Мал басы санын түгендеу үшін біз 2007 жылы ауылшаруашылық са



жүктеу 1.32 Mb.

бет3/13
Дата14.03.2017
өлшемі1.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жарқын ӨТЕШОВА 

Жамбылдық монополистерге 

негізсіз кірістер үшін қайтадан 

өтеу тарифтері енгізілетін болды. 

Негізсіз кірістер мен шығынның 

басқа баптарын орындамағаны 

үшін биылғы жылдың шілде 

айынан бастап жамбылдық 

монополистерге қайтадан өтеу 

тарифтері белгіленіп отыр.

Монополист 

мол ақша 

төлейтін болды

Өткен жылдың тарифтік сметасының 

орындалуын сараптай отырып, облыс тық 

Табиғи монополияларды реттеу де 

пар-

таменті төрт кәсіпорынға төрт уа 



қытша 

өтеу тарифін енгізді. Бұлар: «Тараз-

энер  го орталық»  АҚ,  «Шу-жылу»  МКК, 

«Жаңа 


 

тас-су-жылу» МКК. Бұлардың бә-

рі де — жылу энергиясын өндіретін және 

жаб  дықтаумен  айналысатын  кәсіп орын-

дар. Тарифтердің арқасында моно 

по-


лис    тер дің  негізсіз  шығынынан  өтелетін 

эко 


номикалық тиімділік 55,12 миллион 

тең гені құрап отыр. Сондай-ақ 15 милли-

оннан астам теңге халыққа қайтарылатын 

болды. 


Марат СМАИЛОВ, 

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі 

агенттіктің Жамбыл облысы бойынша 

департаментінің директоры: 

— Облыстағы ірі монополист ме-

кемелер жылумен қамтамасыз ету 

қызметі үшін халыққа 15 миллион-

нан астам теңге қайтаруы керек. 

Облыстық ведомство сыртқы ауа 

райының нақты температурасын ес-

кере отырып, халыққа көрсетілген 

жылумен қамтамасыз ету қызметінің 

тарифін қайта есептеп шықты. Жылу-

мен қамтамасыз ететін монопо листер 

күн райы жылы болған жағ 

дайда 

жыл сайын тарифті қайта ес 

ептеп 

шығарады, 2009-2010 жыл ғы жылу 

беру маусымы бойынша «Тараз энер-

гоцентр», «Жамбыл-жылу», «Жаңа 

-

тас-Су-Жылу», «Шу-Жылу», «Со-

фия» және «Теміржол-Жылу» кәсіп-

ор ынд ары  тарифтерді  қайта  есеп   теп 

шықты.

 Нәтижесінде халыққа қайтарылуы тиіс 

сома 15 миллион 852 мың теңгені құрап 

отыр. Оның ішінде қосымша құн салығы 

да қоса есептелген. 

Гүлжан КӨШЕРОВА, 

Тараз 

ЖИЫН


Заңсыз табыс пен лаңкестікті қаржы-

ландыруға қарсы күрестің ұлттық жүйесін 

халықаралық стандарттарға сай дамы-

ту екі ел үшін маңызды әрі ұлттық эко-

номиканың қауіпсіздігін қамтамасыз 

етуге бағытталады. Форумның алға қой-

ған мақсаты – Қазақстан мен Ресей же ке 

секторының өкілдері арасында тәжі рибе 

алмасу. 

Біртұтас экономикалық кеңістіктің құ-

рылуы жағдайында заңсыз ақша мен 

лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күре-

сетін ұлттық жүйелердің жұмысын жақ-

сартуға ұмтылыс бар. EAG төрағасы Олег 

Марковтың айтуынша, Ресейдегі ақшаны 

«ақтауға» (легализация) қарсы күрестің 

аяқ алысы сәтті: тиісті заң қабылданды, 

қар жылық барлау бөлімшесі – Росфинмо-

ниторингтің жұмысы жолға қойылды. 

2008 жылы Ресей ФАТФ/ЕАГ бағалауынан 

ой да ғыдай  өткен. 

Кеңестік форумның пайдасы не? Елі-

мізде «Заңсыз жолмен тапқан ақша 

ны 


«ақтауға» және лаңкестікті қаржылан-

ды 


руға қарсы қимыл туралы» заңның 

қа 


былданғанына көп болған жоқ. Заң 

қар жы жариялылығы мен елдің экономи-

калық қауіпсіздігін арттыруға арналған 

жаңа мүмкіндіктерді ашуға септігін тигі-

зуі тиіс. Бұл ФАТФ (1989 жылы құрылған 

Ақшаны легализациялауға қарсы күрес 

қаржы шараларын дайындау тобы) ұлттық 

бағалау жүйесіне дайындалу қажеттігінен 

туындады. EAG сарапшылары өз сара-

бын шілде айында жүргізеді деп белгіле-

ген еді. Алайда Қаржы министрлігінің 

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы 

Мүсірәлі Өтебаев бұл мерзімді күзге шеге-

ру жөнінде өтініш айтатынын мәлімдеді. 

EAG атқарушы хатшысы Игорь Небываев: 

«ФАТФ ұсынған қағидалар мен кеңестерді 

барлық елде бірдей жүргізсін деген нұсқау 

жоқ, EAG тобына мүше елдер аймақ ерек-

шеліктеріне сәйкес өз әдіс-тәсілдерін пай-

даланады», — дейді. 

Қаржы министрлігі Қаржы монито-

рингі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өте-

баев: «EAG тобы қылмыстық жолмен тап-

қан қаржыны қалай жүйелейді, қалай 

бағалайды екен деп екі жылда бір тек-

серіп отырады. Тек біздің комитетке ғана 

емес, бүкіл елге баға береді. Биыл еліміз-

ді бағалау тұңғыш рет өтеді. Сондықтан 

елдің беделі үшін маңызды», – деді.

«Қаржы мониторингіне келсек, бұл 

елдің бәрін аңдимыз деген сөз емес. 

Егер де кәсіпкер бизнесін адал жүргізсе, 

шаруамыз жоқ. Біз қылмыстық жолмен 

ақша тапқандарды, лаңкестік ұйымдарға 

қатысы бар адамдарды бақылаймыз. 

Олар дың есімі бізге белгілі, солардың ел 

аума ғында әрекет етуіне жол бермейміз», 

– деді Мүсірәлі Өтебаев. Бұл – қаржы 

мо  ни торингінің  механизміне  қатысты  са-

уалға жауап. Өйткені биыл 9 наурыз дан 

бастап 7 млн теңгеден (немесе 10 мың 

доллар) асатын банк аударымдары жә не 

қаржы операциялары туралы ақпар Қар-

жы мониторингі комитетіне жіберіледі де-

ген жаңалық елді біраз дүрліктірген еді. 

Гүлнар АХМЕТОВА

Қаржы 

мониторингінен 

қорқудың 

қажеті жоқ

Кеше Алматыда Қазақстан 

мен Ресейдің «Жеке сек-

тор қызметінің қаржы 

қауіпсіздігі мәселелері 

және қылмыстық жолмен 

алынған табысты ақтау мен 

лаңкестікті қаржыландыруға 

қарсы іс-қимыл саласында 

халықаралық стандарттарды 

қолданудың үздік тәжірибесі» 

атты кеңестік форумы өтті. 

Бұл шараға қылмыстық 

жолмен алынған табыс-

ты ақтау мен лаңкестікті 

қаржыландыруға қарсы 

күрес жүргізетін Еура зиялық 

топ (ЕАG) және ҚР Қаржы 

министрлігі қолдау көрсетті. 

2004 жылы құрылған EAG 

– Қазақстан, Қырғызстан, 

Қытай, Беларусь, Тәжікстан 

және Өзбекстанның басын 

біріктіретін топ. 

Ақ халатты жандардың абзалдығына 

күмән келтірген аналардың айтуынша, ба-

лаларына қажетті ем алған уақыттан кейін-

ақ олардың халі мүшкілдеп кеткен. Кейін 

анықталғандай, бұл жолы сәбилерге пай-

далану мерзімі өткен жылдың қазан айын-

да жеткен дәрі-дәрмектер егілген. Қазір 

бұл жерде ем қабылдаған 17 сәбидің 

жағ дайы айтарлықтай ауыр күйде. Бүгінде 

ауру хана басшылығы бар жауапкершілік-

ті мойнына алып, тиісті ор гандар өз ісіне 

салақтық танытқан талай қыз меткерлерді 

ақ халатынан айырды. 

Қытайда соңғы жылдарда сәбилерге 

арналған тамақ өнімдері мен дәрі-дәр-

мекке байланысты талай даудың туын-

дағаны белгілі. Әсіресе 2008 жылы са-

пасыз сүт өнімдерінің құрамынан қа тер лі 

меламин заты табылған болатын. Нә-

тижесінде 53 мың бала уланып, олар дың 

талайы өлім құшқан. Сол уа қытта елімізде 

Қытайда өндірілген сүт қос паларын және 

сүт өнімдерін сатуға аз уа қытқа арнайы 

тыйым салынған болатын. Алайда оны 

өндіруші елдің өзі әлі күнге дейін былық-

қа батып жатқанда, оның қауіптілігіне 

қарамастан, Қазақстан қытай заттарын тұ-

тынуға мүдделі болып келеді.

Ертай НҮСІПЖАНОВ, 

Қытай

Сәбилерге 

жарамсыз дәрі 

пайдаланған

Бүкіл әлем балалар 

мерекесінде бүлдіршіндерге 

арналған түрлі шаралар өткізудің 

қамын ойлап жатқан уақытта 

Қытай елі мереке қарсаңында 

тосын жағдайға тап болды. Мұз 

қалашығын тұрғызуда әлемнің 

алдыңғы шебінен орын алатын 

Харбин қаласында баласын 

құшақтаған талай ана аурухана 

алдынан табылды. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№89 (315) 1.06.2010 жыл, сейсенбі                 



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Мамандардың айтуынша, ҚР Еңбек 

кодексінің 10-бабына сәйкес, еңбек қа-

тынастары, сондай-ақ еңбек қаты 

нас-

тарына тікелей байланысты өзге де 



қатынастар еңбек шартында, жұмыс 

берушінің актісінде, келісімде және 

ұжымдық шартта реттеледі. Бұл ретте, 

еңбек шарты мен ұжымдық келісімшарт 

бір-бірін алмастыра алмайды. Себебі 

еңбек шарты – жеке қызметкер мен жұмыс 

беруші арасында жасалатын келісім. Ол 

бойынша қызметкер дербес нақты бір 

жұмысты (еңбек функциясын) атқаруға, 

еңбек тәртібін сақтауға міндеттенеді, ал 

жұмыс беруші оған еңбек шарты бойынша 

келісілген жұмысты беруге, еңбек заң-

намасында, ҚР заңдары мен басқа да 

нор мативтік құқықтық актілерінде, ұжым-

дық шартта көзделген тиісті еңбек жағ-

дайларын қамтамасыз етуге, дер кезінде 

және толық көлемде қызметкерге жалақы 

төлеуге міндеттенеді. Ал ұжымдық шарт 

– ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынас-

тарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы 

Ұжымдық шартқа қалай ауысамын?

Мен шетелдік мекемеде еңбек келісімшартымен жұмыс істеймін. Менің 

білейін дегенім, енбек келісімшарттын (трудовой договор) ұжымдық шартқа 

(коллективного договор) қалай ауыстыруға болады?

 Серіғали МЕҢДІҒАЛИЕВ, Атырау облысы

Қай санатпен жалақы аламын?



Мен орта арнаулы біліммен мектепте бес жылдан бері бухгалтер 

болып жұмыс істеп келемін. Осы уақытқа дейін маған жалақы G-12 

санатымен төленіп келген болатын. Таяуда облыстық кәсіподақтан 

тексеру келіп, нәтижесінде, менің санатымды G-12-ден G-14-ке түсіріп 

кетті. Комиссияның шешімі дұрыс па? Орта арнаулы біліммен жұмыс 

істейтін бухгалтерге жалақы қай санатпен төленуі керек?

 Талма НӨКЕРОВА, Жамбыл облысы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

сала сының сарапшы маманының мәлі-

метінше, азаматтық қызметшілерге, 

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 

ұсталатын ұйымдардың қызмет 

кер-

леріне, қазыналық кәсіпорындардың 



қызметкер леріне еңбекақы төлеу жүйесі 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкі-

метінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 

№1400 қау лысына сәйкес, біліктілігі 

жоғары деңгейлі бухгалтер жалақысы 

G-10 санаты бойын 

ша, ал біліктілігі 

орташа деңгейдегі бухгалтерге G-13 

санаты бойынша тө ленеді.

АЛАШ-АҚПАРАТ

ОЙТҮР

ТКІ


Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ

Қарулы қариялардан қауіп бар ма? 

Әйелдің темекі тартқаны, 

ұрпақтың қасірет тартқаны 

ТҮЙТКІЛ


Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

мен жұмыс беруші арасында жасалатын 

жазбаша келісім. Кодекстің 285-бабына 

сәйкес, ұжымдық шарттың күші жұмыс 

берушіге және солардың атынан ұжымдық 

шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне 

және жазбаша өтініш негізінде оған қо-

сылған қызметкерлерге қолданылады. 

Яғни мекемеңіздегі қызметкерлер мен жұ-

мыс берушілер арасында ұжымдық шарт 

жасалған болса, сіз оған өзіңіздің жазбаша 

өтінішіңіз негізінде қосыла ала сыз.

Жыл сайын темекі өкпе қатерлі ісігі мен 

жүрек аурулары бар 5,4 миллион адамның 

мерзімінен бұрын өмірден өтуіне мұрын-

дық болады. Ал Дүниежүзілік Денсаулық 

сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, 

әлемде әйелдердің 12 пайызы темекі ше-

геді екен. Әйелдер арасында темекі шегу-

шілік ең көп тараған ел Дания болып отыр. 

Ондағы әйелдердің 37 пайызы темекі 

шегеді. 


Ал елімізде 12 жастан асқан әйелдердің 

шамамен 9,8 пайызы темекіні тұрақты 

тұтынады. Және бұл көрсеткіш ұдайы өсу 

үстінде. Мәселен, Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру проблемаларының Ұлттық 

орталығының деректеріне сүйенсек, 2001 

жылы 12 жастан асқан әйелдердің 7,5 

пайы  зы темекі шексе, 2006 жылы еліміз-

дегі шылымқор әйелдер 8 пайызды құра-

ған. Сондай-ақ еліміздегі темекі шегетін 



31 мамыр – дүниежүзілік 

темекіден бас тарту күні. 

Дүниежүзілік Денсаулық 

сақтау ұйымының бастамасы 

бойынша, бұл күн 1988 

жылдан бастап атап өтіліп 

келеді. Алайда арада 22 жыл 

өтсе де, әлем бойынша 

темекіден бас тартқандардан 

гөрі, онымен достасқандар 

саны артып келеді. 

Мамандарды әсіресе соңғы 

жылдары темекіге қыз-

келіншектердің 

қызығушылығының артып 

бара жатқаны алаңдатып 

отыр. Осыған орай, аталмыш 

ұйым биылғы жұмыстарында 

қоғам назарын темекінің 

қыз-келіншектер мен 

әйелдердің денсаулығына 

тигізер зиянына арнамақ 

болып отыр. Бұл бүгінде 

әйелдердің темекі 

құмарлығына әлем назарын 

аударып отырғанының белгісі. 

Темекінің мұнша кең тарауына 

оның бағасының арзан болуы, 

өнімді өткізудің әлемдік кең 

тараған тәжірибесінің 

қалыптасуы, адамдар 

арасында темекі қаупіне 

байланысты хабардарлықтың 

төмендігі, темекіні тұтынуға 

қарсы бағытталған 

мемлекеттік саясат 

жоспарының болмауы себеп 

болып отыр. 

әйелдердің көбісі 20-29 жас және 40-49 

жас аралығындағылар екен.

Әйелдерді темекі шегушілікке қызықты-

руда темекі компанияларының жарнама-

лық маркетингі үлкен рөл атқарып келеді. 

Соның дәлелі, соңғы жылдары Қазақстан-

дағы темекі компаниялары сигареттердің 

«әйелдерге ғана» арналған әртүрлі хош 

иістермен, сәнді әсем қаптамалармен көм-

ке ріл ген сыртқы түрімен еліктіру арқылы 

тауар белгілерін екі есе өсірген. Тауар 

белгі лерінің өсуімен бірге оған еліккен 

қыз-келіншектердің де саны арта түскен. 

Мамандарды әйелдердің шылымқорлы-

ғының шошытып отырған себебі, темекінің 

әйелдердің денсаулығына тигізетін зар-

дабы ер адамдарға қарағанда көбірек. 

Мәселен, темекі шегетін әйелдер ерлерге 

қарағанда өкпе ауруларына бес есе жиі 

шалдығады. Сондай-ақ әйелдердің орга-

низмі нің тез қартаюына және әйелдер үшін 

климакстың ерте келуіне әкеліп соғады. 

Темекішегушілік, тіл және ауыз қуысы қа-

терлі ісігі пайда болуының да негізгі себебі. 

Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу 

нәтижесінде, бес темекі шегушінің төр-

теуінде дамитын өңеш қатерлі ісігінің 

бірінші себебі темекі екені анықталған. 

Әйелдердің аяғы ауыр болған жағдайда 

темекі ұрықтың дамуына кері әсерін тигізіп, 

ұрықтың өліміне немесе ананың мерзімінен 

бұрын босануына әсерін тигізеді екен. 

Жүктілік кезінде темекі шеккен аналардың 

сәбилері де аллергияға көбірек ұшырағыш 

болып, болашақта алкогольдік ішімдіктер 

мен есірткіге, темекіге салынулары әбден 

мүм кін. Осылайша болашақ аналардың 

ағза сын улап жатқан темекі аналар арқылы 

болашақ ұрпақтың да денсаулығын 

ақсатуда. Тағы бір айта кетер жайт, соңғы 

кездері орын алып жатқан балалар өлімінің 

де көбірек үлесі аналары темекі шегетін 

балалардың үлесінде көрінеді. Осы орайда 

мамандар соңғы кездері балаларда 

көбейіп кеткен түрлі аурулардың осындай 

шылымқор аналардың арқасында көбейіп 

отырғанын жоққа шығармайды. 

Жалпы, елімізде Салауатты өмір салтын 

насихаттауға республикалық бюджеттен 

жыл сайын 1 млрд теңгеден артық ақша 

бөлінеді екен. Және осы Үкіметтен 

бөлінетін қаржының жартысы темекіге 

қарсы акцияларға жұмсалатын көрінеді. 

Алайда бұл жұмыстардың өзі еліміздегі 

шылымқорлардың санын азайта алмай 

отыр. Сондай-ақ былтырғы қабылданған 

Қоғамдық орындарда шылым шегуге 

тыйым салу туралы заң да жаман әдетке 

бой алдырғандар санын азайта алмаған. 

Оған мамандар сөзі дәлел. 

Сәуле ДИҚАНБАЕВА, 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру 

проблемалары Ұлттық Орталығының 

директоры:

– Егер жаңа үйленген жас 

жұбайлардың екеуі де шылым шегетін 

болса, олардан бала пайда болу 

мүмкіндігі 40 пайызға қысқарады. 

Сондай-ақ бала пайда болған күннің 

өзінде сәби түрлі ақаулармен дүниеге 

келуі әбден мүмкін. Темекі шегетін дер 

көбінесе «темекіні тастағымыз келеді, 

бірақ тастай алмай жүрміз» деп 

ақталады. Бірақ осы уақытқа дейін 

темекі шегетін дердің 5-ақ пайызы 

темекіні тастауға көмектесуін өтініп, 

медициналық мекеме лерден көмек 

сұраған. Бұл – өте аз көрсеткіш. 

Сондай-ақ аналардың бедеу лігіне де 

бірден-бір ықпал жасайтын темекі 

болып табылады. Осыдан-ақ 

темекінің қыз-келіншектердің 

денсау лығына тигізер зардабының 

орасан зор екенін байқауға болады. 

Асхат ІДІРІСОВ, 

Алматы қалалық ІІД-нің қоғамдық 

қауіпсіздік басқармасының алдын алу 

қызметі бөлімінің бастығы:

– Жыл басынан бері қоғамдық 

орындарда темекі шегушілерге қарсы 

129 рейд жүргіздік. Рейд нәтижесінде 

заң бұзған 922 адам ұсталған. Оның 

422-сі білім беру ошақтарынан, 31-і 

қоғамдық тамақтану орындарынан, 

227-сі көпшілікке арналған демалыс 

орындарынан, 107-сі мемлекеттік 

қызмет орындарынан ұсталған. Және 

95-і подъездер мен басқа да 

қоғамдық орындарда темекі шегіп6 

заңды бұзған. Сондай-ақ 1 миллион 

теңгеден астам айыппұл өндірілген. 

Кәмелеттік жасқа толмаған 

жасөспірімдерге темекі сатқаны үшін 

25-тен астам сауда қызметкерлері 

әкімшілік жазаға тартылды. 

Жақында Есіл ауданына қарасты 

Покровка селосының 73 жастағы тұрғыны 

аңшы мылтығымен өзін-өзі атып тастаған. 

Марқұм қаруды заңсыз сақтап келген екен. 

Тіпті оның үйінде мылтығы болғанын туыс-

туғандары мен көршілері де аңғармапты. 

Тағы бір оқиға осы қыста облыс орталығы 

Қызылжар қаласында тіркелген-ді. 68 

жастағы зейнеткер өзінен жиырма жас кіші 

көршісімен сөзге келіп қалып, мәселені 

білектің күшімен емес, қарумен қорқыту 

арқылы шешпекші болған. Дау ауладағы 

қарды күреуден туындаған. Полицейлердің 

айтуынша, көршісі өз ауласынан шыққан 

қарды ақсақалдың үйіне қарай лақтырып 

тастаған екен. Бұған шыдамаған бұрынғы 

аңшы оқ атуға мәжбүр болған. Жәбірленуші 

жарақатымен ауруханаға түскен, ал 

ақсақал осы оқиғадан үш күн өткен соң 

өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды. Бұл 

мар құмның да қаруы ешбір жерде тіркел-

меген.

Солтүстік Қазақстан 

облысының полицейлері 

ақсақалдардың қару-жарақ 

ұстауы өздеріне ғана емес, 

қоғамға да қауіп төндіріп 

тұрғанын айтып дабыл 

қағуда. Себебі соңғы 

кездері алпыстан асқан 

адамдардың арасында өзін-

өзі ату, көршісіне мылтық 

кезену фактілері жиілеп 

кеткен. 

Осы тектес оқиғалар жиілеп кеткен соң, 

Облыстық ішкі істер департаменті мылтығы 

бар алпыстан асқан тұрғындарды қайта 

тексеруге кірісті. Департаменттің лицен-

зиялау-рұқсат беру қызметінің аға инспек-

торы Еркін Хамзиннің айтуынша, құқық 

қорғау органында тіркелген 16 мыңнан 

астам мылтықтың 20-25 пайызы зейнет-

керлердің қолында. Енді соларды тексеріп, 

қайта тіркеу жұмыстары жүргізілмекші. 

Бірақ мәселе түбегейлі шешіледі деуге сену 

қиын. Себебі қариялардың көбі қаруларын 

жария ұстағаннан гөрі, қора-қопсысында 

жасырғанды жөн көретіні белгілі. 

Егде тарқан адам әдетте ұмытшақ 

келеді. Сондықтан қаруын қайда таста-

ғанын білмейді, оқ-дәрі сақталатын 

сейфінің есігін ашық қалдыратын жағ-

дайлар болып тұрады. Бұл дегеніміз, суық 

қару балалардың қолына тиюі мүмкін 

екенін аңғартады. Ал бала балалық жасап 

қоймасына кім кепіл?

Еркін ХАМЗИН, ІІД лицензиялау-рұқсат 

беру қызметінің аға инспекторы:

– Қазір қаруды заңсыз 

ұстайтындар баршылық. Ерікті түрде 

тапсырғандарға ақшалай сыйақылар 

да беріліп жатыр. Бірақ әлі де мыл-

тық тарынан  айырыл ғылары  жоқ. 

Кеңес өкіметі кезінде қару ұстау жағы 

жұмсақтау болды. Аңшы мылтығын 

кез келген дүкеннен сатып алуға 

болатын. 20 жылдай уақыт өтсе де, 

сол қарулар әлі таусылған жоқ. Біздің 

болжамымызша, көбі егде тартқан 

адамдардың қолында. Ескі мылтық 

атылмай қалып, аңшының өзіне де 

қауіп төндірерін ұмытпаған жөн.

Жоламан ШАХАНОВ, 

әуесқой аңшы:

– Менің білуімше, аңшылардың 

басым бөлігі – егде тартқан адамдар. 

Аңшылық қазақтың ұлттық 

өнерлерінің бірі ғой. Атақты ақын 

жерлесіміз Ахметжан Нұртазин 

өле-өлгенше қолынан мылтығын 

тастаған жоқ. Сондықтан ақсақалдар 

салақ, оларға қару ұстау қауіпті 

дегенмен келіспеймін. Қайта 

жастардың қару ұстағанынан 

қорқамын. Олар қызуқанды келеді. 

Және аңды қалай атуды, қай аңды ату, 

қайсысын атпауды да көп елей 

бермейді. Қолдарына мылтық тисе, 

еліріп кетеді дегендей. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал