«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



жүктеу 4.69 Kb.

бет1/8
Дата10.09.2017
өлшемі4.69 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Астана  
2005
«Мәдени МұрА» 
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының  
кітАп сериялАры
ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті  
нұрсұлтАн нАзАрбАевтың  
бАстАМАсы бойыншА шығАрылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.
Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш. 
«Мәдени МұрА» 
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының 
кітАп сериялАры
бАс редАкциясының АлҚАсы

22 том
БАБАЛАР  
СӨЗІ
жүз томдық
Ғашықтық дастандар

ББК 82.3 (2 Каз)
Б12
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының 
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейiтова Г. (жауапты хатшы), Әзiбаева Б., Егеубаев А., 
Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Әзібаева Б. (жауапты редактор),  Елеукенов Ш., Қасқабасов С.,  
Қорабай С., Салтақова Ж.
Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: 
Әзібаева Б., филология ғылымдарының докторы, Қосан С., 
филология ғылымдарының кандидаты, Ақан А., Рақышева Ж., 
Салтақова Ж. (жауапты шығарушы). 
Б12 
Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2005.
Т. 22: Ғашықтық дастандар.—2005.—304 бет, суретті.
 
ISBN 9965-35-057-4
«Бабалар  сөзі»  сериясының  22-томына  «Назымбек  пен  Күлше 
қыздың  зары»,  «Есім—Зылиқа»,  «Қарға  батыр»,  «Талайлы  құл 
мен  Әйім  қыз»,  «Мақпал—Сегіз»  (4  нұсқасы),  «Жетім  Мәриям», 
«Ақбөпе—Сауытбек»  атты ғашықтық  дастандар енді.  
Б
4702250105
00(05)—04
  
 
ББК 82.3 (2 Қаз)
ISBN 9965-35-057-4   (т. 22)  
© Әдебиет және өнер институты, 2005
ISBN 9965-619-60-3 
  © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005

ҚұРАСТыРуШылАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле-
кеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шеңберінде  жариялана-
тын  «Бабалар  сөзі»  атты  Жүз  томдық  басылымды  дайындап, 
жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған  басылымның  басты  мақсаты—халықтың  руха-
ни  мол  мұрасын  сол  күйінде  өзіне  қайтару,  яғни  қолда  бар 
фольклорлық  материалдарды  түгел  жарыққа  шығарып,  олар-
ды  ғылыми  айналымға  енгізу,  қалық  жұртшылыққа  ұсыну. 
Бұл басылым бүгінгі оқырман мен ғылымға ғана емес, келешек 
ұрпақтың  ежелгі  мәдениетімізді  білуіне,  үйренуіне,  игеруіне 
және зерттеуіне негіз болуды көздейді.
 Бүгінгі таңда Жүз томдық серияның 21 томы жарық көріп 
үлгерді,  соның  ішінде:  тоғыз  том  хикаялық,  жеті  том  діни 
тақырыптағы және бес том ғашықтық дастандар.  
Оқырманға ұсынылып отырған серияның келесі 22-томында 
да ғашықтық дастандар қамтылып отыр, олар: «Назымбек пен 
Күлше қыздың зары»,  «Есім—Зылиқа», «Қарға батыр», «Та-
лайлы  құл  мен  Әйім  қыз»,    «Мақпал—Сегіз  оқиғасы»  (Қазан 
нұсқасы), «Мақпал—Сегіз»,  «Жан Сегіз»,  «Мақпал—Сегіз ай-
тысы»  (М.Құсниұлы  нұсқасы),  «Жетім  Мәриям»,    «Ақбөпе—
Сауытбек». Бұл—ғашықтық дастандарға арналған соңғы том.
 Дастандарда екі жастың адал махаббаты, олардың ой-сезімі, 
аңсаған  арманы,  өзі  сүйіп  таңдаған  жарына  қосылуы  үшін 
күресі, іс-әрекеті баяндалады. 
Томға енген «Назымбек пен Күлше қыздың зары» атты дас-
тан дәстүрлі фольклорлық сюжетке негізделген, және онда көне 
мотив,  сарындар  пайдаланылған,  қалған  шығармалар  өмірде 
болған оқиғалардың ізімен жырланған. Мұнда оқиғаның өткен 
жері, кейіпкерлердің елі, шыққан руы көрсетіліп, басқа да дере-

6
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
кті мәліметтер беріледі. Бұл дастандар шынайы, өмірде болған 
нақты фактілерге негізделген, сюжеті қызықты һәм нанымды, 
желісі  тартымды,  кейіпкерлердің  жан  дүниесін,  екі  жастың 
ой-сезімін  әдемі  көрсеткен,  сол  кездегі  қоғамның  әлеуметтік 
жағдайынан, жалпы халқымыздың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың  басындағы  өмірінен,  тіршілігінен  дәлелді,  сенімді 
көрініс беретін шығармалар.    
Алдыңғылары сияқты, бұл том «Бабалар сөзі» сериясының 
дайындау  қағидаларына  сәйкес  әзірленді,  яғни  ғылыми 
қосымшалармен  толықтырылды,  ал  жарияланып  отырған 
мәтіндер түпнұсқаларынан еш өзгертусіз алынды.
Томды дайындау барысында араб, латын, кирилл әріптерінде 
жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият 
талдаулар  мен  сараптау  жұмыстары  жүргізілді.  Түпнұсқада 
қате  жазылған  сөздер  қазақ  тілінің  жалпыға  ортақ  жазу  нор-
маларына  және  контекске  сәйкес  түзетіліп  отырды,  ал  кейбір 
шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған 
жағдайда қажетті сөздер  жақшаға алынып берілді.
Томға  енген  шығармалардан  «Талайлы  құл  мен  Әйім 
қыз»  және  «Мақпал—Сегіз»    дастандары  бұрын  баспа  бетін 
көрген,  қалған  дастандар  бірінші  рет  жарияланып  отыр. 
Баспаға  ұсынылып  отырған  күллі  мәтіндер  қолжазбалық 
түпнұсқаларынан дайындалды.
Томның көлемі—19 б.т.

6
М Ә Т I Н Д Е Р

Назымбек пен Күлше қыздың зары
Бұрынғы уақытта Жанысбай, Асылбек деген екі хан болған. 
Екеуі екі жердің патшасы: Асылбек—ноғайлы деген елдің ханы, 
Жанысбай—Қырым деген жердің ханы. Сонан соң Жанысбай өз 
елінде хан болып өз маңындағы шаһардың адамдарын өлтіріп, өз 
елінде тұра алмай, манағы Асылбек ханның еліне көшіп келеді. 
Сонан Асылбек хан Жанысбайды құрметтеп, жақсылап сыйлай 
береді. Екі хан сөйлесіп, екеуі құшақтасып дос болады. Асылбек 
хан  Жанысбайға  айтады:—Егерде  екеуіміздің  қатынымыздан 
ұл туса,  [екеуі дос,]  менікі қыз болса, сен құда, егерде менікі 
ұл болса, мен қызыңа құда түсемін,—дейді. Екі хан уәделесіп 
дос болды. Көп уақыт өткеннен кейін екеуінің қатыны босана-
ды. Асылбек ханның қатыны ұл табады. Жанысбайдың қатыны 
қыз табады. Екі хан жұртты жинап, ойын-сауық қылып жұртты 
тарқатады. Асылбек хан баласының атын Назымбек деп қояды. 
Жанысбай хан баласының атын Күлше қыз деп қояды. Бір-екі 
күннен соң Асылбек хан дүниеден қайтады. Баласы жеті жасқа 
келеді. Жанысбай енді ойлайды: «қой, мен енді еліме көшейін» 
деп, еліне көшеді. Қыз бен бала бірін-бірі айттырғанын біледі. 
Жанысбай өз елінен көшкеннен соң,
Елінің бағы кетіп, дәулет кетті.
Шақырып елі келді жылай-жылай,
Жанысбай енді ойлайды бармақ бопты.
Жанысбай енді ойлайды «тұрмаймын» деп,
«Жетім ұл, жесір қатын көрмеймін» деп.
Еліне қызын бермей көшіп кетті,
«Күлшені бір жетімге бермеймін» деп.

10
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
10
11
Құдірет Кәрім салды жетімдікті,
Жанысбай енді ойлайды қасіретті.
Жетім ұл, жесір қатын ол не қылсын?
Еліне қызын бермей көшіп кетті.
Күлше қыз кеткен екен жылай-жылай,
Жиырмаға бір заманда жасы жетті.
Әкесі бермеймін деп көшсе дағы,
Күлше қыз амалсыздан әрең кетті.
Назымбек жиырмаға жеткен сонда,
Мектептен оқи-оқи болған молда.
Алысқа алты айшылық қыз кеткен соң,
Назымбек жалғыз өзі қалған сонда.
Әрқайда болады екен адам мұңы,
Күлшенің артық екен ақыл-ойы.
Әркімге беремін деп жүргенінде
Келіпті ноғайлының топ керуені.
Келіпті қатарласып керуендер,
Қыз шығар кешке таман серуенге.
Елінен Асылбектің көшкенінде
Бар еді бір сары бота боз інгенде.
Қалы бар сары атанның маңдайында,
Жамағат, көріп пе едің мұндай жанды?!
Сары атан көше бойы боздағанда 
Күлше қыз тыңдай қалып қайран қалды.
Күлше айтты:—Асылбек бай маған ата,
Баласы ақ түйенің бұл сары бота.
Керуен Назымбектен сұрап мініп,
Қазына келген шығар артып мата.
Жаратқан баршамызды бір Құдайым,
Падиша барша жанның білер жайын.
Керуен ноғайлыдан келген болса,
Хабарын ғашық жардың мен сұрайын.
10
20
30
40

10
10
11
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Кигені Күлше қыздың ылғи атлас,
Әрқайда жаман жігіт сертке жетпес.
Басында кәмшат бөрік, кәукардан шоқ,
Көрген жан бір таңданып айтпай кетпес.
Кигені қызыл қамзол, дүрия көйлек,
Сабы алтын аяғында әдіре етік.
Хабарын керуеннен білейін деп,
Күлше қыз келе жатыр өлеңдетіп.
Сөйлейді керуендерге тілі майда:
—Барасыз, ағатайлар, әлде қайда?
Жоғалтқан бір ақсұңқар бейшарамын,
Айтайын білсең жөнін бәрің де ойла.
Салғаным айбалтаға жезден қияқ,
Айтылар қажет сөзді білмеу ұят.
Жалғызын Асылбектің білесіз бе,
Артында Назымбектей қалған тұяқ?
Керуен:
—Назымбек жалғыз ұлы Асылбектен,
Жалғанда не көрмеді жетімдіктен?!
Қыз таңдап әр шаһарды аралап жүр,
Бақыты асқаннан соң Орманбеттен.
Қыз:
Бұл күнде мал мен бағы жұрттан асқан,
Бар еді ғашық жары Құдай қосқан.
Ғашығын Құдай қосқан есіне алмай,
Қалайша қыз іздеп жүр қайрылмастан?
Керуен:
—Әкесі үлкен хан-ды ұлықтан өткен,
Бір Құдай әлекке сап жетім еткен.
Білмейді өлі екенін, тірі екенін
Ғашығын Құдай қосқан жаста кеткен.
50
60

12
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
12
13
Қыз:
—Жасы бар жиырмада, біле ме екен,
Ондай жан ғашық болмай жүре ме екен?!
«Тас ауыр түскен жерге» деген қайда,
Ойына кеткен жарын ала ма екен?
Керуен:
Бақ берген Асылбекке Құдірет Кәрім,
Көп ойлап қапалықпен ғашық жарын.
Назымды Күлше қызға баян қылып,
Айтады ғашық болған қайғы-зарын.
Қыз:
—Керуендер, құлағың сал мынау кепке,
Жалғанда таныс болдым талай бекке.
Бағасы тоғыз жүздік торғын белбеу—
Аманат, осыны бер Назымбекке.
Арманда ақсұңқардай түстім торға,
Құдай-ау, біздің жолды өзің оңда.
Арманда мен де сондай бейшарамын
Бұрында жаста қалған ғашық жарға.
Керуен:
—Сен кімнің,—керуен айтты,—баласысың,
Жөніңді айт, қандай жанның данасысың?
Әкесін баласымен бірдей біліп,
Кісідей таныс болған көп сұрайсың?
Қыз:
—Жақсыға сырды айтпай қалған ұят,
Жаманға сыр айтуым, сірә, қымбат.
«Қырымда бір жаман қыз көрдім» деңіз,
Тапсырдым үшбу сөзді сізге аманат.
70
80
90

12
12
13
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Болғанда кеудең сарай, асылың ғаріп,
Бой сақта, ақыл ойла, қадір біліп.
Керуендер алты ай жүріп елге келсе,
Назымбек жатыр екен науқас болып.
—Біз биыл,—керуен айтты,—Қырым бардық,
Қырымнан сауда қылып пайдаландық.
Көп сәлем айтты сізге бір сұлу қыз,
Бір кемер белбеу берді тоғыз жүздік.
Назымбек өзі науқас, көңілі жарым,
Көп ойлап қапалықпен ғашық жарын.
—Не қылсын бөтен жұрттың мені қызы,
Болмаса жастай кеткен ғашық жарым?!   
Қайғырды ғашық жарын Назым ойлай,
Іздемек көңілінде шыдай алмай.
Ғашықтар мұратына қашан жетер,
Назымбек науқас болған жеті жылдай.
Назымбек қайғы қосты көкірекке,
Бозбала, құлағың сал мынау кепке.
Болғанда жетінші жыл тәуір болып,
Ойлайды ғашық жарын іздемекке.
Ноғайдың жар шақырып жияр бәрін,
Қалдырмай үлкен-кіші, кәрі-жасын.
«Өнерлі төрт-бес жігіт аламын» деп,
Сынатты он сан ноғай бозбаласын.
Бір жақсы қария бар сол бір кезде,
Сынаумен біледі екен әр мінезді.
Өткізген тоғыз ханды толғауымен,
Қарияның жасы келген тап бір жүзге.
Жиылған бозбаланы қария көрді,
Алдында баршалары қызмет қылды.
Қалдырмай, он сан ноғай бірін қоймай,
Алдыртып баршаларын шақырттырды.
100
110
120

14
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
14
15
Біреудің алып келді жас баласын,
Қарайды он сан ноғай бозбаласын.
Әлді екен, батыр екен, шешен екен,
Мінезі, білмек екен мәртебесін.
—Адамға ақыл бітсе, дәулет бітер,
Айнымас жақсы жігіт сертке жетер.
Айыр жақ, бұлбұл көмей шешен екен,
Сөйлесе, адам болмас бұдан өтер.
Мынаны ал жолдастыққа тағы және,
Сыныма тура келген сол бозбала.
Палуан керек болса мынаны ал,
Жатқандай адам емес кісі астында.
Бұларға сөз айтады әуел баста:
—Ақыл ойла, ашуды, балам, таста.
Елдегі мықтылықты өнер қылма,
Ашумен бақытын жойған талай жас та.
Бозжігіт ұрыс қылып өліп кеткен,
Таласып патшалыққа соғыс еткен.
Бозбала Құсайынды шейіт қылып,
Ер қанын мойнына артып о да кеткен.
Бозжігіт ғашық болған бір балаға,
Барса да қыз болмаған падишаға.
Ашумен Бозжігітті о да өлтіріп,
Кәпір боп о да кеткен бір Аллаға.
Болғанда ашу дария, ақыл—қайық,
Қайғыны Жүсіп Сыдық көрген лайық.
Ақылмен не қылсаң да бәрің де ойла,
Бойыңа, сірә, ашуды көрме лайық.
Адамзат отқа түссе тұрған емес,
Болмайды от пен топырақ, балам, жолдас.
Алдыңнан Жаппар Ием жарылқасын,
Мысалы бұл дүниенің соған ұқсас.
130
140
150

14
14
15
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Білемін мың жылқыңда бес атың бар,
Бесеуінің бес мың сомдық бағасы бар.
Жезмойын, Сұрбикеш пен Бозойнақ ат,
Біреуі—Танакөз ат, Еркешұбар.
Бәрінен артық жүйрік Еркешұбар,
Жезмойын, Танакөз ат жолдас болар.
Мінгейсің Сұрбикешті жау көргенде,
Бозойнақ айшылықты алты басар.
Жүген сал сап күмістен бедерлетіп,
Күміс пен алтын, кәукар ер ерлетіп.
Аяғын болатпенен тағалатып,
Сапар жүр дүйсенбі күн жол жолдатып.
Жол жүрді дуылдатып өңшең манап,
Қалыпты елі-жұрты қойдай шулап.
«Келгенше жалғыз шешем не болар» деп,
Шешесін құшақтайды «апатайлап».
Шешесі үйде қалды жылай-жылай,
Жолына Назымбектің қарай-қарай.
Бесеуі Қырым қырық сан келді дейді,
Арада сапар жүріп үш-төрт айдай.
Жаратқан баршамызды бір Зұлжалал,
Айтайын аз мәселе, құлағың сал.
Бозбала, қыз-келіншек бірі де жоқ,
Бір тайпа елге кепті кемпір мен шал.
Бұларды бұл бесеуі мысқылдаған,
—Бір жерге жиылыпсың өңкей жаман.
Еліңнің бозбаласы қайда кеткен,
Бір жерге жиналыпсың ылғи сабан.
Кемпір мен шал:
—Ей, балам, отырмыз кемпір мен шал таң атқалы,
Түс еді бесін болды күн батқалы.
160
170
180

16
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
16
17
Жаныстың жалғыз қызы Күлше сұлу
Той қылып соған кетті ұзатқалы.
Назымбек бұрып алды аттың басын,
Төгеді мөлт еткізіп көздің жасын.
—Жетім қып жеті жаста әкемді алған,
Бір Құдай біздің жолды қайда оңдасын!
Қайтайық, кел, бозбала, елімізге,
Жетейік аман-есен жерімізге.
ұзатып жатқан қызды бізге бермес,
Қайтайық күйік қылмай көзімізге.
Сонда Мұстай жолдасының айтқаны:
—Әкесі зорлықпенен берген шығар,
ынтызар о да сізге болған шығар.
Біз мұнда іздегенді қайдан білсін,
Ақылсыз әкесі оның ақымақ шығар.
Көрмесек, естен кетпес оның шері,
Көрейік, қандай екен ақыл-ойы.
Ер жігіт ақылы бар еске ала ма,
Бір жолға шығын шығар аттың тері.
Назымбек қайтпақ еді аттан түсіп,
Жолдасы алып жүрді көңілін басып.
—ұялмай, қадір білмей, елге кетсек,
«Жарым» деп жүре алмассың құшақтасып.
Болғанда кең сарайдан әдеп жақсы,
Қысқа бой, қызыл тілден сүйген жақсы.
Жеткізсе он сан ноғай бірі қалмай,
Бәрінен қадір білген сол-ақ жақсы.
Бұларды «күйеу көр» деп қорламаңыз,
Бәрінен артық шығар мәртебесі.
Жолдасы алып жүрді ерікке қоймай,
Келеді Назым еріп көңілін қимай.
190
200
210

16
16
17
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Бесеуі бір белеске шыға келсе,
Алдынан көрініп тұр бір туған ай.
—Артымыз күн, алдымызда туып тұр ай,
Япырмай, талды көзім қарай-қарай.
Күн бесін, ай туатын мезгіл емес,
Ойлай бер, бозбалалар, мынау қалай?
Мұстай жолдасының айтқаны:
—Қалың шаң, қалың қара қойшы шығар,
Жайылған байдың қалың қойы шығар.
Ақ отау алты қанат, қыз-бозбала,
Алтын бау, күміс белдеу үйі шығар.
Аз ғана ғашықтардан айтайын сөз,
Мәселе үшбу сөзді сөйлеймін тез.
Бесеуі ақ отауға келе жатса,
Мал баққан бір қойшыға жолықты кез.
Қойшы кеп сәлем берді өңкей жасқа,
Қарайды, танымайды асыл тасқа.
—Барасыз, шаһбазалар, әлдеқайда,
Порымың бұл Қырымнан болар басқа?
Мұстай:
—Ей, қойшы, біз бір жүрген жолаушымыз,
Бажайлап біліп айтсаң, сұраушымыз.
Ақ отау мынау тұрған қалайша үй,
Не қылған қарақұрым шаһарыңыз?
Қойшы айтады:
—Ең басы бұл Қырымның Жаныс өзі,
Ал соның Күлше сұлу—жалғыз қызы.
Бір ханның баласына берген еді,
Сиқы бар ұзататын бүгін соны.
220
230
240

18
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
18
19
Жарасар тоқым салсам қаракерге,
Құдай-ау, қайғы салма саналы ерге.
Бір ханның бұ да жалғыз баласы еді,
Риза емес әкесінің берген жерге. 
Барады амалсыздан сорлы жазған,
Көп ойлап ғашық жарын қапаланған.
«Тосам,—деп,—отыз бес жыл» уәде қылған,
Барады амалсыздан сорлы жазған.
Бәрінен наз ойлайды күйеу өзі,
Бұрынғы салтанаты, бар мінезі.
Төртеуін күйеу қылып салтанаттап,
Мұстай ер сонда кетті жалғыз өзі.
Ақ отау алты қанат қыз-бозбала,
Күлше қыз өлең айтып отыр және.
Тұсында ақ отаудың тыңдап тұрса,
Жағады қыздың даусы құлағына.
Күлше қыз отыр екен өлең бастап,
Бес бауын бешпетінің шешіп тастап.
Ғашығын жаста қалған өлең қылып,
Аққудай отыр екен қыз ойқастап.
Күлше:
—Аққан су жоғарыдан төмен сарқар,
Қайғы-дерт ішімдегі қашан тарқар?!
Арманда балалықпен көрмей қалды-ау,
Қалды ғой жеті жаста жетім сұңқар.
Кей надан жоқ нәрсені қылар мақтан,
Хан түспес бағы таймай алтын тақтан.
Кәукар көз, алмас мойын қарағым-ай,
Арманда көрмей қалды-ау балалықтан.
Хан еді он сан ноғай Ормамбеттің,
Ісіне кім көнбейді Құдіреттің?!
250
260
270

18
18
19
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Мен жаспын, оны қайдан білемін,
Бір Құдай жүрегіме салған дертін.
Бұрында өтіп кеткен Жүсіп—Зылиха,
Арманға кім жетеді, уа, дариға?!
Бозжігіт ғашық болған бір балаға,
Барса да қыз болмаған падишаға.
Болғанда ашу дария, ақыл—қайық,
Қайғыны Жүсіп Сыдық көрген лайық.
Біреуі ғашықтардың—ләйлі—Мәжнүн,
Еш адам мендей тартпас қайғы-дертін.
Ішімде үлкен таудай арманым бар,
Кім білер айтпаған соң менің жөнім.
Айтайын білгенімнің бәрін қайта,
Бұрында қайғы тартқан Жүсіп—Зылиха.
Шерменде мен де сондай қайғылымын,
Мұңымды айып қылма, жиылған көп.
Дер үлкен амалы жоқ ғашық Мансұр,
Жігіттер, бір Алланың құдіретін көр.
Мен тостым қарағымды жиырма жыл,
Кешігіп келмеген соң үздім күдер.
Сахаба отыз үш мың өткен кезі,
Шайхынұр өтіп кеткен адам сопы.
Жетеді өзге ғашық мұратына,
Бір Алла, жеткізе көр біз ғаріпті.
Арабтың падишасы Мәлікаждар,
Қырық жыл патша болған тақ Сүлеймен.
Қайғымен жиырма жыл болдым науқас,
Дертім көп осы күнде, көңілде арман.
Көрұғлы, Сейітбаттал, Мәлікаждар,
Қараман, Мәлгәдия, төрт шаһбазалар.
Ойға алған мұратыма жеткізе көр,
Пайғамбар мұрсалун-ай, сахабалар.
280
290
300

20
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
20
21
Не жаман, бұл жалғанда қайғы жаман,
Мұңымды айып қылма, естіген жан.
Жиырма жыл тосқан жарды көре алмадым,
Дүние опасы жоқ, құрыр жалған.
Қайран күн енді бізден өттің ғой деп,
Осымен сөз аяғын қылдым тамам.
Енді Мұстай жолдастың айтқаны:
—Әуелі мен сөйлеймін, [сен тыңдашы],
Мен едім бір шаһардың падишасы.
Ақын қыз, күйлі [-жайлы] отырсың ба?
Еліңнің жол бермей тұр бозбаласы.
Біреуі он екі айдың—шілде, тамыз,
Сары алтын өне бойың, шашың құндыз.
Қайғы мен мұң-зарыңды айта бермей,
Бейшара, біз де сіздей қайғылымыз.
Не пайда бір тиындай ойлағанмен,
Жаманмен бағаң кетер ойнағанмен.
Қолымнан жеті жасар тұйғын қашып,
Қайғымен қадам басып жүре алмай мен.
Қолымнан ұшқан тұйғын жөні осылай,
Іздемей, сабыр қылып тұра алман мен.
Сауысқан ала құйрық жүр алдында,
Дау алар шешен жігіт төр алдында.
Қолымнан ұшқан тұйғын жөні осылай,
Қарағым, бұдан хабар біле алдың ба?
Қыз:
 
—Ағеке-ау, рас болса осы сөзің,
Біз үшін келіп тұрған болса кезің.
Берейін жоғыңыздан білсем жауап,
Ағеке-ау, ашып айтсаң аты-жөнің?
310
320
330

20
20
21
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Мұстай:
—Жаратқан баршамызды Құдірет-ті,
Бір Алла, оңғара көр хақ ниетті.
Төренің сұлтан сүйек баласымын,
Руым, ашып айтсам, Орманбет-ті.
Күлше қыз:
—Жоқ іздеп көптен бері жүрдіңіз бе,
Еш хабар жоғыңыздан білдіңіз бе?
Мен айырылдым жеті жаста сұңқарымнан,
Ағеке-ау, ондай нәрсе білдіңіз бе?
Баласы Асылбек хан—Назым мырза,
Екенін күйлі-жайлы көрдіңіз бе?
Ағеке-ау, рас екен қайғы-дертің,
Жеткізсін мұратыңа Құдіретім.
Назымбек күйлі-жайлы аман бар ма,
Есен бе біздің көрген елі-жұртың?
Мұстай:
—Базардан алып келген кемер баулық,
Белінде Асылбек бай торғын жаулық.
Өлгелі Назым мырза үш жыл болды,
Қайтесіз, Құдай ісі, денге саулық.
Қыз:
—Қажылар алты ай жүріп барар Мекке,
Шығып па ең еліңізден жалғыз-жеке?
Өлгенін Назым мырза өз көзіңмен
Көрдің бе анық байқап, ей, ағеке?
Мұстай:
—үндістан—дүниеде үлкен қала,
Жайлайды бауырында елі және.
340
350

22
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
22
23
«Назымбек сапар шекті дүниеден» деп
Аузына алған еді бала-шаға.
Қыз:
 
—Жылқыда ұстатпайды қашқан тағы,
Жаяудың ат болады екі аяғы.
Көрмесең өз көзіңмен, ей, ағеке,
Жел сөзі балалардың бұл қайдағы.
Мұстай:
—Жаратқан баршамызды Қадір Алла,
Кім жетпес сабыр қылса мұратына.
Назымды осы тойда бір көрсетсем,
Сүйіншіге не берер ең, Күлше бала?
Қыз:
—Ағеке-ау, тілің тәтті, жүзің нәзік,
Күн қайда Назым бізді іздеп келмек?!
Осындай сағынғанда бір көрсетсең,
Берер ем бес жүз сомдық бір білезік.
Мұстай:
—Бір Алла жазған шығар әуел баста,
Екеуін ата-анасы қосқан жаста.
Жиырма жыл ғашықтықтың бәрін жазған
Бар еді істеп киген бір тақия.
Сары алтын тақияны жан көрген жоқ,
Көңіліне көрсе түсер қайғылы нұқ.
Жазуын тақиямның таны дағы,
Тағып бер тақияма кәукардан шоқ. 
Солай деп тастай берді тақиясын,
Күлше алып көзден төкті сонда жасын.
360
370
380

22
22
23
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Таниды өзі молда, ақын, шешен,
Көреді тақиядан мәртебесін.
Мұстай ер сөз шығарған өлең бастап,
Жолдасын жүреді екен күнде қоштап.
Ақ үйден бұзып жарып қыз жөнелді,
Етегін дүрия көйлек серпе тастап.
Елі мен жұрты қалды жайын біліп,
Келеді қыз-бозбала соңына еріп.
Күлше қыз Мұстай менен өлең бастап,
Екі ақын келе жатыр тізелесіп.
Күлше:
—Бір ханға әкем берген әлдеқашан,
Қарайды Қырым жұрты Қырым қырық сан.
Еркекке әйел бұрын амандаспас,
[Айып па] өзім бұрын амандассам?
Мұстай:
—Жылқыда ұстатпайды қашқан тағы,
Жаяудың ат болады екі аяғы.
Баласы Асылбек бай—Назым мырза
Сөзіңе жауап тауып бергей дағы.
Қыз:
—Әкемнің берген жері—падиша-хан,
Қарайды Қырым жұрты Қырым қырық сан.
Көзіме күндей болып шағылысқан,
Не нәрсе алдымызда жарқыраған?
Мұстай:
—Отырған күндей болып жарың манап,
Қасында құрбылары қылған қызмат.
Көзіңе күндей болып шағылысқан
Алтын ер, күміс жүген Бозойнақ ат.
390
400

24
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
24
25
Қыздың Назымбекке келіп амандасқаны:
—Қақ жарған қара суды табансыз ба,
Ерте келмей, кеш келген шабансыз ба?
Көп жылдар, көрмегелі көп ай болды,
Құрметлү хан-сұлтаным, амансыз ба?
Сонда Назымбектің қызға амандасқаны:
—Бұрын келіп сөйлеген шешенсіз бе,
Әйтпесе көпті көрген көсемсіз бе?
«Құрметлү хан-сұлтаным» деп айтасыз,
Ханшайым қыз, қалайсыз, есенсіз бе?
Қыз:
—Не пайда-ау дариядай жар болған соң,
Жарасар екі ғашық пар болған соң.
Сұрайсыз енді бізден немене жай,
Іздеген қара бойым бар болған соң.
Назымбек:
—Ей, қалқа, сен не жаздың, мен не жаздым,
Сабағын ақ қурайдың белден қаздым.
Сені іздеп мен елімнен шығып едім,
Шөліркеп су таба алмай өле жаздым.
Қыз:
—Кей надан жоқ нәрсені қылар арман,
Іздеуге бұрыннан жоқ бізде дәрмен.
«Ер жігіт ақылы бар» деген қайда,
Іздемек бізге емес, сізге қалған.
Назымбек:
—Мен сүйген кішкентайдан ғашық жарсың,
Жұмысым іздеп келген жалғыз сенсің.
410
420

24
24
25
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Бір ханға әкең жатыр ұзатқалы,
Айтасың қандай ақыл, не қыл дейсің?
Қыз:
—Не болар деп өзімнің көңілім жарым,
Көрген соң тәубе қылдым, бір Құдайым.
Ойларсың енді қайда барады деп,
Жиырма жыл құрметіңе тосқан жарым.
Жиылды күйеу, қызға қанша шаһар,
Әркімнің көңілінде бір арман бар.
Бұлар әбден табысып отырғанда
Патшаның баласына барды хабар.
Бұл жайдан хабар алған күйеу, құда,
Бажайлап хабар берген падишаға.
Қасына қырық нөкер ертіп алып,
Шығыпты ханның ұлы сахараға.
Өнерлі өнерпаздар, палуан күшті,
Қылады өнер, сауық әрбір істі.
Өлеңші, өңшең бегін ертіп алып,
Қасына Назымбектің келіп түсті.
Бақ берген падиша екен бұған Құдай,
Порымы он төртінші туған айдай.
Екеуі тізе қосып отырғанда
Болыпты бірі күндей, бірі айдай.
Келіпті екі күйеу бетпе-бетке,
Бұл жұмыс әшкере бопты жиын көпке.
Екеуі тізе қосып отырғанда
Сөйлейді ана күйеу Назымбекке:
—Қырымның осы қырық сан патшасымын,
Есіттім хабарыңды, жолаушы деп.
Барасыз қай сапарға, мырзаларым,
Бажайлап жұмысыңды айтшы маған.
430
440
450

26
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
26
27
Назымбек:
 
—Мен ханы ем он сан ноғай Орманбеттің,
Ісіне кім көнбейді Құдіреттің?
Қолымнан жеті жасар тұйғын қашып,
Сонымен сұрау салып кеп тұрғаным.
Патша:
—Таптың ба жоғыңызды, Назым мырза,
Неше айда келіп едің бұл Қырымға?
Ақылмен артыңызды сіз байқаңыз,
Іздеген құсың түсті біздің торға.
Назымбек:
—Қайрат жоқ қолдан келер біздің сізге,
Қаңбақтай жел аударған біз кез келдік.
Әділ деп сыртыңыздан естіп едім,
Падиша, біз билікті сізге бердік.
Патша:
—Ризамын билігіңді бергеніңе,
Болайын хан баласы көргеніңе.
Мен билікті, Күлше қыз, саған бердім,
Таңдап ти арман қылмай сүйгеніңе.
Күлше қыз:
—Мырзалардың бағы асқан асыл тастан,
Бір Алла жазған шығар әуел бастан.
Біреуің әкем берген падишасың,
Біреуің ғашық жарсың Құдай қосқан.
Бұралған тал шыбықтай қара бойың,
Өнерің, артық туған ақыл, ойың.
...     ...       .... 
*
Таңдауға [біріңізді] болды-ау қиын.
*
 Түпнұсқада осы өлең жолы қалып қойған.
460
470
480

26
26
27
НАЗыМБЕК  ПЕН  КүлШЕ  ҚыЗДың  ЗАРы
Патша:
—Күлше қыз, қиын-ау деп қапы қалма,
Бұл сөзім «жалған-ау» деп ойыңа алма!
Дертіңді ішіңдегі ашпаймын деп,
Өзіңе қияметтік қайғы салма!
Алданып баяғыдан жүрмін бекер,
Деуші еді жалған жардың түбі бекер.
Күлше [қыз] жаста қосқан жарың еді,
Назымбек, қияметтік хақың кетер.
Күлше қыз:
—Патша еді мынау тұрған менің ием,
Назымбек, топ ішінде сізді сүйем.
Падиша, сізбен болдым үш жыл жолдас,
Мойныма қарыз қылмай кешсең, тием.
Патша:
—Назымбек менен бұрын сенің жарың,
Көрген соң тәубе қылдың ғашық жарың.
Алдыңнан Жаппар Ием жарылқасын,
Мен кештім, Құдай кешсе, соның бәрін.
Жарасар тоқым салсам қара көкке,
Бір Алла, жеткізе көр хақ ниетке.
Назымбек іздеп келіп жолы болып,
Күлше қыз таңдап тиді Назымбекке.
Екі хан айдалада дос болыпты,
Сөйлесіп көңілдері хош болыпты.
Падиша Назымбекпен құшақтасып,
Назымбек падишамен дос болыпты.
Ерітіп алып жүрді елге таман,
Еріпті құрметіне талай адам.
Жатыпты екі ғашық ақ сарайда,
Жігітке бұдан артық қайда арман?! 
490
500
510

28
29
Қалар бос жалқау құлақ берген сыйдан,
Тыңдамай қапы қалып, болма бейқам.
Ғашықтық ер жігітке бір үлкен дерт,
Қандай ер мұндай іске жанын қиған.
Кешегі қазақшылық заманында,
Ант, уағда айтылып, арға иман.
Арғында Меңдіқара атты кісі,
Шақыртыпты бірталай үйге мейман.
Ішінде бірге болған Құрманбайдан
Есітіп Әбдірахман іске қонған.
Мен қанып бұл кісіден өлең қылдым,
Болмаған оқиға емес, шыққан ойдан.
Бірталай шонжарлармен басын қосқан,
Сөз аңдып бір-бірінің алдын тосқан.
Тарихи неше түрлі сөз қозғалып,
Бас қосқан жиылыс ед дұшпан, достан.
Құлдықта талайлардың күні кешіп,
Байлаулы өткен қолы болмай бостан.
Жиған мал, абырой, бақ күштінікі,
Болған күн біреулер жер, біреу аспан.
Бақталас бай бәсеке ел жіктеліп,
Момындар малын бағып артын қысқан.
Жолаушы дәулетті үйге түседі көп,
Жүргенде жортуылда әрбір тұстан.
Есім—Зылиқа
10
20

28
29
ЕСІМ—ЗылИҚА
Дуылдап түрлі кеңес қызған кезде,
«Сөйлес» деп айқай салды біреу тыстан.
Бұйырды Меңдіқара:—Бірің бар,—деп,
Түсіріп, мейман болса, қолын ал,—деп.
Жолаушы, бір құдайы мейман шығар,
үйге әкел, пісулі дәм дайын бар,—деп.
Бір жігіт үйден шығып барды көріп,
Қарт екен, шылбыр тұтты, сәлем беріп.
Түсіріп, үй артына атын байлап,
Есіктен бір шал кісі келді еніп.
Отырды дәл ортадан алып орын,
Көрмеген бір қарт кісі мұнан бұрын.
Жел сөзге төрт аяғы бірдей жорға,
Сөйлесіп байқағанда сөздің түрін.
Болғандай заманында ердің басы,
үлгілі бір қария сөз тұлғасы.
Шой желке, түлей қабақ, қызыл шырай,
Жетпістен асыңқырап келген жасы.
Отырды бұл кісімен кеңес құрып,
Әдеппен бір-біріне мойын бұрып.
Қызынып қымыз ішіп отырғанда
«Сөйлес» деп тағы біреу сыртта тұрып.
Тағы айтты Меңдіқара:—Барып кел,—деп,
Меңдіні жұрт мақтайтын «қалыпты ер» деп.
—Оңаша үй артына атын байлап,
Құрмет қып, болса мейман алып кел,—деп.
Тағы да барды бірі қадам басып,
Сөйлесіп аз кідірді амандасып.
Байлатып үй артына атын қойып,
Әкеліп кіргізді осы үйге есік ашып.
30
40
50

30
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
30
31
Есіктен келіп кіріп берді сәлем,
Бір асқан көрініп тұр көрнекті адам.
Көрінді салтанаты жаннан бөлек,
Тамсанды айбатына көріп тамам.
Қарайды манағы шал айырмай көз,
Бұзылып түрі, жүзі өзгерді тез.
ұмтылды төрден тура қолын жайып,
Әлеумет қайырмастан отырды сөз.
Көзінің тоқтата алмай жасын тыйып,
Айырып болар емес көңілін қиып.
Бұ дағы елу шалған бір ер кісі,
Өксіді бір-бірінің қолын сүйіп.
Құшағын айырмастан тұр мұңайып,
Секілді бейне ғашық ерлі-зайып.
үйдегі жиылған жұрт мұны көріп,
Қарайды мынау іске таңғажайып.
Бір кезде айрылысып келді төрге,
Тізелес орын берді келген ерге.
Тым-тырыс отырысты үйдің іші,
Сөз бастап сөйлесін деп үлкендерге.
Дем алып, Меңдіқара сұрады жөн:
—Меймандар, көрінбейсіз бір ерден кем.
Кісідей сағынысқан көрісесіз,
Ал, енді түсіндірші, жөндерің кім?
үлкен қарт сонда тұрып айтты жайын,
Сөйлесе ағызады тілдің майын.
—Сыпайым, сыр бердің деп кінә қойма,
Бұл жігіт жалғыз менің күн мен айым.
Мен өзім жалғыз баспын, балам да жоқ,
Нақақтан біреу кетер жалам да жоқ.
Бұл жігіт жалғыз менің жиенім ед,
Риясыз балалықтан алаң да жоқ.
60
70
80

30
30
31
ЕСІМ—ЗылИҚА
Өскен соң Әлім алып жігіт қылды,
Бермеске мұны қолдан шарам да жоқ.
Қараңғы жортуылға аттандырд[ы],
Шығатын бұғауынан шамам да жоқ.
Қатырып ат мінгізді арғымақтан, 
Ақ құмай, ақсұңқар құс қарғылатқан.
Орынбор, Омбы, Сібір, Көкшетаудай,
Мал тартып алдырады әрбір жақтан.
Атағы бұл жігіттің Есім дейд,
Атақты орта жүзге Есім білед.
Белгілі қайтпас болат, қайратты ер,
Мақал болды «Есім барса, есен келед».
Есімге Әлім әбден сеніп алған,
Соңынан талапкерлер еріп алған.
Алтайдан тау жылқысын таңдап жүріп,
Қан күрең сексен тұсақ беріп алған.
Қыдырып Қырым жағын, Қытай шегін,
Серілмес сері болып сеніп алған.
Келеді мал айдатып Алтай жүріп,
Жерлерден ес таптырмай тартып алған.
Қараңғы жортуылда жүреді жай,
Олжасын еңбекпенен көреді бай.
Бұл Есім күрең атпен бір кеткенде,
Кешігіп келе алмады он екі ай. 
Отырдық үміт үзіп «өлді ғой,—деп,
Сау болса келер кезі болды ғой,—деп.
«Жалғыз оқ—ер ажалы» деген сөз бар,
Жортуыл жолда басы қалды ғой»,—деп.
Ауылым Амансоздың көлбеуінде,
Әлімнің отырушы ем шендеуінде.
Түйеден кешке таман үйге қайттым,
Екі мес шұбатым бар теңдеуімде.
90
100
110

32
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
32
33
Ағаштың арасында үйге келсем, 
Арыстай күрең ат тұр белдеуінде.
Қуанып үйге кірсем Есім отыр,
Шешпеген белден қылыш, белбеуін де.
Көргеннен сәлем бере тұрды ұшып,
Бір сүйдім білегінен қолын қысып.
Жеңгесі дайын етіп қойған екен,
«Жүремін» деп қарбаңдады дәмін ішіп.
Атына үйден шығып мініп алды, 
Беліне бүкпеліні іліп алды.
«Жолыма батаңды бер, нағашым» деп,
Есікте көлденеңдеп тұрып алды.
Қоржынға азық салып алған артып,
Тоқталып тілге келмес мұнан қайтып.
«Есімді көрдім деме ешбір жанға»,—
Деді де, күрең атпен кетті тартып.
Көзімнен «ал» дегенше болды ғайып,
Тілек қып қала бердім қолды жайып.
Есімді көрдім дермін бе ешбір жанға,
«Қайда кетті-ау,—дедім,—қолдан тайып».
Ертемен есептедім малымды кеп,
Барады күйік, шіркін, жанымды жеп.
Бір жігіт мал басына келді маған,
«Әлімнің қара арғымағы алынды» деп.
Әлімге мен де келдім асып-сасып,
Далада Әлім отыр түсі қашып.
—Есеке, Есім келген жоқ па?—деді,
—Келген жоқ,—дедім байға құтым қашып.
—Қара атты ұйғармаймын басқаларға,
Япырым-ай, Есім маған қас болар ма?!
Қара атты Есім ұстап тоқтататын,
Жеткізбес күрең аттан басқа малға.
120
130
140
150

32
32
33
ЕСІМ—ЗылИҚА
—үмітсіз Есім келсін,—дедім,—қайда,
Әлім де «келе алмас» деп қалды ойға.
—Жоқ еді Есім алса өкінішім,
Құлап өліп қалмасын орға, сайға.
Әр жерге сұрау салып хат жолдады,
«Сүйіншім кем емес,—деп,—он бір тайға».
Екі атпен Есім кетті дерек болмай,
Сиындым сақтай көр деп бір Құдайға.
Есімнен, қара аттан да хабар болмай
Тағы да күн созылды бірер айға.
Отырдық жұрдай болып аң-таң қалып,
Бір ай өтіп, екінші ай болды жарық.
Тал түсте екі жандарм жетіп келіп,
Әлімді тұтқын етіп кетті алып.
Әлімнен хабар болмай үш күн дәйім,
Не ғажап іс болды деп жедік уайым.
Жалғыз үй мал басында отырамын,
Қарағай сусылдайды, сыңсып қайың.
Бұлт алып, түстен кейін шықты дауыл,
Арт[қа] қара Әлімнен біздің ауыл.
Маңырап ақсақ қойлар тырағайлап,
Дүрілдеп бұршақ жауып, ықты жауыр.
Желіде құлын, тайлар шұрқырасып,
Ойыннан бала қашып тырқырасып.
Қазықтап, арқан салып, дүрсілдетіп,
Шашы жүр қатындардың бұрқырасып.
Ағаштар бір-біріне басын иіп,
Салбырап мәуелері жерге тиіп.
Бүлініп жапырағы жерге түсер,
Айқасып бір-бірінің бетін сүйіп.
Басына жас келіндер желек жауып,
Бұралып, сыңқыл етіп, бие сауып.
160
170
180

34
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
34
35
Кешкілік қойған астау суға батпай,
Ойнақтап жылқы кеткен қайта шауып.
Орыстар мәстегімен сылпың етіп,
ұршығы көкшолақтың бұлтың етіп.
Ағаштан кешке таман қайтқан орыс,
Арбасын өтіп жатыр тырсылдатып.
Белдеуге түйе қоңыр атты байлап,
Қамығып отыр едім, ақыл ойлап.
Есіктен Есім кіріп келді бір кез
Құбылып түрі-түсі гүл-гүл жайнап.
Есіммен амандасып тысқа шықсам,
Күрең ат, қара арғымақ тұрған ойнап.
Қара аттың тасасында бір сұлу тұр,
Тағзым қып иіледі ізет ойлап.
Сәулесі бір туған ай жанып тұрған,
уылжып екі бетінен нұры тамып тұрған.
Кигені зерлі мақпал, асыл жібек,
Торғынмен тұла бойын таңып тұрған.
Көрдім де қайта айналып кірдім ішке:
—Абырой берсін,—дедім,—әрбір іске.
Бір ғажап үлкен жұмыс болған екен, 
Ей, балам, шыдамадым қайран күшке.
Есім айтты:—Еске алдым құдіретті,
Көрерсің тірі болсаң нелер кепті.
Басқа сөз қайырмастан атқа мініп,
«Шұрықта жатамыз» деп жүріп кетті.
Тағы да мұнан кейін үш күн өтті,
Әлімді ұстап, ауылдың құты кетті.
Жайықтан шекті елінен қызды қуып,
Қуғыншы он жеті адам бұ да кепті.
190
200
210

34
34
35
ЕСІМ—ЗылИҚА
Оралтып облыстан ісін оңдап,
Ояздан қағаз алған заңқой шекті.
Әлімді алып қасына Қостанайдан,
Даугерлер, қыз әкесі бұ да кепті.
Жиналып елге келсе Есім де жоқ
Келед деп елдің Есім есінде жоқ.
«Қырық жеті, тоғыз тоқсан алмаймын» деп,
Әлімге салған дауда кесім де жоқ.
—Қызымды сенің ұрың алып қашқан,
Баламды тәрбиелеп жастан баққан.
Қыз мінген атың айғақ, дәл сенікі,
Сен өзіңсің ақыл беріп, ойда жатқан.
 
Бұл жерде көп кідіріп тұра алмаймыз,
ынтымақ Зылиқасыз қыла алмаймыз.
Ақ бата арадағы бұзылғасын,
Берсең де бес мың қара тына алмаймыз.
Ер болсаң бұл ісіңді тындырып бер,
Еріксіз Есіміңді көндіріп бер.
Есерсоқ, ел бүлдірген тентегіңді,
Құл қылып жайдақ нарға мінгізіп бер.
Орысқа сені ұстаттым мұңымды айтып,
Тауып бер Есіміңді шыныңды айтып.
Болмаса шапқыншылық көрсетемін, 
Мұнан соң талай келем саған қайтып.
Әлім айтты:—Сөзімді тыңда, шекті,
Келіпсің кісі өлім боп құнға, шекті.
Қуыпсың қашақ болған бір байталды,
Әкелсе таптырармыз мұнда, шекті.
«Көзі көк, сары оязды пір тұттым» деп,
Өзіңді өзің ұлық қылма, шекті.
ұрлаттым сол Есімге мен де атымды,
Ант, иман, нанамысың жанға, шекті. 
220
230
240

36
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
36
37
Егерде ақыл беріп мен алдырсам,
Іс бұлай болмас еді онда, шекті.
Орысқа отыз жылдай ұстатсаң да, 
Есімді бере алмас жұрт қолға, шекті.
Балалық бірі ұл, бір қыз етті екен деп,
Елім жоқ боялатын қанға, шекті.
Арамға бір шыққансын адал болмас,
Бұл жерге ар-намысты салма, шекті.
Он жігіт қастарыңа елден алып
Ал іздеттік, ұйлығып тұрма, шекті.
Бұл Есім таптырғанмен түспес қолға,
Боларлық жігіт емес сендерге олжа.
Түйеші Есмағамбет нағашысы ед,
Бір соғып ғажап емес, кетсе сонда.
Есімнің бұл бүлігі болды уайым, 
Сөнбесе жарар еді туған айым. 
Зіркілдеп нашандік те қысып жатыр,
«Бір күнде қыз-жігітті қыл,—деп,—дайын».
Сұрады менен келіп Есім жайын,
Мен айттым бастан-аяқ осындайын.
«Шұрықта қыз бен жігіт жатыр» дедім,
Тұрғанда елім сасып не қылайын.
Екі ел боп Есімді іздеп кетті шауып,
Шұрықтан қапылыста алды тауып.
ұйқыдағы екеуін де ұстап алған,
Шешініп жатқан екен қылмай қауіп.
 
Басынан құсы ұшып, бақыты ауып,
Тіл қатпай екеуі де тұр мұңайып. 
Оңаша үй тіктіріп, құлып салып,
Тұтқын қып қыз-жігітті қойды жауып.
Шектінің қызын беріп қайырмақшы,
Күрең ат айыбына бұйырмақшы.
250
260
270

36
36
37
ЕСІМ—ЗылИҚА
Есімді бас ұры қып тұтқынға алып,
Ғашықты бір-бірінен айырмақшы.
Әлімді алдап-сулап көндіреді,
Осылай даудың өртін сөндіреді. 
Бұл болған әңгімені бастан-аяқ 
Бір досы Есімге кеп сездіреді.
Бұл билік Есімге бастан ұнамас-ты,
Ер Есім бұл қорлыққа шыдамас-ты.
Есікті бұзып шығып қыз бен жігіт,
Жүгіріп қалың атқа араласты.
Кермеде қара арғымақ, күрең ат тұр,
Өлсе де басқа малға қарамас-ты.
Аяғын үзеңгіге сала-мала,
Екеуі екі жүйрік міне қашты.
Жабыла у-шу болып атқа мініп, 
Есімнің тозаңына араласты.
Түйекөк шу дегенде бір шалатын,
Қумасам жұрт көзіне жарамас-ты.
Болмаса басқа біреу мініп қуса,
Қарақты ұстап алса, айласы асты.
Өзім қумай болмады өз баламды
Талайлар «атты бер» деп жағаласты.
Жөнелдім түйекөкпен бұлдыр қағып,
Жылмиып жермен-жексен кетті алып.
Суырылып қалың қолдан жалғыз жеттім,
Қол қатпай келе жатыр мені бағып.
Есім айтты:—Ағаеке-ай, неге жеттің,
Көзіне жаман болды-ау мына көптің.
Айрылып Зылиқадан тұтқын болып,
Жүргенше кетейін деп талап еттім.
280
290
300

38
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
38
39
Қарқынын түйе көктің о да білед:
—Мен саған деп жеткем жоқ әлім келед.
Өлемін қумасам да, жетпесем де, 
Бар бәле сен кеткен соң маған келед.
Сол кезде бүкпелімен қалды жасқап,
Менде жоқ ұрыспаққа алған аспап.
—Нағашым, қош енді,—деп жүріп кетті,
Сыпырып төбе терімді алып тастап.
Жығылдым бет-аузым қанға малып,
Түк білмей есім танып қалдым талып.
Боялған үсті-басым қып-қызыл қан,
Көтеріп үйге әкетті теңге салып.
Отырдым есім жиып, қаным жуып,
Нелер жүйрік бедеумен кеткен қуып.
Аттарын жаяу айдап кешке таман
Жете алмай келді бәрі жақын-жуық.
Құтылды қалың қолдан ерлі-зайып,
Зорығып талай тұлпар болды майып.
Төрт салдат аты жүрмей бұл да келді,
«Жеткізбей кетті,—десті,—болып ғайып».
Жиналып кеңеседі төре, қара,
Тексерді кімнен кінә, кімнен айып.
Есімді ел қашқыны деп шығарды,
Қылышпен өз әкесін қылған майып.
Ісіне екі тентек ел күймесін,
Іс қылды деп ойлады болмас лайық.
Әлімді босатады мұнан кейін
Тергемеді айыпкерсіз жолдан тайып.
Әлімді босатады мұнан кейін, 
Жиналған тарап кетті елге дейін.
Бетімен қуғыншылар кетті тозып,
Сұрау сап Омбы, Сібір, Өрге дейін.
310
320
330

38
38
39
ЕСІМ—ЗылИҚА
Сонан соң Есім қашқан болмай дерек, 
Сағындым қолға түспей неге керек.
Есімді іздеп шыққан жолым еді,
Татқан дәм кездестірді, болып себеп.
Сол қашқан жалғыз балам мынау Есім
Қызықтың кім біледі ерте-кешін.
Көрісіп мен жыламай, кім жыласын,
Ендігі өзі шертер әңгімесін.
Отырды жиылған жұрт аң-таң қалып,
Көрдік деп есіткенді көріп нанып.
Есекең төбесінде екі ақ тақырын,
Көрсетті көпшілікке тұрып алып.
Деді:—Жұртым, ендігіні Есім айтсын,
Кеткенін, тұрғандығын қайда барып.
Кезекпен Есімге де сөз берілді
Тыңдаушым, тынышталсаң құлақ салып. 
Есім
—Есекең айтып өтті менің сырым,
Бір талай мехнат берді шекті зұлым.
Мен дағы өз әкемдей іздеп келдім,
Жері жоқ жасыратын енді мұның.
Белгілі менің шекті барғандығым,
Ғашық боп Зылиқаны алғандығым.
Асында Имамбектің атым озып,
Олжалы ортасында болғандығым.
Бір тойда сегіз балуан жығып салдым,
Белгілі болды және балуандығым.
«Атыңды ұрлап қостың» деп жанжал қып,
Кешігіп сол дауменен қалғандығым.
Атымның бәйгесіне таласам деп,
Бір биге шекті Шора барғандығым.
340
350
360

40
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
40
41
Шораның үйінде бар бір сұлу қыз,
Зылиқа оның аты, ай мен жұлдыз.
Еліне шекті барып, төре бермей,
Осында жатып алдым үш айдай күз.
Сөйлестім Зылиқамен оңашада,
Жігітке қарап жату жараса ма?
Әншейін ойын ойнап әзілдестім
Ән салып, домбыраны ала сала.
Зылиқа айтты:—Бәйгеңді ала алмайсың,
Әділ би ақсақалдан таба алмайсың.
Осы елдің ниеті бұзық, атыңды алар,
Тұрғаныңда есен-аман жоғалмайсың?
Есім
—Келеді жаз да болып күн де ұзарып,
Сөйлейсің, Зылиқажан, тым қызарып.
Атыма бәйге бермей егестірсе,
Кетермін ұрласам да бір қыз алып.
Зылиқа
— Өнерді сен шығардың жатқан сайын,
Тұз-дәмін біздің елдің  татқан сайын.
Бәйгеге бір қыз алсаң не қоясың,
Күрең ат топтан озып шапқан сайын.
Бұл сөзді мұнан кейін қойып кеттік,
Басқа бір әңгімені шолып кеттік.
Тағы да үш ай жаттым сылтауменен,
Әзілдес екеуіміз болып кеттік.
Бір күні қол салайын дедім бұған,
Болмады жүрегімде титтей шыдам.
Бір күні түнде жетіп барып 
Айталы көңілімдегі барлық мүддам.
370
380
390

40
40
41
ЕСІМ—ЗылИҚА
Қыз айтты:—Бүйтеріңді біліп жүрмін,
Мен дағы жүрегімнен тынып жүрмін.
Мәңгілік алар болсаң айт сырыңды,
Қинама бір күндікке,—деді-ау құрбым.
Менің де жүрегіме байланды дерт
Бұл сөзге қалайынша боламын мерт.
«Алып сені арманымнан шығамын» деп
Ант етіп, уағдаласып байладым серт.
Тимеске уағда айтып, алысып қол,
Аймалап ақ тамақтан болғаным сол.
Сүйген сайын жүрегім жана берді,
Ғашықтыққа мұнан басқа болмады жол.
Келмекке бәлен күні уағда байлап,
Ауылға Амандағы тартқамын жол.
Қуса жетіп, қашқанда құтылам деп,
Қауіпсіз қара арғымақты алғаным сол.
Күнімде уағдалы барып жеттім,
Бір сайдың жағасында қызды күттім.
Таң ата екеуіміз атқа мініп,
Еліме он бір күнде келіп жеттім.
Жау бар деп, басқа бар деп қорынбадым,
уағдамды орындамай бой ұрмадым.
Шұрықта алты күндей түнеп жатып,
уағдалы мақсатымды орындадым.
Сонан соң Есекеңнің әңгімесі
Барлығын өз көзімен көрген кісі.
Ағаға амалсыздан қолым тиді,
. . .   . . .  . . .
*
Кез болдым тап сол күні қалың жауға,
Басымыз аман шықты, жаным сауға.
*
 Бір жол танылмады.
400
410
420

42
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
42
43
Сол қашқан бетімізбен әрмен өтіп,
Біз бардық паналауға ұлытауға.
Тәуекел етіп жүрдім әрбір жайда,
Көрген күн ұмытылмай жүреді ойда.
Дәулетті бір кең адам дегеннен соң,
Мен бардым руы қыпшақ Шашамбайға.
Жұрағат ерген деп жаптым жала
Жайлауда отыр екен бір кең дала.
Жарасып, жаным жағып, жақын болып,
Сүйікті Шашамбайға болдым бала.
Аямай қолға берді дүние-малын,
Белгілі оған дағы біздің Әлім.
үй болып, өз алдыма отау тігіп,
Сол елде дәурен сүрдім бір жыл жарым.
Көргенім тозақ, бейнет бала жастан,
Тәуекел еттім жанға қарамастан.
«Есімді көрген адам ұстасын» деп,
Ояздың тәртібімен бұйрық шашқан.
Мен сорды бір қу ауыз білдіріпті,
Есітіп шекті тағы құтырыпты. 
Қуғыншы жандаралмен келіп жетті,
«Салады-ау,—дедім,—тағы бір бүлікті».
Мен сендім Шашамбайға тындырар деп,
Мен үшін малын шашып қырдырар деп.
Қазақша бітім жасап, ебін тауып,
Аяғын бұл жанжалдың тоздырар деп.
Шашамбай қозғалма деп сендірді анық,
Кетпес деп мен де ойладым сөзден танып.
Шектіден сегіз жүз сом сыйлық алып,
Алдына бізді жаяу берді салып.
430
440
450

42
42
43
ЕСІМ—ЗылИҚА
Ақсауыт Шашамбайға:—Тоқта,—деді,
Сабазды қор қылмас жоққа,—деді.
Шашамбай бұл сөзге де қабармады:
—Былғанатын жайым жоқ боққа,—деді.
Сол жылы қара арғымақ өлген арам,
Күн болды енді бізге ылғи қараң.
Бір атқа Зылиқаны мінгізіп ап,
Бір жауыр жайдақ тұлпар берді маған.
Шектілер күрең атты жетектеді,
Жабдықтап тарта бердік болмай алаң.
Көкпеңбек үстерінде қару-сайман,
Қамығып құр келемін, бар ма шарам. 
Ер жігіт кімнен артық қор болған соң,
Байлауы Құдіреттің тор болған соң.
Бір қарап ғашығыма көзім түсті,
Мөлтілдеп ағызады көзден жасын.
—Есімді ерттеулі атқа мінгіз,—деді,
ұлы ғой мұсылманның, қор болмасын.  
—Шығарма,—деді ағасы,—даусыңды,
Көз жасың бұзық үшін көл болмасын.
Еділде келе жатыр беріп азап,
Жеткізбес айлық сапар, жерлер ұзап.
«Жездем» деп кез келгені бір-бір салып,
Қамшымен мазамды алып қылды мазақ.
Тал түсте бір үлкен сайға келіп жатты, 
Ат соғып шаршаған жұрт бәрі қатты.
Біреуін қарауылға отырғызып, 
Шалғынға күрең атты арқандатты.
Қарауыл отыр еді қалғып-шұлғып,
Кісідей түзге отырған шықтым жылжып.
Бүкпелім табанымда тағулы еді,
Арқанды жалғыз шауып міндім ырғып.
460
470
480

44
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
44
45
үстіне аяғымды арта бердім,
Қолыма, күрең атым, қайта келдің.
Ер-тоқым, жүген, қамшы бірі де жоқ,
Қақпалап екі жақтап тарта бердім.
Зылиқа:—Қош, аман бол,—деді көріп,
Кетуге ылажы жоқ соңыма еріп. 
Ер болсаң есігіме бір соғарсың,
Ажалға амал бар ма қалсақ өліп.
Сонымен жүріп кеттім құба белге,
Әрқашан медет болсын біздей ерге.
Қуғыншы ілесе алмай қала берді,
Бір ісім өлерменнің келді жөнге.
Қалың ел, қарақұрым жағалбайлы,
Мен келдім ымырттата бір көп елге.
«Ауылдан жарақтанып алайын» деп
Тастадым күрең атты сайлау жерге.
Бір үйге ел жатқан соң кірсем келіп,
Жарыс қып көз жібердім енді төрге.
Жағалай төр алдында қонақ жатыр,
Қарындары қабақтай, жуан балтыр. 
Қымызға мас, құлынның етін жеген,
Бәрі де жап-жалаңаш құлап жатыр.
Кестелі кебіс мәсі аяқ жақта, 
Есімге киіп алса бәрі татыр.
Көрінді қызғылықты бәрі көзге,
Не берсін тарыққанға мұнан өзге.
Сабаға келе сала басты қойдым,
Ат соққан неше күндей, төзбес шөлге. 
Таңдаулы бай мырзаның киімдерін,
Жайғасып киіп алдым қойып жерге.
үюлі алтын жабдық ат-тұрманы, 
Текшелеп тұрманын будым ерге. 
490
500
510
520

44
44
45
ЕСІМ—ЗылИҚА
Жоқшылық, жүдеушілік бәрі кетіп,
Жайласып және келдім жаңа түрге.
Жабдықтап күрең атты мініп алып,
Тәуекел тартып кеттім елсіз шөлге.
Түйіндім тәуекелге белді буып,
Кісім жоқ паналауға жақын, жуық.
«Осыдан Зылиқаны алмай кетсем,
Еркек боп неге керек,—деймін,—туып».
Басқаға Зылиқаны қия алмаспын,
Бұл үшін жаннан қорқып ұялмаспын.
Бір ерге арқа сүйеп іс қылмасам, 
Қызды алып мен қазаққа сия алмаспын.  
 
Берсем де күрең атты парасына, 
Шектіден кегімді алмай тұра алмаспын. 
Ойлаған мақсатымды орындамай,
Дүниеде тірі болып жүре алмаспын.
Мен бардым правител Мұқанды іздеп,
Қиын іс ғашықтықтан күдер үзбек. 
—Ардақты әруағыңа атым,—дедім,
Қор болып, тақсыр төрем, келдім іздеп.
Ағыттым бастан-аяқ іштің сырын,
Қалдырмай уақиғаның айттым шынын.
–Шектіден жесірімді ап беріңіз,
Болмады сізден басқа басар жерім.
Өлгенше құлдығыңда күн кешейін,
Ант айтып, ат көтіне мінгесейін.
Күшіңмен Зылиқаны бір алдыршы, 
Бір көріп алтын жүзін, тілдесейін.
Орысқа правител инабатты, 
Тарту қып беріп салдым, сыйлап атты.
Жанында Жамантайдай сыншысы бар
Көрсетті сыртқа шығып күрең атты.
530
540
550

46
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
46
47
Жамантай айтты:—Жігіт қырқар екен,
Қу ілген айдын көлден сұңқар екен.
Алатын ас рудан шаппай бәйгі, 
Күрең ат топтан торай тұлпар екен.
Жиналған тамашаға би мен датқа, 
Жарасар мал екен деп салтанатқа. 
Аяңдатып, желдіртіп шаптыртады,
Салдыртып ат-тұрманды күрең атқа. 
Кездіріп қойды байлап кермесіне
Ар үшін амал бар ма бермесіме. 
Талай жұрт таңдай қағып таңырқады, 
Байқарға тұс-тұсынан келмесін бе. 
Ат пен нар, асыл кілем, алтын жабдық, 
Құйылып келіп жатыр жел несібе.
Дырдумен бес-алты күн өткеннен соң
Төренің сонда арызым келді есіне.
—Есімнің білдім,—деді,—армандарын,
Ақтайын қалпын, барлық назарын.
Ат-анжам, қару-жарақ сайлағансын,
Жіберді шақырушы жандаралын. 
«Қыз бенен қыз әкесі келсін түгел, 
Ер емес Есім қыздан күдер үзер».
Тоқтаусыз деситишнайға бұйрық жазды,
«Тұтқын қып қыз әкесін бірге жібер».
Сүйікті жігіт болдым тыңайған соң,
Жүйрікті мінді төрем қоңайған соң.
Шектіден он сегіз кісі алып келді,
Көп жүріп арасында бір айдан соң.
Шекті елі бұларға да шығындаған, 
Параны асты-үстіне тығындаған.
Қалыпты қыз әкесі қызды әкелмей, 
Дүниеде байлық, шіркін, не қылмаған.
560
570
580

46
46
47
ЕСІМ—ЗылИҚА
—Иә, тақсыр, қыз келмеді мұнда,—дедім,
Қыз келмей, сірә, бітім қылма,—дедім. 
ұстадым ер еді деп етегіңнен,
Дұшманға мені таба қылма,—дедім.
Сөйлесті жауап алып үш күн ұдай, 
Басқа жұрт сөзге кірмей тұрды былай. 
Шектіден он мың теңге алтын алып,
Тағы да сұлтанымды ұрды Құдай.
Былайша правител бұйырыпты, 
Сегіз би түгел келіп жиылыпты.
Актіге сегіз жерден мөр басылып, 
Некесі әңгіменің қиылыпты.
«Әуелі өкпе, нала қойсын кекті,
Есімге мың жарым сом берсін шекті.
Базарда бес сомнан үш жүз тоқты,
Беруге ақша сонан көнсін шекті.
Бес жүзді билікақы билер алады,
Сонан көп сөйлемей тынсын шекті.
Есімге берсін тағы бір мың теңге,
Ризамын қайратына есіл ерге.
Сонымен ғашық отын бұл сөндірсін,
Қыз барсын ақ баталы берген жерге.
Қазақтың қағидасын бұзса дағы,
Есімнің шыққан жоқ па басы төрге.
Есімнің ел-жұрты жоқ, араң өнбес,
Зайғы боп көрген бейне ескен желге.
Қыз қалса өздерінде шекті түгел,
Бұған да құлақ қақпай болды пенде».
Төренің әділеті болды мәлім,
Сыртым сау, болып жүрдім ішім жалын.
Жеткізсе арманыма айтқанымнан,
Не қылам, Зылиқасыз дүние-малын.
590
600
610

48
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
48
49
Базарға правител жүрмек болды,
Жүрісін күрең аттың көрмек болды.
Бастығы жолдасының Есім болды,
Нөкерге алпыс кісі ермек болды.
Ақ шатыр тіктіреді артып түйе,
Қасына қалмай ерді бай мен би.
Отыз қой, он екі тай сойып алып,
Айдатты сауынына елу бие.
Қанымға тройкелеп жекті күйме,
Пәуеске әшекейлі алтын түйме.
Жабдықтап тоғыз қара ат салтаң алып,
Жөнелді құрметтесіп үйме-жүйме.
Ақжал ат, төрем берген бір мың теңге,
Мұнанай базарына тарттық жөнге.
Салдыртып алтын жабдық алқалатып,
Салт мініп шықты Мұқан қанкүреңге.
Ақжал ат жер баспайды мойнын толғап,
Базарға төреге еріп келдім бірге.
Сүйікті жақын жаны ашитұғын,
Мен болдым жұмсайтыны қиын жерге.
Алдына Мұнанайдың шатыр тігіп,
Көрсетті салтанатын әрбір елге.
Жапырып шалғынына бие байлап,
Қандырып жатыр малды Сулыкөлде.
Алдырды күрең атты мінемін деп,
Аралап әр көшені көремін деп.
Жанына мені бірге алып барды,
«Оязбен бір тілдесіп келемін» деп.
Қос күрең мініп алдық майдажалға,
Жиналған мыңдаған жұрт қан базарға.
Аралап тар көшені біз келеміз,
Базар тұр таң-тамаша сыймай малға.
620
630
640

48
48
49
ЕСІМ—ЗылИҚА
Қақ жарып күрең атпен келе жатты,
Дұшманның көңілін басып жабырқатты.
«Жолдасы төресімен келіскен» деп,
Мұнанай базар елін таңырқатты.
Жалтылдап омырауда алтын алқа,
Ақ жібек, ақ қалпақты киген шалқа.
Алдына бәрі келіп алдиярлап,
Тақсырлап қолын алды қайта-қайта.
Аспанға ажырайып мойнын иіп,
Бүкпеңдеп, көтеріліп бойын жиып.
Еліріп, желдей есіп аяңдайды,
Тізерлеп талпынады жерді түйіп.
Жабысып желе шоқып мен де келем,
Қараймын қанкүреңге ішім күйіп.
Ояздың қақпасына жетіп келдік,
Көп халық тамашаға келген еріп.
«Оязбен бір тілдесіп шығамын» деп,
ұстатып күрең атты кетті еніп.
үстіне қанкүреңнің мініп алдым,
Беліме бүкпелімді іліп алдым.
—Ал, қашты, ұста, төре,—деп,—Есім қашты,
Көшені қақыратып айқай салдым.
«Ал ұста, ал ұста» деп қамшы басты,
Боп қалды айқай-ұйқай «ұры қашты».
Қайнаған қан базарда мыңдаған ел,
ұстауға қалың шаңға араласты.
Кейбіреу қамшыменен ұрып қалды,
Кейбіреу етегімнен жұлып қалды.
Сатырлап мылтық, найза шақыр-шұқыр,
Аңдамай талай сорлы өліп қалды.
650
660
670

50
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
50
51
«Ал, ұста, ал кетті» деп сасып жатыр,
Кейбірі мылтықпенен атып жатыр.
Көшеде жаяу жүрген базаршыны
Аттылар абайламай басып жатыр.
Ақжал ат қосарымда жүрген бірге,
Тәуекел тар көшеде салдым өрге.
Қыр жалы зулағанда әрең тұрды,
Екпіні бейне ұқсайды соққан желге.
Жөнеліп қалың қолдан ажалым жоқ,
Қаңғырып шығып кеттім елсіз шөлге.
Қуғыншы кеш қарайып ада шыққан,
Тәуекел Еділ-Жайық тарттым жөнге.
Құтылып қуғыншыдан демімді алдым,
Түстеніп ұзын жолға ыңғайландым.
Қос күрең бірін мініп, бірін айдап,
Жайыққа Зылиқаға сапарландым.
Шектіге сегіз күнде келдім тағы,
Сыналар осы жолы ердің бағы.
Қалың ел қарақұрым көш келеді,
Атымды бұра жүрдім көрдім дағы.
Қаламын келе жатып әрбір ойға,
Тәуекел әрбір сертке белін байла.
Шектіден жалғыз кісі дұшманым жоқ,
Табылар бұл жұмысқа нендей айла.
Қисайып көшке келдім елбелеңдеп,
Қарайды қосар атқа көрмеген көп.
Астында ұзын құла торы аты бар,
Бір жігіт бара жатыр көлденеңдеп.
Атының аяңымен түйіп барад,
Қара жер қабырғасы сызып барад.
Атының аяңымен әнге басып,
Қарасын қалың көштен үзіп барад.
680
690
700
710

50
50
51
ЕСІМ—ЗылИҚА
Жақындап келдім жайын байқайын деп,
Азырақ сөйлесіп сыр тартайын деп.
Егерде ер жігіттің қалпы болса,
Тәуекел бар мұңымды айтайын деп.
Қасына жетіп келдім қамшы басып,
Қарады мойын толғап амандасып.
Ақ құба, жебелі мұрт, ұзын жігіт,
Көңілім кетті елігіп судай тасып.
—Ей, жігіт, жүзің солғын кімсің,—деді,
Қай жерден ат арытып жүрсің,—деді.
Атүсті аты-жөніңді айтшы маған,
Күн ұзақ, ермек сөзге болсын,—деді.
Ішінде кіші жүздің руым тама,
Жайлауға беттеп көшкен елім жаңа.
Екенсің бір жас бала жүзің солғын,
Тартқандай көрінесің қайғы, нала.
—Ей, аға,—дедім сонда,—мен бір мұңды,
Жолында бір ғашықтың болдым жынды.
ұстаттым шылбырымды:—ұстаңыз,—деп,
Шектіге апарып бер, сыйлық құнды.
 
Сұрасаң өз атымды,—дедім,—Есім,
Есімнің естіп пе ең әңгімесін?
Шектіде Зылиқадай ғашығым бар, 
Өзің біл, замандасым, ендігісін.
—Білемін, күрең атты Есімбісің,
Шектіні бүліктірді сенің ісің.
Сыр білмейтін кісіге жөнің [айтып],
Ақымақ, ақылың жоқ, жындымысың.
Еркек деп сеніп келіп сырыңды айттың,
Ал енді, қырын кетпес бұл жұмысың.
Табармын тірі болсам бір амалын
Басқаға бірін айтпа, білсін ішің.
720
730
740

52
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
52
53
Сол жерге қондырды  елін жинап,
—Көрейін,—деді,—саған жанды қинап.
Бермекке күйеуіне Зылиқаны,
Бұл шекті елін жинап жатыр сыйлап.
Байладым қос күреңді оңашаға,
Жиналып жатыр тойға бала-шаға.
Қыз-қатын, ауыл үсті қалың адам,
Сайрандап батып жатыр тамашаға.
—Сен жат,—деп достым тойға қалды кетіп,
Келмеді, біраз уақыт кетті өтіп.
Астында жаппа салған жатыр едім,
«Есімжан, қайдасың?» деп келді жетіп.
 Достым айтты:—Мен бардым ордасына,
үй іші толған адам төр басына.
Бардым да есік жақтан орын алдым,
Түспейді қыздың көзі болмашыға.
Жиналған жуан қарын билер екен,
Елінің басты адамы бәрі білем.
Ортаға дүниені үйіп қойған,
Будырған ала арқанмен тайлап кілем. 
лақа мен жанат, тиін, түлкі, қасқыр,
Сәукеле, асыл тондар зер еттірген.
Көрмек үшін қарын алтындатқан
Оқалап, оюлатып жарқылдатқан.
Дүниені көргендердің көзі тойып,
Мәз қылып құдаларды қарқылдатқан.
Осылай етем деген бар ғой серті,
Есепсіз дүниенің жатыр кейпі.
Ойбайласаң, өлсең де қарар емес
Дүниеге таңырқаған жұрт есіл-дерті.
Отырдым Зылиқаның көзін аңдып,
Қайғырып белін мықтап алған шандып.
750
760
770

52
52
53
ЕСІМ—ЗылИҚА
Көзіне көзім түсіп кеткен кезде,
Аузымды қисаңдаттым қызды таң қып.
Күлгендей төмен қарап тағы бақты,
Ернімді тістей қалдым күйген жан қып.
Орнынан сонда тұрып келді жарың,
Жинаулы артымда тұр бір көп сандық.
Сандықты ашайын деп арттан келді,
Тақымын бұрап қалдым, кетті қарғып.
Қайтам деп қарбаңдадым үйден тұра,
Байқамай отыр халық кеуілін дал қып.
Қыздың да кеуіліне кірді сұмдық,
Танытпай таңырқаттым етіп қулық.
Есіктен ере шығып қала берді,
Асығыс сөйлей алмай тұрды буылып.
Қолымды және қарап бір сілтедім,
«Есім» деп ернімді қалдым шүйріп. 
Сілейіп маған қарап кірпік қақпай,
Қыз тұрды кеткенімше үйге кіріп.
Түсінді, келмей қалса кінә өзінде,
Жарыңа қосыларсың болса бұйрық.
Араға бітуәші болып жүрмін,
Жегізіп кетпесең де бауыр-құйрық.
 
—Ендеше, мен жатайын бетім жауып,
Зылиқа білсе келер қылмас қауіп.
Жанына жолдас алмай жалғыз келмес,
Бәлеге ұшыратар бірі танып.
Амалдап осы жолы тақалғанда
Ишарат білдірерсің ебін тауып.
Сүйткенше «қыз келді» деді сонда,
А, Құдай, бұ момынды өзің оңда.
Жанында бес-алты әйел жолдасы бар,
Ере алмай келе жатыр қалып соңда.
780
790
800

54
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
54
55
Жамылып шекпенімді жаттым төрде,
Зылиқа қыздарымен келді бірге.
Өзіне таныс болған тас тақия,
Көк сауыр кебісімді қойдым жерге.
«Көшкен елге көріскелі келіп ек» деп,
Бұл үйде көп отырмай қайтты керіге.
Кеткен соң  тұра келдім:—Немене,—деп,
Зылиқа енді маған келе ме?—деп.
—Таныды тас тақия, кебісіңді,
Көзімді айырмадым біле ме деп.
Көзімен көріп жарың жасын төкті,
Ишарат ымдасуға екен епті.
Көзіне көзім түсіп кеткенінде,
үш рет қолыменен жерді түртті.
—Ал енді, замандасым, болды,—дедім,
Басыма қайта дәулет қонды,—дедім.
«үш күндей осы жұртта күт» деп кетті,
Күрең ат ерлігіңе бердім,—дедім. 
—Алмаймын күрең атты берме,—деді,
Ат жолдас қысылғанда ерге,—деді.
Жүргенде жау жолында жаяу қалып,
Жабыдан жаман қорлық көрме,—деді.
Қоштасып көшіп кетті беріп азық,
Қапыда сол досымнан қалдым жазып.
Сол жұртта үш күн тостым, қыз келмеді,
уағада қайда дедім алтын қазық.
Отырдым мен сарғайып ұстап атым,
Келмеді ғашық болған мархабатым.
Қос күрең бірін мініп, бірін айдап,
Ауылға жетіп келдім таңға жақын.
Шеттегі қараша үйге атты байлап,
Сыптай боп шалбарланып алдым жайлап.
810
820
830

54
54
55
ЕСІМ—ЗылИҚА
Суырып семсерімді қолыма алып,
Ордаға кіріп бардым гүлдей жайнап.
Ордаға кіріп келдім алып қылыш,
—Тәуекел болсын,— дедім,—үлкен жұмыс.
Есіктен кіріп келіп, демімді алып,
Азырақ тыңдап тұрдым етіп тыныш.
үй іші тәтті ұйықтап қалған білем, 
Білінбес байқағанға ояу дыбыс.
Жарық қып жан-жағымды тұрдым қарап,
Қалыпты шаршаған жүріс, жарға құлап.
Зылиқа бар киімін киіп алған,
Алдында қоржын, қапшық қойған сайлап. 
 
Неше күн ұйқы қысқан үйін аңдып,
Алыпты ақ жібекпен белін шандып.
Ояттым ептеп қана жақын барып,
Түсініп төсегінен түсті қарғып.
Зерлеген масақана жасыл жібек,
Тоқтамай лүпілдеді сасып жүрек.
Бауларын қиып тастап, жиып алып,
Қойныма тыға салдым, бар ғой тілек.
Қоржынды ала-мала шықтым тысқа,
Қарауыл босағада жатыр тыста.
Аяғын тәлтіректеп қыз басқанда
Деп «ойбай,—айқай салды,—мынаны ұста».
Орнынан осыны айтып тұрды ұшып, 
Қолынан ұстай алдым алдан түсіп.
«Тырп етсең, шабамынң—деп ұмтылғанда,
Жым болды, қорыққаннан артын қысып.
Қыз барып, атқа мініп қайта келді,
Күреңді көлденеңдеп тарта берді.
Екеуміз екі жүйрік мініп алдық,
Қолыма қызды Құдай қайта берді.
840
850
860
870

56
ҒАШыҚТыҚ  ДАСТАНДАР
56
57
Құбылды көңіл, шіркін, қалған жасып,
Еліред ат мінгенсін судай тасып.
Ауылдан ай астына тарта бердік,
Қосылып «гигигайлап» әнге басып.
Ит үріп, айқай-ұйқай, азан-қазан,
«Қыз қашты» деп ақырды таңмен азан.
Жүгіртіп жүйріктерге қамшы бастық,
Алдым шаң көрінеді, артым тозаң.
Тәуекел, енді түстік ұзын жолға,
Берген соң не тұру бар қызды қолға.
Сол кеткен бетімізбен үш күн қашып,
Біз келдік үлкен шаһар Орынборға.
Аралас мәстектермен жегіп арба,
Жайласып мініп рақат күлйарға
*
.
Аралап оңтүстікті екі ай жүріп,
Түсіріп қыстап қалдым Дениярға
**
.
 
Келер жыл қарақалпақ көктей өттім,
Тәшкенді бір-екі жыл мекен еттім.
Бас қосқан үш қазақтың ортасы деп,
Қоян жыл Ақмешітке келіп жеттім.
Тамадан қоныс алдым Сыр бойында,
Бейнеттің көрдім, аға, мұндайын да.
Жайладық соңғы кезде Қарақұмды,
Іздеуге Есекеңді жүрді ойымда.
Тірі болса дидарын көрейін деп,
Өлі болса дұға қып келейін деп.
Қартаятын уақыты болып еді, 
Хал-жайын барып әбден білейін деп.
*
  Қолжазбада  күлйар—шолақ арба деп көрсетілген.
**
 Қолжазбада Денияр—көл аты деп көрсетілген.
880
890

56
56
57
ЕСІМ—ЗылИҚА
Қарсақбай, Қайдауылды араладым,
Сұрау сап бес қыпшақты сараладым.
Елімнен шыққаныма екі ай болды,
Қабырға, Торғай бойын жағаладым.
Ас пенен деп іздедім тойда бар ма,
Шыбын жан табайын деп бойда барда.
Дәулеттінің дәмінде кездестірді,
Бұл үйде тап болам деп ойда бар ма.
Қуаныш көңіл жайлы болған соң жол,
Шонжарлар жиылыпсыз ақылға мол.
Баяғы тама достым таба алмадым,
Өлгенше ұмытпайтын арманым сол.
Бұлайша орындалды бір мұратым,
Қайраттан кезім емес болдыратын.
Бұл күнде жиырма жеті жасқа келді,
Әлі бар жан жолдасым күрең атым.
Жалданбайды, жүреді жоны ашылмай,
Адамның аты жолдас баласындай.
Бұл күнде бір ұл, бір қыз перзентім бар,
Сұрасаң біздің жайды, міне, осындай.
Руымды сұрасаңыз, руым—арғын,
Әкемнен алты жаста жетім қалдым.
Көрісіп мен жыламай, кім жыласын,
Қолында өсіп едім мынау шалдың.
900
910
922

58
59
Ертеде естімеген елде көп-ті,


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал