МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)



жүктеу 0.53 Mb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

ҚАРАМОЛДАЕВА Дана Омаржанқызы (10.10.1976) – 

кафедра  меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент.  Алматы  қаласында  орта  мектепті  бітірген  соң,  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтына  оқуға  түсіп,  оны 

1998  жылы  бітірді.  ―Халық  сазы  және  хореография‖ 

кафедрасында  ұстаздық  қызмет  атқара  жүріп,  2003  жылы 

«Музыканы  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі»  кафедрасына  

аспирантураға түсті. 2007 жылы 30 наурызда  13.00.02  – Оқыту 

мен  тәрбиелеудің  теориясы  мен  әдістемесі  (бастауыш,  орта 

және  жоғары  білім  жүйесіндегі  музыка)  мамандығы  бойынша 

«Формирование  ценностных  ориентаций  у  будущего  учителя 

при освоении современной эстрадной музыки (на материале курса «Музыкальный досуг 

молодежи»)  атты  тақырыпта кандидаттық    диссертация  қорғады.  Заманауи  музыканың 

құндылық  бағыттарын  анықтауды  алғаш  рет  қолға  алған  зерттеушілердің  бірі.  Қазіргі 

кезде Дана Омаржанқызы «Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» 

кафедрасының меңгерушісі. 25-тен аса ғылыми еңбектердің авторы. Қарамолдаева Д.О. 

кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысына белсене араласады. Сонымен бірге ғылыми 

ізденістерде  де  ӛзінің  алғырлығымен  кӛзге  түсті.  2010  жылы  Заманауи  музыка 

саласындағы  ғылыми  зерттеулерінің  нәтижесінде  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  жылына  бір  рет  жас  ғалымдарға  ӛтеусіз  берілетін 

Ғазиза Жұбанова атындағы  стипендияның иегері атанды.  

 

ИСАҒҦЛОВА  Ағима  (Ағайша)  Шермҧхамбетқызы 

(12.02.1945) - 1967 жылы Қазақ мемлекеттің қыздар педагогика 

институтының  музыка-педагогика  факультетін  бітіріп,  сол 

жылы  институтқа  оқытушылық  қызметке  қалдырылды.  1993 

жылы доцент, 2005 жылдан профессор. әнші, сазгер, сырнайшы.  

Қатысқан  конкурстары:  «Алло,  мы  ищем  таланты» 

(«Айгүл»  квартетімен)  -    Дипломант;  (1971  Мәскеу);  «Халық 

творчествосы»  фестивалі  («Айгүл»  ансамблімен)  -  Дипломант 

(1978  Польша);  Республикалық  «Жаңа  ғасырға  –  жаңа  ән» 

конкурсы  -  Гран-При,  (2001  Алматы);  Халықаралық  «Татар 

әндері»  фестивалі  -    Дипломант  (2001  Семей);  «Лучший  учитель  музыки  Каз  ССР»  1-

орын  (1984  Гурьев);  «Лучший  учитель  музыки  РК»  -  Гран-При  (2003  Алматы); 

Республикалық сазгерлер конкурсы 1-орын  (2009 Талдықорған). 

 Ұйымдастырушылық қызметі: «Айгүл» квартеті және ансамблі (1968); «Шаттық 

жыры»  әншілер  ансамблі  (1979);  «Қос  қарлығаш»  вокалдық  дуэт  (Г.Қарамолдаевамен 

1980); 

С.Исаев 


атындағы 

суденттердің 

«Ӛнер-жастан...» 

опера 


театры 

(Г.Қарамолдаевамен  1992);  Майра  Уәлиқызы  атындағы  халықаралық  әншілер 

конкурсының ұйымдастырушы (2001, 2003); Алматы қаласы Әуезов, Бостандық, Алатау 

аудандары  ардагерлер  хорының  жетекшісі  (2000).  Қазақ  радиосы  және  теледидары 

алтын қорында 120-дан  астам орындаған, шығарған, сүйемелдеген  еңбектері  сақталып, 


эфирден берілуде, әрі «Қазақстан», «Хабар», «Еларна», «СТВ», «Алматы», «Мәдениет» 

арналарында  музыка  ӛнерінің  бүгіні  мен  болашағы,  мектептегі  музыкалық  тәрбие 

проблемалары  жӛнінде  әңгіме-сұхбат,  кездесулерге  қатысуда.  «Әуелетіп  ән  салса 

сырнайменен»,  «Кӛкпар»,  Майра  Уәлиқызы  творчествосына  арналған  сырнаймен  ән 

салу      бағдарламасымен  республика  кӛлемінде  концерттер  ӛткізеді.  40-тан  астам 

әндердің  авторы  «Кӛкпар»,  «Болдым  ғашық  ӛзіңе»,  «Отаным  Қазақстан», 

«Талдықорған», «Туған жер», «Аталарым», «Бекет-ата», «Тағдыр» және т.б. 2009 жылы 

«Кӛкпар» атты СD дискісі шықты.                                        



 

   КАДЫРОВА  Райкҥл  Қадырқызы  (29.03.1951)  -  1969-

1971 жылдары қазақтың кӛрнекті режиссері Асқар Тоқпановтың 

шақыруымен  Жамбыл  облыстық  ―Абай‖  атындағы  қазақ  драма 

театрында  театр  актрисасы  болып  жұмыс  істеген.  1975  жылы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын  бітірген. 

 1975-1994  жылдары  ―Қорқыт  ата‖  атындағы  Қызылорда 

педагогикалық  институтында,  педагогикалық  училищесінде, 

музыка 


училищесінде 

оқытушы, 

дайындық 

бӛлімінің 

меңгерушісі, педагогикалық практика және оқу-тәрбие  істері жӛніндегі  директордың 

орынбасары;  1994-1996  жылдары  Есік  техникалық  лицейінің  директоры;  1996-1999 

жылдары  халықаралық  қазақ  –  түрік  шығыстану  лицейінің  оқу  ісі  жӛніндегі 

орынбасары,  Қазақстан  жағынан  директоры;  1999  жылдан  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  кадр  бӛлімінің  бастығы.  Бірнеше  ғылыми  еңбектері 

мен  марапаттары  бар.  ―Қазақстан  Республикасы  Білім  беру  ісінің  құрметті 

қызметкері‖.  

 

  ҚОЖАҒҦЛОВА  Гҥлнар  Есенқызы  (15.08.1965)  – 

педагогика  ғылымдарының  кандидаты.  1990  жылы  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  инситуты  «Педагогика 

және  психология»  мамандығы,  2003-2005  жылдар  «Бос 

уақыттың  мәдениеттілігі    ісі»    маманығы  бойынша  жоғары 

білім  алды.  2003-2006  жылдар  аралығында  Қазақ  Мемлекеттік 

қыздар педагогикалық институтының аспирантурасын (күндізгі 

бӛлімі)  тәмәмдайды.  1992  жылдан  Қазақ  Мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  «Мәдени-бұқаралық  жұмыстардың  теориясы  мен 

әдістемесі»  кафедрасында  студенттерге  тәлім-тәрбие  беріп  жүрген  белді  педагог-

ғалымдардың  бірі.    Қазақстанда  балалар  мен  жасӛсіпірімдердің,  жастардың    бос 

уақытын  тиімді  ұйымдастырудың  жолдарын,  мәдени-тынығу  мекемелерінің  қазіргі 

заман талабына  сай даму мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген ғалым

.   


 

 

    АМАНҚҦЛОВА Ләйлә  Әбдірайымқызы (21.08.1974) - 

1991-1994  жылдары  Қаскелең    мәдени-ағарту  училищесінің 

режиссерлық  бӛлімін,  1994  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  институтының  музыка-педагогика  факультетін 

және  филология  факультетін    аяқтаған.  1998  жылдан  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институты,  «Мәдени-

бұқаралық 

жұмыстардың 

теориясы 

мен 


әдістемесі» 

кафедрасының аға оқытушысы 

Ректор  Д.Ж.Нӛкетаеваның  жарлығымен  мемлекетіміздің    білім  беру  саласындағы 

жемісті еңбегі және елімізге қажетті білікті педагог мамандар даярлаудағы үлесі үшін 

Құрмет  грамотасымен  марапатталды.  Дүниежүзі  қазақтар  қауымдастығының  алғыс 

хаты,  Шетел  қазақ  қаламгерлерінің  дәстүрлі  мүшәйрасына  қатысқаны  үшін  

дипломмен  марапатталған.  Ӛнер  сапарымен  республикамыздың  қалаларында, 

Венгрия,  Австрия,  Чехия,  Қытай,  Ӛзбекстан  шет  елдерінде  болған.  Қазіргі  таңда 

оқытушылықпен қатар ғылыми әдістемелік жұмыстармен айналысуда. 

 

          АКИМБАЕВА  Ғалия  Тӛлеутайқызы  (28.12.1966)  –  1988 

жылы Сарқан қаласындағы Мәдени - ағарту училищесінің «Клуб 

қызметкері»  мамандығын,    1990-1995  жылдары  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтының  Музыка-

педагогика  факультетінің  «Музыка  мұғалімі»  мамандығы 

бойынша бітірген. 

1995-1997  жылдары  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 

институтының  «Халық  сазы  және  хореография»  кафедрасында 

концертмейстрлік  қызметін  атқарды.  1997-2003  жылдар   №  148  бастауыш,  2003-2007 

жылдар  № 104 қазақ орта мектебінде «Музыка» пәнінің мұғалімі,  2007-2009  жылдар 

Алмалы  ауданының  №4  Оқушылар  үйінде    «Әдіскер»  болып  қызмет  атқарды.    2009-

2011    жылы  Ӛнер  және    және  мәдениет    факультеті,  деканының  тәрбие  және 

концерттік-орындаушылық  істері  жӛніндегі  орынбасары  және  «Мәдени-бұқаралық 

жұмыстардың  теориясы  мен  әдістемесі»  кафедрасының  аға  оқытушысы  қызметін 

атқарады.  Білім  беру  саласындағы  шығармашылық  ізденістері,  білікті  мамандарды 

даярлау  еңбектері  бағаланып,  бірқатар  мақтау  грамоталары,  Алғыс  хаттармен  және 

―Үздік  ұйымдастырушы‖  номинациясымен  марапатталған.  Ғалия  Тӛлеутайқызы  ӛзі 

қызмет  ететін  ортада  беделді,  қоғамдық  жұмыстарға  белсенді,  ізденімпаз,  еңбек 

сүйгіш, жауапкершілігі зор, мәдениетті азаматша. 

 

 

 

 


          

ЖАЙЛЫМЫСОВА 

Гулжазира 

Ақжігітқызы 

(10.10.1978)  -  1995-1999  жылдар  «Шымкент  саз»  колледжінің 

«Ән  салу»  мамандығы  бойынша  бітірген.  2001жылы 

Құрманғазы  атындағы  Қазақ  Ұлттық    консерваториясына  оқуға 

түсіп,  2005  жылы  «Музыкалық  білім  берудегі  педагог  және 

психолог»  мамандығын  алған.  2005  жылы  Қазақ  мемелекеттік 

қыздар  педагогикалық  иниститутында  «Хореография»  және 

«Жалпы  психология»  кафедрасында  оқытушы  қызметін 

атқарған.  2011-2013  жылдар  Қазақ  мемлкеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  Педагогика  және  психология 

факультеті, «Теориялық және практикалық психология» кафедрасының «Психология» 

мамандығына магистратураға түсіп, «Психология» мамандығы бойынша «Психология 

магистрі»  академиялық дәрежесін алды. 2013 жылы Мәдени-бұқаралық жұмыстардың 

теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының    магистр,  аға  оқытушы  қызметін  атқарады. 

Ғылыми ізденістерде 12- ден аса ғылыми мақалалардың авторы. 

 

 

          

  БЕЛҒОЗИЕВА Ҧлбосын Бекқҧлқызы (29.01.1983)  

-    2000-2004  жылдар  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 

институтының 

―Музыкалық 

білім 

және 


мәдениет‖ 

факультеті  ―Музыка  мұғалімі‖  мамандығын  алған.  2006 

жылы 

Орал 


қаласында 

Ә.Бейсеуов 

атындағы 

І 

Республикалық  ―Армандастар‖  атты  байқауда  І-ші  орын, 



2007 жылы Болгарияның Варна қаласында ӛткен ―Надежды, 

таланты,  мастера‖  атты  ХІІ–Халықаралық  байқаудың 

дипломанты,  2008  жылы  Орал  қаласында  Ескендір 

Хасанғалиев  атындағы  V  –  Халықаралық  ―Атамекен‖ 

байқауында  романс  жанры  бойынша  ІІ-ші  орын  иегері  және  2009  жылы  Испанияның 

Барселона  қаласында  ӛткен  ―Музыка  и  танец‖  байқауында  бас  жүлде  иегері  атанған. 

Республикалық  және  халықаралық  конкурстардың  лауреаты,  әнші,  композитор.  2006 

жылы ―Күн шыққанда күліп оян‖, 2008 жылы ―Жүрек сыры‖, 2010 жылы ―Халқымның 

әндері – бойтұмарым‖ атты 3 әндер жинағы жарық кӛрген. 2011-2013 жылдары ―Ӛнер 

және мәдениет‖ факультеті ―Музыкалық білім‖ мамандығы бойынша магистратурасын 

бітірген,  «Мәдени-бұқаралық  жұмыстардың  теориясы  мен  әдістемесі»  кафедрасында 

аға оқытушы қызметін атқарады.  Халық композиторлары мұралары арқылы тұлғаның 

эстетикалық  мәдениетін  қалыптастыру  атты  оқу  құралы,  25  ғылыми  еңбектерінің 

авторы.  Белғозиева  Ұлбосын  кафедрада  ӛз  жұмысына  үлкен  жауапкершілікпен 

қарайды  және  университет  қабырғасында  ӛтетін  түрлі  мерекелік  кештерге  белсене  ат 

салысады, ӛз ісіне  тиянақты, ізденімпаз және ұжымда беделді, білікті маман иесі.  



 

 

 

 

            

ҚҦДАЙБЕРГЕНОВА  Әсем  Қанатқызы  (15.11.1986) 

- 2004-2008 жылдар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

институтында  «Музыкалық  білім  және  мәдениет»  факультеті, 

Мәдени  дем  алу  жұмысы  мамандығын  бітірді.  2008-2010 

жылдар  М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің 

Мәдениеттану 

мамандығы 

бойынша 

магистратурасын  аяқтаған.  2006  жылы  Қаратау  қаласында 

ӛткен  I  Халықаралық  Н.Тілендиев  атындағы  «Кел,  еркем, 

Алатауыңа!»  атты  байқаудың  лауреаты.  Осы  жылы  Тараз 

қаласында  ӛткен  70-80  жылдардағы  Ретро-әндер  фестивалінің  I-орын  иегері. 

2007жылы  Қазақ  радиосының  ұйымдастыруымен  ӛткен  «Әнді  сүйсең  –  менше  сүй!» 

республикалық  радио  байқауының  дипломанты.  2008  жылы  Павлодар  қаласында 

ӛткен VI халықаралық «Ертіс жұлдыздары» фестивалінің Гран-при иегері. 2010 жылы 

республика  кӛлемінде  ӛткізілген  патриоттық  тақырыпта  түсірілген  бейнеклиптер 

байқауында  Ж.Жақыпбаевтың  сӛзіне  жазылған  А.Исағұлованың  «Кӛкпар»  әніне 

түсірілген  бейнеклипі  II  орынды  жеңіп  алды.    Мәдени  –  бұқаралық  жұмыстардың 

теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  магистр,  оқытушысы,  «Айгүл»  вокалды 

аспапты ансамбілінің әншісі. 

 

ФОМИНА Светлана Владимировна (21.05.1952) - 1969 

жылы Алматы қаласындағы Ә.Қашаубаев атындағы музыкалық 

мектебінің,  1978  жылы  Рудный  қаласындағы  музыкалық 

училищенің  фортепиано  класын  тәмамдап,  концертмейстер 

және  Балалар  музыкалық  мектебінің  мұғалімі  болып  қызмет 

атқарды.  1996  жылы  Кыздар  педагогикалық  институтын 

бітіріп,  қосымша  фортепиано  аспабының  ұстазы  мамандығына 

ие  болды.  ―Крошка-янка-обьязанка‖  атты  мюзиклдың  авторы, 

Бірінші  Республикалық  джаз  конкурсының  лауреаты.  1989 

жылы  осы  сайыстың  ең  үздік  пианисті  дипломымен  марапатталған.  Сондай-ақ 

Республикалық    Эстрада-Цирктік  колледжде  оқытушы  әрі  концертмейстер  және  де 

Қазақконцерт  сахнасында  эстрада  жанрының  әртісі  мен    аспапшысы  қызметтерін 

атқарған.  №1  Облыстық  балалар  үйінде  бірінші  орын  алған  хордың  музыкалық 

жетекшісі,  сонымен  қатар  Зооветеринарлық  институтында  вокалды-аспапты 

ансамблінің  жетекшісі  болып  жұмыс  істеді.    1986  жылы  Студенттік  кӛктем 

конкурсында  бас  жүлдеге  ие  болды.  Оның  тәлімгерлері  Республикалық  және 

Халықаралық  конкурстардың  лауреаттары  болып  табылады.  2013  жылы  Театр 

Академиясының эстрадалық вокал бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ӛтті.  

 

 


 

 

            Джексембекова 

Меңсҧлу

Искакқызы  (21.02.1949)  1969  –  музыкалық  училишесін 

бітірді. 



            1973 

–  ҚазМемҚызПИ    музыка-педагогикалық 

факультеті  (үздік  белгімен,  Лениндік  степендиант  иегері). 

Студенттік  жылдарында  ВИА  «Айгуль»  құрамында  саксофон 

ойнаған,  институтты  Польша,  Германия,  Франция,  Жапония, 

Моңғолия,  Ресей,  Белоруссия,  Украина  мемлекеттеріне 

танытқан. 

1991-1995  жж.  музыканы  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі  мамандығы  бойынша 

аспирантура оқыды. 

1995  ж.  ҚазМемҚызПИда  п.ғ.д.,  профессор  Джердималиеваның  Р.Р.  жетекшілігімен 

«Формирование основ педагогического мастерства в процессе методической подготовки 

учителя музыки» атты диссертация қорғады. 

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент атағы бар. 

2003-2006  жж.  күндізгі  бӛлімде  докторантураны  аяқтады.  Диссертация  тақырыбы: 

«Педагогикалық  вуздарда  пәнаралық  байланыстардың  теория-методикалық  негіздерін 

қамту». Ғылыми жетекші А.Бейсенбаева. 

Докторлық 

диссертация 

бойынша 

Мәскеуде 

академик 

В.А.Сластенина 

(2005ж.мамыр),  музыкалық  педагогика  бойынша  п.ғ.д.,  профессор  Л.А.Рапацкийден 

консультация алды. 

2008ж.қазан  айында  Түркістан  қаласындағы  Х.А.Яссауи  атындағы  Халықаралық 

қазақ-түрік 

университетінде 

Д.14.61.35 

диссертациялық 

кеңесте 


докторлық  

диссертациясын ӛте жақсы қорғады. 

Хорды    дирижирлау  және  вокал  кафедрасында  мынандай  пәндер  бойынша  сабақ 

береді:  «Хор класы», «Хорды  дирижирлеу», «ЧХП», «Хор  әдебиеті», «Вокал», «Мектеп 

хорымен жұмыс». 

Жеті  пән  бойынша  практикалық  сабақтарды  ӛте  жоғарғы  дәрежеде  В.Емельяновтың 

(Санкт-Петербург  қаласы)  және  Қазақстан  хормейстерлері  (А.Молодов,  Б.Жаманбаев 

т.б.)  әдістері  мен  жүйесі  бойынша  дәріс  береді.  Санкт-Петербург  қаласында 

В.Емельяновтың жүйесі бойынша практика жүзінде қолдануға мүмкіндік алды (1993ж.). 

«Музыка мұғалімі вокалды-хор шеберлік мектебі –Творчествалық жаттығулар», «Хор 

сольфеджио»,  «Мамандарды  дайындауда  хор  партитурасын  оқытудың  мағынасы»  атты 

курстар бойынша жұмыс жасады. 

Кӛп  жылдар  бойы  ҚазМемҚызПИ-ң  жанындағы  БЖОмен,  басқа  қалалардан  келген 

білім  кӛтеру  орталығының  тындарманы:  Абдибекова  О.А.  –  Қорқыт-Ата  атындағы 



Қызыл-Орда мемлекеттік университеті (2004); Шаймарданова Т.С; Аманжолов атындағы 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (2005), курс тындарманы оқытушы Алисова 

Р.Е. – Қорқыт-Ата атындағы  Қызыл-Орда мемлекеттік университеті (2006); Торайғыров 

атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университеті  «Орындау  ӛнері»  кафедрасының    аға 

оқытушылары  Пиговаева  Н.Ю.,  Аншикеева  Г.,  Досмухамедов  атындағы    Атырау 

мемлекеттік  университеті  «Музыкалық  білім  кафедрасы  Шапошникова  Алевтина 

Геннадьевнамен жақсы қарым-қатынастамын. (2008). 

53  ғылыми  еңбектері  (Ресей,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ӛзбекстан)  және  БҒМ-ң  

бақылауымен жарық кӛрген. 

Ең  ӛзектісі:  «Педагогикалық  вуздарда  пәнаралық  байланыстардың  теория-

методикалық  негіздерін  қамту»,  оқу  бағдарламалары,  силлабустар,  3  арнайы  курс,  11 

оқу-методикалық  құралдар,  2  методикалық  нұсқаулар,  Республикалық  журналда  36 

ғылыми мақалалар. Соның ішінде 6-ы ҚР БҒМде бекітілген. 

ҚР «Білім саласындағы үздік  қызметкер» атағына ұсынуға болады. 



 

 

 



 

 


 

 

 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал