Мамыр күндіз +32 о с +23



жүктеу 418.42 Kb.

бет1/4
Дата16.04.2017
өлшемі418.42 Kb.
  1   2   3   4

      20-30

     мамыр

 

     күндіз 



+32

о

С  +23

о

С

                    түнде



                +22

о

С +15

о

С

Жаңарған


          

Тәуелсіздік.    Достық.     Еңбек.

  

     Сенбі,  

  31 мамыр

   2014 жыл

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  Батыс Қазақстан облысы.

    

№23 

    (7471)

өңір


Газет 1934 жылдан 

 бастап шығады

Соңғы қоңырау сыңғыры



Ауа райы

Мамырдың  25-і  алабұртқан  қуаныш 

пен  қимас  қамығудың,  алып-ұшқан 

сағыныштың  қатар  жүретін  күні.  Тап 

осындай көңіл күй №3 орта жалпы білім 

беретін  қазақ  мектебінің  ауласындағы 

ауаға  сіңіп  кеткендей  әсер  қалдырды. 

Мектепте  биыл  597  оқушы  оқып, 

77  бүлдіршін  даярлық  сыныбының 

тәрбиесін  көрді.  Соның  151-і  үздік 

бітіріп, мектеп директоры Жұпмағамбет 

Танзеновтың  қолынан  Мақтау  қағазын 

алды.  Ал,  41  түлек  алтын  ұяларымен 

қоштасты.  Оның  37-сі  ұлттық  бірыңғай 

тестілеуде  бағын  сынамаққа  оқталып 

отыр.


Салтанатты  жиын  көк  байрақты 

желбіретіп, әнұран тыңдаумен басталды. 

Алдымен мектеп директоры Ж.Танзенов 

мектеп тынысынан хабар берді. Биылғы 

салтанатқа  құрметті  қонақ  ретінде 

келген  аудан  әкімі  Лавр  Хайретдинов  

мектеп бітірушілерді құттықтады. Біріне 

жақсы  демалыс  тіледі,  біріне  сәтті 

қадам тіледі. 

Мектеп ұстаздары биыл табыссыз емес 

екен. Интернет олимпиадада математика 

пәні  мұғалімі  Абзал  Құспанғали,  қазақ 

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлмира 

Ташенова  ауданымыздың  үздіктері 

танылса, ағылшын тілі мұғалімі Гүлжан 

Иманбаева үшінші орынды алыпты. Басқа 

да  аудандық,  облыстық  сайыстарда 

жүлде алған ұстаздар саны да молынан. 

Осының  барлығы  салтанатты  жиында 

көпшілікке 

жарияланды. 

Сондай-


ақ  ән  мен  биден  тұратын  үзілістер, 

мектеп  бітірушілердің  әзірлеген  тарту 

концерті, олардың қоштасу вальсі, білім 

кілтін  табыстау  рәсімі  жасалды.  Шара 

соңында  біреулерге  ұзақ  демалыстың 

басталғанын  білдіретін,  ал  біреулерге 

қоштасу  сәтінде  соңғы  рет  еститін 

қоңырау соғылып, көк ту түсірілді.



Қ.Зинуллин.

М.Мирманов  атындағы  орта    жалпы 

білім  беретін  мектебіндегі  соңғы 

қоңырау  салтанатына  аудан    әкімінің 

орынбасары 

Бауыржан 

Саматов, 

аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  бас 

маманы  Қарағойшин  Берік,  аудандық 

білім  беру  бөлімінің  әдіскері  Салтанат 

Борашева, 

аудандық 

мәслихат 

депутаты,  «Бірлік  асылтұқымды  мал 

зауыты» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің директоры Қанат Ешімов, 

Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерсайын 

Еслямғалиев және мекеме басшылары, 

ардагер  ұстаздар,  еңбек  ардагерлері, 

кәсіпкерлер,  ата-аналар қатысты. 

Республикамыздың  мемлекеттік  туы 

әкелініп, әнұран ойналғаннан кейін үздік 

оқушылар  ортаға  шақырылып,  оларға 

қошемет көрсетілді.

Мектеп  басшысы  Марат  Темірғалиев 

оқу  жылын  қорытындылап,  үздік 

оқушыларды марапаттады. 

Ата-аналар 

атынан 

Зәуреш 


Тілекқабылқызы  бата  тілек  айтқаннан 

кейін  нағыз  жүрек  тебірентерлік  сәт 

келіп  жетті.  11-сыныптың  оқушылары 

Мұрат  Ертай  мен  Қарменова  Нұрлыға 

соңғы  қоңырауды  соғып,    түлектер 

балалық шақпен, тай-құлындай тебісіп, 

11 жыл бірге оқыған сыныптастарымен, 

өз  үйіндей  ыстық  көрінетін  алтын 

ұя  мектебімен  қоштасты.  Мерекелік 

шараны 


мектеп 

директорының 

орынбасары 

Зергүл 


Рамазанова 

ұйымдастырып жүргізді. 



Меңтай Бектұрсынова. 

Тағы  бір  оқу  жылы  өз 

мәресіне  жетіп,  соңғы 

қоңырау соғылды. Кейбір 

оқушылар үшін бұл кезек-

ті  жазғы  демалыстың, 

жазғы 

лагерлердің 



шаттықты  үні  болса, 

түлектер  үшін  мәңгі  есте 

қаларлық  балалық  бал 

дәуреннің  қол  бұлғап 

қоштасып  бара  жатқан 

сыңғыры.


№2  Жаңақала  ЖОББ 

мектебінде 

«Соңғы 

қоңырау» 



салтанатты 

жиыны жоғары дәрежеде 

өткізілді.    Ортаға  көк 

туымыз  енгізілген  соң, 

шара  шымылдығы    одан 

әрмен 


мемлекеттік 

әнұранмен 

түрілді. 

Ту  көтеру  құрметі  11- 

сынып 

оқушылары, 



мектеп 

мақтаныштары 

Н . Қ а й ы р ғ а л и е в , 

Қ . Ө т е ш о в а , 

Г . Е с е н ғ а л и е в а ғ а 

берілді.  Жиынды  ашқан 

мектеп 

директоры 



Нұртай 

Мырзақұлұлы 

шәкірттеріне  сәтті  сапар 

тілеп, 


оқудағы 

үздік 


үлгерімімен  ұстаздардың 

мерейіне  бөленіп  жүр-

ген  озат  оқушыларды 

Мақтау  қағазымен  ма-

рапаттады.  Бұдан  соң 

әсем  безендірілген  мек-

теп  ауласында  сап  түзе-

ген  оқушылар  алдында 

осы  салтанатқа  арнайы 

келген  құрметті  қонақтар 

–  облыстық  статистика 

б а с қ а р м а с ы н ы ң 

орынбасары 

Аманжан 


Бақытжанұлы, 

аудан 


әкімінің 

 

 



аппарат   

басшысы 


Азамат 

Ғабдрашитұлы, білім  беру 

бөлімінің  бас  маманы 

Айнұр  Құрманғазықызы 

мектеп 

ұжымын, 


оқушыларды, 

мектеп 


бітірушілерді  құттықтап, 

үлкен  белеске  қадам 

басқан жас түлектерге ізгі 

тілектерін  жеткізді.  «Жас 

Отан»  ЖҚ,  «Жастар  үні» 

ЖҚБ  төрайымы  Жадыра 

Бақытжанқызы 

аудан-


ның  қоғамдық  өміріне 

белсене 


араласқаны 

үшін 


жас 

түлек 


Ш.Қабдірге 

Алғысхат 

пен  төсбелгі  табыстады. 

Сонымен  қатар  мектеп 

бітіргендеріне 20, 30 жыл 

болған  мектеп  түлектері 

алтын  ұясына  келіп, 

өздерінің 

жүрекжарды 

лебіздерін айтты.

Көпшілікті 

толқытқан 

күміс 

қоңыраудың 



соңғы 

үнін 


мектеп 

түлектері  Т.Аюпов  пен 

Г.Жүсіпкереева соқты.  

Гүлжанат 

ТАЛҒАРҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Өркен Кенесарыұлы.


2

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

    31 мамыр    

    2014 жыл

  Қоғам


Аудандық  «Жаңарған  өңір» 

газетіне 

«Арыстарымызды 

ардақтай 

білейік» 

деген 


мақалам  шыққаннан  кейін  ел 

ішінде  әңгіме-күбір  көбейіп 

кетті.

Осы 


басылымда 

көзі 


қарақты, 

өлке 


тарихына 

құлақтары 

түрік 

жүретін 


А.Шарафутдин,  С.Әлмұқанов 

сынды  азаматтардың  қолдау 

мақалалары  жарық  көрді. 

Әрине, 


ол 

азаматтарға 

алғысым шексіз.

Негізінен  осы  әңгіме  қайдан 

шықты, 

алдымен 


соған 

тоқталайық.

Қазақ  әдебиетінің  көрнекті 

қайраткері  Ғабиден  Мұстафин 

«Бұрын  ұлтшылдықтан  қор-

қушы  едік,  енді  ұлтсыздықтан 

қорқатын болдық-ау» депті.

Өмірдің  небір  қатпар-қатпар 

кезеңдерін,  сұрқия  саясаттың 

сайқымазақтарын  бастан  кеш-

кен  адамның  қасіретті  үні  ғой 

бұл.


Аудан  тізгінін  қолға  алған 

кездерінің  бір  күнінде  аудан 

әкімі Лавр Хайретдинов «Зәке, 

осы  қойшы  қойын  бақсын, 

кәсіпкер  кәсібімен  айналыс-

сын,  қазір  бәрі  де  жеке 

иеліктердің  қолында.  Осы  сіз 

болып, біз болып бәріміз болып 

шамамыз жеткенше Нарынның 

тарихын  түгендейік,  бесігін 

түзейік,  біздің  келер  ұрпаққа 

қалдырар еншіміз сол болсын» 

дегені бар еді.

Кез  келген  ел  басқарып 

отырған 

лауазым 


иесінің 

аузынан 


шыға 

бермейтін 

мұндай 

ұсыныс, 


әрине 

жүрегімізді  қозғап,  басымызға 

қан  тепкізіп,  намысымызды 

қайрағаны  айтпасақ  та  белгілі 

жәй ғой.

Айтса 


айтқандай, 

өңір 


басшысы 

бар-жоғы 

екі 

жылдың  ішінде  алты  бірдей 



күй  алыптарына,  төрт  бірдей 

Кеңес Одағының Батырларына 

ескерткіш  орнатып,  Тастөбе 

шайқасы мен саяси-қуғын сүргін 

құрбандарына  белгі  қойып, 

дәулескер  домбырашы  Қали 

бабамыздың  мазарын  қайта 

жөндеуден  өткізіп,  алдына 

бейнесін тұрғызса, Мәмен мен 

Тұяқ сынды қазақ күй өнерінің 

қайталанбас 

тұлғаларының 

мәңгілік мекенін көтерді.

Тағы  да  бұл  іске  қайта 

оралып,  Қызылоба  ауылында 

Кеңес 


Одағының 

Батыры 


Е.Орақбаевтың 

өз 


есімін 

алған мектебінің алдына және 

аудандық  Қали  баба,  Орал 

қаласындағы  Дина  атындағы 

саз мектептерінің алдына білім 

ошақтарына  есімдері  берілген 

қайраткерлердің  бейнелерін 

тұрғызуы,  елін  сүйген  ер 

азаматтың ғана қолынан келер 

аптал  іс  екенін  айтқанымыз 

абзал.

Лавр 


Рашидұлының 

ау-


данымыздың 

өнері 


мен 

мәдениетін  өркендетуге  үлес 

қосқан  бір  топ  азаматтардың 

тұрған  үйіне  ескерткіш  белгі 

қою  жөніндегі  ұсынысты  да 

қызу  қолдауы  тек  парасатты 

басшыға лайық іс дер едік.

Осындайда 

есіңе 

заманымыздың  заңғар  жазу-



шысы  Әбіш  Кекілбайұлының 

«Жақсысын  –  ұлықтамау, 

жайсаңын 

– 

қызықтамау 



–  өз  ырысын  өзі  тепкендік,  өз 

тілеуін өзі кескендік» деген сөзі 

түседі.

Ендеше  жақсының  жақсы 



ісін 

айтқаннан 

аласарып 

қалмаспыз.  Әрине  бұл  істе 

аяқтан 

ша-лып, 


тобықтан 

қағушылар  да  болмай  қалған 

жоқ. 

Оларға  айтқанымыз, 



алдағы уақытта да айтарымыз: 

«Өнбейтін  дауды  өспейтін 

елдің адамдары ғана қуады».

Енді 


негізгі 

мәселемізге 

оралайық.  Жоғарыда  аталған 

мақаламда 

Бөкей 

көшіне 


белгі  қою  мәселесін  айтқан 

болатынмын.

Ол  да  аймақ  басшысының 

ұсынысынан  туындаған  мәсе-

ле болатын.

Әрине 


патшалық 

Ресей 


осыншама жерді Бөкейге қазақ 

жұртын жарылқайын деп бере 

салған жоқ.

Оның  түпкі  мақсаты  баяғы 

бөліп  ал  да  билей  бер  еді.

Жоңғар  шеріктері  мен  қытай 

боғдахандарына 

ғасырлар 

бойы  бой  бермеген  жауынгер 

жұртты  бөліп-бөліп  құрытып, 

ұлан-ғайыр  аймақты  өздері 

иелену еді.

Басқасын 

айтпағанда 

өз 

аймағымыздағы 



сол 

кездегі  тарихи  кезеңді  еске 

түсірейікші.

Он сегізінші ғасырдың соңы-на 

таман аймақта Нұралы ханның 

беделі  түсіп,  билігі  әлсіреді. 

Сол  кездерде  Уфа  және 

Сібір 


генерал-губернаторы 

А.И.Апухтин  кетіп,  орнына 

келген  барон  О.А.Игельстром 

өлкені  билеудің  жаңа  тәртібін 

енгізгісі келеді.

Ол  хандық  билікті  әлсіретіп, 

халық 

Кеңесіне 



қолдау 

білдірмекші  болады.  Сөйтіп, 

1785  жылы  21  шілдеде  Қобда 

өзенінің  бойында  Кіші  жүздің 

25  руының  20-ның  билері  мен 

батырлары  бас  қосқан  Кеңес 

өткізеді.

Осы  Кеңестің  нәтижесінде 

Нұралы  хан  Уфаға  жер 

аударылады.

Игельстром  биліктен  хан 

тұқымын  аластату  саясатын 

ұстанғанмен 

Әбілхайырдың 

ұрпақтары  Ералы  мен  Пірәлі 

бұған  қарсы  шығып,  Ералы 

барон  арқа  сүйеген  Сырым 

батырды қолға түсіреді.

Сырым 

кейін 


тұтқыннан 

босағанмен  ел  ішінде  беделі 

бұрынғыдай болмай, енді одан 

барон  Игельстром  да  іргесін 

аулақ сала бастайды.

Осы  арада  өлкеге  басқа 

аймақтардың 

да 


саяси 

ықпалдары 

әсер 

ете 


бастайды.

1787 жылы орыс-түрік соғысы 

басталып, Түріктер Бұқар әмірі 

арқылы  қазақтарды  Ресей-

ге  көтеріліске  итермелейді. 

Осыны  пайдаланған  Сырым 

батыр қайта көтеріледі.

Ол  Ералыдан  кейін  хан  бол-

ған Есімді өз төсегінде өлтіріп, 

енді  ағасының  кегін  алмақшы 

боп батырдың соңына Қаратай 

сұлтан түседі.

Осындай  қым-қиғаш  кезеңді 

пайдаланған 

Игельстром 

хандық  билікті  жоюға  қайта 

кіріседі.

Ақыры  І  Павел  патша  1797 

жылы 

маусымда 



өлкені 

басқаруды  уақытша  хандық 

Кеңеске  беру  туралы  жарлық 

шығарып,  оған  төраға  болып 

Әбілхайырдың баласы Айшуақ 

бекітіледі.

1797  жылы  тамызда  Кіші 

Қобда  бойында  өз  жұмысын 

бастаған  Кеңеске  мың  кісілік 

қолмен 


келген 

Сырым 


енді  күресті  тоқтататынын 

мәлімдейді.

Барон 

Игельстром 



хан 

Кеңесіне  Нұралы  тұқымын 

жолатпағанын естіген Қаратай 

басқа  жерде  өзін  ақ  киізге 

көтертіп хан сайланады.

Қаратайдың жолын бөгеу үшін 

патша  империясы  Әбілхайыр 

тұқымы Айшуақты ресми түрде 

хан  етіп  бекіткенмен  бұл  ру 

басылардың  да,  билердің  де 

ренішін туғызды.

Наразылардың  бірі  Сырым 

батыр Хиуаға кетіп, сол жақта 

белгісіз жағдайда өледі.

Енді  алауыздық  Айшуақ 

пен  Нұралы  әулеттерінің 

арасында өршиді.

Міне,  патша  өкіметіне  керегі 

де осы еді.

Айшуақтың 

орнына 

хан 


болған  Жантөрені  1809  жылы 

Қаратай сұлтан өлтіреді.

Елге 

жазалаушы 



әс-

кер 


шығарылады. 

Жаза-


лаушылардан  ығысқан  жұрт 

Хиуа,  Бұқара,  Қоқанға  қаша 

бастайды.

Әр  ру  басы  өз  қамын  ойлап, 

әр тарапқа бағына бастайды.

Орынборға 

өкпесі 

қара 


қазандай  Шерғазы  Хиуаны, 

Хиуаға  өкпелеген  Арынғазы 

Орынборды арқа тұтады.

Ал  Батыр,  Қайып  сұлтандар 

болса 

Кавказ, 


Астрахан 

әкімшіліктеріне 

алаңдай 

бастайды.

Міне, 

осындай 


ұрымтал 

сәттерді  пайдаланған  Бөкей 

өзге  де  қандастарына  арман 

болған Жайық пен Еділ арасын 

басып қалады.

Ал  бұл  кезде  патшалық 

Ресей  қазақ  даласын  қуыр-

шақ  хандықтарға  айналдырып 

жіберген болатын.

Міне,  осылайша  тарихта 

Бөкей  хандығы,  ішкі  Орда 

пайда болды.

Ал  Бөкей  бұл  аймаққа  қалай 

қол  жеткізді,  ол  да  өз  алдына 

бөлек әңгіме.

Нұралы  ханнан  отыз  ұл 

қалғаны,  оның  бәрі  де  «сен 

тұр,  мен  атайын»  деп  тұрған 

көкжалдар  екендігі  тарихтан 

мәлім.


Атақты 

Сырымға 


дес 

бермеген,  патша  әскеріне 

қарсы  ұзақ  жылдар  бойы 

күрес  жүргізген,  олардың 

қай-қайсысын  да  өзімен 

санасуға 

мәжбүрлеген 

Қаратай 


сұл-танның 

өзі 


неге  тұрады?  Олардың  қай-

қайсысы  да  осынау  малға 

да, жанға да жайлы құйқалы 

өңірге  қызықпады  дейсіз 

бе?

Яғни  Бөкейдің  өз  туыстары-



ның  да,  патша  империясы 

алдында  да  беделінің  жоғары 

болғанын  тарихи  деректер 

дәлелдеп тұр.

1811  жылы  Бөкей  сұлтанды  

хан 


тағына 

отырғызарда 

Арынғазы 

сұлтан 


оны 

қолдаушылардың  қатарынан 

табылады. 

Оның 


әкесі  

Әбілғазы хан да Бөкей сұлтан 

жағында болады.

Ал Қаратай Нұралыұлы осы 

кезеңде өзінің бауыры Бөкейді 

қолдайтынын  білдіріп,  Хиуа, 

Бұқара жағындағы керуендер 

мәселесін  Әбілғазы  ханмен 

бірлесе  отырып  шешемін 

деп  Г.С.Волконскийге  ресми 

түрде хабарлайды. 

Қалмақтардан 

босаған 

өлкені 


тұтас 

елге 


айналдырған  Бөкей  қалай 

дегенде де тарихи тұлға.

Осындайда  Ғайсағали  ақын-

ның:  «Егер  Бөкей  көшпесе, 

Еділ-Жайық 

бетке 


алып. 

Құмнан  аспай  қалың  жұрт, 

Қалар ма еді тоқталып?» деген 

жыр жолдары еске түседі.

Тоқсан 

ауыз 


сөздің 

тобықтай  түйіні,  тағы  да 

қайыра  айтарымыз  Бөкейдей 

жаратылысы  бөлек  тұлғаны, 

қазақ  баласын  бөліп-жармай 

тұтас  ел  етіп  қондырған  ерен 

ерімізді бағалай білейік.

Атақты 


Әйтеке 

биден 


қалған «Елдің бағын ашпаса, 

ер  мұратқа  жетер  ме?  Ерінің 

сағын  сындырса,  ел  мұратқа 

жетер  ме?  Ел  тірегі  –  ері, 

ер  тірегі  –  елі  бола  білген 

қауымның  басынан  бағы 

кетер ме?» деген қасиетті сөз 

бар.


Ендеше  елдігімізді  көрсетіп 

кешегі  тоталитарлық  кезеңде 

тарих тозаңында қалған Бөкей 

сынды  санаулы  тұлғамызды 

өзінің 

лайықты 


тұғырына 

қондыруға  біз  де  өз  үлесімізді 

қосалық демекпіз, ағайын!

Закария Сисенғали, 

Қазақстан 

Журналистер 

одағының мүшесі.

Қордаланған 

қарыздар қашан, 

қалай қайтады?

Басқа ұлт, басқа аудан  халқын қайдам, біздің қазақ, соның ішінде біздің 

аудан тұрғындары қарыз алуға аса шебер де, қайтаруға тым құлықсыз, өте 

сараң ба деп қаласың. Бір жағынан бұл да қанымызда бар қасиет сияқты. 

Олай  дейтініміз  –  «Қарыз  күліп  барып,  жылап  қайтады»  деген  бабалар 

сөзі  тегін  айтылмағаны  анық.  Жоқ,  жерлестерімді  менің  де  қаралағым 

келмейді.  Алайда қайтарылмаған қарыздарды зерттеп көргенімде, осылай 

деуге мәжбүр болдым.

Көңілдерде  күдік  қалмауы  үшін  мекемелерден  алынған  мәліметтерге 

жүгініп көрелік.

Халықтың  тұрмыстық  жағдайын  жақсарту  үшін  Үкімет  маңызды 

бағдарламаларды  іске  қосуда.  Соның  бірі  –  «Жұмыспен  қамту  –  2020. 

Жол  картасы».  Мақсаты  –  несиелендіру  арқылы  халықтың  кәсіппен 

айналысуына жағдай туғызып, өзін-өзі жұмыспен қамтуына мүмкіндік беру 

болатын. Құптарлық іс қой. Осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша 

2012 жылы 57 несие серіктестігіне біріккен ауданның 197 тұрғыны 382800 

мың  теңге  несие  алуға,  сол  арқылы  кәсібін  жандандыруға  қол  жеткізген  

еді.


Несие  - әрине, тегін ақша емес, белгілі бір  мерзімге берілетін кәдімгі бір 

қарыз. Қарыз болғасын қайтарылуы керек-ті. Өкінішке орай алуға сонша 

асыққан жерлестеріміз қайтаруға келгенде құлықсыздық көрсетіп отыр.

Дәлірек айтсақ, 57 несие серіктестігі үстіміздегі жылдың 15 наурызына 

дейін кесте бойынша 29173420 теңгені  қайтаруға тиісті еді. 57 несие 

серіктестігінің 30-ы 16561277 теңгені уақытылы өтеді. Бұл қайтарылуға 

тиіс  несиенің  56,8  пайызы  ғана.  Ал  қалған  27  несие  серіктестігі 

қайтарылуға  тиісті  12612143  теңге  несиені  өтемей  отыр.  Мысалға, 

И.Лесов  1700  мың  теңге,  Ш.Жағыпаров  1800  мың  теңге,  «Ясмина» 

900 мың теңге, осылай жалғасады. Бұған не дейміз. Керегінде алды, 

игілігін  көрді.  Қарыз  алғысымен  қайтарылмаушы  ма  еді?    «Алаған 

қолым  -  береген»  дегенді  неге  ескермейміз?    Қарыз  қайтпағасын 

қадірің  кетеді,  сенімнен  айырыласың.  Бүгін  міне,  несиелендірушілер 

жаңақалалықтарға  сенімсіздік  танытып  отыр.  Ол  заңды.  Уақытында 

қайтарылмаған  қарыз  басқа  жерлестеріміздің  несие  алуына  бөгеу 

болуда. Обалы кімге?

«Қуырдақтың  көкесін  түйе  сойғанда  көресің»  дейді  қазақ. 

Ауданымыздағы  қайтпаған  қарыздың  көкесі  Қазақстан  Республикасы 

тұрғын 

үй-коммуналдық 



шаруашылығын 

модернизациялау 

бағдарламасында екен.

«Қамыс-Самар» ЖШС-і 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2011  жылғы  30  сәуір  күнгі  №473  қаулысымен  бекітілген  «Қазақстан 

Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау 

туралы»  2011-2020  жылдарға  арналған  бағдарламасы  бойынша 

республикалық бюджеттен 130 млн. теңге пайызсыз несие алып, аудан 

орталығындағы  15  көппәтерлі  тұрғын  үйді  күрделі  жөндеуден  өткізді. 

Жөнделген үйлерді сол жылы желтоқсан айында мемлекеттік комиссия 

қабылдап алды.

Жөнделген  пәтер  иелері  2013  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  берілген 

несиені  15  жыл  көлемінде  қайтару  жөнінде  «Қамыс-Самар»    ЖШС-мен 

келісімшартқа отыруға тиіс-ті. Және мұнан кейін қарыз қайтарыла бастау 

керек болатын.

Өкінішке  орай,  ұзақ  жыл  сырты  күтім  көрмей  сиқы  кетіп,  азып  тұрған 

үйлерін  жөндетіп  алған  18  пәтер  иесі  күні  бүгінге  дейін  несиені  қайтару 

жөнінде  келісімшартқа  отырмай  келеді.  Ал  келісімшартқа  отырған  13 

пәтер иесі кесте бойынша ай сайын несиені өтеуге құлықсыздық танытып 

отыр.


Келісімшарт  бойынша  күрделі    жөндеуден  өткен  көпқабатты  15  үй 

тұрғындарынан  екі  жылда  19  млн.  теңге    несие  қайтарылып,  ол  қаржы 

2020  жылға  дейін  ауданда  қалып,  қалған  көпқабатты  тұрғын  үйлерді 

күрделі жөндеуге жұмсалуы тиіс еді.

Қайтарылуға тиіс 19 млн. теңге несиеден күні бүгінге дейін қайтарылғаны 

168 мың теңге, яғни 0,88 пайызы ғана. Бұған не дейсіз?

Үкімет  көпқабатты  үй  тұрғындарының  басы  бірігіп,  ортақ  құрылысты 

жөндемейтінін ескеріп, 15 жылға пайызсыз несие ұсынды.

Бұдан  артық  не  көмек  керек?  Үйін  жөндетіп  алған  тұрғындар  қарызын 

төлерде теріс айналды. Бұл кісілікке жата ма?

Қайтарылмаған 19 млн. теңге несие қалған үйлерді жөндеуге қолбайлау 

болды.  Осыншама  қарыз  қайтпағаннан  кейін  Үкімет  енді  ауданға 

республикалық  бюджеттен  пайызсыз  несие  беруден  бас  тартып  отыр. 

Орынды ғой. Кім қайтармайтын кісіге қарыз үстіне қарыз береді?

Осы  іске  ұйтқы  болып,  ұйымдастырған  «Қамыс  Самар»  ЖШС  әр  үйдің 

табалдырығын  тоздырып,  қарызын  жинай  алмағасын  енді  шегінер  жері 

қалмай,  келісімшартқа  отырмағандарды  да,  отырғанмен  несие  төлемін 

төлемегендерді де сотқа беріп, мәжбүрлеп өндіруге мәжбүр болып отыр.  

Үкімет несиесі қайтарылмай қалмайтыны анық. Олай болса оны уақытылы 

кесте  бойынша қайтармай отырған жерлестеріміз не ұтады?

Ай сайын төлеген қарыз көп еленбейді. Уақытылы төлемей, қордаланып 

қалған қарызды қайтару қиындық келтіреді. Оны неге ескермейміз.

Сол  сияқты  Қазақстан  Үкіметінің  2009  жылғы  18  ақпан  күнгі  «Ауылдық 

елді  мекендерге  жұмыс  істеу  және  тұру  үшін  келген  денсаулық  сақтау, 

білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария 

мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін 

бекіту  туралы»  №183  қаулысымен  бекітілген  Ережесін  басшылыққа  ала 

отырып, Жаңақала ауданы бойынша 2009-2013 жылдар аралығында 234 

жас маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Өкінішке орай бұл 

бағдарлармен берілген несие қайтарымында да қарыз жоқ емес.

Күні  бүгін  келісімшартты  бұзған  7  маман  анықталып,  олардан  3220,6 

мың  теңге  бюджеттік  несие  мен  703,7  мың  теңге  біржолғы  көтерме 

жәрдемақыны кері өндіру үшін іс сотқа жіберілді.

Міне, осы мысалдардан-ақ  аудан тұрғындарының Үкімет несиесін алуға 

аса ықыласты да, қайтаруға құлықсыз екенін көруге болады.

Уақытылы қайтарылмаған қарыз қордаланып барады. Керегінде алақан 

жайып алған қарызды уақытылы қайтаруды да ұмытпайық, ағайын!



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал