МӘҢгі жас, МӘҢгі за- мандас



жүктеу 74.82 Kb.

Дата29.04.2017
өлшемі74.82 Kb.

МӘҢГІ 

ЖАС, 

МӘҢГІ ЗА-

МАНДАС 

Бейбіт Орын-

бекұлы 

Қойшыбай — 



ұрпағы 

Бұл күндері Саттар Аскарұлы Ерубаев сексен жасқа келер еді. Алайда 

тағдырдың оған жиырма үш-ақ жас өмір қиғаны белгілі. 

Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан сол бір келте ғұмырында Саттар 

он тоғызына дейін оқу жолында жүрді. Әуелі Түркістан қаласында Абай 

агыңдағы қазақ, одан Ленин атындағы орыс мектептерінен жалпы білім 

алды. Сосын бір-екі жыл Түркістан, Шымкент кәсіби мектептерінде 

теміржол және байланыс оқуларын оқыды. Содан сон барып нағыз білім 

даңғылына бет алды — 1929 жылы Қазак ағарту халық комиссариатының 

дайындық курсына қабылданып, ақыры, Ленинград тарих-лингвистика 

институтына түсті де, оның әдебиет бөлімін 1933 жылы бітіріп шықты. 

Қалған төрт жыл өмірі жұмысқа арналды... 

Осы қысқа мерзім ішінде Саттар баспасөзде — 1933 жылы "Ленинская 

смена" газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, сол жылдың соңынан 

1934 жылы жазғытұрымға дейін "Лениншіл жас" газеті редакторының 

орынбасары, "Пионер" газетінің редакторы, 1934-1935 жылдары "Қарағанды 

пролетариаты" газеті редакторының орынбасары лауазымдарымен енбек етті; 

мәдениетте — 1934 жылы бірер ай музыка театрынын директоры болып 

істеді; білім беру саласында — 1933-1934 жылы Жоғары ауылшаруашылық 

мектебінде диалектикалық материализмнен, 1936-1937 оқу жылы Қазақ 

педагогика институтында әдебиет тарихы мен теориясынан сабақ берді; 

ғылыммен тыянақты ауналысуға тырысып байқады — 1935-1936 оқу жылы 

Ленинград университетінің аспирантурасында оқыды... 

Қызметімен қатар, Жұмыс міндеттерін орындаудан қолы қалт еткен 

сәттердің барінде — түнгі уақыттары мен демалыс күндерінде — көркем 

шығармашылықпен шұғылданды. Алуан тақырыпқа түрлі жанрда қалам 

тербеді. Өлеңдерін, балладаларын, әңгімелерін, публицистикасын, пародия-

лары мен сатиралық туындыларын мерзімді басылымдар беттерінде 

жариялады, жолдастарына оқып беріп жүрді... 

Қайтерсіз, Саттар Ерубаевтың өмірі өлшеніп салынған "шегірен 

былғары" жедел қусырыла бастаған-ды: творчестволық жоспары ұлғайған 

сайын ауру ал бермей, тәнін үдей мүжіп, денсаулығы кеми берген. 

"Шынында, өлім маған алара қарап, төне түскен еді, — деп жүрекжарды 

сыр ақтарды жазушы. - Ол мені алмақ болды, бірақ мен бақытты айларым. 

Ол бақыт маған тәтті де кәрінді. Бақыт маған өткен күндер мен азабы 

мол аурулардың арасынан қарайды, сүйген жарымның мөлдіреген бота 

көзіндей жасқана да күлімдей қарайды...". Міне, өмір сүруге ұмтылатын 

күш... "Керек десең: менің өмірімнің өзі бақыт". Жақсы сенім бірақ 

тіршілігінің тарылып тұрғаны хақ. "Мен шешуі табыл мастай бір мәселеге 

тап болдым: ол — өмір сүру, өлмеу тілегі еді". Осынау тілек өлімінің 

жақын қалғанын түйсінген Саттарды өмірге құлшынтты. Ол қатерлі дерт 

төндірген ажалға қасқая қарсы қарап тұрып, өмірінің басты кітабын — 

"Менің құрдастарым" романың жазды. 

"Менің құрдастарым" романы авторы дүние салғаннан соң екі жыл 

өткенде жарық көрді де, бірден оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. 

Осынау әйгілі шығарманың қазақ әдебиеті төрінен баяғыда орын тепкені 

баршаға аян. Осынау әйгілі шығармасы арқасында мәңгі жас үлкен 

жазушының есімі қазак әдебиеті тарихында өшпес әріптермен баяғыда 

жазылып қалғанына ешкім шәк келтірмейді. 

Әдебиет сүйер қауымға мәлім — "Менің құрдастарым" романы қазақ 

жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды 

сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныстіршілігінен сыр шертіп, алғашқы 

ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды 

ретіңде бағалануда. Романды жарты ғасырдан астам уақыттан бері 

халқымыздың әлденеше буыны сүйсіне оқып келеді. "Менің 

құрдастарымның" оқушысын баурап алар кұдіреті, әдебиетіміздің қастерлі 

төріне шығарған қасиеті — әрине, тек тақырыбында емес. 

Саттар Ерубаевтың ақтық әніне айналған бұл шығарманың ұлылығы 

— қарапайымдығында; тілінің қалың көпшілікке жақын, түсінікті болуында; 

оңай, жеңіл, күнде еститін сөзбен әсерлі жазылуында; дәл, айқын сурет 

бере алуында; шын жүректен ақтарыла әңгімеленуінде; ақжүрек сыршыл-

дығымен өзіне ұйытып әетуінде... 

Оқырман жүрегіне — шешен де бай тілмен қою бейне жасайтын 

қаламгер терең ұялайды деседі, әткенмен Саттар тәжірибесі — әдебиетті 

тек шешендікпен, майы тамған шұрайлы тілмен жасауға болады деушілердің 

қатты қателесетініне нақты дәлел... 

"Менің құрдастарым" аяқталмай қалды. Дұрысында — бізге тасқа 

басылып жеткен нұсқасына қарап солай ұйғарамыз. Ал іс жүзінде — 

қаламгердің роман сұлбасын қағазға түгелмен түсіріп үлгеруі әбден 

ықтимал. Саттар дүниеден аса бір қайтарғысы мол. аласапыран шақта 

озды, ол кездегі редакторға иесіз қолжазбаны мұқият зерттей отырып жұмыс 

істеуі үшін жағдай қолайлы бола  қ о й ғ а н ы кәміл. Және қай қолжазба 

екен баспагерлердің өндіріске өткізгені. Саттар өмірінің ақырына шейін 

жұмыс істеген, өзімен бірге Алматыда, демі біткенше жазылып, артында 

қалған қолжазба ма? 

Замандастарының айтуынша — Саттар өте өндіріп жазған, әсіресе 

қайтыс болар жылы екі-үш ай бойы қағаздан мүлдем бас алмаған. Дегенмен, 

біздің қолымыздағы романды сол ақтық жұмые сәттерінің жемісі деп 

қарайық десек — "Менің құрдастарымның" кей үзіктерінің Саттар 

Ленинград университетінің аспирантурасында жүрген кезінде мерзімді 

басылым бетін көргеніне ой жүгіртпей тағы тұра алмаймыз. Мәселен, 1936 

жылғы 25 мамырда, яғни өмірден өтерінен бір жыл бұрын, "Қазақ әдебиеті" 

(Жалғасы 5 бетте) 

Жас қазақ.-1994.-Қазан №15-16.-2 б. 



МӘҢГІ ЖАС, МӘҢГІ ЗАМАНДАС 

(Соны, басы 2-бетте) 

газеті Ерубаевтың "Өмір махаббаты" деген туындысын "баспаға дайындалып 

жатқан романнан үзінді" деген анықтамамен жариялаған. Назар аударыңыз 

"жазылып жатқан" емес, "баспаға дайындалып жатқан роман! Бұған 1935 

жылғы көктемде Қарағанды қалалық партия комитетіндегі әдебиетшілері 

қатысқан жиналыста болшақ романныц киносценарий үлгісінде жазылған 

нұсқасы талқыланғанын қосыныз. (Реті келгенде айта кетейін. 1939 жылғы 

басылымның қолжазбасын Қарағандыдан алдырған болатын дегенді мен сол 

кездегі әдебиет тыныс-тіршілігін жақсы білген үлкен жазушы 

ағаларымыздың бірінен естіген едім). Яғни, сонау "Қазақ әдебиеті" үзінді 

басқан тұста — роман жазылып біткен, сөйтіп, шығаруға әзірлік (автор 

тарапынан қайта қарау, яки баспа қабырғасында редакциялау) жүргізіле 

бастаған деп шамалау жобаға келсе керек. 

Алайда газет жария еткен үзікті "Менің құрдастарымнан" таппайсыз. 

Ол дербес туынды ретінде тек 1975 жылдан беріде басылып жүрген 

шығармалар жинағына енгізіліп келеді. 

"Тегінде, Саттар романды жазу процесінде бұл көріністі сюжеттік 

желіге қосуды орынды деп таппаған болуы керек. Өйткені романда Дәмелі 

Ықыласқа қосылғаннан кейін эпизодтарда көрінеді, ал новелладағы суретші 

романда атымем жоқ. Саттардың бастапқы замыслы басқа болуы мүмкін. 

Роман аяқталмай қалғандықтан бұл көріністі романға қиыстырудың, 

қабыстырудың ешбір қажеттілігі жоқ. Сондықтан оны өз алдына жеке 

шығарма деп есептегеніміз жөн", — дейді бұл орайда Ерубаевтың 1957 

және 1979 жылдары шыққан жинақтарындағы шығармаларына жазған 

түсіндірмелерінде белгілі қаламгер және ғалым Тұрсынбек Кәкішев. Жаны 

бар пікір. Әйтсе де "Менін құрдасарымдағы Дәмелі, Ықылас, Рахмет 

қарымқатынастарына арналған беттерді еске түсірейкші — Дәмеліні суреттей 

келіп, автор: "Бұл баяғы өзімізге таныс Дәмелі ғой" демейтін бе еді? Демек, 

Саттар ұғымында — "Өмір махаббаты" романның алдыңғы бөлімінен орын 

алған деген сөз. 

Олай болса бұл тарау романға неліктен енбей қалған? Шынымен 

автордың еркі солай болды ма екен? Жоқ. Аталмыш бөліктің романнан 

алынып қалуы — қолжазбаны 1937-1939 жылдары басуға әзірлеген 

баспагерлер ұйғарымынан шығар десек шындыққа тақалатын тәріздіміз. 

Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Біріншіден, Саттар қолжасбасынын 

түптүгел жинақталмауы ғажап смес. Әйгілі "үлкен террор" ылаңынан 

Саттардың өзі тағдырдың жазуымен одүниеге көшіп құтылса да, айнала-

сындағылары, араласатын қаламдастары тұтылып, қуғын-сүргінге ұшырап 

жатқан шақ қой, жаппай үрей — халық жауы" жаманатының қолдарынан 

табылуы ықтимал Саттарға тән қолжазбалар, сөз жоқ, оның көптеген 

шығармаларының жоғалып кетуіне, соның ішінде "Менің құрдастарымның 

жұқарып қалуына әкеліп соқты... 

Екіншіден, бастыруға жинап алынған қолжазба идеологиялық 

ұсрыптаулар мен тазартулардан өтті ғой деп ойлаймыз. Түпнұсқа, автордың 

қолымен жазғандары бізге жетпегендіктен, қысқарту, өзгерту көлемін діттеп 

айту мүмкін емес, дегенмен, романыың саяси сүзгіден өткізілгеніне еш 

күмәнданбаймыз. Бұған романның "Қазақ әдебиеті" газетінде 1935 жылғы 

29 желтоқсанда жарияланған үзіндісіндегі — Саттардың белгілі орыс 

жазушысы Борис Пильнякке сілтеме жасай отырып, сұлулықты түсіну 

кілтін әңгімелейтін жері қысқарып, 1939 жылы шыққан кітапқа кірмей 

қалғанын мысал етсек те жетер. Қысқарту себебі айқын — Борис Пильняк 

1937 жылы халық жауы қамытын киді... 

"Өмір махаббатының" "Увертюрадан", немесе "Романға баратын жол" 

бөлімінен өзіне тиесілі орынға кірмей қалғаны — әлгіндегідей идеология 

елгезерінің торынан өтпеуі салдарынан шығар деп жорамалдаймыз. Есіңізге 

түсіріңізші: бақытты, қуанышты, көркем Дәмелі байдың қызы деген жаладан 

тез солады. Кейінірек, ісі анықталып, куанышты оралады. Бар пәле осында 

жатпасын: кеңес қайраткерлері ұғымында ешкімге тектен тек айтып 

тағылмаса керек. Бетіне басылған кінәні жала деу — қателесу, әділетті 

кеңес өкіметіне жала жабу... 

Саттардың жаңашылдығы, көркем шығармашылықта ешкімге 

ұқсамайтын өз қолтаңбасын жасауға, тың соқпақпен жүруге ұмтылуы қолға 

тиген аз мұрасынан-ақ айқын танылады. Күмән жоқ — қаламымен 

оқырманға әсем, сырлы саз секілді терең әсер етуді ойлаған Саттар Ерубаев 

романының құрылымына да, орындауына да ерекше мән берген. "Менің 

құрдастарымның" алғашқы бөлімін қаламгердің "Романның увертюрасы" 

деп атағанына ой жүгіртелік. Увертюра дегеніміз — театр спектакліне, 

музыкадағы көлемді шығармаға жол салатын аспаптық кіріспе. Онда әдетте 

негізгі шығармаға ортақ белгі, қасиет біткен мейлінше жарқын түрде 

жинақталады. Ол музыкалық алғысөз ретінде де, бейнелік және компози-

циялық нышандары бар дербес туынды ретінде де, сондай-ақ, осы 

бағытпен өзара байланыстырылып та жасала береді. Музыка әлеміне ғана 

тән кәрінетін бұл ұғымдарды көркем прозаға Саттар батыл да білгірлікпен . 

алып келеді. Ол ыңғайы, әуезді роман жазуға әуен дүниесініц ілімін табысты 

қолданған жалғыз да ерек, дара қаламгер болды әдебиет тарихында... 

Меніңше, Саттар көңіліндегі кең тынысты көркем полотносынын 

кіріспесін музыкалық салтанатты увертюра сипатында орындаған. "Менің 

құрдастарымның" кіріспесін — "Роман туралы әңгімені" еске түсіріңізші 

мұнда жаңа сезім, бақыт, мәңгілік жөнінде әсерлі, әдемі, шын жүректен 

сөйленетін сыр шертулер бар. Ал увертюраның әуезділігі, әсемдігі мен 

экспрессиялылығы артып, көтеріңкі, үдемелі бола түсу үшін, әрине, Саттар 

оған тіршіліктің көркемдігі жайында әңгімелейтін "Өмір махаббатын" 

қосты... Бәлкім, замана тамырының соғысын аңғартатын басқа да тараулар 

жазылған шығар. Әсіресе, негізгі тақырыптың шымыр сығындысы ісіп 

"Увертюрадан" шығып, "Романға баратын жол" сан-салалы, тарамдала 

көбейетін болса керек еді... 

Саттар әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол 

астанадағы зиялы қауымды жан-жақты білімімен, журналистка саласындағы 

білікті ізденістермен, әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша 

жазылған өлең, баллада, пародияларымен елең еткізеді. 

Оқу бітіріп келген жылы күзде, комсомолдық туған күніне орай — 

1933 жылғы 29 қазақ күнгі санында "Казахстанская правда" газеті болашағы 

зор ұлттық кадр ретінде ол туралы үлкен очерк жариялады. Мұндай 

құрметке Саттар өте ылайық-тын. Ол Ленинград жоғары оқу орыны 

қабырғасында белгілі сыншы, әдебиетші, профессор Павел Николаевич 

Медведевтың жетекшілігімен "Орыс неоромантизмі және қазақтың буржу-

азиялық ұлтшыл әдебиеті" деген тақырыпта диплом жұмысын жазды, үздік 

қорғады, жұмысы елеулі ғылыми еңбек ретінде басылуға ұсынылды. Жас 

оқу бітіруші ғылымға ден қойып оқу мүмкіндігіне ие болды — аспирантураға 

қалдырылды. Алайда, қазақ өлкелік комсомол комитеті оны Алматыға 

шақырын алады — сталиндік-голощекиндік ашаршылық саясатынан халқы 

қырылып, шаруашылығы әбден күйзеліп біткен кезінде басшылығы өзгеріп 

уһ деген республика енді-енді қайта жаңғыруға бет алған, сөйтіп өлкені 

көтеруге қажет жас, жаңа кадрлерге мұқтаж болып тұрған. Сол кезде 

алғашқы жарияланымдарымен өзіне жұрт назарын аударыл үлгерген 

қабілетті, талантты студентті диплом қорғасымен елін көркейтісуге шақыру 

- уақыт галабынан туындаған қажет шара еді... 

Жастар баспасөзі Саттардың қаламын ұштады, журналистік-

ұйымдастырушылық шеберлігін шыңдады, қоғамдық белсенділігін арттырды. 

Ол газсттерге қызықты, пайдалы материалдар жариялауды іске асыру, өткір 

де зәру тақырыпқа өзі де тікелей жазып атсалысу арқылы өмірдің, 

шаруашылықтың мәдениет, әдебиет пен өнердің тәрбие ісімен үйлесе 

өркендеуіне үлес қосуды мұрат етті. Алайда, оның творчестволық ізденістерге 

толы қауырт қызметі 1934 жылғы 8 маусымда күрт үзілді-өлкелік комсомол 

комитетінің бюросы "жікшілдікке апаратын мақалаға орын беріп қана 

қоймай, өзі де жазғаны үшін" "Лениншіл жас" газеті редакторының 

орынбасары Саттар Ерубаевты сөгіс жариялай отырып орнынан алды. 

"Көреген" функционерлердің дарынды қаламгерге күш көрсетуі — 

адал атқарған жұмысынан "саяси залалды әрекет" тауып жазықсыз 

жазалауы-шүкір. Саттардың сағын сындыра алған жоқ. Саттар комсомол 

газетінен аластағаннан кейін де-комсомолға сол комсомолдың төрешіл 

"көсемдерінен" әлдеқайда артық пайдасын тигізді. Жаңа өмірдің жақсы 

нышандарын жырлады, түрлі қиғаштықтарға қарсы, қазақ тілін жек көретін 

қазақтарға қарсы қалам-қаруымен күресе берді. Жастар игілігіне озбыр 

әкімдердің қай-қайсысынан да пәрменді қызмет етіп, өскелен ұрпақтыц әр 

келер буынына рухани азық боларлық мәңгі өлмес көркем ескерткіш соқты. 

Парадоксты қараңыз: көзі тірісінде мұқатуға асыққан комсомол енді оны, 

марқұмды, сыйлығыныц тұңғыш лауреаты етті. Арада ширек ғасыр өеткенде 

осылай, жанама түрде болса да, 30-жылдардағы комсомол төрелерінің 

Саттарға нахақтан өктемдігі түзетілгендей секілденеді. Әділет салтанат 

кұрды, өкінішке қарай, Саттардың өзінсіз... 

Бірақ бізбен бірге оныц өлмес мұрасы бар. Құмарта оқып сусындана-

сың, ләззат аласың. Бір ғажабы-Саттар шығармашылығынан рухани нәр 

ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағлұмат табасың... 

Мына жолдарды қалай тебіренбей оқырсың: "Бір адамның бір өмірі 

маған аз ғой деуші едім, Туып, өліп кетуді де маған аз ғой деуші едім. 

Ағаш-екеш ағаш-тағы көп көгеріп, қуарар, Сенің өмірің бір-ақ рет көгерер 

де суалар". Мейірімсіз ажал сол бір ғана өмірдің өзін шолтитып кесіп 

тастамақ... Шындықты, қатал ақиқатты сезініп тұрған ақынның жан сыры 

емес пе мына жолдар: "Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім, 

Өнерімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім...". 

"Өлім деген суық тілінде" жүрген Саттар Ерубаев мәңгілік өмір сүрудің 

кұпиясына сұрау салады: "Бәсе, қане, мәңгі жасау, өлмеушілік қайда екен? 

Өте ұмытшақ уақытқа көнбеушілік қайда екен?" Мазасыз жүрек аласұрып 

тыным таппайды: "Сонан бері көп іздедім өлмеушілік жасауды, Мәңгіліктің 

етегінен мәңгі түрде ұстауды...". 

Лирикалы кейіпкері аузынан шыққан ақтық сөзіне көңіл қойыңыз: 

"Бір сыр бар ед сақтап жүрген жүрегімнің түбінде. Сол сырымды айтайын 

мен, өлмей тұрып тірімде. Қарап тұрсаң төңкеріске, Отаныңа, тарихқа: 

Адамдағы қымбат қасиет — берілгендік халыққа... Менің қаным миллионның 

тамырында ағады. Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады. Менің 

бақытым, қуанышым бүкіл елдік болады, Мен жасасқан жаңа өмір жайнап 

өсед, жанады." 

Саттардың қысқа ғұмырының мәніне айналғаң терең сенім осындай, 

— бұл бүгінгі таң үшін де зәру иланым — халқың үшін еңбек ету! 

Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол 

өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына шағын да болса 

салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Ел мүддесіне берілген сан ұрпақтың 

қанын қыздырып, жүрегін толқытатын туындылары тұрғанда ол бүгін де 

біздің арамызда. Оның ғұмыры халқымыздың әрбір жас буыны қатарында 

жалғасады. "Мәңгі өмір, өлмеушілік осылайша табылған, Бақытпенен, 

Отанменен қаланып бірге салыған!" 

Үстіміздегі жүзжылдықтың қатыгездік пен әділетсіздікке толы, сонымен 

бірге жарқын болашаққа көзсіз сену сезіміне толы отызыншы жылдарында 

жарқ етіп сөнген Саттар Асқарұлы Ерубаев шығармашылығы ғасырды 

тауысқалы тұрған ұрпаққа әлі де мол тағлым бере алады. Ол келер 

ғасырдағы өскіндермен де құрдас, халымыздың барша болашақ толқынымен 

замандас, сырлас бола бермек. Тек бізге оның есімін рухани тыны 

тіршілігімізде ылайықты пайдалана білу ләзім. Халқымыздың осынау аяулы 

ұлы алдында әлі де өтелмеген парызымыз барын діттеу ләзім. Жалынды 

жазушы аруағын ардақтау, есімін мәңгі есте қалдыру орайында астанада 

көше атын, кітапхана, оқу орыны, мәдениет ошағы атын беру секілді бірер 

игі шара қолға, алынса теріс болмас еді. Шығармаларын толық жинастырып, 

ғылыми аппаратпен жабдықталған академиялық басылымын жүзеге асыру 

да қажет-ақ. Осыларды айта келе, елін, Отанын, халқын шексіз сүйген 

тамаша қаламгерге ыстық сүйіспеншілігімізді осынау мерейлі әдеби датаны 

— сексен жылдығын жұртшылық болып атау кезінде тағы бір мәрте шын 

жүректен жария етеміз. 

25.01.94 ж. 

• АҚҚАН 


ЖҰЛДЫЗ 

Көзайым 


Ж а з у ш ы  Б е й б і т 

Қ О Й Ш Ь І Б А Й ҰРПА-

Ғ Ы Н Ы Ң үстіміздегі 

жылы "Саттар Еруба-

е в " атты кітабы жарық 

көрді. 


АҚЫНҒА 

АС 

БЕРІЛДІ 

Жақында Оңтүстік 

Қазақстан облысы, Оты-

рар ауданы, Шәуілдір се-

лосында қазақтың дарын-

ды ақыны Саттар Еруба-

евтың 80 жылдығына орай 

ас берілді. Ас үстінде өлең 

кеші және облыстық 

ақындар айтысы өткізілді. 

БҰл рәсімге Алматы-

дан арнайы Т. Кәкішев, 

Б. Қойшыбаев, М. 

Құлкенов және "Саттар" 

ассоциациясының бас 

директоры Қ. Бегманов 

сынды ақын-жазушылар 

арнайы қатысып қайтты. 

Саттар мұрасын зерт-

теушілердің бірі, Шым-

кенттік Әдіхам 

Шілтерханов, облыстық 

мәдениет басқармасының 

бастығы Табанды 

Әжібеков, аудандық 

мәслихаттың жауапты 

хатшысы И. Бакировтар 

ас рәсімінің өтуіне үлкен 

қызмет сіңірді. 

Облыстық ақындар 

айтысын белгілі қазақ 

ақыны Ә. Қалыбекова 

жүргізіп, жүлделі орын-

дарға Қ. Сарыбаев, А. 

Ілеубаева, Б. Шойбеков-

тер ие болып айтыс 

жүлдегерлері атанды. 

Өз тілшіміз. 

Саттардың Түркістандағы мұражайы. 

А Қ Ы Н  Қ Ұ Р М Е Т І Н Е 

Саттар Ерубаевтың еске 

түсіру шаралары жақсы 

жалғасын табуда. Ақын 

аруағы алдында қандай да 

іс атқарылса да артық бол-

масы анық. Осы мақсатта 

қараша айының 7-күні Түр-

кістан қаласындағы С. Еру-

баев көшесінде ақын 

құрметіне арналған Көше 

мерекесі өтеді. Мерекеге 

Онтүстік атырабының және 

Қазақстанның түкпір-түк-

пірінен атақты ақын-жазу-

шылар, әнші-күйшілер 

қатысады. Мерекеге келіңіз, 

ағайын. 


Жас қазақ.-1994.-Қазан №15-16.-5 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал