Маркетинг мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал Қостанай, 2014



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/10
Дата05.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
1
 
 
"Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжi" Мекемесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» мамандығы 
бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал 
 
 
 
   құраст.: А.С.Досбаева 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
2
 
 
 
0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг»  
мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қостанай, 2014 
 
 
 
 
 
 
УДК 005:339.13:81.2(5қаз)(0758) 
ББК 65.290-2:81. 2(5қаз)-923 
 
Рецензенттер:  
Мырзағалиева К.М., ф.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық 
институтының доценті  
Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжінің жоғары 
санатты қазақ тілі пәнінің оқытушысы 
 
  
М45  
0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша 
кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал /құраст.: А.С.Досбаева, Қостанай: 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ  Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2014.- 100б./  
 
ISBN 978-601-7545-96-3 
  
 
Ұсынылып отырған лексикалық жинақ «Маркетинг» және  
«Менеджмент» мамандықтарының кәсіби қазақ тілі пәнінің оқу 
бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарын қамтиды. Мәтіндер 
жинағында оқушылардың болашақ мамандығының теориясына арналған 
қысқаша мәтіндер, кәсіби сөздердің аудармалары берілген. Мәтін соңында 
қайталауға және таным арттыруға арналған сұрақтар, грамматикалық 
тапсырмалар берілген, шығармашылық бағыттағы шағын эссе және оларды 
орындауға қойылатын талаптар ұсынылған.  

 
3
 
 
Оқу құралының мақсаты – болашақ маманды  өз саласына байланысты 
Мемлекеттік тілде білім мазмұнымен таныстырып, оқып үйренуді 
ұйымдастыруды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.   
  
 
 
  
 
УДК 005:339.13:81.2(5қаз)(0758) 
ББК 65.290-2:81. 2(5қаз)-923 
 
ISBN 978-601-7545-96-3 
 
  
  
© «Өрлеу»  БАҰО» АҚ  Қостанай  
облысы бойынша  ПҚ БАИ, 2014 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
4
 
 
 
КІРІСПЕ 
 
 
    Бұл    оқу    құралы    негізінен    колледж    оқушыларының    «Менеджмент»  
және    «Маркетинг»      мамандықтарының    кәсіби    қазақ    тілі    пәніне  
арналған. 
    Қазақстан    Республикасының    «Тілдер    туралы»    заңына,    Қазақстан  
Республикасының    Мемлекеттік    жалпы    білімдік    стандарттарына    сәйкес, 
мемлекеттік  тілдің  қолдану  аясын  кеңейту  мақсаты  көзделген. 
     Оқу    құралының    негізгі    міндеті  –  өз    мамандықтары    бойынша    алған  
білімдерін    қазақ    тіліне    қатысты    сөздермен,  сөз    тіркестерімен  байыта  
түсу.Тіл    дамыту,  байланыстырып    сөйлеуді    жетілдіре    түсу    мәселесі  
қойылып  отыр. 
    Оқу    құралында    қамтылған    кәсіби    мәтіндер    мен    тапсырмалар    типтік  
оқу    бағдарламасына  сай    жазылған.  Кәсіби    мәтіндерді    игертудің    түрлі  
тәсілдері 
қарастырылған, 
грамматикалық 
тапсырмалар 
да  
байланыстырылып  алынған.Тақырыптардың  мазмұнына  сәйкес  сұрақтар,  
тапсырмалар    берілген.Осы    жұмыстардың    нәтижесінде    оқушылар  өз  
бетімен  сөйлем  құрауды  игереді, айтайын  деген ойларын  грамматикалық  
тұрғыдан  дұрыс,  логикалық    дұрыс    құрастырылған    жүйені  жеткізуге  
үйренеді.Әр  тараудан  соң  білімді  пысықтауға  арналған  тест  сұрақтары  
құрастырылған.  
    Сонымен    қоса    құжаттармен    жұмыс    жасау,«Іскерлік    кездесу» 
мәселелері  бойынша  сұхбаттар,  ауыз  –екі  сөздер  берілген. Мамандыққа  
қатысты   іс  қағаздарын  қазақша  жаза  білу  мәселелері   көрсетілген.Осы  
орайда    іс  қағаздарының    қай    түрін    өткенде    де    сол    үлгіге    тікелей  
қатысты,    терминдер    мен    сөздерге,    сөздердің    тіркесуі  мен    қолдануына  
тереңірек  тоқталып, іскерлік  әлемінде  сауатты  сөйлеуге  бағыттау.         
    Қорыта  айтқанда,  болашақ  маманды  мамандығына  байланысты  сөздік  
қорларын    қалыптастыру    және    байыту,    алған    білімдерін    тәжірибеде  
қолдана  білуге  бағыттау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
5
 
 
 
 1 – сабақ 
Қазақ  тілі  туралы 
    Тіл  –  тек  қарым  -  қатынас    құралы    ғана  емес,  мәдениетіміздің    биік 
тұғыры.  Сондықтан    тіл    әлемдегі    ұлттық    мәдениеттің  ара    қатынасында  
аса  маңызды  рөлге  ие. 
     Бүгінде    Елбасының    Қазақстан    халқына    жолдаған    жолдауында 
белгіленген    басым    бағыттардың    бірі  –  барлық    қазақстандықтарды 
біріктірудің    басты    факторы    ретінде    мемлекеттік    тілді    жан  -жақты 
дамытуға  басты назар аударылып  отыр. Сондықтан  қоғамда  қазақ  тілінің 
мемлекеттік  дәрежесін  нығайту және  оның  әлеуметтік - коммуникативтік 
міндеттерін    кеңейту  еліміз  саясатының    басты    стратегиялық    басымдығы 
болып  қала  береді. Мемлекеттік   тілді  дамыту   бағдарламасының  басым 
мақсаттарына  сәйкес  жүзеге  асырылып  келеді.  
     Қандай  да бір халықтың  болмысы, өркениеттілігі, саналылығы  және 
сауаттылығы  оның  тіл  мәдениетімен өлшенеді. 
    Қазақ  тілі 1989 жылы  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болды. 
Еліміз    егемендік    алғалы    ана    тіліміз  мемлекеттік    мәртебеге    ие  болып, 
қолданыс    өрісі    кеңейді.        Қазақ    тілі    еліміздің    барлық    азаматтарын  
біріктіретін  мемлекеттік фактор болып табылады. 
   Өз  сөзінде  Президент    Н.Ә.  Назарбаев:  …  Қазақстанның    жастары  
мынаны    білуі    тиіс:  мемлекеттік  тілді    білмейінше,  мемлекеттік 
органдарында    немесе    сот    саласында    жұмыс    істеу  мүмкін    болмайды. 
Мемлекеттік    тілде    қойылған    сұрақтарға    сол    тілде    жауап    беруге    тура  
келеді.  Уақыт    бар,  мүмкіндік    бар,  мемлекеттің    қолдауы    бар  —  өз 
функцияларыңды    қажетті    деңгейге    жүзеге    асыру    үшін    тілді    үйрену
  
керек.
 
 
 
Сөздік : 
Қарым –қатынас  құралы  – средство  отношения 
Әлеуметтік  құбылысы  – социальное  явление 
Ұлттық  мәдениет – национальная  культура 
Басым  бағыттардың  бірі – одно  из главных  направлений 
Мемлекеттік – государственный 
Қоғам –обшество 
Стратегиялық – стратегический 
Өлшенеді – измеряется 
Өркениеттілігі – цивилизованный 
Мемлекеттік  фактор – Государственный  фактор 
Өз  сөзінде – в  своих  словах 
Қолдауы – поддержка 
Қажет –необходимо 
Егемендік – суверенный 
Білмейінше –не  владея 

 
6
 
 
 
Тапсырма : 
1.Тіл  туралы  заңға тоқталу.Мәліметті  орыс  тіліне  аудару. 
 
7 бап. 
  1.Қазақстан  Республикасының  мемлекекттік  тілі – қазақ  тілі 
  2.Мемлекеттік    ұйымдарда    және  жергілікті    өзін-өзі    басқару 
органдарында  орыс  тілі  ресми  түрде  қазақ  тілімен  тең  қолданылады. 
  3.Мемлекет    Қазақстан    халқының    тілдерін    үйрену    мен    дамыту    үшін 
жағдай  туғызуға  қамқорлық  жасайды. 
 
17 –бап. 
Тіл  ғылым  мен  мәдениет  саласында 
    Қазақстан    Республикасының    ғылым    саласында    диссертацияларды  
рәсімдеу  мен  қорғауды  қоса  алғанда  мемлекеттік  тіл  мен  орыс  тілінің  
қолданылуы  қамтамасыз  етіледі. 
    Мәдени    шаралар    мемлекеттік    тілде    және        қажет    болған    жағдайда  
басқа  да  тілдерде  жүргізіледі. 
 
19 – бап 
    Әркімнің  ана  тілі  мен  төл  мәдениетін  пайдалануға,  қарым –қатынас,  
тәрбие,  оқу  және  шығармашылық  тілін   еркін  таңдап  алуға  құқығы  бар. 
 
 
2.Сөйлемдердің   дұрыс  жалғасын  тауып,    көшіріп  жазу. 
 
Мысалы:  Жауапкершілікті    тіл    саясаты    қазақ    ұлтын    біріктіруші    басты 
факторлардың  бірі .  
 
Жауапкершілікті  тіл  саясаты  - біздің  рухани  негізіміз. 
Қазақ    тілі  -  қазақ    ұлтын    біріктіруші    басты    факторлардың    бірі        Біздің  
міндетіміз - қазақ  тілінде. 
Қазақстанның    болашағы  –  оны    барлық    салада    белсенді    пайдалана  
отырып   дамыту. 
Тілге  деген  көзқарас, оған  бей - жай  қарамайық. 
Сондықтан  оған  - шындап  келгенде, елге  деген  көзқарас  екені  даусыз. 
Орыс  тілін  білу - сауатты  және дәйекті  жүргізу  керек. 
Бұл  үшін  тіл  саясатын  - біздің  ұлтымыздың  тарихи  артықшылығы  екені      
баршаға  белгілі. 
 
 
3.Қазақ  тілі  туралы  мақал - мәтелдердің   мағыналарын  ашу. 
Тіл –ұлттың  жаны. 
 
Өзге  тілдің бәрін  біл, 

 
7
 
 
Өз  тіліңді  құрметте. 
 
Өнер  алды  - қызыл  тіл 
 
Тіл – тиексіз 
 
Шешеннің  тілі- 
Шебердің  бізі. 
 
Тіл – қылыштан  өткір. 
 
Қызыл  тіл  жанның  мияты, 
Абырой – ердің  қуаты. 
 
4.Мына    сөз    тіркестерін    орыс    тіліне    аударып  ,  сөйлемдер  
құрастырыңыздар. 
    Мәдениетіміздің    биік    тұғыры,мемлекеттік    дәреже,  ел    саясаты,    тіл  
мәдениеті,    сот    саласында,    мемлекеттік    ұйымдарда,    ғылым  саласында,  
басты  фактор. 
 
Сұрақтарға  жауап  беріңіздер: 
 
1.  Тіл  қандай  құбылыс? 
2.  Елбасының  Қазақстан  халқына    жолдаған    жолдауындағы    басты  
назар  аударатын  бағыттардың  бірі  не? 
3.  Еліміз    мәртебесін    алғаннан    бергі    тілімізге    қандай    қолдау  
көрсетіліп  келеді.? 
4.  Қазақ  тілі  қандай  тіл? 
 
2- сабақ 
Қазақстан  рәміздері 
 
-  Тәуелсіз  еліміздің  ұлттық  басты  белгілеріміздің  бірі : қазақстан  
рәміздері. 
 
     Әр  халықтың  тарихына, салт - дәстүріне, мәдениетіне байланысты 
рәміздері  болады. Қазақстанның  да  өз  рәміздері  бар.  1992  жылы 4 
маусымда  Қазақстан  Республикасының  туы, әнұраны, елтаңбасы туралы  
заң қабылданды
.  
      Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы 
күн, оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран  бейнеленген  тік бұрышты 
көгілдір  түсті  мата. Тудың  сабының  тұсында  ұлттық өрнек  тік  жолақ 
түрінде нақышталған. Күн, оның  шұғыласы, қыран  және  ұлттық  өрнек 
бейнесі алтын  түстес. Тудың  ені мен ұзындығының  арақатынасы - 1:2. 

 
8
 
 
Тудың  авторы – суретші  Шәкен  Ниязбеков.  
      Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы - дөңгелек 
нысанды  және  көгілдір  түс  аясындағы  шаңырақ (киіз  үйдің  жоғарғы 
күмбез  тәрізді  бөлігі) түрінде  бейнеленген, шаңырақты  айнала  күн 
сәулесіндей  тарап  уықтар  шаншылған. Шаңырақтың  оң  жағы  мен  сол 
жағында  аңыздардағы  қанатты  пырақтар  бейнесі  орналастырылған. 
Жоғарғы  бөлігінде - бес  бұрышты  көлемді  жұлдыз, ал  төменгі  бөлігінде 
"Қазақстан" деген  жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, 
аңыздардағы  қанатты  пырақтардың  бейнесі, сондай - ақ "Қазақстан" деген 
жазу - алтын  түстес. Елтаңбаның  авторлары – сәулетшілер  Шота  
Уәлиханов  және  Жандарбек  Мәлібеков.  
 
      Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Әнұраны - осы 
Конституциялық  заңда  көзделген  жағдайларда  орындалатын  музыкалық-
поэтикалық  туынды. Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Әнұраны.  
Сөзін  жазғандар: Ж. Нәжімеденов  
                               Н. Назарбаев  
Әнін  жазған  атақты  композитор   
Шәмші  Қалдаяқов.  
 
      Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Туы мен Мемлекеттік 
Елтаңбасының  эталондары  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Резиденциясында  сақталады. 
 
Сөздік: 
 
Халық  тарихы – история  народа 
Заң  қабылданды – принят  закон 
Бейнеленген – изображен 
Ұлттық  өрнек –национальный  орнамент 
Шаңырақ –купол 
Қанатты  пырақтар –Тулпар,крылатый  конь 
Конституциялық  заң -  Конституционный  закон 
Поэтикалық  туынды –поэтическое  произведение 
Сақталады –хранятся 
Президент  Резиденциясы –Резиденция  президента 
Орналастырылған –рассположен 
Алтын  түстес –золотистый  цвет 
 
 
 Тапсырма: 
1.Өлеңді  мәнерлеп  оқу 
Қазақстан  рәміздері 
Қазақстан  рәміздері -  елдігімнің белгісі, 
Білу керек  балаға дейін  ең кіші. 

 
9
 
 
Ән ұран, көгілдір ту, елтаңба, 
Рәміздерді  жатқа  білсін  әр  кісі. 
Ән  ұраным – жан  ұраным, 
Айтар әнім, сөйлер сөзім. 
Туған  жерім- сағынарым, 
Жүрсем егер дүние  кезіп. 
Қатар шапқан  қос тұлпар, 
Ай  астында  қазақ  үй. 
Қалықтаған  жас сұнқар, 
Шарықтаған  таза  күй. 
Бұл  таңбасы  елімнің, 
Елдігімнің  белгісі. 
 
2.«Отан», «ел»  тақырыбында   мақал – мәтелдер  айтқызып  мазмұнын  
түсіндірту 
1.Туған  жерге  туың  тік. 
2.Кісі  елінде сұлтан  болғанша, 
   Өз  еліңде  ұлтан  бол. 
3.Әркімнің  өз  жері – Мысыр  шаһары. 
4.Ел іші – алтын  бесік. 
 
3.Мына    сөздер    мен    сөз    тіркестерімен    патриоттық    мағынада  
сөйлемдер  құрастырыңыздар. 
    Молшылық,  мәңгілік    өмір,  Қазақстан,  Отан,  жас    бүлдіршін,  көгілдір  
түс, отбасы.  
 
4.Сөздікті  пайдалана  отырып, қазақша   баламаларын  айтыңыздар. 
     Уважение,  достоинство,  свойство,    почет,  уважать,  ценить,  почетный, 
уважаемый. 
 
5.Сөйлемдердегі сан  есімдердің  мағыналық  түрлерін  анықтаңыздыр. 
    Халқының    саны  15    миллионнан    асады.  Археологтардың    айтуы  
бойынша  Қазақстан  жерін  алғашқы  адамдар  бұдан 300  мың  жыл  бұрын  
мекендеген.  Қазіргі    Қазақстанда    130    ұлттың      өкілдері    түрады.          Жер 
көлемі  2, 7  миллион  шаршы  шақырымнан  асады. 
 
Сұрақтарға  жауап  беріңіздер: 
1.ҚР  рәміздерін  қабылдау  туралы  заң  қашан  қабылданды? 
2.ҚР мемлекеттік  этолондары  қайда  сақталады? 
3.ҚР  рәміздерін  атап  беріңіздер. 
  
 
 
 
 

 
10
 
 
 
 
3 –сабақ 
Менің  Отаным   - Қазақстан 
Жер  көлемі    бойынша  Қазақстан    Ресей,  Қытай,  АҚШ,  Бразилия,  Канада,     
Қазақстан  –  егеменді    тәуелсіз    мемлекет.1991    жылы    1    желтоқсанда  
Н.Ә.Назарбаев    Қазақстан    республикасының    тұңғыш    президенті    болып  
сайланды. 
     Біздің    ел  -    көп    ұлтты    егеменді    мемлекет.Халқының    саны  15  
миллионнан  асады.Елімізде  130 –дан  астам  ұлттың  өкілдері  тұрады. 
     Қазақстан Республикасы –  Еуропа    мен    Азия  қос  континенттерінің 
тоғысының  солтүстік  жарты  шарында  орналасқан.    Үндістаннан    кейінгі 
әлемде    9-шы    орында    тұр.  Қазақстан    Ресей,  Қытай,  Қырғызстан, 
Түркіменстан  және  Өзбекстан  елдерімен  шекаралас. 
Қазақстан    Президенттік    басқарудағы  зайырлы,  демократиялы,  басты 
назарда    адам    және    оның    өмірі,  оның    құқықтары  мен    бостандығын 
ескеретін    құқықты    және  әлеуметтік    біртұтас    мемлекет.Мемлекет 
билігінің 
 
негізгі 
тұғыры 
халық 
 
болып 
 
табылады.  
     Қазақстанның    сыртқы  саяси    бастамаларының    ішінен    аса    жоғары 
бағалап, сөз  ететін  жайт  ядролық  қаруды  тоқтату мен  қарусыздандыру. 
Қазақстан    ядролық    қаруды    қолданудан    өз  еркімен    бас  тартқан    бірінші 
мемлекет.  1991  жылы  29  тамызда    Президент  Нұрсұлтан    Назарбаев    өз 
жарлығымен    әлемдегі  екінші  ірі  Семей  полигонын    жапқызды.  Ядролық 
қарусыз    әлемге    қадам    басуын    Қазақстан    әлемнің    төртінші    ракета-
ядролық    арсеналдан    бас  тартқанымен    дәлелдеді.  Содан    бері    Қазақстан 
қарусыздандыру  принципімен    дамып    келеді.  Қазақстанның    бастамасы 
бойынша    БҰҰ  Бас    Ассамблеясының    ядролық    сынақтарға    қарсы    күні 
ретінде    танылды.  Қазақстан    Республикасының    астанасы  –  Астана 
қаласы. 
 
Сөздік: 
Тәуелсіз  мемлекет -  Независимое  государство 
Тұңғыш  президент – первый  президент 
Көп  ұлтты – многонациональный 
Халқының  саны – численность  населения 
Өкіл – представитель 
Орналасқан – расположен 
Жер  шары – земной  шар 
Шекаралас – граничит 
Біртұтас  мемлекет – единое  государство 
Жарлық –Устав 
Бас  тарту –отказаться 
Дәлелдеу –доказывать 
Дамып  келеді –развивается 
 

 
11
 
 
 
 
 
Өлеңді  мәнерлеп  оқу. 
Күн  сәулелі  Қазақстан 
Ен  даласын, 
Егін  жапқан. 
Бар  баласы  
Бақыт  тапқан. 
Менің  жерім, 
Туған  елім- 
Күн  сәулелі  Қазақстан! 
Көкке  тиген 
Асқар  тауы, 
Жасыл киген 
Бақша  бауы,Менің  жерім 
Туған  елім- 
Күн  сәулелі  Қазақстан! 
Күн  өлкесі 
Күлімдеген,Ел  еркесі 
Ұлым  деген. 
Менің  жерім 
Туған елім – 
Күн  сәлелі  Қазақстан ! 
Тапсырма: 
 
1.Төмендегі  тірек  сөздерді  пайдаланып  шағын  «эссе» жазыңыздар. 
 
 
                                       егеменді 
 Қазақстан                     тәуелсіз 
ел,мемлекет 
                              жоғары  мәдениетті                
                                    көп  ұлтты 
 
 
2.Мына  мәліметтерді  атаңыздар: 
Қазақстанның  астаналары; 
Қазақстанның  облыстарын, ірі  қалаларын; 
Қазақстанның  теңіздерін, көлдерін, ірі  өзендерін; 
Қазақстанның  тауларын ; 
Қазақстанның  жер  асты  байлықтарын, 
 
Сұрақтарға  жауап  беріңіздер: 
1.Қазақстан қандай  мемлекет? 
2.ҚР  тұңғыш  президенті  Н.Ә.Назарбаев  қашан  сайланды? 

 
12
 
 
3.Біздің  елде  қанша  ұлт  өкілдері  тұрады? 
4.Н.Ә.Назарбаев  қай  жылы  Семей  ядролық  палигонын  жапқызды? 
5.Жер  көлемі  бойынша  нешінші  орындамыз? 
4 –сабақ 
 
                               «Келешегіміздің  кілті - бүгінгі  шәкірттердің  қолында, 
                               ал  шәкірттердің  тағдыры  ұстаздың  қолында». 
                                                                                                  Н.Ә.Назарбаев 
                      
 
Біздің колледж 
 
    Тұтыну    кооперациясы    мамандарының    аздығын    ескере    отырып,1956  
жылы    25  мамарыда    орталық    одақ    басқармасының    №  295    қаулысымен  
кооператив  техникумы  құрылды.   
     Қазақстан 
 
Республикасы 
 
 
егемендік 
 
алғаннан 
 
кейін  
Қазтұтынуодағының    құрамына    беріліп,  «Қазтұтынуодағы    Қостанай 
экономика  колледжі»  деп  аталды.  
    Қостанай    экономика        колледжі    жоғары    білікті    маман    даярлайтын  
беделді  оқу  орны. 
    Ұстаздар  ұжымы  кәсіби  және  педагогикалық  жоғары  деңгейге  ие.  
      Колледж    Әл-Фараби    даңғылында        арнайы    ғимаратта    орналасқан.  
Колледжде  мына мамандықтар  бойынша  мамандар  даярланады:  
-  экономистер; 
-   маркетинг -  менеджмент;  
-   статистик ; 
-   әлеуметтік жұмыс;  
-   есепшілер ; 
-   қаржыгерлер; 
-   құқықтанушылар ; 
-   бағалаушы . 
     Колледж    дене    тәрбиесі    мен    спорттың    дамуына    да    көп    көңіл  
бөледі.Спорт  секциялары  жұмыс  істейді,  сонымен  қоса  колледжде  түрлі  
спорттық  сайыстар  жүргізіледі.
 
 
    Оқушылар    демалыс    уақыттарын    ұйымдастыру    үшін    колледжде      би, 
эстрада,  ұлт    аспаптар    ансамблі,    көркемөнерпаздар    үйірмелері    жұмыс  
жасайды.Сонымен    қоса  "Сармат"  әскери-патриоттық    клубы    жұмыс 
істейді.
     
      
Бүгінде    біздің    оқу  орнында    қазіргі    заманғы    технологиялармен 
жабдықталған 11 кабинет, 6 компьютерлік  сынып, 1 спорт  залы, медиатека, 
50 мың  кітап қоры  жинақталған  кітапхана  бар.
 
    Қостанай    экономика    колледжі    еңбек    нарығында    сұранысқа    ие 
мамандықтар  бойынша  жоғары  білікті  мамандарды  даярлайды. 
 
Сөздік: 

 
13
 
 
Тұтыну  кооперациясы  - потребительская  кооперация 
Маман – специалист 
Кооператив  техникумы – кооперативный  техникум 
Қазтұтынуодағы    Қостанай    экономика    колледжі  –Костанайский  
экономический  колледж  Казпотребсоюза 
Жоғары  білікті  маман -  высококвалифицированный  специалист 
Педагогикалық -  педагогический 
Даңғыл  - проспект 
Спорт  секциялары – спортивные  секции 
Жүргізіледі – проводятся 
Көркемөнерпаздар  үйірмесі – кружок  художественной  самодеятельности 
Әскери –патриоттық  клуб – военно -  патриотический  клуб 
Еңбек  нарығы – рынок  труда 
Сұраныс -спрос 
 
Тапсырма: 
1.«Білім »  туралы  ақыл – өнеге  сөздерге  назар  аударайық. 
 
Білім –теңіз, түбі де, шегі  де  жоқ. 
 
Үйренер  нәрсең  білім  мен  мейірімділік. 
 
Бар  ізгілік  тек  білімнен  алынар, 
Білімменен  аспанға  жол  салынар. 
 
Білім  ал, ол  өмірдің  жолын  ашар, 
Кісіден  білім  берген  бәле  қашар. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал