МӘдениет және өнер саласындағы мамандарды даярлаудағы дәСТҮрлі қазақ музыкасының МӘнді рөЛІ



жүктеу 88.5 Kb.

Дата10.03.2017
өлшемі88.5 Kb.

УДК 378.2 

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ 

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ МӘНДІ РӨЛІ 

 

Ержанов М.Е. 

Орал қ. 

 

Қазақ  халқында  бұрын  рухани  мұралардың  сан  түрлі  бағытын  көрсететін  тарихи  бай,  өзіндік 

мәдениеті  болды.  Дәстүрлі  өнер  –  ауызша-поэтикалық,  музыкалық,  прозалық  туындылар  жиынтығы. 

Бұлар  ғасырлар  бойы  сақталып,  дамып,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  үлгіде  (ауызша  дәстүрлер  мектебі 

осылай  аталған)  жалғасын  тапты.  Рухани  мәдениеттің  дәстүрлі  үлгілері  орындаушылық    өнерге  де, 

мейлі бұл өлең, аспаптық немесе сәндік-қолданбалы болса да бір-біріне жақын болды. Көрнекті түркі 

танушы ғалым, академик Л.Н.Гумилев «Жеке тарихыңды білмей, өзіннің оған деген қатынасынды біліп 

алмай, өз мәдениетіңді дамыту мүмкін емес» деп жазды. 

Дәстүрлі  қазақ  музыка  мәдениеті  Орталық  Азияның  көшпелі  халықтарының  суперэтникалық 

(Л.Н.Гумилев бойынша) өркениетіне жатады. ХХ ғ. Басында қазақтар Ресей империясының ірі түркітілдес 

этносы  болып  қана  қойған  жоқ,  сондай-ақ  әлемдегі  ең  ірі  этнос  ретінде  танылды.  Қазақтардың  музыка 

мәдениеті көшпелі қоғам мәдениетін шеттетін типологиялық үлгі ретінде саналады. Бұл жағдай осы күнге 

дейін  оны  оқудың  көптеген  аспектілеріне  төтенше  қиындықтар  туғызып  жүр,  әсіресе  бірінші  кезекте 

рухани,  мәдениеттану  аспектілерімен  байланыстырылады.  Егер  көріністі  бұзып  тұрған  субъективтік-

тұлғалық немесе идеологиялық салдарды алып тастаса, онда бұл мәдениеттің барабар бейнесін іздестірудегі 

объективті және әзірше жою мүмкіндігі жоқ кедергі – көшпелілер мәдениетін оқуға жалпы гуманитарлық 

методологиялық  тұрғыдан  қараудың  болмауы  болып  табылады.  Екі  ғасырға  жуық  тарихы  оқылып,  мол 

еңбектер жазылғандығына қарамастан, қазақтар өзінің көптеген маңызды қырларынан әлі де танылған жоқ. 

ХVІІ-ХІХ  ғғ.қазақ  музыкасы  басқа  ұлт  өкілдерімен  және  отарлау  идеологиясы  сіңген  «жанамалап» 

оқытудың негізгі көзі болды. 

Тамыры теренде жатқан қазақ музыка өнерінің тарихы түгел хатқа түскен жоқ, ғасырлар бедерінде 

өмірге  келіп,  халық  жүрегіне  ұялаған  сан  алуан  шығармалар    тасқа  басылмаған  күйі  дарынды  бабалар 

рухымен бірге уақыт қойнауына сіңіп кетті. Бірақ өнер сабақтастығы, ұрпақ жалғастығы олардың ішіндегі 

ең таңдаулыларын  халық жадынан шығармай, бүгінгі заманға жеткізді. 

Қазақтың  дәстүрлі  саз  өнері  –  Орталық  Азияны  мекендеген  түркі-монғол  халықтарына  ортақ 

музыка мәдениетінің тірі бұтағы болып табылады. Бұл мәдениеттің тереңге тартқан қуаты тамырлары 

халыққа сын болған тарихтың тайғақ кешулі қиын кезеңінде, ұлт өнерінің жойылуынан сақтап қалды. 

ХХ-ғасыр-бір  кезең  үшін  ғана  емес,  халқтың  өмір  салты  мен  қоғамдық  экономикалық  нысанындағы, 

сондай-ақ бүкіл мәдениетіндегі ғасырлық дәстүрлердің түбегейлі жаңару заманы болды. Қай халықта 

болмасын  өзінің  атадан  балаға  жеткен,  қадірлеп  көзінің  қарашығындай  сақтап,  қымбат  қазынасына 

айналдырған ұлттық музыкалық өнері болады. Ұлтық өнердің негізін қалаушылар – халық, сол халық 

арасынан  шыққан  композиторлар.  Аты  аңызға    айналған  күй  атасы  Қорқыттан  бастап,  өмірдің  қыры 

мен  сырын  күй  тілімен  сөйлетіп  кеткен  –  халық  композиторларының  есімдері  мен  мұраларының  ел 

арасында  сақталып  келуі  халқымыздың  өнер  мұрасының  молдығын көрсетеді.  Күй  атасы  Қорқыттың 

есімі тек қазақта ғана емес жалпы түркі тілдес халықтардың көбіне аңыз болып таралғандығы мәлім. 

Қазақ даласы ұлы тарих көшінің талай дүрмекті дүрбелеңдеріне куә. Жербесік пен тал бесіктің арасын 

мәңгі  байланыстырып  тұрған  киелі  тылсымды  біздің  ұлт  өнермен    ғана  өлшеген.  Өнер  –  адамзат 

баласының бүгінгі мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын мәңгі ажырамас егізі. 

ХХ  ғ.  басында  қазақтар  және  басқа  да  Орталық  Азияның    туысқан  халықтары  сияқты  – 

(қырғыздар,  түркімендер,  монғолдар  және  т.б.)  көшпелі  өнер  сатымен  жүрді.  Қазақстанның 

территориясының  жартысынан  көп  жері  тек  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысса,  50%  халық 

жартылай  көшпелі  өмір  сүрді,  бір  бөлігі  –  жыл  бойы  көшіп  жүрді.  Отырықшылықта  негізінен 

кедейленіп  қалған  қазақтар  ғана  болды.  Көшпелі  қазақ  халқының    өзіндік  ерекшелігі  –  оларға  қала, 

қала  өмірінің  үлгілері  мәдениетті  айқындайтын    роль  атқарған  жоқ.  Қалаларда  тұратын  қазақ 

тұрғындарының үлесі жартымсыз еді. 

Қазақ  музыка  мәдениеті  –  өзінің  жан-жақты  дамуы  құбылыстары  жағынан  көшпелі  қоғамның 

жемісі.  Кәсіби  өнерді  жалғастырушы  –  сал,  сері,  ақын,  жырау,  күйшілер  өздерінің 

шығармашылықтарында эстетикалық, сиқырлық, әлеуметтендіру мен коммуникативтік функцияларды 

біріктіре білді. Олардың шығармашылық жанрлары ән – лирикалық ән, жыр – эпикалық қисса, терме – 

тақпақ өлең, күй – бағдарламалы әңгімемен аспапты пьеса. 

ХХ  ғ.  қазақтардың  әлеуметтік  тұрмыс-жағдайларындағы  өзгерістер  –  отырықшылыққа  көшу, 

индустриялизация,  урбанизация,  демографиялық    депрессия  кезеңі,  тоталитарлық  амалдармен 

мәдениетті  басқару  –  қысымшылық  көрсетумен  идеологиялық  диктат,  атеизмнің  енгізілуі,  бұқаралық 


коммуникация құралдарының ықпалы – дәстүрлі музыканың  өмірін түбегейлі өзгертіп жіберді. Оның 

құндылық  мәртебесі,  шығармашылық  әлеуеті  қоғамның  көз  алдында  қатты  төмендеді.  Қазан 

төңкерісінен  кейінгі  бұрынғы  кезеңнің  субъективтік-идеологиялық-эмоциялық  бағдары  қатаң 

идеологиялық  диктатқа,  сондай-ақ  көптеген  шынайы  ерекшелігі  бар  мәдениет  жетістіктерін  кері 

итерген  зерттеушілерге    қарай  ауысты.  Осы  қысқа  мерзімді  қайта  құрудан  кейіегі  кезеңдегі  мәнді 

өзгерістер жоғарыда айтылған методологияның болмауы күшімен жүрген жоқ. 

Кеңестік  заман  тұсында  қазақ  музыкасын  оқу  едәуір  алға  басты.  Орыстың  композиторы,  әрі 

фольклор  жинаушысы  А.В.Затаевичтің  қызметі  дүниежүзіне  танылып,  оның  мәдениет  әлемінің 

байлықтары туралы еңбектері, жинаған өлеңдері мен күйлерінің өте үлкен көлемділігі таң қалдырды. 

Өкінішке  орай,  ол  аудармашысыз  және  фонографсыз  жұмыс  жасаған,  сондықтан  өлеңді  мәтінсіз 

жазған, ал есту қабілетінің дәлсіздігінің күшімен берілген аспаптық музыканың жазбаларын орындау 

мүмкін  емес.Ол  мәдениеттің  тұтас  бейнесін  алғаш  берді,  өлеңнің,  аспаптардың  және  онда  ойнай 

білудің  ерекшеліктерін,  өлең-күйлердің  стилистикасын  дәл  және  поэтикалық  түрде  жан-жақты 

сипаттаған,  көптеген  музыкалық  –  теориялық  аспектілердің  мәнін  қысқа  да,  көлемді  түрде  де  бере 

білді,  сондай-ақ  көрнекті  музыканттардың  портреттік  сырт  кейпін  суреттеген.  Ол  кейбіреулердің 

ойындай  қазақ  музыкасын  «шығыс  экзотикасының  үлгісі»  ретінде  көрсетуші  емес,  керісінше,  оның 

еуропалық  музыка  класикасының  тарихи-мәдени  құндылықтарына  да  сәйкес  келе  алатын  құбылыс 

ретінде  еуропалықтардың  ішінен  тұңғыш  қарастырушы.  Мұны  қолдану  «революция  әкелген 

прогресстік  әлеуметтік-тарихи  қайта  құрудың  нәтижесінде»  кәсіби  музыка    қазақтарда  тек  қана  ХХ 

ғасырда пайда болды деген «ғылым» концепцияның өркендей түсуіне кедергі келтірген жоқ. Қарама –

қайшылыққа  толы  табиғаты  өте  күрделі  болды,  оның  өмірге  бейімділігі  ғылыми  мақсатқа 

бағытталмаған  еді.  Мемлекеттің  мәдениет  саясаты  30-жылдардан  бастап-ақ,  Ресей  патшалығының 

бұрынғы  шетіндегі  артта  қалған  халықтар  мәдениеті  туралы  саяси  мифтерге  негізделді.  Кеңестік 

Шығыс  республикаларындағы  тарихи  туындаған  ұлттық  кәсіби  музыкалардың  болмағандағы  туралы 

миф  жүгенсіз  кеткен  валюнтаризм  мақсатына  қызмет  етті.  Дәстүрлі  музыканы  жоюға  бағытталған 

ықпалдар  ұлы  империяның  бірыңғай  мәдени  кеңістігіндегі  Қазақстанды  мәдениет  ошағынан  тұтас 

арылтып, оның орнын еуропаланған  музыкамен толтыруға қызмет етті. 

Қазақтардың  кәсіби  музыкасы  басқа  да  Шығыс  халықтары  сияқты  нотасыз  жазылған;  қазіргі 

заманғы  аңықтамамен,  бұл  –  «ауызша  дәстүрдің  кәсіби  музыкасы».  Ол  да  фольклор  сияқты  көшпелі 

тұрмыс базасында туындады, өзінің қызмет әрекеті тұтастай солармен байланысты болды. 

Ақындар  –  әдет-ғұрып,  лирикалық,  эпикалық  сияқты  кең  ән  салу  репертуарын  орындаушылар. 

Олардың  басты  қызметі  –  айтыстарға  қатысу  және  салт-дәстүрлерге  арналған  отбасылық-тұрмыстық 

салттарды жүргізу болды.  

Жырау  –  эпикалық  репертуарды,  сондай-ақ  философиялық,  өнегелі  өлеңдерді  орындаушы. 

Жырау  өз  шығармашылығын  бүкіл  халық  тәжірибесімен,  қоғам  ұрпақтарының    жоғары  рухани  және 

әлеуметтік тәжірибелерімен жандандырып отырады. 

Күйшілер  (аспапта  ойнаушылар)  –  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  қоғамында  негізінен 

домбырашылар  ретінде  танылды.  Олардың  репертуарлары  синкретизмді:  күйді  орындар  алдында 

міндетті  түрде    мифологиялық,  эпикалық,  ертегі,  тарихи  немесе  тұрмыстық  сипаттағы  әңгімелер 

баяндалды. Көпшілік жағдайда әңгіме мен музыканың арасында  композициялық және ой байланысы 

болды.  Күйшілер  өздерінің  өмір  салты  мен  шығармашылығының  түрі,  репертуарының  жанрлық 

құрамы, белгілі бір ұрпақ буынына арнауы жағынан жоғары деңгейде сипатталатын әншілердің типіне 

жақындады. Олардың шығармашылығы сал, сері (Тәттімбет), жырау (Құрманғазы), тіпті бақсы (Сүгір) 

түрімен бейнеленеді. 

Ежелгі түркі халқына енген кәсіби музыкалар жанрлары: жыр, терме, желдірме, толғау, ән, күй. 

Жыр – термелі әуенмен орындалатын эпикалық аңыз. Жыраудың репертуарлары ежелгі және міндетті 

түрде  өмір  сүрген  заманының  аңыздарынан  туды,  олар  өтіп  жатқан  өмір  оқиғаларының    діни  – 

адамшылық,  қоғамдық-саяси  мазмұнын  ашып  берді.  Толғау  –  философиялық  лирика.  Терме  мен 

желдірме  –  ақынның  термелі  әуенді  әні.  Қазақстанның  кейбір  аймақтарында  ақын  мен  жыраудың  ән 

әуендері  өлеңмен.  Ән  –  сал,  сері  ақындардың  ХІХ  ғ.  өзінің  қарқынды  гүлденіп    өркендеуіне  қол 

жеткізген  лирикалық  өлең.  Жанр  құрылымы  бойынша  барлық  осы  дамулар  күрделі  вокалдық  және 

орындаушылық  техникаға  негізделеді.  Кең  диапозонды  төзімді  дауыстарды  талап  етеді.  Күй  – 

виртуоздық  техниканы  және  аспаптың  дыбыстық  палитрларын  нәзік  сезуді  талап  ететін  аспаптық 

жанр. 


Қазақ  мәдениетінде  музыкант,  тек  жарқын  тұлғалы  қолтаңбасымен  ерекшеленген  жеке 

туындылары  болғанда  ғана  кең  танымал  болды.  Күйші  Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Қазанғап,  Еспай, 

Дина, Сүгір, Баламайсан, Сейтек, Байжігіт, Тәттімбет, Ықлас, сондай-ақ Біржан сал, Ақан сері, Балуан 

шолақ,  Мұхит,  Мәди,  Кенен,  Мұса,  Нартай  тек  музыка  тілінің  әуендің  –  ритмикалық  жағынан  ғана 

емес, сондай-ақ композициялық ойлау жағынан да өзіндік тұлғалық жүйелерін жасап берді. 


ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  қазақ  мәдениетінің  дамуында  көптеген  өзгерістер  болды. 

Отырықшылыққа көпшіліктің көше бастауымен және қазақтардың қалаларға бет алуының ұлғаюымен 

сипатталатын  жаңа  әлеуметтік  өмір  дәстүрлі  мәдениеттің  кенттену  тармағын  қалыптастырудың  алғы 

шартын  жасады.  Осы  кезеңнен  бастап,  дәстүрлі  кәсіби  музыка  екі  тармаққа  бөлінді,  қалалық  және 

ауылдық.  Олардың  дамуы  әр  түрлі  жолмен  жүргенімен,  өзара  тығыз  байланысты  болды.  Қалалық 

тармақ  тіршілік  ету  актісімен,  ауылдық  музыканттар  қызмет  еткен  өнердің  абырой-беделіне  қолдау 

көрсетіп  отырды.  Бір  жағынан,  қалалық  өнерді  негізіненпайдаланушы  ауылдықтар  болды,  өйткені 

Қазақстан  қалаларындағы  қазақ  тұрғындарының  үлесі  де  аса үлкен  болған жоқ.  Бұдан  басқа  да  ауыл 

дәстүрлі  музыканың  қалалық  тармағы  үшін  жастардың  негізгі  құрамын  қамтамасыз  етіп  тұрды.  30-

жылдарда  бұрынғы  Кеңес  елінің  барлық  шығыстық  республикаларындағы  дәстүрлі  классикалық 

музыка  фольклорлық,  сондықтан  кәсіби  емес  деп  жарияланды.  Дәстүрлі  музыкалардың  мәртебесін 

иелену символы – оркестр болды. 

1933  жылы  Алматыда  музыкалық  –драмалық  техникум,  музыкалық  –  драмалық  театр,  халық 

музыкасын  оқу  және  жинау  жөніндегі  кабинет,  халық  аспаптарын  жетілдіру  жөніндегі  сараптамалық 

шеберхана  ашылды.  Кабинет  жанынан  А.К.Жұбановтың  құрған  домбырашылар  ансамблі  1934  жылы 

қазақ  ұлтық  оркестрі  болып  қайта  құрылды,  уақыт  өте  келе  Құрманғазы  атындағы    халық  аспаптар 

оркестрі  болып  кеңге  танымал  болды.  Театр,  оркестр,  радио,  филормония  дәстүрлі  кәсіби 

музыканттарды тартудың орталығына айналды. Мемлекет тарапынан берілген жәрдем оларға өздерінің 

кәсіби  қызметін  мемлекеттік  ұйымдардың  қызметкері  ретінде,  жаңа  қалалық  жағдайда  жалғастыра 

беруге  мүмкіндік  берді.  Әрине,  бұл  ұйымдар  бүкіл  ірі  музыканттарды  дерлік  жинақтай  алмады,  бір 

жағынан,  олардың  бәрі  бірдей  қалалық  өмір  салтына  қарай,  яғни  жұмыстың  белгіленген  тәртібі, 

оркестрде  бірлесіп  ойнау,  репертуарды  қадағалауға  төселе  алмаған  да  болар  еді.  Ауылдарда  қалған 

музыканттар  30-  жылдардан  бастап,  күрт  өзгерген  жағдайларда  шығармашылықтарын  жалғастырды. 

Кәсібиліктің  дәстүрлі  құрылымының  бұзылуы  30-жылдардың  орта  шенінен  бастап,  қалалық  музыка 

мәдениеті  формаларының  (қазақ  операсы,  қазақ  халық  аспаптар  оркестрі)  қазақ  музыка  мәдениетінің 

жоғары  жетістіктері  ретінде  танылып,  әйгілі  болуына  ықпал  етті.  Барлық  деңгейлерде  (газеттерден 

бастап, ғылыми мақалаларға дейін) композитор Е.Брусиловский жазған қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек» 

операсы және халық аспаптар оркестрінің құрылуымен қазақ музыкасы өзінің өмір сүрген тарихында 

бірінші рет дамуының кәсіби деңгейіне қол жеткізгендігі туралы қайталанып айтылып жатты. Осылай 

дәстүрлі  кәсібилік  фольклормен  қатар  қойылды.  Оркестр  өзінің  репертуарының  көп  бөлігін  кеңес 

тұсындағы  композиторлардың  шығармаларынан  құрды.Олардың  ішінде  еуропалық  симфониялар, 

симфониялық  поэмалар  және  т.б.  жанрларының  күрделі  шығармалары  да  болды.  Жоғары  музыкалы 

білімді  дипломы  барлардың  ішінен  солист,  яғни  нағыз  күйші  болып  шығатындары  өте  аз.  Музыка 

өнерінің  нағыз  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізген,  бүкіл  халықтық  сүйіспеншілік  пен танымалдыққа  ие 

болған  Төлеген  Момбеков,  Мұрат  Үскембаев,  Мағауия  Хамзин,  Бақыт  Басыгараев,  Рысбай  Ғабдиев, 

Сержан  Шакратов,  Генерал  Асқаровтардың  деңгейіне  жеткен  жоқ,  бұлардың  ешқайсысы  да 

консерваторияны  бітірмеген.  Осының  өзі  олар  үшін  бақыт,  өйткені  қазіргі  ұлттық  музыканттардың 

мемлекеттік білім беру жүйесі  – шығыс музыкасының ерекшелігін, олардың шығармашылығының ең 

нәзік  механизмін  бұзып,  оларды  қазіргі  заманғы  еуропаланып  кеткен  қазақ  музыкасын  орындайтын 

еуропалық оркестранттарға айналдыруға құрылған еді. 

Бұл  дәстүрлі  кәсібилік  өмірге  қандай  әсер  берді?  Кәсіби  шебер  емес  деп  танылған  ұлттық 

музыканттар ауылдарда өздерінің өнерімен өмір сүру мүмкіндіктерін жоғалтты. ХХ ғасырдың екінші 

жартысындағы  ауызша  кәсіби  шеберлердің  біреуіде  бұрынғы  музыканттармен  салыстыруға  тұра 

алмайды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда тұрған барлық ұлы дәстүрлі композиторлар 

(Дина,  Жамбыл,  Тұрмағамбет,  Сүгір)  революцияға  дейін  шығармашылық  қалыптасу  кезеңінен  өтті, 

одан  кейінгі  жас  буын  тұлғалардың  мұндай  маштабын  бере  алған  жоқ.  Композиторлық  белсенділік 

күрт төмендеді, дәстүрлі стильдегі жаңа шығармалар аз шығарылды, ауылдан шыққан музыканттар тек 

қана  орындаушылар  ретінде  ғана  таныла  бастады,  алайда  олардың  көпшілігінің  төл  шығармалары  да 

бар еді. 

Дәстүрлі ортаға (мәселен, ауылдық жерге) тап болған консерваториялық музыкант күйді өзінің 

нағыз түрімен ойнап бере алмайды. 

Күйдің музыкалық орындалуындағы шығыс музыкасының жаны – суырып салмалық ерекшелік 

жойылған. 

Осындай  мемлекеттік  саясат  бойынша  театрлар,  филормонилар,  консерваториялардың  ашылуы 

кезінде  арнайы  шақырылған  композиторладың  жазған  алғашқы  опералары  мен  балеттерінің  терең 

саяси  астары  болды.  Ұжымдастырудың  зардаптарының  көлеңкесіндегі  дәстүрлі    салттары  мен 

мәдениетінің  бұзылуы,  терең  экономикалық  дағдарыс,  өнердің  белсенді  қарсы  қоя  отырып,  жаңа 

формалары  –  бүкіл  шығыс  республикаларында  бірдей  «социалистік  ұлттар  мәдениетінің  гүлденуі»  

схемасы бойынша ұйымдастырылып, демократиялануға жұмылдырылды. 


Жаңа  өнердің  насихаттауды  ұйымдастыру  жұмыстары  қоғамдық  санаға    дәстүрлі  мәдениетті 

болашағынан  еш  перспектива  күттірмейтін  «тірі  өткен»  ретінде  қарайтын  көзқарасты  сіңіре  отырып, 

оны «ескіге» белсенді қарсы қойды. 

А.Жұбановтың    қаншалықты  бұл  көзқарастарды  бөліп  қарағаның  айту  қиын.  Қазақ  халық 

аспатарынан еуропаланған оркестр құру туралы идея оны жайбарақат қалдырмағаны ақиқат, сол кездің 

өзінде  ол  қаладағы  дәстүрлі  өнерді  қолдап,  оны  тең  түпнұсқалы  (мәтін),  «таза»  күйінде  сақтап  қалу 

үшін  көп  нәрселер  жасады.  Оның  оркестрімен  бірге  дәстүрлі  солистер-домбырашылар,  әншілер  өнер 

көрсетті,  өзі  өмір  бойы  белгілі  халық  музыканттарымен  жақын  қарым-қатынаста  болды,  олардың 

өнерлерін  насихаттады,  ескірді  деп  есептегендермен  күресті.  Халық  аспатары оркестрін  құру  кезінде 

күйлерді  орындауға  «феодалдық  өмір  кезеңінің  идеялық  көрінісі»  деген  кінә  тағылды,  ал  домбыра  

феодализммен бірге алыстаған аспап болып есептелгендіктен, сол жылдары бұл оңай іс саналған  жоқ 

еді.  Бұл  үшін  тек  еуропалық  музыкалық  білім  ғана  талап  етілген  жоқ,  өз  мәдениетіне  деген 

сүйіспеншілік,  сондай-ақ  саяси  дарындылық  та  талап  етілді.  А.Жұбанов  «феодалдық»  аспаптармен 

«феодалдық»  күйлерді  орындаған  оркестр  көптеген  жылдар  бойы  «социолистік  ұлттар  мәдениетінің 

гүлденген» әншілерінің қолындағы туына айналуына мүмкіндік жасап берді. Халық аспаптар оркестрі 

мемлекеттің  мәдени-саяси  қызығушылығы    орталығында  болған  жоқ,  оны  бәрінен  бұрын  еуропалық 

жанрлар – опера, балеттің «дамуы» алаңдатты. Бірақ А.Жұбанов құрған оркестр айрықша орын алды, 

өйткені ол дәстүрлі музыканы орындаудағы көпдауыстылыққа «шабысты» көрсету мүмкіндігін берді. 

А.Жұбанов  өзінің  көптеген  еңбектерінің  ішінде  оркестр,  оның  музыканттары  және  репертуарлары 

туралы көптеген деректер қалдырды. 

Оркестрдің  репертуары  басынан  бастап  екі  планды  –  еуропалық  және  ұлттық  болды.  Ұлттық 

дәстүрлердің  негізін  Құрманғазы  (1818-1889)  күйлері  мен  оның  мектебінің  домбырашылары  құрды. 

Әскер  рухын өмірдің  философиялық  пайымдауларымен біріктірген ұлы  күйші-жырау,  ол  жас кезінде 

қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілістеріне қатысқан. Оркестр қазақтардың бірнеше ұрпағының 

туына айналды, оның құрылған қызметінің  арқасында халық классикасының көптеген шығармалары 

халыққа  кең  танылды.  30-50  жылдардағы  қазақ  ортадағы  оркестрдің    үлкен  танымалдылығы,  қазақы 

емес аудиториялар (жастар мен студенттердің  Бухарестегі Дүниежүзілік фестиваліндегі лауреаттығы, 

1953ж.)  тарапынан  да  қолдау  тапты.  Оркестрге  берілген  бағаға  революцияға  дейінгі  «артта  қалған» 

қазақтар  мен  олардың  социализм  тұсында  «гүлденуіне»  қарама-қайшылық  туғызатын  мақсаттағы 

ресми үгіт-насихаттың біраз қудалауыда болды. 

70-жылдары  ғалым-аспаптанушы  Болат  Шамғалиевич  Сарыбаевтың  (1927-1983)  қызметі  кең 

қоғамдық  сипатталды.  Оның  көптеген    жарияланымдарындағы  деректері  ғылыми  болса  да  танымал 

басылымдарда жарық көріп, қоғамдық сананың фактілері болып тез өріс алды. Оның өткенге дегенмен 

ғана шектеліп қойған жоқ, ол ежелгі аспаптарда орындаушылардың ансамблін құрды. Б.Сарыбаевтың 

ғылыми және насихаттық қызметі жаңа құбылыстың туындауына әсер етті. Ғалымдардың ықпалымен 

облыстық филормонияларда, көркемөнерпаздар ұжымында ежелгі аспаптар ансамблі құрыла бастады. 

Бұл  тенденцияның  заңды  нәтижесі  1981  жылы  екінші  болып  Қазақстанда  ашылған  «Отырар  сазы» 

халық  аспаптары  оркестрі  еді.  Ол  да  Құрманғазы  атындағы  оркестр  сияқты  еуропалық  принциптегі 

оркестрлік топтарға негізделді. Бірақ оған көптеген  жаңадан туындаған, осы уақытқа дейін Б.Сарыбаев 

байқаудан  өткізген  –  сыбызғы  (тросниковая  флейта),  сазсырнай  (глиняная  флейта),  керней  (рог), 

шертер  (3-х  струнный  щипковый  хордофон),  жетіген  (семиструнная  ящичная  арфа),  шаңқобыз 

(язычковый идиофон), қылқобыз (хордофон с двумя струнами из конского волоса), үшішекті домбыра, 

дауылпаз  (мембранный  идиофон),  қоңырау  (колокольчик),  асатаяқ  (самазвучащий  идиофон)  сияқты 

аспатар  еңгізілді.  Бұлар  оркестрдің  дыбыстарының  жалпы  тембрін  өзгертіп,  халықтың  құлағына 

сүйкімді,  жұмсақ,  жағымды  дыбысталуға  жақындатады.  Егер  Құрманғазы  атындағы  оркестр 

еуропаланудың жолындағы мәдениеттің күрт өзгеруінің прогрестік символы болса, ал «Отырар сазы» 

оркестрі ежелгі мәдениеттің тереңдігін, өзіндік ерекшелігін дәлелдеп берді. Бұл оркестрдің дыбысталу 

тембрінде,  оның  атауы  мен  Құрманғазы  атындағы  оркестрдің  репертуарына  еңбеген,  мәдениеттің 

көнерген  түрін  сақтап  қалған  Оңтүстік,  Шығыс  Қазақстанның  дәстүрлі  туындылары  негізін  құраған 

репертуарында  байқалып  тұрды.  Оркестрдің  келбетін  талантты  композитор,  әрі  домбырашы  Нұрғиса 

Тілендиев  қалыптастырды.  Ол  концерттің  жаңа  типін  құрды,  оның  оркестрлік  композициясы 

дыбысталуы бойынша музыкалық қатынастағы эстеикаға сәйкес едәуір камералық болды. 

Шығыстың  дәстүрлі  музыкасы  бойынша  Халықаралық  фетивалдар  мен  симпозиумдардың 

ықпалынсыз,  қалалық  оқуларда  дәстүрлі  классикалық  типтегі  музыкантты  тәрбиелеуге  қолдау 

көрсететін жүйелерді құруға ұмтылу артып келеді. Консерваторияның, музыкалық училищелердің жас 

педагогтері  толықтай  ноталық  оқуға  бағынудан  бас  тарта  отырып,  күйлерді  есту  арқылы  үйренді, 

суырып 

салу 


өнерін 

оқыды, 


композиторлық 

ұмтылыстарды 

ынталандыруды 

енгізді. 

Консерваториялардағы  оқу  бағдарламаларында    күйлердің  саны  ұлғайтылды,  музыкатанушылармен 

бірлесе отырып, импровизациялық дағдылармен дамыған ұлттық музыкалар негізінде этносольфеджио 

курсы  жасалды.  Солистер  концерттерде  аңыздарды  әңгімелеуге  қатысты  дәстүрлі  формаларды  қайта 


қалпына  келтіруге  тырысты.  Жетілуі  тек  қазақтар  үшін  ғана  маңызды  емес,  әлемдік  музыка 

мәдениетінің  қайталанбас  беттері  сияқты  дәстүрлі  музыкаларды  құнды  деп  санау  түсінігі  өсті.  Қайта 

құрудың лебімен ашылған жүздеген қазақ мектептерінде көпшілік  музыкалық тәрбие беру мәселелері 

қоғам  алдында  көтеріле  бастады.  Ауылдағы  кәсіби  деңгейдің  кері  кетуі,  дәстүрлі  музыкаларды 

білмейтін  ауылдық  жас  ұрпақтардың  өсуімен  қабаттаса  жүрді.Қазақ  тілін  сақтап  қалу  мен  дамыту 

проблемаларын талқылаумен бірге, ұлттық музыка тілін сақтау жөнінде де ерекше шаралар қабылдау 

қажеттілігі  де  сезіледі.  Ұлттық  музыкаға  балаларды  телитін  көпшілік  музыкалық  тәрбиені  талқылау 

жүріп  жатыр.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  айтыс  сабақтарын,  домбыраны  ұжыммен  үйренетін 

музыка  сабақтарын  енгізу  тәжірибелері  бар.  Балаларды    дәстүрлі  ауызша  әдіспен  оқытатын  ұлттық 

музыканттардың  мектеп  –  студиясын  ашудың  бірден  бір  жолы  болды.  Басылымдар  бүкіл  көпұлтты 

Одаққа  бірдей,  бірыңғай  оқу  бағдарламасына  көпшіліктің  туындап  келе  жатқан  назарлықтарын 

көрсетті. Ұлттық мәдени құндылықтарға негізделген қазақ мектептерін құру жөніндегі ұсыныстар айту 

да бой көтере бастады. 

Дәстүрлі  музыка  мәдениетін  құтқару  бойынша  әлеуметтік  –  экономикалық  шаралар  жүйесін 

құрайтын  уақыттың  келгені  де  түсінікті  болды.  Оған  импровизацияланған  нотасыз  оқу  және  қазақ, 

шығыс  музыкаларының  мәдениеті  туралы  кешенді  теориялық,  сондай-ақ  тарихи  білімді  меңгеруге 

негізделген  мемелекеттік  білім  берудің  жаңа  жүйесін  енгізу  қажет  болды.  Халық  шеберлеріне 

мемлекеттік  мекемелерде  дәріс  беру  мүмкіндіктері,  сондай-ақ  ақылы  концерттік  қызмет  жүргізу 

мүмкіндіктері  ашылды.  Ең  бастысы,  балаларды  көпшілік  музыкаға  тәрбиелеудің  ұлттық  музыкалық 

ойлауына жетелейтін және ұлттық музыканы ғасырлық құндылықтарға телитін жүйе құрылуы қажет. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 

Дернова В.А. Затаевич и қазақ халық музыкасы. АКД. Л. 1966. 

2.

 

Сарыбаев Б. Қазақтың халық аспаптары. Алма-Ата, 1978. 

3.

 

Ғызатов Б. Құрманғазы атындағы академиялық қазақ аспаптар оркестрі. Алма-Ата, 1956. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал