Мақсат, бір мүдде, бір болашақ



жүктеу 143.18 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі143.18 Kb.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан

 жолы – 2050: 

Бір

 мақсат, бір мүдде, бір болашақ 

 

Мемлекет

 басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың

 Қазақстан халқына 

Жолдауы

.  


17 қаңтар 2014 жыл. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қымбатты

 қазақстандықтар! 

Құрметті

 депутаттар! 

Бір  жыл  бұрын  мен  еліміздің  2050  жылға  дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын 

жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. 

Ол – «Мəңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дəуірдің кемел 

келбеті. 

Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін 

қалыптастырдық.  Əрбір  отандасымыздың  жүрегінде  елімізге  деген  шексіз  мақтаныш 

сезімін  орнықтырдық.  Қазақстандықтар  ертеңіне,  елінің  болашағына  сеніммен  қарайды. 

Халықтың  97  пайызы  əлеуметтік  ахуалдың  тұрақтылығын  жəне  оның  жыл  өткен  сайын 

жақсара түскенін айтады. 

Бүгінде  Отанымыздың  жетістіктері  –  əрбір  азаматтың  ұлттық  мақтанышы.  Күшті, 

қуатты  мемлекеттер  ғана  ұзақмерзімдік  жоспарлаумен,  тұрақты  экономикалық  өсумен 

айналысады.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  барлық  саланы  қамтитын  жəне  үздіксіз 

өсуді  қамтамасыз  ететін  жаңғыру  жолы.  Ол  –  елдігіміз  бен  бірлігіміз,  ерлігіміз  бен 

еңбегіміз  сыналатын,  сынала  жүріп  шыңдалатын  үлкен  емтихан.  Стратегияны  мүлтіксіз 

орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! 



Құрметті

 отандастар! 

ХХІ  ғасырдың  Қазақстаны  –  талантты,  еңбекқор,  толерантты  халықтың  небəрі  екі 

онжылдықта  «нөлден»  бастап  құрған  елі.  Бұл  –  біздің  бəріміз  мақтан  тұтатын  ортақ 

жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз! 

Біз  қазақстандықтардың  ел  болашағының  тұтқасын  нық  ұстауы  үшін  «Қазақстан-

2050»  Стратегиясын  қабылдадық.  Бүгінде  көптеген  табысты  елдер  –  Қытай,  Малайзия, 

Түркия  ұзақмерзімді  жоспар  бойынша  жұмыс  істеуде.  ХХІ  ғасырда  стратегиялық 

жоспарлау  ең  өзекті  қағида  болып  саналады.  Егер  ел  өз  бағыты  мен  баратын  айлағын 

білмесе,  ешқандай  жел  оңынан  соқпайды.  2050  Стратегиясы  айқын  шамшырақ  секілді 

басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мəселелерін 

шешуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  біздің  30-50  жылда  емес,  жыл  сайын  халық  тұрмысын 

жақсартатынымызды білдіреді. 

Стратегия  –  күннен  күнге,  жылдан  жылға  елімізді,  қазақстандықтардың  өмірін 

жарқын  ете  түсетін  нақты  практикалық  істер  бағдарламасы.  Бірақ  нарықтық  жағдайда 

аспаннан  нəпақа  күтпей,  тиімді  еңбектену  керектігін  əркім-ақ  түсінуі  тиіс.  Мемлекеттің 

міндеті  –  осыған  барлық  жағдайды  жасау.  Мен  əлемнің  озық  елдері  арасындағы 

Отанымыздың  лайықты  Болашағы  ғана  қазақстандықтарды  мəңгілікке  біріктіретініне 

сенімдімін. 

Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің 

тапсырмам  бойынша  Үкімет  нақты  тұжырымдама  жобасын  жасады.  Осы  Жолдаудағы 

менің  тапсырмаларым  ескеріле  отырып  жөнделгеннен  кейін  түпкілікті  бекітілетін  бұл 

құжатты  жалпы  алғанда  қолдадым.  Көптеген  болжамдар  бойынша,  алдағы  15-17  жыл 

Қазақстанның  ауқымды  серпілісі  үшін  «мүмкіндіктер  көзі»  болмақ.  Бұл  кезеңде  сыртқы 

ортаның  қолайлылығы,  ресурстарға,  энергияға  жəне  азық-түлікке  сұраныстың  артуы, 

Үшінші  индустриялық  төңкерістің  пісіп-жетілуі  сақталады.  Біз  бұл  кезеңді  пайдалана 

білуге тиіспіз. 



Біз  2050-дің  мақсатына  қарай  күрделі  жаһандық  бəсекелестік  жағдайында 

ілгерілейміз.  Алдағы  онжылдықтарда  біз  қазірдің  өзінде  біліп  отырған  сын-қатерлер, 

жаһандық  нарық  пен  əлемдік  саясаттағы  болжаусыз  жағдайлар,  жаңа  дағдарыстар  аз 

кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп 

қалды.  Əлемнің  дамыған  елдері  соған  сай  нақты  стратегияларын  дайындауда.  ХХІ 

ғасырдың  орта  тұсы  күрделі  болары  даусыз,  ал  жаһандық  отыздық  тобының  тізіміне 

кіретін  үміткерлер  саны  тым  шектеулі  болады.  Мен  «дамыған  ел»  ұғымының  уақытқа 

сəйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың 

мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда. 

Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық жəне 

даму  ұйымына  (ЭЫДҰ)  мүше  мемлекеттер  көрсетіп  отыр.  Оған  əлемдік  ішкі  жалпы 

өнімнің  60  пайыздан  астамын  өндіретін  34  ел  кіреді.  ЭЫДҰ-ға  кіруге  тағы  6  ел  – 

Бразилия,  Қытай,  Үндістан,Индонезия,  Ресей  жəне  Оңтүстік  Африка  Республикасы 

үміткер  болып  отыр.  Ұйымға  мүше  барлық  елдер  терең  жаңғыру  жолынан  өтті, 

инвестицияның,  еңбек  өнімділігінің,  шағын  жəне  орта  бизнесті  дамытудың,  халық  өмірі 

стандарттарының  жоғары  көрсеткішіне  ие  болып  отыр.  Əлбетте,  ЭЫДҰ  елдерінің 

болашақ  ұзақмерзімді  қарқыны  ескерілгендегі  индикаторлары  –  жер  жүзінің  дамыған  30 

мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы. 

Мен  Қазақстанда  ЭЫДҰ-ның  бірқатар  қағидаттары  мен  стандарттарын  енгізу 

жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан. 

Экономикада  ішкі  жалпы  өнімнің  жыл  сайынғы  өсімін  4  пайыздан  кем  қылмау 

жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 

30  пайызына  дейін  ұлғайту  керек.  Экономиканың  ғылыми  қамтымды  моделін  енгізу 

Қазақстанның  экспорттық  əлеуетіндегі  шикізаттық  емес  өнімнің  үлесін  70  пайызға  дейін 

арттыру мақсатын көздейді. 

Экономиканың 

жоғары 

технологиялық 



жаңа 

салаларын 

құру 

ғылымды 


қаржыландыруды  ішкі  жалпы  өнімнің  3  пайызынан  кем  емес  деңгейге  дейін  арттыруды 

талап  етеді.  Ішкі  жалпы  өнімнің  энергия  тұтыну  ауқымын  2  есе  азайту  маңызды.  Шағын 

жəне орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы 

орнына  кемінде  50  пайызын  өндіретін  болады.  Еңбек  өнімділігін  5  есеге  –  қазіргі  24,5 

мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек. 

Əлеуметтік  саланы  дамытудың  2050  жылға  дейін  басты  бағдарлары  нақты 

индикативті  цифрларда  көрсетілген.  Біз  ішкі  жалпы  өнім  көлемін  жан  басына  шаққанда 

4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға  дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық 

құрылымында  орта  тап  үлесі  басым  елге  айналады.  Урбанизацияның  жаһандық  үрдісіне 

орай  қалалық  тұрғындар  үлесі  барлық  халықтың  қазіргі  55  пайызынан  70  пайыздай 

деңгейге  дейін  өседі.  Қазақстанның  қалалары  мен  елді  мекендерін  сапалы  жолдар  мен 

көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады. 

Саламатты  өмір  салтының  орнығуы,  медицинаның  дамуы  қазақстандықтардың 

өмір  сүру  ұзақтығын  80  жасқа  дейін  арттырады.  Қазақстан  медициналық  туризмнің 

жетекші  еуразиялық  орталықтарының  біріне  айналады.  Озық  жəне  бəсекеге  қабілетті 

ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. 

Қазақстан  əлемде  адамдар  үшін  қауіпсіз  жəне  тұруға  жайлы  елдің  біріне  айналуға 

тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, əділ сот жəне тиімді құқық тəртібі дегеніміз – дамыған 

елдің негізі. 


Құрметті

 отандастар! 

Қазақстанның  əлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында 

алдағы  жұмыстың  ұзақмерзімді  басымдықтары  белгіленген.  Біз  мына  басым  бағыттар 

бойынша бірқатар мəселелерді шешуіміз керек. 

Бірінші.  Инновациялық  индустрияландыру  трендін  түзеу  жəне  күшейте  түсу 

маңызды.  Мен  Үкіметке  2016-2019  жылдарға  арналған  Үдемелі  индустрияландырудың 

Екінші  бесжылдығы  жобасы  жөнінде  бірқатар  тапсырмалар  бердім.  Индустрияландыру 

басымдықтары санын шектеу керек. 

Бізге  дəстүрлі  өндіруші  секторлар  тиімділігін  арттыру  маңызды.  Бұлар  –  біздің 

бəсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық əлеуетін 

сақтай  отырып,  басқару,  өндіру  жəне  көмірсутектерді  өңдеудің  жаңа  тəжірибелері  керек. 

Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. 

Сирек  металдардың  ғылыми  қамтымды  салалар  –  электроника,  лазерлік  техника, 

коммуникациялық  жəне  медициналық  жабдықтар  салалары  үшін  маңыздылығын  ескере 

отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет. 

Қазақстан  геологиялық  барлау  саласы  бойынша  əлемдік  нарыққа  шығуға  тиіс. 

Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан 

инвестиция  тартқан  жөн.  Жалпы,  дəстүрлі  салаларға  қатысты  біздің  оларды  дамыту 

жөніндегі  бөлек  жоспарларымыз  болуы  керек.  Əрбір  келесі  бесжылдықтың  нақты 

нəтижесі  экономиканың  жаңа  салаларын  қалыптастыру  болуға  тиіс.  Бірінші  бесжылдық 

аясында  автомобиль  жəне  авиақұрастыру,  тепловоз,  жолаушылар  жəне  жүк  вагондары 

өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек. 

Сонымен,  2050-ге  дейінгі  қалған  жылдар  жеті  бесжылдыққа  бөлінеді,  олардың 

əрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мəселесін шешеді. 

Екінші  жəне  одан  кейінгі  бесжылдықтарда  мобильді,  мультимедиялық,  нано  жəне 

ғарыштық  технологиялар,  робот  техникасы,  гендік  инженерия  салаларын,  болашақтың 

энергиясын  іздеу  мен  ашудың  негізін  салған  жөн.  Мемлекет  жұмысының  негізгі  бөлігі 

Қазақстан бизнесін, əсіресе шағын жəне орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай 

жасау  болмақ.  Таяудағы  10-15  жылда  ғылыми  қамтымды  экономикалық  базис  жасау 

керек,  онсыз  біз  əлемнің  дамыған  елдері  қатарына  қосыла  алмаймыз.  Мұны  дамыған 

ғылым арқылы шешуге болады. 

Екінші.  Қазақстанның  агроөнеркəсіп  кешенін  инновациялық  бағытқа  түсіру 

маңызды.  Бұл  –  біздің  дəстүрлі  саламыз.  Азық-түлікке  деген  қажеттілік  арта  береді.  Бұл 

секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша əрі ауа 

райына  байланысты  кездейсоқ  жетістіктерді  малданып  қалмай,  өндірістің  өсімі  жөнінде 

ойлануға  тиіс.  Жаһандық  ауыл  шаруашылығы  өндірісінде  бəсеке  өсе  беретін  болады. 

Жермен  жұмыс  істейтіндер,  ең  алдымен,  жаңа  технологияларды  енгізіп,  өнімділікті 

үздіксіз  арттыратындар,  жұмысын  əлемдік  стандарттар  негізінде  жүргізетіндер  болуы 

керек. 

Бірінші кезекте, əсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді 



жер  нарығын  құру  маңызды.  Ауылшаруашылық  жерлерін  инвестиция  тарту  жəне  озық 

технологиялар  енгізуді  ескеріп  жалға  бергенде  ғана  бəсеке  күшейеді.  Ауыл 

шаруашылығында  бизнестің  дамуына,  фермерлер  кооперациясы  үдерісіне,  жерді  тиімді 

пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн. 



Болашақ  –  аграрлық  секторда,  əсіресе,  шағын  жəне  орта  бизнес  түріндегі  жаңа 

өңдеу  кəсіпорындары  желісін  құруда.  Бұл  тұста  біз  бизнесті  несие  арқылы  қолдауға 

тиіспіз.  Фермерлер  ұзақмерзімді  қаржыландыру  мен  өткізу  нарықтарына  делдалсыз, 

тікелей  шыға  алатын  болуға  тиіс.  Ауыл  өндірушілерінің  қарыздарын  кепілдендіру  жəне 

сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мəселе. 

Қазақстан ет жəне сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін 

шаруашылығында  суды  көп  қажет  ететін  тиімділігі  төмен  дақылдар  көлемін  қысқарту, 

оларды көкөніспен, майлы жəне азықтық өнімдермен  алмастыру  жолына бет бұру керек. 

Агрохимикаттарды  тиімді  тұтынудың,  қуаң  жерлерде  топырақты  нөлдік  өңдеудің 

заманауи  технологиялары  мен  өзге  де  инновацияларды  қолдануды  кеңейтудің  кешенді 

шаралары қажет. 

«Жасыл»  экономикаға  көшу  жөніндегі  қабылданған  тұжырымдамаға  сəйкес,  2030 

жылға  қарай  егіс  алқаптарының  15  пайызы  суды  үнемдеу  технологияларына  көшірілетін 

болады.  Біз  аграрлық  ғылымды  дамытып,  сынақтық  аграрлық-инновациялық  кластерлер 

құруымыз  қажет.  Уақыт  көшінен  қалмай,  табиғи  азық-түлік  өндірумен  қатар 

құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. 

Айтылған  міндеттерді  ескере  келіп,  Үкіметке  агроөнеркəсіп  кешенін  дамыту  жоспарына 

түзету енгізуді тапсырамын. 

Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының 

əлеуетін  арттыру.  Бұл  бағыт  бойынша  венчурлік  қаржыландыру,  зияткерлік  меншікті 

қорғау,  зерттеулер  мен  инновацияларды  қолдау,  сондай-ақ  ғылыми  əзірлемелерді 

коммерцияландыру  жөніндегі  заңнаманы  жетілдірген  жөн.  Үкіметке  биылғы  жылдың  1 

қыркүйегіне  дейін  тиісті  заң  жобалары  топтамасын  əзірлеп,  Парламенттің  қарауына 

енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған 

елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет. 

Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар 

трансферттеу  үшін  пайдалану  керек.  Шетелдік  компаниялармен  бірлесіп,  жобалық  жəне 

инжинирингтік орталықтар құру қажет.  Бізге ірі мұнай-газ жəне тау-кен металлургиялық 

нысандарында  жұмыс  істейтін  жетекші  трансұлттық  компанияларды  олар  осында  өз 

қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен 

кейбір  ірі  компаниялардың  бұған  дайын  екендігін  білемін.  Үкімет  осы  мəселені  қайта 

пысықтап,  қажет  болған  жағдайда  бұл  үшін  барлық  жағдайды  жасағаны  жөн. 

Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті 

жоқ. 


Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру 

маңызды.  Олардың  белсенділігін  стартаптарды  жəне  венчурлік  мəмілелердің  бастапқы 

кезеңдеріне  қолдау  көрсетуге  бағыттаған  жөн.  Ірі  қалалық  агломерациялардағы,  əсіресе 

Астана  мен  Алматыдағы  технологиялық  парктердің  жұмысын  жандандыру  керек. 

Алғашқы  зияткерлік-инновациялық  кластер  қазір  Астанадағы  Назарбаев  университетінің 

арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпараттық 

технологиялар  паркі.  Технопарктерде  қазақстандық  ірі  компаниялардың  қосалқы 

өндірістерін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды. 

Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың 

қарқынды  дамуын  қамтамасыз  ету  керек.  Агломерациялар  –  Қазақстанның  ғылыми 

қамтымды  экономикасының  ұстыны.  Елдің  орасан  зор  аумағын,  халықтың  орналасу 

тығыздығының  төмен  екенін  ескерсек,  агломерациялар  қалыптастыру  мен  дамыту  – 



маңызды  мəселе.  Қазақстанның  алғашқы  заманауи  урбанистік  орталықтары  ірі  қалалар  – 

Астана  мен  Алматы,  одан  соң  –  Шымкент  пен  Ақтөбе  болады.  Олар  халықтың  жəне 

инвестициялардың  шоғырлану  орталықтарына  айналады,  сапалы  білім  беру,  медицина, 

əлеуметтік-мəдени қызметтер көрсетеді. 

Көлік  инфрақұрылымы  –  индустриялық  экономика  мен  қоғамымыздың  тамырына 

қан  жүгіртетін  жүйе.  Сапалы  заманауи  магистральдарсыз  дамыған  ел  болмайды  деп  мен 

талай  рет  айттым.  Бұған  қоса,  Қазақстанның  қатынас  жолдары  оның  Еуропа  мен  Азия, 

Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мəнге ие. Елде жолдар 

желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», 

«Алматы  –  Қапшағай  –  Өскемен»  автожолдарын  салуды  бастадық.  Осы  бағыттар 

бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр. 

Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет. 

Ең  алдымен  біздің  жүктерімізді  тасымалдау  үшін  Кеден  одағы  аумағын  барынша 

пайдалану туралы сөз болып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дəлізінің құрылысы да 

аяқталуға  таяу,  Парсы  шығанағына  шығу  үшін  Түрікменстан  мен  Иранға  теміржол 

тартылды.  Келешекте  Қазақстан  теңізге  шығатын  жолдары  бар  елдерде  логистика 

орталықтарын  құруға  инвестиция  салуға  тиіс.  Жүктерді  кедендік  өңдеу  мерзімдерін 

қысқартып,  шекара  өткелдерінің  өткізу  мүмкіндігін  арттырып,  Ақтау  портының 

қуаттылығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін жеңілдету керек. 

Біз  ұзындығы  1200  шақырым  болатын  Жезқазған  –  Шалқар  –  Бейнеу  жаңа 

теміржолын  салып  жатырмыз.  Ол  орталықтың  көптеген  аудандарына  жан  бітіріп,  елдің 

шығысы  мен  батысын  тікелей  байланыстырады.  Бұл  орасан  құрылыс  2015  жылы 

аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. 

Ал  шығыста  Тынық  мұхиттағы  Ляньюньган  порты  арқылы  шығамыз,бұл  жөнінде  ҚХР-

мен келісім бар. 

Біз  энергетиканың  дəстүрлі  түрлерін  дамытатын  боламыз.  Жылу-электр 

стансаларынан  шығатын  қалдықтарды  тазарту  жөніндегі  ізденістер  мен  жаңалықтарға, 

өндіріс  пен  тұрмыста  жаңа  технологиялар  арқылы  жаппай  электр  қуатын  барлық  жерде 

үнемдеуге  қолдау  көрсету  қажет.  Таяуда  Еуроодақтың  ірі  компанияларының  алғашқы 

ондығы  Еуроодақтың  əйгілі  жасыл  экономика  тұжырымдамасы  негізінде  қабылданған 

энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт 

жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс 

жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек. 

Астанадағы  Дүниежүзілік  ЭКСПО-2017  көрмесіне  дайындықты  болашақтың 

энергиясын  іздеу  жəне  жасау  жөніндегі  озық  əлемдік  тəжірибені  зерделеу  мен  енгізу 

орталығын  құру  үшін  пайдалану  керек.  Мамандар  тобы  Назарбаев  университетінің 

қолдауымен  осы  жұмысқа  кірісуге  тиіс.  Біз  қоғамдық  көлікті  отынның  экологиялық  таза 

түрлеріне  көшіруге,  электромобильдерді  енгізуге  жəне  олар  үшін  тиісті  инфрақұрылым 

қалыптастыруға  жағдай  жасауымыз  керек.  Еліміз  бензинді,  дизель  отынын,  авиация 

керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет. 

Сонымен  қатар,  ядролық  энергетиканы  дамытудың  келешегін  ұмытпау  керек. 

Əлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін 

болады.  Қазақстан  –  уран  өндіруде  əлемдік  көшбасшы.  Біз  АЭС  отыны  үшін  төл 

өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз. 



Бесінші.  шағын  жəне  орта  бизнесті  дамыту  –  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстанды 

индустриялық  жəне  əлеуметтік  жаңғыртудың  басты  құралы.  Мұндағы  менің  ұстанымым 

айқын  екенін  білесіздер,  оны  талай  айтқанмын.  Экономикамызда  шағын  жəне  орта 

бизнестің  үлесі  артқан сайын  Қазақстанның дамуы  да  орнықты  бола  түседі.  Бізде  шағын 

жəне  орта  бизнестің  800  мыңнан  астам  субъектісі  бар,  онда  2,4  миллионнан  астам 

қазақстандық  еңбек  етеді.  Бұл  сектордағы  өнім  көлемі  төрт  жылда  1,6  есе  өсті  жəне  8,3 

млрд. теңгені құрап отыр. 

Жаһандық рейтингке сəйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар 

елдер тобына кіреді жəне біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын жəне орта бизнес 

–  біздегі  Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамының  берік  экономикалық  негізі.  Оны  дамыту  үшін 

жеке  меншік  институтын  заңнамалық  тұрғыда  нығайтатын  кешенді  шешімдер  қажет. 

Бизнесті  дамытуға  кедергі  келтіретін  барлық  енжар  құқықтық  нормалардың  күшін  жою 

керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дəстүріне айналуға тиіс. 

Шағын  бизнесті  мамандандыруды  келешекте  оларды  орта  деңгейге  көшіру 

перспективасымен  дамыту  шараларын  қабылдау  маңызды  болмақ.  Осы  сектор 

субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын жəне орта бизнес 

жаңа 

инновациялық 



кəсіпорындар 

төңірегінде 

дамуға 

тиіс. 


Мен 

Үкіметке 

индустрияландырудың  екінші  бесжылдығы  жоспарын  «Бизнес-2020»  жол  картасымен 

үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа 

бастаған бизнесмендерге əдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек. 

Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын 

жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, 

білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? 

Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар. 

Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп 

тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі 

біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен 

оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім 

беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. 

Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нəтижесі 

оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын 

игеру болуға тиіс. 

Таяудағы  3  жыл  ішінде,  2017  жылға  дейін  орын  жетіспеушілігін  жойып,  қажетті 

жерлерде  елдегі  барлық  мектепті  екі  ауысыммен  оқытуға  көшіру  керек.  Үкімет  пен 

əкімдер  осы  міндетті  орындау  үшін  бюджет  қаражатының  бөлінуін  қарастырғаны  жөн. 

Таяудағы  2-3  жылда  дуальдік,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  ұлттық  жүйесінің 

негізін  қалыптастыру  керек.  Келешекте  жастардың  техникалық  білім  алуын  мемлекеттік 

кепілдендіруге  көшіруді  қарастыру  қажет.  Үкіметке  2014  жылғы  1  маусымға  дейін  осы 

мəселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. 

Жетекші  университеттерді  академиялық  жəне  басқарушылық  автономияға 

біртіндеп  көшіруге  жоспарлы  түрде  кірісу  қажет.  Үлгерімі  жақсы  студенттер  мен 

оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 

1  қаңтардан  бастап  стипендиялар  мөлшерінің  25  пайызға  өсірілуін  қамтамасыз  етуді 

тапсырамын. 


Екіншіден,  денсаулық  сақтау  саласындағы  басты  басымдық  –  алғашқы 

медициналық-санитарлық  көмекті  дамыту.  Міндетті  медициналық  сақтандыру  енгізу 

мəселесін  зерттеген  жөн.  Мемлекеттің,  жұмыс  берушілердің  жəне  қызметкердің 

денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты 

қағидаты.  Спортпен  шұғылдану,  дұрыс  тамақтана  білу,  жүйелі  профилактикалық 

тексерілу – аурудың алдын алудың негізі. 

Үшіншіден,  жалпықазақстандық  мəдениетті  дамытуға  жаңаша  серпін  берген  жөн. 

Мəдени 


саясаттың 

ұзақмерзімді 

тұжырымдамасын 

əзірлеу 


қажет. 

Онда 


қазақстандықтардың  бəсекеге  қабілетті  мəдени  ментальдігін  қалыптастыруға,  заманауи 

мəдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек. 

Қазақ  тілі  бүгінде  ғылым  мен  білімнің,  интернеттің  тіліне  айналды.  Қазақ  тілінде 

білім  алатындардың  саны  жыл  өткен  сайын  көбейіп  келеді.  Еліміз  бойынша  мемлекеттік 

тілді  оқытатын  57  орталық  жұмыс  істейді.  Олардан  мыңдаған  азаматтар  қазақ  тілін 

үйреніп  шықты,  əлі  де  үйренуде.  Былтырғыға  қарағанда  биыл  қазақ  тілін  білемін  деген 

өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 

3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді 

ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл 

болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. 

Төртіншіден,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  əлеуметтік  қорғау  қызметкерлерінің 

əлеуметтік  пакеттерін  қайта  қарастырған  жөн.  Үкіметке  азаматтық  қызметшілер 

еңбекақысының  жаңа  үлгісін  əзірлеуді  жəне  2015  жылғы  1  шілдеден  бастап  енгізуді 

тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім 

беру  саласында  –  29,  əлеуметтік  қорғау  саласында  40  пайызға  дейін  арттыруды 

қамтамасыз етуге тиіс. 

Бесіншіден,  мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарымызға  көбірек  көңіл  бөлу  керек.  Олар 

үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс.  Бізде  аз  емес  ондай  адамдарға 

қамқорлық  көрсетілуге  тиіс  –  бұл  өзіміздің  жəне  қоғам  алдындағы  біздің  парызымыз. 

Бүкіл əлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, 

тағам өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы кəсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық 

кəсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. 

Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады. 

Біз  оларды  белсенді  өмірге  тартамыз,  олар  тек  жəрдемақы  алып  қана  қоймайды, 

сонымен  бірге,  өздерін  қоғамның  мүшесі,  пайдалы  еңбеккер  ретінде  сезінетін  болады. 

Біздің барлық əлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы 

жұмысты қолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мəселені барлық 

компаниялармен  бірлесе  пысықтап,  тиісті  шешім  қабылдауы  керек.  Мүгедектігіне  жəне 

асыраушысынан  айрылуына  байланысты  əлеуметтік  жəрдемақы  көлемін  Үкіметке  2015 

жылғы  1  шілдеден  бастап  25  пайызға  арттыруды  тапсырамын.  Мүгедектер  бірлестіктері 

қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн. 

Үкіметтен  бастап  жергілікті  əкімдерге  дейінгі  барлық  мемлекеттік  органдардың 

олармен  жұмысын  күшейткен  маңызды.  Кедейлік  деңгейін  одан  əрі  төмендетіп, 

жұмыссыздықтың  өсуін  тежеген  жөн.  Бұл  ретте  масылдық  пиғылдың  өрістеуіне  жол 

бермеу маңызды. 

Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту жəне əлеуметтік 

бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек. 


Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Əлемнің дамыған 30 елінің 

қатарына  ұмтылыс  кезінде  бізге  адал  бəсекелестік,  əділеттілік,  заңның  үстемдігі  жəне 

жоғары  құқықтық  мəдениет  ахуалы  қажет.  Мемлекеттің  үкіметтік  емес  сектормен  жəне 

бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тəсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық 

тəртібінің шынайы негізі болуға тиіс. 

Сот  жүйесі  іс  жүзінде  ашық  жəне  қолжетімді,  қарапайым  жəне  барлық  дауды  тез 

шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру 

қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен жəне жоғары 

кəсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. 

Аса  маңызды  міндет  –  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаңа  стратегияны 

қалыптастыру жəне іске асыруды жалғастыру.Əкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық 

пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін 

арттырып,  нəтижеге  деген  жауапкершілігін  күшейте  отырып,  жергілікті  жерлердегі 

басқару  органдарына  көбірек  дербестік  беру  керек.  Үкіметке  Президент  Əкімшілігімен 

бірлесіп,  биылғы  1  шілдеге  дейін  осы  айтылған  барлық  мəселелер  жөнінде  кешенді 

ұсыныстар енгізуді тапсырамын. 

Мемлекеттік  кəсіпорындардың,  ұлттық  компаниялар  мен  бюджеттік  мекемелердің 

кадр  саясатына  меритократия  қағидаттарын  енгізуді  жалғастыру  қажет.  Үкіметке  «Б» 

корпусы  мемлекеттік  қызметшілерінің  еңбекақысын  2015  жылғы  1  шілдеден  бастап  –  15 

пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді 

тапсырамын. 

Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған əлемнің дамыған 30 елінің қатарына 

қосылу  жолындағы  нақты  міндеттер  осындай.  Біздің  алдымызда  оларды  заң  жүзіне  жəне 

нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр. 



Құрметті

 депутаттар жəне Үкімет мүшелері! 

Əлемнің  дамыған  30  елінің  қатарына  қосылуға  ұмтылысымызды  біз  екі  кезеңде 

жүзеге асыруымыз қажет. 

Бірінші  кезең  XXI  ғасырдағы  «мүмкіндіктер  көзін»  пайдалана  отырып,  жаңғыру 

серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан осы уақыт 

ішінде  дамыған  елдердің  өткен  жүзжылдықтағы  индустриялық  дүмпу  кезінде  жасағанын 

жүзеге  асыруы  қажет.  Мұны  іске  асыруға  əбден  болады.  Оңтүстік  Корея,  Сингапур 

осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дəстүрлі салаларының қарқынды 

өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз. 

Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды жəне 

жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз 

қуатты өңдеуші өнеркəсіп қалыптастырамыз.Дəстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер 

шығаруға  көшу  жүзеге  асырылып,  ғылыми  қамтымды  экономиканың  базасы  ретінде 

инжинирингтік қызметтер дамиды. 

Көп нəрсе қалай бастауға байланысты екенін ескере отырып, енді биыл атқарылуға 

тиіс шараларға тоқталайын. 

Үкімет пен Ұлттық банкке осы жылға арналған нақты тапсырмалар беремін. 


Бірінші.  Үкімет  биыл  экономика  өсімін  6-7  пайыз  деңгейінде  қамтамасыз  етуге 

тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы 

ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс. 

Екінші. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта 

мерзімді  перспективада  3-4  пайызға  дейін  төмендетудің  кешенді  шараларын  əзірлеуді 

тапсырамын. 

Үшінші.  Үкімет  Ұлттық  банкпен  бірлесіп,  2014  жылғы  1  маусымға  дейін  Қаржы 

секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын əзірлеуі қажет. 

Төртінші.  Үкімет  «Самұрық-Қазына»  қорымен  бірлесіп,  мемлекеттің  қатысы  бар 

барлық  компанияларға  талдау  жүргізіп,  жеке  секторға  берілетін  кəсіпорындар  тізімін 

анықтауы  керек.  Тура  осындай  жұмысты  қалған  мемлекеттік  секторларда  да  жүргізу 

қажет.  Биылғы  жылдың  бірінші  тоқсанында  Жекешелендірудің  2014-2016  жылдарға 

арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс. 

Бесінші.  Үкімет  жылдың  соңына  дейін  Астана  жəне  Алматы  қалаларында 

агломерациялар  қалыптастырудың  2030  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған  стратегиясы 

жобасын əзірлеуі керек. 

Алтыншы.  Үкімет  халықаралық  сауданы  іске  асыру  кезіндегі  кедергілерді  алып 

тастау мəселелерін қарастыра отырып, Қазақстанның транзиттік əлеуетін дамытудың 2030 

жылға дейінгі бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін əзірлесін. 

Жетінші.  Төртінші  мұнай  өңдеу  зауыты  мен  атом  электрстансасының  орны, 

инвестициялар  көзі  мен  құрылыс  мерзіміне  қатысты  мəселелерді  Үкімет  биылғы  бірінші 

тоқсанның соңына дейін шешкені жөн. 



Құрметті

 қазақстандықтар! 

Менің

 серіктестерім! 

Біздің  Стратегия-2050-дегі  басты  мақсаттарға  жетуді  көздейтін  барлық  іс-

əрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс. 

Біріншіден, қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығы 

қағидаты. 

Экономикада,  саясат  пен  əлеуметтік  тұрмыста  ешбір  секіріске,  жөнсіз  сынақ  пен 

авантюраларға  жол  беруге  болмайды.  Айналамыздағы  əлем  қалай  тез  өзгеретін  болса, 

еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс. 

Екіншіден, өзара тиімді ашықтық қағидаты. 

Біз  экономикамызға  шетелдік  инвестициялар,  технологиялар  мен  инновацияларды 

кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз 

дамыған  30  елдің  тобына  кірудің  осы  маңызды  тетігі  арқылы  экономикамыздың  өңірлік, 

жаһандық  экономикалық  жүйемен  терең  ықпалдасуын  айқын  көріп  отырмыз.  Бұл,  ең 

алдымен,  Еуразиялық  экономикалық  одақ  қалыптастыруға  қатысуымызға,  Дүниежүзілік 

сауда ұйымына кіруімізге байланысты. 


Үшіншіден,  бұл  –  қазақстандықтардың  əл-ауқатын  арттыру  қағидаты.  Қарапайым 

адамдардың  əлеуметтік  көңіл-күйі  біздің  басты  мақсатқа  ілгерілеуіміздің  маңызды 

индикаторы болуға тиіс. 

Төртіншіден, бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мəнге ие. 

Менің  халыққа  Жолдауым  біздің  мақсаттарымыз  бен  міндеттерімізді  түсіндіретін 

басты  құжат  болып  табылады.  Əрбір  министр,  əкім,  кəсіпорын  басшысы  осы  Жолдауды 

түсіндіру  жұмысына  жəне  оған  баршаны  қатыстыру  ісіне  жетекшілік  етуге  тиіс. 

Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан əрбір 

қазақстандық  хабардар  болуы  қажет.  Бұл  «Нұр  Отан»  партиясы  қызметінің  негізгі 

мəселелерінің біріне айналады деп сенемін. 

Ол  үшін  ең  алдымен  мемлекеттік  қызметшілердің  өздері  Стратегиямыздың 

идеяларын білуге жəне мəнін терең ұғуға тиіс. 

Президент  Əкімшілігі  мен  Үкіметтің  бүкіл  құрамының,  барлық  деңгейдегі 

əкімдердің  жұмысы  барлық  осы  міндеттерді  орындауға  бағытталуға  тиіс.  Жалпы, 

мемлекеттік органдардың құрылымы алдағы міндеттердің шешімімен үйлесім тауып, 2050 

Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек. 



Қымбатты

 отандастар! 

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! 

Біз  үшін  ортақ  тағдыр  –  бұл  біздің  Мəңгілік  Ел,  лайықты  əрі  ұлы  Қазақстан! 

Мəңгілік  Ел  –  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық  идеясы. 

Бабаларымыздың арманы. 

Егеменді  дамудың  22  жылында  барша  қазақстандықтарды  біріктіретін,  ел 

болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. 

Олар  көктен  түскен  жоқ.  Бұл  құндылықтар  –  уақыт  сынынан  өткен  Қазақстандық 

жол тəжірибесі. 

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тəуелсіздігі жəне Астанасы. 

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам жəне жоғары руханият. 

Төртіншіден,  бұл  –  индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген 

экономикалық өсім. 

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мəдениет пен тілдің ортақтығы. 

Жетіншіден,  бұл  –  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  жəне  бүкілəлемдік,  өңірлік 

мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 



Осы құндылықтар арқасында біз əрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы 

жетістіктерімізді еселедік. 

Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің  идеялық  негізі  осы  мемлекет  құраушы, 

жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. 

Президент  Əкімшілігіне,  Үкіметке,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  «Қазақстан-

2050»  жалпыұлттық  қозғалысымен  бірлесіп,  «Мəңгілік  Ел»  патриоттық  актісін  əзірлеп, 

қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. 

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен 

барлық  саяси  партияларды,  қоғамдық  бірлестіктерді,  барша  қазақстандықтарды  2050 

Стратегиясының  басты  мақсатына  жету  жөніндегі  жұмысқа  белсене  қатысуға 

шақырамын! 

Əсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. 

Оны  жүзеге  асыратын  да,  жемісін  көретін  де  сіздер.  Өз  жұмыс  орындарыңызда 

отырып, осы жұмысқа əрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. 

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар! 

Қадірлі

 халқым! 

Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 

Ол  арман  –  əлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,  əлем  картасынан  ойып 

тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді. 

Ол  арман  –  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен 

қарайтын бақытты Ел болу еді. 

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық. 

Мен  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?»  деген  сауал  жиі 

талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты 

ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мəңгілік Ел идеясы. 

Тəуелсіздікпен бірге халқымыз Мəңгілік Мұраттарына қол жеткізді. 

Біз еліміздің жүрегі, тəуелсіздігіміздің тірегі – Мəңгілік Елордамызды тұрғыздық. 

Қазақтың Мəңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мəңгілік Болашағын баянды етуге арналады. 

Ендігі ұрпақ – Мəңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – 

Мəңгілік Ел! 

Мен  Мəңгілік  Ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары  –  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. 

Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру əлдеқайда қиын. 



Бұл  –  əлем  кеңістігінде  ғұмыр  кешкен  талай  халықтың  басынан  өткен  тарихи 

шындық.  Өзара  алауыздық  пен  жан-жаққа  тартқан  берекесіздік  талай  елдің  тағдырын 

құрдымға  жіберген.  Тіршілік  тезіне  төтеп  бере  алмай,  жер  бетінен  ұлт  ретінде  жойылып 

кеткен елдер қаншама. 

Біз  өзгенің  қателігінен,  өткеннің  тағылымынан  сабақ  ала  білуге  тиіспіз.  Ол 

сабақтың  түйіні  біреу  ғана  –  Мəңгілік  Ел  болу  біздің  өз  қолымызда.  Бұл  үшін  өзімізді 

үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. 

Байлығымыз  да,  бақытымыз  да  болған  Мəңгілік  Тəуелсіздігімізді  көздің 

қарашығындай сақтай білуіміз керек. 

«Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мəртебелі жол. Осы 

жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Əрбір күніміз мерекелі, əрбір ісіміз берекелі болсын! 

Дамуымыз  жедел,  келешегіміз  кемел  болсын!  Жарқын  іспен  күллі  əлемді  таң  қылып, 



Жасай берсін Елдігіміз Мəңгілік! 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал