Мағжан Жұмабаев табалдырық. Манифест



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/7
Дата20.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

 
Мұрат  Мөңкеұлы (1843 – 1906 жж.).  Қазақ  ақыны. 
Кішкентай  кезінен  өлең  жазып,  осыған  орай  жас  ақынға  
ауылдастары  «бала-ақын»  деген  ат  қойған. 1906 жылы 
Жылқышы ақынмен кездескеннен кейін Мөңкеұлы айтыстарға 
қатыса  бастаған.  Айтыста    Бала  Ораз  ақын (1863) жəне 
Жаскелен  ақынды (1868) жеңген.  Өз  өлеңдерінде  Мұрат 
Мөңкеұлы  тарихқа  тіл  қатып,  туған  жерге,  ерлік  пен 
батылдықты  жырлайды.  Ең  əйгілі  толғаулары: «Алдамшы, 
жалған заманда», «Ақ сұңқар – ең киелі құс», «Зымыраған сұм 
дүние», «Өлім».  
 
Мұқанов  Сəбит  Мұқанұлы (1900–1973). Жазушы,  қоғам 
қайраткері. 1935 – 1937 жж.  Кеңестік  Қазақстан  жазушылар 
одағы басқармасының төрағасы. 
 
Омаров  Əшім  (туған,  өлген  жылы  белгісіз).  Алаш 
қозғалысының  қайраткері. 1932 жылы 20 сəуірде  БМСБ 
үштігінің  шешімімен  Орталық  қаратопырақты  облысқа 
(Орталығы Воренеж қаласы) бес жылға жер аударылған.  
 
Омаров  Елдес  (1892-1937).  Алаш  қозғалысының 
қайраткері.  Лингвист,  аудармашы,  оқытушы. 1930-1933 жж. 
БМСБ  үштігінің  шешімімен  Архангельскіге      жер  аударылған. 
1934 ж. ҚазМУ-де қазақ тілі кафедрасының доценті. 1937 ж. 1 
желтоқсанда ІІХК-ның Алматы облыстық басқармасы үштігінің 
шешімімен  ату  жазасына  кесілген. 1988 жылы 4 қарашада 
ҚазКСР  Жоғарғы  Сотының  Қылмыстық  істер  жөніндегі 
коллегиясының шешімімен ақталған. 
 
Плеханов  Георгий  Валентинович (1856 ж. 29 қараша – 
1938  ж. 30 мамыр), (бүркеншік  аты  Н.Бельтов).  Ресей  жəне 
халықаралық 
социал-демократиялық 
қозғалыстардың 
қайраткері, философ, марксизм насихатшысы.  
Поливанов  Евгений  Дмитриевич (1892-1938). ХХ  ғ. 
бірінші  жартысындағы  ірі  лингвист,  ғалым. 1912 ж.  Санкт-

 
 
- 97 -
Петербург  университетінің  тарих-филология  факультетін 
бітірген. 1921-1937 жж.  Өзбекстан  жəне  Қырғызстанда  жұмыс 
істеген.  А.  Байтұрсынов  жəне  басқа  алаш  зиялыларымен 
шығармашылық  байланыста  болған. 1937 ж.  ІІХК  органдары 
тарапынан  «жапон  барлау  қызметімен  байланысы  үшін»  деген 
айыппен тұтқындалып, 1938 ж. қаңтарда ату жазасына кесілген.  
 
Сəдуəқасов  Смағұл  (1900-1933).  Мемлекет  жəне  қоғам 
қайраткері. 1925-1927 ж.ж.  ҚазАКСР  Ағарту  Халкомы, 
сонымен  қатар  1925  жылдан 1928 мамыр  айына  дейін 
республикалық  «Еңбекші  Қазақ»  газетінің  редакторы.  Кейін 
КСРО  ҒА  Шығыстану  институтында  қызмет  атқарған. 1931 
жылдан  Донбасс – Центр  темір  жолы  құрылысында. 1933 ж. 
қайтын болған. 
 
Сегізбаев  Аманғали (1897-1944). Журналист,  жазушы. 
1924-1942  ж.ж. «Еңбекші  Қазақ» («Социалистік  Қазақстан») 
газетінің жауапты қызметкері.  
 
Тельман  Эрнст (1886 ж. 16 сəуір  – 1944 ж. 18 тамыз). 
Германиялық  жəне  халықаралық  коммунистік  қозғалыстың 
белсенді  қайраткері.  
 
Тоғжанов  Ғаббас  (1900 – 1938). 1935 жылдан  Кеңестік 
Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  төрағасы.  1936 
ж.  шілде  айынан  ҚазКСР  ХКК  жанындағы  Өнер  басқармасы 
бастығының  бірінші  орынбасары,  кейіннен  «Литературный 
Казахстан»  журналының  редакторы. 1937 жылдың  қаңтарда  
жұмыстан  босатылып,  шілде  айында  тұтқындалып  КСРО 
Жоғарғы соты Əскери коллегиясының шешімімен  1938 жылы 
25 ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 жылы 26 желтоқсанда 
КСРО  Жоғарғы  соты  Əскери  коллегиясының  шешімімен  
ақталған.  
 
Тоқтыбаев Иса (15.02.1894 – 09.06.1967). Мемлекет жəне 
қоғам  қайраткері. 1933-36 жж.  саяси  қуғын-сүргінге  ұшырап, 
түрмеде  отырды. 1949-57 жж.  үшінші  рет  тұтқыналып, 

 
 
- 98 -
Красноярск  өлкесіне  жер  аударылды. 1957 ж.  ақталып,  елге 
қайтқан.  
 
Тоқжігітов Шəймерден (1901–1937). Журналист. 1937 ж. 
11 қарашада ІІХК Алматы обл. бойынша басқармасы үштігінің 
шешімімен  ату  жазасына  кесілген.  Алматы  облстық  сотының 
1959 ж. 16 қаңтардағы шешімімен ақталған. 
 
Төреқұлов  Нəзір (1892 – 03.11.1937). Мемлекет  жəне 
қоғам  қайраткері,  публицист. 1937 жылы  шілдеде  «халық 
жауы»  ретінде  айыпталып,  ату  жазасына  кесілген. 1958 
жылдың 28 қаңтарда    КСРО  Жоғарғы  Сотының  шешімімен 
ақталған. 
  
Троцкий  Лев  Давидович (1849 ж. 26 қазан-1940  ж. 21-
тамыз). (Туылған  кезде  қойған  аты  Лейба  Давидович 
Бронштейн). 
Халықаралық 
коммунистік 
жұмысшылар  
қозғалысының қайраткері, марксизм теоретигі, публицист, 1917 
жылғы Қазан төңкерісін ұйымдастырушылардың бірі.  
 
Тілеулин  Жұмағали (1890 – 1938). Алаш  қозғалысының 
қайраткері.  Дəрігер. 1918 жылы 12 ақпанда  қамауға  алынды, 
төрт айдан кейін босатылған. 1930 жылы 5 маусымда тұтқынға 
алынып,  екі  жыл  тергеуде  отырғаннан  кейін 1932 жылы 30 
сəуірде  бес  жыл  мерзімге  Воронеж  облысына  жер  аударылды. 
1932 жылы Қырғызстандағы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында 
ауруханаға  дəрігер  болып  жұмысқа  орналасты. 1938 жылы 
Қырғызстанның  Новотроицк  ауылында  аурухана  меңгерушісі 
болып  қызмет  атқарып  жүргенде  қайта  тұтқындалып,  БМСБ  
үштігінің  шешімімен  ату  жазасына  кесілді. 1958 жылы 
Түркістан  əскери  округі  Əскери  трибуналының  шешімімен 
ақталған.  
 
Тұрғанбаев  Мəнен  (1886–1937).  Алаш  қозғалысының 
қайраткері. «Сарыарқа»  газеті  редакторының  орынбасары. 
Семей  облыстық  соты  төрағасының  орынбасары,  қалалық  оқу 
бөлімінің  инспекторы. 1930 жылдың 4 сəуірінде  БМСБ 
үштігінің  шешімімен  Семейде  тұтқындалып,  Қапал  түрмесіне 

 
 
- 99 -
айдалған. 1932 ж.  айыптары  дəлелденбегендіктен  түрмеден 
босатылады. 1932-36 ж.  аралығында  Алтай  өлкесіндегі  Ойрат 
автономиялық 
облысының 
Усть-Кант 
аймағы 
Тұрата 
ауылындағы жеті жылдық мектепте мұғалім болды. 1937 ж. 20 
тамызда ату жазасына кесілген. 
 
Уильям Шекспир (ағылшынша William Shakespeare; 1564-
1616  ж.ж.).  Ағылшын  драматургі  жəне  ақыны.  Əлемнің  ең 
атақты  драматургтерінің  бірі. «Асауды  жуасыту» (1593), 
«Ричард  екінші» (1595), «Жазғы  түндегі  ұйқы» (1596), «Ромео 
жəне  Жульетта» (1595),    «Отелло» (1604), «Король  Лир» 
(1605), «Макбет» (1606), «Антоний  жəне  Клеопатра» (1607)  
т.б.  шығармалардың  авторы.  Шекспир    Қайта  өрлеу  дəуірінің 
ең  маңызды – эстетикалық  (дəстүрлі  жəне  романтикалық 
жанрларды, ренессанстық поэзия жəне прозаларды, гуманистік 
жəне  халықтық  драмаларды,  ауыз  əдебиетін  синтез  жасады) 
жəне  идеялық  (дүниенің  реттілігі  туралы  ұсыныстардың, 
орталықтағы  саяси  жəне  феодалдық-  патриархалдықты 
жақтаушылар 
көзқарастарының, 
христиан 
əдебінің 
себептерінің,  ренессанстық  неоплатонизмнің,  социализм, 
сенсуализм, 
макиавелизм 
идеяларын 
көрсетті) 
шығарылымдарын өзінде қалыптастырды. 
 
Чужак  Николай  Федорович (1876 - 1937) – (шын 
фамилиясы    Насимович).  Ресейлік    революция  қозғалысының 
қатысушысы,  журналист,  əдеби  сыншы. 1904 жылдан 
Коммунистік  партия  мүшесі.  1896 жылдан  бастап  революция 
қозғалысының  құрамында.  1904 ж.  Женевада  «Пролетарий» 
газетінің  редакциясында  қызмет  етті. 1917 ж.  Ақпан 
революциясынан  кейін  РСДРП-ның  Иркутск  комитетінің 
мушесі, «Рабочая  Сибирь»  журналының  редакторы. 1918-1922 
жж. «Красное  знамя»  газетінің  редакторы, «Дальневосточный 
путь» (Чита), «Власть  труда» (Иркустск)  т.б.;  РК(б)П  ОК 
Дальбюро баспа бөлімінің меңгерушісі. 1922 жылдың соныңан 
мəскеудегі  ЛЕФ  құрамында. 1926 – 1932 бірқатар  тарихи-
революциялық 
жұмыстардың 
авторы, 
Сібір 
əдебиетін 
зерттеумен  айналысты («Сибирские  поэты  и  их  творчество» 
(1916), «Сибирский мотив в поэзии» (1922). 

 
 
- 100 -
 
Цеткин  Клара (1857 ж. 5 шілде  – 1933 ж. 20 маусым). 
Неміс  саясаткері,  неміс  жəне  халықаралық  коммунистік 
қозғалыстың  мүшесі,  Германия  Коммунистік  партиясының 
негізін  салушыларының  бірі,  əйелдер  құқығы  үшін 
күрескерлерінің  белсендісі. 8 наурыз - Халықаралық  əйелдер 
күнінің авторы деген де пікір бар.  
 
Шонанов  Телжан (1894 – 1938). Лингвист,  аудармашы, 
қоғамтанушы,  оқытушы.  КСРО  Жоғарғы  соты  Əскери 
коллегиясының  шешімімен  1938 жылы 20 ақпанда  ату 
жазасына 
кесілген. 
Қазақстан 
Республикасы 
Прокуратурасының  шешімімен 1992 ж. 18 қыркүйекте 
ақталған. 
 
Шортанбай  Қанайұлы (1818-1881 ж.ж.). «Зар  заман» 
(«Қайғы  заманы»)  ағымының  белгілі  ақындарының  бірі.  Ақын 
шығармаларында  халықтың  қоғамдық-  əлеуметтік  өмірінің 
өзекті  мəселелері  көрініс  тапты.  Шортанбай  қоғам  өміріндегі 
өзгерістерге  немқұрайлы  қарай  алмады.  Ол  қазақ  қоғамында 
пайда  бола  бастаған  капиталистік  қатынастарды  Ресейдің 
отаршылдық  саясатының  салдарынан  деп  есептеді.  Сонымен 
қатар адамдардың қоғамдық санасының өзгеруі ақынды қуанта 
қойған  жоқ.  Оның  туындыларының  тақырыбы  «Ақыр  заман» 
(«Конец  света»), «Зар  заман», «Бала  зары», «Тар  заман», 
«Опасыз  жалған»  т.б.  халықтың  ауыр  өмірін  қамтиды.  Ақын 
туындылары  «Шортанбайдың  бала  зары»  деген  атпен  жинақ 
болып    Қазан  қаласында (1888,1890,1894,1911,1915) бірнеше 
рет  жарық  көрді.  Оның  «Зар  заман», «Ақыр  заман»  деген 
өлеңдерін  Санкт-  Петербургте(1870  ж.)  Радлов,  Ташкентте 
(1883 ж) Я. Лютиш бастырып шығарды. 
 
«Ағайынды 
Серапионовтар» - Петроградтағы  
«Всемирная  литература»  баспасының  жанынан 1921 жылы 
құрылған  əдеби  топ.  Бұл  топқа  В.С.  Иванов,  М.  Сломинский, 
М.  Зошенко,  В.  Коверин,  Н.  Никитин,  К.  Федин,  Л.  Лунц,  Н. 
Тихонов,  Е.  Полонская,  И.  Груздев  сияқтылар  кірген. «А.  С» 
атауы - неміс  романтигі  Э.  Т.  А.  Гофманның  аттас  кітабының 

 
 
- 101 -
атауы. «А.  С.»  жұмысының  негізіне «...сол  кезде  соғыс  пен 
революция  жолы  деп  есептелген  жаңа  материалды  меңгеру 
жолдарын  іздеу,  жаңа  көркем  форманы  іздеу»  болып 
табылатын  (Федин).  Топта  шығармашылық  бірлік  болмаған: 
формализм, 
аполитизм 
жəне 
əдеби 
идеясыздық 
тенденцияларымен  бірге  аталмыш  топ  мүшелерінің  көбіне 
реализмге  деген  қызығушылық  тəн  болды  (Федин,  В.  Иванов, 
Никитин).  Бірақ  топ  мүшелерінің  бірталайы  формалистік 
тенденцияларды  жеңіп  шығуының  арқасында    кеңес 
əдебиетінің шеберлеріне айналған. 
 
«Ер-Тарғын»  -  қазақ  халқының  ерлік  поэмасы.  Оның 
сюжеті 15 ғасырдың  тарихи  оқиғаларына  құрылған.  Негізгі 
идеясы – бірлікке  шақыру,  жекелеген  хандықтар  арасындағы 
соғыстарды тоқтату. Поэма қаһарманы «Ер-Тарғын» елін, жерін 
жаулап  алушылардан  қорғаушы,  батыр  ретінде  бейнеленеді. 
Оның  адал  серігі – Ақ  Жүніс  сұлу.  Эпос  сюжетінің  негізінде 
кеңес  композиторы  Е.Г.Брусиловскийдің  авторлығымен  аттас 
опера жазылған. 
 
«Қырық  мысал» («Сорок  басен») – Алаш  қозғалысы 
басшыларының бірі, ағартушы, ғалым, ақын, публицист Ахмет 
Байтұрсыновтың 1909 жылы  жарық  көрген  ақындық жинағы. 
Ол  жинаққа  Крыловтан  аударылған  қырық  мысал  кірді. 
Сонымен қатар қазақ арасында əйгілі болған «Маса» / «Комар» 
(1911 ж.) өлеңдер жинағы  бірнеше рет қайта жарияланған. 
 
«Оян,  қазақ»  -  Алаш  қозғалысы  басшыларының  бірі, 
ақын,  жазушы,  драматург,  публицист,  педагог,  қоғам 
қайраткері  Мыржақып  Дулатовтың  алғашқы  өлеңдер  жинағы 
1909  жылы  басылған.  М.  Дулатов  өз  туындыларында  қазақ 
халқының  ұлттық  оянуын,  өміріне  мəдениеттің    қажеттілігін, 
əйелдер  жағдайын  жақсарту  (əйел  теңдігі)  т.б.  тақырыптарды 
көтерген.  
 
«Айқап»    -  қазақтың  қоғамдық-саяси,  əдеби-сыни 
журналы.  Троицк  қаласынан 1911 жылдың  қаңтарынан 1915 
жылдың  тамызына  дейін    шыққан. 88 саны  жарық  көрген.  

 
 
- 102 -
Негізін  салушы  жəне  редакторы – публицист  əрі  жазушы-
демократ  М.  Сералин.  Аталмыш  журнал  қарапайым  халықтың 
мүддесін  қорғаған,  елді  білімге,  прогреске  шақырған.  Қазақ 
прозасының,  драматургиясының,  əдеби  сыны  мен  қазақ  əдеби 
тілінің  қалыптасуына  елеулі  үлес  қосты.  Цензуралық 
мəселелерге байланысты жабылған. 
 
 
 «Ақ жол» – Қазақстанның қоғамдық-саяси ойының жəне 
мəдени-ағарту  ісінің  дамуына  ықпал  еткен  газет. 1920-25 жж. 
Ташкентте Түркістан Компартиясы ОК мен ТүркАКСР-ы ОАК-
нің  органы, 1925-26 жж.  Шымкентте  БК(б)П  Сырдария 
губкомының  органы  ретінде  шығарылды.  Алғашқы  редакторы 
– 
Сұлтанбек 
Қожанов. 
Кейін 
газетті 
шығарушы, 
редакторлардың  ішінде  Н.  Төреқұлов,  С.  Оспанов,  И. 
Тоқтабаев  т.б.  болды.  Оның  жұмысына  М.  Дулатов,  Ж. 
Аймауытов,  Х. Досмұхамедов,  І.  Жансүгіров,  А.  Байтұрсынов, 
Б. Сүлеев, Т. Шонанов т.б. қазақ зиялылары белсенді араласқан. 
 
«Бостандық  туы» – 1920 жылдары  Петропавлда  жарық 
көрген газет. М. Жұмабаев жауапты редакторы болған. Қазіргі 
«Солтүстік  Қазақстан»  газетінің  осы  басылымдарда  негізі 
қаланған. 
 
«Жас Қазақ» – қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси 
жəне əдеби журналы. 1923 жылдың қазан айынан 1925 жылдың 
сəуіріне  дейін  Орынборда  шығып  тұрды.  Редакторлары – Е. 
Алдоңғарев,  А.  Оразбаева,  А.  Сегізбаев. «Жас  қазақ»  сол 
кездегі  қазақ  ақын  жазушыларының  шығармаларын,  көне 
əдебиет  мұраларын  жариялап  тұрды. 1925 жылы  Ташкентте 
шығып  тұрған. «Жас  қайрат»  журналымен  қосылып, 
«Лениншіл 
жас» журналы болып шықты. 
 
 
«Қызыл  Қазақстан»  – 1922-1929 жылдары  аралығында 
жарық  көрген  журнал.  РК(б)П  Қазақ  өлкелік  партия 
комитетінің  органы.  Саясат,  білім,  шаруашылық,  əдебиет  т.б. 
мəселелер  туралы  мақалалар  жарияланып  тұрған.  Қазақ 
еңбекшілеріне  Кеңес  үкіметі  мен  коммунистік  партиясының 

 
 
- 103 -
саясатын түсіндіруді мақсат еткен. Журналға А. Асылбеков, Н. 
Нұрмақов,  С.  Сəдуақасұлы,  О.  Жандосов,  Ə.  Байділдин,  Е, 
Алдоңғаров басшылық жасаған. 
 
 
«Сана» – əдеби-танымдық журнал. 1923 ж. қаңтар айынан 
1924  ж.  қарашасына  дейін  Ташкентте  шығып  тұрған.  Тарих, 
этнография  ғылымдары  саласынан  танымдық  материалдар 
жариялап  отырған.  Журнал  ел  тіршілігіне,  тұрмыс-салтына, 
саяси,  шаруашылық,  мəдениет  мəселелеріне  көбірек  көңіл 
бөлді. Хат-хабар, мақала, өлең, əңгіме, очерк, т.б. көркем əдеби 
жəне өнер шығармаларын жариялады. 
 
«Шаншар» – сатиралық  журнал.  Түркістан  Компартиясы  
ОК-нің  органы    -  «Ақ  жол»  газетінің  жанынан 1925 ж. 
Ташкентте  шықты.  Журналдың  жалғыз  саны  жарық  көрді. 
Дегенмен  «Шаншар»  қазақ  баспасөзі  тарихындағы  тұңғыш 
əзіл-сықақ журналы болды. 
 
 
«Шолпан» – Түркістан  АКСР-і  ОАК-нің  органы.  Білім, 
ғылым,  əдебиет,  шаруашылық,  қоғамдық-саяси  журналы. 
Алғашқы  саны 1922 ж.  қазан  айында  жарық  көрді. 1923 
жылдың мамыр айында жабылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
- 104 -
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 
 
БК(б)П – Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы 
БМСБ – Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма 
 
Губком – губерниялық комитет 
ҒА – Ғылым академиясы 
ЕТЛ – Еңбекпен түзеу лагері 
КСРО – Кеңесті Социалистік Республикалар Одағы 
ҚазАКСР – Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 
Республикасы 
ҚазКСР – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 
ҚазМУ – Қазақ мемлекеттік университеті 
ОК – Орталық Комитет 
ОАК – Орталық Атқару Комитеті 
ІІХК – Ішкі Істер Халық Комиссариаты 
т.б. – тағы басқа  
ТүркАКСР – Түркістан  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  
Республикасы 
ХКК – Халық Комиссарлар Кеңесі 
Халкомат – Халық комиссариаты 
А.О. – Алаш Орда 
АПО - Агитационно-пропагандистский отдел 
Бывш. - бывший 
ВКП(б) - Всесоюзная Коммунистическая партия большевиков  
ВЛКСМ - Всесоюзный  Ленинский  Комсомольский  Союз 
молодежи 
врид - временно исполняющий обязанности 
ВУЗ – Высшее учебное заведение 
вузпартком - партийный комитет высшего учебного заведения  
ВЦИК - Всесоюзный Центральный Исполнительный Комитет 
ВО – Восточный отдел  
Восиздат – Восточное издательство 
Востотдел – Восточный отдел 
востфак. – восточный факультет 
г. - год  
г. - город  
ГИЖ – Государственный институт журналистики 
ГКП – Германия Коммунистік партиясы 

 
 
- 105 -
гор. - город 
 
Д. - дело 
ДКНБ РК – Департамент Комитета национальной безопасности 
Республики Казахстан 
др. – другие 
Зав.  АПО – заведуюший  Агитационно-пропагандистским 
отделом 
ОГПУ – Объединенное  Государственное  Политическое 
Управление 
Изд.-во - издательство 
КазАПП – Казахская ассоциация пролетарских писателей 
Казгосиздат - Казахское государственное издательство 
Казкрайком - Казахский Краевой комитет 
каз. массы – казахские массы 
КССР - Казахская Советская Социалистическая Республика 
КазССР - Казахская Советская Социалистическая Республика 
Казсекции – Казахские секции 
КУТВ - Коммунистический университет трудящихся Востока  
лл. – листы 
межнац. - межнациональный 
Наркомпрос - Народный комиссариат просвещения  
НКВД - Народный комиссариат внутренних дел  
напр. - например 
нац-изм - национализм 
оргбюро - организационное бюро 
орготдел - организационный отдел 
Пом. Нач. – помощник начальника 
пос. - поселок 
ПП - Полномочное представительство  
профсоюз - профессиональный союз  
рабфак - рабочий факультет 
редколлегия - редакционная коллегия  
с. г. - сего года 
Т. - том 
тов. - товарищ 
т. е. - то есть 
т.к. – так как 
т. н. - так называемый 

 
 
- 106 -
т. п. - тому подобное 
УГБ - Управление государственной безопасности  
УПК - Уголовно-процессуальный кодекс  
УК - Уголовный кодекс 
Фам. - фамилия 
Ф. – фонд 
Центриздат – Центральное издательство 
ЦК 
ВКП(б) - Центральный 
комитет 
Всесоюзной 
Коммунистической партии большевиков 
 

 
 
- 107 -
МАЗМҰНЫ 
 
І 
 
Алғысөз.............................................................................................3 
 
Қойгелдиев М. Жаңа отаршылдыққа қарсылық манифесі .........5 
 
Жұмабаев М. Алқа. Табалдырық................................................47 
 
ІІ 
 
Құжаттар ....................................................................................... 63 
 
Түсініктер.......................................................................................88 
 
Қысқартылған сөздер тізімі .......................................................104 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                  
 
 
 
 

 
 
- 108 -
 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБИКАСЫНЫҢ 
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ 
 
 
 
        Мағжан Жұмабаев 
 
ТАБАЛДЫРЫҚ. МАНИФЕСТ 
 
  
 
 
 
 
Баспа директоры Асхат Əбішев 
Редакторлары Ш.Тілеубаев 
Техникалық редакторы Ж. Айнақұлов 
Корректоры Л.Саяқызы 
Беттеген А. Қалибекұлы 
 
 
 
 
Басуға 17.02.2011 ж. қол қойылды. 
Көлемі 8 баспа табақ. Пішімі 60х84 1/16.  
Офсеттік басылым. Таралымы 500 дана. 
 
 
 


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал