МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)



жүктеу 0.53 Mb.

бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

АРАПБАЕВА 

Маржан 

(06.02.1978) 

Оңтүстік 

Қазақстан  облысының,  Боралдай  ауылында  дүниеге  келген. 

1995-1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінде 

оқиды. 

1999-2000 

жылы 

Алматы 

қаласында  107  мектепте  мҧғалім  болып  жҧмыс  жасайды. 

Маржан 

Республикалық 

және 

Халықаралық 

конкурстарға  қатысып  ӛз  талантын  дәлелдеп  жҥрген 

ізденімпаз әнші. 2002 жылы «Жас Қанат» байқауының, 2003 

жылы  «Азия  даусы»  байқауларында  лауреаты,    «Словян 

базары»  байқауының  ІІ  орын  иегері,  Чехия  мемлекетінің 

Прага  қаласында  ӛткен  халықаралық  байқауда  І  орынды 

иеленген  Маржан  ең  үздік  орындаушы  және  ең  үздік  ән  номинацияларымен 

марапатталды.  2004  жылы  «Алтын  адам»  атағының  иегері.  2006  жылы  Астана 

қаласында  ӛткен  Халықаралық  әндер  байқауында  ІІІ  орын.  2011  жылғы  «Екі  жұлдыз» 

жобасының бас жеңімпазы. 2013 жылы ең үздік орындаушы атағымен марапатталған. 



 

СТАМҒАЗИЕВА  Сандуғаш  (12.04.1978)  Алматы 

облысы,  Кеген  ауданы,  Шырғалы  селосында  дүниеге  келген. 

1997  жылы  Алматы  қаласындағы  Жүсіпбек  Елебеков 

атындағы  эстрадалық  цирк  колледжін  бітірді.  2000  жылы 



Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогикалық 

университетінің  музыкалық  білім  мамандығы  бойынша 

білім  алып,    2004  жылы  аяқтайды.  М.Мақатевтың 

«Дариға жҥрек» конкурсының лауреаты. «Сен болмасаң» 

ән  жинағының  авторы  Сандуғаш  қазіргі  таңда 

бҥлдіршіндерге  жеке  ән  сабағынан  дәріс  беріп  ән  ӛнеріне 

тәрбиелеуде. 

 

 

 

 

 

 

 СЕЙЛБЕКОВА    Уралхан  (5.09.1976)  ОҚО, 

Мақтарал 

ауданы, 

Ш.Ділдәбеков 

ауылында 

туылған.  1993-1997  ж.ж.  Алматы  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтында  «Музыка 

және  ән  айту»  мамандығы  бойынша  білім  алды. 

Институт  қабырғасында  «Вокал  класы»  пәні 

бойынша  доцент  Г.Ж.Қарамолдаеваның  класында 

оқыды    және  профессор  Б.Р.Раева  жетекшілік 

ететін    «Ұлар»  фольклорлық  ансамблінің  әншісі 

болды. 

 1997-1999 



ж.ж. 

Сүйінбай 

атындағы 

Алматы 


облыстық 

филармониясының  солист-вокалисті,  №7552  әскери  бөлімшенің  ән-би 

ансамблінің әншісі болып жұмыс атқарған. 

 1999-2008  ж.ж.  «Сырдария»  университетінде  «Ән  және  саз» 

кафедрасының оқытушысы, осы кафедраның доценті қызметтерін атқарды. 

 Оқытушылық  қызметі  жылдарында  Санкт-Петербургтің    «Невские 

чтения»  ғылыми  журналы  мен  Тамбов,  Алматы  қалалары  ғылым 

академияларының  халықаралық  журналдарында  ғылыми  еңбектері 

жарияланды.  «Сырдария»  университетінде  оқытушылық  қызметін  атқара 

жүріп, шығармашылық жұмыстан  қол үзбеген. 

 1998  ж.  Ш.Қалдаяқов  атындағы  Халықаралық  ән  байқауының 

лауреаты. 

 1999  ж.  Қытай  Халық  Республикасында  «Ұлар»  фольклорлық 

ансамблінің  құрамында      гастрольдік  сапармен  болып,  Дүниежүзілік  ІІ 

Құрылтайдың Алғыс хатымен марапатталды. 

2000ж.  Н.Тілендиев 

атындағы 

«Аққу» 


облыстық 

музыкалық 

шығармаларды орындаушылар байқауының лауреаты. 

 2003  жылы  жеке  шығармашылық  концертін  өткізгені  үшін  аудан 

әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 

 2004  ж.  «Ауыл  жылдары»  аясында  өткен  өнер  фестивалінің 

«Классикалық әнді үздік орындаушы» жүлдесімен марапатталды. 

 2006 ж. ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. 



 2008 ж. ОҚО опера және балет театрына артист болып қабылданды. 

 Театрдағы  шығармашылығы  2007  жылы  облыстық  опера  және  балет 

театрының  ашылу  идеясына  арналған  «Мәңгілік  әуендер  әлемі»,  2008 

жылы 


театр 

ғимаратының 

ашылуына 

Елбасы 


Н.Ә.Назарбаевтың 

қатысуымен  өткен  Гала-концертте  және  театрдың  алғашқы  қойылымдары 

қазақ  операларының  жарқын  беттерінен  қойылған  «Інжу-маржан» 

қойылымынан  басталып,  Дж.Вердидің  «Травиата»,  П.И.Чайковскийдің 

«Евгений Онегин» операларындағы басты партиялармен жалғасты. 

 2008-2009 

ж.ж. 

облыстық 



мәдениет 

басқармасының 

ұйымдастыруымен  өткен  «Әлем  опера  жұлдыздары  -  Шымкентте» 

халықаралық фестивальдерінің Гала-концертінде өнер көрсетті. 

 2009  жылы  П.И.Чайковскийдің  «Евгений  Онегин»  операсының 

премьерасында басты роль – Татьянаның ролін үлкен табыспен сахналады. 

Бүгінгі таңда Дж.Вердидің «Травиата» операсындағы Анина мен театрдың 

жаңа  қойылымы  Р.Леонкаваллоның  «Паяцы»  операсында  Недда  басты 

партияларды дайындады. 

 2012 жылы қараша айында Ташкентте өткен Қазақстан Республикасы 

мен  Өзбекстанның  арасындағы  дипломатиялық  қатынастардың  20 

жылдығына  арналған  Үкіметтік  ресми  концертте  екі  ел  Үкімет 

басшыларының алдында өнер көрсетті. 

 2013  жылы  екі  бірдей  жаңа  партияны  сахнаға  шығарды. 

Е.Брусиловскийдің  «Қыз-Жібек»  операсында  Қыз-Жібек,  Е.Рахмадиевтің 

«Қамар  сұлу»  операсында  Қамар  партияларын  асқан  шеберлікпен 

сахналады.  

Отбасылы, жолдасы философия ғылымдарының кандидаты Даулетхан 

Болысбаев екеуі бір қыз, екі ұл тәрбиелеуде.  

У.Сейілбекова әсем әуезді, кең тынысты, бергенінен берері көп, өзіне 

талаппен  қарайтын,  потенциалы  жоғары  кәсіби, 

білікті  әнші.    ОҚО  опера  және  балет  театрының 

әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері.   

ПАЗЫЛОВА    Гҥлзейнеп  Анафияқызы  1979  жылы 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге 

келген.  1995  жылы  орта  мектепті  «үздік  аттестатпен»,                 


1999 жылы Қазақ Қыздар мемлекеттік институтының «музыка-педагогика» факультетін 

«музыка  пәнінің  мұғалімі,  вокалдан  қосымша  мамандандыру»  мамандығы  бойынша 

«үздік дипломға» бітірген.    2005 жылы Алматы қ. Абылайхан атындағы халықаралық 

қатынастар  және  әлем  тілдері  университетінің  13-00-08  «кәсіптік  білім  беру  теориясы 

мен  әдістемесі»  Диссертациялық  Кеңесінде  кандидаттық  диссертациясын  қорғады, 

педагогика ғылымдарының кандидаты. 

  Еңбек  жолын  Алматы  қ.  №54  орта  мектепте  мұғалім  болып  бастап,  2000-2006 

жж.  «Сырдария»  университеті  (ОҚО,  Жетісай  қаласы)  «Ән-және  саз»  факультетінің 

оқытушысы,  2006  жылы  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Ӛнер  академиясының 

«аттестаттау,  аккредитаттау  және  ӛзін-ӛзі  бағалау»  бӛлімінің  басшысы,  осы  жылы 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Білім  беруді  дамыту  және 

халықаралық  қатынастар  департаментінің  бас  маманы,  2007  жылдан  бастап  Қазақстан 

Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыс және халықаралық 

қатынастар  департаментінің  бас  сарапшысы  қызметтерін  атқарды.  Қазіргі  таңда 

Қазақстан 

Республикасы 

Мәдениет 

министрлігі 

Қоғамдық-саяси 

жұмыс 


департаментінің бас сарапшысы лауазымын атқаруда. 

  Қызылорда  қаласында  ӛткен  Н.Бекежанов  атындағы  республикалық  жыршы-

жыраулар  байқауының,  Ә.Бейсеуов  атындағы  республикалық  ән  байқауының 

жүлдегері.  2002  жылы  республикалық  «Жас  қанат»,  2004  жылы  халықаралық  «Азия 

дауысы»  байқауының  аясында  ӛткізілген  «Қазақ  әні»  байқауының  қатысушысы.  2002 

жылы  «Ән  шырқайды,  ерке  қыз»  атты  алғашқы  үнтаспасы  жарыққа  шығып,  аталған 

үнтаспадағы  әндер  Қазақ  телевизиясы  мен  радиосының  алтын  қорында  сақталған. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым,  Мәдениет  және  ақпарат  министрлерінің 

алғыс хаттарымен марапатталған.  

 

Абуова  Кенжегҥл  1943  жылы  10  наурызда  Қызылорда 

облысы,  Сырдария  ауданы,  Қазіргі  Мақамбет  ауылында 

дүниеге келдім. 

 1949-57  жылдары  Қызылорда  қаласындағы  Мәншүк 

Мәметова  атындағы  педагогикалық  училищеде  оқуымды 

бітіріп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алдым.  

1961-66 

жылдары 


ЖенПИ-дің 

музыка 


бӛлімін 

тәмәмдадым. 

 Қызылорда  қаласындағы  педагогикалық  училищенің 

музыка бӛлімінде 30 жыл хор жүргізу және дирижирование пәнінен дәріс бердім. Бӛлім 

басқарған жылдарын да болды, сӛйтіп зейнеткерлікке шықтым. 

 1988 


жылы 

еңбегім 


еленіп, 

Мәскеуде 

Бүкілодақтың 

Халықағарту 

қызметкерлерінің съезіне деллегат болып қатыстым. 

 Еңбегім  үшін  Қазақ  ССР  Оқу  министырлігінің  Құрмет  Грамотасымен 

марапатталдым, ―Халық ағарту ісінің озық қызметкері‖ значогімен марапатталдым. 


 1993  жылы  педагогикалық  колледжілерінің  музыка  бӛлімі  мен  жоғарғы  оқу 

орындарының  музыка  факультетінің  ән  музыка  пәнінің  мұғалімдеріне  арналған  ―Хор 

жүргізу‖ оқу құралын жазып, бастадан шықты. 

 Қазір  тӛрт  қыз  ӛсіріп  тәрбиелеп,  немерелер  сүйіп  отырған  қатардағы 

зейнеткермін.  

 

МҦҢАТАЙ  Сымбат  (17.10.1983)  -    Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  университетінің  ӛнер  және  мәдениет 

факультетін  «Музыкалық  білім»  мамандығы  бойынша    2013 

жылы  аяқтаған.  Жас  кезінен  әншілікке  құмар  болып  ӛскен 

ӛнерпаз талантын шыңдау мақсатында  «Ән салу» номинациясы 

бойынша  халықаралық  «Ӛнерім  -  ӛмірім»  атты  вокалды-

хореографиялық  байқауға  қатысып,  лауреат  атанған.  Алтынбек 

Қоразбаев атындағы Халықаралық «Ән жырым саған - туған ел!» 

атты  әншілер  конкурсының  дипломанты.  Қазіргі  таңда  Қарасай 

ауданындағы  Қаскелең    Мәдениет  үйінің  және  мемлекеттік 

«Гүлдер» ән-би ансамблінің жоғары санатты әншісі қызметін атқарып келеді. 

 

 



НҦРЖАНОВА  Гҥлмира  Исатайқызы  (24.08.1971)  - 

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер 

және 

мәдениет 



факультетінің 

кітапханатану 

және 

библиография  кафедрасының  доцент  міндетін  атқарушы, 



педагогика 

ғылымдарының 

кандидаты. 

 Шымкент  облысының  Байырқұм  ауылында  дүниеге  келген. 

1988  жылы  Шардара  ауданындағы  Байырқұм  ауылдық  Н.В. 

Гоголь  атындағы  орта  мектепті  бітіріп  шықты.  1990-1994  жж. 

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  институтының  кітапханатану  және 

библиография  мамандығы  бойынша  бітіреді.  1994  жылдан  осы 

уақытқа  дейін  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінде  қызмет  атқарып  келеді.  2001-2005  жж.  оқытушы,  2006-2009  жж.  аға 

оқытушы,  2008-2009  жж.  Кітапханатану  және  библиография  кафедрасының 

меңгерушісі  міндетін  атқарушы,  2011  жылдан  Кітапханатану  және  библиография 

кафедрасының  меңгерушісі.  2010  жылы  13.00.01-Педагогика  мамандығы  бойынша 

кандидаттық  диссертациясын  «Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  ғылыми–

ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  (кітапханатану  және  библиография  мамандығы 

негізінде)»  тақырыбында  қорғады.  2011  жылы  педагогика  ғылымдарының  кандидаты 

ғылыми дәрежесі берілді. «Ақпараттық мәдениет», «Кітапханатану» оқу құралдарының 

және  30-дан  астам  Республикалық  және  шетел  басылымдарда  жарияланған  ғылыми 

еңбектердің авторы.  

 


МҦҚАШЕВА  Мария  Базкенқызы  (27.03.1950)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер  және  мәдениет 

факультетінің  кітапханатану  және  библиография  кафедрасының 

доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.  

1950  жылы  27  наурызда  Талды-Қорған  облысы,  Лепсы 

станциясында  дүниеге  келген.  1966  жылы  Талды-Қорған  облысы, 

Алакӛл  ауданының  Ленин  атындағы  орта  мектебін  бітірген.  1972  жылы  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтының      Кітапханатану  және  библиография 

мамандығын  бітіріп,    1972-1977  жылдарда  институт    комсомол    комитетінің  хатшысы 

болып  жұмыс  істеген.  1981-1984  жылдар  аралығында  Москва  мемлекеттік  мәдениет 

институтында  күндізгі бӛлім аспирантурасында оқыған. Ал, 1985-1986 жж. аралығында 

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтының  ғылыми  кітапханасында 

кітапханашы,  1987-1995  жылдар  аралығында  тарих-кітапханатану    факультеті 

деканының  оқу  ісі  жӛніндегі  орынбасары,  1995-1996  жылдары  тарих-кітапханатану 

факультетінің  декан  міндетін    атқарады.  2001-2006  жж.  кітапханатану  және 

библиография кафедрасында аға оқытушы, 2006 жылы доцент міндетін атқарушы, 2008 

жылдан  доцент    қызметін  атқарады.  2000-2001  жж.  осы  институттың  әлеуметтік  және 

гендерлік ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2005 

жылы  мамырда  К.14.61.09.  диссертациялық  кеңесте  «Интерактивные  технологии 

обучения  как  дидактическое  условие  успешности  учебного  процесса  в  вузе»  (на 

примере 

специальности 

Библиотековедение 

и 

библиография) 



тақырыбында 

диссертациялық  жұмысты  қорғаған.  2008  жылы  22  желтоқсандағы  шешімімен  

педагогика  мамандығы  бойынша  доцент  ғылыми  атағы  беріледі.    50-ден  аса  ғылыми 

еңбектің, оқу құралының авторы. 



 

 

ДОСУМБАЕВА  Бақыт  Серікқызы  (15.04.1949)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер  және 

мәдениет  факультетінің  кітапханатану  және  библиография 

кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты. 

         Қазақстан  Республикасының    Білім  беру  ісінің  үздігі.  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтын  1973  жылы  

Кітапханатану  және  библиография  мамандығы  бойынша  үздік 

дипломмен,  бітірген.    Ғылыми  педагогикалық  ӛтілі  -  41  жыл.  Мәскеу  мемлекеттік 

мәдениет  институтының  аспирантурасын,  бітірген.  Қазақ  ұлттық  аграрлық 

университетінің  докторантурасын  аяқтайды.  Кандидаттық  диссертациясын  1989  жылы 

Мәскеу 

мемлекеттік 



мәдениет 

институтында 

05.25.03–Кітапханатану 

және 


библиографиятану  мамандығы  бойынша  қорғаған.  2000  жылы  Үндістанда  Хайдарабад 

қаласындағы  Ұлттық  институтта  «Электронды  кітапхана  және  ақпарат  жүйесін 

басқаруды»  ағылшын  тілінде  оқыған.  1993  жылы  «Ақпарат  және  ақпарат  жүйесі» 

мамандығы  бойынша  доцент  ғылыми  атағы  берілген.  Кітапхана  қызметінде    1967 

жылдары  еңбек  етіп,  1973  жылдан  бастап  педагогтық  қызмет  атқаруда.  200-ден  астам 

кітапхана ісіне байланысты ғылыми жұмыстардың авторы.  



 

ЕСТАЕВА  Дина  Қасымбекқызы  (27.02.1948)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер  және 

мәдениет  факультетінің  кітапханатану  және  библиография 

кафедрасының  аға  оқытушысы.  1971  жылы  Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтының  Кітапханатану  және 

библиография мамандығы бойынша бітіріп шығады. Қазақ қыздар 

педагогикалық университетінде 1989 жылдан қызмет етеді. 1971 -

1972  ж.ж.  Жезқазған  қаласындағы  металургтер  мәдениет  үйінің 

кітапханасында кітапханашы қызметін атқарады. 1972 – 1989 ж.ж. 

Семей  облысы  Аягӛз  қаласының  ОКЖ-  нің  №1  орталық 

кітапханасында  аға  библиограф  қызметін  атқарады.  1989-1992  жж.  Қазақ  мемлекеттік 

қыздар педагогикалық институтында кітапханашы, аға  библиограф қызметін  атқарады. 

1993  жылдан  бастап  Қазақ  қыздар  педагогикалық  университетінің  кітапханатану  және 

библиография  кафедрасында  аға  оқытушы  қызметін  атқарады.  Бірнеше  ғылыми  – 

әдістемелік, оқу құралдарының авторы.

  

 



БАҒАШАРОВА  Бақытжамал  Тельманқызы (12.12.1959 ) 

-  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер 

және  мәдениет  факультетінің  кітапханатану  және  библиография 

кафедрасының аға оқытушысы. 

 1977-1981 

жылдары 


Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогикалық 



институтының 

«Кітапханатану 

және 

библиография»  факультетінің  кітапханашы  және  библиограф 



мамандығын бітіріп, 1981-1983 жылдары Райымбек ауданының М. 

Горький атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, 1983-1993 жылдары арасында 

Қазақ  мемлекеттік  Қыздар  педагогоикалық  институтының  ғылыми  кітапханасында 

библиограф,  аға  кітапханашы,  бас  библиограф,  сектор  меңгерушісі  болып  қызмет 

атқарады.  Ӛзінің    қабілетінің  арқасында  кәсіби  мамандығының  білікті  маманы  ретінде 

1993-2001  жылдар  аралығы  осы  университеттің  кітапханатану  және  библиография 

кафедрасына  аға  оқытушы,  2001-2007  жылдар  аралығында  Тұрар  Рысқұлов  атындағы 

экономикалық  университетінің  ғылыми  кітапханасының  директоры,  2007-2008 

жылдары  осы  университеттің  кітапханатану  және  библиография  кафедрасына  аға 

оқытушы, 2008-2012 жылдар аралығында Алматы Технология  университетінің ғылыми 

кітапханасының  директоры  болып  қызмет  атқарады.  2013  жылдың  қаңтар  айынан 

бастап,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  ғылыми 

кітапханасына  директор  болып  тағайындалады.  Республикалық  кітапханалар 

ассосиациясының  есептік  комиссиясының  мүшесі.  Республикамыздың  баспасӛз 

басылымдарында  кӛптеген  ғылыми  мақалалары  жарық  кӛрген.  Жүктелген 

жауапкершілікті  табысты  орындағаны  үшін,  бірнеше  мақтау  қағаздармен, 

дипломдармен марапатталған.  

 


АСАНОВА  Баян  Сҥлейменқызы  (12.08.1973)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер  және 

мәдениет  факультетінің  кітапханатану  және  библиография 

кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты.  

1990 жылы Кӛктал селосы, Жаркент ауданы, Алматы облысында 

Жамбыл  атындағы  орта  мектепті  бітірген.  1991-1993  жж.  жылы 

Қаскелең мәдениет училищесінің кітапхана ісі факультетін, 1993-

1997 


жж. 

Қазақ 


мемлекеттік 

қыздар 


педогогикалық 

институтының тарих-кітапханатану факультетін үздік дипломмен 

аяқтайды.  Еңбек  жолын  Ф.Э.  Дзержинский  атындағы  ӛндірістік  фабрикада  оператор 

қызметкері  (1990ж.),  А.П.  Чехов  атындағы  мемлекеттік  орталық  кітапханада  II 

категориялы  библиограф  және  мемлекеттік  республикалық  балалар  кітапханасында 

кітапханашы  (1994-1996  жж.),  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті  ғылыми 

кітапханасында  II  категориялы  кітапханашы,  бас  библиограф,  ақпаратты-кӛпшілік 

жұмыстарының сектор меңгерушісі (1997-2010 жж.), 2010 ж. осы университеттің әскери 

кафедрасына  зертхана  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарады.  Ал,  2011  жылдан  бастап 

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінде  оқытушы  болып  қызмет 

атқарады.  2003-2005  жж.  ҚР  Ұлттық кітапханасының  аспиранты,  2006-2010 жж.   Абай 

атындағы  Қазақ    Ұлттық    педагогикалық  университетінің  Академик  Т.С.  Садықов 

атындағы  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  ізденушісі.  2010  ж.  тарих  ғылымдарының 

кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. 14 ғылыми еңбегі жарыққа шықты. Марапаттары: 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрмет грамоталары.

  

 



        ҤСЕНБАЕВА  Шынар  Мутанқызы  (8.04.1982)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер  және 

мәдениет  факультетінің  кітапханатану  және  библиография 

кафедрасының аға оқытушысы.  

1999  жылы  Алматы  облысы,  Райымбек  ауданы,  Шалкӛде  орта 

мектебін үздік аттестатпен бітірген. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтын  050418-Кітапханатану  және 

библиография  мамандығы  бойынша  қызыл  дипломмен  аяқтаған. 

2005 

жылы 


Педагогика-психология 

мамандығының 

магистратурасын  қызыл  дипломмен  бітірген.  2005  жылы  педагогика  магистрі  ғылыми 

дәрежесін  алады.  Ғылыми  жұмысының  тақырыбы:  «Студенттердің  ӛзіндік  жұмысы  – 

танымдық іс-әрекетті қалыптастыру құралы». Еңбек ӛтілі жоғары оқу орнында  9  жыл.  

Бірлескен авторлармен оқу құралы, ғылыми еңбектердің авторы.  



       

САҒЫНОВА  Айнҧр  Бақбергенқызы  (9.02.1977)  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер  және  мәдениет 

факультетінің  кітапханатану  және  библиография  кафедрасының 

оқытушысы.  1984  жылы  Қоңырат  қаласындағы  №  83  темір  жол  орта 

мектептің  1  сыныбына  барып,  осы  мектепте  1994  ж.  11  сыныпты 

бітірген.  1995  ж.  Алматы  қаласындағы  Қазақ  Мемлекеттік  қыздар 



педагогикалық  институтының  тарих-кітапхана  факультетіне  түсіп,  оны  1999 ж.  бітіріп, 

кітапханашы-библиограф  мамандығын  алған.  Институтты  бітіргеннен  кейін  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  кітапханасына  жұмысқа  алынып,  ол  жерде  Кітапханаларды 

дамыту  орталығында  методист,  Сандық  технологиялар  орталығында  бас  маман  болып 

жұмыс істеген.  2009-2012 жж. Казаэропроект РМК-ға кітапхана меңгерушісі, 2012-2013 

жж.  ҚР  Ұлттық  кітапханасының  Сыртқы  байланыстар  бӛлімінде  меңгеруші,  Сирек 

кездесетін кітаптар және қолжазбалар бӛлімінде жетекші маман болып қызмет атқарды. 

2013  ж.  тамыз  айынан  Қазақ  Мемлекеттік  қыздар  университетінің  «Ӛнер  және 

мәдениет»  факультетінің  «Кітапханатану  және  библиография»  кафедрасына  оқытушы 

болып қызмет атқарады.  

 

      

  КҤРІШБЕКОВА  Алма  Аубакирқызы  (18.01.1960)  -  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университеті,  ӛнер  және  мәдениет  факультетінің  кітапханатану  және 

библиография кафедрасының оқытушысы.  

        А.  Күрішбекова  Алматы  облысы,  Нарынқол  ауданы  (қазіргі  Райымбек  ауданы), 

Нарынқол  ауылында  дүниеге  келген.  Қазақстан  Республикасының  азаматы.  Орта 

мектепті  бітіргеннен  кейін  1977  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 

институтының  «Кітапханатану»  факультетіне  түсіп,  1981  жылы  осы  аталған  

факультеттің    «кітапханашы-библиограф»  мамандығын  күндізгі  бӛлімін  оқып  бітіреді. 

Еңбек жолын 1981 жылы Республикалық балалар кітапханасында 

кітапханашы болып бастап, аға кітапханашы деңгейіне кӛтерілген. 

1987  жылдан  бастап  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 

институтының  кітапханасына  аға  кітапханашы  болып  жұмысқа 

алынады.  Ӛзінің  біліктілігімен,  шебер  ұйымдастырушылық 

қабілетімен  кӛзге  түскен  маман,  1996  жылы  кітапхананың  бӛлім 

меңгерушісі  болып  тағайындалады.  Республикалық  деңгейдегі 

түрлі  семинар-конференцияларға  қатысып,  заман  талабына  сай 

озық тәсілдерді кітапхана ісіне енгізу мақсатында бірталай жұмыс 

атқарып,    тәжірибелік  білімін  теориялық  біліммен  ұштастыра,  Кітапханатану  және 

библиография  кафедрасында    ұстаздық  қызмет   атқарып  жүр.   А.А     Күришбекованың 

33  жылға  жуық  ӛлшеусіз  еңбегі  назардан  тыс  қалған  жоқ.  2004  жылы  қараша  айында 

«Қазмемқызпидің әлеуметтік дамуына зор үлес қосқаны үшін» институт ректоры алғыс 

хатымен,  2009 жылы «Тәуелсіз  Қазақстанның  рухани  және  әлеуметтік  дамуы  жолында 

қол  жеткен  табыстары  және  оның  гүлденуіне  қосқан  үлесі  үшін»  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  құрмет  грамотасымен  марапатталады.  2012  жылы  «Ізденіс»  №3  (1) 

ғылыми  журналында  «Алаулап  от  кешкен-ару  қыз»,  2012  жылдың  31  мамырында 

«Қыздар  университеті»  газетінде  «Оқырман  сұранысын  қанағаттандыру  –  кітапхана 

міндеті»,  2013  жылы  «Хабаршы»  №1  (АГУ)  журналында  «Жастардың  бойына 

патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру»,  2013  жылдың  қараша  айында  «Дәстүр» 

журналының  №  6    санында  «Ұлттық  тәрбиенің  ұрпақ  тәрбиесіндегі  маңызы»  атты 

мақалалары жарық кӛрді.  




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал