар жырау Қалқаманұлы өз 

қөзқарасында өзінен кейінгі 

ақын-жырауларға әсер еткен 

ел бірлігі, егеменді мықты мем-

лекет болуды, жалпы қазақ 

деген біртұтас атау, этнос тұ 

рғысынан жырлай білген 

көреген жырау ретіндегі бей-

несі бұрынғыдан да тұлғалана 

түседі. 

Ал енді ХҮПІ ғасыр қазақ 

әдебиетіңдегі ірі тұлға Бұқар 

жырау Қалқаман ұлының 

маңызын еш уақытта жоймай-

тын туындыларын, әсіресе 

оның әлеуметтік астармен суа-

рылған өлеңдерінің маңыз-

дылығын бағалап, рухани 

игілігімізге жаратуда осы 

уақытқа дейін қалай танып 

келдік, оның деңгейі мен 

дәрежесі қандай, бұл да Бұқар 

жырау мұрасын игеруде үлкен 

маңыз атқарары сөзсіз. 

Қазақ әдебиеттану ғылымын-

да Бұқартануда біраз жұмыстар 

атқарылғандығы байқалады. 

Бұқар жырау мұрасының жи-

налуы, зерттелуі толық аяқ-

талып біте қойды деу қиын. 

Оған Пекин архивінен табы-

лып, "Ана тілі газетінің 1990 

жылдың 12-19 шілдесіндегі екі 

санында жазушы, филология 

ғылымының кандидаты 

Ақселеу Сейдімбековтың алғы 

сөзімен жарияланған Бұқар 

жыраудың 940 жолдық 36 

толғауы дәлел бола алады. 

Сол сияқты, Бұқардың 

өлеңдері деп келген мұраның 

кейбіріне әлі күнге дейін 

күдіктене қараушылық бар. 

Тіпті оның өлеңі емес деген 

пікірлер де елі күнге дейін 

кездеседі. Мұның өзі жырау 

өлеңдерін тереңірек тануға, 

белгілі бір дәрежеде кері әсерін 

де тигізбей қоймайды. Осындай 

Бұқар жырау өлеңдері, яки 

еместігі жөніндегі әрқилы дау 

тудырарлық пікірлердің тууы 

Бұқар өлеңдеріне елі күнге 

дейін текстологиялық жұмыс-

тың жасалмауынан болып 

отырғандығын көрсетеді. Сол 

сияқты осы уакытқа дейін 

Бұқар жыраудың ғылыми 

өмірбаянының жазылмауы да 

белгілі бір дәрежеде Бұқар-

тануға әсерін тигізбей қойған 

жоқ. Содан келіп Бұқар 

Түркстан жағында туған деген 

де болжамдар айтылып келеді. 

Жырау женінде халық ара-

сына кең тараған аңыз-

әнгімелерді, шешендік сөздерді 

жинастыру жағы бір жүйеге 

келтірілмеген дегім келеді. 

Олар жекелеме жинақтарда, 

атап айтқанда "Шешендік 

сөздер"  / 1 9 6 7 ж / "Сөз тапқанға 

қолқа жоқ" /1988ж/, "Ел аузы-

нан"/1985-1989ж/ сондай-ақ 

Шоқан Уалихановтың 1-то-

мында, Потаниннің "Қазақ 

фольклоры" жинағында 

/1972 жылы Алматыдан жеке 

кітап болып шықты/ кездеседі. 

Бұқар мұрасын жете таныта 

түсу үшін ұлы жырау туралы 

деректерді, аңыз-әңгімелерді 

жинастырып, жүйелеп басып, 

баспа бетін көрсеткен дұрыс. 

Бұқар жырау Қалқаманұлы-

ның өлеңдері аударылып 1978 

жылы "Поэты Казахстана", 

1987 жылы "Поэзия-жырау" 

кітаптары орыс тілінде басылып 

шықты. Сол сияқты Мұхтар 

Мағауиннің "Қобыз сарыны" 

деп аталатын монографиялық 

еңбегі /Бұқар жырау шығарма-

шылығына арналған кітаптың 

арнайы тарауы бар/ орыс 

тіліне аударылып басылды. 

Сөйтіп, Бұқар жырау мұрасын 

басқа халықтар да кеңінен тани 

бастады. 

Солай десек те, Бұқар мұра-

сын жан-жақты толық, ез 

мәнінде бүгінгі ұрпаққа таны-

туда алда тұрған мәселелер де 

барлығын айтпай кетуге бол-

майды. Әсіресе, Бұқар шығар-

машылығын бүгінгі ұрпақтың 

шын мәніндегі асыл қазы-

насына айналдыруда орта мек-

теп жене жоғары оқу орында-

рының студенттеріне арналған 

оқу құралдарының маңызы 

ерекше болмақ. Әрине, бұрын-

дары шыққан орта мектеп 

оқушылары, жоғары оқу орын-

дары студенттеріне арналған 

оқулықтардың Бұқар шығарма-

шылықтарына арналған тұста-

ры бүгінгі ұрпак өкілдерінің, 

оның туындыларының қанша-

ма уақыт өтсе де жойылмайтын 

мен-маңызын танып, түсініп, 

рухани мұра ретінде пайдала-

нуға толық мүмкіндіктер бере 

бермейтіндігін айтуға тиіспіз. 

Жоғарыдағы оқулықтар бұры-

нырақта жазылғандықтан 

мүмкін кейбір пікірлерді ашық, 

жеткізіп айтуға сол кезең 

мүмкіндік те бермеген болар. 

Оның үстіне сыңаржақ солақай 

социалистік саясат та шын-

дыққа мойын бұрғызбайды ғой. 

Бүгінгі уақыт, өткен, көне 

дәуір әдебиетіміздің кейбір тұ 

старын қайта екшеуге, рухани 

мұраларымызды тереңдей, 

жан-жақты, ер қырынан әділ 

бағалай түсуге мүмкіндік беріп 

отыр. Сондықтан да Бұқар 

мұрасына қатысты оқулық-

тардағы кейбір пікір-тұжырым-

дар да қайта жазылып, қолға 

тигені дұрыс болар еді. Бұл 

игілікті іс, Бұқар туындылары-

ның мәңгілігін, ұрпаққа жете 

таныта түсудегі қадамдардың 

бірі болар еді. 

Бекәділ СЕМҚҰЛ ТЕГІ. 

Балқантау.-1993.-22 мамыр 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал