Материалдары // Материалы Республиканской конференции «Сейфуллинские чтения – 8»



жүктеу 15.61 Kb.

Дата04.05.2017
өлшемі15.61 Kb.

Университеттің  55 жылдығына  арналған  «Сәкен  тағылымы -8» атты  Республикалық

ғылыми –  теориялық

конференция

материалдары  //  Материалы Республиканской

конференции  «Сейфуллинские  чтения –  8», посвященной  55-летию  университета. –

2012. – Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б. 42-43

                  ДОМБЫРА ТАРТУ ШЕБЕРЛІГІН МЕҢГЕРТУ

Утебаева Т.Қ.

Шәкіртке  домбыра  тарту  шеберлігін  дұрыс  меңгертуге, өнерге  деген

ынта-ықыласын өсіріп,  эстетикалық талғамын  арттыруға,  музыканы  дұрыс

тындап,  тереңдей  түсіне  білуге  тәрбиелеу  болып  табылады.  Сол  себепті

оқытып үйрету  сабақтары  домбыра  репертуарының озық  үлгілері  негізінде

біртіндеп белгілі бір жүйемен жүргізілгені орынды. Домбыра тартудан бұрын

оқушының аспаты  ыңғайлы ұстап  дұрыс  отырып үйренуінің мәні өте  зор.

Оқытушы  мұны  жіті қадағалап әр  кез  назар  аударып  отыруы  тиіс.

Домбырашының жалпы  музыка  танымы  аспапты  игеру  тәсілдерімен  тығыз

байланыста қатар  дамып  отыруы  керек.  Күйшілікті  домбыра  тарту өнерінің

шыңы  дейміз.  Ендеше,  бұл өнерді  мұрат  тұтқан  жас өнерпаздың дәстүрлі

орындаушылық ерекшеліктерді мұқият үйренуі – болашақ шеберлікке апарар

жолдың алғашқы  сүрлеуі  болмақ. Осыған  орай,  мұғалім  сабақ барысында

шәкіртінің ой-өрісі  мен қабілетіне қарай  күй өнерін  жан-жақты  талдап,

тереңдете  түсіндіріп  отыруы  тиіс.  Болашақ күйші үшін өз  бойындағы

импровизаторлық  қабілетін  оятып,  оны әрі қарай  дамытудың  өзіндік  мәні

бар.  Бұл –күйшілік өнерге  тән  дәстүрлі қасиеттердің бірі.  Оқушының сан

түрлі  шығармаларды  домбырада  фортепианоның сүйемелдеуімен,  орындап,

музыка  мәдениетінің озық  үлгілерімен  кеңінен  танысуы  оның ойнау

шеберлігінің артып,  ой-өрісінің кеңейе  түсуіне  игі  ықпал  етеді.  Бұл  істі

тыңғылықты  жүзеге  асыру үшін  оқытушы  оқушыны  осы  орындаушылық

өнердің қыр-сырына тиянақты түрде баули білуі керек. Оқушы орындаушы-

музыкант  ретінде  аспапта  ойнау  процесі  арқылы қалыптасып  жетіледі.

Сондықтан  оқытушының сабақты  творчестволық шабытпен  тартымды

ұйымдастырып,  методикалық-эстетикалық

тәжірибенің

озық  үлгілерін

ұтымды қолдана білуі қажет.

Оқытудың негізгі –  көркем  шығармамен  жұмыс  жасау.  Мұнда  оқушы

өзінің кәсіби  білімін  толықтырып,  тәжірибе  жинақтайды.  Ең бастысы

шығарманы өз бетінше үйреніп, орындауға дағдыланады.

Көркем  шығармамен  жұмыс  жасау  төмендегідей  кезеңдерге

бөлінеді:

1. Шығармамен танысу;

2. Шығармада кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру;

3.  Шығарманың көркемдік  мәнін  ашудағы  атқарылатын  жалпы

жұмыстың жобасын белгілеу. Шығармамен танысу барысында оның авторы,

өмір  сүрген  дәуірі,  музыкалық тілінің стилистикалық және  орындалу

ерекшеліктері  жөнінде,  туындының мазмұны,  характері,  сюжеті,  негізгі


екпіндері, құрылысы  мен  позициясы  туралы әңгімеленеді.  Екінші  кезеңде

автордың нұсқауларын  ескере  отырып  шығарманың екпініне,  характеріне,

динамикалық

және  логикалық

иірімдеріне  байланысты

әдіс-амалдар

қолданылады. Мұнда шығарманы оның құрылысына сәйкес бөліп-бөліп алып

жұмыс  жасау  тиімді.  Күйде әуелі  бас  буын,  ортаңғы  буын,  содан  соң кіші,

үлкен  сағаларды,  ал  пьесада  фразаларды,  сөйлемдерді  жеке-жеке  ойнап

жаттыққан  жөн.  Техникалық  қиын  тұстары  арнайы  жаттығулар  арқылы

меңгеріледі.Үшінші  кезең жоғарыда  аталған  процестердің  қорытындысы

болып 


табылады. 

Мұнда 


шығарманың

барлық


бөлімдерін

қосып,


кульминациясын  анықтап,  толық ойнауға  көшу қажет.  Бұл  шығарманың

негізгі желісін тауып, оның көркемдік мәнін ашуға көмектеседі.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал