Мал басы санын түгендеу үшін біз 2007 жылы ауылшаруашылық са



жүктеу 1.32 Mb.

бет4/13
Дата14.03.2017
өлшемі1.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

КЕРЕК ДЕРЕК

Солтүстік Қазақстан облысында 

тіркелген 16 018 қару бар. 

Олардың 15 093-і жеке 

тұлғалардың, 925-і заңды 

тұлғалардың қолында. Жыл 

басынан бері – 149 қару, 249 

оқ-дәрі тәркіленді. Тағы 119 

мылтықты иелері өздері әкеліп 

құқық қорғау органдарына 

тапсырған. Олардың 71-і 

тіркелмеген қару. Жыл басынан 

қару-жарақ қолда

нылған үш 

қылмыс, өзін-өзі атудың үш фактісі 

тіркелді. 

Қызылжар

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



Таяу күндері Семей қалалық 

ішкі істер басқармасына қала 

маңындағы Иртышский кентінің 

бір тұрғынынан телефон арқылы 

шағым түседі. Айтуынша, оның 

бір түнде екі бірдей жылқысы 

қолды болған. 

Осыдан кейін оқиға болған жерге 

жедел түрде қала маңы полиция бөлімі-

нің қызметкерлері аттанады. Ұрланған 

малдың ізіне түсу үшін тәртіп сақшылары 

иісшіл иттің көмегіне жүгінеді. Бірақ 

одан пәлендей нәтиже болмаған. Қала-

лық ішкі істер басқармасы баспасөз 

қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың 

айтуынша, сол күні далада нөсер жаңбыр 

жауғандықтан, итке жылқының ізін анықтау 

қиынға соққан. Сол себепті полицейлер 

ұрланған малдың ізіне түсу үшін Ертісті 

жағалай отырып, барлау жасайды. Жыл-

қы ның ізі бір жерде тайға таңба басқандай 

көрінсе, енді бір жерде мүлде жоғалып 

кетіп отырған. Осылайша қолды болған 

малдың іздері тәртіп сақшыларын қалаға 

дейін алып келеді. Полицейлер енді қала 

ішін тексере бастайды. Ақыры сол із қала 

маңы полицейлерін Шығыс кентінен бір-

ақ шығарады. Түс ауа олар жан-жағы 

түгел дей жабық лашықта қамауда тұрған 

жылқылардың үстінен түседі. Үй иесі болса, 

малдарды бір танысы уақытша қамай 

тұруды сұрағанын жеткізген. «Полицейлер 

ол жерді бірнеше сағат бойы торуылдады. 

Нәтижесінде, сол қылмысқа қатысы бар 

деген төрт бірдей күдіктіні қолға түсірді. 

Олардың біреуі кәмелет жасына толмаған 

жасөспірім екені анықталды», – деді 

Елубек Оспанов. 

Қазір осы іске қатысты қылмыстық 

істің қозғалу-қозғалмауы жөнінде шешім 

шығарылып, тергеу амалдары жүріп 

жатыр.


Әлем МӘДИ, Семей 

Барымташылар 

қолға түсті

30 мамыр күні түстен кейін 

Ақтөбедегі КА-168/1 

мекемесінде ұрлық жасағаны 

үшін қамауда отырған 23 жасар 

сотталушы қашып кетті. Ол 

тергеу абақтысының айналасын 

тазартуға шыққан кезде, 

оңтайлы сәтті ұтымды 

пайдаланған тәрізді.

Бұл оқиғаға байланысты Ақтөбеге 

Астанадан Әділет министрлігінің қыл-

мыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы 

өкілдері де келген. Бұдан бұрын үш рет 

сотталған Мұғалжар ауданының тұрғынын 

іздестіру қазір кең көлемде жүргізіліп 

жатыр. Қылмыстық атқару жүйесі коми-

тетінің облыстық басқар 

масындағылар 

қандай да болмасын мәлімет беруге әлі 

ерте деп, ақпарат беруден бас тартуда.



Бақыт ЖАНШАЕВА, Ақтөбе

Түрмеден 

қашып кетті

Қызылжар қаласының 

орталығындағы мәдениет және 

демалыс саябағының жиырма 

жылдан астам уақыт бойы не 

жөндеу көрмей, не тазаланбай 

келген жарты бөлігі он күннің 

ішінде құлпырып шыға келді. 

Облыс әкімі Серік Біләлов 

бастаған қалалықтар он күн 

бойы жұмыстан кейін қолдарына 

күрек-кетпендерін алып, 

тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Орталық саябақтың ауданы – 38 гектар. 

Оның 18 гектарында балаларға арналған 

аттракциондар мен дәмханалар орна-

ласқан. Ал қалған бөлігі мүлдем игерусіз. 

Тіпті қоқыс төгетін орынға айналып 

үлгерген болатын. Он күн бойы облыстық 

және қалалық әкімдіктің, мемлекеттік 

мекемелердің қызметкерлері, білім 

ошақтарының оқытушылары мен студент-

терінің күшімен саябақ шіріген ағаштар 

мен қураған шөптерден тазартылды. 

Жарық тартылып, спорт алаңқайлары 

жасалды. Шахмат, дойбы ойындарына 

арналған үстелдер мен орындықтар да 

қойылды. Белгісіз біреулер қиратып кеткен 

Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекеннің 

басына орнатылған ескерткіш тасты 

қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға 

жақын. Осымен вандалдар екінші рет 

қиратып кеткен зират басына бұдан былай 

бейнебақылау камерасы қойылатын болып 

шешіліпті. 

10 күн ішінде тазалық жұмыстарымен 

алты мыңдай адам айналысыпты. 20 жыл 

тазаланбай келген саябақ ішінен 640 көлік 

қоқыс сыртқа шығарылған.

Серік БІЛӘЛОВ, 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қалалықтардың өтініштері 

бойынша 18 гектар жерді алып 

жатқан ескі саябақты қалпына келтіру 

жұмыстары ойдағыдай жасалды. 

Алдағы уақытта да оны жабдықтау 

жұмыстарын жалғастыратын боламыз. 

Шағын мүсіндерді қоюды да 

жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы 

да қала тұрғындарының көңіл-күйін 

көтеруге, салауатты өмір салтын 

ұстануға септігін тигізеді деп 

ойлаймын. Ал саябақ тазалығы 

бақылауға алынып, осы мақсатта 

арнайы кезекшілік құрылатын болады. 

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар қаласы

Саябақ 20 жылдан 

кейін тазаланды

Жетімдер үйіне 

қамқорлық

«Жетім көрсең, жебей 

жүр» дейді дана халқымыз. 

Халықаралық балаларды 

қорғау күні қарсаңында әл-

Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің физика 

факультетінің ұйымдастыруымен 

ата-ана қамқорлығынан 

айырылғандарға бағытталған 

қайырымдылық шарасы өтті. 

Оған факультеттің әр оқытушысы мен 

студенті бір кісідей атсалысты. Соның 

нә 


ти 

жесінде жиналған киім-кешек пен 

қо 

мақты қаржыға жетім балаларға ар-



нап ойыншықтар мен керекті құрал-

жабдықтар алынды. Балалардың қам кө-

ңі лін марқайтуға жетерлік дүниені ұжым 

Қаскелеңдегі жетімдер үйіне арнайы ба-

рып, табыс етті. Студенттердің дайындап 

барған концерттік бағдарламасы мен 

қы 

зықты ойындары тәрбиеленушілерді 



бір серпілтіп тастады. Концерт соңында 

жетімдер үйінің директоры студенттерге 

жылы лебізін білдіріп, университет рек-

торы Бақытжан Тұрсынұлының атына 

алғыс хат жолдады. 

Сымбат БӨЛЕГЕНОВА

Кеше Астанада баспасөз 

мәслихаты өтіп, Дүниежүзілік 

денсаулық сақтау ұйымының 

Менфред Хьюберг есімді өкілі 

Астана қаласының әкімі 

Иманғали Тасмағамбетовті 

«Темекіге қарсы күресте үздік 

көшбасшылық көрсеткені үшін» 

деген сертификатпен 

марапаттады. 

Иманғали Тасмағамбетов Алматы 

қаласының әкімі болып түрған кезінде 

2005 жылы «2005-2011 жылдарға арнал-

ған «Алматы – темекі түтінінен арылған 

қала» атты бағдарламаны бекіткен бо-

латын. ДДҰ әкімнің осынау еңбегін елеп, 

марапаттады. «Бастапқыда бұл бағ-

дарламаны қолға алғанда, нәтиже бол-

майды-ау деп күмәнданғандар көп болған 

еді. Алайда еңбектің нәтижесі жаман 

болмады», – деді «Темекі түтінінен арылған 

қала» коалициясының директоры Жәмилә 

Садықова. Нәтижесінде, Алматы қала-

сының жасөспірімдер арасында темекі 

шегу деңгейі 4,3 пайызға, ал медицина 

қызметкерлері арасында 15 пайызға 

төмендеген. 

Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша 

бұл бағдарлама енді Астана қаласы 

бойынша жүзеге аспақ. Аталмыш 

бағдарламаға 2011-2013 жылдарға 60 

миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп 

отырған жайы бар. 



Салтан СӘКЕН, Астана

Темекіге жау әкім 

марапатталды

МЕРЕЙ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№89 (315) 1.06.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ТҰСАУКЕСЕР

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Патентті қалай аламын?

«Қазақстан балалары» – қандай бағдарлама?

КӨМЕК


Өлгейдегі 

оқу орны 

жаңармақ

2001 жылдан бастап Баян-Өлгей ай-

ма 

ғының орталығы Өлгей қаласында 



С.Аман жолов атындағы Шығыс Қазақ-

стан мемлекеттік университетінің фи-

ли 

а 

 



лы ашылып, жұмыс істей бастаған. 

Алайда соңғы тоғыз жыл ішінде ШҚМУ 

филиалының ғимаратында бірде-бір 

жөндеу жұмыстары жүргізілмей, филиал 

материалдық-техникалық базасын жаңа-

лауды қажет етіп келді.

Осы орайда филиалдағы материалдық-

техникалық базаны нығайту мақсатында 

ШҚМУ басшылығы ҚР Білім және ғылым 

министрлігімен келісу арқылы, сонымен 

бірге Қазақстанның Моңғолиядағы елші-

лі гінің қолдауымен Баян-Өлгей аймағына 

жұ мысшы-құрылысшылар  тобын,  құрылыс 

ма териалдарын, жиһаздарды және басқа 

да қажетті құрал-жабдықтарды жол даған.

Елшілік таратқан мәліметтерге сүйенсек, 

өткен жексенбіде аталған арнайы көмек 

Баян-Өлгей аймағына толық жеткізіліп, 

жұ мысшы-құрылысшылар  филиалдың 

жөндеу жұмыстарын жүргізе бастаған.

Белгіленген меже бойынша университет 

филиалындағы қайта қалпына келтіру 

жұмыстары алдағы жаңа оқу жылына 

дейін аяқталмақ.



Иса БЕК

Кейінгі кезде Қазақстан-

Моңғолия қарым-

қатынастарында еліміздің 

Шығыс Қазақстан облысы мен 

Моңғолияның Баян-Өлгей 

аймағының аймақаралық 

байланыстарының дамуы 

ерекше жағдайда өрби бастады. 

Әйтсе де өзара ықпалдастықтың 

ары қарай өркен жаюына 

белгілі себептермен орын 

алған қаржылық қиындықтар 

біршама кедергі келтіріп келген.

“Мұңлық-Зарлық” эпостық жыры ар-

қау болған мультфильм оқиғасы кейіп-

керлер арасындағы күндестік пен пен 

  

делік 


қызғаныштан өрбиді. Күл 

мес 


ханның 60 

бедеу әйелі өзара уағдаласып, жас 

ханшайымның дүниеге мұрагер әкелгенін 

жасырады. Сөйтіп, мыстанның көмегіне 

жүгіне отырып, ағалы-қарындасты егіз 

нәрестені дарияға тастатқызады. «Сиқыр 

екен, масқара-ай, күшік туды!» деп жала 

жауып, ханшайымды айдаладағы қайтпас 

аралға қуғызады. 

Аңызды бүгінгі заманның болмысына 

бейімдеп, драма етіп жазған Дулат Иса бе-

ков кейіпкерлер сипатын мейлінше шебер 

сом 

даған. Жазушы пайымынша, мыс-



танның өзіне жаман ой салып, жауыздыққа 

итермелейтін – адамдардың өздері. 

Мысалы, жардың жағасынан дарияға қол 

созып жатып: «Қимаймын-ау, қимаймын. 

Қайтейін, амалым жоқ» деп күйзелетін 

мыстан, бейкүнә сәбилерге қиянат жасауға 

қиналады. Бірақ 60 әйелдің тегеуріні мен 

сыйақыға берілген бір дорба алтынның 

алдында еріксіз дәрменсіздік танытады. 

Дегенмен ғайыптан-тайып аман қалған 



«Cақтан» жеткен сыйлық

БАЙҚАУ


47 күйші 

сынға түсті

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 47 

күйші төрт күн бойы бар өнерлерін паш етіп, 

өзара сынға түсті. Конкурстың «Домбыра, 

шертер», «Сырнай» және «Қобыз, қыл 

қобыз» номинациялары бойынша өткені 

белгілі. Жүлдегерлер туралы айта кетсек, 

бас бәйгені Құрманғазы атындағы Қазақ 

мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің 

әртісі – Арман Жүдебаев жеңіп алды.

Ал «Домбыра, шертер» номинациясы 

бойынша бірінші орын Новосибирск 

Мемлекеттік Консерваториясында опера және 

симфониялық дирижерлеу мамандығының 

4 курс студенті Руслан Баймурзин мен 

Маңғыстау өнер колледжінің 4 курс студенті 

Абылай Тілепбергеновке бұйырды. «Қобыз, 

қыл қобыз» байқауында бірінші жүлдені 

Қазақ ұлттық өнер университетінің 3 курс 

студенті Тоқтар Ағыраев (қыл қобыз) және 

осы оқу орнының 2 курс студенті Саджана 

Мырзалиева (қобыз) жеңіп алды. 

«Сырнай» байқауында бірінші орынды 

Қазақ ұлттық өнер университетінің 1 

курс студенті Руслан Тураев иеленді. 

Жүзден жүйрік атанып, оза шапқандар 

сыйлықтарын алған соң, шара соңы 

гала-концертке ұласты. Екі жылда бір 

рет өтетін аталмыш өнер бәйгесінің 

ұйымдастырушысы Мәдениет министрлігі 

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы 

екенін айта кетейік. 



Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ, 

Астана

Астананы күмбірге 

бөлеген күй аламаны өз 

мәресіне жетті. Төрт күнге 

созылған Құрманғазы атын-

дағы VIII Республикалық 

халық аспаптарында орын-

даушылардың арасында өткен 

байқаудың жеңімпаздарын 

марапаттау салтанаты 

Президенттік мәдениет 

орталығында өткен болатын. 

ТҮР


ТКІ

ТАҒЫЛЫМ


Ж

АН А


ЗЫҒЫ

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама, 

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін,

Әлди, әлди, ақ бөпем....

«Бесік жырын» тыңдап өспеген қазақ 

баласы кемде-кем-ау, сірә. Алайда әже 

әлдиі құлағына сіңісті болып өскен 

ұрпақтың соңы біз боламыз ба деген 

қорқынышты ой ұялайды кейде. Өйткені 

бүгінгі ұрпақ бесік жырын естімей өсіп 

келеді. «Әлди, әлди» әнімен балбырап 

ұйқыға кететін сәби санасына ұлттық 

«қанның» таралуы да осы кезден 

басталады. Қазақтың бала туылғаннан-ақ 

бесікке бөлейтіні белгілі. Бесік жырын 

айтып бөлейді. Әдемі ырғақ пен баланың 

болашағына деген тілек бір әуеннің 

астында үндеседі. Ән айтқанда айналада 

жағымды аура орнайды. Ескі ұғым 

бойынша жын-шайтан жоламайды. Тек 

қана жақсы энергия таралып жатқан жерге 

жаман энергия қайдан келсін? Сәби 

дүниеге келген соң, шілдеханадан бастап 

қашан баланы бесіктен босатқанға дейін 

бесік жырын үзбеу керек дейді әжелер. 

Бала бесік жырын қай тілде тыңдап өссе, 

сол тілде тілі шығады. Дүние есігін ашқан 

сәбидің алғаш еститін әуезді үні де – осы 

бесік жыры. Бар нәрсені жақсылыққа 

жоритын әжелеріміздің айтуынша, бесік 

жырында баланың болашақта батыр, 

еліне, жеріне пана болатын азамат болып 

өсетінін әнге қосу үлкен рөл атқаратын 

көрінеді. Психологтар әлі «дым білмейтін» 

сәбилердің уілді не болмаса әуенді естісе, 

кәдімгідей қуанатынын айтады. Ұлттық 

сана, ұлттық тәрбие осындай кішкентай 

нәрседен басталмай ма? Тамшыдан 

көлемді көл жиналады. Сондықтан да 

баланы құрсақта жатқан кезінде-ақ әнмен 

тәрбиелеу қажет екен. Өкініштісі, ежелден 

келе жатқан осы ұлттық үрдістің тіні үзіліп 

бара жатқандай. Бауыржан Момышұлы: 

«Немерелеріне ертегі айтатын әжелер 

азайды, содан қорқамын», – деген екен. 

Сол сияқты бүгінде «әлди, әлди» әнін 

айтып, ақ бесікке бөлейтін әжелеріміз 

азайды. Бесік жырының не екенін білмейтін 

аналарымыз көбейді. Жуырда жас 

босанған бір келіншектің үйінде болдық. 

Аталған кітапта ХХ ғасырдағы жаппай 

қуғын-сүргінде азап шеккен ұлттардың 

тағдыры, жекелеген белгілі тұлғалардың 

өмір дерегі, қуғын-сүргіннің тарихи си 

-

паттамасы, сондай-ақ ғылыми зерттеу лер 



мен қуғын көрген жандардың өздері 

қалдырған естеліктері қамтылған. Кітапта 

сондай-ақ зұлмат жылдардың белгісіндей 

болған «АЛЖИР» (Отанын сатқандар 

әйелдерінің Ақмола лагері) абақтысы мен 

сол жерде тұтқында болған әртүрлі ұлт 

өкілдерінің қасірет-қайғысы, ардақты да 

қайраткер аналардың арман-тілектері 

шынайы бейнеленген. Жинаққа тек қана 

еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандары 

ғана емес, шетелдік азаматтар мен елі-

міздегі өзге ұлт өкілдерінің бастан кешкен 

азапты оқиғалары да арқау болған.

Қасіретті кезеңнен сыр шертетін жи-

Мұнайлы аймақта ҚР Мәдениет 

министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі, 

ҚР Ұлттық кітапханасы мен облыстық 

Ғабдол Сланов атындағы ғылыми әмбебап 

кітапханасы бірлесіп ұйымдастырған 

«Кітапхана әлеуметтік серіктестік жағда-

йында» республикалық ғылыми-прак-

тикалық конференциясы, болып өтті. 

Еліміз бойынша мән мағынасы зор 

ғылыми-практикалық конференцияны 

ұйымдастырушы  Астана қаласындағы 

Ұлттық Академиялық кітапхананың бас 

директоры Рахымжан Отарбаевтың 

айтуынша, кітапхана қазір кітаптарды сұ-

рып тайтын, оқырманға таратып беретін 

орын деген қалыптасқан ұғымнан ары-

лып, адамдардың рухани-әдеби, шы ғар-

машылық байланыс ошағына айналуы қа-

жет. Әсіресе, жастарымыздың көбі ғалам-

тор мен теледидар алдынан шықпайтын 



«Бабай» тербеген бесік...

«АЛЖИР» ақиқаты

Кітапханашылар – Атырауда

Өткен жұмада 

Алматыда «Мұңлық-

Зарлық» дастанының 

желісі бойынша «Сақ» 

киностудиясы түсірген 

анимациялық фильм нің 

тұсаукесері өтті.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Егер де мен жаңа бір өнім немесе техникалық қондырғы ойлап тапсам, 

оған қалай патент ала аламын. Жалпы, патент – өнертабыс иесіне қандай 

мүмкіндіктер береді?

Ербол ЖҰМАҒАЛИЕВ, Талдықорған

ҚР Патент заңына сәйкес, өнер-

та  бысқа деген құқық инновациялық 

па  тентпен және жай патентпен куә лан -

дырылады. Патент өнертабысқа ұсы -

нылған айрықша құқықты біл діре ді, 

яғни патент иесі өзінің қалауы бо йынша 

өнертабысты қолдануға құқылы.

Өнертабысқа инновациялық патент 

өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш 

жыл бойы күшін сақтайды, патент ие-

ленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның 

қол данылу мерзiмi ұзартылуы мүмкін, 

бірақ ол екі жылдан аспауы керек. 

Өнер 

табысқа патент өтiнiм берiлген 



күн нен бастап жиырма жыл бойы кү-

шiн сақтайды. Заңдарға сәйкес, пай-

даланылуы үшiн құзыретті органның рұқ-

саты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң 

қол данылу мерзiмi патент иеленушiнiң 

өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, 

бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.

Патентті өнертабысты қорғау 

саласындағы құзыретті орган береді. 

Қазіргі уақытта ондай орган ретінде ҚР 

Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік 

құқығы комитеті танылады. Патент 

иеленуші қорғалу мерзімі аралығында 

өнертабысты кім қолдана алады немесе 

қолдана алмайтыны жөнінде шешім 

қабылдауға құқығы бар. Патент иеленуші 

өзара тиімді шарттарда өнертабысқа 

рұқсатты немесе оны қолдануға деген 

лицензияны басқа тұлғаларға бере 

алады. Сонымен қатар патент иесі 

өнертабысқа деген құқықты сата алады. 

Бұл жағдайда құқықты сатып алған адам 

өнертабыстың иесі болады. Өнертабысты 

қорғау, атап айтқанда, оған патент беру 

кейбір жеке тұлғалардың шығармашылық 

талантының мойындалғанын көрсетеді 

және олардың өнертабыстарын ком-

мерциялық сипатта пайдалануға 

мүмкіндіктер береді.

нәрестелердің бағына орай, оркиік оларға 

ана да, пана да болады. Адамзаттың 

бойы 


нан кездеспеген қайырым мен 

мейірімнің осылайша түз тағысының 

бойынан табылуы көрерменді терең ойға 

жетелеп, бауырмалдық пен адамгершілік, 

жанашырлық сияқты, бүгінде солғын 

тарта бастаған ізгі сезімдерді дәріптейді.

Тәрбиелік мәні зор мазмұнды дүниені 

небәрі 20 минутқа созылатын шағын 

мультфильмге сыйдыра білу – әрине, 

шығармашылық топ шеберлігінің дәлелі. 

«Ұзағырақ, бір сағаттық мультфильм 

жасауға да болар еді. Алайда қаржылық 

мүмкіндіктерге орай, уақытын қысқартып, 

ықшамдадық» дейді «Сақ» кино 

сту 

дия-


сының директоры Нұриддин Пәттеев. Осы 

ретте, мультфильм кейіпкерлері об 

ра-

зының мейлінше күрделі екендігін айта 



отырып, сценарий авторы Дулат Исабеков 

«образдар толық ашылмай қалған» деген 

ойын да бүгіп қалмады. Яғни автордың 

пікірінше, мыстан кемпірдің ішкі қарама-

қайшылығын немесе хан мен ханшайым-

ның жан күйзелісін неғұрлым ашып көр-

сеткен жағдайда мультфильмнің салмағы 

да әлдеқайда арта түсер еді. Бұл реттегі 

мәселе, әрине, қаржылық мүмкіндіктерге 

бай 


ланысты. Жалпы алғанда, «Мульт-

фильм деген көруге оңай болғанымен, 

түсі рілуі өте қиын нәрсе екен. Бір көріністің 

өзіне жүздеген, мыңдаған сурет салынады. 

Кішкентай көрермендердің жас ерекше лі-

гінен бастап, таным-түсінігін, қызы ғу шы-

лығын ескеру жағы тағы бар» деп ағынан 

жарылған Дулат Исабеков, шы 

ғар 

ма-


шылық топ еңбегіне ризашылығын біл-

дірді. 


Екі ай шамасында түсірілген бұл мульт-

фильмге 20 миллион теңге жұмсалыпты. 

«Мұңлық-Зарлықтың» режиссері Батыр-

хан Дәуренбековтің айтуынша, «Сақ» 

студиясының бұдан өзге де оншақты ани-

ма  циялық фильмдері бар. Және көпшілігі 

қалың көрерменге әлі жеткен жоқ. Себебі 

айт паса да түсінікті: аталмыш студия Ал-

ма тыдан да, Астанадан да шалғай, Шым-

кентте жатыр. Мүйізі қарағайдай «Қа зақ-

фильмнің» өзі атышулы өнімдерін 

телеарналарға «өткізе алмай» жүргенде, 

қиыр шеттегі беймәлім «Сақтың» 

мультфильмін сатып алуға, қалың қазаққа 

таратуға кім құлықты болсын?! 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал