МӘҢгілік ел – Ұлт мұраты: тарихы терең, білімге бай болашақҚа бастар жол



жүктеу 62.33 Kb.

Дата28.04.2017
өлшемі62.33 Kb.

225 

УДК 27-526.62 



 

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ,  

БІЛІМГЕ БАЙ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ 

 

Жарылкасынова Р.Б. 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қ. 

 

 

Адам  бойындағы  сүйіспеншілік  сезім  Отанға,  туған  жерге,  өзінің 



туған  халқына  деген  қасиетті  ұғымдармен  сабақтасып  жатады.  Өзің  өмір 

сүріп  отырған  қоғамның  белді  бір  мүшесі  ретінде  осы  бір  маңызды 

ұстанымдарды  жаныңа  серік,  көңіліңе  медеу,  болашағыңа  бағдар  жол 

ретінде бағалауға ұмтылуың да заңды құбылыс. Оған бастар бағыт, сілкініс 

туғызар серпіліс, даңғыл жол қажет екендігі де талас тудырмайды. Ал осы 

орайда,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың:  «Ұлт  Жоспары  –  қазақстандық 

арманға  бастайтын  жол»  деген  түйінді  тұжырымдамасы  жүрегі  елім  деп 

соққан  әрбір  азаматтың  асыл  арманының  жүзеге  асуына  сара  жол  ашатын 

құнды  дүние  екендігі  күмәнсіз.  Мемлекет  басшысы  2016  жылдың  

1  қаңтарынан  «5  институттық  реформаны  жүзеге  асыру  бойынша  

100  нақты  қадам»  Ұлт  Жоспарын  орындаудың  практикалық  кезеңінің 

басталғандығын айта келе: «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда жеке және 

отбасылық  игіліктерге  ғана  ұмтылыс  көрініс  таппайды.  Оларда  қашанда 

туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  сезімі,  өз  халқы  мен  Отанының  бақыты 

туралы  аңсар  айқын  көрінеді…»,  дейді,  бұл  кешегі  ата-бабаларымыздың 

Қазақ елінің тәуелсіздігі туралы асыл арманының заңды жалғасы екендігін 

еске салады. Сол азат ел, тәуелсіз  Отан  туралы ғасырлар бойғы арманның 

осыдан  ширек  ғасыр  бұрын  жүзеге  асып,  жақсы  жалғасын  тауып  келе 

жатқанына  қуанады.  Осы  жаңа  қазақстандық  арманмен  алға  басқан  құтты 

қадамымызды  қарыштай  дамытып,  ХХІ  ғасырдың  ортасына  қарай 

Қазақстанның  әлемдегі  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуға  қалай 

қол жеткізетінінің жоспарын алға тартады. 

Мәңгілік  Ел  —  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық 

идеясы,  бабаларымыздың  арманы.  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш 

етіп  тұрған  «Мәңгілік  Ел»  салтанат  қақпасының  салынуы  «Мәңгілік  Ел» 

идеясының  мелекеттік  идеологияға  айналғандығының  бір  дәлелі. 

«Мәңгілік  Ел»  сөзінің  терең  тарихи  тамыры  және  үлкен  мағыналы  мәні 

бар.  Түрік  шежіресінде  «мәңгі»  сөзі  «Тәңір»,  «Құдай»,  «Алла»  сөздерімен 

мағыналас  қолданылды.  Осыдан  кейін,  «Мәңгілік  Ел»  «Алла  Тағаланың 

елі,  халқы»  дегенді  білдіреді  және  мемлекет  пен  ұлттың  уақытпен 

шектелмеген  тұмары  болады  деуге  толық  негіз  бар.  Мәңгілік  Ел  ұлттық 

идеясының  негізгі  мәні  —  мәңгілік  мақсат-мұраттарымыз  бен  мәдени-

рухани  құндылықтарымызға  негізделген,  мемлекет  құрушы  қазақ  халқы 

мен  өзге  де  ұлттардың  ұлттық  идеяларын  бір  арнаға  тоғыстыратын 

идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті [1]. 



226 

«Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асырып,  одан  әрі  дамытатын  жастар 

болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи 

игіліктерді  өз  бойына  біріктіріп,  ұштастыра  білген,  өз  елінің  нағыз 

жанашыр  азаматтары  ретінде  қалыптасуға  талпынуы  керек.  Мемлекеттің 

осы  бағытта  атқарып  жатқан  ізгі  жұмыстары  аз  емес,  солардың  бірі  осы  – 

«Мәңгілік  ел»  идеясы.Сонымен  қатар  Елбасы  Н.Назарбаев  «Мәңгілік  ел» 

идеясын  Қазақстан  халқының  жарқын  болашағы  үшін  қабылдаған  өте 

маңызды  және  тарихи  мәнге  ие  құжат  «Бес  институционалды  реформаны 

жүзеге  асыруға  бағытталған  нақты  жүз  қадам»  атты  бағдарламаның 

идеологиялық  негізі  етіп  алды.  Мұндағы  «Біртектілік  пен  бірлік» 

реформасында  «Мәңгілік  ел»  патриоттық  актісі  жобасын  әзірлеу, 

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді 

жобасын  әзірлеу  және  жүзеге  асыру,  азаматтық  біртектілікті  нығайтудың 

«Менің  елім»  ұлттық  жобасын  әзірлеу  және  жүзеге  асыру,  «Нұрлы 

болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар 

жүзеге асыру көзделді [2, 37б.]. 

Еліміз  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  ғана  өз  билігі  өз  қолына  тиіп, 

тәуелсіз  ел  атанды.  Бүгінде  уақыт  көшімен  ілгері  адымдап  келе  жатқан 

тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл толғалы отыр. Осынау қысқа уақыттың ішінде 

еліміз алыс-жақынға барынша  танылып, айдай әлемнің алдында мәртебесі 

асқақтап-ақ  келеді.  Өйткені  Еуропа  төрінен  адамзатқа  көшелі  ойын,  һәм 

көсем  сөзін  жеткізіп  отырған  Қазақстанды  күллі  әлем  таниды.  Сондықтан 

да еліміз шартарапты аузына қаратып, сарабдал саясатын төрткүл дүниеге 

болмысында бар көсемдігімен, жаратылысында бар парасатымен төңірегін 

таңқалдырып, 

айнала-маңайын 

мойындатып, 

мүмкін 

болған 


биік 

белестердің  денін  бағындырды.  Солай  тәуелсіз  Қазақстан  қазіргі  таңда 

қуатты  Қазақстанға  айналып,  ШЫҰ,  ЕурАзЭҚ,  АӨСІШК  сияқты 

ұйымдардың  алдындағы  белсенділігі  артты,  ЕҚЫҰ,  ИЫҰ,  ҰҚШҰ  секілді 

іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшыларының 3 жыл сайын 

өтетін  бас  қосу,  пікір  алмасу  алаңына  айналған  еліміз  бірлік  пен 

тұтастықтың  қарашаңырағына  айналып  үлгерді.  Осындай  салиқалы 

саясаттың  басы-қасында  өзіміз  қадірлеген  ұлт  көшбасшысының,  заман 

сомдаған  Елбасының  орны  тым  бөлек,  өлшеусіз-ақ  десе  болғандай. 

Расында  Елбасы  Н.Назарбаевтың  тәуелсіз  Қазақстанның  тарихындағы 

еңбегі ұшан-теңіз. Оның бүкіл болмысы, саналы ғұмыры, талайлы тағдыры 

туған  еліміздің  болашағымен  тікелей  байланысты.  Сол  себепті  де 

Елбасымыз  «алдымен  -  экономика,  сонан  соң  -  саясат»  қағидатының 

арқасында  көпшілік  қазақстандықтардың  тұрмыс  жағдайын  жақсартып, 

елімізді  Қуатты  Қазақстанға  айналдырды.Шындығында  «Мәңгiлiк  Ел» 

ұғымы  есте  жоқ  ескi  заманнан  тамыр  тартып,  қазiргi  күнге  дейiнгi  түрiк 

руханиятының  алтын  өзегi  болған  өміршең  құбылыс.  Өйткені  кешегі  көк 

түріктердің  қария  абыздары  Бiлге  қағанның,  Күлтегiннің,  Тоныкөктің, 

Құлашордың,  Мойыншордың  құрметіне  балбал  тастарға  қашап,  «барлық 

айтар  сөзiн  мәңгi  тасқа  басты».  Яғни,  «мәңгiтасты»  мәңгi  сақтау  үшiн  де 

бабаларымыз 

көздің 


қарашығындай 

кейінгі 


ұрпаққа 

қалдырды.  



227 

Ия,  осындайда  жыл  қайыруымыздан  жетi  ғасыр  бұрын  өмiр  сүрген 

Анақарыс  данышпанның  кiсiмсiнген  элладалыққа  айтқан:  «мен  үшiн  елiм 

қайғы,  ал  сен  –  елiңнiң  қайғысысың»  деп  жауап  беруiнде  үлкен  хакімдік, 

елдік  сананың  жоғарылығы  жатыр.  VIII  ғасырда  қағаз  бетiне  түскен  ең 

көне  түрiк  жазуы  «Ырық  бiтiктегi»:  «Хан  таққа  отырып,  сарай  тұрғызды. 

Оның  елi  мықты  болды.  Айналадан  жақсылары  жиналып  келiп  сүйiншi 

сұрады,  қуанды...  Соны  бiл.  Бiр  тобылғы  жүз  болды,  жүз  тобылғы  мың 

болды, мың тобылғы түмен болды, соны бiл. Пайдасы бар игi iс ол»- деген 

өсиет  те  Мәңгiлiк  елдiң  ұрпаққа  аманаты  айтылады.Сонымен  «Мәңгiлiк 

Ел»  -  түркi  тегiнiң  тұтастығы  мен  тәуелсiздiгiнiң  кепiлдiгiн  қамтамасыз 

етуге  арналған  тектiк  тазалық  пен  еркiндiк  идеологиясы.  Ал  ұлттық 

тәуелсiздiк  –  исi  түрiк  әлемiнiң  рухани  еркiндiк  нысанасы.  Түрiктiк 

еркiндiк  пен  бас  еркiндiгi,  мал  мен  жан  еркiндiгi  «Мәңгiлiк  Ел» 

нысанасының  тұрмыс-тiршiлiктегi  өмiрлiк  сыпаттары.  «Бас  кеспек  болса 

да, тiл кеспек жоқ». Бұл дала демократиясының қасиеттi қағидасы. Барлық 

iшкi-сыртқы саясат тек осы тұрғыда ғана жүргiзiлдi. Түпкi нысана – жауды 

дос,  досты  –  тату  ету,  татудың  басын  бiрiктiрiп  түрiктiң  еркiн  елiн  құрау, 

оны  құдiреттi  қағанатқа  айналдыру.  Ресми  мәлiметтерге  сүйенген  дерек 

бойынша  анықталған  әлемнiң  түкпiр-түкпiрiнде  сақтаулы  тұрған  15  мың 

түрiк сына жазуының барлығының да негiзгi тақырыбы осы «Мәңгiлiк Ел» 

нысанасы. Ал мұндай мақсат қоймаған  ұлыстың өмiр сүруге құқы да жоқ. 

Тегінде Елбасы Н.Назарбаевтың «...біздің бір ғана Ота¬ны¬мыз – тәуелсіз 

Қазақстан.  Біз  болашаққа  көз  тігіп,  тәуелсіз  елімізді  «Мәңгілік  Ел»  етуді 

мұрат  қылдық.  Осы  идеяны  әрқайсысымыз  сезініп,  өмірлік  сабақ  ретінде 

түйсек,  осы  жолда  бар  әлеуетімізді  салсақ,  2050  жылы  мұрат  еткен 

«Мәңгілік  Елге»  жететінімізге  сенімдімін»,  -  деуінде  үлкен  мән  жатыр.  

Бұл  тәуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы  Жолға  айналдырған 

Елбасының  соңғы  Жолдауындағы:  «өткен  тарихымызға  тағзым  да,  бүгінгі 

бағытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген  келешекке  сенім  де  «Мәңгiлiк  Ел» 

деген құрметті ұғымға сыйып тұр», - деген сөздерімен толыға түседі [3]. 

Сонымен  қатар,  Елбасы  «Нұр  Отан»  партиясының  кезекті  XVI  съезі 

барысында:  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  оқу  бағдарламасына  енуі  керек.  

Бұл  идея  қазақстандық  бірегейлік  бағытындағы  ең  маңызды  құжатқа, 

екінші  конституцияға  айналуы  қажет.  Осыны  ұғынуға  тиіспіз»  деді. 

Расында  да,  біріншіден,  «Мәңгілік  ел»  идеясын  зерттеп,  зерделеуде, 

насихаттауда һәм оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. 

Бұл орайда көзі ашық, көкірегі ояу әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал. 

Екіншіден, 

ұлттық 


идеямызды 

балабақшада 

тәрбиеленіп 

жатқан 


бүлдіршіндерден  бастап  оқушыларға,  білімгерлерге  жете  жеткізу  үшін 

қажырлы  жұмыс  істеуіміз  керек.  Өскелең  ұрпақтың  санасына,  өмір 

салтына  сің¬ген  құндылық  пен  сенім  «Мәңгілік  ел»  орнатудың  қозғаушы 

күші  болары  күмәнсіз.Үшіншіден,  келешегі  кемел  «Мәңгілік  ел»  идеясын 

Қазақстанның  барлық  аймақтарына  жеткізу  жұмыстың  бір  парасы  ғана.  

Ол жаһандық ақпараттық, ғылыми кеңістіктен ойып тұрып орын алуы тиіс. 

Төртіншіден,  қазақи  рухы  биік  ұлттық  идеяның  қалыптасуында  тарих  пен 


228 

мәдениет,  әлеуметтік  тәжірибелердің  маңызы  зор.  Қазақтың  ұлттық 

құндылықтарын  жаңғырту  бүгінгі  мемлекеттен  өзінің  ішкі  және  сыртқы 

саясатын  ұлттық  сипатта  жүргізуді  талап  етеді.  Бұл  дегеніміз  жаңа 

жаһандық 

демократиялық 

құндылықтардан 

бас 


тартпай, 

осы 


жаңашылдықты  қалыптастыруда  қазақтың  дәстүрлі  құндылықтарын 

жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену[4]. 

Біздің  қоғам  өзінің  ерекшеліктеріне  қарай,  гуманизм,  патриотизм, 

төзімділік, 

адамгершілік, 

ұлтаралық 

сыйластық 

пен 


ашықтықты 

ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар 

мен  этностарды  біріктіретін  ұлттық  идеяға  негіз  бола  алады.  Ал  оны 

мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақтың санасы сіңірудің маңызы зор 

екені  бесенеден  белгілі.Қорыта  айтқанда,  Президент  алға  қойған 

зияткерлік  реформасы  –  бола-шақтың  біртұтас  ұлты  –  Қазақстанды  одан 

әрі дамытудың ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде 

топтастыру  әдісі.  Елдің  өркендеуі  мен  тәуелсіздігі,  азаматтық  теңдік, 

еңбексүйгіштік,  қоғамдық  келісім  мен  ұлттық  бірлік,  әділдік,  заңның 

басымдығы,  отбасы  және  дәстүрлер  –  бұл  құндылықтардың  бәрі 

мемлекетіміздің  тұрақтылығы  мен  өсіп-өркендеуінің  тұғырлы  іргетасы 

екені сөзсіз. 

Қазақстанда  қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесі  –  болашақ  ұрпақты 

жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп 

тәрбиелейтін  білім  беру  жүйесі  екені  сөзсіз.«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас 

ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздың  қолында»  деп 

білімқызметкерлерінің  бірінші  құрылтайында  сөйлеген  сөзінде  Елбасы 

айтқандай,  ұстаздардың  алдында  өз  Отанын  шексіз  сүйетін,  еліміздің 

болашығына, 

оның 


гүлденуіне 

аянбай 


үлес 

қосатын 


білімді 

жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр [5,15б.]. 

«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыратын  және  оны  одан  әрі 

дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге 

асыру  үшін  өз  Отанын  сүйетін  ұлтжанды,  патриот  болулары  керек. 

Патриотизм  біздің  қазақстандық  жастар  үшін  этностарды  бөлшектейтін, 

жіктейтін,бір-біріне  қарсы  қоятын  күш  емес,  керісінше,  біріктіретін  күш 

ретінде  мойындалуы  тиіс  және  олардың  ментальдық  болмысында  қағида 

ретінде  қалыптасуы  қажет.  Ел  мәртебесі,оның  асқақтығы  мен  биіктігі, 

тұтастығы  мен  мызғымастығы  тек  әділеттілік  пен  өзара  ынтымақтастық 

пен  сыйластық  негізінде  қол  жеткізілуі  тиіс.  Қысқасы,  бүгінгі 

қазақстандық  жастарды  осы  аталған  позитивті  бағытта  тәрбиелеудің 

маңызы зор. 

Мәңгілік ел ұрпақтары ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге 

шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: 

• оқушылардың ұлттық сана - сезімін қалыптастыру; 

• жас  ұрпақ  санасына  туған  халқына  деген  құрмет,  сүйіспеншілік, 

мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; 

• ана  тілі  мен  дінін,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 

рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; 



229 

• жас  ұрпақ  бойында  жанашырлық,  сенімділік,  намысшылдық  тәрізді 

ұлттық  мінездерін  қалыптастыру  сияқты  міндеттерді  орындағанда  ғана 

басты мақсатқа жетеміз [6]. 

Бүгінгі  таңда  басты  мәселе  де  бәсекелестікке  қабілетті  ұрпақ 

тәрбиелеу.  Қоғамның  әрбір  даму  кезеңі  ең  алдымен  сол  қоғамға  сәйкес 

жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні - ешқашан маңызын  жоймайтын 

тарихи  құбылыс.Міне,  қазіргі  білім  беруді  дамыту,  оқыту  үрдісін 

жетілдіріп  отыру  керек.Қазіргі  таңда  педагогикалық  жаңаша  үрдістерде 

білім  мен  тәрбие  берудегі  ізгілендіру,  жариялылық,  педагогикалық 

ынтымақтастық,  ғылыми  -  әдістемелік  тың  ізденістерге  сүйене  отырып, 

жаңашылдыққа талпыну қажет. 

Сабақты  жаңашыл  үрдіспен  өткізу  -  оқушылардың  білім  сапасын 

арттырып,  олардың  шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамытып 

отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. 

Сөз соңында айтарым Елбасымыздың «Кез келген ел өзінің келешегін 

өскелең  ұрпақпен  байланыстырады.»  деген  ұлы  сөзін  қағида  ете  отырып, 

«Терең  білім  -  тәуелсіздігіміздің  тірегі  »  екенін  алдымызға  мақсат  етіп 

қоямыз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Назарбаев 

Н.Ә.Қазақстан 

Республикасы 

Президенті, 

Елбасы 

Н.Ә. 


Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, 

бір мүдде, бір болашақ.-Қостанай.-2014 

2.  Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL»  халықаралық ғылыми-көпшілік 

тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет. 

3.  Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., 

Қабылдинов  З.Е.  Н.Назарбаевтың  еуразиялық  идеясы  және  түркі  кеңістігі. 

Ұжымдық  монография.  —  Астана,  «Сарыарқа»  баспасы,  2011.  —  404 

бет.(орыс тілінде) 

4.  Мәңгілік Ел идеясы – ұрпаққа ұлағат - https://egemen.kz/2016/02/17/24544 

5.  Н.Назарбаев. «Ұлт жоспары100 қадам» реформасы. А., 2015. 

6.  Иманбаева  С.Т.  Оқушыларды  ұлттық  жауынгерлік  дәстүр  арқылы  ерлікке 

баулудың  педагогикалық  негіздері:  пед.  ғыл.  канд.  ...автореф.:13.00.01.  –

Алматы, 1995. –23 б. 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал