МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

         МЕҢДАЯҚОВА  Қуанышкҥл  (15.05.1942) -    педагогика 

ғылымдарының  докторы,  профессор.    1957  жылы  М.Маметова 

атындағы  педагогикалық  училищеге  түсіп,  1961  жылы 

«Бастауыш  мектеп  оқытушы»  мамандығы  бойынша  бітіріп 

шыққан.  Сол  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 

институтының  «қазақ  тілі  мен  әдебиеті  және  ән»  мамандығы 

бойынша  филология  факультетіне  оқуға  түсіп,  1963  жылы 

музыка-педагогика  факультетіне  ауысып,  1966  жылы  осы 

факультетті «ән-күй» мамандығы бойынша үздік бітіріп, хорды 

дирижерлау  кафедрасында  1973  жылға  дейін  оқытушы,  аға  оқытушы  болып  қызмет 

атқарған.  

1973-1989  жж.  аралығында  мектепке  дейінгі  тәрбие  кафедрасында  мектепке 

дейінгі  педагогикадан  дәріс  беріп,  1988  жылы  «Развитие  дошкольного  воспитания  в 

сельской  местности  Казахстана»  атты  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғап, 

1991 жылы доценттік ғылыми атағын алды. 

1989-2000  жж.  аралығында  музыкалық  педагогика  факультетінің  деканы  болып, 

2000-2008  жж.  аралығында  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  және  кӛп  балалы 

отбасынан  шыққан  қыздарға  арналған  дайындық  бӛлімінің  деканы  қызметін  атқарды. 

2008  жылдан  кәсіби  бағдар  беру,  пед.  практика  және  бітірушілерді  жұмыспен 

қамтамасыз ету бӛлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Жалпы еңбек ӛтілім үздіксіз 

42 жыл.  

Ғылыми  ізденістің  негізгі  бағыттары  бойынша  2  монографияның,  2  оқу 

құралының,  2  оқу  әдістемелік  құралдардың,  2  типтік  бағдарламалардың  және  50-ден 

астам ғылыми мақалалардың авторы.  

Қазақстан 

Республикасының 

мынандай 

мемлекеттік 

сыйлықтарымен 

марапатталған:  1992  жылы  «Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  үздігі»,  1994 

жылы  «Ы.Алтынсарин  медалінің  иегері»,  2004  жылы  «Қазақстан  Республикасының 

білім беру  ісінің құрметті қызметкері» белгісімен және бірнеше мақтау қағаздарымен 

марапатталды.  

 

        МОМБЕК 



Әлия 

Әнуарбекқызы 

(1954) 


- 

педагогика 

ғылымдарының 

кандидаты,  доцент.    1975  жылы  Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 


педагогикалық 

институтын  тәмамдап,  Қаратал  ауданының, 

Үштӛбе  қаласындағы  балаларға  арналған 

музыка 


мектебіне 

жіберілді. 

Қазақ 

мемлекеттік 



қыздар 

педагогикалық 

институты,  Музыканы  оқытудың  теориясы 

мен  әдістемесі  кафедрасына  1998  жылы 



стажер-ізденуші болып бекітілгенге дейін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік 

университетіне  шақыртуымен  1978-1998  жж.  аралығында  қызмет  атқарды  (ассистент, 

оқытушы, аға оқытушы, музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі).  

1999  жылы  аспирантураға  қабылданып,  «Профессионально-педагогическая 

направленность  инструментальной  подготовку  будущего  учителя  музыки» 

тақырыбында 

Қазақ 

мемлекеттік 



қыздар 

педагогикалық 

институтының 

диссертациялық  кеңесінде  кандидаттық  диссертациясын  қорғады.  2003  ж.  –  аға 

оқытушы,  2004  ж.  –  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институты,  музыканы 

оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, 2004 ж, тамызынан  – Оқу-

әдістемелік  бірлестіктің  бас  маманы  (ғалым  хатшы),  2004-2007  жж.  –  Абай  атындағы 

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика кафедрасының докторанты.  

Халықаралық  ғылыми  педагогикалық  білім  академиясының  корреспондент-

мүшесі  (ХҒПБА,  2007).  2008  ж.,  сәуір  –  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университеті, Музыкалық білім және мәдениет факультетінің деканы, 2009 жылдың 1 

қыркүйегінен  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық  консерваториясының  ғылыми  ісі 

жӛніндегі  проректоры.  2012  ж.,  тамыз  айынан  бастап  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық  университетінің  ғылым  басқарма  бастығының  орынбасары  міндетін 

атқарып жүр.  

100-ден  астам  ғылыми  басылымдары  жарық  кӛрді,  олардың  ішінде:  «Музыка 

мұғалімінің  аспапта  дайындығы:  әдістеме,  теория  және  тәжірибе»  монографиясы; 

«Қазақстандағы  музыкалық  білім»  атты  авторлар  құрамындағы  хрестоматиясы, 

«Работа над учебным материалом по слушанию музыки» атты әдістемелік нұсқаулары 

ерекше  орын  алады.  «Қазақстан»  Ұлттық  энциклопедиясының  «Музыка,  балет, 

эстрада»  бӛлімінің  ғылыми  кеңесшісі  және  авторларының  бірі,  «Қазіргі  заман: 

пікірлер  әлемі»  атты  ғылыми  альманахының    (философиялық  сериясы)  бас 

редактордың орынбасары. 

«Ӛнер» бағыты бойынша Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандартының 

(докторантура,  магистратура)  үйлестірушісі,  «Музыкалық  білім»  (бакалавриат, 

магистратура)  және  «Дирижирлеу»  (магистратура,  докторантура)  бағыты  бойынша 

авторлардың бірі. Республикалық музыкалық білім бойынша оқу-әдістемелік кеңестің, 

Музыкалық  білім  мәселелері  бойынша  Халықаралық  ғылыми  кеңестің,  Құрманғазы 

атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Кеңестік-үйлестірушілік кеңесінің мүшесі.  

 

        ӚМІРБАЕВА  Гҥлнҧр  Шәкенқызы  (17.01.1975)  -  Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогика университеті ӛнер және мәдениет 

факультетінің  деканы,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент м.а.  Орта мектепті аяқтаған соң Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық  институтының  музыка-педагогика  факультетіне 

оқуға  түсіп,  оны  1997  жылы  аяқтаған.  1998  жылы  музыканы 

оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасында  стажер-

ізденуші  болып,    аспирантураның  күндізгі  бӛліміне  түскен.  Осы 

кезеңде хорды дирижерлау және ән салу кафедрасында оқытушы 



болып  қызмет  істеген.  2008  жылдан  мәдени-тынығу  жұмысының  теориясы  мен 

әдістемесі  кафедрасының  доценті  және  кафедра  меңгерушісінің  м.а.  Ал  2009 жылдан 

музыка-педагогика факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.  

          Г.Ш.Ӛмірбаева  –  белгілі  әнші-сазгер.  Ақын  С.Тойлыбаевтың  сӛзіне 

жазылған  «Қыздар,  қыздар»,    Иран  Ғайыптың  сӛзіне  жазылған  «Бекзат»,  т.б.  әндері 

кӛпшілік  қауымға  жақсы  танымал.  Әнші  ретінде  2004  жылы  Шанхай  қаласында 

Алматы  қаласы  мәдени  күндерінің  мерекелік-концерттік  бағдарламасына,  2005  жылы 

Австрия  мемлекетінің  астанасы  Вена  қаласында  қазақ  елшілігі  ұйымдастырған 

Қазақстан  Республикасы  Конституция  күніне  арнап  ӛткізілген  концерттік 

бағдарламаға,  2007  жылы  Түркия  мемлекетінің  Стамбул  қаласында  қазақ  елшілігі 

ұйымдастырған  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне  арналған  мерекелік  іс-

шараға қатысып, ӛнер кӛрсетті. 

  Ұстаздық, әншілік, сазгерлік ӛнерді қатар алып жүрген  ол ғылыми жұмыстармен 

де айналысуда. Қазіргі кезде  «Халық әндері арқылы сыныптан тыс жұмыс барысында 

мектеп  оқушыларының  патриоттық  құндылықтарын  қалыптастырудың  ғылыми 

педагогикалық негіздері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.  

«Эстрадалық  ән  салу»,  «Ән  салу  ӛнері»,   «Оқу  ӛндірістік  практика», «Ӛндірістік 

практика»    деп  аталатын  типтік  оқу  бағдарламаларын,  силлабустар  мен  оқу-

әдістемелік  кешендер,  ғылыми-әдістемелік  мақалалар,  студенттер  мен  оқытушыларға 

арналған 

«Ән 

салу 


ӛнері» 

(Г.Ж.Қарамолдаева, 

Д.О.Қарамолдаева, 

Х.Б.Әбілжановтармен бірлестікте)  деп аталатын оқу құралдарының авторы.  

   Г.Ш.Ӛмірбаева  «Жаңа ғасырға – жаңа ән» (2000), «Азия дауысы»  

фестивалінің  аясында  ӛткен  «Алтын  домбыра»    (2002), «Елім  менің!»  атты  түрлі 

республикалық  әндер  (2010)  конкурстарының  бірнеше  дүркін  лауреаты.  Оның 

жетекшілігімен бірнеше жас мамандар халықаралық және республикалық байқауларға 

қатысып,  жүлделі  орындарға  ие  болды:    Айгерім  Битанова    2006  жылы  Тараз 

қаласында  ӛткен  «Бақыт  құшағында»  атты  жоғары  оқу  орындары  студенттері 

арасындағы  әндер байқауында  бас жүлдесіне ие болса,  Құдайбергенова Әсем  2007 

жылы    Қаратау  қаласында  ӛткен  Нұрғиса  Тілендиев  атындағы  халықаралық  «Кел, 

еркем,  Алатауыңа»  атты  әншілер  мен  күйшілер  байқауында  ІІ  орынға;  Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институтының 40 жылдығына арналған Қазақстан жоғары 

оқу  орындарының  студент  жастар  арасындағы  70-80  жылдардың  ретро-әндерін 

орындаушылардың  «Келсеңші маған ән болып» атты ІІ республикалық фестивалінде І 

орынға;  Павлодар  облысы  ішкі  саясат  департаментінің  ұйымдастыруымен  

«Эстрадалық  ән»  номинациясы  бойынша  «Ертіс  жұлдыздары»  атты  студенттер  мен 

орта  және  кәсіби  оқу  орындары  тәлімгерлерінің  VI  халықаралық  фестивалінің  Гран-

при атағының ие болды. 

      Ӛзінің  педагогикалық  жұмысын  концерттік-шығармашылық  қызметпен 

ұштастырып,  ұзақ  жылдар  бойы  «Сазген  сазы»  фольклорлық-этнографиялық 

ансамблінің  солисі  болып  келеді.  Осы  ансамбльдің  құрамында  Қытай,  Австрия, 

Түркия,  Корей  елдерінде,  республикамыздың  барлық  аймақтарында  болып, 

халқымыздың дәстүрлі әндерін насихаттап жүр.    


         ДӘРКЕМБАЕВА  Әсия  Бектҧрқызы  (06.03.1981)  –  ӛнер 

және мәдениет факультеті деканының орынбасары, аға оқытушысы 

(магистр).  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтының 

музыкалық  білім  және  мәдениет  факультетінде  білім  алып, 

«музыка  және  ән»  мамандығы  бойынша  2003  жылы  ӛте  жақсы 

бітіріп,  музыкалық  аспаптар  кафедрасына  жұмысқа  қалдырылды. 

2005 

жылы 


Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогикалық 



институтының  магистратурасын  аяқтап,  педагогика  магистрі 

академиялық  дәрежесін  алған.  Бірнеше  ғылыми  мақалалары  жарық  кӛрген.  Сонымен 

қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да жетекшілік жасайды.     

Жыл  сайын  біліктілік  кӛтеру  орталықтарында  ӛткізілетін  курстарға  қатысып, 

кәсіби  біліктілігін  кӛтеріп  отырады.  Білім  беру  және  ақпараттық  жаңашыл 

технологиялардың  ғылыми-зертеу  орталығы  ұйымдастырған  «ЖОО-да  оқытудың 

интербелсенді  әдістерімен  қолдану»;  МПМУ  профессоры,  п.ғ.д.,Э.Б.Абдуллинмен 

(Ресей.  Мәскеу  қаласы)  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  ӛнер  академиясында 

жүргізген  семинар;  «Электронное  обучение–E-Learning,  его  роль  и  место  в  свете 

Государственной  программы  развития  образования  в  РК  на  2011-2020г.г.»; 

«Электронное правительство и электронные услуги»; «Теоретический и практический 

курс тренинг по платформе Web of knowledge» және т.б.  

Факультет,  университет  кӛлемінде  ӛткізілетін  қоғамдық  жұмыстарға  да  белсене 

атсалысады.  «Үздік  жас  ұстаз»  номинациясы  бойынша  ІІ  дәрежелі  дипломмен  (2011) 

марапатталған.  

 

 



       ТЕКЕТБАЕВА  Айжан  Сержанқызы  (06.11.1990)  –  2008-

2012  жылдары  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  жаратылыстану  факультетінде  «5В011600  – 

География»  мамандығы  бойынша  білім  алған.  2012  жылдың 

қыркүйегінен  бастап  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  ӛнер  және  мәдениет  факультеті  деканының 

хатшысы  қызметін атқарып келеді.  

 

       КАБЫЛКАНОВА  Гульдана  Кайроллаевна  (23.02.1979)  - 

1996-2000  жылдары  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

институтының  тарих  және  библиография    факультетінде    «құқық 

және  экономика  негіздері»  мамандығы  бойынша  білім  алған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы каласының  №128 жалпы білім 

беретін  мектептебінен  бастап,    2012  жылдың  қазан  айынан  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті  ӛнер  және 

мәдениет факультетінің  әдіскері қызметін атқарып келеді.  


      БЕГАЛИЕВА  Гҥльнар  Кҥнтубайқызы  (15.04.1945)  - 

педагогика  ғылымдарының  кандитаты,  доцент.    1965  жылы 

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтының 

музыка-педагогика    факультетін  бітіріп,      1969  жылдан  бастап 

осы институтта  ұстаздық қызмет атқарады.   

Г.К.Бегалиева  «Ӛнер  тарихы»,  «Музыка  тәрбиесінің 

этнопедагогикалық 

негіздері» 

(магистратура), 

«Музыка 


мұғалімінің музыкатану дайындығы», «Музыка ӛнері: теориясы 

мен  әдістемесі»,  «Музыкалық  психология»,  «Мектептегі 

музыкалық  лекторий»,  «Музыкалық  психология  және  музыкалық  білім  беру 

психологиясы»  

сияқты  пәндерден  дәріс  беріп,  пәннің  оқу-әдістемелік  кешенін,  оқу 

бағдарламаларын  жаңадан  ӛңдеп,  ӛзі  дәріс  беретін  пәндер  бойынша  білімін  үнемі 

жетілдіріп отыратын ұстаз. 

Г.К.Бегалиеваның  35-ке  жуық  ғылыми-әдістемелік  еңбектері,  сонымен  қатар 

музыка  мұғалімдеріне  арналған  оқу  құралдары  «Концертмейстерлік  класс» 

№1.(2005ж.), №2 (2007ж.), №3 (2009ж.). Баян аспабына арнайы ӛңделген «Халық және 

халық  компазиторлары  әндерінің  жинақтары»  (2010ж.). «Монография»  (2005ж.)  және 

т.б жарық кӛрген. 

Г.К.Бегалиева  магистранттардың,  студенттердің  ғылыми  зерттеу  жұмысының 

жетекшісі,  ӛзінің  шәкірттерінің  білімін  жетілдіру  бағытында,  үнемі  ғылыми 

жетекшілік міндетін атқарып отырады. 

2008  жылы    3  курс  студенті  Г.Кӛмештің  баяндамасы  студенттердің  ең  үздік 

ғылыми  жұмысына  арналған  Республикалық  байқауда  1-ші  орын  алғаны  үшін  ҚР 

Білім және ғылым министрлігінің 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.  

Жанар Абенова (2010ж), Республикалық конкурстың лауреаты-Павлодар, (2004ж). 

Қанағат  Жалғасбаева  №133  мектептің  музыка  пәнінің  мұғалімі  –  «Жыл  мұғалімі  - 

2010»  конкурсының  1-орын  иегері.  –  Алматы,  2010ж.  «ХХІ  ғасырдың  музыка 

мұғалімі» атты Халықаралық байқаудың конкурсанты. – Ленинград 23-қараша, 2010ж. 

және т.б. 

 Г.К.Бегалиева  кӛп  жылдан  бері      факультет  және  университеттің  қоғамдық 

жұмыстарына  атсалысып келеді.  

«Айгүл» 


вокалдық 

квартетінің 

негізін 

құрушылардың  бірі.  Мысалы:  1969-1989ж.  тәлімгерлік-кураторлық  міндетін 

атқарды;1990-1995ж.ж.   Факультет  және  институттың  кураторлар  кеңесінің 

тӛрайымы;  факультет,  институт  деңгейінде  педагогтар  құрамынан  лекция-

концерттерді  ұйымдастырды;1996-1998ж.  аудандық  және  қалалық  сайлау  участігінің 

тӛрайымы;  2001-2003ж.  институттың  тәрбие  ісі-жӛніндегі  проректоры  қызметін 

атқарды;  2007-2010ж.  

факультетте  оқу-әдістемелік  кеңестің  және  кафедрада  оқу-

әдістемелік бюроның тӛрайымы; 2012-2013ж. кафедрада ғылыми зерттеу жұмысының 

және студенттердің ғылыми жұмысының жетекшілік жасады. 



Г.К.Бегалиева  біліктілігін  әрдайым  кӛтеріп  отырады.    40  жылдан  аса    еңбек 

мерзімінде  ӛзінің  білімділігімен,  еңбексүйгіштігімен,  әділдігімен  студенттер  және 

оқытушылардың  құрметіне  бӛленген  педагог  және  ӛзі  дәріс  беретін  пәндерді  жаңа 

технология бойынша ӛңдеп, білімін үнемі жетілдіріп отыратын ұстаз. 

Г.К.Бегалиева  бүгінгі  күннің  талабына  сай  жастардың  кәсіби  ұстаздық 

біліктілігінің шыңдалуына талмай, белсенді еңбек етуде. 

 

      СҦЛТАНОВА 

Майра 

Сақтағанқызы 

– 

(30.01.1967)  –  педагогика  ғылымдарының  кандидаты, 



проф. 

м.а. 


Н.В.Гоголь 

атындағы 

Қызылорда 

педагогикалық 

институтының 

музыкалық-

педагогикалық факультетін 1989 ж. үздік бітіріп, білімді 

жас  маман  ретінде  музыкалық  білім  және  дирижерлау 

кафедрасына  жұмысқа  қалдырылған.  Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтының  аспирантурасын 

1998  ж.  бітірген.  2007  жылы  13.00.02  –  Оқыту  мен  тәрбиелеудің  теориясы  мен 

әдістемесі  (бастауыш,  орта  және  жоғары  білім  жүйесіндегі  музыка  мамандығы 

бойынша  ҚазМемҚызПИ  мамандандырылған  кеңесінде  кандидаттық  диссертациясын 

қорғады.    2010  жылы  педагогика  мамандығы  бойынша  доцент  ғылыми  атағын  алды. 

2013 ж. ҚазМемҚызПУ-дың профессор міндетін атқарушы атағы берілді.  

40-тан  астам  ғылыми-педагогикалық,  оқу-әдістемелік  еңбектері,  мақалалары 

жарияланған. Соның ішінде «Основы исполнительско-речевой деятельности педагога-

музыканта»  (монография),  «Джаз,  рок  музыкасының  тарихы»  (оқу  құралы), және  т.б. 

М.С.Сұлтанова  магистранттардың  диссертациялық  жұмыстарына,  студенттердің 

дипломдық  жұмыстары  мен  ғылыми-практикалық  конференцияларында  ғылыми 

жұмыстарға  жетекшілік  жасайды  (М.Рысмедетова,  2009  ж.  -  3  жүлделі  орын; 

А.Ізтілеуова, 2012ж. – дипломмен марапатталды).  

Білім  және  ғылым  министрлігінің  қолдауымен  республика  жоғары  оқу 

орындарының 

аттестациялық 

тексеру 


комиссиясының 

құрамымен 

жұмыс 

жасаған.М.С.Сұлтанова  кәсіби  біліктілігін  кӛтеріп  отырады: 



«Музыкалық-

педагогикалық  білім  берудің  ӛзекті  мәселелері»  (Ресей,  2011ж.),  «Тренинг  по 

платформе web of knowledge Томсон Ройдерс. Семинар» (2012 ж.),  International Center 

for  Education  &  Technology,  USA  (2013,  Seattle).  Оқытушы  студенттер  мен  әріптестер 

арасында беделге ие.  

М.С.Сұлтанова  білікті  маман  ретінде  құрмет  грамоталарымен  марапатталған: 

Университеттің  «Мемлекеттік  білім  беру  саласындағы  жемісті  еңбегі  және  елімізге 

қажетті білікті педагог мамандарды даярлаудағы үлесі үшін». (2010ж.), ҚР Білім және 

ғылым  министрілігінің  «Тәуелсіз  Қазақстанның  рухани  және  әлеуметтік  дамуы 

жолында  қол  жеткізген  табыстары  мен  білім  беру  саласына  қосқан  үлесі  үшін» 

(2011ж.),  ҚазМемҚызПУ  Құрмет  грамотасы  (2013  ж.).  Кафедра,  факультет  кӛлемінде 

жүргізілетін қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысады.  



 

        БУРАМБАЕВА  Марьям  Нҧрғалиқызы  (08.07.1958)    -  

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті,  ӛнер 

және  мәдениет  факультетінің    музыкалық  білім  берудің 

теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.                                                     

        1984ж.  Қаз.Мем.Қыз.ПИ  музыкалық  факультетін    үздік 

дипломымен  бітірген  жылы  музыкалық  тәрбие  кафедрасында 

қалдырылды.  1985-1987  жж.  аралығында  Мәскеу  В.И.Ленин 

атындағы  Мемлекеттік  педагогика  институтының  хор-

дирижеры  және    музыкалық  тәрбие  әдістемесі  кафедрасында 

сынақ  мерзімін  ӛтті.1987ж.  бастап  музыкалық  білім  берудің 

теориясы мен әдістемесі  кафедрасында оқытушылық кызметімен бірге  аға оқытушы 

міндетін атқарып келеді.  

Педагог-әдіскер 

ретінде 


дайындаған 

студенттері 

республикалық 

және 


халықаралық    жүлдегер  атағымен  бірге  студенттер  арасында  пәндік  олимпиада 

жүлдегерлері  атанды:  Қызыл-Орда  қаласында  Аюпова  Зульмират-  лауреат  «Үздік 

музыка  мұғалімі»(1996),  Алматы  қаласында  Әбенова  Жанар(2003)-  дипломант, 

Павлодар  қаласында    (2004)  -  лауреат,  халық  аралық  концертмейстер  класында 

Әбенова  Жанар  Екатеринбург  қаласында  (2005)  дипломант  атағын  жеңіп  алды. 

Расулова  Айнұр  (Павлодар-2008)-  лауреат,  Широбокова  Светлана  (Алматы-2011)- 

лауреат.   

Бурамбаева  М.Н.  «Білім  беру  саласындағы  елеулі  еңбегі  үшін»  (2003г.),  2011 

жылы білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен білікті мамандар даярлаудағы үлесі 

үшін 


университет 

ректорының 

«Құрмет 

грамотасымен» 

марапатталған. 

М.Н.Бурамбаева  5В010600-«Музыкалық  білім»  мамандығы  бойынша  бакалавриат 

дайындауда  концертмейстерлік-орындаушылық,  музыкалық  білімнің  теориясы  мен 

әдістемесі мәселелері бойынша мақалалар мен типтік бағдарламалар авторы. «Мектеп 

әндері  репертуары  бойынша  практикум»,  «Концертмейстерлік  класс»    пәндерінен 

«Методика  формирования  концертмейстерских  навыков»  (2007),  Г.К.  Бегалиевамен  

авторлық  бірлестікте  «Концертмейстерлік  дағдыларды  қалыптастыру  әдістемесі» 

(2010) атты әдістемелік құралдар жазған.  



 

         АЙБОЛАТОВА 

Толқынай 

Қуандыққызы 

(19.08.1970)  –  аға  лаборант.  1987  жылы  Алматы  облысы, 

Жамбыл  ауданы,  Сергееевка  ауылының  орта  мектебін 

тәмамдап,  1987-1988  жылдары  №3  Тігін  училищесінде 

оқыған.  Еңбек  жолын  Ю.  Гагарин  атындағы  тігін 

фабрикасында тігінші болып бастаған.   

1994  жылдан  бастап  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 


педагогика  институтының  «Қазақ  музыкасы»  кафедрасында  лаборант,  2003  жылдан 

«Музыканы  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі»  кафедрасының  аға  лаборанты, 

факультеттің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.  

1998-2003  жж.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтын  «Қазақ  тілі 

мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша  бітірген.  Бірнеше  мақалалардың  авторы.  2010 

жылы сараптау комиссиясының шешімімен Т.Қ.Айболатоваға 2-ші санатты категория 

берілді. 

Марапаттары:  1998  ж.  «Айгүл»  вокалдық-аспаптық  ансамблінің  30  жылдық 

тойына байланысты институт тарапынан алғыс хат;  

2002 ж. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты алғыс хат; 

2004  жылы  институттың  60  жылдық  мерейтойына  байланысты  институт 

әкімшілігі тарапынан «Құрмет грамотасы»; 

2011 ж. «Үздік лаборант» номинациясы бойынша алғыс хат.  

 

ЕСІМЖАНОВА  Амантай  Есімжановна  (25.05.1943)  - 

1966 


жылы 

Қазақ 


мемлекеттік 

қыздар 


педагогика 

институтының  музыка  факультетін  бітірген  соң  1968  ж. 

музыкалық  аспаптар  кафедрасы,  1983  жылдан  бастап 

музыканы  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасында 

аға  оқытушы,    доцент  қызметін  атқарды.  1989-2000  жж. 

аралығында музыкалық педагогика факультет  деканының  оқу 

ісі жӛіндегі орынбасары қызметін атқарды. 

Ғылыми-әдістемелік  еңбектерім  жоғары  оқу  орындары, 

жалпыға  бірдей  білім  беретін  мектептердің  оқу-тәрбие 

жұмыстарында  қолданыста.  Жарыққа  шыққан  кӛптеген  ғылыми,  әдістемелік 

мақалалар,  педагогикалық  практиканыжүргізуге  арналған  әдістемелік  нұсқаулар, 

концертмейстерлік шеберлікті дамытып жетілдіруге, мектеп әндерін игеруге арналған 

әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдар т.б. Ғылыми әдістемелік еңбектер 

тізімі  тіркеледі  Республикалық  ―Үздік  музыка  мұғалімі‖  атты  конкурс-

фестивальдеріне дайындаған студенттері  I-II дәрежелі дипломдары мен марапатталып 

жүлделі орындарға ие болды.  

Марапаттары: 

1.  Халыққа  білім  беру  саласындағы  8.06.1992.  ерекше  еңбегі  үшін  ―Қазақ  ССР 

Халық ағарту ісінің озық қызметкері‖. 

2.  ―ҚР  Білім,  Мәдениет  және  Денсаулық  сақтау  Министрлігінің  Құрмет 

грамотасы‖. 25.11.1998. 

3.  Үздік  ғылыми  жұмыс  республикалық  конкурсына  белсенді  қатысқаны  үшін 

―Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі грамотасы‖. 


4. ―Үздік оқытушы атағы мақтау қағазы‖. 2001. 

5. Институттың әкімшілігі тарапынан ―Құрмет грамотасы‖. 2003. 

6.  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  университеттің 

әкімшілігі тарапынан ―Құрмет грамотасы‖ 2011. 

 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал