"Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы"



жүктеу 5.45 Kb.

бет1/20
Дата13.05.2017
өлшемі5.45 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

"Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 
міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 
шілдедегі № 661 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 
қыркүйекте № 14246 болып тіркелді
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 
жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 
 сәйкес
3-тармағына
 БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі 
№ 647 
 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 
бұйрығына
№ 12007 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте 
жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      
 мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ
      "1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 
 сәйкес медициналық мамандықтар бойынша докторантураның 
1-қосымшаға
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      2) осы бұйрыққа 
 сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның 
2-қосымшаға
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      3) осы бұйрыққа 
 сәйкес медициналық мамандықтар бойынша магистратураның 
3-қосымшаға
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      4) осы бұйрыққа 
 сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның 
4-қосымшаға
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      5) осы бұйрыққа 
 сәйкес медициналық мамандықтар бойынша резидентураның 
5-қосымшаға
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      5-1) осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша бакалавриаттың
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

      5-2) осы бұйрыққа 5-2-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша техникалық және 
кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      5-3) осы бұйрыққа 5-3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық 
және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша 
докторантураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша 
магистратураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік
кәсіптік оқу бағдарламасы;
      8-1) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандық бойынша бакалавриаттың 
үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
      8-2) осы бұйрыққа 8-2-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар 
бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы бекітілсін";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық мамандықтар бойынша докторантураның 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында:
      
 осы бұйрыққа 
 сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-қосымша
1-қосымшаға
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында:
      
 осы бұйрыққа 
 сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-қосымша
2-қосымшаға
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық мамандықтар бойынша магистратураның 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында:
      
 осы бұйрыққа 
 сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-қосымша
3-қосымшаға
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында:
      
 осы бұйрыққа 
 сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-қосымша
4-қосымшаға
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік 
кәсіптік оқу бағдарламасында:

      
 осы бұйрыққа 
 сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
15-қосымша
5-қосымшаға
      
 осы бұйрыққа 
 сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
37-қосымша
6-қосымшаға
      Осы бұйрыққа  ,  ,  , 
 және 
 сәйкес 5-1), 5-2), 5-3), 8-1) және 8-2) 
7
8
9
10
11-қосымшаларына
қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және
адами ресурстар департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның 
көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "
Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберуді;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін 
мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға 
жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында 
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі
      ________________ Е. Сағадиев
      2016 жыл 16 тамыз
      Қазақстан Республикасы
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі № 661
бұйрығына
1-қосымша
 
Фармацевтикалық мамандықтар
бойынша докторантураның
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
1-қосымша
6D11 – "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" топтарының
медициналық мамандықтар бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын
меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Докторантура мамандығы
Докторантураға түсетін тұлғалар үшін
талап етілетін білім деңгейі
6D110100 – "Медицина"
6М110100 – "Медицина", 
6М110300 – "Мейіргер ісі",
6М110500 – "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығы
бойынша магистратура
Резидентура (барлық мамандықтар)
6D110200 – "Қоғамдық 
денсаулық сақтау"
6М110100 – "Медицина", 
6М110200 – "Қоғамдық денсаулық сақтау", 
6М110300 – "Мейіргер ісі"; 
6М110400 – "Фармация", 
6М110500 – Медициналық-профилактикалық іс", 
6М110600 – "Денсаулық сақтау менеджменті", 
6М050600 – "Экономика", 
6М050700 – "Менеджмент", 
6М051300 – "Әлемдік экономика", 
6М030100 – "Юриспруденция" мамандығы бойынша 
магистратура
Резидентура (барлық мамандықтар)
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына 
2-қосымша

 
Фармацевтикалық мамандықтар
бойынша докторантураның
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
1-қосымша
6D11 "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" топтарының
фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның білім беру
бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне
қойылатын талаптар
Докторантура 
мамандығы
Докторантураға түсетін тұлғалар үшін
талап етілетін білім деңгейі
6D110400 – "
Фармация"
6М110400 – "Фармация", 6М074800 – "Фармацевтикалық өндіріс 
технологиясы" мамандығы бойынша магистратура
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
3-қосымша
 
Медициналық мамандықтар
бойынша магистратураның
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
1-қосымша
6М11 – "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" топтарының
мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге
ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Магистратура мамандығы
Магистратураға түсетін тұлғалар үшін
талап етілетін білім деңгейі
6М110100 – "Медицина"
5B130100 – "Жалпы медицина",
040100 – "Емдеу ісі", 
040200 – "Педиатрия", 
040600 – "Шығыс медицинасы",
5B130200 – "Стоматология", 
5В110400 – "Медициналық-профилактикалық іс" 
040800 – "Медициналық-биологиялық іс"
мамандығы бойынша кәсіптік жоғарғы білім
5В110200 – "Қоғамдық денсаулық сақтау",
5B130100 – "Жалпы медицина", 
5B130200 – "Стоматология",
5В110100 – "Мейіргер ісі", 
5В110300 – "Фармация",
040100 – "Емдеу ісі", 
040200 – "Педиатрия", 
040600 – "Шығыс медицинасы",
5B130200 – "Стоматология", 

6М110200 – "Қоғамдық 
денсаулық сақтау"
5В110400 – "Медициналық-профилактикалық іс" 
040800 – "Медициналық-биологиялық іс",
5В030100 – "Юриспруденция", 
5В050600 – "Экономика",
5В050700 – "Менеджмент", 
5В051000 – "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 
5В051300 – "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша 
кәсіптік жоғарғы білім
6М110300 – "Мейіргер ісі"
5В110100 – "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша кәсіптік 
жоғарғы білім.
6М110500 – "
Медициналық-профилактикалық
іс"
5В110400 6М110500 – "Медициналық-профилактикалық іс", 
5B130100 – "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кәсіптік 
жоғарғы білім.
 
Қазақстан Республикасы
 
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
4-қосымша
 
Фармацевтикалық мамандықтар
бойынша магистратураның
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
1-қосымша
6М11 – "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" топтарының
мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге
ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Магистратура 
мамандығы
Магистратураға түсетін тұлғалар үшін
талап етілетін білім деңгейі
6М110400 – "
Фармация"
5В110300 – "Фармация", 
5В074800 – "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы 
бойынша кәсіптік жоғарғы білім
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
5-қосымша
 
Резидентураның медициналық
мамандықтары бойынша үлгілік
кәсіптік оқыту бағдарламасына
15-қосымша
6R111400 – "Дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы"
мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары

      Оқу мерзімі: 2 жыл
      Біліктілік: дерматовенеролог, соның ішінде
балалар дерматовенеролог дәрігері
Пәндердің 
циклдері
Пәндердің
коды
Пәннің аталуы
Кредиттер
саны
Бақылау 
нысаны
Міндетті компонент:
БП:
МБП
DM
Дәлелді медицина
2
емтихан
МБП
OZZ
Қоғамдық денсаулық және денсаулық 
сақтау
2
емтихан
МБП
SAZ
Денсаулық сақтаудағы статистикалық 
талдау
2
емтихан
МБП
MNI
Ғылыми зерттеулер менеджменті
2
емтихан
Барлығы: МБП
8
БіП:
БМП
DS
Стационардағы дерматовенерология
16
емтихан
БМП
DDS
Стационардағы балалар 
дерматовенерологиясы
15
емтихан
БМП
DAP
Амбулаториялық-емханалық 
дерматовенерология
16
емтихан
БМП
DDAP
Амбулаториялық-емханалық балалар 
дерматовенерологиясы
14
емтихан
БМП
DK
Дерматокосметология
6
емтихан
БМП
Gastr
Гастроэнтерология
1
емтихан
БМП
IB
Жұқпалы аурулар
2
емтихан
БМП
Onco
Онкология
1
емтихан
БМП
KLDD
Дерматовенерологиядағы 
клиникалық-зертханалық диагностика
1
емтихан
БМП
KFD
Дерматовенерологиядағы клиникалық 
фармакология
1
емтихан
Барлығы: БМП
73
ТК
Таңдау бойынша компонент
5
А
Аралық аттестаттау
2
ҚА
Қорытынды аттестаттау
3
Жиыны
91
      Қолданылған қысқартулар:
      БП – базалық пәндер
      МБП – міндетті базалық пәндер

      БП – бейінді пәндер      
      БМП – бейінді міндетті пәндер
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
6-қосымша
 
Резидентураның медициналық
мамандықтары бойынша
үлгілік кәсіптік оқыту
бағдарламасына
37-қосымша
6R113200 – "Пластикалық хирургия" мамандығы бойынша
үлгілік оқу жоспары
      Оқу мерзімі: 4 жыл
      Біліктілік: пластикалық-хирург дәрігері
Пәндердің
циклдері
Пәндердің
коды
Пәннің аталуы
Кредиттер
саны
Бақылау
нысаны
Міндетті компонент (МК):
Базалық пәндер (БП):
МБП
DM
Дәлелді медицина
2
емтихан
МБП
OZZ
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау
2
емтихан
МБП
SAZ
Денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау
2
емтихан
МБП
MNI
Ғылыми зерттеулер менеджменті
2
емтихан
Жиыны БП:
8
Бейіндеуші пәндер (БП):
БМП
OH
Жалпы хирургия
12
емтихан
БМП
TrО
Травматология және ортопедия
8
емтихан
БМП
CHLH
Жақсүйек-бет хирургиясы
8
емтихан
БМП
ОRL
Оториноларингология
8
емтихан
БМП
AH
Ангиохирургия
8
емтихан
БМП
KMB
Камбустиология
8
емтихан
БМП
PH-1
Пластикалық хирургия-1 (Психологиялық 
аспектілер. Пластикалық хирургияның техникалық
тәсілдері. Жергілікті тіндермен ауыстыру 
тәсілдері. Операциялық және байлап-таңу 
кабинеттерін жабдықтау.)
11
емтихан
БМП
PH-2
Пластикалық хирургия-2 (Қайта ауыстыру 
хирургиясы. Ағзалар мен тіндердің 
тансплантациясы).
11
емтихан

БМП
PH-3
Пластикалық хирургия-3 (Аутотрансплантаттардың
түрлері, таңдау өлшемдері. Тамырланған сүйек 
аутотрансплантаттары.)
11
емтихан
БМП
PH-4
Пластикалық хирургия-4 (Қолдардың пластикалық 
хирургиясы)
11
емтихан
БМП
PH-5
Пластикалық хирургия-5 (аяқтардың пластикалық 
хирургиясы)
11
емтихан
БМП
PH-6
Пластикалық хирургия-6 (Беттің пластикалық 
хирургиясы)
11
емтихан
БМП
PH-7
Пластикалық хирургия-7 (Сүт безінің 
пластикалық хирургиясы. Сүт безінің қатерлі 
және қатерсіз ісіктері)
11
емтихан
БМП
PH-8
Пластикалық хирургия-8 (Кеуде қуысының 
пластикалық хирургиясы)
11
емтихан
БМП
PH-9
Пластикалық хирургия-9 (Дененің пластикалық 
хирургиясы)
11
емтихан
Жиыны БП
151
Жиыны МК
159
ТБП
Таңдау бойынша компонент
15
Аралық аттестаттау
4
Қорытынды аттестаттау
3
Жиыны
181
      Қолданылған қысқартулар:
      БП – базалық пәндер
      МБП – міндетті базалық пәндер
      БП – бейінді пәндер      
      БМП – бейінді міндетті пәндер
      ТК – таңдау компоненті
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
7-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі

№ 647 бұйрығына
5-1-қосымша
Фармацевтикалық мамандық бойынша бакалавриаттың
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты 1-бөлім. Жалпы ережелер
      1. Осы 5В110300 – "Фармация" мамандығы бойынша бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға бірдей 
міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 
 сәйкес 
3-тармағына
әзірленді және меншік нысаны мен түріне қарамастан жоғары оқу орнында (бұдан әрі – ЖОО) білім 
алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің барынша
көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.
      Осы МЖМБС-та мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік сипаттамасы – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында кәсіби 
қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар;
      2) біліктілік талаптары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында кәсіби қызметті
тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар;
       3) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің тиісті саланың өзекті проблемаларының өз бетінше 
зерделеу нәтижелерін жинақтауы болып табылатын қорытынды жұмысы;
      4) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы
негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
      5) жоғарғы фармацевтикалық білім – тиісті мамандық бойынша біліктілік бере отырып, 
мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      6) кәсіптік құзыреттер – денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру
үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар;
      7) міндетті компонент (бұдан әрі – МК) – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім 
беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті 
кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
      8) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының өз бетінше үлгілік оқу 
бағдарламасы негізінде құрастыратын оқу құжаты;
      9) тіркеу бөлімі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен 
айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп 
жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
      10) таңдау бойынша компонент – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен 
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай 

алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің
тізбесі;
      11) транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша 
кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
      12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын 
әдебиетті анықтайтын және денсаулық саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік 
оқу жоспарының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;
      13) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен МЖМБС негізінде әзірленетін, міндетті 
компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды 
аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының 
құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу 
құжаты;
      14) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (
негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін, 
іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын 
таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
      15) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің 
қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу 
кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
      2. Фармацевтикалық мамандық бойынша бакалавриат оқу бағдарламасын меңгеруге ниет 
білдіргендердің алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар осы МЖМБС-ға 
 ұсынылған.
1-қосымшада
      3. Жоғары оқу орындары жоғарғы білімі бар мамандарды (дипломды мамандар) даярлауды:
      1) 5В110300 – "Фармация" мамандығы бойынша МЖМБС және ҮОЖ;
      2) академиялық күнтізбеге;
      3) студенттердің ЖОЖ-на;
      4) мамандық бойынша ОЖЖ-ға;
      5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
      4. МЖМБС:

      1) МЖМБС 
 сәйкес міндетті компонент пәндері циклінің мазмұнын анықтайды;
2-қосымшаға
      2) оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне және білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын
талаптарды айқындайды.
      5. Осы МЖМБС қойылатын талаптар:
      1) мамандық бойынша ҮОЖ;
      2) білім беру бағдарламаларын;
      3) мамандық бойынша ОЖЖ
      4) студенттердің ЖОЖ;
      5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын құрастыру кезінде ескеріледі.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал