Мәңгілік Елді бірге жасайық! Астанадағы Тәуелсіздік сарайында болып өткен



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата28.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Мәңгілік Елді бірге жасайық!

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында болып өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті 

XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс 

Президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

№ 2-3 (183-184),  

қаңтар-ақпан, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Нұрсұлтан Назарбаев сан сынақтардан абыроймен өткен Елбасы. Оның басшылығымен Қазақ елі 

талай асулардан асты, бұл бабалар бұрын жүрмеген соқпағы көп жол еді. Оның қиындықтары да болды. 

Бірақ Елбасы осының бәрінен жол тауып, қазіргі қиындықтарды дер кезінде сезіп, көріп отыр. Оның 

айғағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа экономикалық саясат. Ол кең байтақ елді 

мекендеріміздің бір-бірімен байланысын нығайтып, халқымызға жаңа тыныс-тіршілік әкелетін саясат. Ол  

– жұмыссыздықпен кү ресуге құрал болу саясаты. Ең бастысы, біздер бұрынғыдай тек мұнайға ғана иек арту-

ды қойып, экономиканың жаңа қырлары мен мүмкіндіктеріне басымдық береміз. Сын сағатында табылған 

ұтқыр шешім. Осыны орындаудың маңызы зор. Біздерге құрғақ сөз, жайдақ ұран емес, нақты іс керек. Оның 

нәтижесін халық көруі керек. Сонда ғана «Нұрлы жол» біздерді жаңа белестерге шығара білген береке 

жолы деп айтамыз.

«Қазақстан Пре зиденті әлемдегі қақ тығыстарға бей-жай қарап қоймай, бітімге шақырып, тыныштық 

үшін атсалысып, халықтар арасындағы татулық үшін әлем деңгейіндегі көрнекті күрескер дәрежесіне 

көтеріле білді. Бұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенттігіне бірден-бір лайық қайраткер 

екенін айғақтайды. Осыған орай, ағайындар, Президентке үміткер ретінде бәріміз бірауыздан Нұрсұлтан 

Назарбаевты ұсынайық.



Кенжеғали Сағадиев, академик

– Алдымызда биік-биік белестер бар. Олардан алқынбай асу, белестерді бағындыру – біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз 

еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік – ең басты құралымыз. Біз өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла білсек қана  «Қазақстан 

– 2050»  Стратегиясында айтылған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Партиямыз – тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы  болсын! Мәңгілік елді бірге 

жасайық! «Нұр Отан» алға, Қазақстан алға!

Қасиетті атамекеннің еліне кие, халқына ие болатын ұл 

кез келген кезде туа бермейтініне куә болдық. Ол бақыт 

әркімнің маңдайына жазыла бермейтінін де анық көрдік. Біз 

нар жүгін, ел сенімін арқалайтын, елдің ертеңіне деген өзінің 

жанпида өмірі мен халқының алдында борышын дәлелдейтін 

перзенттің – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін көрдік, 

білдік, соны әлемге қайта мақтан етіп, айта келдік. Қазақ 

даласының  ғана емес, бүкіл әлемнің аузында «Нұрсұлтан – 

Қазақстан, Қазақстан – Нұрсұлтан» деген ұғым бар.



Ақұштап  Бақтыгереева, ақын

Елбасы – біреу, ел-жұрты – тіреу

Кеудемді мақтаныш кернейді

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 2-3 (183-184), 

қаңтар-ақпан, 2015 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

Меморандумға қол қойылды

Танымал боксшымен кездесті

Университетте танымал боксшы, 

2012 жылғы Олимпиада чемпионы 

Серік Сәпиевпен кездесу өтті. 

Вэл Баркер кубогының иегерімен 

жолығуды көптен күткен студенттер 

өте көп жиналды. Шараның мақсаты – 

студент жастар арасында патриоттық 

рухани тәрбиені өрістетіп, салауатты 

өмір салтын қалыптастыру, 

Қазақстанда спорттың дамуы мен оны 

насихаттау арқылы жастарды спортқа 

баулу. Кездесу алдында университет 

ректоры Ерлан Сыдықов спортшымен 

арнайы кездесіп, кеудесіне оқу 

орнының төсбелгісін таққан болатын.

Университеттің әлеуметтік-мәдени 

даму жөніндегі проректоры Дихан 

Қамзабекұлының кіріспе сөзінен 

кейін кездесу еркін, ашық форматтағы 

әңгімеге ұласты. Екі сағат уақыт 

көлемінде студенттер спортшының 

жеке өміріне, дайындығына, алдағы 

жоспарларына, қазақ боксының 

бүгіні мен болашағына қатысты және 

тағы да басқа қызықты сұрақтар 

Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті 

атындағы Ұлттық қорғаныс университеті арасында ынтымақтастық туралы 

меморандумға қол қойылды.

Аталған рәсім Ұлттық қорғаныс университетінде екі жоғары оқу орындары 

басшыларының қатысуымен өтті. Меморандумға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы және 

Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы, генерал-майор Асхат Рыспаев қол қойды.

Шараға Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков, 

профессор Серік Негимов секілді ЕҰУ-дің ғалым-академиктері, әскери кафедра өкілдері, 

ал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті 

тарапынан басшы орынбасарлары мен профессор-оқытушылары қатысты.

Екі жақты қол қойылған Меморандум бойынша ендігі жерде білім, ғылым және 

әскери-патриоттық тәрбие, бірлескен шаралар ұйымдастырылып, оқытушылардың өзара 

алмасуы, мамандық, ғылыми жобалармен бірлесіп жұмыс істеу, өзара тәжірибе алмасу, 

әдебиеттер алмасу секілді т.б. бағыттарда жұмыс жүргізілетін болады.

Ұлттық қорғаныс академиясының басшысы, генерал-майор Асхат Рыспаев 

меморандумға қол қою сәтінде әскери-азаматтық интеграцияның Қазақстандағы әскери 

қызметкерлерді дайындауда басым бағытта екенін атап өтті. Әлеуметтік-мәдени даму 

жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы бұл қол қойылған құжаттың маңыздылығына 

тоқтала келіп: – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

ұлттық қауіпсіздікке, әскери дайындыққа, сонымен қатар елдің әскери білім алуына 

әрдайым үлкен мән береді. Біз бірлесе әрекет ете отырып, Отан алдында әскери және 

азаматтық борышымызды өтейміз деп сенемін, – деді.

Сонымен қатар, шара барысында «Қазақстанның әскер тарихы» және «Әскери 

шешендік өнер» тақырыбы талқыланып, әскери өмірге байланысты құнды кітап 

шығару үшін ЕҰУ профессоры Серік Негимов және академик Болат Көмеков зерттеу 

жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. 

Университетте өткен Ғылыми кеңес отырысында күн тәртібіндегі 

мәселелер талқыға түспес бұрын әлеуметік-мәдени даму проректоры Дихан 

Қамзабекұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов жаңа жыл қарсаңында ҚР ҰҒА 

академигі атанғанын, сонымен қатар ҚР ҰҒА вице-президенті болып 

тағайындалғанын жеткізді. Академик Сейіт Қасқабасов Ғылыми кеңес 

төрағасы Ерлан Бәтташұлын жаңа ғылыми дәрежесімен құттықтап, ұжым 

атынан жылы лебіз білдірді. 

Ғылыми кеңес төрағасы Ерлан Сыдықов шын жүректен шыққан тілекке 

ризалығын білдіре келіп, «Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» 

мемлекеттік жастар сыйлығын иеленген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің математик қызы Айнұр Темірханованы «Дарын» 

мемлекеттік жастар сыйлығы иегері атануымен салтанатты түрде құттықтап, 

оған сый-құрмет көрсетті. «Біз Айнұрды «Дарын» мемлекеттік жастар 

сыйлығын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта Айнұрдың 

зор жетістіктерге жетіп, ой-мақсаттары жүзеге асып, оның армандары мен 

үміттерінің орындалуына тілектеспін!», – деді ректор Ерлан Бәтташұлы. 

Мұндай сый-құрметтен, жылы сөздер мен марапаттан өткен жылдың 

қорытындысы бойынша «ЖОО үздік оқытушысы -2014» атағын алған Еуразия 

ұлттық университетінің он төрт иегері де тыс қалған жоқ.

Сөйтіп, Ғылыми кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселеге ойысты. 

Алғашқы болып бірінші проректор Жәмилә Нұрманбетова ЖОО факультеттері 

мен департаменттері арасында 2014 жылға арналған ЕҰУ-дің операциялық 

жоспарын жүзеге асыру бойынша есеп берді. Нәтижесінде ең үздік көрсеткіш 

журналистика және саясаттану факультетіне және ақпараттық технологиялар 

бөліміне тиесілі болды. Жалпы алғанда 2014 жылға арналған операциялық 

жоспарды орындауда университет бойынша 93,3 пайызды құрады. 

Сонымен қатар Жәмилә Нүсіпжанқызы департаменттер мен бөлімдердің 

жұмысына да тоқтала келіп, 2015 жылға арналған операциялық жоспарын 

баяндап өтті. 2014 жылға арналған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 

операциялық жоспарының орындалуын Ғылыми кеңес мүшелері бірауыздан 

қабылдады. Ғылыми кеңес мүшелері келесі кезекте оқу ісі жөніндегі проректор 

Еркін Оңғарбаевтың 2014-2015 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясының 

қорытындысы туралы есебін тыңдады. 

Ғылыми кеңестің күн тәртібі бойынша «ЖОО үздік оқытушысы – 2013» 

атағы иегерлерінің есебі туралы мәселелер де талқыланды. 

Ғылыми кеңес 

отырысы өтті

Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында ҚР Білім және ғылым 

министрі Аслан Сәрінжіпов «ЖОО-ның  2014 жылғы ең үздік оқытушысы» 

деп танылған 42 университеттің 200 оқытушысына мемлекеттік гранттарды 

табыс етті. 

Дәстүрлі сайысқа өткен жылы республиканың 90 жоғары оқу орнынан 545 

үміткер қатысқан болатын. Білім министрі атап өткендей, «Жоғары оқу орнының 

үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленгендердің басым денін ғылыми 

атағы бар оқытушылар құрайды. Атап айтқанда, 70 пайызға жуығы профессорлар 

мен ғылым докторлары, қалғандары - доценттер, ғылым кандидаттары және PhD 

докторлары. 

«Үздік» деп танылғандардың арасында астаналық оқытушылар да бар. 

Солардың он төрті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім береді. Олардың тоғызы ғылым 

докторы, бесеуі ғылым кандидаттары. Маманд ықтары да әр саладан: физика-

техникалық, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика, 

механика-математика факультеті. Атап айтқанда, Г.Айқынбаева, Р.Берсімбай, 

Ж.Ермекова, Е.Журавлева, С.Қожаева, Д.Мадиярова, Р.Ойнаров, Р.Оразбаева, 

К.Сәдуақасова, Т.Самұратова, С.Сахиев, М.Серік, С.Тәжібаева, А.Төлеғұлов 

ҚР БҒМ-ның грантын иеленіп, ғылыми жаңалықтарын өмірге енгізуге мүмкіндік 

алды.

Сондай-ақ, мемлекеттік грант отандық оқытушыларға Ұлыбритания, 



Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Австрия, Болгария, 

Литва, Латвия, Ресей және тағы басқа мемлекеттердің жетекші жоғары оқу 

орындарында сынақтан өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар грант иегерлері бір жыл бойы халықаралық ғылыми 

конференцияларға, симпозиум, конгресс, ғылыми-зерттеу тақырыптарына 

арналған семинарларға қатыса алады.



Министр мемлекеттік 

гранттарды табыс етті

қойды. Әсіресе, университеттің 

дене шынықтыру кафедрасының 

студенттері спорт саласында қалай 

биік белестерді бағындыруға болатыны 

жөнінде көптеген сауалдарға жауап 

тапты. Шараны ұйымдастырудағы 

негізгі мақсаттың бірі де сол болатын. 

Жақында ғана «Астана-Арланс» 

президенттік спорт клубының 

басшылығына тағайындалған боксшы 

енді өз командасы алда өтетін 

бүкіләлемдік бокс сериясында жақсы 

нәтиже көрсету үшін қызу дайындық 

жұмыстарын жүргізіп жатқанын 

айтты. 


Кездесу соңында «Кәусар» 

мәдени-танымдық бірлестігінің 

жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай 

Серікке сәттілік тілеп, кәсіподақ 

ұйымының төрағасы Талғат 

Жанайдаров ЕҰУ ақсақалдары атынан 

ақ батасын берді. 

Мұның алдында университетке 

Сидней Олимпиадасының чемпионы, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты 

Ольга Шишигина келіп, өз ойларымен 

бөліскен еді. Қоғам қайраткерлері 

және даңқты спортшыларды қонақ 

етуді дәстүрге айналдырған оқу орны 

алдағы уақытта Серік Сәпиевпен 

тығыз қарым-қатынаста болады.

Қазіргі ел спортының дамуына 

тұрақты үлес қосып келе жатқан 

университетте Айбек Нұғымаров, 

Александр Винокуров сынды 

саңлақтарымыз білім алады. 

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 2-3 (183-184), 

қаңтар-ақпан, 2015 жыл

Сүйіншіле, 

Алаш жұрты!

Он төрт көше атауы өзгерді



Құнды құжаттар табылды

Мақсат – екіжақты 

ынтымақтастықты дамыту

Еуразия ұлттық университетіне Астана қаласындағы Business Oulu 

финдік Бизнес Хабтың делегаттары келді. Келудегі мақсат – Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ-дің инновациялық паркімен екіжақты ынтымақтастық, 

стартап-жобаларды дамыту, қазақстандық ғалымдардың жобаларына 

қолдау көрсету. 

Аталмыш Бизнес Хабтың қызметі туралы қысқаша мағлұматты Қазақстандағы 

ұйымның өкілі Мұхтар Манкеев баяндап берді. Айтылғандардың ішіндегі құнды 

ұсыныстардың бірі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің инновациялық паркі 

жанынан финдік Бизнес Хабтың өкілдігін ашу болды. 

Оулу қаласы – Солтүстік Скандинавияның астанасы. Ол Солтүстік 

Скандинавияның маңызды сауда, логистикалық және мәдени орталығы болып 

табылады. Аталмыш шаһар 1980 жылдардан бастап әлемдік деңгейде ақпараттық 

және компьютерлік технологиялар (АКТ) саласындағы қомақты зерттемелерімен 

мақтана алады. Оулу қазіргі таңда да АКТ саласына негізделген пациенттер 

мониторингі, баспа электроникасы мен таза технологиялар сынды зерттеу 

салаларында көш бастап келеді. 3 миллиардтан астам адам Оулуда жасалынған 

мобильдік технологияларды тұтынады екен. 

Оулудың жетістікке жетудегі екі кілті бар: білім және кәсіпкерлік. 

Айта кететін жәйт, бұдан бұрын Хельсинки және Оулу қалаларына құрамында 

«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ делегаттарының 

және Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар 

министрлігі ресми делегаттарының келуі аясында қазақстандық жобалар үшін 

инновациялық хабты құру туралы өзара уағдаласқан болатын. 

Халықаралық Түркі академиясы ғалымдарынан құралған делегацияның Бейжіңге 

сапары барысында Қазақ хандығы тарихының жаңа беттерін ашатын құнды құжаттар 

табылды. Олар Бейжіңде Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған жиын 

өткізді. 

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Елбасының Ұлытау төрінде 

берген сұхбатындағы үзіндіні келтірді. Онда: «Қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. 

Ғұндардан кейін көк түркілерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық 

дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі», - делінген. Қытайлық ғалымдар Қазақ 

хандығының материалдарына қызығушылық танытты. 

«Қазақ ғалымдарының біздің институтқа келіп, баяндама оқып, пікір бөлісуі қазақ тарихының, 

жалпы қазақ халқы туралы біздің түсінігімізді кеңейтті. Осы сынды шаралар біздің стратегиялық 

маңызды көршіміз Қазақстанмен гуманитарлық-мәдени қатынастың кеңеюіне оң әсерін тигізеді», 

- деп атап өтті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының этнология және антропология 

институтының директоры Ван Яньчжун.

Белгілі ғалым, профессор Бай Цуй Циннің сөзіне қарағанда, 1950 жылдан қытай тілінде қазақ 

халқының тарихы мен мәдениеті туралы 2600-ден астам ғылыми мақала мен 10-нан  астам кітап 

жарық көрді. Соңғы кездері аталған бағытты зерттеу бойынша докторлық және магистрлық 

жұмыстар саны көбейді. 

Шара соңында Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының бірнеше институты халықаралық 

Түркі академиясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді. 

Атап өту керек, сапар барысында ХТА ғалымдары Қазақ хандығы туралы бұрын жарияланбаған 

құнды құжаттарды қолға түсірді. Солардың ішінде қазақ хандары мен сұлтандарының Цинь 

императорына шағатай және қалмақ тілдерінде жазған хаттары, Қазақ хандығы мен Цинь мемлекеті 

арасындағы дипломатиялық байланыс туралы манчжур тіліндегі маңызды қолжазбалар бар.

Қытайға сапары аясында халықаралық Түркі академиясының президенті мыңдаған жыл бұрын 

түркі әліпбиін жазған және тіліміздің әсемдігін әлемге паш еткен Махмұд Қашғаридің моласында 

болды. Сондай-ақ биыл мың жылдық мерейтойы тойланған Юсуф Баласағұнидің рухына тағзым 

етті. Делегация Үрімшідегі қазақ зиялыларымен және ғылым өкілдерімен кездесті.

«Астанадағы көшелердің негізі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Бұл Астана 

қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде деген сөз. Елордада 934 

көше болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілген. Көше атаулары 

Қазақстанның ешбір қаласында дәл осындай деңгейде қамтылмаған, бұл өзге қалалар 

үлгі алатын-ақ іс». Мұны бізге Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас-

шысы Ербол Тілешов айтты.

«Ештен кеш жақсы» дейді атам қазақ. Астана астана болған 16-17 жылдың 

ішінде қазақтың ұлы академигіне әлі күнге дейін көше аты бұйырмаса, бүгін сол 

олқылықтың орны толды: Елордадағы Левон Мирзоян атындағы көше Астана 

қалалық мәслихатының 5-шақырылған кезектен тыс сессиясының шешімімен Қаныш 

Сәтбаев көшесі болып өзгертілді.

Бұған дейін республикалық мерзімді басылымдар мен электронды бұқаралық 

ақпарат құралдарында талай мәрте көтеріліп, қоғам талқысына салынған Астанадағы 

Мирзоян көшесі бұдан былай қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың 

есімімен аталатын болды. Астана қалалық мәслихатының депутаттары ономастикалық 

комиссияның шешімі және ұлт зиялыларының билік тарапына жасаған үндеулері мен 

хаттарын ескере отырып, қазақ зиялыларын жазалау туралы Сталинге 3 мыңнан астам 

хат жариялаған, сөйтіп қазақ тарихында белгілі бір із қалдырған Мирзоянның есімі ең 

үлкен көшелердің бірінен алынды. Төреші – уақыт деген осы. 

Орайы келгенде айта кеткен орынды, кейбір БАҚ-тар өткен жылы Астанадағы 

Мирзоян атындағы көшенің Қаныш Сәтбаевтың атымен аталатындығы жайында 

көпшілік оқырманнан алдын ала сүйінші сұрап та қойған. Бірақ сол ономастикалық 

комиссия отырысында Мирзоян көшесін өзгерту жайлы мәселе қозғалғаны, комис-

сия мүшелері оны өзгерту қажеттігін қолдағаны, ешқандай шешім қабылданбай заңды 

тұрғыдан оны мақұлдағаны рас. Астана қаласының ономастикалық комиссиясы ҚР 

Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген көшеге 

атау беру және қайта қарау туралы жекелеген азаматтардан, қоғамдық ұйымдар 

мен жұртшылық өкілдерінен келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды қарап, 

төмендегідей қорытындыға келді. Оны бүгін өткен Астана қалалық Мәслихат сессия-

сында депутаттар бірауыздан бекітті. Ендеше алты алаш жұртына жағымды жаңалық 

жеткізіп, сүйінші сұраудың реті келіп-ақ тұр.

Сонымен, Астана қаласындағы 119 көшеге Шыңғыс Айтматовтың, Е-352 жобалық 

көшесіне Будапешт, 142-жобалық көшесіне Өзбекәлі Жәнібековтің, 209-жобалық 

көшесіне Ұзақ батырдың, 203-жобалық көшесіне Жәрмеңке абыздың, 188 көшеге 

Шәймерден Қосшығұлұлының, 200 көшеге Ілияс Омаровтың, 59-жобалық көшесіне 

Жантай батырдың, Е-487 жобалық көшесіне Зейін Шашкиннің, Е-107 жобалық 

көшесіне Әмина Өмірзақованың, Нұрғиса Тілендиев орамына Аспандияр Кенжиннің, 

Жерұйық көшесіне (3-4 пикет) Рақымжан Дүйсенбаевтың, Л.Мирзоян көшесіне 

Қаныш Сәтбаевтың есімін беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Сондай-ақ Дарабоз 

көшесі мен Асқар Тоқпанов көшелері біріктіріліп, Асқар Тоқпанов көшесі деп қайта 

аталатын болды. Бүгін осындай шешім қабылдаған Астана қалалық мәслихатының 

депутаттарына елордалықтардың алғыстары мен ықыласы зор. Сондай құрметке 

бөленген халық қалаулыларының ішінде, әрине Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, 

Астана қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Бәтташұлы Сыдықов та бар.



Апаттардан сақтануға арналды

Үндістанның Ченнай қаласында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс 

факультетінің өкілдері: «Ғимарат және имараттарды жобалау» кафедрасының 

меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А.Ж. Жүсіпбеков, «ҒжИЖ» кафедрасының 

доценті Ж.А. Шахмов, «АҚЖТ» кафедрасының доценті Т.Ж. Сеидмарова, 

«ҒжИЖ» кафедрасының 3-курс докторанты А.К. Алдоңғарова, 2-курс 

докторанты Б.О. Қалданова, 2-курс магистранты Б.К. Досмұхамбетова қатысқан 

арнайы геоэкологиялық шарттарда күтпеген апаттардың зардаптарынан сақтап 

қалуға және жоюға арналған «Disaster Mitigation in Special Geoenvironmental 

Conditions» VI Халықаралық геотехникалық симпозиум болып өтті.

Сондай-ақ аталмыш форумға әлемнің түрлі елдерінен, атап айтқанда, 

Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Индонезия, АҚШ, Ресей, Малайзия, 

Германия, Польша, Австралия, Қазақстан, Үндістан және басқа елдерден 250 

ғалым және мамандар қатысты.  



Академик Т.Ж. Жүнісовтың халықаралық геотехникалық медалімен 

профессор А.Ж. Жүсіпбековті марапаттау рәсімі 

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 2-3 (183-184), 

қаңтар-ақпан, 2015 жыл

 «Нұрлы жол – путь в будущее»

ЗА СТРОКОЙ  ПОСЛАНИЯ

В РАМКАХ МЕЖДУНАРОДНОЙ ЗИМНЕЙ ШКОЛЫ

Лекции посвящены 

по актуальным проблемам

В рамках Международной зимней 

школы с лекциями по актуальным 

проблемам востоковедения 

выступили  приглашенные в ЕНУ 

зарубежные профессоры  - д. Ашраф 

Аттия из Арабской Республики 

Египет, д. Ким Хё Ёнг и д. Пак 

Чжонг Ран из Республики Корея, 

профессор Фуруя Каору из Японии

а также   ведущие специалисты 

кафедры востоковедения (д.и.н. Т.З. 

Кайыркен, д.и.н. Б.Ж. Абжаппарова, 

д.ф.н. С.А. Тулеубаева, к.и.н. 

Г.Б. Сугралимова, к.и.н. А.М. 

Азмуханова, к.и.н. З.С. Ильясова, 

к.и.н. М.М. Абишева, к.и.н. К.С. 

Калиева, доктор PhD А. Бейсен)   и 

доцент кафедры регионоведения, 

к.и.н. К.Г. Даркенов. 

Лекции зарубежных профессоров 

были посвящены таким проблемам, 

как «Роль СМИ в современном 

обществе», «Межкультурная 

коммуникация как фактор терпимого 

взаимодействия», «Гендерное 

неравенство в сфере образования 

в Южной Корее», «Роль 

матери в воспитании и обучении 

детей в Республики Корея», 

«Межкорейские отношения 

и воссоединение Корейского 

полуострова», 

«Современное 

состояние ис-

следований 

о 

происхождении 



японского языка 

и алтаистике». 

В сообще-

ниях  ка   захстан-

ских ученых 

о с       в е   щ а л и с ь 

воп    росы, 

ка-


сающиеся ис-

торической ро-

ли Синьцзяня, 

межэтнических 

контактов  на  ро-

дов,  на се  ляющих 

КНР, казахской диаспоры Китая

сравнительного анализа экономик 

Казахстана и Китая,  инновационных 

методов в исследовании стран 

Востока, системы образования 

в мусульманской традиции, 

современного состояния арабских 

стран, места и значимости Алтая 

в истории и культуре различных 

народов Востока, места ислама 

в Золотой Орде, политических 

интересов Казахстана в АТР, 

шиизма в Иране и др. 

В работе зимней школы 

принимали участие преподаватели 

различных факультетов ЕНУ 

им. Л.Н. Гумилева, а также 

представители Казахского 

национального университета 

искусств, 

Казахстанского 

института стратегических 

исследований при Президенте РК,  

Кокшетауского государственного 

университета им. Ч. Валиханова, 

Павлодарского государственного 

педагогического института, 

Посольства Ливии в Республике 

Казахстан, среднеспециальных 

учебных заведений г. Астана, 

 

средств массовой информации, 



магистранты и студенты кафедры 

востоковедения.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал