Материалдары // Материалы Республиканской конференции «Сейфуллинские чтения – 8»



жүктеу 12.84 Kb.

Дата16.04.2017
өлшемі12.84 Kb.

Университеттің  55 жылдығына  арналған  «Сәкен  тағылымы -8» атты  Республикалық

ғылыми –  теориялық

конференция

материалдары  //  Материалы Республиканской

конференции  «Сейфуллинские  чтения –  8», посвященной  55-летию  университета. –

2012. – Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б.33-34

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ

Ишмагамбетова Р.О.

Орыс  аудиториясындағы  мемлекеттік    тілді

үйретудің

басты


мақсаттарының бірі - ойын элементтерін қолдану. Ойын элементтері арқылы

оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорды молайту, сөз

тіркестерімен сөйлем, әңгіме құрастыру. Ойынның негізгі мақсаты - баланы

қызықтыра  отырып, өткен  материалды  берік  меңгерту.    Сонда ғана

оқушының қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жете аламыз.

Сабақ барысында  ойынды

қолданудың

негізгі  шарттары:  ойын

оқушылардың

алдында  тапсырма  ретінде

қойылады,  оқушылардың оқу

әрекеті,  ойын  ережесіне  бағынады,  ойын  нәтижесі  бірден  шығарылып

отырады.  Ойын-сабақтар,  ертегі  сабақтар,  шығармашылық сабақтар  т.  б.

Бұндай  сабақтардың түрлері  оқушылардың логикалық ойлау  жүйесін

дамытумен қатар, ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Мысалы,

қазақ тіліне  тән  дыбыстарды өткенде  сол  дыбысқа  байланысты  сөздерді  де

береміз.

Сол  дыбыстарды  пысықтыу  кезінде  мынандай  тиімді  сәттерді

қолдануға  болады.  Оқушыларды үш  топқа  бөліп, әр  топқа үш әріптен

таратып  шығамыз.  1./ә,һ,ө/  2./і,ң,ғ/    3./қ,ұ,ү/. Сонда қай  топ  бұрын  және

көбірек жазса, сол топ озады.  Оны топтың ішінен бір-бір оқушыдан тақтаға

жаздырса да болады.   «Ыстық картоп» ойыны оқушылардың сөздік қорын,

есте  сақтау қабілетін  дамытады.  Бұл  ойынды  жаңа  сабақ  өткен  кезде

пайдалануға  болады.  Ойынға  барлық балалар қатыса  алады.  Допты  кез-

келген  оқушыға  лақтырып  орысша  бір  сөз  айтылады,  оқушы қазақша

аудармасын  айтып,  допты  жүргізушіге  лақтырады.  Егер  оқушы  жауап  бере

алмаса, келесі оқушы жауап беруге болады.

Сонымен қатар  «Үнсіз қимыл»  ойынын  да қолдануға  болады.  Мұнда

1оқушы әр  түрлі қимылдар  көрсетіп, қалған  сөздерді  басқа  оқушылар  атап

отырады.  Мысалы  отырды,  тұрды,  жүрді,  тақтаны  сүртті, қолын  көтерді...

«Адасқан әріптер»  ойыны.  Төмендегі  мысалда қарамен  жазылған  сөздердегі

әріптердің орны қалай  ауысқан?  Балалар  меқтепке  барады.    Күзде  сабак

басталады.  Жанбыр  көп  жауады.  Төмендегі әріптерден  сөз құраңдар  1.  р,  т,

а,п,  а  (парта).  2.  с, қ,  ұ  (құс). Қазақ тілінде  ойын  элементтерін  кіргізудің

маңызы ерекше.

Ойын  элементтері  еркін  шығармашылық іс-әрекет  ретінде  оқушы

ойын,қиялын дамытып,  сөздік қорын  молайтып, өз  бетімен  ізденуге,

еңбектенуге  дағдыландырады  және  оқушылардың сабаққа қызығушылығын,

белсенділігін  арттырып, ұжымшылдыққа  тәрбиелейді  және  тапқырлық пен


алғырлыққа  баулиды.  Оқушы өз  бетінше  бекітуді, қорытынды  жасауды

үйренеді.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал