МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)



жүктеу 0.53 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

ҚАНАХИНА  Сағира  Тӛлегенқызы  -  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  

институтының    кітапхана  факультетін  1968  жылы  бітірген.  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық  кітапханасының  оқырмандарға  қызмет  кӛрсету  бӛлімінің    меңгерушісі  болған. 

Ұлттық  кітапхананың    ―Үздік  кітапханашы‖  белгісімен,  Қазақстан    Республикасының  

«Құрмет      грамотасымен»  (24.10.  2000  ж)    және  Қазақстан  Республикасының  ―Ерен 

еңбегі  үшін‖ медалімен (12.12.2005 ж.) марапатталған.

  

 

ДЕГИТАЕВА  Людмила  Даулетқызы    -  ҚР  Президенті 



мұрағатының кеңесші директоры. 

 Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтын    1972 

жылы  бітірген.  Ол  Волгоград  облысының  Степновка  селосында 

дүниеге  келген.  1972  ж.  1960-1963  жж.-Ақтӛбе  республикалық 

мәдениет  училищесінде  оқыған.  1963-1967  жж.-ауылдық  клубтың 

меңгерушісі,  Орал  облысы  Жаныбек  ауданының  аудандық 

кітапханасының  меңгерушісі,  1967-1968  жж.  Алматы  қаласының 

№ 6 мектеп-интернатында кітапханашы-тәрбиеші, 1968-1974 жж.-студент хатшысының 

орынбасары,  Қазмемқызпи  комсомол  комитетінің  хатшысы.  1974-1979  жж.–

институткер,  Қазақстан  ЛКСМ  орталық  ұйымдастыру  бӛлімінің  жауапты  қызметкері, 

1979-1981 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филормониясының директорының 

орынбасары,  1981-1983  жж.-Алматы  қалалық  атқару  комитетінің  ұйымдастыру 

бӛлімінде  инструкторы,  1983  ж.  Алматы  қаласындағы    Әуезов  райком  партиясының 

саяси-ағарту  кабинетінің  меңгерушісі,  1983-1987  жж.-Алматы  қалалық  ағарту 

комитетінің  мәдениет  басқармасының  бастығы,  1987-1991  жж.-инстурктор,  кадр 

жұмысы  мен  ұйымдастырушының-партиялық  бӛлімінің  саяси  ұйымдастырушысы. 

Қазақстан  Компартиясының    орталық  бӛлімінде  кеңесші  қызметтерін  атқарады.    1991-

1996  жж.    кадр  бӛлімінің  аға  редеренті,  сектор  меңгерушісі,  ҚР  Мин.  кабинетінің 

президент  аппаратының  кадрлар  саясаты  бӛлімінің  бас  эксперті,  1996-1997    жж.  ҚР 

президенті  кітапханасының  жеке  архивінің  меңгерушісі,  ҚР  президенті  әкімшілігінің 

жалпы  бӛлімінің  меңгерушісі,  1997-2008  жж.  ҚР  Президент  мұрағатының  директоры. 

2008 жылдан ҚР Президенті мұрағатының кеңесші директоры болды. Марапаттары: ―За 

доблестный  труд  ‖,  ―В.И.  Лениннің  100  жылдығына  орай‖,  1970  ж.    ―Ветеран    труда‖, 

1990 ж.  ―Ерен еңбектері үшін‖, 2001 ж.  ―Қазақстан Конститутциясына 10 жыл‖, 2005 

ж.  ―Астананың 10 жылдығы‖ медалдарымен,  2008 ж.  БЛКЖО ОК Құрмет белгісімен, 

―За  активную  работу  в    комсомоле‖,  БЛКЖО  ОК-ның  құрмет  грамоталарымен 

марапатталған.  Сонымен  қатар,  қалалық,  аудандық  мәжілістердің  депутаты,  қалалық 

комитетінің мүшесі, облыстық комитетінің комсомол мүшесі, Қазақстан комсомолының 

13,14,15  съездерінің  қатысушысы,  Қазақстан  компартиясының  ӛткізілуі  мен 

дайындығының жүргізілу барысына атсалысқан. 15 томдық құжатының жинақтарының 

және  анықтама-ақпараттық  басылымдардың  жауапты  редакторы,  редколлегия  мүшесі, 

құрастырушысы болды.  

 


ТОҚСАНБАЕВА    Зоя  Қайыржанқызы  (13.12.1942)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық    институтының  кітапхана 

факультетін 1973 жылы бітірген. 1967 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық  институтының  филология факультетін тәмамдағаннан 

кейін 

осы 


институттың 

 

кітапханасында 



 

қарапайым  

кітапханашысынан  бастап  бӛлім  меңгерушісіне    дейін  кӛтеріліп 

қызмет істеді.   Ӛзінің басты жұмысымен  қоса, кӛпшілік жұмысына да 

қатысып  келеді.  1997-2000  жылдар  арасында    қаладағы  Жоғарғы  оқу  орындарының  

кітапханалар  бірлестігінің    библиография  бӛлімінің  жетекшісі,  2007  жылдан  бері 

университеттің    «Ардагерлер  кеңесінің»  тӛрайымы  қызметін  атқарып  келеді. 

Кӛпжылдық адал еңбегі үшін Халық ағарту министрлігі, салалық облыс кәсіпкер одағы 

кеңесінің,  институттың  мақтау  грамоталары  мен    кӛптеген  алғыстарын  алған.    1987 

жылы  «Еңбек  ардагері»,  2003  жылы  оқу  және  ғылым  министрлігінің    «Қазақстан 

Республикасының  құрметті ағарту қызметкері» алқаларымен марапатталған.  

 

 



АСҚАРБЕКОВА  Нават  Мҧсаханқызы  (1956)  -  ҚР  Ұлттық 

кітапханасында  «Сирек  кездесетін  кітаптар  мен  қолжазбалар» 

бӛлімінің  меңгерушісі.  Н.  Асқарбекова  Қазақ    мемлекеттік  қыздар 

педагогика  институтын  1977  ж.  бітірген.  1978  жылдан  ҚР  Ұлттық 

кітапханасында ақпараттық-библиография,Ұлттық библиография және 

ғылыми  ақпараттар  бӛлімдерінде  библиограф,  аға  библиограф,  бас 

библиограф,  сектор  меңгерушісі  қызметін  атқарады.  ҚР  Ұлттық 

кітапханасының  ―Қоғамдық  ғылымдар‖,  Мәдениет.  Тіл  білімі.  Әдебиет.  Ӛнер‖ 

реферативтік  журналдардың  редколлегия  мүшесі.  ҚР  БҒМ  М.  Әуезов  атындағы 

Әдебиет және Ӛнер институтының ғылыми меңгерушісі. ҚР Білім беру ісінің үздігі.

  

 

ДОСҚАРАЕВА 



Мәншҥк 

Қайырханқызы 

(1953) 

республикалық    кітап    музейінің    оқу  хатшысы.  1976  жылы  Қазақ 



мемлекеттік  қыздар    педагогикалық  институтын  кітапханашы-

библиограф  мамандығын  үздік  бітірген.  Жас  маман  жолдама  

бойынша  Республикалық  және  Алматы  облыстық    кітапханаларда 

жұмыс  атқарған.    1989  жылдың қаңтарында    Кітап  музейіне  тӛменгі 

дәрежелі  ғылыми  қызметкер    ретінде  жұмыс  атқаруға  шақырылады. 

Қызметін    ӛз  сатысында    орындап    кӛзге  түскен  Досқараева  М.Қ.  1990  жылы 

кітапхананың  меңгерушісі  дәрежесіне    кӛтерілді.  Оның  тәжірибесі,  квалификацияға 

сәйкестігі    мен    профиссионалды  дайындығын    ескеріп,    1991    жылы    жаңа    жоғарғы  

дәрежедегі  ғылыми  қызметкер болып саналады. 1992  жылы  оқу хатшысы  қызметіне  

кӛтерілді,  осы  уақытқа    дейін    осы  қызметпен    жұмыс  атқарып  келеді.  Республиканың 

кітап  музейінде    мәдениет   саласындағы    кӛп жылдық  қызметі    мен    ерекшелігі    үшін  

және  музейге   25 жыл толуына  орай,  Досқараева Маншүктің мерейтойы  қарсаңында  

ҚР Білім үздігі  және  ҚР-ның  мәдениет  қайраткері тӛс  белгісімен марапатталған.  

 


МОЛДЫБАЕВА  Орынкҥл  Ртайқызы  -  1977    жылы    Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтының    кітапхана 

мамандығын  бітіреді.  Жамбыл  облысы,  Луговой  ауданы,  Каменка 

селосында  туылған.  М.Әуезов  атындағы  мектепті  1966  жылы  үздік 

бітіріп,  ауылда  жұмыс  істейді.  Институтта  оқыған  кезде    қоғамдық 

жұмыстарға  қатысып,  институт  ұжымында  ӛзінің  біліктілігімен  үлкен 

беделге  ие  болып,  білікті  библиограф  атанады.  1989  жылы  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институты  әкімшілік  ұсынысымен  КСРО  жоғарғы 

Кеңесі Призидиумының атынан, Алматы қалалық атқару комитетінің шешімі  бойынша 

«Еңбек  ардагері»  медалімен      марапатталады.  Ақжарқын,  ӛз  ісіне  адал  Молдыбаева 

Орынкүл Ртайқызының істеген ісі мен еңбегі институттың Құрмет кітабына жазылған.

  

 



ИБРАЙЖАНОВА  Бибінҧр  Ермекбайқызы    (1964)    -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтын  1986  жылы 

кітапханатану 

бӛлімін 


тамамдап, 

кітапханашы-библиограф 

мамандығын    алып  шығады.  Ол  Алматы  облысы,  Жамбыл    ауданы,  

Ақтерек ауылында 1964 жылдың ақпан айында дүниеге келген. Орта 

мектепті  ойдағыдай  аяқтаған,   Ибрайжанова  Бибінұр  Ермекбайқызы, 

алғашқы  еңбек  жолын  1986  жылы    Жамбыл  ауданындағы  

Фабричный  кітапхана  филиалында    меңгеруші  болып  бастаған,  Бибінұр  

Ермекбайқызының  сол  уақыттағы    іскерлігі    ескеріліп  Жамбыл  аудандық 

орталықтандырылған    кітапханалар  жүйесінің    әдістемелік  бӛліміне  ауыстырылып, 

1990-1995 жылдар аралығында  еңбек еткен. Жұмыс барысында Бибінұр Ермекбайқызы 

Жамбыл  аудандық  орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесіне  директорлық қызметке 

тағайындалады.  Бибінұр  Ермекбайқызы    облыстық    мәдениет  басқармасының, 

облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының, «Нұр Отан» Халықтық 

Демократмиялық  партиясының  бағалы  сыйлықтарымен  қатар,  алғыс  хаттарымен  де 

бірнеше  рет  мараптталған,  білікті  басшы.  Осындай  еселі  еңбектердің    жемісі  болар 

кітапхана  директоры  Ибрайжанова  Бибінұр  Ермекбайқызы  2008  жылы  Қазақстан 

Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат  Министрлігінің    қаулысымен    «Мәдениет 

қайраткері»  деген атақ беріліп, тӛс белгіге ие болған.

  

 

МЕРЕКЕЕВА  Эльмира  Жаканқызы  (1968)  -  Алматы 



қаласы  Қазақстан-Британ    техникалық    университеті  Ғылыми 

кітапханасының  бас  менеджері.  1991  ж.  Қаскелең    мәдени-ағарту 

училищесін  үздік  бағамен,  1998  ж.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  институтын    бітірген.    Училищені  бітірген  соң 

1991-1992 жж. Алматы Энергетикалық институты кітапханасында 

библиограф, ғылымдар институтындағы  Ғылыми кітапханасында 

библиограф,  ғылымдар  институтындағы  Ғылыми  кітапханасында  

кітапханашы,  1994-2001ж.  ҚР  Ғылым  Академиясының  Орталық 

Ғылыми  кітапханасында  кітапханашы,  2001  ж.  ҚР  Ғылым 

Академиясының Сейсмология институты  Ғылыми кітапханасының меңгерушісі,  2001-



2002 жж. Н.Ә. Назарбаевтың Білім Қорына қарасты Алматы қаласындағы Халықаралық 

мектебінің  кітапхана  меңгерушісі,  2002-2005  жж.  Қазақстан-Британ    Техникалық  

Университеті Ғылыми кітапханасының директоры қызметтерін атқарады.  2004 ж. Тараз 

қаласында  ӛткен  «Жаңа  кезең-жаңа  жағдай:  жоғары  оқу  орындарында  оқырмандарға 

қызмет  кӛрсетуге  кӛмектесудегі  ғылыми-әлеуметтік  тәжірибиелерді  зерттеу» 

конференциясына  қатысушы  және  Н.Ә.  Назарбаевтың  Білім  қорына  қарасты  Алматы 

қаласындағы  Халықаралық  мектебі  кітапханасының    және  Қазақстан-Британ 

техникалық университеті ғылыми кітапханасының алғашқы негізін салушы.    

 

АХМЕТОВА  Сажида  Шахиқызы    (1938)  -  Қарқаралы 

қаласында  дүниеге  келген.  1956  жылы  Қазақ    мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  институтына  «Кітапханатану  және  библиография» 

факультетіне  оқуға  түседі.  Институт  бітірген  соң  оқу  орнының 

кітапханасында 

библиограф 

қызметін 

атқарып, 

институт 

қабырғасында  37  жыл  еңбек  етеді.  Үздік  еңбектері  үшін  құрмет 

қағаздарымен, грамоталарымен марапатталады.     

Сонымен  қатар,  Қалимаш  Садуқызы  Тазабекова,  Мәриям 

Беймембайқызы  Исина,  Шолпан  Қайруллақызы  Бахмағамбетова,  К.Ғ.  Нұрахметовалар 

болды. Олар ұстаздық қызмет атқарып, кітапханашы мамандарын даярлауға үлкен үлес 

қосты.  

Әр кезеңдерде кітапхана мамандығын Наталья Васильевна Горелова,  

К.Ғ. Нұрахметова, М.А. Ақшал, А.Г. Досумбековалар  басқарып келді. 

 

 НҦРАХМЕТОВА  Кҥләш  Ғазизқызы  (4.07.1939)  -  Қазақ 



мемлекеттік  қыздар  педагогикалык  университетінің  кітапханатану 

және  библиография  кафедрасының  доценті  міндетін  атқарған, 

педагогика  ғылымдарының  кандидаты.  1960  жылы  Қазақ  қыздар 

педагогика  институтының  кітапхана  мамандығы  бойынша  бітірген. 

Ғылыми-педагогикалық  ӛтілі-45  жыл.  60-тан    астам  ғылыми, 

ғылыми-әдістемелік еңбектері кітапханатану мамандығына арналған. 

Олардың  ішінде  жоғары  оқу  орны  студентттері  мен  осы  мамандықтың  ұстаздарына 

қажетті  оқулық,  оқу  құралдарының  авторы.  («Қазақстандағы  кітапхана  ісі  тарихы», 

«Балалардың  кітап  оқуына  жетекшілік  ету,  «Балалар  кітапханасының  жеке  және 

кӛпшілік  жұмыстары»,  «Мектеп  оқушыларының  кітап  оқуға  ынтасын  қалыптастыру», 

«Жалпы  кітапханатану»,  «Кітапханатану»,    оқу  құралының  авторы.  Кітапхана  ісі 

мамандығы  бойынша  әр  жылдардағы  білім  беру  стандарттарының  авторы.  К.Г. 

Нұрахметова    І-ІІ  Қазақстан  кітапханашыларының  Республикалық  съезінің  делегаты, 

Қазақстан  Жоғары  оқу  орны  үздік  медалі,  ҚР  Білім  беру  және  ғылым  министрлігінің 

Құрмет  грамотасының  иегері,  «За  заслуги  в  развитии  науки  РК»  тӛсбелгісімен 

марапатталған.

  


ДОСУМБЕКОВА Алма Гарибжанқызы (23.03.1948) - Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалык  университетінің  кітапханатану  және  библиография  кафедрасында  аға 

оқытушы  қызметін  атқарған.  1970  жылы  Қазмемқызпи  бітіріп,  1975  жылы    Москва 

қаласындағы  мемлекеттік  мәдениет  институтының    аспирантурасын  бітіреді.  Жалпы 

еңбек  стажы-41жыл.  1975  жылдан  Қазақ  мемлекеттік  педагогикалық  университетінде 

қызмет  атқарады.  1978-1983  жж.  кітапханатану  кафедрасында    кафедра  меңгерушісі, 

1984-2008  жж.  аға  оқытушы,  2009-2011  жж.  Қазмемқызпу    кафедра  меңгерушісі 

қызметін  атқарады.    60-тан  аса  ғылыми  оқу-әдістемелік  мақалалары  бар.  Кітапхана 

терминдері  сӛздігінің  бірлескен  авторы.  «Ақпараттық  мәдениет»,  «Глобальды  және 

жергілікті  тораптар  мен  жүйелер  (2011  ж.)  оқу  құралдарының  авторы.  50-ден  аса  

халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға (Москва, Ленинград (Санкт-

Петербург),  Орал,  Шымкент)  қатысып,  пленарлық  және    секциялық  мәжілістерде 

баяндамалар  жасайды.  Қытай  халық  республикасы  мен  Шымкент,  Орал  қаласынан 

келген  стажерларға  ғылыми-әдістемелік  басшылық  жасайды.  Ректорат,  ҚР  ғылым 

министрлігі  атынан  студенттермен  жұмыс  жасауда  басшылық  еткені  үшін    кӛптеген 

құрмет грамотасымен  марапатталған.  

 

САБДАЛИЕВА  Роза  Болысқызы  (16.05.1975)  -  Мәдениет 

саласының үздігі, кафедра меңгерушісі, доцент м.а.          

1994-1998 

жылдары 


Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогикаинститутын      «Хореография»  мамандығы  бойынша 



үздік  дипломға  бітіріп,  аталмыш  оқу  орнында  оқытушы 

қызметіне қалдырылды.  Осы жылдардағы қызметі: 1998-2005жж 

оқытушы; 2005-2011 жж аға оқытушы; 2011 оқу жылдың маусым  

айынан  доцент  міндетін  атқарушы;  2011  жылдың  қыркүйек 

айынан хореография кафедрасының меңгерушісі.  

Р.Б.Сабдалиева ӛзінің оқытушылық қызметімен қатар 2000 жылдан бері аталмыш 

кафедрада  құрылған  «Томирис»  би  ансамбліне    жетекшілік  етеді.  Р.Б.Сабдалиева    

Мәдениет  және  ақпарат  министірлігінің  қолдауымен    2013  жылдың  ақпан  айының  7 

жұлдызында  №  44    бұйрық  бойынша  «Қазақстан  Республикасының  мәдениет 

саласының  үздігі»  тӛс  белгісімен  марапатталды

2013  жылы  кафедраның  жоспары 



бойынша,    доцент  м.а.  Р.Б.Сабдалиева    Н.В.Ликучева  «Хореографиялық  мұра»  атты 

оқу-әдістемелік құрал жарыққа шықты.

  

 

 



ТҦРҒЫМБАЕВА  Бану  Дҥйсебайқызы  -  ҚР 

Мәдениет  қайраткері,  аға  оқытушы.  1996-2000  жылдар 

аралығында  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 

институтын  «Хореография  оқытушысы»  мамандығы 

бойынша  үздік  дипломмен  бітірді,  университетке 

оқытушы  қызметіне  қалдырылды.  Аталған  оқу  орнында 

қазіргі уақытқа дейін қызметін атқарады . 


Хореография кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер-тәлімгер және кафедраның 

тәрбие  жұмысын  жүргізеді.  Кафедрада  құрылған  «Томирис»  би  ансамблінің  кӛркемдік 

жетекшісі. 

 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет 

министірлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды   

 

ТИЩЕНКО  Светлана  Николаевна  (1945)    - 

концертмейстер.  1993  жылдан  бастап    Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  университетінің    хореография 

кафедрасында  сүйемелдеуші  (концертмейстер)  болып  бүгінге 

дейін  қызмет  атқарып  келеді.  Бұдан  бұрын  Абай  атындағы 

Мемлекеттік  опера  және  балет  театрында    25  жыл  балет 

труппасында    концертмейстер  болып    қызмет  атқарды. 

Арнаулы  музықалық  білімі  бар  –  1964  жылы  Ресейде 

Магнитогорскдағы  М.И.ГЛИНКА    атындағы  музықалық 

училищесін  бітірген,  1997  жылы  Қазақ  Мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  

университетінің    «Хореография  пәнінің  ұстазы»  мамандығы  бойынша  үздік  бітірді. 

Сонымен қатар  Тищенко С.Н.  ұстаз ретінде де қызмет етеді.  С.Құрманғазы атындағы 

Қазақтың  Ұлттық  консерваториясының    ансамбль  орындаушылары,  Хореография  

кафедрасында  «Хореография сүйемелдеушінің тәжірибесі» пәнінен дәріс береді. 

 С.Н.Тищенко    Қазақ  ССР–ың    Ӛнер  Қайраткері,  профессор    М.Тлеубаев  пен 

бірге «Балеттік сүйемелдеуші (концертмейстер)»  атты  оқулық әдістеме шығарды.

 

 

  



 

БАЙСЕИТОВА  Раушан  Хатиятқызы  -  ҚР  халық  әртісі, 

профессор,  Абай  атындағы  Қазақ  академиялық  опера  және  балет 

театрының  бас  балетмейстері,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  институтының  1999  ж.  түлегі.        Би  ӛнерінің 

негіздерін  орыс  балетінің  бесігі  –  Мәскеу  хореографиялық 

училищесінде    алып,  Е.Н.Жемчужин,  С.М.Месерерде  оқыған. 

Бітіретін  кездегі  қорытынды  концертінде  Минкустың  «Дон 

Кихот»  балетінен  Па-де-де-ні  орындап,  кӛрермен  кӛңілін 

аударған. 1999 жылы қыздар университетінде  білімін жалғастырған. 

     1966  жылдың  сәуірінен  бастап  Р.Байсейтова  Абай  атындағы  театрдың 

жетекші  солисі.  Балеринаның  дебюті  «Дон  Кихот»  балетіндегі  Китрл  портиясын 

орындаумен  басталды.  Китрл  бейнесін  сипаттап  берудегі  жоғары  кәсіби  шеберлік  пен 

би тәсілдерін барынша әсерлікке толы қазақ балетіне талантты әртіс келгенінінің айғағы 


болды.  Р.Байсейтовнаың  репертуарында  –  Одетта-Одилия  («Аққу  кӛлі»),  Аврора 

(«Ұйқыдағы ару»), Жизель («Жизель»), Гамзатти («Баядерка»), Фигия («Спартак») және 

ағымдағы репертуарлардың барлық жетекші партиялары бар.  

  

ҚАДЫРОВА  Майра  Шавқатқызы  -  ҚР  Еңбегі 

сіңген  әртісі,  Алматыдағы    А.Селезнев  атындағы 

хореография  училещесінің  кӛркемдік  жетекшісі,  қыздар 

университетінің  1996  ж.  түлегі.  Қазақ  орындаушылық 

мектебінің  қалыптасуына  елеулі  үлес  қосты.  Түзулердің 

классикалық  асылдығы,  тұрыстың  сенімділігі,  мәнердің 

элеганттылығы, жеңілдік жоғары кәсіби даярлықтың айғағы 

еді.  Әрбір  жетекші  балеринаға  таныс  қарапайым 

вариациядан  күрделі  партияға  дейін  орындаушылық  басқышының  сатыларын 

жоғарылау  түзетулердің  шыңдалған  тазалығын  бекітіп,  ең  нәзік  сезім  реңін  кӛрсете 

алушылыққа  жеткізілді.  Романтикалық  балеттерден  ғана  ол    ӛзінің  тез  әсерленгіш 

екпінін,  ақынжанды  жарқындығын  тапты.  Қадырованың  орындаған  партиялары 

«Шопенианада»  да  Жизель  («Жизель»),    «Пайдасыз  сақтықтағы»  Лилия  және  басқада 

барлық жетекші партиялары бар



ӘБДИЕВА  Ғазиза  Макешқызы  -  ҚР  еңбек  сіңірген  артисі,  «Алтынай» 

фольклорлық  би  ансамблінің  кӛркемдік  жетекшісі,  қыздар  университетінің    1999  ж.  

түлегі.       Бүгінде Талдықорғандағы Сүйінбай атындағы фольклорлық-этнографиялық 

«Алтынай»  би  ансамбілінің  жаттықтырушысы.  «Алтынай»  ансамбілінің  құрылуынан 

бастап  билерімен  кӛрермендердің  ӛнерімен  қызықтырған  биші  Ғ.Әбдиеваның 

репертуарындағы  Т.Қылышбаевпен  жұптасып  билеген.  Кейінгі  кезде  Ғ.Әбдиевамен 

жұптасып  билеп  жүр.  Бұл  екі  бишінің  орындауындағы  «Жайлауда»,  «Дала  әуендері» 

(билерді қойған Г.Орымбаева) билерінің сәтті шыққанын тілге тиек етсек, артық емес.  

 

САРҚЫТБАЕВА  Қҧралай - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 

Абай  атындағы  Опера  және  балет  театрының  жетекші  бишісі.  

А.Селенев атындағы Алматы хореографиялық училищесін,  қыздар 

университетін аяқтаған.   

1993  жылдан  бері  Абай  атындағы  академиалық  опера  және 

балет  театырында  қызмет  атқарады.  Қ.Сарқытпаева  ӛзінің  кәсіби 

шеберлігі  арқасында  аз  уақыттың  ішінде  театрдың  балет 

репертуарының  негізгі  партияларын  жақсы  меңгеріп,  жетекші  артистердің  біріне 

айналды.  Ол  орындаған  Одетта-Одилия  («Аққу  кӛлі»),  Аврора,    Флорина  ханшайым 

(«Ұйқыдағы  ару»),  Маша  («Щелкунчик»П.Чайковский),  Китри  («Дон-Кихот», 

Л.Минкус),  Жизель  («Жизель»),  Медора,  Гүлнар  («Корсар»    А.Адам),  Сильфида 

(«Сильфида»  Х.Левенсхольд),  Фригия  («Спартак»  А.Хачатурян)  және  басқа  кӛптеген 

обрыздар  галереясы  ӛзінің  сұлулығымен,  мазмұнымен,  терең  де  ойлы  орындау 

шеберлігімен кӛрермендерін баурап алады.  

 


 ОМАРБЕКОВА  Перизат  Асанқызы  (02.01.1976  ж.т.)  - 

ҚР мәдениет қайраткері, Қазақконцерт бірлестігінің жеке бишісі, 

қыздар  университетінің  1997  ж.  түлегі.    Қазақ  билерінің  ӛсіп-

ӛркендеуіне  үлкен  үлес  қосып  жүрген  бишілердің  бірі.  Халық 

билерін  орындаудағы  ерекше  кәсіби  шеберлігі  арқасында 

еліміздің  дара  бишілері  қатарына  қосылып,  кӛрермендер 

кӛзайымына  айналды.  Оның  орындауындағы  «Алтынай», 

«Айжан  қыз»,  «Атамекен»,  «Айша-Бибі»  секілді  қазақ  билері 

үлкен мән мағынаға ие. 1999-2000 ж. аралығында Үндістан Дели 

қаласының  «Катхан  Кендра»  институтында  біліктілікті  кӛтеру 

мақсатымен 1 жыл оқыды. Оның репертуары: Үндінің классикалық биі «Тарана», Испан 

биі  «Роза  Мария»,  Ұйғыр  биі  «Увертюра»,  Хорезм  биі  «Лола»,  Шығыс  биі  «О, 

махаббат», Сақ биі «Томирис-Ханша», Қытай биі «Тұңғиық» билерімен бай.  

 

ТУКЕЕВА  Жанель  Муратқызы  (1988)  -  2005  жылы 

А.В.Селезнев  атындағы  Алматы  хореографиялық  училищесін 

аяқтаған.  2005-2006ж.  аралығында  А.Я.Ваганованың    Орыс  балет 

академиясында  орындаушылық  шеберлігін  жетілдіріп,  арнайы  

сертификат  алып  шықты.    2006ж.  балет  артисті,  2007ж.  жетекші 

балет бишісі, 2010ж. Абай атындағы опера және балет театрының 

жетекші  бишісі.  2012  жылы  РФ  еңбек  сіңірген  әртісі 

С.Н.Радченконың  жетекшілігімен    орыс  ұлттық  балетіне  жетекші 

биші    ретінде  шақырылды.  Қазақстан  Республикасының  балет  ӛнерінің  жарық 

жұлдыздарының бірі.

  

 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал