Мазмұны: Кіріспе



жүктеу 449.5 Kb.
бет13/14
Дата08.02.2022
өлшемі449.5 Kb.
#17069
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған күннен бастап өзара ықпалдасу мен сан қырлы ынтымақтастықтың авторы ретінде прогресті жолдардан өтті. Соның арқасында Қазақстан, АҚШ-пен, Қытаймен, Ресеймен тұрақты және достық өзара қатынастарды одан әрі кеңейте отырып, олармен үнемі мүддесі ортақ үндесу жүргізіп отыр. Орталық Азия елдерімен интеграциялық ықпалдастық бағыты да жоспарлы түрде дамуда. Еліміз күллі мұсылман елдері мен мұсылман әлемімен жан-жақты қатынас орнықтырып келеді. Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңсе мақсатын іске асыру жұмысындағы қол жеткізілген табыстиарды одан әрі орнықтыра отырып, Қазақстан өңіріндегі қауіпсіздіктің сенімді факторына айналды.

Алғашқы алмағайып кезеңде Қазақстан ядролық қару жағынан өз еркімен бас тартып, енді қайтып жүрміз. Ал сол кезде Қазақстан ядролық қару-жарақтан ерікті түрде бас тарта отырып, оның орнына әскери арсенамызды нығайту, қарулы күштерімізді реформалау, армияны кәсібилендіру, оның материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын басты міндет етіп қоя білді. Бұл де көреген саясаттың кепілі еді. Осылайша біз қаруды жою, қысқарту арқылы қарсылас пен ықтимал бәсекелестерді бірден азайтып, Қазақстанның егемендігіне қол сұқпаушылық пен шекарамыздың мызғымастығына алып державалар тарапынан кепілдік алдық.

Бүгінгі күні терроризм мен күрес аймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету төтенше жағдайларды болдырмау үшін олардың болдырмау үшін олардың алдын-алу қауіпсіздік мәселесін шешу барысында үнемі ұлттық мүддені ұстану – еліміздің сыртқы саясатының басты бағыттары болып табылады.

Тәуелсіз еліміз бүгінге дейін жаңа ғасырдың қауіп қатеріне қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған үйлесімді сыртқы саясатты орнықтырды. Әлемде дәстүрлі емес қатерлелер мен талаптардың қара бұлты төне бастаған қазіргі тұста мемлекеттің дипломатиялық қызметінің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылап отырудың маңызды екендігі белгілі. Уақыт өткен сайын ланкестік пен эктремизмнің қатерлі күресі Дүниежүзінде етек ала түсуде. Ланкестік топтар қызметінің күшеюі халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіруіне Дүниежүзі Мемлекеттерінің арасындағы экономикалық әлеуметтік даму күштерінің алшақтығы айқын байқалып кедейшілік пен ауру кеселдер кең тарала бастады. Қоршаған орта жағдайының құлдырауы өркениеттер мен діндер арасындағы араздықтар халықаралық проблемаларды шешуде күш көрсету тәсілдеріне қолданудың көбеюі әлемдік тарихта экстремистік бағыттың тамыр жаюйына әкеліп соғу үстінде . Бүгінгі әлемнің 40 елінде қарулы қақтығыстар жалғасуда 25 миллион босқын ресми тіркелген. Жыл сайын жер шарында 14 млн адам оның ішінде 6 миллион сәби аштықтан көз жұмды.

Жаһандық қарусыздану және жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау процесіндегі дағдарысқа байланысты халықаралық ахуал ушығ түсті. Ядролық қаруды таратпау туралы шартта көрсетілген мемлекеттердің жүзеге асырылуы салдарынан осы қару түрінің таралу жолдарына тосқауыл қойылмай келеді.

Таяула НьЮ-Йоркте өткен қаруды таратпау жөніндегі шарттың шолу конференциясында қорытынды құжаттардың қабылданбауы осыны айқындайды. Жаппай қырып жоятын қарудың ланкестер қолына түсу қаупі күшейді.

Қазақстанның шекаралық аймағындағы ахуал мен тұрақсыздық үлкен алаңдаушылық туғызуда. Ауғанстанда әлі тұрақтылық толық орнатылмай отыр. Орталық Азиядағы жағдай да тыныш емес.




жүктеу 449.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет