Мазмұны Жоғары оқу орны туралы ақпарат



жүктеу 295.96 Kb.

бет2/3
Дата28.05.2017
өлшемі295.96 Kb.
1   2   3

6)  Оқу  пәніне  жазылу  –  білім  беру  ұйымы  қарастырған  тәртіп 

негізінде білім алушылардың алдын ала оқу пәндеріне жазылу рәсімі.  



7) 

Білім 

алушының 

қорытынды 

аттестациясы 

білім 



алушылардың білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті 

білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру 

дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін шара.  

8)  Білім  алушының  аралық  аттестациясы  -  білім  алушының  бір 

пәнді  оқып аяқтаған кезде сол пәннің бір  бөлігін немесе барлық көлемін 

меңгеру  дәрежесін  анықтау  мақсатында  жүргізілетін  шара;  аралық 

аттестация  білім  алушының  білімін  модульдік-рейтингтік  тексеру 

барысында  және  емтихан  алу  түрінде  жүзеге  асады.  Емтихан  жазбаша, 

тестілеу, ауызша, араласа түрде жүреді.   



9)  Кредит  –  оқытушы  мен  білім  алушының  оқу  жұмысы  көлемін 

өлшейтін бірыңғай бірлік. Бір кредит білім алушының академиялық кезең 

барысында 

аптасына 

аудиториялық 

байланыс 

жұмысындағы 

академиялық  сағатқа  тең.  Дәрістік,  практикалық  және  студиялық 



сабақтардың  әр  академиялық  сағаты  міндетті  түрде  2  сағат  (100  минут) 

студенттің өзіндік жұмысымен жалғасады (СӨЖ), магистратурада 4 сағат 

магистранттың  өзіндік  жұмысымен  жалғасады  (МӨЖ),  докторантурада  6 


 

12

сағат  (300  минут)  докторанттың  өзіндік  жұмысымен  (ДӨЖ)  жалғасын 



табады.  

10)  Тіркеу  бөлімі  –  білім  алушының  барлық  оқудағы  жетістіктері 

тарихын  тіркеумен  айналысатын,  білімнің  барлық  бақылау  түрлерін 

ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін  және  олардың  академиялық 

рейтингін есептейтін қызмет орны.  



11)  Постреквизиттер  –  қазіргі  кезде  оқып  үйреніп  жатқан  пәннен 

алатын білім мен дағды қажет болатын пәндердің тізімі. 



12)  Пререквизиттер  –  оқытылатын  пәнге  қажетті  білім  мен 

дағдыны қалыптастыратын пәндер тізімі.  



13)  Пән  бағдарламасы  –  оқытылатын  пәннің  мақсаты  мен 

міндеттерін,  оның  қысқаша  мазмұнын,  әр  сабақтың  тақырыбы  мен 

жалғасымдылығын,  өзіндік  жұмыс  тапсырмаларын,  әдебиеттер  тізімін, 

кеңес  беру  уақытын,  білім  алушының  білімін  модульдік-рейтингтік 

тексеру  кестесін,  оқытушының  талаптарын,  бағалау  ережелері  мен 

критерилерін сипаттайтын оқу бағдарламасы.  



14)  Білім  алушының  өзіндік  жұмысы  (БАӨЖ)  –  оқу-әдістемелік 

әдебиеттермен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, 

реферат,  шығарма  және  есеп  түрінде  бақыланатын  өз  бетінше  оқып 

үйренуге 

арналған 

тақырыптар 

тізімі; 

білім 


алушылардың 

категорияларына  байланысты  оларды  студент  өзіндік  жұмысы  (СӨЖ), 

магистрант өзіндік жұмысы (МӨЖ), докторант өзіндік жұмысы (ДӨЖ) деп 

бөлеміз.  



15)  Оқытушының  жетекшілігімен  жасалатын  студенттің  өзіндік 

жұмысы  (ОЖСӨЖ)  –  кестеде  көрсетілген  оқытушының  басшылығымен 

жасалынатын  білім  алушы  өзіндік  жұмысы;    білім  алушылардың 

категорияларына 

байланысты 

ол 

оқытушының 



жетекшілігімен 

жасалынатын  студент  өзіндік  жұмысы  (ОЖСӨЖ)  және  оқытушының 

жетекшілігімен  жасалынатын  магистрант  өзіндік  жұмысы  (ОЖМӨЖ)  деп 

бөлінеді.  



16)  Транскрипт  –  білім  алудың  белгілі  бір  кезеңінде  меңгеріліетін 

пәндердің тізімі бар кредиті көрсетілген әріптік және сандық белгілермен 

бағасы көрсетілген қалыптасқан формадағы құжат.  

17)  Тьютор  –  білім  алушыға  пәнді  оқытушымен  оқып  үйренуіне 

көмектесетін тұлға.  



18)  Үлгерімді  ағымдық  бақылау  –  білім  алушыны  оқытушы 

тарапынан  әр  тақырып  бойынша  және/немесе  оқу  пәнінің  бөлімдері 

бойынша оқу жетістіктерінің жүйелі түрде бақылануы.  

19)  Эдвайзер  – 

белгілі  бір 

мамандықта 

білім  алушыға 

академиялық  тәлімгер  қызметін  көрсететін  оқытушы,  ол  білім  алу 

траекториясын  таңдауға  (жеке  оқу  жоспарын  құруға)  және  оқу  кезеңі 

барысында білім беру бағдарламасын меңгеруге көмектеседі.  

20) Элективті пәндер – таңдау пәндері қатарына кіретін білім беру 

ұйымы  бекітетін  оқу  пәндерінің  (пән  бойынша  курстардың)  тізімі. 



 

13

Қарастырылған  кредиттер  шеңберінде  солардың  ішінен  бірнешесін 



таңдау арқылы білім алушылар жеке оқу жоспарларын жасайды.  

 

7. ЖОО-ДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ 

АҚПАРАТ   

Академиядағы  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  және  жоғары  кәсіби  білім 

аумағында білім беру бакалавриат мамандықтары бойынша  

-     жалпыға міндетті білім беру стандарттарына;   

-     типтік оқу жоспарларына;  

-  оқу жұмыс жоспарларына;  

-  пәндердің типтік оқу бағдарламаларына;  

-  пәндердің  оқу  жұмыс  бағдарламалары  және  басқа  да  міндетті 

құжаттарға сәйкес жоспарланады және ұйымдастырылады.  

АӘИУ-нің  оқу  үдерісінің  ұйымдастырылуы  академияның  күнтізбесі, 

оқу  сабақтары  мен  студенттерге  кеңес  беру  кестесімен  бекітілген  оқу 

жоспары негізінде жүзеге асырылады. 

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.  

Оқу  жылы  36  апта  (немесе  2  семестр),  оның  ішінде  30  аптасы 

теориялық  оқыту,  4  аптасы  –  студентті  қорытынды  бақылау;  2  аптасы  – 

демалыс кезеңінен тұрады.  

Оқу семестрі 15 аптадан тұрады.  

Әрбір лекциялық, тәжірибелік (семинарлық) сабақтың академиялық 

сағаты ОЖСӨЖ-дің бір сағаты және СӨЖ-дің бір сағатымен ере жүреді.       

Академиялық  сағат  лекциялық,  практикалық  (семинар)  1  контакт 

(50  минут)  сағатқа,  немесе  зертханалық  сабақ  және  дене  тәрбиесі 

сабақтары  2  контакт  (100  минут)  сағатқа,  немесе  іс-тәжірибенің  барлық 

түрі 5 контакт (250 минут) сағатқа тең.  

Оқу  жылы  жазғы  семестр  есебінен  10  апта  ұзақтығымен  созылуы 

мүмкін.  Жазғы  семестр  студенттің  қосымша  білім  алу,  академиялық 

қарыздарды 

жою 

және 


оқу 

бағдарламаларында 

академиялық 

айырмашылықты  жою  мақсатында  пайда  болған  қалауы  бойынша 

ұйымдастырылады.  

Бакалавриатта білім алудың бүкіл кезеңінің академиялық көлемі 40 

оқу пәнін құрайды.   

Қорытынды бақылау жазбаша немесе тест түрінде өткізіледі.  

Студенттің  білімін  бағалау  рейтингтік  бақылау  нәтижесін  ескере 

отырып, 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. 

Студентке оқу-әдістемелік кешен ұсынылады. Оған:  

-  оқу  жоспарының  әрбір  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасы 

(syllabus);  

-  әрбір  пән  бойынша  оқу-әдістемелік  құралдар  пакеті:  курстың 

тематикалық 

жоспары, 

лекция 

тезистері, 



практикалық 

(семинарлық)  сабақтардың  жоспарлары,  СӨЖ  және  ОЖСӨЖ 

жоспарлары,  СӨЖ  орындау  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар, 

тестілер енеді.  



 

14

Студенттердің 



оқу 

үдерісін 

әдістемелік 

қамтамасыз 

етуді 

кафедралар  жүзеге  асырады    және  келесі  оқу-әдістемелік  құралдар 



пакетін ұсынады:  

-  оқу 


жоспарларының 

әрбір 


пәні 

бойынша 


аудиториялық 

жұмыстарға  арналған  құралдар,  оның  ішінде  лекциялар, 

семинар сабақтарының жоспарлары, т.б.;  

-  студенттердің өзіндік жұмысына арналған құралдар, оның ішінде 

әрбір  пән  бойынша  өзін-өзі  бақылау  материалдары,  тестілер, 

бақылау тапсырмалары;  

-  іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, оның ішінде барлық 

түрі бойынша бағдарламалар, есептік құжаттар үлгілері.  

Студентті курстан курсқа академиялық ауыстыру Ғылыми Кеңеспен 

бекітілген өту балына сәйкес жүзеге асырылады (GРА).   

Бектілген  өту  балын  (GРА)  жинай  алмаған  студентке  білім  алудың 

қайта оқу курсы ұсынылады.  

Жазғы семестр оқу жылы біткен соң ақылы негізде өтеді: 

  академиялық қарыздарды жою үшін; 

  оқу  бағдарламаларындағы  академиялық  айырмашылықтарды 

тапсыру үшін.  

Жазғы семестрдің ұзақтығы 6 аптаға дейін. 

Жазғы семестрді: 

 рейтинг нәтижесі бойынша емтиханға жіберілмегендер; 

 қорытынды бақылаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алғандар»;  

 емтиханға себепсіз келмегендер; 

 қайта  қабылдау,  ауысу  және  академиялық  демалыстан  ауысу 

кезінде  академиялық  пән  айырмашылықтары  бар  студенттер 

тапсырады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Студенттің  жазғы  семестрге  қатысуы  келесі  білім  қызметтері 



түрлерін орындауға негізделген: 

 пән  бойынша  барлық  лекцияларға,  практикалық  сабақтарға, 

ОЖСӨЖ-на қатысу; 

 СӨЖ көлемін өз бетінше меңгеру.  



 

15

Студент  деканатқа  оқытушының  қолы  қойылған  оқылған  сағаттар 



(кредиттер)  көрсетілген  жеке  жоспар  кестесін  тапсыруы  тиіс.  Егер  жеке 

жоспар кестесі мерзімде тапсырылмаса студент емтиханға жіберілмейді.  

Жеке жоспар кестесін талдап болған соң деканат емтиханға жіберу 

туралы өкім шығарады.   

Емтиханды  қайта  тапсырғанда  оның  бекітілген  алғашқы  тапсыру 

түрі сақталады. 

Жазғы 

семестрде 



меңгерілген 

пәндер 


бойынша 

емтихан 


нәтижелері келесі оқу жылының GРА есептегенде ескеріледі. 

Пәнді  қайта  оқыған  соң  академиялық  қарыз  жойылмаса,  егер  өту 

баллы  (GРА)  жеткілікті  болса,  студент  келесі  курсқа  академиялық 

қарызымен  өткізіледі  және  келесі  семестрде  немесе  жазғы  семестрде 

оны ақылы негізде қайта оқиды. 

Пәнді  қайта  оқыған  соң  академиялық  қарыз  жойылмаса,  егер  өту 

баллы  (GРА)  жеткіліксіз  болса,  студент  келесі  курсқа  өтпейді,  ақылы 

негізде курсты қайта оқиды (өтініші болса). 

Академиялық  пән  айырмашылықтарын  жою  үшін  жазғы  семестрді 

ұйымдастыру келесі ретпен жүзеге асырылады: 

Декан орынбасары студенттің өтініші бойынша: 

  Академиялық 

айырмашылықты 

құрайтын 

пәндер 

тізімін 


жасайды; 

  Академиялық айырмашылықты жою мерзімдерін анықтайды; 

  Пәндерді оқытатын кафедралар тізімін анықтайды. 

Студент пән айырмашылықтары бойынша оқу ақысын төлеген соң, 

деканат маманымен сәйкес құжаттар беріледі. 

Бекітілген  мерзімде  жойылмаған  академиялық  айырмашылық 

академиялық қарыз болып есептеледі. 

 

8. ЖОО ІШІНДЕГІ ТӘРТІП ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ, БІЛІМ 

АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ  

Студент құқықтары: 

-  мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттар аумағында білім 

алу;  

-  жеке траектория аумағында білім алу; 



-  қосымша білім беру қызметтерін пайдалану;  

-  қайта 

қабылдану, 

бір 


мамандықтан 

басқасына 

заңмен 

белгіленген тәртіп бойынша ауысу;  



-  АӘИУ-ның  техникалық  орталықтары  және  кітапхананың  ақпарат 

қорларын тегін пайдалану;  

-  оқитын пәндер бойынша силлабустарды тегін пайдалану;  

-  жеке көзқарасы мен пікірлерін еркін білдіру;  

-  Мемлекеттік  грант  бойынша  білім  алатын  студенттер  ҚР  Үкіметі 

бекіткен стипендия алуға үміттену 

 

 


 

16

Студент міндеттері: 

-  таңдаған  бағыттың  тәжірибелік  дағдылары  мен  теориялық 

білімдерін  мемлекеттік  білім  стандарттарына  сәйкес  толық 

игеру;  

-  күнделікті сабаққа қатысу; сабаққа сырқат себебімен қатыспаған 

жағдайда уақытылы анықтама ұсыну; сабаққа кешікпеу;  

-  оқу-әдістемелік әдебиет және мүлікке ұқыптылықпен қарау;  

-  АӘИУ  Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және білім қызметтерін 

көрсетудің келісім-шарты талаптарын орындау; 

-  мұқият және міндетті болу;  

-  курстастар мен оқытушыларға тілектес болу.  

АӘИУ  міндеттерді  орындамаған  студенттерге  тәртіптік  шара 

қолдануға құқылы. 



 

  9. УНИВЕРСИТЕТТІҢ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ 

 

    Аймақтық  әлеуметтік-инновациялық  университетінің  студенттері 

өте  белсенді,  әрдайым  алда  жүретін  жастар  қауымы.  Студент 

жастар әрқашан өз ойларын істерімен жаңа идеяларымен  бөлісуге 

дайын  тұрады.  Университетте  студент  жастардың  мәселелерін 

үнемі  қадағалап,  олардың  ойлаған  іс-әрекеттерін  іске  асыруға 

дайын  тұратын  –  Жастар  бөлімі  жұмыс  жасайды.  Студент 

жастардың  өздері  сайлаған  ортасында  студенттік  ректоры  бар. 

Сонымен  қатар,  университетіміздің  талантты  жастары  республика 

бойынша  әртүрлі  пікір  талас,  сайыстарға,  спорт  жарыстарына, 

Халықаралық 

XVIII 


«Шабыт» 

фестивальдеріне, 

облыстық 

«Жайдарман»  ойындары,  облыстық  қыз  сыны  конкурстарына 

қатысып, жүлделі болған студент жастарымыз өте көп. 

      Университеттегі  студент  жастардың  өмірлері  өте  қызық.  Ол 

үшін 

студенттерге 



университет 

қабырғасында 

бар 

жағдай 


жасалған. 

 

 Студент  жастар  үшін  біздің  университетте  көптеген  қызықты 



үйірмелер бар: 

-  Вокал үйірмесі 

-  Домбыра үйірмесі 

-  Би үйірмесі 

«Жас Отан» жастар қанаты 

-  «Парасат» әдеби клубы 

-  «Шаңырақ» пікірталас клубы 

-  КВН  


 

 

17

Университеттің  ішнара  өтетін  байқаулар  номинациялары  бойынша 



«Бозбала мен бойжеткен», «Көктем аруы» «Көркем сөз шеберлері» 

байқауға  қатысушылардың  барлығы  да  жүлделі  сыйлықтармен, 

дипломдармен және номинациялармен марапатталады. Солардың 

ішінде  атап  айтарлық  жүлделі  орындар  алған  студенттерді  атап 

айтуға  болады:  А.Алишева  мен  З.Урдабекова  Халықаралық  XVIII 

«Шабыт» 


фестивалінде 

«Бейнелеу 

өнері» 

номинациясымен 



марапатталды,  Облыстық  қыз  сыны-2015  байқауына  Сейдахмет 

Жансая  –  қатысып  жүлделі  2-орынға  ие  болды,  Облыстық 

«Жайдарман» ойынында  КВН командасы 4/1 финалынан өтті.  

Университет  қабырғасында  өткен  «Бойжеткен  мен  бозбала» 

байқауында төмендегі  студент жастар марапатталды. 

1.  «Ең  алғыр  жұп»  номинациясымен  Зарқұмов  Ерболат  пен  Жәли 

Айзат  

2.  «Үздік  әнші  жұп»  номинациясымен  Ендібай  Ердаулет  пен 



Қамбар Назерке 

3.  «Ең  үздік  Сәнгер  жұп»  номинациясымен  Дүйсен  Ғазиз  бен 

Бекжанқызы Айзада  

4.  «Үздік  сөзге  шебер  жұп»  номинациясымен  Мамыр  Бекзат  пен 

Дайы Әсел 

5.  «Өнерлі  жұп»  номинациясымен  Алтынбек  Бақдаулет  пен 

Әбілханова Индира 

6.  «Көрермен  көзайымы»  номинациясымен  Абдірахман  Ерсұлтан 

мен Шекербек Жазира марапатталды. 

Оқу  орнымызда  студент  жастар  бос  уақыттарын  тиімді  пайдалану 

мақсатында көптеген клубтар мен үйірмелер ұйымдастырылған. 

  

 



КТК клубы 

Жетекшілері 

1.  АЖИ құрамасы 

Сапарбеков Н. 

 

 

Университетіміздің  құрамындағы  3  институттада  көңілді  тапқырлар 



клубы  бар,  соның  ішінде  АЖИ  КВН  құрамасы  республикалық,  облыстық 

Жайдарман  ойындарына  қатысып,  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізіп 

келеді. 

 

№ 



Шығармашылық бірлестік 

Жетекші  

 

Әдеби-эстетикалық клуб 

 

1.  «Парасат»  

Әділова Шара 


 

18

 



Би топтары 

 



Іңкәр 

Серікқызы Арайлым 

 

Дебат клубы 

 



Шаңырақ 

Жетпісбай Боранкүл 

 

Үйірмелер 

 



Жас ақын 

Қабылов Дархан 

Жас тілші 



Асқаров Үсен 

Вокал ән салу үйірмесі 



Тұрғынбай Ерлан 

Жас заңгер 



Абылова Камшат 

Жас ғалым 



Искакова Азиза 

Домбыра 



Хабдыразах Тәттімбет 

 

Университеттегі 



шығармашылық 

бірлестіктердің 

жұмыс 

істеу 


мәселелері  және  оған  Сіздің  қатысуыңыз  бойынша,  Жастар  комитетінің 

төрағасына жолығып, біле аласыз. 

 

Жастар  комитетінің төрағасы  Хабдыразах Тәттімбет. Байланыс тел: 



87751010275, 87071860275. 

 

Спорт секциялары 

 

Спорт 

түрлері 

Аптадағы күндер 

Дүйсенбі 

Сейсенбі  Сәрсенбі  Бейсенбі 

Жұма 

Баскетбол 

(ұлдар) 

18.00-


19.10 

 

18.00-



19.10 

 

18.00-19.10 



Баскетбол 

(қыздар) 

 

18.00-



19.10 

 

18.00-



19.10 

 

Волейбол 

 

17.00-


18.30 

 

17.00-



18.30 

 

Шахматы 

15.00-

18.00 


 

15.00-


18.00 

 

15.00-18.00 



Стол 

теннисі 

15.00-


17.00 

 

15.00-



17.00 

 

15.00-17.00 



Тоғыз 

құмалақ 

 

15.10-



17.00 

 

 



 

 


 

19

Университеттің спорт залдарының мекен-жайы 



1.  Шымкент  қаласы,  Д.  Құрманбеков  көшесі  4Б  үй.  Спорттық 

секциялардың жетекшісі: Жұмабеков Р. 

1.  Шымкент  қаласы,  Терешкова  14.  Спорттық  секциялардың 

жетекшісі: Нұртаев А., Хашимов И. 

1.Шымент қаласы, «Қажымұхан» стадионы. Спорттық секциялардың 

жетекшісі:Тулеев Е. 



 

10. СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ 

1. Элективті  пәндер  каталогы  негізіндегі  білім  бағдарламаларына 

студенттерді  тіркеу  Тіркеуші  Офисімен  ұйымдастырылады  (деканат, 

кафедралар, эдвайзерлер көмегімен). 

2. Элективті пәндер каталогы негізіндегі білім бағдарламалары бекітілген 

соң Тіркеуші Офисі 

    студенттер 

үшін 


презентациялар 

ұйымдастырады 

(деканат, 

кафедралар, эдвайзерлер, 

    тьюторлар қатысуымен). 

3. Ұйымдастыру-әдістемелік  және  консультациялық  жұмыстарды  жүргізу 

үшін  эдвайзерлер        қатыстырылады.  Эдвайзерлер  тізімі  тәжірибелі 

және  коммуникативті  доктор/кандидат  ғылыми  дәрежелері  бар 

қызметкерлерден құрылады.  

4. Білім  бағдарламаларына  тіркеу  конкурс  негізінде  үлгерім  баллы 

ескеріліп жүргізіледі. 

5. Білім бағдарламаларына тіркеу 1-30 наурыз аралығында жүргізіледі. 

6. Егер белгіленген мерзім 31 наурызға дейін 10 студенттен кем жазылса 

білім бағдарламасы жұмыс оқу жоспарына енгізілмейді. 

7.  Студентті  оқу  пәндеріне  мерзімнен  кеш  тіркеу  егер  белгілі  себептері 

болса рұқсат етіледі.  

8. Студенттердің  білім  бағдарламаларына  тіркелу  нәтижелері  негізінде 

деканат академиялық 

    лектер және топтар құрайды. 

9. Академиялық  лектер  және  топтар  пәндерге  жазылған  студенттердің 

жеткілікті саны принципібойынша құрылады. 

10. Пәндерге тіркелу үшін бекітілген формадағы өтініштер толтырылады 

(аты-жөні,  тобы,  мамандығы,  оқу  жылы,  студенттің  қолы).  Таңдаған 

білім бағдарламасы көрсетіледі. 

 

11. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ, 

ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ  

Ағымдағы, 

аралық 

және 


қорытынды 

бақылаулардың 

ұйымдастырылу  тәртібі  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  2010 жылдың 1 қарашасындағы  №506  «Білім  алушылардың 

ағымдағы  үлгерімін  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестациялауды 

өткізудің типтік ережелерін бекіту туралы 2008 жыл 18 наурыздағы №125 

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен регламенттеледі.  


 

20

Ағымдағы  бақылау  студентті  қарқынды  жұмысқа  ынталандыруға 

арналған.  Аралық  бақылау  студенттің  мына  әрекеттері  үшін  жинаған 

балдарынан түзіледі:  

-  сабаққа белсенді қатысуы мен толық жауаптары; 

-  зертханалық жұмыстарды өз уақытында орындап, қорғағаны;  

-  үй тапсырмаларын орындауы;  

-  лекциялардың конспектілерін сапалы жүргізу; 

-  оқу пәндеріне қатысуы. 

Ағымдағы  бақылау  кезінде  студенттің  мына  дәстүрлі  емес 

жұмыстарды  жүргізу  кезіндегі  белсенділігі  ескеріледі:  дөңгелек  столдар, 

іскерлік  ойындар,  дискуссиялар,  пәкірсайыстар,    кіші  конференциялар 

және т.б.   

Ағымдағы  бақылау  оқытушы  мен  студенттің  күнделікті  өзара 

әрекеттесуіне  бағытталған,  ол  студенттің  қандайда  бір  пәнді  меңгеруі 

кезінде  туындайтын  белгілі  бір  оқу  проблемасын  шешу  немесе  меңгеру 

әрекетінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.  

Ағымдағы  бақылау  жұмысының  түрлері  мен  оларды  бағалау 

өлшемдерін  оқытушы  өзінің  тәжірибесі  мен  оқу  міндеттеріне  қарай 

анықтайды.  Қорытынды  бақылауға  қатысу  үшін  студент  ағымдағы 

бақылау бойынша минималды рейтинг жинауы тиіс. 

Аралық  бақылау  студенттердің  пәндердің  салаларын  оқу 

бойынша  өзіндік  жұмысының  қорытындысын  жасауға  бағытталған. 

Аралық бақылауды сабақты жүргізген лектор, оқытушы жүзеге асырады.  

Студенттің  аралық  рейтингі төмендегілер бойынша түзіледі:   

-  коллоквиумдарға қатысу; 

-  топтық және жеке консультацияларға қатысу; 

-  жазу жұмыстарын орындау; 

-  өзіндік жұмыстар; 

-  ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу; 

-  тесттік тапсырмаларды орындау.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқу  курсы  аяқталғаннан  кейін  емтихан  үлгісінде  қорытынды 

бақылау  өткізіледі.  Қорытынды  бақылауға  жіберілу  рейтингі  ағымдағы 

және аралық бақылаулардағы жиналған балдардың көлемінен түзіледі.     

Қорытынды  бақылауды  қосқанда  барлық  бақылау  дәстүрлі  және 

иновациялық үлгіде өткізіле алады.  



 

21

Білім  алушыны  курстан  курсқа  көшіру  үшін  жоғары  оқу  орны  өту 



балын (GPA) өзі анықтайды.  



1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал