Мал бордақылау алаңдары сұра ныс тың локомотиві рөлін атқарады, ал



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/6
Дата11.03.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

Мал бордақылау алаңдары сұра-

ныс тың локомотиві рөлін атқарады, ал 

мал басын арттыру мен жем-шөп мә-

се лесін кейін ақырындап шешіп алуға 

бо лады. Негізі, экспортқа қандай ет 

ке 

рек?.. Фермерлердің қолындағы 



мал оған жарамайды. Олар – ангус 

пен герефордтар және қазақтың ақ 

бас сиырлары. 

Ресей бізден қазақтың ақ бас сиыр-

ларын сұрап отыр. Кеңес Одағы кезін-

де оның экспорттағы рөлі зор болатын. 

Алай да қазіргі ақ бас сиырларды 

бұрынғысымен салыстырсаңыз, 

генети калық ұқсастығы 40-50 пайыз 

ғана бо лады. Иә, біздегі төрт түлік 

ұсақталып кеткен. Оны мойындау ке-

рек. Сондық тан будандастыруды 

қазір ден қолға алу қажет. 

ЖОҚ 

– 10 мың басқа белгіленген мал 

бордақылау алаңдары құрылысын 

салуға мен қарсымын. Бұл – арбаны 

өгіздің алдына шығарғанмен бірдей. 

Өйткені мұндай шамада мал бордақы-

лауға бізде шикізат жеткіліксіз. Мыса-

лы, бір кәсіпкер Оңтүстік Қазақстан 

об лысында ет комбинатын салыпты. 

Қа зір ол жұмыс істемей тұрған көрінеді. 

Еш кім оған мал әкеліп өткізбейді, 

себе бі қолдағы түліктің өзі санаулы. 

Міне, осы жағдайды қайталап жүр ме-

йік. Бюджеттен бөлінген ақшаға обал. 

Қып-қызыл ел ақшасына жасал ған сол 

мал бордақылау алаңдары ер 

тең 

қаңырап бос тұрады немесе толық қан-



ды қуатында жұмыс істемейді. Пайда 

болмаған соң, қараусыз қалып, ол дү-

ние ақыры талан-таражға түседі.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Александр ЛУКАШЕНКО, 

Беларусь Президенті:

– Менің балаларым менің 

президенттігіме әбден «тойды». 

Сондықтан олардың менен 

кейін Президент болғысы келеді 

деп ойламаймын. 



(www.ura-inform.com сайтынан)

№75 (301) 

12 мамыр

сәрсенбi


2010 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Әуесхан ДАРИНОВ, 

Фермерлер одағының төрағасы:

Боташ КҮЗЕМБАЕВ, 

Мал өнімдері корпорациясының 

басқарушы директоры:

3-бет

4-бет

7-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Атой салып 

неміз бар еді...

Мүгедектіктің 

құны қанша?

Қуаңшылықты 

қолдан тудырмайық



Мал басы көбеймей тұрып, инфрақұрылымдарды сала бастау дұрыс па?

Бүгіндері Қазақстан мал шаруашылығы бойынша ал-

дына үлкен мақсат пен міндеттер қоюда: азық-түлік 

қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ет өнімдері 

сапасын арттыру, оның өнімділігіне басымдық беру, 

сыртқы нарықтарға шығу, онда да, ең алдымен, Кеден 

одағы елдеріне. Мысалы, жыл соңына дейін Ресейге 5 

мың тонна ет экспорттауды жоспарлап отырмыз. Осы 

негізде мал шаруашылығы жобаларына бюджеттен 

қыруар қаржы бөлінуде. Соның бірі – 10 мың басқа 

арналған мал бордақылау алаңдары құрылысын 

салу. Дегенмен, мал шаруашылығы мамандарының 

айтуынша, бізде етті экспорттау үшін мал жеткіліксіз, 

сондықтан алдымен мал басын арттыру бойынша 

мақсат қойған дұрыс. Осыған байланысты бүгінгі 

тақырып талқысына «мал басы көбеймей тұрып, 

инфрақұрылымдарды сала бастау дұрыс па» деген са-

уалды ортаға тастауды жөн көріп отырмыз.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан 

территориясында полиомиелиттің таралмауы үшін 

шекарадағы санитарлық бақылауды күшейту туралы 

шешім қабылдады. Мұндай шешім қабылдауға 

Тәжікстанда эпидемиялық жағдайдың күрт 

ушыққаны себеп болды. Бұл туралы мәліметті кеше 

министрліктің баспасөз қызметі таратты. 

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 27 адам 

белгісіз газдан уланып қалып, ауруханаға түсті. Қазіргі 

уақытта оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Үкіметтің тұп-тура 91 

минутқа созылған селекторлық 

отырысының басты жаңалығы – 

көптен бері күн тәртібінен түспей 

жүрген Кедендік одақты құру 

шеңбері аясына сәйкес даярланып 

жатқан ұлттық Кедендік кодекске 

енгізілетін түзетулер мақұлданды. 

Құжатты қолтықтап мінберге 

шыққан қаржы министрі Болат 

Жәмішев тапжылмастан 18 минут 

сөйледі. Оның сөзінен ұққанымыз 

- су жаңа кодекс ережелеріне 

сәйкес, 39 заң актісіне өзгеріс 

енгізілетін болады. Соған орай, 

Салық кодексіне де ішінара 

толықтырулар қосылмақ. 

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,61

185,99

4,84

21,47

1,26

10785,14

1418,79

1587,52

79,3

1216

ІНДЕ


Т

ОҚИҒА


Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл хабарында : 

«Біздің елге полиомиелит тұрғысынан сәтсіз елдерден 

келе тін жолаушыларға шекарадағы санитарлық 

бақылау күшейтілсін, ол жақтан келетін жолаушыларды 

ауру белгісі туралы ақпараттандырып, сондай жағдай 

анық талса, шұғыл түрде ауруханаларға қаралу керектігі 

түсін дірілсін», - делінген. Одан басқа өңірлік мемлекет-

тік санэпидқадағалау комитеті басшыларына өткір 

созыл малы сал ауруларының оқиғаларын белсенді 

түрде іздестіру, бес жасқа дейінгі балаларға полиомие-

литке қарсы егу жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 

Алмагүл ӘБЕНҚЫЗЫ, ҚР Денсаулық сақтау 

министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Көші-қон қызметінің территориялық органдары-

мен бірлесе отырып, Тәжікстан азаматтарының тұратын 

орындарын, адам санын, олардың арасында егілгендігі 

туралы ақпаратты тексеруге, 15 жасқа дейінгі 

балалардың егілгендігі туралы құжатпен расталатын 

ақпараты болмаса, полиомиелитке қарсы егу жұмысы 

жүргізілуі тиіс деген нұсқау берілді. Тәжікстан мен по-

лиомиелит тұрғысынан жайсыз елдерге баратын адам-

дар денсаулық сақтау территориялық ұйымдарында 

полие миелитке қарсы қосымша иммундаудан өтеді. 

АЛАШ-АНЫҚТАМА

Полиомиелит – мидың сұр затының полиови-

рус тың (энтеровирустың бір түрі болып табылатын 

инфекциялық агент) әсерінен болатын және жүй ке 

жүйесін зақымдайтын өткір, жоғары жұқ палы 

инфекциялық ауру немесе бала жұлынының жан-

сыздануы. Аурудың қоздырғышы ауа және тыныс 

алу жолдары, сондай-ақ шыбын-шіркейлер арқы-

лы механикалық жолмен де таралады. Жаз-күз 

ай ларында өршитін жұқпалы індет, негізінен, бес 

жас қа дейінгі балалардың ағзасына өш келеді. 

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

Төтенше оқиға өткен сенбі күні болды. Ембі қалалық 

ауруханасы дәрігерлерінің мәліметінше, бұрынғы 

әскери қалашық, қазіргі Жем қаласы аумағындағы 

тұрмыс қалдықтары төгілетін алаңнан металл іздеуші 

бір топ бала ұзындығы 1,5 м болатын әлдеқандай газ 

баллонын бел ортасынан кескен. Баллоннан шыққан 

әлдеқандай газдан сол маңдағы 19 бала бірден иіс 

тиіп, бастары айналып құлайды. Сол күні жел қатты 

болған. Беймәлім улы газдың әсері күшті болғаны сон-

ша – желмен елді мекенге тез тарап, Дачный көшесі 

бойындағы тағы бір топ адамды баудай түсіреді. «Дем 

ала алмай тұншығып, құрғақ жөтеліп, көздері 

жасаураған 27 адам қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Оларға «белгісіз газдан улану» диагнозы қойылды – 

дейді дәрігерлер. 



Зоя САРҚҰЛОВА, 

Ембі қалалық ауруханасының бас дәрігері:

– 15 адам әлі ауруханада емделіп жатыр. Төртеуі 

ересек, 11-і – бала. 12 адамды Ақтөбеден келген 

дәрігерлер еш қауіп жоқ деп ауруханадан шығарды. 

Олар үйден жеңіл-желпі ем алатын болады.

Болатбек МҰХТАРОВ

Шекарадан 19 мың еуро 

алып өтуге болады

Соның ішінде Қылмыстық, Әкімшілік құқық бұ зу-

шы лықтар туралы Кодекске, «Жеке кәсіпкерлік тура-

лы», «Лицензиялау туралы» секілді бірнеше Заңдарға 

өзге ртулер мен толықтырулар енгізу қарастырылғаны 

бел 


гілі болды. «Кодекс заңдылықтары бойынша, 

1 шілдеден бастап кедендік рәсімдеуге жеңіл дік-

тер енгізіледі. Кодекстің жобасы ұлттық кеден заң-

на 


маларын Кеден одағының заңнамасына сәй-

кес тендіру мақсатында әзірленді. Оның ішінде ке-

дендік декларациялауға керекті құжаттардың саны 

азайтылып, кеден органдарының сыртқы эконо ми-

калық қызметке қатысушылармен арадағы мәселе-

лер ді реттейтін жаңа нормалар қосылды. Сондай-ақ 

кеден саласындағы қызметтің бүкіл түрлері бойынша 

Жалғасы 2-бетте

Тәжіктен шыққан дерт 

шекара жағалап жүр

27 адам уланып қалды

БӘРІН АЙТ Т

А, БІРІН АЙТ

...


10-сыныптағылар отау құрып жатыр

Гүлжан КӨШЕРОВА

 Кешкі мектепте оқитындардың жағ да йына үңіліп көрсеңіз – 

мұнда ылғи да аяғы ауыр лап қалған, ерте үйленіп қойғандар оқи-

тын сы қыл ды. Сонда кешкі мектеп осы тізім дегілер үшін құрылған 

ба деген ойға табан тіремеске амал кем... Оған дәлел... Же тер лік. 

Жуырда Шымкент қаласының ше тіне орын тепкен Құрсай елді ме-

кенінің  тұр ғыны,  Нұрбақыт  есім ді  10-сынып  оқу шы сы  үй ленді. 

Бозбала осы ауылдағы №49-мектепте оқыған. Үйленер ден екі ай 

бұ рын ғана кешкі мектеп ке ауысқан екен. Мамыр мерекесінен 

соң, кешкі апақ-са пақ та жас келінді желкілдетіп жетектеп кел ген 

жігітке үй ішіндегілер қарсы болған екен. Отау иесі табандап тұрып 

алған соң, ата-анасы райынан қайтыпты. Ал қа лың дық – 1992 

жыл  дың  тумасы,  қаладағы  кол лед ж ілер дің  бірін де  оқиды. 

Жалғасы 4-бетте

Бабаларымыздың «Он үштегі 

баланы отау иесі» деген мәтелі бүгінгі 

күнге жүрмейді десек қателесерміз. 

Қайта отау иесі атануға ынталылар 

күннен-күнге жасарып барады. 

Ештеңеге таңғалмайтын болдық қой. 

Бүгінде 16-ға толар-толмас, мұрты 

енді тебіндеген бозбалалар әке 

болуға ертерек әрекет етуге кірі сіп 

кеткен. 18-ге толмағандарға некеге 

тұруға тыйым салатын арнайы заң 

бар болғанымен, оған пысқыр май-

тындар көп. Кешкі мектепке ауысып 

дегендей, амалын табады. Кешкі 

мектеп демекші...

Екінші дүниежүзілік 

соғыстың қазақстандық 

ғылыми тарихнамасы 

әлі қалыптасқан жоқ

Екінші дүниежүзілік 

соғыстың қазақстандық 

ғылыми тарихнамасы 

әлі қалыптасқан жоқ

ДАТ!

6-б

етте

Гүлжауһар КӨКЕБАЕВА:

міндетті лицензиялық алымдар алынып тасталады. 

Яғни 19 мың еуроға дейінгі қаржыны міндетті ли-

цен  зиялық алымсыз-ақ алып өтуге болады», – дейді 

Болат Бидахметұлы. 

Баяндама жақсы әсер етті білем, отырғандар (бар-

лығы 16 адам) құжатты «100 пайызға қолдаймыз» 

деп белгі соғып, қабылдап жіберді. Енді құжатты Пар-

ламенттің тепкісі күтіп тұр. 

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ТАҒЫ ТЫҒЫРЫҚҚА 

ТІРЕП ЖҮРМЕСІН

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Болат 

Би дах метұлының өкшесін баса ортаға шыққан 

эконо микалық даму және сауда министрі Жанар 

Айтжанова ханым көктем шыға шарықтап бара 

жатқан көкөніс ба ғасын айтып, отырғандарды 

мұңайтып тастады. 

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№75 (301) 12.05.2010 жыл, сәрсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

Дауысқа салған 414 депутаттың 246-сы 

қолдап қызыл партияның мүшесі вице-спикердің 

орынтағына жайғасты. Алайда Адам Мартынюк-

ке бұл қызмет таңсық емес. Ол соңғы төрт 

шақырылымның депутаты болған жылдарының 

ішінде рада спикерінің орынбасары қызметін 

атқар ған-ды. Шу-шұрқансыз мәселе шешілуі 

қиын Жоғарғы Рададан коммунистке қызмет 

берілуіне қарсылық білдірмей қалғандар да жоқ 

емес. Себебі бұл елдің парламенттік дәстүрі 

бойынша, вице-спикерлік оппозиция өкіліне 

берілуі тиіс. 

САЯСИ БЮРО

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Осы екінші дүниежүзілік соғыста көп қолданылған 

«коллаборационизм» терминінің мәнін түсінуге болады? 

Мирас Бектеміров, Алматы облысы 

Еуропада әкімшілік территорияларға байланысты 

«фюльке» деген атау қолданылады екен. Бұл атау, 

біздіңше айтқанда, облыс деген мағына ма, әлде 

аудан ба?

Әділет ЖАНАРЫС, Алматы

ҮКІМЕТ


ЖИЫН

Фюльке – Еуропа құрлы-

ғын дағы Норвегия елінде-

гі саяси-әкімшілік жүйеге 

бай ланысты атау. Жалпы, 

бұл скандинавиялық елде 

әкім шілік  территориялар 

үш дең гейге бөлінеді. Ұлттық 

(жал пымемлекеттік),  екін-

шісі – осы фюльке, үшіншісі 

– муниципалитеттер. Ұлт-

тық деңгейде Норвегия Сол-

түстік, оңтүстік, батыс, шы-

ғыс және орталық Норве гия 

деп аталады. Біртұтас Нор-

вегияда 19 фюльке бар. Яғ ни 

норвегиялық фюлькелер ді 

облыстық деңгейдегі әкім ші-

лік бөлініс деп айтуға бо лады. 

Норвегияның облыстары «фюльке» деп аталады

ТМД

Коллаборационизм – сатқындық па, әлде шарасыздық па?



Жоғарғы Радада коммунистердің 

мерейі үстем болды

Украинаның жоғарғы заң шығарушы органында коммунис-

тердің салмағы мығымдана түсті. «Коммунистік режимнен құқай 

көрген халықпыз, қызыл дәуір заң алдында өз бағасын алуы 

тиіс» деп санайтын Раданың басшылық орындарының біріне 

коммунистік партияның өкілі Адам Мартынюк тағайындалды. 

Микронесиенің шығу тарихы да, не-

гізінен, осы мақсатта болатын. 1976 жылы 

Бангладеш топырағынан шыққан профес-

сор Мұхаммед Жүніс жоқшылыққа, ке-

дейшілікке тап болған аймақтардың эко-

номикасын дамытпақ ниетпен «микроне-

сие» дегенді ойлап тапты. Бүгінде көптеген 

елдер осындай шағын несиелердің арқа-

сын да құлдырап кеткен ауыл-аймақтарын 

аяқ тарынан тік тұрғызуда. Ол ғана емес, 

микронесиелер шағын және орта бизнестің 

де бойына қан жүгірте бастады. Әлемдік 

тәжірибеге зер салған еліміз түбінде 

микронесиенің бізге де келерін ескерді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 

«Қазақстан – 2030» атты халыққа Жолда-

уында: «2000 жылға таман Қазақстандағы 



Қарыз күліп кіріп, жылап шықпаса болғаны

Ресми мәліметтерге 

сүйенсек, 2008 жылы 

еліміз дің  микроқаржы 

ұйымдары 147 мың шағын 

кәсіпкер мен азаматтарға 

шамамен жалпы сома-

сы 33 миллиард теңге 

көлемінде микронесие 

берген. Расын айту керек, 

бүгінде соның арқасында 

жұмыссыздық біршама 

қысқарып, тұрғындар 

арасында жоқшылық 

та азайды. Кеше Парла-

мент Мәжілісінде өткен 

«дөңгелек үстел» отыры-

сы осы «Қазақстанның 

микроқаржы ұйымдарын 

дамытудың нақты жағдайы 

мен перспективаларына» 

арналды.

Енді дөңгелек үстелге оралсақ. Еліміз-

дегі микроқаржылық ұйымдарды дамы-

тудың жолдарын жіті зерттеген біздегілер 

түрлі ұсыныстар жасауда. Депутаттар 

«пайыз дық ставкаларды шектеу» қажет 

деп есептейді. Әсіресе микронесиелік 

ұйым дарды дамыту мемлекеттік бағ-

дарлама аясында берілетін шағын 

несиелер ге пайыздық ставкаларды шектеу 

керек. Бұл өсімқорлықтың алдын алады. 

Осы ған байланысты кезіндегі Экономика 

және бюджеттік жоспарлау министрлігі, 

Қа зақстан микроқаржылық ұйымдары 

қауым дастығы, Ұлттық банк, Қаржы 

министр лігі тағы басқа қаржылық мекеме-

лер шетелдік ұйымдарға хат жолдаған. 

Олар дың жауабы біреу ғана –«әлемдік тә-

жірибеде бағаға қатысты шектеулер қарас-

тырылмаған. Оны нарықтың өзі реттейді». 

Бұл мәселеге қатысты Қазақстан микро-

қар жылық ұйымдары қауымдастығының 

директорлар кеңесінің төрағасы Шалқар 

Жүсіпов: «Депутаттардың ұсынысын мем-

лекеттік қаржы есебінен жүзеге асатын 

микронесиелеу бағдарламасы аясында 

ғана есепке алу қажет», – дейді. 

Депутаттардың тағы бір ұсынысы – 

мик роқаржылық ұйымдарға берілетін 

қаржының көлемін шектеу. Шетелдік 

ұйымдардың айтуынша, бұл шағын несие 

беретін ұйымдардың қызметіне «аяққа 

тұсау» болады. Яғни тұтынушылардың 

сұранысын қанағаттандырмайды. 

Сондай-ақ депутаттар тұтынушылар 

шеңберін де шектеуді ұсынып отыр. Яғни 

несиенің басым көпшілігі әлеуметтік жағ-

дайы төмен және ауыл тұрғындарына 

бері летіндей болу керек. Міне, осындай 

ұсы ныстар енсе, «келісіп пішкен тон кел-

те бол майды» деп отыр халық қалаулы-

лары. Бұл мәселе жақын арада осы та-

қырыпта Қа зақстанда өтетін халықаралық 

конференцияда тағы да талқыланбақ.



Астана

ауыл дардың аса елеулі проблемалары 

мик ронесиелер беру арқылы шешіледі», 

– деген болатын. Расын айту керек, жоға-

ры дағы мәлімет біздегі халықтың бүгінде 

мик ронесиені қаншалықты тұтынатынын 

көр сетеді. Дамушы елдердің шамамен 80 

миллион тұрғыны бүгінгі күні микронесие бе-

руші мекемелердің тұтынушысы саналады. 

Микроқаржы ұйымдарының саны да 

жыл өткен сайын артуда. 2005 жылы тір-

кел ген микроқаржылық ұйымдардың 

саны 177 болса, қазір 1730-ға жетті. Ара-

да бес жыл салып, шамамен 10 есеге өсті 

де сек болады. Бұл – тіркелгендер. Ал 

қазір гі күні жұмыс істеп тұрған ұйымдардың 

саны – 1403. Мұндай ұйымдардың басым 

көп шілігі Оңтүстік Қазақстан облысы, 

Алма ты облысы және Солтүстік Қазақстан 

об лы сында орналасқан. Яғни ауыл шар-

уашылығы дамыған аймақтарда мик ро-

қаржылық ұйымдар да көп шоғырланады 

екен. 

Министр Президентке отандық БАҚ-



тың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру 

жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру ба-

рысы және қазақстандық интернет-ресурс-

та рының дамуы туралы баяндады. Соны-

мен қатар кездесуде елімізде сандық 

телеви зияны енгізу мәселесі талқыланды. 

Атал ған үрдістің бірінші кезеңін жүзеге 

асы руға биылғы жылдың соңына дейін кі-

рі с у жоспарланғаны белгілі болды. «Прези-

дент министрліктің басшылығына отандық 

ақпа раттық кеңістіктің бәсекелестікке қабі-

леттілігін арттыру мәселесіне ерекше ба-

қылау жасауды тапсырды», – деді журна-

листерге арналған брифингте жаңа ми-

нистр А. Жұмағалиев. 

Бұдан кейін Елбасының қабылдауында 

Конституциялық Кеңестің төрағасы болды. 

Ол Мемлекет басшысына Конститу ция мыз-

дың қабылданғанына 15 жыл толуын ме-

рекелеуге әзірлік барысы туралы мәлім де ді. 

Атап айтқанда, биылғы жылдың 30 тамы-

зындағы мереке күні негізгі салтанатты іс-ша-

ра, «Конституция еліміздің демок ра тиялық 

дамуының негізі ретінде» атты ха лықаралық 

ғылыми-практикалық конференция өтеді. 

Сенбі күні Мәскеуде өткен Ұжымдық 

Қауіпсіздік жөніндегі Келісімшарт Ұйы-

мының бейресми отырысына Армения, 

Белоруссия, Қазақстан, Тәжікстан прези-

денттері және Өзбекстан премьер-минист-

рі, ҰҚШҰ бас хатшысы қатысты. Саммит 

қонақтары отырыс аясында екі бірдей 

мәлімдеме қабылдады. Оның алғашқысы 

– Мәскеу мен Вашингтон арасындағы 

стратегиялық шабуылдау қаруларын 

қысқарту және шектеу жөніндегі келісім-

шартты қолдау, екіншісі – қазіргі Қырғыз-

стандағы жағдайға байланысты болып 

отыр. Алайда негізгі тақырыпқа арқау 

болған Қырғыз елінен ешкім шақырылған 

жоқ. ҰҚШҰ лидерлері қабылдаған мәлім-

демеде «Қырғыз халқы елдің қоғамдық-

саяси өмірі мен заң аясын шұғыл әрі бейбіт 

түрде ретке келтіру қажет тігі, зорлық-

зомбылықты ауыздық тап, заң ның қадаға-

лануы мен адам құқығының қор ғалуын 

жүзеге асыруға күш салу қажет тігін 

мәлімдейміз. Қырғызстанды тұрақ тан дыру 

үшін гуманитарлық және басқа да жолдар-

мен көмек көрсету қажет деп есептейміз» 

– делінген. Бұл мәлімдеме де сондай-ақ 

саммит қонақтарының Қырғыз дың жаңа 

билігіне деген көзқарасы да айтылады: 

«Біз, ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер басшы-

лары сәуір айындағы Қырғызстан дағы 

биліктің конституциялық емес жолмен 

ауысуын алаңдаушылықпен қарсы ал-

дық».


Ал ТМД елдері басшыларының бейрес-

ми басқосуында Президенттер Ұлы Отан 

соғысының ардагерлері мен тыл еңбек кер-

леріне арнап, бірлескен үндеу қабылдады. 

Сам мит қонақтары, сондай-ақ болашақ та-

ғы әріптестіктің басым бағыттарын 

айқындады. Онда бірінші кезекте ғылыми 

техникалық ынтымақтастық тұр. 

Қазақстан Президенті сондай-ақ басқа 

да шетелдік әріптестерімен екіжақты 

келіссөздер де жүргізіп үлгерді. Атап 

айтқанда, Ресей, Қытай, Вьетнам, Слова-

кия, Эстония, Болгария, Армения, Әзірбай-

жан, Моңғолия, Израиль және Германия 

мемлекеттері басшыларымен халықаралық 

мәселелер жөнінде пікір алысып, екіжақты 

ынтымақтастық жайын талқылады. 

АҚОРДА



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал