Мал басы санын түгендеу үшін біз 2007 жылы ауылшаруашылық са



жүктеу 1.32 Mb.

бет1/13
Дата14.03.2017
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ИӘ

– Мал басы санын түгендеу үшін 

біз 2007 жылы ауылшаруашылық са -

на 


 

ғын өткізгенбіз. Сонда төрт тү 

лік 

малдың, сонымен қатар үй шар уа шы-



лығы құстарының санын нақтылап шық-

тық. Мал басын есептеу малы бар ша-

р уа  шылықтардың  бәрінде  болатын  үй 

шар 


уашылығы кітапшасы арқылы жү-

реді. Мал басының нақты санын шы-

ға ру мен шынайы ақпаратқа қол жет-

кізу үшін қолданыстағы заңға ар найы 

нормативтер де енгіздік. Заң ға сәй кес 

алынған  мәліметтердің  шы на йы лығына, 

сапасына жергілікті жердің әкі  мі жауапты 

болады. Егер де сол әкім ге қарайтын 

ауылдағы,  аудандағы,  об  лыс тағы  мал 

санына байланысты де рек тер шындыққа 

жанаспаса, өтірік бол са, мал санын ойдан 

көбейтіп, қо сып жібер се, заң бойынша ол 

әкімді  әкім ші лік  жауап кершілікке  тартуға 

дейін барамыз. 



ЖОҚ 

– Статистика агенттігінің «елімізде 

мал басының саны артты» деген мәлі-

метіне сенбеймін. Осыдан бір апта 

бұ рын  ғана  Астанадан ет таба алмай 

қал дық қой. Базарларда сатылатын ет 

күрт азайып кетті. Кейбір жерлерде ет 

бол май қалды десек те болады. Бұл – 

бір. Екіншіден, соңғы алты айдың ішін-

де еттің бағасы кемінде 30 пайызға 

қым 

баттады. Мысалы, былтыр сиыр 



етінің бағасы 450 теңге болатын. Ал 

қазір 830-850 теңгеге жетті. Жылқы 

еті 1100-1200 теңгеге көтерілді. Ал 

осы  дан бір жыл бұрын жылқының етін 

800 теңгеге сатып алуға болатын еді. 

Қазір ет алатын болсаң, салмағы ауыр 

тартсын деп еттің арасына сүйек ты ғып 

жіберетін болыпты. Еттің бағасы көте-

ріл ді дегеніміз – ауылда малдың саны 

аза йып кетті деген сөз. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Олег МОРОЗОВ, 

Ресей Мемлекеттік Дума

төрағасының орынбасары:

– Депутат атаулы жұмыс 

орнында әрдайым бір-бірімен 

әңгіме-дүкен құрып отырады, 

соның салдарынан үлкен гуіл 

пайда болады. Мұнымен қалай 

күресу керектігін әлі ешкім 

білмейді. 



(itogi.ru сайтынан)

№89 (315) 

1 маусым

сейсенбі


2010 жыл

...де

д

iм-ай, а

у

!

3-бетте

Уәлихан ҚАЙСАР, 

саясаткер:

Әлихан СМАЙЫЛОВ, 

Статистика агенттігінің төрағасы:

3-бет

4-бет

5-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Қарулы қариялардан 

қауіп бар ма?

«Бабай» 

тербеген бесік...

Бізде ғарыш саласы 

мамандары тапшы ма 

әлде жарамсыз ба?

Мал басының санын анықтауда Статистика агенттігінің келтірген мәліметтері шындыққа жанаса ма?

Естеріңізде болса, өткен аптада Парламент 

Мәжілісінің Үкімет сағатында депутаттар Статис-

тика агенттігінің мәліметтеріне күмән көп екенін 

айтып, агенттіктің төрағасына ресми мәлімет-

тердің шынайы өмірмен сәйкесуі қажеттігін ес-

керткен болатын. Соның ішінде халық 

қалаулылары мал статистикасының шындыққа 

жанаспайтынын жасырмады. Дерекке сенсек, 

жеке қоралардағы саны көбейген де, ірі және 

ұсақ мал шаруашылығындағы мал басы кеміген. 

Алайда Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан 

Смайылов өзінің ұсынып отырған мәліметтерін 

«дұрыс» деуден танбады. Кімге сенеміз? Оны 

жұрттың өз қалауына қалдырып, екі түрлі пікірді 

таразының қос табағына қоюды жөн көрдік. 

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,50

182,06

4,82

21,45

1,23

10136,63

1362,40

1462,00

74,20

1210,80

Ж

АҢҒЫРЫҚ



Сәкен КӨКЕНОВ

Жарқын ЖҰМАДІЛ 

Шекарадағы шырғалаң өзбек пен қырғыздың 

қақтығысына ұласып жүрмей ме?

Киіктерді өлтірген індет 

емес, қоршаған орта дейді...

Еліміздің батыс аймағында болған киіктердің орал-

дық популяциясының жаппай қырылуына қатысты 

қол 


ға алынған зертханалық тексеру жұмыстары әлі 

аяқ талған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған 

пас тереллез дерті себеп болған. Дегенмен мамандар 

мұ нымен келіспейді. Олардың болжауынша, ақбөкен-

дер дің өліміне сол аймақтағы қоршаған орта жағдайы 

ықпал еткен. «Бағалы жануарлардың жаппай қыры-

луы  на экология әсер етті деген болжам жасап отыр-

мыз. Оған өзіндік себептер де бар», – деген ҚР Білім 

жә не ғылым министрлігі Зоология институтының про-

фес соры Аманқұл Бекенов эпидемиологтар жасаған 

қоры тындыларға күдік келтірді. 

Аманқұл БЕКЕНОВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі 

Зоология институтының профессоры:

– Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол күні 

тұман түсіп, біраз уақыттан соң аспанды сұр бұлт 

тор  лаған. Кейін оқиғадан бірер күн бұрын Атырауда 

ор наласқан өндірістік зауыттардың бірінде апат бо-

лып, улы заттардың атмосфераға тарағаны белгілі 

бол ды. Егер солтүстік-батыстан жел соғатын болса, 

киік тердің улануына осы жағдай әсер етуі әбден 

мүм кін. Ресейдің Капустин Яр полигоны да сол жер-

ден қашық емес. Әлем бойынша ақбөкендер ең 

көп тараған аймақ – біздің ел. Барлық киіктердің 

85 пайызы – осында. Сондықтан ақбөкендердің 

тағды ры на  алаңдаулымыз. 

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, еліміздің батыс 

аймағындағы бұл апат осымен екінші мәрте қайталанып 

отыр. Осыдан он екі жыл бұрын, 1988 жылдың мамыр 

айында Торғай мен Жыланшы өзендерінің аралығында 

270-280 мың бас ақбөкен қырылып қалған екен. 

Содан кейін елімізде киіктер саны күрт азайған. Был-

тыр ғы есеп бойынша, Қазақстанда 81 мың киік тіркел-

ген. Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 18-і мен 24-і 

күн дері аралығында Батыс Қазақстан облысының Жә-

нібек және Қазталов аудандарында 12 мың бас киіктің 

өлігі табылды. Оның 70 пайызы – ешкі. 



Жансая ӘБДІБЕКОВА

БЕЗБЕН 


Қырғызстан мен Өзбекстанның 

мемлекеттік шекаралары тоқайласатын 

тұстағы кейбір келеңсіздіктерге 

байланысты ресми Бішкек «Қайтпас» 

шекаралық пунктісін жабу туралы шешім 

қабылдады. Ал өзбектер жағы қарулы 

жасағын әкеліп отыр. Шекараның жабылуы 

мен әскердің шоғырлануында не сыр бар? 

Жағдай күрделеніп бара жатқанына қарап, 

бауырлас елдер арасында қандай да бір 

қақтығыс орын ала ма деген қауіп те жоқ 

емес. Сонымен, ойдағы өзбек пен қырдағы 

қырғыздың арақатынасының ушығуына 

қандай жағдайлар ықпал етті? 

Жалғасы 2-бетте

ДАТ!

6-б

етте

Көпжасар НӘРІБАЕВ:

Біздіңше, екі ел арасындағы шиеленіс кеше 

ғана туындаған жоқ. Бұған бірнеше себеп бар. 

Біріншіден, Қырғызстандағы әркі-тәркі жағдай 

кезінде өзбек диаспорасы басшысының кейбір 

мәлімдемелері әп-сәтте билігін қопарып тас-

тайтын қызуқанды қырғыздардың ашуына 

тиіп, екі ұлттың арасындағы жағдай өршіп, 

өзара қақтығыс орын алды. Екінші себеп

қырғыз қоғамында жағдай тұрақталмайынша, 

шекараның ашылмайтынын айтқан өзбек 

билігінің шешімін Манас жұрты қасақана жа-

сал 

 

ған экономикалық блокада деп түсінді. 



Осын дай шырмауы көп шиеленістер бір айға 

жуық созылып, соңы мамыр айының 26-

сы күнгі оқиғаға ұласты. Шартты сызық ма-

ңындағы өзбектің Сох ауданына қарасты Ху-

шер елді мекені арқылы Согментке бармақ 

бол 


ған төрт автокөлікті қолға түсірген өзбек 

аза маттары қырғыздарды соққыға жыққан еді. 

Қыр ғыз азаматтары аяусыз соққыға жығылып, 

бір күннен кейін ғана туған ауылдарына кетуге 

мүм кіндік алады. Хикая бұдан әрі өзбектің Ху-

шер ауылы тұрғындарының қырғызға қарас ты 

Чарбак елді мекеніне баратын жолды қира 

-

туымен өрбиді.



Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

БАСПАСӨЗ – 2010

«Алаш айнасына» 

«Алаш айнасына» 

екінші 

екінші 

жартыжылдыққа 

жартыжылдыққа 

жазылу жалғасады

жазылу жалғасады

Шетелдік көліктер арзандайтын болды

Үстіміздегі жылдың 

шілдесінен бастап Кеден-

дік одақ бастапқы дан 

өзгешелеу бір үлгіде 

жұмыс істей бастайды. 

Жоспар бойынша, өткен 

аптаның соңында оған 

мүше мемлекеттердің 

үкімет басшылары 

жиналыс өткізіп, 2010 

жылдың 1 шілдесінен 

бастап іске қосылатын 

Кедендік одақтың Кеден-

дік кодексін қабылдауы 

тиіс еді. Жиналыс өтуін 

өтті-ақ, бірақ Белоруссия 

тарапының қатысуынсыз 

өрбіді. 

Санкт-Петербор қаласындағы Кедендік одақ елдері пре-

мьерлерінің отырысы деп белгіленген мәжіліс Путин мен 

Мәсімовтің арасында өтті. Мәжіліс уақыты таяған шақта Бе-

лорус сия үкі метінің жетекшісі Сергей Сидорский «біз әлі дайын 

емеспіз» де ген желеумен бұл отырысқа қатыса алмайтындығын 

жет кізді. Нә тижесінде Қазақстан мен Ресей дипломаттары бір қа-

тар келі сімшартты екіжақты негізде қабылдауға мәжбүр бол ды.

Жалпы, еларалық интеграция орнату жолында мезгілсіз 

бұр тия қалатын мемлекеттер қай аймақта болса да бар. Бір ғана 

Ор талық Азияны мысал етсек, осы күнге дейін аймақтық одақ 

құру ға деген ұмтылыстардың сәтсіздігі де – ортақ консенсусқа 

келе алмаушылықтан. Соның барлығы мемлекеттің жеке мүд-

десін өзгенікінен жоғары қоюдан пайда болып жатыр. Біреу 

– ба йырғы империяшылдығын, біреу байлығын, кейде тіпті 

кедей шілігін алға тартады. 



Жалғасы 2-бетте

Батыс Қазақстан облысының Қазталов 

және Жәнібек аудандарында ақбөкендердің 

қырылуына пастереллез дерті емес, экологиялық 

жағдай әсер етуі әбден мүмкін. Кеше Алматыда 

өткен баспасөз мәслихатында мамандар 

осындай мәліметті алға тартты.

Ұлттық құндылықты 

меңгермеген адам 

әлемдік өркениеттің 

шыңына шыға алмайды

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№89 (315) 1.06.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ  БЮРО

БЕЗБЕН 


Шетелдік көліктер арзандайтын болды

Дегенмен Ресей мен Белоруссияның 

арасын  дағы  экономикалық  қайшылық-

тардың артынан үлкен саясат іздеудің 

қажеті де жоқ шығар. Бұл екеуі ағайын 

бол  ған соң, біріне-бірі осылай жиі «ерке-

леп» тұратыны бар. Ресми мінбелерге 

шығып алып, ет, сүт, қала берді тауықтың 

жұмыртқасы үшін тайталасатын дипло-

мат тардың қымбат шикізат тауарлардың 

та 

сымалы мәселесінде келісе алмауы 



заң дылық болар. Олай дейтініміз, Бело-

рус сияның кенеттен ауыз бұртитып теріс 

қарауы Лукашенконың бұған де 

йін-


гі айтқан мұнай мен газдың баж салы-

ғын жою жөніндегі бұйымтайының 

орындалмауына байланысты болып отыр. 

Белорустар орыстың газын Ресейдің ішкі 

қатынасындағы бағасымен беруін талап 

етіп отыр. Бұл өтініші орындалар болса, 

соның ризашылығына «Белтрансгаз» бен 

«Мозырск мұнай өңдеуші» зауытының 

негізгі акциясын сата салуға да кет әрі 

емес екенін білдірді. Алайда Мәскеу «бір 

кезде қолқа салып сұрағанда да бер-

меген «Белтрансгазыңды» (2002 жы лы 

Мәскеу «Белтрансгазды» сатуды сұра-

ған да Лукашенко келісім бермеді) енді 

сегіз жыл өтіп кеткен соң майлап берсең 

де, алмаймын» деген сыңай танытуда. 

Олар «көгілдір отынды Белоруссияға 

ішкі бағамен сату арқылы біз тектен-тек 

миллиардтаған қаржы шығынының ас-

тын 


да қаламыз» деген уәж келтіруде. 

Қыс 


қасы, Еуропаның шығы 

сындағы 


ба 

уы 


 

рының бұл жолғы «еркелігі» тым 

ауыр тиіп кетті ме, әйтеуір Ресей дип-

ломаттары жалпаңдап жатпады. Ресей 

пре мьері Владимир Путин жиын бары-

сын да: «Енді ДСҰ-ға Қазақстан мен Ре сей 

бірлескен түрде енетін болады. Бұл бір 

жағынан жұмысты жеңілдететін бол ды», 

– деп салды. «Тауықсыз да таңды атыр-

ған» Путиннің бұл сөздерінен кейін Бело-

руссияға қандай да бір қысым жасалуы 

мүмкін деп топшылауға тағы болмайды. 

Белоруссияның қайтып айналып үйіріне 

қосылатынынан Мәскеу де, Астана да 

үмітті. Петербордағы отырыс барысында 

Кәрім Мәсімов «бұл келісімге алдағы 

уа 

қыт 


та Белоруссия да қосылады деп 

үміт тенемін» дегенді айтса, Путин «егер 

Ми 

нск бұл райынан қайтатын болса, 



Қа зақ стан мен Ресей үшжақты келісімді 

жал ғастыруға әрқашан дайын» дегенді 

ескерт ті. 

Ал әзірге үстіміздегі жылдың 1 

шілдесінен бастап Кедендік одақтың 

шарттары тек екі елге ғана қатысты бо-

ла 

ды. Петербордағы мәжілісте Кәрім 



Мә сімов пен Владимир Путин Кедендік 

ко 


декстегі бірқатар шарттарға, КО не-

гізінде халықаралық келісімдер қолда ну 

жөнін дегі шартқа қол қойды. Сондай-ақ 

Қазақстан мен Ресей Астанада Кедендік 

одақ негізіндегі даулы мәселелерді ше-

шу бойынша уақытша сот органын жа-

сақтауға келісті. Қысқасы, үшжақты ке-

лі 


сімнің екіжақты кейіпке ауысуы Қа-

зақстанның мүддесі үшін аса үлкен өз-

герістер әкеліп жатқан жоқ. Бұл жолғы 

оты рыста қазақстандықтар үшін жағымды 

боларлықтай жаңалықтар да пайда болды. 

Кедендік одақ аясындағы елдерде шетелдік 

көліктердің баж салығы бұрынғы жүйемен 

қалатын болды. Оның үстіне 2012 жылға 

де 

йін Қазақстанға әкелінетін ұсталған 



ав токөліктердің тасымалы біршама же-

ңілдетілген режим бойынша жүзеге асатын 

бол ды. Ендеше, тұп-тура бір айдан кейін 

Қа зақстанда автокөліктердің бағасы бұ-

рынғыдан да төмен бағаға түсуі мүмкін. 

Ал Ортақ экономикалық кеңістік жөніндегі 

келісімшарт іске қосылғаннан бастап бұған 

қойылатын баж салығы 25 пайызға дейін 

төмендетіледі. 

САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

Алексей ВЛАСОВ, 

ресейлік саясаттанушы: 

– Белоруссия саясаткерлері өздері-

нің позициясын қорғап жатқаны рас, 

алайда олар өте қатаң жолды таңдап, 

жанжалға қарай көп ойысуда. Ал 

Мәс кеу мен Астана бұл жағдайда 

тұрақ тылық танытып, екіжақты негіз де 

жал ғастырмақшы. Белоруссия премь-

ерінің келмей қалуы Қазақстан мен 

Ресейге месседж, яғни бір белгі десек 

болады.

Санжар БОҚАЕВ, 

саясаттанушы: 

– Бұл жиынның Белоруссиясыз 

өтуінің себебі тек экономикалық 

мәселелерге байланысты деп 

әсте ойламаймын. Келіспеушілік 

Бәкиевтің елден кетуінен басталды. 

Бәкиевті Минскіге аттандыру Мәс кеу 

мен Астананың идеясы еді. Алай-

да Бәкиевтің қандай да бір қате-

ліктеріне байланысты Ресей оны 

экстрадациялауды сұрады. Осы кезде 

оны Лукашенко бермей қойды. Бұл 

– бірінші себеп. Екінші жағынан, 

Бело руссия Кедендік одақтың өзі не 

тиімсіз тұстарын еш уақытта жа сыр ған 

емес. Бұл жолы да олар өзінің эко-

но микалық мүддесін көтеріп шықты. 

Ал Белоруссияның талабына келетін 

болсақ, көгілдір отын мен мұнайды 

Белоруссияға ішкі бағамен беру 

Ресей дің қолынан келеді. Бірақ ол 

үшін белорустар соңғы кездері көп 

көрініс беріп жатқан Еуропаға жиі 

жалтақтау әдетін доғарып, Мәскеудің 

ығына жығылуы керек. Дегенмен 

Кедендік одақ осылай шолақ күйде 

қалып қояды деп ойламаймын. 

Белоруссиясыз кедендік одақ мүлде 

басқа құрылым болып шығады.

Қазақстандықтар 70-ке 

шаршамай жететін болады 

Бас дәрігердің кеңейтілген жиынға 

жақсы дайындалып келгені байқалып 

тұр ды. Тұп-тура 26 минут 18 секундқа 

созылған баяндамасында бірнеше ұсы-

ныс жа сады. Соның бірі – медициналық 

оқу орындарының түлектері мен тәжірибе 

жинақтап жүрген қызметкерлердің білімі 

мен біліктілігін бағалауды еліміздің Ұлттық 

медицина қауымдастығының құзырына 

беру. Оның айтуынша, отандық медицина 

саласы қарыштап дамып келеді. Жоғары 

оқу орындарымыз да соңғы үш жылдан бері 

халықаралық білім беру кеңістігіне көш-

кен. «Ондағы бірінші, екінші, үшінші курс 

студенттері ерекше мемлекеттік стандарт 

бойынша оқып жатыр. Атап айтқанда, 

бакалавр, магистратура, Ph.D докторантура 

секілді үш деңгейлі білім беру жүйесі 

қалыптасып отыр», – деп төгілтіп өткен бас 

дәрігер бұл жүйені одан әрі дамыту үшін 

медициналық оқу орындары түлектерінің 

және тәжірибе жинақтаушы медициналық 

қызметкерлердің білімі мен біліктілігін 

дербес бағалауды Ұлттық медицина қа-

уым дастығының құзырына беруді ұсын-

ды. «Яғни аттестацияны, категорияны 

бел гілеуді, сондай-ақ түлектердің білімін 

баға лауды халықаралық тәжірибе мен бе-

делге ие осы қауымдастыққа беру керек», 

– дей ді Ж. Досқалиев.

Сондай-ақ ол 2011-2015 жылдарға 

ар налған мемлекеттік бағдарлама аясын-

да бес жасқа дейінгі балалар арасында 

өк 

пенің қабыну дерті мен өлім-жітім 



көр сеткішін төмендету үшін Ұлттық егу 

күнтізбесін жетілдіруді ұсынды. Ми нистр-

дің айтуынша, мұның берері мол болмақ. 

Мәселен, Ұлттық егу күнтізбесін жетілдіру 

мен пневмакокты инфекцияға қарсы егуді 

жүргізу, сондай-ақ отандық медициналық 

иммуно-биологиялық препараттар өнді-

рісін кеңейту есебінен 2015 жылы елі міз-

де өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа де йін 

ұзартуға, өлім-жітімнің жалпы коэф фи-

циентін 15 пайызға төмендетуге, сәби-

лер өлім көрсеткішін – 1,5, ал аналар 

өлімін 1,5 есеге азайтуға болады екен. 

«Ұлт тық егу күнтізбесі және пневмакокты 

инфекцияға қарсы үш сатылы вакцинация 

енгізілгеннен кейін, яғни 2015 жылы бес 

жасқа дейінгі балалар арасындағы өк пе-

нің қабыну дерті көрсеткішін – 50 пайыз-

ға, ал өлім-жітім көрсеткішін 20 пайызға 

төмендетуге қол жеткізуге болады. 2008 

жылы өкпенің қабынуымен, пневмакокты 

инфекциямен бес жасқа дейінгі барлығы 

33774 бала ауырып, соның 1,5 мыңы көз 

жұм ды», – дейді министр. 

Бағдарлама аясында Дүниежүзілік 

ден саулық сақтау ұйымының ұсыным да-

ры негізінде Ұлттық скринигтік бағдарла-

ма лардың тұтастай кешені әзірленіп, енгі-

зілмек. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен 

552,3 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл 

бағдарлама алты бағыт бойынша жүзеге 

асырылады. Ж.Досқалиевтің сөзіне қара-

ған да, мемлекеттік бағдарламаның бас ты 

мақсаты Қазақстан азаматтарының ден-

саулығын жақсарту және еліміздің тұрақты 

әлеу меттік-демографиялық дамуын қам-

тамасыз ету үшін денсаулық сақтау сала-

ҮКІМЕТ


Кеше Үкіметте өткен кеңесте денсаулық сақтау министрі 

Жақсылық Досқалиев дайындап әкелген еліміздің денсаулық 

сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған 

«Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы 

талқыланды. Республикалық деңгейдегі кеңейтілген кеңеске 

мемлекеттік органдардың, аймақтық және облыстық Денсаулық 

сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес 

ұйымдардың өкілдері түгел келіпті. 

сының бәсекеге қабілетті жүйесін қалып-

тас тыру болып табылады. 

Үкімет басшысы Кәрім Кажымқанұлы 

осы кеңесте «отандық дәрігерлердің кә-

сі 


би деңгейі төмен» деген сыңаржақ 

пікірмен келіспейтінін атап өтті. Оның 

пайымдауынша, қазақстандық дәрі гер-

лер – әлемдегі үздіктердің қатарында. 

«Әлем нің бірде-бір елінде тамаша ден-

саулық сақтау жүйесі жоқ. Тіпті әлемнің 

ең дамыған елдерінде денсаулық сақтау 

жүйесін жақсартуға қатысты пікірталастар 

үнемі көтеріліп жатады. Еліміздің денсау-

лық сақтау жүйесінде кәсіби біліктілігі 

жоғары адамдар жұмыс істейді. Олардың 

жұмысын сынағаннан бұрын жан-жақты 

қолдау жасау қажет. Болат Бейдахметұлы, 

алдағы уақытта бюджетті мақұлдау бары-

сын да осының бәрін ескеру керек», – деп 

қар жы министрі Болат Жәмішевке қарады. 

Жә мішев мырза не десін, «қатырамыз де-

ген» сыңай танытты. 

Сонымен, Премьер-министр денсау лық 

сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жыл дар-

ға жобасын бір айдың ішінде тағы бір рет 

пысықтауды  тапсырды.  «Бағ   дарлама  жо-

басы аясында ауқымды жұ мыс тар атқа-

рыл ды. Алайда талқылау ба рысында елеу лі 

кемшіліктер бар екені байқалды. Осы бо-

йынша жұмыс істеу керек. Сізге енді бағ-

дарламаның жобасын министрліктің сай-

тына орналастыру керек болады», – деген 

К.Мәсімов осы жұмыстар үшін бір ай уақыт 

беріп, Ақпарат және бай ланыс министрлігі 

мен Денсаулық сақтау ми нистрлігіне бағ-

дар ламаның жобасын жұрт шылыққа та-

ныстыруда бірлесіп жұ мыс істеуді жүктеді. 

Айтпақшы, сауын айтып шақырылған 

жиында тағы бір мәселеге ерекше на зар 

аударылды. Бұл – Түркістан қала 

сын-

дағы ауруханалардың біріне конго-қы-



рым қанды безгегінен қайтыс болған дә-

ріг ерлердің атын беру. Мұны отырыста 

Қа зақстанның Ұлттық медицина қа уым-

дастығының президенті Айжан Сағын дық-

ова көтерді. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал