Мазмұны world money ақша жайлы жаңалықтар 60 vip money



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/7
Дата10.06.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

56

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



МАЗМҰНЫ

WORLD MONEY

АҚША ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

60

VIP MONEY

РАМИЛЬ МУХОРЯПОВ:

«ИНТЕРНЕТ НАРЫҒЫ ӘЛІ ЖАРТЫЛАЙ ТОЛҒАН КҮЙДЕ»

Choco family холдингінің негізін қалаушы жергілікті нарықта сол 

жердің компаниялары жаһандық бәсекелестерінен неліктен басым 

болатындығы туралы

62

STRATEGIC MONEY

ХАБАРЛАС МАҒАН, ХАБАРЛАС

Бизнесті сәтті жүргізу мен клиенттердің күнделікті және 

келешектегі сұраныстарын жете есептеу үшін көптеген кәсіпкерлер 

мамандандырылған колл-орталықтардың қызметіне жүгінеді. 

Қазақстандағы осы нарық қалай құрылған?   

68

BUSINESS MONEY

ТАБЫСТЫ ЕСКЕ АЛУЛАР 

КСРО тараған кезден бастап ширек ғасыр өткен соң бұрынғы одаққа 

кіретін елдердің тұтыну нарығында «кеңестік дәуірдегідей» деген 

тауарларға сұраныстың өсу үрдісі байқалады. Келешегін ойлайтын 

кәсіпкерлер өткенді аңсаудан пайда табуды кең жолға қойған 

72

SMART MONEY

ҚИЫНДЫҚ ЕМЕС, ҚУАНЫШ ӘКЕЛЕТІН ӘРЕКЕТ

Қаржылық мүмкіндіктің арман-тілекпен сәйкес келмеуі - классикалық 

жағдай, оның шешімін табуға банк көмектеседі. «Bank RBK» АҚ-ның 

Бөлшек сауда департаменті директорының орынбасары Вадим Никулин 

жеке бюджетті ойластырып жоспарлау кезінде ұсақ-түйек тұрмыстық 

проблемаларды шешуге, сондай-ақ кең сипаттағы өмір сапасын жақсартуға 

банктің көрсететін несиелік қолдауы жөнінде

76


58

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



МАЗМҰНЫ

БАНК САЛЫМДАРЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕУ КЕРЕК 

Дәстүрлі «Заң кеңесшісі» айдарын Nexum заңгерлік компаниясының 

басшысы Даулет Абжанов жүргізеді 

78

DIGITAL MONEY

ӨМІР – ОЙЫН

Pokemon Go ойынын ойлап табушылар еш қиналмай миллиондаған 

адамдардың ойын жаулап алуы, оларды ішкен астарын қойып, 

виртуалды «қалта құбыжықтарын» аулау үшін көше кезіп кетуі ойын 

технологиясының қалың бұқараға қатты әсері бар екендігін көрсетті. 

Барлық санаттағы маркетологтардың өз тауарларын мейлінше көп 

сатылуы үшін адамдардың ойынға деген қызығушылығын, тіпті кейде 

сана-сезімдік тұрғыда болсын, пайдаланбауы таңданарлық болар еді

80

ТЕЛЕФОНМЕН АЙТЫЛМАЙТЫН ӘҢГІМЕ



Өмірімізде смартфон, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің 

пайда болуы іскерлік байланысты танымастай етіп өзгертті. Мұның 

барлығы да бинзес үрдісін үдетті және сонымен қатар жұмысқа жаңа 

технологияларды қатыстыруды ескеретін жаңа іскерлік этикетті 

қалыптастыруға септігін тигізді 

84

EXTREME MONEY

ТӨБЕЛЕРДІҢ ТӨРЕЛЕРІ 

Өндірістік альпинсит Евгению Войцеховскийге өз бизнесін ашуға 

экономикалық дағдарыстың көмегі жөнінде

90

EDUCATION MONEY

ГЕНИДІ ТӘРБИЕЛЕУ

Ментальді арифметика, жылдам оқу, шетел тілдері...Ата-аналар өз 

балалары үшін ерекше білім беру әдістерін іздеуде өзара жарысқа 

түскен сыңайлы. Алайда балаға кесірі болмауы үшін, баланың дамуы 

қаншалықты ерте болуы тиіс?

94

LIFE MONEY

АСТАРЛЫ АС ТӘРЕЛКЕСІ 

Дәмді ас дәстүрлі түрде адамдардың басты ләззаттарының бірі болып 

табылады. Қазақстандық ас талғампаздары үшін дәмді әрі пайдалы 

астың құны қанша?

98

«КИНО БІЗГЕ ТОЙМЕН АЙНАЛЫСПАУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ»



Продюсер, режиссер, шоумен Нұртас Адамбаев – кинематографиядағы 

алғашы тәжірибесі, кездескен қиындықтары және қазақстандық 

киноның шенеуіктері неліктен фильмнен табыс тапқысы келмейтіндігі 

төңірегінде әңгіме қозғады

102

FUN MONEY

106


АҚША ЖАЙЛЫ КҮЛКІЛІ ОҚИҒАЛАР

60

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



WORLD MONEY

Жаңалықтар

Aқша

Заңсыз купюралар

Үнді  билігі  жемқорлықпен  күрес  аясында  500  номи-

налдық  (7,6  доллар)  және  1000  рупийді  айналымнан 

шығаратынын  хабарлады.  Билік  осылайша  заңсыз  та-

былған  немесе  салықтан  жасырылған  ақшаға  тосқа-

уыл  қоюды  көздеп  отыр.  Банктер  бірнеше  мың  рупий-

ді еш кедергісіз айырбастап береді, ал он және жүздеген 

мың ақша иелері мұндай қаржыны қайдан тапқандарын 

түсіндіретін  болады.  Ескі  купюралар  орнына  500  және 

2000 номиналды жаңа банкноттар шығарылады. Ақша-

ны 50 күн ішінде айырбастауға болады. 500 рупийде Ма-

хатма  Ганди  суреті  мен  Лал-Кила  (Қызыл  форт)  қама-

лы бейнеленген, ал 2000 рупийде Марсты зерттеу үшін 

ұшырылған  үнділік  ғаламшар  аралық  Мангальян  стан-

циясының суреті бар.

Үндістан  Орталық  банк  мәліметтері  бойынша  500 

және  1000  рупийлер  айналымдағы  барлық  ақшаның 

86,4  пайызын  құрайды.  Осы  номиналды  купюралар-

мен Үндістанда жүргізілетін төлем операцияларының 45 

пайызы жүзеге асырылады.

Банктер

Қарышты 

бесжылдық

2016  жылдың  күзінде  «КазИнКомБанк»  АҚ 

атауының  Bank  RBK  атауына  өзгергеніне  5 

жыл  толды.  Бұл  кезеңде  Банк  клиенттерінің 

ниеттестігін,  брендтің  танымалдығын  артты-

ру  бойынша,  сондай-ақ  қор  базасын  әртарап-

тандыру арқылы, активтер мен табысты өсіру 

арқылы  және  қазақстандық  екінші  деңгейлі 

банктер  арасында  қайтарымдылықтың  жоға-

ры деңгейін қамтамасыз ету арқылы тәуекел-

дерді  төмендету  бойынша  қомақты  нәтиже-

лерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, банк активтері соңғы 5 жыл-

да  36  есе  өсті,  оның  мөлшері  1  трилионнан 

асып  кетті.  Қазақстандық  екінші  деңгейдегі 

банктер  арасындағы  рейтингте  Bank  RBK  16 

сатыға көтерілді, 25 орыннан 9 орынға шықты 

деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

«Негізі  қаланған  кезден  бастап,  аз  уақыт 

ішінде өзінің ерекшелігімен, бірегей стилімен 

және  клиенттермен  қатынас  құрудың  жоға-

ры  мәдениеті  арқылы  Bank  RBK  қазақстан-

дықтардың көңілінен шығып, назарына ілікті. 

«Айтылды - орындалды» деген корпоративтік 

ұранын  ұстана  отырып,  банк  қаржы  қыз-

метін тұтынушылардың көпшілігінің сеніміне 

бөленіп, нарықтағы елеулі де маңызды ойын-

шыға  айналып  келеді»,  -  деп  атап  өтті  «Bank 

RBK» АҚ басқарма төрағасы Игорь Мажинов.

Технологиялар



Зейнетақыға 

қауіп жоқ

Жапондық  электрониканы  шығарушы  Hitachi  төлем 

саласындағы алаяқтыққа жол бермейтін банкомат жасап 

шығарды. Жаңа құрылғы жапон қалаларының көшелерін-

де 2017 жылдың басында орнатылады. Жаңа банкоматтың 

басты  мақсаты  –  алаяқтардың  айтуымен  пайдаланушы-

ның ақшасын өзіне аударуына жол бермеу. Сондықтан да 

банкомат ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған клиенттің бар-

лық операцияларына тұсау салады.

Bloomberg  мәліметтері  бойынша  Жапон  елінде  егде 

адамдарды қамтитын телефондық алаяқтық кең тараған. 

Қылмыскерлер  адамдарға  олардың  туысқандары  ретінде 

телефон  шалып,  қиындыққа  тап  болып,  ақшадан  тарлық 

көргендерін хабарлайды. Көп ретте зейнеткерлер ақшаны 

банкоматпен қалай аударуды білмегендіктен, олар нұсқау-

ды ұялы телефон арқылы береді.



61

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016

Ашық ақпарат көздерінен

WORLD MONEY

Жаңалықтар

Жинақтау

Немістер қарсы

Неміс  салымшылары  банктен  ақшаларын 

алып,  үйдегі  сейфтерінде  сақтауда,  олар  осы-

лай  сенімді  болады  деп  есептейді.  Пайыздық 

үстемақысы  төмендетілгеніне  қарамастан, 

Германия  тұрғындары  көп  жыл  бойы  жи-

наған  қаражаттарын  жинақтау  есеп-шотта-

рында  сақтап  келген,  оны  сенімді  құрал  деп 

есептеген.  Оның  үстіне  мұндай  шоттарда  ақ-

шаны  жылдам  алуға  болады.  Соңғы  уақытта 

салымшылардың  таңдауы  өзгеріске  ұшыра-

ды.  Депозиттердің  сыйақы  мөлшерлемелері 

теріс  сипатқа  ие  болып,  яғни  сыйақыны  банк 

емес,  салымшылар  өз  қалталарынан  төле-

ген  тұста  үйдегі  сейфтерге  сұраныс  өсіп  кет-

ті.  Немістердің  пікірінше  бұған  кінәлі  Ұлттық 

банк  екен,  ол  2014  жылдан  бастап  Еуроодақ 

аумағындағы  дағдарысты  өршіту  мақсатын-

да  мөлшерлеме  пайызын  теріс  сипатқа  дейін 

төмендетті.  Нәтижесінде  салымшылар  банкте 

депозит ұстағаны үшін комиссиялық төлемдер 

төлеуге мәжбүр болды. Осындай комиссиялық 

төлемдерді бірнеше компаниялар мен ірі жеке 

салымшылар да төлей бастады.

Сынақ

Олар да істен 

шығады екен-ау

Ұлыбритания  дүкендері  Уинстон  Черчиль  бейнелен-

ген  жаңа  төзімді  банкноттарды  қабылдаудан  бас  тарту-

да, себебі кейбір британдықтар оның төзімділігін сынап 

көргісі келеді екен. Черчиль портреті бар, айналымға қы-

ркүйекте түскен 5 фунт стерлингті қағаздан емес, поли-

мерлі материалдан жасалғандықтан, аса төзімді деп көп 

мақтап  кетті.  Мұндай  жаңалықтан  соң  кейбір  адамдар 

банкноттың  төзімділігін  тексеремін  деп  ақшаны  кір 

жуғыш машиналарына салды, отқа жақты, жыртты, кеп-

тірді, бетін тырналады, алкогольге салды, істемегені жоқ 

десе  де  болады.  Сынақтан  соң  банкноттарды  дүкендер-

ге  тапсырып  құтылғылары  келді,  ал  бұл  сатушылардың 

оларды қабылдаудан бас тартуына алып келді. Ескі ақша 

да  қолданыста  болады»,  -  деді  жеміс  сатып  тұрған  әйел 

тілшілерге.

Қауіптер

Жылтырағанның 

бәрі алтын емес

Украина  банкирлері  азаматтарды  жаңа  қауіп  тура-

лы  ескертті  –  соңғы  уақытта  нарықта  қолдан  жасалған 

жалған алтын кесектері мен инвестициялық монеталар 

қаптап  кеткен.  Жалғандары  500  грамдық  ірі  алтын  ке-

сектерінің де, 1 грамға дейінгі шағын кесектер арасын-

да кездеседі. «Олардың ара-жігін анықтау кейде мүмкін 

бола бермейді. Оларды кейбіреулер қасақана алып кел-

се,  енді  біреулері  қара  нарықтан  сатып  алып,  не  бол-

маса  алаяқтардан  алданып  қалғандар  өткізеді»,  -  дейді 

бір  банктің  банк  металлдарымен  операциялар  жүргізу 

бөлімінің басшысы.



VIP MONEY

Vis-a-vis

62

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



VIP MONEY

Vis-a-vis

ИНТЕРНЕТ 

НАРЫҒЫ ӘЛІ 

ЖАРТЫЛАЙ 

ТОЛҒАН КҮЙДЕ

63

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



–  Рамиль,  АҚШ-тағы  көш  бастаушы  Apple  компаниясы  ExxonMobil-

дан  басып  озды,  ал  Alphabet  (Google)  Chevron-ды  артқа  қалдырды.  10 

жыл бұрын осылай болатынын елестету қиын еді. Болашақ технологи-

ялық компаниялардың үлесінде ме?

–  Иә,  бұл  ғылыми-техникалық  прогресстің  шынайы  көрінісі,  ол  осылай 

жалғаса  бермек,  оны  ешкім  де  тоқтата  алмайды.  Бұл  қазіргі  әлемнің  по-

стиндустриалды кезеңге көшкенін көрсетеді. Біз интернеттің барлық сала-

да жаңа мүмкіндіктердің ашқанын және жаңа дүрбелеңді тудырғанын көріп 

отырмыз.  Бұрындары  ақпараттандырылмаған  салалар  түбегейлі  үлкен  өз-

герістерге ұшырады, оған қатысты адамдардың өмірлері де өзгерді.

Бұл  өзгерістердің  оң  және  теріс  сипаттары  да  бар.  Оң  өзгерістері  – 

адамдар  қандай  да  бір  өнімді  немесе  қызметті  оңтайлы,  әрі  арзанға  ала-

тын болды, оның үстіне уақытты да үнемдейді. Теріс сипаттарына келсек – 

автоматтандыру  мен  интернеттендірудің  нәтижесінде  жұмыс  орындары 

Қазақстанда электронды коммерция қызметінің 

жете дами қоймағандығы осы саланы инвесторлар 

үшін тартымды етеді. Choco family холдингінің 

негізін қалаушы Рамиль Мухопяров GM-ге берген 

сұхбатында қазақстандық e-commers кеңістігінде 

бос орындардың әлі көп екендігін айтып, неліктен 

жергілікті нарықта сол жердің компаниялары жаһандық 

бәсекелестерінен басым болатындығын түсіндірді.

Михаил Егорин


64

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



VIP MONEY

Vis-a-vis

қысқарып  жатыр.  Соның  салдарынан  көптеген  жұмыс 

күші  босап  жатыр.  Жақында  Нұрлан  Смағұловпен  қы-

зықты  кездесу  өтті,  онда  ол  ауыл  шаруашылығындағы 

автоматтандыру  туралы  айтып  берді.  Бұрынғы  кеңшар 

шаруашылығын жүздеген адам жүргізетін, қазір сол жұ-

мысты алты адам, қалғанын автоматика атқарады, сиыр-

ларды қораға жайғастырып, сүтін сауып, өнімді орайды.

Бұл компаниялар неліктен қымбат? Біріншіден, олар-

дың  саны  күрт  өскендіктен  бағасы  да  өсу  қарқынына 

тиесілі  болады.  Екіншіден,  1990  жылдары  мұндай  ком-

паниялар  көбіне  «көпіршікке»  ұқсас  болды,  олардың 

астарында  шынайы  экономика  болған  емес,  қазір  олар 

толағай  табысты  компанияларға  айналған.  Apple  мен 

Google табатын табысқа санаулы ғана мұнай компания-

лары қол жеткізе алады.

– Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы интернет 

нарығында не болып жатыр?

–  Біз  қолданатын  қызметтердің  дені  халықаралық 

екенінін  түсінуіміз  керек.  Технологиясының  озықтығы 

мен қандай да бір түрлі түсті эффектілерінің арқасында 

халықаралық  ойыншылар  күшті  бәсекелес  болып  табы-

лады. Бұл мысалға әлеуметтік желілерге, мессенджерлер-

ге және т.б қатысты. Бұл ретте жергілікті қызметтер де 

жерге қарап отырған жоқ: интернет дүкендер, тағамды 

жеткізу жабдықтары және басқалары пайда бола баста-

ды. Олардың қалай дамитынын түсіну үшін соған ұқсас 

қызметтердің  дамыған  нарыққа  ену  деңгейінен  және 

оның уақыт мерзімінен айқындауға болады. АҚШ-та бұл 

уақыт мерзімі 10 жылға тең. Яғни американдық көрсет-

кіштерге біз 10 жылда, ресейлік көрсеткішке 3-4 жылда 

жетеміз. Мысалға АҚШ-та әуебилеттердің 80%-ы онлайн 

түрінде  сатып  алынады.  Қазақстанның  бұл  көрсеткіші 

15%  .  Тиісінше  80%  көрсеткішке  біз  10  жыл  ішінде  же-

тетінімізді білеміз. Осылайша нарықтың даму қарқынын 

оңай  есептеуге  болады,  болжамның  расталу  деңгейі  де 

жоғары болмақ. Жобаның өсу мүмкіндігін білсек, өзіміз 

сенімді боламыз.

– Егер өсу мүмкіндігі жоғары болса, онда ол инве-

сторлар  үшін  оң  фактор  болғаны  ғой,  ал  қазақстан 

нарығының толымсыз сыйымдылығы инве-

сторлардың  қызығушылығын  төмендетеді 

ғой?

– Мысалға әуебилеттерінің онлайн сатылы-

мының  сыйымдылығы  ауқымды,  миллиард 

доллардан асады, бұл көп көлемдегі көрсеткіш.



–  Әуе  билеттерінің  түбіртегі  көп  болға-

нымен қаржының көбі әуекомпанияларына 

кетеді.  Интернет  қызметтегі  бәсекелестік-

тің  жоғары  болуынан  табыс  табатындар  аз 

шығар?

–  Айналым  көлемінің  үлкендігі  қызықты-

рады.  Оның  үстіне  сен  билетті  сатып  қана 

қоймайсың,  қосымша  қызмет  түрлері  де  бар, 

темір  жол  билеттерін,  қонақ  үйге  орындарды 

сатасың.  Әдетте  адам  сапарға  шығатын  бол-

са, тұратын жерін сайлап алады, қонақ үймен 

аппартаменттерден  орындарды  броньдайды. 

Оның  үстіне  сақтандырудан,  визалық  қолда-

удан  және  басқалардан  пайда  көруге  болады. 

Туризмнің  онлайн  нарығы  ең  тартымды  сала 

болып саналады. Бұл тауар нарығынан да тар-

тымдырақ, себебі тауарды жеткізудің машақа-

ты көп. Айтпақшы, әуебилеттерін сату нарығы-

ның тұралап қалуы байқалады, тежелді деп те 

айтуға  болады.  Дегенмен  де  оның  онлайн-

дық  денін  құрайтын  бөлігі  даму  қарқынының 

арқасында  көбейіп  отыр.  Нарық  өсетін  болса, 

онда онлайн көрсеткіштері одан да артығырақ 

өсетін болады.



– Онлайн жобаның ең осал жері офлайн-

мен түйісетін тұста байқалады, ол сырттағы 

кәсіпкерлер  бақылауында  екенін  ұмытпа-

лық.  Мысалға  интернет-дүкен  ыңғайлы  да 

оңтайлы,  алайда  тауар  өндірушілер  мен 

қызмет  ұсынушылар  жұмысы  сапасыз  бол-

ды делік. Немесе клиент сіздің Chocolife.me 

сайтыңыздан купон сатып алып, ал оған ка-

феде нашар қызмет көрсетті. Мұндай серік-

тестердің  қателігі  беделіңізге  нұқсан  кел-

тіретін келеңсіздікпен қалай күресесіздер?

–  Бастапқыда,  компаниямыз  шағын  бо-

лып, серіктестерімізге елеулі әсеріміз жоқ бол-

маған  кезде  қиындау  болды.  Уақыт  өте  бұл 

процеске пәрменді құралдар арқылы әсер ету-

ді үйрендік. Алғашқысында серіктестеріміздің 

ара салмағы 50 де 50 болды. Олардың жарты-

сы  акцияға  келген  қонақтарға  сапалы  қызмет 

көрсету  керектігін,  ол  брендтің  беделінің  ар-

туына  септігін  тигізіп,  клиенттерді  қайтаруға 

мүмкіндік  беретінін  түсінді.  Екінші  жартысы 

Егер проблема тез 

шешілетін болса, 

онда теріс пікірдің 

әлеуметтік желіде пайда 

болу мүмкіндігі нөлге тең


65

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



VIP MONEY

Vis-a-vis

клиенттерімізге сапасыз қызмет көрсетуден тайынбады. 

Алайда бұл ақымақ компаниялардың әрекеті еді, себебі 

біздің клиенттеріміз ең алдыменен олардың клиенті ғой, 

себебі олардың қызметін тұтынуға келді емес пе. Бұл де-

геніміз – олардың рейтингі және клиенттердің бағалауы. 

Алғашқы кезде біз серіктестеріміздің: «нашар бағалау де-

генге сене бермеңіздер, ол бәсекелестердің аяқтан шалу 

әрекеті  болар»  деген  сөздеріне  иланатынбыз.  Оларға 

түсіністікпен қарап, нашар бағалауды алып тастаған кез-

деріміз  де  болды.  Соңынан  бұлай  істеуге  болмайтыны-

на көзіміз жетті. Адамдар әдетте шынайы баға беретінін 

байқадық. Тиісінше адам әділ де, айқын баға беретін бол-

са, онда оны сайтқа салу керек, оның пәрменді әсері бо-

лады. Көшедегі біреу келіп, жаман баға бермейтіні айдан 

анық, бізге акциямызды пайдаланған адамдар ғана баға 

бере алатындай қылып жасадық. Бізге шынайы клиент-

тің шыншыл бағасы ғана қажет. Осындай талаппен ғана 

серіктестердің  ара  жігін  айқындауға  болады.  Мен  мұн-

дай қадамға баруымыз маңызды болғанына сенемін.

– Сонда жанамалы түрде сіздердің стартаптарыңыз 

түрлі саладағы сервис сапасын арттыруға септігін ти-

гізгені ғой?

–  Солай  десе  де  болады.  Мұның  қалай  жұмыс  істей-

тінін  айтайын.  Мысалға  сіз  акциямен  келдіңіз  делік, 

сізге  бірнәрсе  ұнамай,  нашар  баға 

қойдыңыз.  Ол  бірден  біздің  сапа-

ны  бақылау  қызметінің  менеджері-

не түседі. Олар бағалауды оқиды да, 

серіктестерге  хабарласады,  түскен 

шағым  туралы  хабарлап,  оны  шешу 

жолдарын  ұсынады.  Осылайша  олар 

клиент тап болған проблеманы шешу 

үшін  серіктестерді  тартады.  Бұл  оң 

жемісін беріп жатқанын көріп отыр-

мыз.  2001-2012  жылдары  қаз  тұрып 

жатқан  кезде  кездескен  проблема-

лармен  салыстырғанда,  қазір  акци-

ялардың сапасы аса жоғары. «Маған 

ұнаған  жоқ»  деген  қағидатпен  ку-

пондарды  қайтару  көрсеткіші  0,3% 

құрайды. Мың адамның үшеуі осы се-

бептермен  купонды  алуға  жұмсаған 

ақшасын қайтаруға келеді.

Айтпақшы,  рейтингтер  мен  баға-

лаулар  кәсіпкерлерге  өз  бизнестерін 

тәртіпке келтіруге септігін тигізеді. Се-

бебі олар үнемі қандай проблемалары-

ның бар екендігін біле бермейді. Биз-

несмендердің  көпшілігі  түсіністікпен 

қабылдайды,  дегенмен  де  олар  кей-

де  қарамағындағы  жұмыскерлердің 

жалқауланып кеткенін, басқа да оғаш қылықта-

рынан  хабардар  емес.  Былайша  алғанда  0,3% 

мардымсыз секілді, ал екінші жағынан бұл көп. 

Себебі жыл ішінде бізде миллиондап купон са-

тып  алынады,  тисінше  миллионнан  30  мың 

адамға бірнәрсе ұнамады деген сөз. Жалпылай 

алғанда,  бұл  аз  емес.  30  мың  мәрте  жағдайды 

түзеуге  әрекет  ету  керек.  Ақшаны  қайтарудан 

басқа,  ондай  қателіктер  қайталанбауды  қара-

стыру қажет.



–  Бұл  30  мың  адам  интернет  тұтынушы-

лары  ғой,  яғни  сіздердің  купондарыңызды 

сайттан  сатып  алған  болып  шығады  емес 

пе. Тиісінше әлеуметтік желіде теріс әсер ту-

ады десеңізші...

–  Біз  мұндай  келеңсіздікпен  күресуді  үй-

рендік.  Мынандай  заңдылықты  байқадық: 

егер проблема тез шешілетін болса, онда теріс 

пікірдің әлеуметтік желіде пайда болу мүмкін-

дігі  нөлге  тең.  Мұның  сыртында  оң  пікірді  де 

ала  аласың:  «кемшілікті  тез  жоя  біледі  екен-

сіздер» дегені. Осыны түсініп, біз шағымдарды 

жылдам шешуге күш саламыз. Бізде клиентке 


66

№5-6 (19-20) желтоқсан 2016



VIP MONEY

Vis-a-vis

орналасқан  тағамды  жеткізудің  мобильді 

тұғырнамасы) жаһандық ойыншымен бәсеке-

лестікте  бізге  Chocolife.me  сайтының  клиент-

тік базасы көп көмектесті. Біз Chocofood-ді іске 

қосқанда осы базаға арқа сүйедік, оның қата-

рында  миллион  пайдаланушы  бар.  Олар  кли-

енттік базаны жоқтан құруға мәжбүр болды.

– Жаһандық ойыншылардың күші – олар-

дың жоғары да бірегей стандарты деп сана-

лады. Мысалға McDonalds секілді...

– Мұның кейде кері әсері бар екен. Жаһан-

дық  ойыншы  сол  нарықтағы  клиеттердің 

сұранысына  сәйкестендіріп  өзінің  бірегей  IT 

өнімін жедел өзгерте алмайды. Мысалға жер-

гілікті  менеджер  жаһандық  кеңседен:  «маған 

осы өзгерістерді жасап беріңіздер» деп сұрай-

ды. «Иә, әрине, үш айдан кейін жасаймыз не-

месе  Үндістан,  Венсуэла,  басқа  да  нарықтар 

күйіп  жатыр,  тоқтай  тұр»  дейді  ол  жақтағы-

лар. Нәтижесінде бір күннің ішінде жасайтын 

өзгерістерді  айлап  жасайды,  тіпті  оны  орын-

дамайды да. Жаһандық компаниялардың шек-

теусіз ресурстары бар деген теріс пікір қалып-

тасқан.  Қазақстан  секілді  елге  біздікінен  гөрі 

ауқымды  ресурстар  бөледі,  тиісінше  олардың 

шығындары  да  көп:  клиенттер  базасын  құру-

дан  басқа,  шетел  компаниялары  қызметкер-

лерінің ұшақпен ұшуына, жатар орындарына, 

әлеуметтік пакеттеріне шығындалады. Жалпы 

тәжірибе көрсеткендей, шетел компаниялары-

на  төтеп  беруге  болады,  ең  бастысы  олардың 

технологиялық  басымдығы  болмаса  болғаны. 

Мысалға Google-ді алып қарайық. Олардың із-

дестіру  сайты  мықты,  оған  шартты  түрде  20 

мың инженер жұмыс істейді, сен өзінің коман-

даңдағы 10 адаммен қалай бәсекелес бола ала-

сың. Жеңіліс табарың анық.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал