Мархабат байғҰТ



жүктеу 121.44 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі121.44 Kb.

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАРХАБАТ БАЙҒҰТ 

 

ЖЕМЕЛЕК 

 

 

 

  



       

Sauap.org 

Шырпы  қораның  кеткен  жерін  жамап-жасқап  отырған  Жаманқұлдың 

қиялы  қара  ӛріктің  басында.  Қорасы  әбден  ескірген,  үш  ұлы  үш  жақтан 

жабылып,  бұзамыз,  жұрт  секілді  темірлеп,  торлап  береміз  десе  де  кӛнбейді. 

Олардың  ӛз  қоралары,  ӛз  қопсылары  бар,  темірлемесе,  алтындап  тастасын, 

мұндағы  шаруалары  қанша.  Ендігі  қалған  ғұмырына  (келіншегін  қосқанда, 

әрине)  осы  шырпы  қора  да  жетер,  мына  қоржын  үйдің  еңсесі  түсе  қоймас, 

талай адам қызығып қарайды қайта. 

Қиялы қара ӛріктің басында болатыны: шырпы-шыбықтардың арасынан 

ошақ  басындағы  келіншегін  кӛріп отыр.  (Кешіріңіз, оқырман, бұл кісі ошақ 

басындағы  ол  кісіні  "келіншегім"  дейтіндіктен,  біз  де  солай  атаймыз).  Түбі 

қарашірікке айналып, морт сынған тоқал таяқты таңертең Тазагүл сыпырған 

тақырға  тастап  кеп  жіберіп  еді,  сұлап  түсіп  жата  салмай,  дыңғырлап  біраз 

әндетті,  онымен  тынбай,  домалай  жӛнеліп,  әзер  тыншыды.  Бұл  қораның 

қабырғасында  қанша  ағаштың  шырпысы  бар.  Нығайтамын  деп  нықтап  қоса 

беретін. Үстіңгі жақтан салып, үш белдеуден ӛткізіп, түбіне қазықша қағады, 

не  кӛшетше  кӛмеді.  Кӛктем  сайын  келіншегі  қора  түбіне  жаңа,  жұмсақ 

топырақтан жатқызады, жиектей ӛрнектейді. 

Ошақтың  түтіні  түп-түзу,  қара  ӛріктің  басынан  асып  барып 

бұйраланады. 

     Тегінде Тазагүлге ту сыртынан қарағанды қалайды. Мұндай қылықты қай 

кезде,  қалай  тапты,  жадында  қалмаған.  Қазір,  міне,  қораның  селдір  тартқан 

тұсынан  сығалайды.  Келіншек  демей,  кім  дерсің.  Қос  бұрымы  қап-қара, 

жемелегі ұшында, кір жуып отыр. Жігітінің жейдесі болар, сірә. (Ол кісі де 

бұл  кісіні  "жігітіміз"  дейді).  Жігітінің жейдесін  ақ  кӛбікке  салып  шайқайды 

келіп, шайқайды. Сӛйтсе, қос бұрымы біресе белінің бергі жағына аунайды, 

біресе  арғы  жағына  аунайды.  Қымбат  шолпы  тағынбай,  жіптен  ескен 

шашбауы — жемелегі еркелеп. Балбастаудың балағына оралар балдыр болып 

ойнайды. 

Осындайда оның, яғни келіншегінің бетіндегі жыра-жыра, сай-сайда не 

жұмысы  бар  жігітінің.  Осылай  отыра  берсе  екен  дейді.  Жейдесі  әбден 

терсіңді болып, кірлеп кетіп еді. Мынау шошақ маяны, қара ӛрікке жетеғабыл 

шӛпті  шабу  оңай  тірлік  пе?  Шӛпті  шық  кепкенше  орады.  Шығы  кеппей 

құлаған шӛптің құнары кӛп. Жұғымды. 

Жиенқұл  әбзелші  ыңылдады.  Морыған  шырпы  орнына  қара  талдың 

шыбығын  салып,  тӛмен  тартқанда  қолының  сырты  жырылып,  жүйкесі 

тарылып, мазасы кететін кейде. Бұл жолы оның бірі жоқ. Жұмысы ӛнімді, ӛзі 

кӛңілді. 

Қос бұрым біресе ары аунайды, біресе бері аунайды, жемелегі еркелеп. 

Жейдені  ақ  кӛбікке  салып  алып,  шайқай  берсе.  Жемелектен  ойы  аунап, 

тіршіліктің жықпылына ене бергенде келіншегінің үні жетті құлағына: 

— Шайға қалай қарайсыз? 

Қара талдың қалыңдай түскен шыбығы арасынан қараса, қарсы алдында 

қисық  аяқ  қара  кемпірі  тұр.  "Аяғына  қаяқтан  қарап  едім".  Бүйіріне  білегін 


Sauap.org 

сүйкеп  қойды,  әлі  ашаң.  Ту  сыртынан  кӛз  сүзсең,  қыпша  бел,  талдырмаш 

келіншектей  кӛрінетін  Тазагүл  ғой  бұл.  Ендігі  тұрысы  мынау.  Кӛйлегінің 

омырауы  олпы-солпы.  Бет-жүзі  жыра-жыра,  сай-сай.  "Пай-пай,  жаңағы 

жемелек-ай!.." 

Жерде,  айтақырда  айқасып  жатқан  таяқтарды  теуіп  кеп  жіберді.  Қатты 

кеткен  жоқ,  сонда  да  бет-бетіне  домалап,  дыңғыр-дыңғыр  әуеңдетіп  ала 

жӛнелді.  Табан  астында  аяп,  жаны  ашыды.  Қаншама  жыл  қорасының 

қабырғасын  қалқайтып,  қыс  пен  жаздың  нешеме  шілделерін  ӛткерді. 

Тікесінен тік тұрып, мың ысынып, мың суынды. 

Енді  тепкіге  түсіп,  жатысы  мынау.  Бекер  тепті  басынып. 

       Түскі  шайды  иіскеп  білгендей,  кӛше  шетіндегі  екі  қабат  үйде  тұратын 

үлкен  баласы  келді.  Шайды  қызғанбайды  ғой,  тиісетіні  бар.  Шешесінің 

шайын  ішіп,  сорпасына  тойып,  қара  тоқтының  мойын  омыртқасын  мүжіп 

алып  тиіседі.  Жекеменшік  екі  қабатты  үйі  бар,  темір  кӛліктің  ең  мықтысы 

"Еділ" жорғасы бар, сонда да қиын бұ бала. 

—    Елдің сендей шалдары, — дейді тісті шұқып отырып, — ӛздерін де, 

балаларын  да  қарық  қылып жатыр.  Солардың  кӛбі  тіпті  соғыстың  шенейіне 

жетпегендер... Ал сен?! Сен болсаң, сау-тамтығың қалмай жараланып, жарым 

қаныңды  беріп,  Берлиннің  қақ  ортасынан  оралдың.  Сонда  да  бастықтарға 

баруға бет моншағың үзіледі де тұрады. 

Келіншегі жігіттің жүйкесін үлкен баласымен қосыла түтпейін дегендей, 

бұлардан  бұрылып,  кесе-шәйнегін  сүрткіштейді.  Қос  бұрымымды, 

жемелегімді кӛріп басылсын дей ме, кім білсін. 

—     Әне,  —  дейді  үлкен  ұл,  —  әне,  анау  Азанбайды  алайықшы.  Тіпті 

қолына  мылтық  ұстап  кӛріп  пе?!  Ал  кӛкірегін  қалай-қалай  қағады,  темір-

терсегін қалай-қалай тағады. Ел алмаған машиналарды алып, жұрт салмаған 

үйлерді  салып,  қолын  жылы  суға  малып  отыр.  Қаладағы  қызының  тізіміне 

тұрып, пашпыртын жӛндетіп, үш бӛлмелі үй әпергені анау. Биылғы пыраққа 

кететін  биенің  біреуін  тағы  иемденіп  шыға  келіпті.  Соғымға  байлап  тұрып 

сойып  алады,  бір-бір  аяқтан  балаларына  береді.  Ал  сен  ше,  сен!  Тӛрт-бес 

қойыңның  қорасын  да  жӛндей  алмай,  алты  ай  жазға  жалғыз  тоқты  сойып, 

омыртқасын сорпаға санап салып отырысың мынау... 

Жаманқұл әбзелші бұл ақыл сӛздер мен нақыл сӛздерді алғаш рет естіп 

отырған  жоқ.  Жиырма  бір  жасында  үйленген.  Жиырма  екісінде,  яғни  соғыс 

қойылғаннан  кейін  бір  жыл  ӛткенде  осы  үлкен  ұлын  кӛрген.  Тағдырға  риза 

болып,  жігіт  басымен  жылаған.  Жыламағанда  ше,  сау-тамтығы  қалмай, 

талай-талай  жараланды.  Ажал  шіркін  жүз  рет  жарты  жолға  дейін  арқалап 

апарып,  ӛлмеген  соң  тастап  кетіп  жүрді-ау.  Айтуға  ауырсынатын  алапаттан 

аман  қайтамын,  үй  болып,  түтін  түтетемін  деп  ойлап  па?!  Ұлды  да  болды. 

Сонысы мынау ғой. Сӛйлеп-сӛйлеп шешен шықты. Әкесіне үйреткісі келеді. 

Жиырма екі жас кіші. Бірақ бұл да жер ортаға жетіпті. 

Сүйеніп  отырған  сары  диван  үстінде  үш-тӛрт  газет  жатқан.  Солардың 

біреуін алып, қарай бастады. Келіншегінің шайы рақатқа бӛледі. Газеттердің 


Sauap.org 

бәрінен:  "Социализм  елдерінде"  деген  жазуды  іздейді.  Міне,  тапты!  Тӛрт 

жағын  қайыра  бүктейді.  Енді  әдемілеп  тұрып  оқу  үшін  әжептәуір  әзірлік 

керек. 

Таспа 


тілердегідей,  тап-тұйнақтай 

дайындықты 

жаратады. 

Жаманқұлдың  тілген  таспасы  бүкіл  "Бурылтай"  колхозының  ат-арба 

сайманын  сақтап  тұр.  Ат-арба  азайған,  бірақ  олардың  мүлде  құрып  кетуі 

мүмкін бе? Жеті-сегіз арба мен жиырма шақты жылқының пайдасы болмаса, 

зияны жоқ! 

Үлкен ұл әлсін-әлсін үзіліс жасап, қайта шырқайды. 

—    Жыламаған балаға емшек қайда, бүгінде? — дейді ол. Осы нақылды 

ӛзі  шығарғандай.  —  Сені  қанағатшыл  екен  деп,  қарапайым  екен  деп, 

Берлиннің  қақ  ортасынан  қайтқан  батырымыз  екен  деп,  есіркей  ме?  Ондай 

адам  қайда-а-а.  Кӛрсем,  кӛзім  шықсын!  Қырық  жылдан  бермен  қарай 

қарауыл боп келесің. Қарап жүрмей, қоғамдық негізде қамыт-самытты тегін 

жӛндейсің. Бүкіл әбзелді таспалап тігетін сен. Сондағы жарылқағаны қайсы, 

аузыңнан ақтарылған ақ майың кәне? Әне, анау Азанбайды қарашы... 

Бүгінде шалдардың қатары сиреп қалған. Барының басы бірігуі қиын бұл 

ауылда. Басқа ауылды кім білсін, бұл ауыл осылай боп тұр. Құлақ құрышын 

қандырар әңгіме сирек. 

—    Қапшағайдың суынан біздің бала бір балық ұстап әкеліпті,  — деді 

ӛткендегі  бір  бас  қосуда  Азанбай.  —  Үлкендігі  сиырдың  санындай  екен. 

Жартысын  тұздап,  қақтап  қойды.  Қалғанын  қуырып  жеп,  асып  жеп,  ӛрен-

жаранымызбен тауыса алсақшы. 

—     Бұрындары  ондай  оқиғаларға  ауыл  болып  ортақтасушы  еді,  ә?  — 

деді ауылдастардың бірі. 

—    Әй, сен, әуелім, бас-сираққа шақырмадың ғой, — деп Азанбай ашу 

шақырды шынымен. 

—    Ӛзіңіз қыдырып кеткенсіз. 

—    Қапшағай деген сӛздің тӛркіні қайдан шыққан екен ӛзі?! — деп бұл 

әңгіменің тӛркінін ішкен-жегеннен ӛзге арнаға аудармақ ниет білдірген. 

Азанбай алара бұрылды: 

—    Осы сен-ақ сӛз тӛркінін, тіл тарихын қазбалап, бәле іздеп отырасың. 

—   Бәле  қуған  бәлеге  жолықсын,  менікі  —  шын  пейіл  мен  шынайы 

қызығушылық, — деді бұл салмақты түрде. 

—     Боралдайымызды  да  біле  алмай  келеміз  ғой  осы,  —  деп  тағы  бір 

қызығушы табылды. 

—    Жоқ, ә!' Қашан кӛрсең де ол сӛз олай, бұл сӛз былай, мынау сӛзіміз 

моңғолда бар екен, анау сӛзіміз ауғанда жүр екен деп ит қылады. 

—    Жақтырмағандар тыңдамаса да рұқсат. 

—     Қапшағай  Алматының  арғы  жағында  да  бар.  Біздікі  оның  оннан 

бірі, — деді тағы біреу. 

—    Басқа ат құрып қалғандай, — деді Азанбай. 

—     Осы  Қапшағайымыз  "қапсағаймен"  ағайын  емес  пе?  —  деді 

балықты бӛліп жегісі келген ауылдас. 


Sauap.org 

       Азанбайдың  ӛзі  де,  баласы  ұстаған  балығы  да  былайырақ  қалайын 

деп  тұр.  Жұрт  тіл  тарихына  қарай  ауып  барады.  Сәлден  соң  шетел 

жаңалықтары сӛз болса, Азанбайдың әбиірі әбден әлсіремек. 

—     Қой,  сендер  су  қоймасының  атын  анықтай  жатарсыңдар,  ал  біз 

балығын жейміз, — деп Азанбай орнынан тұрды. Бір-екі адам лажсыз ілесті. 

Азанбай  кеткенімен,  құдайға  шүкір,  басалқалы  бас  қосу  бұзылмаған. 

Осы  аймақтағы  жер,  су  атауларының  арғы  тегі,  түсінікті, түсініксіз  тұстары 

сӛз  болды.  Одан  әрі  кісі  аттары  талқыға  түсті.  Бір  заттың  кең-байтақ  қазақ 

даласында бірдей аталатыны таң қалдырады, әр түрлі айтылуы әредік. 

—     Осы  бастауыш  кластардың  оқулықтарында  суретін  салып,  жазып 

қойған қарбыз дұрыс па, әлде дарбыз дұрыс па? 

Бұл  сӛздің  тӛңірегінде  де  симпозиумға  бергісіз  пікір-талас  қызып  кеп 

берсін. Біраздан соң Бурылтай аулының арғы жағынан ай туды. Жалба-жұлба 

екі  шоқ  бұлт,  бірі  айдың  астында,  бірі  айдың  үстінде,  қалқып  кетіп  бара 

жатты. Шілде бойы шӛкімдей бұлт шықпаған аспанның жұлдызды жүзіндегі 

қызық  құбылысқа  қарап  қалған  Жаманқұл  әбзелші  шетелдің  әңгімесіне 

кӛшкен.  Не  керек,  сонда,  түн  ортасы  ауғанша  шер  тарқатып,  Тазагүлдің 

шайынсыз-ақ терлеп-тепшіп, рақаттанып қайтқан. 

Сол  Азанбайды,  алқалы  топты  тастағанда  артынан  екі-ақ  адам  ілескен 

Азанбайды  мына  шіркін  сонша  келіп  мақтайды,  мақтайды  келіп. 

Үлкен  ұл  әкесінің  үнсіздігін  жеңілгені,  шегінгені  деп  ұғып,  шешендігі  үдеп 

барады: 


—     Біріміздің  жүрісіміз  мынау,  қырықта  қыр  аса  алмай.  Сенің 

отырысың  осы  болса,  бізді  кім  қыр  асыра  қояр.  Екіншіміз  Шымкенттің 

шинасын шығарғанына мәз, бес жылда бетон үйге әзер жетті. Үшіншіміздің 

жер түбінде қалып қойғаны анау... 

Қыр асқысы келеді. Кӛкейіндегі қандай қыр? Ӛзі емес пе, кежегесі кейін 

тартып,  үй-жайының  тӛңірегін  шұқылап  шықпай  қойған.  Сенің  қырың  да, 

тауың да, ой-шұқырың да екі қабатты үйің мен Еділ жорғаң, ендігі ентігуің 

—  бос  әуре.  Ортаншымызда нең бар?  Қалада ӛз  жолымен  жүріп  жатыр.  Ол 

жаққа  да  адам  керек.  Жаманқұлдың  баласы  керек.  Үйсіз  жүріп  қиналса, 

қадірін біледі қайта. Кенжетайымда жұмысың болмасын, тыңда жүріп жатыр. 

Жаманқұл  әбзелшінің  бір  баласы  онда  да  керек  болғаны  да.  Сен  секілді 

құлағымның етін күнде жеп жүрген жоқ. Келген сайын беттерінен шӛп-шӛп 

сүйіп немерелерімізді кӛріп, мәз боламыз. Сен, әуелім, социализм елдерінде 

не  болып  жатқанын  білесің  бе?  Білмейсің.  Білгің  келмейді.  Қызықпайсың. 

Азанбайсың  ғой  сен.  Ойың  да,  қиялың  да  темір  қораңнан  шыға  алмай  тұр. 

Қайта  менің  шырпы  қорам  жақсы.  Арасынан  Алатау  кӛрінеді.  Одан  асып 

бүкіл әлем келеді кӛз алдыңа. Самал соғып тұрады аңқылдап. Бурылтайдың 

тасы,  ошақтың  басы,  Тазагүл  шешеңнің  шашы  кӛрінеді.  Жемелегіне  дейін. 

(Рақаттана күлмек болды, ұялды). 

—    Жемелек деген не осы? — деді Жаманқұл әбзелші үлкен ұлына. 



Sauap.org 

Үлкен  ұлы  ӛзінен-ӛзі  шашалып  қалды.  Булығып  қатты  жӛтелді.  Шып-

шып  терлеп  кетті.  Әкесіне  қарады:  "Алжиын  дегені  ме?  Мен  дейім, 

домбырам не дейді?" 

Әбзелші  әке  сары  диванға  сүйеніп,  жымиып  отырды.  Бұдан  әрі  баласы 

босқа шығын болмай, бұйрыққа кӛшті: 

—    Бастыққа кір, тақтай сұра. Саған керек болмаса, маған керек. Ауыл 

советке бар, машина сұра. Ӛзі волгада, әкесі есекте деп күліп жүр жұрт. Дәп 

қазір  Ұлы  Отан  соғысы  мүгедектерінің  сӛзін  екі  етпейді.  Пыраққа  шыққан 

бір  жылқыны  бермесе,  жоғарыға  арыз  жаз.  Қырық  жылдық  кеп  қалды.  Оу, 

мен не деп отырмын осы, а?! 

Бұл  кезде  Жаманқұл  әбзелші  қайыра  бүктеп,  қаттап  қойған  газеттерді 

қайта алып, "Социализм елдерінде" деген бӛлімге бас қойған. 

—    Мен кімге оттап отырмын?! — деген үлкен ұл әке қолынан газетті 

жұлып алып. 

Жаманқұл әбзелші социализм елдерінің екі жағынан мықтап ұстап отыр 

екен, газет жыртылды да кетті. 

Мұны  күтпеген  шалдың  сол  жақ  беті  жыбырлап,  сол  жақ  езуінің  үсті 

әнтек тартылып бара жатты. 

—     Жуәрмек  кетпегір!  —  деп  айқай  салды  келіншек-кемпір.  — 

Ӛлтірдің  бе,  ақыры...  Ӛлтірмей  тынбайтыныңды  білгем.  Жуәрмек  кетпегір, 

жуадай солмағыр! 

Келіншек-кемпір  шалын  сүйемелдеп  жастыққа  жатқызды.  Су  әкеліп 

бетіне  шашты.  Түкті  орамалмен  сүртті.  Баласы  бедірейген  де  қалған.  Сол 

тӛмен  қарапты.  Келіншек-кемпір  дәрі  таба  алмай  әлектенді.  Ақырында 

текеметтің  арасынан  шықты.  Ішкізді.  Сонда  барып  жігіт-шалдың  беті  бері 

қарағандай болды. Мұны сезген баласы желкесін қасып, есікке бет алды. 

—    Жуәрмек кетпегір, — деді тағы да келіншек-кемпір. 

—    Қайдағы жуәрмек, жасы жер ортаға келді, —деді жігіт-шал. 

—    Ойбай, тілің бар білем ғой?! — деді келіншек-кемпір кемсеңдеп. — 

Мен сорлы сен сорлының тілің байланып қалды ма деп қорықтым. 

—     Менің  тіліме  мина  түскенде  де  тіл  тарихын  сұрауымды  қоймағам, 

— деді жігіт-шал. 

Жаманқұл  әбзелші  жатқан  күйі  жаңағы  газетті  алып,  жыртылған 

жерлерін  шырпы  қорадай  жамап-жасқап,  жайбарақат  оқуға  кірісті.  Әлдебір 

тұсына  келгенде  келіншек-кемпір  жастыққа  жастың  тырс-тырс  тамғанын 

байқап қойды. 

—    Байғұс-ау, жылап жатқаннан саусың ба? 

—   Жоқ,  ә.  Жылап  не  кӛрініпті.  Қуанып  жатырмын.  Міне,  Тазагүл 

шырақ,  мына  жерін  қарашы.  Венгр  туысқандарымды  жазыпты:  "Петефи" 

колхозының табыстарын айтыпты. Шандор Петефи деген ұлы ақындары бар 

ғой олардың. Абай сияқты. 

—    Айтқансың, талай рет айтқансың, — деді келіншек-кемпір. 

—    Сен де мезі болайын дедің бе, тыңдамауға айналдың ба мені? 


Sauap.org 

—     Сені  тыңдамағанда  кімді  тыңдаймын,  байғұс-ау,  шаршап  қаласың 

ба  деп  қорқам-дағы.  Шүкір,  бет-аузың  түзелді,  тез  түзелді,  әйтеуір.  Уһ-һ, 

қанша жасымызды кемітіп кетті жаңағы жуәрмек кетпегір. 

—     Жуәрмек  деген  венгрше,  яғни  мадиярша  қыршын  деген  сӛз. 

Түсіндің бе, Тазагүл шырақ. Қызық кӛп қой бұ дүнияда! 

—    Нағып сонша бұ дүние, бұ дүние деп күйіп-жана қалдың, еш жерің 

ауырмай ма, әйтеуір? 

—  Қорықпа, ӛлмеймін. Ӛлсем, қайтып келмеймін. Арман жоқ менде, бір 

адамдай  жасадым. Тек  ӛзіңді  ертіп  алып,  социализм  елдерін,  ең болмағанда 

Венгрияны бір аралап, тамашалап қайтсам деп ем. 

...Осыдан  қырық  бір  жылдай  уақыт  бұрын  қатардағы  жауынгер 

Жаманқұл  Аманқұлов  Венгрияны  азат  етушілердің  бірі  болған.  Соғыста  да: 

"Мына сӛз қайдан шыққан?", "Ана сӛздің тӛркіні не?" дегеннен танбайтын. 

—    Әттең, оқымай қалыпсың, әйтпесе теңдесі жоқ тілші ғалым болатын 

түрің бар екен, — деп әзілдейтін еді майдандағы қазақтар. Шын айтатындары 

да жоқ емес-ті. 

—     Жер  бетіндегі  адамзатты  бӛліп-жаратын  дәнеме  де  жоқ,  бәріміз 

ағайын-туыспыз.  Тіпті  бӛтен  жұрттың  тіліне  құлақ  қойсаң,  ұқсас  сӛздерді 

үйіп  табатыныңа  мен  кепіл.  Олай  болса,  түгеліміздің  түбіміз  бір,  тіліміздің 

түбірі  бір,  —  деп  қиял  қанатына  міне  жӛнелетін  Жаманқұл. 

       Сӛйтіп  жүріп  Венгрияға  жеткенде  шынымен-ақ  үлкен  жаңалық  ашты. 

Олар  ӛздерін  мадиярмыз  дейді  екен.  Ал  енді  бұл  туып-ӛскен  Бурылтай 

аулының ӛзінде үш Мадияр бар. Сары Мадияр, қара Мадияр, мӛрлі Мадияр. 

Әне! Аудан бойынша алғанда жиырмаға жетер. Тегін бе осы? Жоқ. 

Жаманқұл  тағы  да  қатты  жараланды,  жолына  снаряд  түсті.  Есін 

білмейді.  Бір  кезде  кӛзін  ашса,  мадияр  бауырларының  ортасында  жатыпты. 

Абайлап қараса, алты-жеті адам, сәл шошақтау келетін бас киімдері бар. Бәрі 

бұған үңіледі-әй. Кезек-кезек үңіліп кеп қарайды. Қарайды кеп. 

—    Жуәрмек, жуәрмек, — деп қояды. 

—    Іһім, іһім, жуәрмек, — деседі. 

—     Жуәрмек,  —  деп  басын  шайқайды.  Шайқайды  келіп  шошақ 

бастарын. Бас киімдері түсіп кете жаздайды. 

—   "Ойпырай,  мыналарға  не  жазыппын.  Жуәрмек  деп  менің  апам 

ашуланғанда  айтушы  еді.  Жуәрмек-жуәрмек  деп  құртқалы  отыр  ма,  әлде? 

Жуәрмек деген не сӛз екен, ә?" 

Сұрайын  деп  еді,  тілі  икемге  келмеді.  "Абайламай,  айналайын 

бауырларымның 

біреуіне 

оқ 

тигізіп 


алдым 

ба?" 


Кейін  білсе,  мадиярлардың  жуәрмегі  қыршын,  уыздай  жас  дегені  болып 

шықты.  Олар  жуәрмек-жуәрмек  дегенде  мұны  қыршындай  жас  екен,  аман 

қалғай деп аяпты, аялапты ғой. 

Мадиярлардың  неғылған  халық  екенін,  тілінің,  дінінің  тарихын  сұрай-

сұрай біраз нәрсеге кӛз жеткізді, бірақ, шӛлі, бәрібір, қанбаған. 


Sauap.org 

—     Жолдас  Жаманқұл,  —  деді  мадияр  жауынгері,  —  сен  бізді  кӛп 

шаршатпа. Бәлсінетін біз емес, бірақ білмегеніңді қалай құрап айтарсың? Ең 

абзалы,  біздің  полковникке  барғаның  жӛн.  Ол  кісі  аса  білімді  адам, 

жаңылмасам, тарихпен шұғылданады. 

—    Үлкен кісінің уақытын алу ұят шығар. 

—   Ӛзің 

біл. 

Тыным 


таппауыңа 

қарап, 


жаным 

ашиды. 


"Дегенмен,  осыным  ұсақ  та  мәселе  емес-ау.  Соғыс  қойылғалы  тұр. 

Халықтардың, 

тілдердің 

туыстығын 

білу 

күні 


ертең  керек  болады  әлі.  Ұрысса,  оны  кӛрермін,  шапанымды  алып  қалмас. 

Нартәуекел!" 

—     Сізге  кім  керек?  —  деді  туысқандардың  офицері.  Олардың  штабы 

саутамтығы қалмаған қоңыр үйдің астында екен. 

—   Полковник  Іштуан  Шандорда  жұмысым  бар,  —  деді  Жаманқұл 

Аманқұлов аса жылы шырайлы жағдайда. Халықаралық маңызы бар оқиғаға 

араласып 

кеткенін 

айрықша 

сезінді 


сол 

сәтте. 


Осы  кезде  ішкі  жақтан  Жаманқұлдың  командирі  шыға  келді,  бұған 

жақтырыңқырамай қарады. Бірдеңені бүлдіріп келіп тұр деп ойлады ма, кім 

біледі. "Бірден күдіктенуге неге бейімбіз?" 

—    Жолдас капитан, қатардағы жауынгер Аманқұлов полковник Іштуан 

Шандор жолдасқа жолығуға келіп тұр, — деп мәлімдеді. — Рұқсат етіңіз. 

—     Кімге?  Кімге?  —  деді  капитан  одан  сайын  ежірейіп. 

"Неге  ӛстіп  жаман  ойлаймыз?  Біле-білсе,  мен  халықаралық  маңызы  зор,  екі 

елге бірдей тиімді, мүдделі мәселемен жүрген жоқпын ба?" 

—     Полковникке,  —  деді  Жаманқұл  туысқан  елдің  үлкен  шенді 

адамының аты-жӛнін бүлдірдім бе деп ойлап. 

—    Нендей шаруаң бар еді? — Капитанның жүзі жылитын емес әзірше. 

Венгр офицері де таңдана құлақ түріпті. 

Түсіндіріп  жату  қиын.  Түсіне  ме,  түсінбей  қала  ма?  Мынадай  қан 

майданның  қайнап  жатқан  уағында  екі  халықтың  тіліндегі  ұқсас  сӛздердің 

тарихын білмекпін дегені қалай болар? 

—    Жолдас капитан, бұл ӛзі-ӛте ұзақ әңгіме. 

—    Ұзақ әңгіме? Неге ұзақ? Қалайша ұзақ болады? 

—     Иә,  кешіріңіз,  жолдас  капитан,  тағы  да  шабуылға  шығайын  деп 

тұрмыз  ғой.  Сондықтан  ғалым  полковникке  жолығып,  біздің  қазақ  тіліндегі 

кейбір сӛздің мадияр тіліне қалайынша ұқсайтынын білмекпін. 

—    Оһо! — деді совет капитаны. 

—    Оһһо! — деді венгр офицері. 

Екеуі де соғысты ұмытып, жайбарақат күй кешкен. 

—    Полковниктің ғалымдығы да бар ма? — деп сұрады совет капитаны 

венгр офицерінен аса жылы шырайлы жағдайда. 

—    Иә, иә, солай, — деді ол да ілтипатпен. 

—     Жарайды,  —  деді  капитан  Жаманқұлға.  —  Бірақ  бес  минуттан 

артық бӛгелуге болмайды. Бес минут. 



Sauap.org 

—    Құп болады, жолдас капитан! 

Полковник  тым  жуас,  уыздай  жас  болып  шықты.  Жанындағылармен 

бірге әлдебір қағазды сызғылап, мойын бұра алмай, жұмыс істеп жатыр екен. 

Әлгі  офицер  күле  тұрып  түсіндірді.  Полковник  бар  ынта-ықыласымен 

тыңдады.  Қатты  шаршаңқы  екеніне  қарамай,  кӛзі  жасаурап,  беті-жүзі 

алабұртып  келіп,  қазақ  совет  жауынгері  Жаманқұл  Аманқұловты  құшақтай 

алды. Құшақтай алып, қатты қысты. Отырғызды; ӛзі де сӛйтті. Суырмасынан 

екі алма алып, біреуін Жаманқұлға ұсынды. Бурылтайдың бауларында ӛсетін 

жаздық қызыл алма. 

—    Алма! — деді полковник. — Біздің тілде алма дейді. 

—    Алма! —деді Аманқұлов. — Біз де алма дейміз. 

—    Қар! — деді полковник қолын кӛрсетіп. 

—     Қар?  —деді  Жаманқұл  сәл  түнере  таңданып.  —  Иә-  иә,  бізде  қол 

дейді. Бірақ қолдың қары талды деп айтады. 

Полковник  қойын  қалтасынан  сурет  шығарды.  Мейірбан  жүзді  кемпір 

екен.  Жаманқұл  анықтап  тұрып  қарады.  Үстіңгі  ерні  Бурылтайдың  биік  тау 

жақтағы 

беткейінен 

құлайтын 

сайлардай 

сызық-сызық, 

бірақ 


кейбіреудікіндей суық емес, жып-жылы кӛрінді. 

—    Чеч! — деді полковник. — Чеч! 

—    Шеше! — деді Жаманқұл. — Шеше! 

—    Чечі-чечі... 

—    Шеше-шеше... 

Екеуі де шешелерін еске алып, кӛзге елестетті ме, жанарлары ысып, жас 

жиектеген.  Ӛзгелер  де  мәз  болмай  тұрған.  Әттең,  полковниктің  уақыты  аз, 

тіпті жоқ. Аманқұловтың да уақыты жоқ. Қазақ совет капитаны бес-ақ минут 

деп еді, он минут кӛзді ашып-жұмғанша ӛте шықты. 

—    Соғыс аяқталған соң асықпай әңгімелесеміз әлі, — деді полковник. 

—  Сіз  қайтарда  келіңіз.  Мен  сіздерге  барамын.  Аты-жӛніңізді,  адресіңізді 

жазып алайыншы. 

Екеуі  құшақтасып,  сүйісіп  қоштасты.  Шенім  жоғары,  шекпенім  сәнді, 

үлкен  кісімін  демеді.  Кішіпейіл  екен,  жас  екен,  жуәрмек  тіпті.  Ӛздерінше 

айтқанда. 

—     Жаманқұл  кӛп  ұзамай  тағы  да  жараланды.  Бұл  жолы  да  ажал 

арқалай  жӛнелген  екен,  мадияр  туыстар  ажыратып  алыпты.  Кӛзін  ашса, 

қарсы алдында әлдебір әйел отыр. Бұрымы алдында. Саусағына орағыштап, 

отыр  екен  қарағыштап.  Жемелегі  еркелеп.  Тұра  берем  деп,  бәрін  бүлдірді. 

Есінен  тағы  танды.  Қимылдауға  болмайтынын  қайдан  білсін.  Әлдебір 

түйсікпен  сезінді,  егер  енді  бірдеңеден  тістей  батып,  тастай  қатып  ұстап 

қалмаса,  ажалдың  әкеткені  әкеткен.  "Ұста-а-а-а,  ұста!"  —  деді  ӛзіне  ӛзі. 

"Ұста, ұста-а-а- а!" — деді әлдекімдер. Жандалбасалап жармасқаны жемелек 

болыпты.  "Уһ,  қалдым-ау..."  Кӛзін  ашса,  білектей  бұрымға  қоса  жемелекті 

ұстапты.  Қолын  ажырата  алсашы,  қарысып  қалған  екен.  Ұялғанынан  тек 

жатпай: 


10 

Sauap.org 

—    Мынау не? — деді әлсіз ғана. 

—    Жемелек, — дегендей болды келіншек. 

"Жемелек"  деді  ме,  жоқ  па,  анық  естімеген.  Құлағы  қайта  шыңылдап, 

басы  дыңылдап,  дүниенің  астаң-кестеңі  шыға  жаздады  тағы  да.  Бұл  жолы 

ажалдың алып кетпесіне, аман қалғанына сенген. 

Ойпырмай,  сонда  сол  келіншек  жемелек  деді  ме,  демеді  ме?  Әйтеуір, 

әбден  домбыққандай  кӛрінген  еріндері  бір-біріне  жалқы  рет  тиіп  кетіп, 

жемелек  дегендегідей  жып  етті,  артынша  аппақ  тістері  тізіле  кӛрініп, 

ашықтау  қалған.  Еріндері  ашықтау  қала  берген.  Мадиярлардың  тілінде 

жемелек  деген  сӛз  бар  ма  екен?  Осыны  біле  алмады.  Басы  қайта  айналды. 

Тездетіп госпитальға жӛнелтілген... 

Жеңістен соң басқа жолмен қайтты. 

"Бурылтай"  колхозын  оңалту  үшін  не  істемеді  Жаманқұл.  Кейінірек 

ауыр тірлікке жарамай қалды. Қарауыл, оған қоса қоғамдық негізде әбзелші 

болды. Таспа тіліп, қамшы ӛретін ӛнерінің пайдасы тиді. Бұрын үш ұлы үш 

жақтан ұстаушы еді. Таспа сонда бүлінбей тілінетін. Бәрі ӛсті, жетілді, жан-

жаққа  тарап  кетті.  Енді  таспаны  да  шырпы  қораның  шыбығына  іліп  тіледі. 

Асықпай-аптықпай  тіліп,  шумақтай  орап,  қалтасына  салып,  қоймасына 

келеді.  Қойма  дейтін  аты,  құлыптанады,  әйтеуір.  Қамыт,  шілия,  делбе, 

постромке бар. Аз ғана. Соларды септейді. 

—    Кӛке, делбем үзіліп қалды. 

—    Постромке порт кетті, Жақа, ұрыспаңыз. 

—    Мына қамыт Мадияр торының мойнын жеп қойды. 

Оңай  шаруа  емес.  Онысын  міндетсінбейді.  Қарауылмын  деп  қолын 

артына ұстап жүре алмас. Әбзел әдіптеуден, сайман септеуден артық рақатты 

мойындамайды. 

Түрткінектеп  талай  нәрсе  оқиды,  бертініректе  білді,  қазақтың  бір 

ғалымы  мадияр  тіліндегі  ұқсас  сӛздер  туралы  жазыпты.  Рақмет,  ізденіпті. 

Іздене  берсе,  іздей  түссе,  түгел  халық  туыс,  бәрі  бір  адам.  Бӛлініп-

жарылатын,  бір-біріне  тарылатын  түк  те  жоқ.  Әлгі  ғалымның  жазғанын 

қайшымен қиып алып, қамытхананың қабырғасына жапсырды. Арбакештер: 

—     Апырай,  ә?!  —  десті.  Қамытты  қарына  ілген  күйі  кӛз  алмай 

оқығандары да жоқ емес. 

—   Шынымды  айтайын,  сіздің  ғасырлар  бойы  айтып  келе  жатқан 

әңгімелеріңізге  онша  бүйірім  жылып,  бүйрегім  бұрмайтын,  —  деді 

Азанбайдың Қапшағайдан сиырдың санындай балық ұстайтын баласы.  

—  Ақиқат  екен.  Рақмет  сізге.  Бірақ  мына  кісі  сізден  бұрын 

кандидаттықты алып қойыпты. 

Сол  күні  кешке  шошақ  тӛбенің  басына  жиналған  шалдарға  да  газет 

қиындысы салтанатты жағдайда дауыстап оқылды. Түннің бірер уағына дейін 

әңгіме 

тек 


Жаманқұл 

әбзелшінің 

тӛңірегінде 

ӛрбіген. 

Бірте-бірте  ол  оқиға  да  кӛмескі  тартты-ау.  Жаманқұл  әбзелшінің  әңгімесін 


11 

Sauap.org 

жұрт кейде тыңдайды, кейде тыңдамайды. Ӛз ұлының қылығы мынау, ӛзгеге 

ӛкпе жоқ. 

Кешкі  салқынмен  бойына  күш-қуат  еніп,  қара  ӛріктің  кӛлеңкесіне 

шықты. Келіншек-кемпір қасында. Бұрымынан сипады. 

—    Жемелегің жұқарған ба? — деді. 

—    Шаш болмаса, жемелек қолдағы нәрсе ғой, — деді келіншек-кемпір. 

Жаманқұл  әбзелшінің  таспадай  қатты  алақанына  оның  бұрымынан  гӛрі 

жемелегі жылы тиетіндей... 

Арада екі-ақ күн ӛткенде қамытханаға Еділ жорғасымен үлкен ұл келіп 

тұр. Жаманқұл делбе септеп отыр еді. 

—    Жүріңіз, — деді үлкен ұл. — Тез мініңіз. 

—    Айдап әкетпекпісің? Қайда? 

—    Конторда бастықтар күтіп тұр. Ауданнан келгендер бар. 

—    Не боп қапты сонша? 

—    Түһ, тегі! Жүрсеңізші енді. 

Шынында  да,  шыдамсыздана  күтушілер  баршылық  екен.  Олардың 

әңгімесінен  түйгені:  "Туысқан  венгр  халқының  атақты  ғалымы,  профессор 

Іштуан  Шандор  "Бурылтай"  колхозының  күзетшісі  әрі  әбзелші  (қоғамдық 

негізде)  Жаманқұл  Аманқұловты  іздеп  келе  жатыр.  Сондықтан  бүгіннен 

қалмай үлкен ұлдың ақ түнікелі екі қабат үйіне кӛшуі керек". 

Жаманқұл әбзелші ойланды. Обалы не, баласы баяғыда кӛш деген. Бірақ 

бір-екі күн келіншегімен барып қонып кӛріп еді, бұлар емес, олар шіренеді-

әй.  Темір  кӛліктің  тӛресі  —  Еділ  жорғаға  мінді,  тағы  да  бұлар  емес,  олар 

міндетсінді. Ондайға шыдай алмас. 

—    Әуре болмайық, балдар, — деді Жаманқұл.  — Іштуан бауырымды 

қамыспен  жабылған  қоржын  үйімде,  шырпы  қораның  жанында  қарсы 

алайын.  Қызық  болады  қайта.  Қысылсаңдар,  колхоз  музейі  дей  салыңдар. 

Жәдігерліктер жетіп жатыр. 

Колхоз басшыларының шыр-пыры шықты. Үлкен ұл: 

—     Сенбейсіздер  ғой,  ӛстіп  күйдіреді  ғой!  —  деп  "Еділ"  жорғасының 

баллонын тепті. Бәрі бұл шалдың екі сӛйлемейтінін білетін. 

Бірақ  бәрі  күні  ертең  Жаманқұл  әбзелшіге  әбден  риза  болып,  рақмет 

айтатынын  сезбеген.  Профессор  Іштуан  Шандор  қырқыншы  жылдардың 

аяғында  салынып,  қамыспен  шатырланған  үйді,  қазақтың  келісі  мен 

келісабын, талқан тартатын тас диірменін, келіншек-кемпірдің алашасы мен 

текеметін,  әбзелшінің  қамшысын  іздеп  келе  жатқанын  бұлар  білмеген. 

Мадиярдың мәшһүр ғалымы шырпы қорадан қайдағы бір тырбық таяқ тауып 

алғанда балаша секіріп қуанатынын қайдан білсін бұлар. 

Қайдан білсін... 

 

 



Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

12 

Sauap.org 



Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз. 

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал