МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)



жүктеу 0.53 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

 АХМЕТОВА 

Аймкҥл 

Қадырбайқызы 

(1955) 


– 

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.  

 Халықаралық  Педагогикалық 

білім  беру  ғылымдар 

академиясының мүше-корреспонденті (МАНПО). 

 Қызылорда  музыкалық  училищесін  «хор  дирижерлау» 

(1975),    Құрманғазы  атындағы  Алматы  мемлекеттік 

консерваториясын  «Хор  дирижерлау»  (1981)  мамандығы 

бойынша  бітірген.  2003  жылы    13.00.02  –  «Оқыту  және 

тәрбиелеу  теориясы  мен  әдістемесі  (бастауыш,  орта  және 

жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  музыка)»  мамандығы  бойынша 

ҚазМемҚызПИ-де 

кандидаттық 

диссертациясын 

қорғап, 


музыкалық 

білім 


берудің 

теориясы 

мен 

әдістемесі 



кафедрасында  доцент  болып  қызмет  атқарды.  2009  жылдан  бастап  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ  Музыкалық  білім  беру  және  хореография  кафедрасының  доценті,  2011 

жылдан  меңгерушісі.  

        Негізгі еңбектері

 



«050106 –Музыкалық білім беру» (бакалавриат, магистратура, 2006 г.)  

мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың серіктес авторы, 

«5В010600  – Музыкалық  білім  беру»  бойынша  білім  бағдарламасының  авторы  (Абай 

атындағы ҚазҰПУ, 2012); 

 

80 ғылыми жұмыстардың авторы: 1 монография, 4 оқу-әдістемелік  



құралдар,  пәндер  бойынша  типтік  бағдарламалар,  «Теория  музыкального 

образования»  атты  оқулықтың  (авт.  Э.Б.Абдуллин,  Е.В.Николаева)  қазақшаға 

аудармасы,  халықаралық  және  республикалық  ғылыми-практикалық  конференциялар 

бойынша журналдар мен материалдарында 75 астам ғылыми мақалалардың авторы; 

 

Республикалық «Үздік музыка мұғалімі» атты «050106 –Музыкалық  



білім  беру»  мамандығы  бойынша  студентті  (Әбдіразақ  Гүлпәрия)  жоғары 

деңгейде кәсіби дайындаған үшін Гран-при Дипломы (Петропавл қаласы, 2007 ж.); 

 

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  



педагогикалық университетінің Гран-при Дипломы. 

 



Ұлттық музыка академиясында «Музыкалық білім беру» мамандығы  

бойынша  мамандарды  жетілдіру  мәселелеріне  арналған  шеберлік-кластары  қазақ 

тілінде ӛткізуі (2008 ж.). (ҰМА ректоры, проф. А. Мұсаходжаеваның алғыс хаты). 

Білім беру саласы бойынша алған сертификаттары:  

 



Музыкалық  білім  беру  әдіснамасы  мен  теориясы  мәселелері  бойынша,  п.ғ.д., 

проф. Э.Б.Абдуллиннің қолымен берілген (МПМУ, Мәскеу, 2010);  



 

Инновациялық технологиялар және зерттеудегі интерактивтік әдістер мәселелері 



бойынша, С.Парамоновтың қолымен берілген (Thomson Reuters, Мәскеу, 2012); 

 



Музыкалық  білім  беру  педагогикасы,  дирижерлықты  оқыту  әдістері  мәселелері 

бойынша (Artistic Director, National Chorus of Korea professor SungKyul University Sang-

Hoon Lee, 2012); 

 



 XXXIV Республикалық орындаушылар байқауы аясында Л.Н. Павлов (Мәскеу); 

Б.Жаманбаев  және  Б.Демеуов  (Алматы)  хормейстер-дирижерлардың  шеберлік-

кластары; 

 



Музыкалық  білім  беру  ӛнері  саласында  магистрларды  даярлау  мәселелері 

бойынша, п.ғ.д., проф. Э.Б.Абдуллиннің қолымен берілген (МПМУ, Мәскеу, 2013);  

 

«Оқыту бағдарламаларды жобалау» бойынша Йорк университетінің профессоры 



Ян  Дэвис  (Ұлыбритания),  Монаш  университетінің  докторы  Элизабет  Тудбалл 

(Австралия), Назарбаев университетінің профессоры Линн Парментер. 



Зерттеу саласы. Музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі,  

музыкалық  білім  берудің  теориясы  мен  тәжірибесі;  білім  беру  үрдісіндегі 

музыкалық  ӛнер;  болашақ  музыка  мұғалім  тұлғасының  және  қызметінің  музыкалық 

білім берудің компоненттері; кәсіби білім берудің мәселелері. 



          

      ӚТЕМҦРАТОВА 

Бекзада  Серікбайқызы  (1958)  

педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  Халықаралық 

Ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі (ХАА). 

Ӛтемұратова  Бекзада  Серікбайқызы  1986  жылы  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтының  музыка-

педагогика факультетін  бітірген. 

2000  жылы  13.00.01  –  жалпы  педагогика,  педагогика  және 

білім 


тарихы, 

этнопедагогика 

мамандығы 

бойынша 


«Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беруде  қазақтың  дәстүрлі 

кӛркем  мәдениетін  пайдалануға  болашақ  музыка  мұғалімдерін  даярлау»  атты 

кандидаттық  диссертациясын  қорғады.  Осы  кезеңде  Б.С.Ӛтемұратованың  музыка 

мұғалімдерін  даярлау  мәселелері  бойынша  әдістемелік  құралдары  мен  ғылыми 

мақалалары, 1-4 сыныптарға арналған «Музыка» электронды оқулығы (ав. бірлестікте) 

жарық кӛрді. 

Ӛтемұратова  Б.С.  2001  жылдан  бері  Ұлттық  ақпараттандыру  орталығында  «Орта 

жалпы  білім  беруді  ақпараттандыру»  зертханасының  меңгерушісі,  Ғылыми  Кеңестің 

ғалым  хатшысы,  2010  жылдан  бастап  «Ақпараттандырудың  әдіснамасы  мен 

технологиясы»  бӛлімінің  меңгерушісі  қызметін  атқарады.  Ӛзі  қызмет  атқарған 

жылдары білім беруді ақпараттандыру саласында қазақстан-сингапур «MERiTS» қазақ 

тілінен  мультимедиалық  оқыту  бағдарламасы  бойынша  халықаралық  жобаларға 

әдіскер  ретінде  қатысты  (2005-2007  жж.).  Білім  беруді  ақпараттандыру  саласы 

бойынша  республикалық  және  халықаралық  семинарлар  мен  ғылыми-практикалық 

конференцияларда  баяндамалар  жасады.  Ӛздерінің  кәсіби  қызметінде  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  бойынша  мектеп  мұғалімдері  мен 

жоғары оқу орындарының оқытушыларына тренингтік курстар ӛткізді.  


Бекзада  Серікбайқызы  2010  жылы  педагогика  саласы  бойынша  доцент  атағын 

алды,  осы  жылдан  бастап  Халықаралық  Ақпараттандыру  Академиясының  (ХАА) 

корреспондент мүшесі.  

Ӛтемұратова  Б.С.  оқу  үдерісінде  цифрлық  білім  беру  ресурстарын  пайдалану 

бойынша  52

 

оқу-әдістемелік  құрал,  40-тан  астам  ғылыми  еңбектер,  20-дан  астам 



ақпараттық  құралдарды  пайдалану  мәселелері  бойынша  мақалалар  жариялады.  Бұл 

салада  жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің  1-3  сыныптарына  арналып  жасалған 

қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  «Музыка»,  5-10  сыныптарға  арналған  «Қазақ  әдебиеті» 

пәндері бойынша Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі берілген 15 

электронды оқулықтардың авторының бірі.  

Ӛтемұратова  Бекзада  Серікбайқызы  жемісті  ғылыми  және  тәжірибелік  қызметі 

үшін ҚР БжҒМ-нің Құрмет Грамоталарымен марапатталды (2006,2011 ж.). 

Оның  MERiTS  бағдарламалық  жасақтамасының  тьюторы  (Алматы,  2006), 

«Pythagoras»  мультимедиалық  кешенінің  тренер-кеңесшісі  (Алматы,  2009)  ретіндегі 

сертификаттары бар.  

 

ОСПАНОВА  Лаура  Таубалдықызы  (23.03.1983)    -  2003 

жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің 

музыкалық білім және мәдениет факультетіне оқуға қабылданып, 

2007жылы  бітірген.  2007  жылдан  бері  музыкалық  аспаптар 

кафедрасында  аға лаборант қызметін атқарып келеді.  

 

 



 

РАХЫМЖАНОВА  Дәрмен  (1945)    -  1963  жылы  Павлодар 

педагогикалық  училищесін  бітіріп,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  институтының  музыка  және  ән  мамандығына 

оқуға түсті. 

1967 жылы осы институтты аяқтаған соң музыкалық аспаптар 

кафедрасына оқытушылық қызметке қалды. Соңғы уақытқа дейін 

сол кафедрада негізгі музыкалық аспап - баян (аккордеон) пәнінің 

доценті қызметін атқарды. 

Музыка-педагогика  факультеті  деканының  оқу  ісінің  жӛніндегі  орынбасары, 

институттың оқу бӛлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 

Ғылым-ізденіс,  оқу-әдістемелік  жұмыстарының  тақырыбы:  «Жалпы  білім  беретін 

орта  мектептің  музыка  мұғалімінің  кәсіби  даярлығы  мәселелері.»,  «Музыка» 

мамандығының мемлекеттік білім стандартын, негізгі және қосымша музыкалық аспап 


– баян (аккордеон) пәндерінің типтік бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін 

даярлауға қатысты.                 

«ҚР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 

 

 



ОРАЗХАНОВА Гҥлжазира Ахметжанқызы (03.01.1944) - 

1959  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

институтына  оқуға  түседі.  1966  ж.  аталған  институтты  ән-күй 

мамандығы  бойынша  бітірген  соң,  Алматыдағы  №5  орта 

мектепте  музыка  пәнінен  сабақ  береді.  1968  ж.  бастап  ӛзі 

оқыған  институттың  халық  аспаптар  кафедрасына  баян 

аспабынан  дәріс  беру  үшін  ұстаздық  қызметке  шақырылады. 

Сол  уақыттан  бері  қарай,  41  жыл  бойына  үздіксіз  осы  салада 

еңбек  етіп  келеді.  «Мектеп  әндері»  оқулығында,  «Қазақтың 

халық 


әндері» 

хрестоматиясында 

оқушыларға, 

студенттердің  сабақ  бағдарламасына  арналған  баянға  лайықтап  ӛңдеген 

бірнеше  әндері  бар.  «Бастауыш  мектеп»,  «Музыка  әлемі»  т.б.  басылымдарда 

«Музыка 


программасындағы 

Қазақстан 

композиторларының 

аспаптық 

шығармалары»,  «Қазақтың  халық  әндерін  баян  аспабында  оқытудың  кейбір 

мәселелері»  т.б.  бірнеше  ғылыми  мақалалары  жарық  кӛрген.  1991жылы  Халыққа 

білім  беру  саласындағы  ерекше  еңбегі  үшін «Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  озық 

қызметкері» белгісімен марапатталды.  



 Ғылыми еңбектері : 

«Сырнай аспабында  мектеп  әндерін  ойнау тәсілдері», А., 2002ж.   

«Халық  музыкасының тәрбиелік тағылымы», А., 2003ж. 

«Мектеп әндері мен  билерін баян аспабында орындау шеберлігін жетілдіру», А., 

2003ж. Ұстазды еске алу «Қазақ ән-күйлерінің жанашыры еді»,  А.,  2003ж. 

«Қазақтың халық әндерін ойнаудың кейбір ерекшеліктері»,  А., 2004ж. 

 «Мектеп   әндері»,  А., 2004ж.    

 

ТӚРЕБАЕВА Клара Сағындыққызы  (1938 - 2013) -   1963 

жылы  Семей  қаласындағы  М.Тӛлебаев  атындағы    музыкалық 

учелищесінің  фортепиано  класынан  білім  алып,    1967  жылы 

ойдағылдай  аяқтайды.  Сол  жылы  Алматы  қаласындағы    Қазақ 

мемлекетттык  қыздар  педагогикалық    институтының  музыка-

педагогика  факультетіне  оқуға  түседі.    Ӛнерге  ерекше 

ықыласымен  үздік  білімі  институт  қабырғасында  оқып  жүргенде 

байқала  бастайды,  оқуды  аяқтаған  бетте  оқытушылық  қызметке 


қалдырылады.  1979  жылы  Киев  қаласында  М.Горкий  атындағы  педагогикалық  

институтының    педагогикалық  факультетінен  біліктілікті  кӛтеру  курсын  ойдағыдай 

бітіріп шығады. 

1980-84  жылдары    Ы.Алтынсарин  атындағы    Ұлттық  Білім  Академиясының 

«Эстетикалық  тәрбие  беру»  зертханасы  жанындағы  асперантурада  оқып,  1990  жылы  

Мәскеу    қаласында  кандадаттық  диссертация  қорғады,  Тақырыбы:  «Педагогикалық 

практика  барысында  болашақ  музыка    ұстаздарының  кәсіби-педагогикалық 

бағыттылығын қалыптастыру». 

1993 жылы  «педагогика доценті» ғылыми атағын алды. 

Тӛребаева  К.С.  1967-2010  жылдар  аралығында  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  музыкалық  аспаптар  кафедрасында  студенттерге  

қосымша фортепиано пәнінен дәріс берді. 

 

         

ҚАРАМОЛДАЕВА 

 

Галина 

 

Жҧмабекқызы 

(12.02.1946) – университет профессоры. М.Мәметова атындағы 

Қызылорда педагогикалық училищесінен соң 1971 жылы Қазақ 

мемлекеттік  педагогикалық  университетін  үздік  дипломмен 

бітіріп, аталған оқу орнының ұстазы болып қалдырылған. Ұзақ 

жылдар  бойы  ғылыми  жұмыспен  шұғылданып  келеді.35-ке 

жуық жарық кӛрген еңбектері бар.Қазақ мектептеріне арналған 

«Музыка»  бағдарламасының  авторы  (Р.Жәрдемалиевамен 

бірігіп 


жазған). 

Бағдарлама 

Республика 

мектептеріне 

ендірілген. 

      1993  жылы  Россияның  мемлекеттік  білім  комитетінің  ЖАК-і  доцент  атағын 

бекітті.Г.Қарамолдаеваның 

шәкірттері 

музыкалық,педагогикалық 

училищелерде,мектептерде,облыстық  филормонияларда  жұмыс  істейді.Атап  айтар 

болсақ:  ҚР  еңбегі  сіңген  әртісі  Ұ.Айнақұлова,Халықаралық  «Азия  дауысы» 

шеңберінде  ӛткен  «Алтын  домбыра»  және  «Жаңа  ғасырға-жаңа  ән»  конкурстарының 

лауреаты  Гүлнұр  Ӛмірбаева,Республикалық  конкурстардың  лауреаттары  мен 

дипломанттары  С.Абдраимова,Б.Исалиева,Ү.Сейлбекова,Ұ.Белғозиева.Халықаралық 

конкурстардың лауреаттары,Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Дина 

Хамзина және Дана Сағынтаевалар. 

       «Халыққа  білім  бері  үздігі»  (1991),    «Ы.Алтынсарин»  тӛсбелгісі  (1996)  және  

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. 

 

 

 



        

АИТОВА    Бағдат    Зуруллақызы  (27.03.1957)  -    

қауымдастырылған профессор м.а. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  университетін  бітіреді.1981-1984  ж.ж. 

В.И.Гоголь  атындағы  Қызылорда  педагогикалық  институтының 

музыка факультетінде қызмет етеді. 

  1984-1991  ж.ж.  М.Мәметова  атындағы  гуманитарлық 

педагогикалық 

колледжде 

қызмет 

еткен.1991-1997 



ж.ж. 

Қызылорда  облысы,Шиелі  ауданындағы  музыкалық  мектепте 

дәріс береді. 

  1997-2002  ж.ж. дейін М.Мәметова атындағы гуманитарлық 



педагогикалық  колледжде  қызмет  етіп  жүріп,алғашқы  ғылыми  жұмыстарының 

нәтижесін 

ӛрсете 

бастайды.Солардың 



ішінде,оқу 

бағдарламасы: 

«Хор 

класс,дирижерлау»,  «Дирижерлау  пәнінің  І-ІІ-ІІІ  курсқа  арналған  а  капелла 



шығармалары» атты оқу жинағын атауға болады. 

          2002 

жылдан 

бастап,Қазақ 



мемлекеттік 

қыздар 


педагогикалық 

университетінде  қызмет  етеді.Бұл  кезде  де,біршама  ғылыми  еңбектердің  иесі  болып, 

«Хор  және  дирижерлау  пәніне  арналған  оқу  құралы»,  «Хор  шығармаларын  кӛркем 

орындау  арқылы  дирижерлық  шеберлікті  жетілдіру  және  хор  айту  ережелері»,  «Хор 

шығармаларында 

дауыс 


резнаторларымен 

регистр 


ережелерін 

пайдалана 

отырып,вокалды-хор  техникасын  ӛсіру»  тақырыбына  ғылыми  мақалалар,студенттік 

ғылыми  конференцияларға  басшылық  етіп,сондай-ақ  хорлар  үшін  ӛңдеген 

шығармаларын,хор ұжымымен орындап,хорға  жетекшілік етіп келеді. 

 

 



 

АЙТЖАНОВА  Жанна Нҧрғалиқызы (29.10.1970) -  

хорды дирижерлау және ән кафедрасының аға оқытушысы. 

      1992  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  ӛнер  және  мәдениет  факультетін  бітіреді.    1992-

2001  жылдары  мектеп-лицейде  музыка  пәнінен  дәріс  берген.   2002 

жылдан  бастап  хорды  дирижерлау  және  ән  кафедрасының  аға 

оқытушысы. 

       2003  жылы    факультет  деканының  тәрбие  ісі  жӛніндегі 

орынбасары болып қызмет атқарды. 

 

 

       



ӚМІРХАНОВА  Шынар  Әділхановна    (01.09.  1980)   -    1999 

жылы  Алматы  қаласындағы  П.  И.  Чайковский  атындағы 

музыкалық  колледжінің    «Хорды  дирижерлау»  бӛлімін    аяқтады. 

2003  жылы    Алматы  қаласындағы  Құрманғазы  атындағы  Қазақ 

Ұлттық  Консерваториясының    «Вокалды  –  хор»    факультетін 

аяқтады.  2003  –  2010  жылдар  арасында  Алматы  қаласының  №13 

кӛпсалалы  мектеп  –  гимназиясында    музыка  пәнінің  мұғалімі 

болып  жұмыс  істеді.  2010  –  2012  жылдар  арасында  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінде    «Хорды 

дирижерлау және ән» кафедрасында  оқытушы болып жұмыс істеді. 2012 – 2014 жылдар 

арасында    Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінде    6М010600  – 

«Музыкалық білім» мамандығы бойынша магистратурада білім алып жүр. 

2013  жылы  Н.  Айнабековамен    бірге  «Хорға  арналған  хрестоматия»  атты  оқулығы 

жарыққа шықты. 

 

 

 



 

 


 

        

НИКИТИНА  Ольга  Ильинична  (04.05.1951)  -  хорды 

дирижерлау  және  ән  кафедрасының  аға  концертмейстер 

қызметін  атқарады.  И.О.Никитина  1973  жылы  Қазақ 

мемлекеттік 

университетін 

бітіріп,сол 

жылы 

Ӛскемен 


қаласының  музыкалық  училищесіне  түсіп  1976  жылы  аяқтап 

шықты. 


   1977-1980  жылдар  арасында  Алматыдағы  мемлекеттік 

консерваториясын концертмейстер қызметін атқарады. 

   1990-1995 

жылдары 


Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогикалық  университетін  үздік  аяқтап,хорды  дирижерлау 



және  ән  кафедрасында  жұмысын  жалғастыруда.2001  жылдан  бастап  аға 

концертмейстер қызметін атқарады. 

        Кӛп жылдар бойы әр түрлі духовиктер,әншілер,халық аспаптар кафедрасында 

қызмет  істеді.Соның  ішінде  хорға  концертмейстер  болуы  ерекше  деуге 

болады.Студентттік 

хор 


коллективтарымен 

хор 


фестивальінің 

жүлдегері 

болып,қаладағы  үлкен  сахналарда  ӛнер  кӛрсетті.Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінде  жасаған  15  жыл  ішінде  28  студент,5  хор  коллективті 

оқу  бітірген  түлектері  республикалық  мектептермен,жоғарғы  оқу  орындарында 

қызмет  кӛрсетуде.Ӛзінің  адал  еңбегі  үшін  бірнеше  алғыс  хат  иегері  болды.Музыка 

адам ӛмірінің жан дүниесін байытатын құрал деп санайды. 

 

 



 

        

 ҚҦСАЙЫНОВА  Қарлыға  Әділханқызы  (07.06.1947) 

ҚР Мәдениет қайраткері.  1965 – 1969 

  Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  университетінде  білім  алған.    1971  – 

1975 


 

Құрманғазы 

атындағы 

консерватория, 

вокал 

факультетінде  білім  алған.Б.Байқадамов  атындағы  қазақ 



мемлекеттік хор капелласы, Хор артисі қызметін атқарды.1975 

– 2005 


Абай  атындағы  опера  және  балет  театры,  опера  әншісі  болып 

қызмет  атқарды.2007  жылдан  бастап  ,қазіргі  уақытта      Қазақ  

мемлекеттік  қыздар  пПедагогикалық  университеті,  «хорды  дирижерлау  және  ән» 

кафедрасының  аға  оқытушысы  және  «Вокал»  секциясының  меңгерушісі.  

2013«Ізденіс»  журналы  (№1),  «Қазақ  опералары  –  ұлттық    тәрбие  кӛзі»  мақаласы 

жарық кӛрді. 2013 «Вокалды-педагогикалық репертуар» оқу құралы жарық кӛрді.  

 

         

ҦЗАҚБАЕВА  Сақыпжамал  Асқарқызы  (16.10.1949)  - 

педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор.  1972  жылы 

ҚазМемҚызПИ-дің 

музыка-педагогика 

факультетін 

үздік 


бітірген.  1972-1976  жылдарда  осы  факультетте  оқытушы  болып 

істейді.  1976-1978  жылдары  Абай  атындағы  ҚазПИ-дің 

педагогика 

кафедрасының 

стажер-зерттеушісі, 

1978-1981 

жылдары  аспиранты  болады.  1982  жылы «Становление  развитие 

музыкальной эстетического воспитание школьников Казахстана» 



тақырыбында  кандидаттық  диссертация  қорғаған.  1969-1979  жылдары  «Айгүл» 

ансамблінің белді мүшесі болды. 26 жылдан соң сахнаға қайта оралған ансамбльдің 40 

жылдық  мерейтойы  республика  кӛлемінде  кеңінен  аталып  ӛтті.  (Алматы,  Астана, 

Ӛскемен,  Атырау,  Ақтау,  Талдықорған  т.б.).  1983-1986  жылдары  ҚазМемҚызПИ 

музыка-педагогика  факультетінің  хор  дирижерлеу  кафедрасының  меңгерушісі.  1985 

жылы  доцент  ғылыми  атағы  берілді.  1986  жылдан  2001  жылға  дейін  Абай  атындағы 

Мемлекеттік  университетінде  педагогика  кафедрасында  қызмет  атқарды.  1993  жылы 

«Эстетическое  воспитание  в  казахской  народной  педагогике»  тақырыбында 

педагогикалық  ғылымға  байланысты  докторлық  диссертация  қорғады.    2001  -  2009 

жылдары Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық ӛнер академиясында оқу, оқу әдістемелік 

және  ғылыми  жұмыстар  жӛніндегі  проректор  болып  қызмет  атқарды.  2008  жылдан 

қазіргі уақытқа дейін Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері 

университетінің  педагогика  және  психология  кафедрасында  профессоры.  150-ден  аса 

ғылыми  жұмыстардың  авторы,  оның  ішінде:  «Ӛміршең  ӛнер  ӛрісі»,  «Тамыры  терең 

тәрбие»,  «Концепция  этнопедагогического  образования  студентов  высшей  школы», 

«С.Торайғыровтың  педагогикалық  кӛзқарастары», «Қазақ  этнопедагогикасы:  тәлімдік 

тағылымдар»,  «Ұлт  ӛнерін  ӛрнектеген»,  «Казахские  народные  детские  игры», 

«Формирование национального самосознания студентов при изучении педагогических 

дисциплин»,  «Служение  родному  народу»  атты  зерттеулер  мен    оқулықтар  бар. 

С.А.Ұзақбаеваның  тікелей  жетекшілігімен  46  -  кандидаттық,  14  –  докторлық 

диссертация  қорғалды.    ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Құрмет  грамотасымен, 

«Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға еңбек сіңірген» кеуде белгісімен, ҚР 

мәдениет,  ақпарат  және  спорт  министрлігінің  сыйлықтарымен,  ҚР  мәдениет  және 

ӛнерді  қолдау  мемлекеттік  қорының  «Мәдениет  қайраткері»  Құрмет  белгісімен, 

Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталды.  

 

         



  СЫЗДЫКОВА  Батес  Уразгалиевна  (1940)  -  1963  жылы  Алматыдағы 

П.И.Чайковский  атындағы  музыка  училищесінің  хор  дирижеры  бӛлімін  бітірген.          

1969  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің    ӛнер  және 

мәдениет  факультетін  бітірген  сон,еңбек  жолын  осы  факультеттің  хор  дирижеры 

кафедрасынан  бастады.  «Хорды  дирижерлау»,  «Хор  класы»  сабақтарынан  дәріс  бере 

жүріп,  «Хор  дирижеры  секциясын»  және  деканның 

орынбасары,куратор  сияқты  қоғамдық  жұмыстар  да  атқарды.           

Сыздықова Б.О. жеке сабақтар мен қатар бірнеше хор ұжымын 

бітіртіп,маман  кадрлар  дайындады.Бітіргенген  студенттері 

республикамыздың  әр  жерлерінде  мектептерде  ән-музыка 

сабағының  оқытушысы  болып,абыроймен  еңбек  етуде.           

1977  жылы  Таллин  қаласында  ӛткен  Бүкіл  Одақтық  хор 

фестиваліне 

доцент 


И.Н.Киселевскаямен 

бірге 


Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  унмверситетінің  хорымен 

қатысып,  «Фестивальдің  лауреаты»  атағына  ие  болып 

қайтқан.Сол 

сияқты 

әртүрлі 


шараларға 

 

байланысты 



фестиваль,концерттерге,конкурстарға  қатысты.                   Қазақстан  Республикасы  Білім 

беру  министрлігінің  оқу-тәрбиелік  бӛлімінің  балаларға  эстетикалық,тәрбие  беру 



бағдарламасына  сәйкес  тапсырыспен,3  сынып  оқушыларына  арнап  (аға  оқытушы 

Г.Г.Морозовамен бірлесіп)  диафильм шығарды.         Кӛп жылдарғы қажырлы еңбегі 

ескеріліп,бірнеше  мәрте  университет  пен  факультетттің  алғысына  бӛленіп,  «Еңбек 

ардагері» деген медальмен марапатталған.

  

 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал