Мағжан Жұмабаев табалдырық. Манифест



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/7
Дата20.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

 

 
 
- 47 -
Мағжан Жұмабаев 
 
А Л Қ А  
Т а б а л д ы р ы қ 
 
Қазақ адабияты тоғыз жолдың торауында тұр. Артында – 
бір  жол,  алдында – мың  жол.  Мың  жолдың  ішінде – өзен 
өрлегені  де, шөлге улегені де, барса келері де, барса келмесі де 
бар. Қазақ адабиятын мынау мың жолдың торауына алып келіп, 
аңыртып  тұрған  тұрмыс.  Қазақ  тұрмысы,  орыс  тұрмысымен,  
орыс  тұрмысы  арқылы  Еуропа  тұрмысымен  соқтығысуы–  
қазақ  адабиятының  орыс  əдебиеті  екпініне,  орыс  адабияты 
арқылы  еуропа  адабияты  екпініне  кез  келуі;  тас  пен 
жапалақтың – жапалағы өлмек. Əрине, қазақ тұрмысы қирамақ, 
əрине, қазақ адабияты еліктемек.                 
Бірақ,  бізге  молда  болатын  еуропа  адабиятының  өзі – бір 
молда  емес,  мың  молда.  Алыстағы  анау  еуропаны  қоя-ақ-
қоялық,  көршіміз  орыс  адабиятын  алалық.  Оның  да  өткен 
дəуірлерін  бүркеп,  осы  күнгі  дəуірін  алалық.  Осы  күнде, 
пролетариат  төңкерісі  дəуірінде,  Кеңес  үкіметінің  өзінде  орыс 
адабиятының  мың бағыты бар. Бəрінің жалауы – қызыл, ұраны 
 төңкеріс,  алды –  ортақшылдық  сықылды.  Алайда, 
искусство,  һəм  оның  бір  саласы  болған  адабият  туралы  түрлі 
жақтың түрлі ұғымы бар –  «Искусство бар Һəм болмақ» деген 
бағыттан  бастап,  «искусство  жоқ    һəм  болмақ  емес,  бұрын 
болса  да, бұдан былай болмақ емес» болуға тиісті емес – деген 
бағытқа шейін бар.  
Оның  үстіне,  біз  дүние  астан-кестен  болған  заманның 
адамымыз.  Жұмыр  жердің  бетіндегі  шірік  қауды  өртеп,  ертең 
өртең  шығару  үшін  қылыш,  найзаны  қолдан  түсірмей, 
майданда 
жүрген 
əскердейміз: 
Əйеліміз, 
ерлеріміз, 
саясаткерлеріміз,  шаруашылдарымыз,  адабиятшыларымыз – 
тегіс  əскерміз.  Əскер  болуға  міндеттіміз.  Төңкеріс  те  осыны 
тілейді.  Тұрмыс  та  осыны  тілейді.  Бірақ,  майдандағы  əскердің 
əрбір тобының, əрбір табының дербес міндеті болмақ.  Əр топ 
өз  міндетін  дұрыс  атқарса  ғана,  жалпы  əскер  соғысты  ұтып 
шықпақ.  Бұл  топ  өз  міндетін  атқара  алмаса,  өз  міндетін 
ұмытып, көптің дүрмегімен,  айқайы – аттанының желімен лап 

 
 
- 48 -
қойып  кете  барса,  майдан  құр  ойранға  айналмақ.  Қазақтың 
жазушылары  да  аз  əскердің  кішкене  бір  қанаты,  үркердей  бір 
тобы. Бұлардың мойнында, жалпы əскерлік міндетінен басқа да 
дербес  міндет  бар.  Жазушылықтың,  ақындықтың  өз  міндеті 
бар.  Жазушыларымыз  əскерлік  міндетін  біліп,  ақындық 
міндетін білмесе, атқара алмаса – ақын емес. Ақындықты біліп, 
əскерлікті білмесе – əскер емес.  
Қазақ  елі,  Еуропа  мəдениеті  көзімен  қарағанда,  мəдениет 
қоры,  əдебиет  қоры  жоқ  кедей  ел  болғандықтан,  біздің 
жазушыларымыз  не  əскерлік,  не  азаматтық  міндетін  ұмытып, 
құр  ақындыққа  қамалып  қалуы  мүмкін,  əсіресе,  ақындық 
міндетін біле алмай, жалпы айқайдың екпінімен кетуге мүмкін. 
Адабиятты – айқай  ғана  деп,  ақындықты – үгіт-насихат    қана 
деп  ұғуға  [мүмкін].  Мысалы,  адабият – не  діншілдік 
«Бəдуамы»,  не  дінсіздік  «Бəдуамы»,  əйтеуір, «Бəдуам»

  деп 
ұғынуға  мүмкін.  Үлгі  боларлық  орыс  əдебиетінің  түрлі 
тарауының  тұрақсыз  бір  тарауына,  не  барса  келмесіне,  не 
ұзамай  құрып  кететін  сиырдың  шұбырындысына  түсіп  кетуі 
мүмкін.    
Осы  мүмкіндіктердің  шет  пұшпағын  көріп,  адабият 
қазанының бір құлағына жармасып жүрген біз, тоғыз ойланып, 
тоқсан  толғанып,  төмендегі  пікірлерді  ортаға  салуды  өзіміздің 
борышымыз  деп  білдік.  Бұл  құрғанымыз  сегіз  қанат  боз  орда, 
алты  қанат  ақ  отау  емес – Абылайша

.  Майдан,  ойран,  жорық 
дəуірінде  дағарадай  орда,  айдай  ақ  отау  құрып  отыруға 
болмайды.  Аттан  дəуіріне  абылайша  [қарау]  керек.  Жорық 
басылар, жаңа тұрмыс орнар, Абылайша қалып, бəріміз сыятын 
боз орда тігілер. Бұл – келешектікі. Əзірге баспана – абылайша.  
  
Оқушы! Жақсы келдің. «Табалдырықты» аттап төрге шық! 
«Алқаға» кір. 
 
 
 
 
 
                                                 

 Бəдуам – əліппе. 

 Абылайша – жорық кезіндегі əскери қос. 

 
 
- 49 -
І 
Адабиятымыз 
 
 
«Адабияттың  өзінше  дəуірлеуі  техника  мəдениетінің 
дəуірлеуіне байланбайды»,- дейді (

) Маркс. Осы пікірін бекіту 
үшін  Грек  тарихының  Гомер  заманы  мен  Еуропа  тарихының 
Шекспир  заманын  көрсетеді.  Шынында,  Гомер  заманындағы 
гректің,  Шекспир  заманындағы  Еуропаның  техникалық 
мəдениетінің балаң болғаны рас.  
 
Алайда,  сол  дəуірлерде  Грек  пен  Еуропа  адабияты 
құлашты аспанға сермеген. Неге бұлай болғандығын тексеру –
адабият 
тарихшысының 
міндеті. 
Біздің 
бұл 
жерде 
айтатынымыз:  Маркстің  мынау  пікірін  қазақ  өміріне 
табыстырсақ, «Қазақтың техника мəдениеті тіпті төмен болған, 
[сондықтан  да]  адабияты  да  жоқтың  қасында  болған»  деген 
пікір ұстау – қате. Шынында,  қазақтың өзінше терең адабияты 
болғаны хақ һəм бар. Қазақ өмірінің түрлі өзгерісі, өрі – қыры, 
қайғысы – қуанышы, ойы – қиялы адабиятында түсіп отырған.  
Əзірше,  тіпті  тексерілмеген  дəуірді  қоя  тұрып,  соңғы  дəуірді 
алсақ,  кешегі  Мұрат,  Махамбет,  Базар, Шортанбай,  Ақан  сері 
сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой, қиялын жырлай 
білген  шын  жыраулар  екені  анық.  Бұлар–қазақ  даласына  бет 
алған еуропаның, орыстың қара жүз отаршылдығының қарасын 
көріп, бірінші уланған ерлер.  Қазақ адабиятының алыбы Абай 
–  қазақ  даласына  кеулеп  келе  жатқан  капитализмге, 
отаршылдыққа  қазақтың  қанды  жас  төгіп,  еріксіз  шалған 
бірінші құрбаны.  Ел билеп, елге ақыл айтудан бастап өмірден 
үміт  үзуге,  тұңғиық  ойға  барып  тірелген  Абайдың  өмірінің, 
ақындығының трагедиясы да, тереңдігі де – осында.  Абайдың 
алыптығы – қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі қолымен екі 
өмірмен  алысқандығы,  сондықтан,  қазақ  адабиятының  ескі 
мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, адабиятқа жаңа 
түр кіргізгендігі
                                                 
(*) К. Маркс. – Введение «К критике полит экономии». Изд-во Москва. Рабочий, 
1922 г.  
 

 
 
- 50 -
 
Абай жиын тойдың ақыны болмағандықтан, əсіресе, баспа 
сөздің жоқтығынан Абайдың адабияттағы бағыты,  əсіресе, түрі 
елге  тарай  алмайды.  Сол  дəуірде  қазақ  даласына  капитализм 
кеулеп кіре береді, ел езіле береді. Адабиятта, бағыт та, түр де 
қалмайды.  Əдебиет    «Ғизатлұл – оқу - мұтырлы», 
«Биссимиллаһ  деп  башлайын  сөздің  басын»  сықылды  балдыр- 
батпаққа айналады.  
 
Бірақ, еуропа отаршылдығының бір қасиеті – «құлды көп 
қуып  батыр  қылуы»,  өлімге  бұйыруы  мен  өмірді  сүйгізуі, 
езілген  елдің  ұлттық  сезімін  оятуы.  Осы  заң  бойынша  1905 
жылғы төңкерістен соң соққы жеп, сүлесіз жатқан қазақ елі есін 
жия бастайды. Жаралы жанның есін жия бастағанда бірінші үні 
–  ыңырсу,  күрсіну,  күңірену  болмақ.   1905 жылдан  соңғы 
адабиятымыз – «Оян  қазақ», «Қырық  мысал»  сықылды,  елім, 
жұртым  деген  адабиятымыз  сол  күңірену.  Сол  зар  ете 
күңіренген жаралы жанның көзіне əлгінде ғана қылышынан қан 
тамып  майданда  ойнап  жүргені  елестемек.  Ояна  бастаған  ел – 
кешегі ел болған күнін есіне түсірмек. Адабиятымыз да мынау 
«Оян!» деген зармен бірге елдің өткен күнін есіне сала бастап 
еді. Өткен тағы болып жүрген дəуірді қайта орнату үшін емес, 
жасынан  елдің  жанына  үміт  салу  үшін  өткенді  жырлай  бастап 
еді.  Жырлап  үлгерген  жоқ  еді,  жырлай  бастап  еді. 
Адабиятымыз  осы  күйде  тұрғанда,  біз  үстіміздегі  зор 
төңкеріске кіріп кеттік.     
   
Бұл күнге шейін төңкеріс һəм адабиятымыз 
 
 
Үстіміздегі зор төңкеріс – бізге өз тарихымыз тудырған, өз 
тарихымыздың  қатынасы  болған  таныс  төңкеріс  емес,  еуропа 
тарихы  тудырған  жат  төңкеріс  еді.  Осы  себептен  біздің 
адабиятымыз  бастапқы  жылдарда  төңкеріс  туралы  еш  нəрсе 
жаза алған жоқ, адабиятымызда төңкеріс туралы қолға аларлық 
еш нəрсе болмағаны даусыз. Адабият өзінің бұрын келе жатқан 
бетімен  жүре  берді.  Бір  жағынан,  орыс  отаршылығының 
зардабынан  елге  кірген  бүліншілік,  бұзықтықты  суреттеп, 
екінші  жақтан–  елдігін  ұмытып,  жасып  қалған  елдің  өткенде 
өзінше ел болғанын есіне салып, табиғи жолмен келе жатты.  

 
 
- 51 -
Марксшіл  зор  ғалым  Плеханов: «Шаруа - тұрмыс-салт 
төңкерісіне  бейімделуі  болмақ» (

) – дейді.  Төңкеріспен  қазақ 
тұрмысының  сырты  ғана  соқтыққан  сықылды  болғанымен, 
санасы – дағдылы  жолымен  келе  жатты.  Сондықтан, 
адабиятымыз    төңкерістің  бастапқы  дəуірінде  де  өзінің  табиғи 
жолымен  өсіп  келе  жатты.  Осы  жолда  жаңа  адабиятымыз 
бірталай  ілгері  аттап  та  қалды.  Қияға  қарғып  шығамын  деп 
мертігіп  қалмай,  тұрмыстың,  тарихтың  заңы  бойынша  табиғи 
жолымен  жүріп,  күн  санап  өсіп,  тереңдеп  келе  жатқан  кешегі, 
бүгінгі  адабиятымызды    қарғауға  емес,  алқауға  (мақтауға) 
міндеттіміз. «Төңкеріс  туралы  тез  үндей  қоймадың»  деп 
томпиып 
өкпелеуге  емес,  не  себепті  үндемегенін  ұғуға    міндеттіміз. 
Адабиятымызға  төңкерістің  тіпті  түспеуінің,  бірен-саран 
түсірем деген топас тəжірибелерде теріс жағынан түсуінің тағы 
бір  себебі – төңкерістің  өзінің  қазақ  даласынакүнгей  бетінен 
емес, теріскей бетінен, соңынан емес, солынан кіруі алақандағы 
нəрсе ғой,  мұны бүркеп қоюға болмас. Маркстің «Санаға сипат 
беретін  салт»  деген  асқар  пікірін  де  аттап  кетуге  болмас. 
Төңкерістің  оң  жағын  түсірем  деп  ұмтылған  адабиятымыздың 
тəжірибесі соңғы бірер жылдың ішінде ғана басталды.  
Бұл  айтылғандардың  бəрі – əдебиетіміздің  бұл  күнге 
шейін  жүріп  келген  жолы,  тарихтың,  тұрмыстың  құрыш  заңы 
бойынша өз бағытымен, дұрыс жүріп келген жолы. Енді бұдан 
былай деген мəселе тумақ: аққан судың өзінен айырылмайтын 
сипаты – ағу.  Аққанда  жазық  жерде  жайылып,  жыбырқанып, 
тар жерде тастың бауырында көбіктеніп, көпіріп, жарды соғып, 
лепіріп  ағу.  Яғни,  өзінің  ағу  заңына  да,  жолдың,  арнаның 
заңына  да  бағыну.  Тұрмыс  та  ағып  жатқан  су сықылды.  Қазақ 
тұрмысы  да,  салты  да  жаңа  арнамен  ағуға  бет  алды.  Зор 
төңкеріс  қазақ  даласына  енді  күнгей  бетінен  кіргелі  тұр.  Енді, 
сөз  жоқ,  адабиятымыз  да  бірте-бірте  жаңа  жол  іздемек.  Сонау 
жаңа жолдың  жөні қайда?  
Бұған жауабымыз мынау. 
 
                                                 

 Бельтов. – «К вопросу о развитии монистического взгляда на историю». СПб. 
1825 г. 1-е издание. 

 
 
- 52 -
Енді төңкеріс һəм адабиятымыз. 
 
 
Үстіміздегі  төңкеріс – адамзаттың  тарихында  теңі  жоқ 
төңкеріс.  Адамзат  тарихының  ең  соңғы  албастысы – 
отаршылықты,  капитализмді  жойып,  тарихты  жаңа  арнамен 
ағызуға  бет  алған  төңкеріс.  Еуропаның  отары  болған  жалпы 
шығыс  елінің  еңбекшілері,  шығыстың  бір  ұшқыны  болған, 
əсіресе,  толқынның  ішінде  отырған  еңбекші  қазақ  елі  мынау  
теңсіз  төңкерісті–  досым  деп  ұқпай,  қасым  деп  ұғуы  тіпті 
мүмкін емес.  
Отаршылық –  Еуропа пролетариатының жауы болса, отар 
болған  елдердің  де – жауы.  Төңкерістің  тарихы  еуропа 
тарихында  тереңде  жатқан  болса  да,  Еуропа  тарихы  тудырған 
төңкеріс  затында  жат  болса  да,  төңкерістің  мақсаты – бір 
еуропаны  ғана  астан-кестен  қылу  емес  жалпы  адамзатты 
бақытқа  жеткізу  болғандықтан,  жер  жүзінің  езілген  елі, 
тарыққан табы мынау төңкерісті менікі емес деуі мүмкін емес. 
Шығыстың отар болған елдері, соның бір ұшқыны болған кедей 
қазақ–отаршылықты,  капитализмді  жою  жолында,  төңкерісшіл 
пролетариаттың  шын  жолдасы.  Басқаша  болуға  мүмкін  емес. 
Адабиятымыз  да  төңкерісті – біздің  төңкерісіміз  деуден 
басқаша жырлауы мүмкін емес. 
Бірақ, бағытта[ғы], негізде[гі] бірлікті – мінезде[гі]  бірлік 
деп  ұғу  қате.  Зор  төңкеріске  пролетариат–  зеңбірек,  пулемет, 
машина,  қайыс  камзолымен  кіріссе,  қазақ – қамшы,  сойыл, 
балпаң  етік,  малма  тұмағымен,  жолдан  қосылып  отыр. 
Еуропаның  музыка  оркестрі  бар.  Елу,  алпыс,  жүз  музыка 
құралдарынан құралған оркестр – бір ойнағанда бір ғана күйді 
ойнамақ.  Бұл – оркестрдің  сұлулығы – барлық  музыка 
құралдарының  бəрі  бірдей  бір  дауыспен  барылдауы,  яки 
шиқылдауында  емес,  жеке  музыка  құралының  өз  орнында,  өз 
мінезіне лайық үн шығаруында. Төңкеріс адабияты дегенде де 
осыны  ескеру  керек.  Төңкеріс  адабиятының  тура  төңкерістің 
өзінен  туатын,  яғни  пролетариат  төңкерісінің  өзінен  туатын 
пролетариаттың  өз  адабияты  болмақ.  Бұл – төңкеріс 
адабиятының  бірінші  түрі.  Яки,  төңкеріске  қазақ  сықылды 
жолдан қосылған елдің, яки таптың төңкеріс адабияты болмақ. 

 
 
- 53 -
(

)  Бұл – екінші  түрі.  Мұндай  түр – пролетариат  төңкерісінің 
өзінен  тумай,  алыстан,  рухынан,  екпінінен  тумақ.  Біздің 
адабиятымыз да қазір бірінші түр бола алмақ емес. Екінші түр 
болуға тиісті, һəм болмақ. Біздің адабиятымыз –  қазіргі дəуірде 
«пролетариаттың төңкерісі, біз сықылды езілген елдің төңкерісі 
болды» деген пікірді нысана қылып қоя білсе, осы төңкерістің 
екпінінен  қазақ  сықылды  құл  болған  елге  өмір  үміті  кіргенін 
жырлай білсе, төңкерісшіл адабият болғаны.  
Марксшіл  зор  ғалым,  ақын  Луначарский  (

)  жазады:   
«Жаңа  ұлт,  жаңа  тап  бұрынғының  бітірген  жерінен  бастап 
кетпейді...  жаңа  тап  яки  жаңа  халық  бұрын  өздерін 
билегендерге  қас  болып,  олардың  мəдениетін  жек  көретін 
болып өсіп-өркендейді»,- дейді. 
Сондықтан,  осы  мінез,  осы  қулық,  үстен  қарап  айтқанда, 
осы қияңқылық, ыстық қандылық –  қазақ əдебиетінде де болуы 
мүмкін. Болғанда өзінше, қазақша, Азияша болуы мүмкін. Тап 
бір ойланатын нəрсе –осы. 
Дұрыс,  зор  төңкерістің  алды –  ортақшылдық  екені    рас. 
Төңкеріс – құр қирату үшін ғана емес, жер үстіне жаңа тұрмыс 
орнату  үшін  екені  рас.  Еуропа  пролетариатымен  қол  ұстасып, 
біздің  сол  жаңа  өмірге,  ортақшылыққа  бет  алғанымыз  рас. 
Біздің  де  көксейтініміз–  сонау  қиырда  көгерген  жаңа  дүние 
екені   рас. Адабиятымыз да құр қиратуды, құр төңкерісті ғана 
бағыт қылып қоймай, төңкерістің артындағы жаңа өмірді бағыт 
қылатыны    рас.  Бірақ,  пролетариатпен  қол  ұстасып,  жаңа 
дүниеге  бет  алған  жолымызда  өзіміздің  шығыстығымыз,  қазақ 
иісіміз  шықпауы  мүмкін  емес.  Ойымызда,  қиялымызда, 
адабиятымызда Азия иісі аңқымауы мүмкін емес. Бағыттың бір 
екені  даусыз  болғанымен,  пролетариаттың  өз  тарихының, 
машинасының,  қайыс  камзолының  иісі  шықпауы,  қазақтың 
мың  жылдық  тарихының  елтірі  тұмағының  иісі  шықпауы–  
мүмкін  емес.  Адамзаттың  артындағы,  тарихтың  таңындағы 
ортақшылдық–таңба басылған бір ойлы, бір сезімді санасы жоқ 
хайуанның  ортақшылдығы.  Алдымыздағы  ортақшылдық – 
түрлі  пікірді,  түрлі  сезімді  санамен  тізгіндеп  отыратын, 
                                                 
(*) Л. Троцкий. «Литература и Революция», стр. 169-170. 
(*) Луначарский. «Основы позитивной эстетики» Москва. 1923 г. стр. 128. 

 
 
- 54 -
тұрмысын  солай  құра  білген,  шын  адамның  ортақшылдығы. 
Пролетариатпен қол ұстасып осы ортақшылдыққа құйылысқан 
адамзат тарихы  һəм мəдениетінің құйылысқан майданына бет 
алғанымызда,  осы  жолда,  қазақ  ақыны  кедей  қазақтың  күңгірт 
тұрмысын,  пролетариатпен  ортақ  мақсұтын  жырлаумен  бірге, 
кедей  қазақтың  өзінің  ойын,  өзінің  сезімін,  өзінің  қиялын, 
өзінің  ұғымын  жырлауға  ұмтылуы  міндетті.  Болмаса,  қазақ 
адабияты  деген  адабият  тумақ  емес.  Бағытта  емес,  рухта 
басқалық болмай, құр сыртында, мысалы, сөзде ғана басқалық 
болса,  адабият  шеттен  аударылған  аударма,  тəржіма    ғана 
болып  қалмақ.  Негізде  бірлікті  мінезде  бірлік  деп  ұғу – 
адасқандық. Адабиятымыз бен төңкеріс  арасы туралы сөз осы. 
Адабият  мəселесі  мұнымен  бітпейді.  Енді  оның  басқа  жағын 
шолалық.  
 
Адабият не нəрсе? Адабияттың  жалпы заңы. 
 
Адабият–искусствоның бес тарауының біреуі. Искусство – 
адамзаттың  сұлулық  сезімінен,  сезім  арқылы  жаратылысты, 
өмірді  ұғуға  ұмтылуынан  туған.  Сұлулықтың  өзі  не  нəрсе? 
Философ  Кант  былай  деп  жауап  береді: «Түрімен  ғана  тура 
құлқынға  байланбаған  лəззəт  ойнататын  нəрсенің  бəрі – 
сұлулық» – дейді.  Осы  сөзде  түгел  болмағанмен  бірталай 
шындық  бар.  Шынында,  мысалы,  қазақтың  мұрнын  тесіп  зере 
салуында  құлқын  үшін,  тұрмыс  үшін  қандай  тура  пайда  бар. 
Əрине тура қолма- қол пайда жоқ. Қазаққа мұны істеткен Кант 
айтып  отырған  құлқында  байланбайтын  сұлулық  сезімі. 
«Сұлулық  сезімі  барлық  жануардың,  оның  ішінде  адамның 
жаратылысына салынған, табиғатына берілген» – дейді Дарвин. 
Осы  пікірлерді  Маркс  философиясы  негізінде  қате  демейді. 
Марксшілдіқтің  бұған  қосатыны,  толықтыратыны  бар. 
Марксшіл  зор  ғалым  Плеханов  жазады: «Адамның  табиғаты 
адамның  сұлулық  ұғымдары  болуының  мүмкіндігіне  жол 
ашқан.  Айналадағы  шарттар  осы  мүмкіндікті  іске  асырады. 
Қоғам адамның (қоғамның, бір халықтың, бір таптың) сұлулық 
ұғымдарының тууы, сипаты анадай болмай мынадай болуы осы 

 
 
- 55 -
айналадағы  шарттарға  байлаулы» (

) –дейді.  Мынау  сөзді 
ұғымдырақ  қылып  айтқанда  былай  болады:  бір  халықтың,  бір 
таптың  бір  заманда  анандай  сұлулық  ұғымы  болмай,  мынадай 
сұлулық ұғымы болуы, сипаты анадай болмай, мынадай болуы 
тұрмыс  түріне,  еңбек  түріне  байлаулы.  Бұл  пікірдің 
дұрыстығында  дау  жоқ.  Қазақтың  мұрнын  тесіп  зере  салуы - 
Еуропа  көзінде  саналық  емес,  тағылық  деп  саналады  ғой. 
Тұрмыс өзгерген сайын, зереге қазақ өзі де тағылық деп қарап 
келеді  ғой.  Яки,  Еуропаның  күн  батқандағы  суретті  аузының 
суы  құрып  мақтауы–  қазақтың  өз  əдебиетінде  жоқ  қой.  Біз 
жоғарыда  сұлулық  сезімінен,  һəм  сезім  арқылы  жаратылысты, 
өмірді  ұғуға  ұмтылудан  искусство  тумақ  дедік.  Бұл  мəселе 
жоғарыдағы  сөздермен  біраз  шет  қалды.  Искусство  да  тұрмыс 
түріне,  еңбек  түріне  қарап  өзгеріп  отырмақ.  Искусствоның 
тұрмысқа  байланысы  жалғыз  тұрмыспен  бірге  өзгеріп  отыру 
ғана  емес.  Искусство  сезім  арқылы,  сезімнен  туған  һəм  сезім 
оятатын  сурет  арқылы  жаратылыс  өмірді  ұғуға  ұмтылу 
болғандықтан,  искусство  өмірге,  тұрмысқа  пайда  тигізуге 
тиісті.  Бірақ,  искусство  тұрмысқа  тура  қолма-қол  пайда 
тигізбейді,  тигізе  алмайды.  Арада  талай  қол  арқылы  алыстан 
тигізбек.  Əдемі  өлең,  сұлу  күй  ешкімнің  қарнын  тоқ,  көйлегін 
көк  қылмақ  емес.  Бұлардың  пайдасы – қиғаш,  алыстан  орап 
барып тиетін пайда.  
Марксшіл  ғалым  Ортодокс  осы  пікірді  бір  сөзінде  толық 
айтады. (

)  
Қысқасы,  искусствоның  негізі – сезім,  құралы – сезімнен 
туған сурет, мақсұты – білім беру емес, сезім ояту. Бұлай болса, 
искусство қайраткерлерін, ақынды өлшейтін кез мынау болады: 
Сұлу  терең  суреттер  арқылы  қандай  болса  ондай  болсын, 
əйтеуір  терең  сезім  оята  алса,  ол–  ақын,  оята  алмаса–  ақын 
емес.  Сондықтан,  Ага-мем-нон,  Ахеллесді    жырлаған  Гомер 
өмірді  қарғап  өтсе  де,  суреті  терең  болып  тұңғиық  сезім 
оятатын Байрон  қайткенде де ақын; 
                                                 
(*) Плеханов. «Об искусстве».  Сб. «Искусство». Изд-во «Новая Москва», 1922 
г., стр. 44. 
(*) Л. Ортодокс. «О. Уайльд» изд. «Основа», Иванова – Вознесенск, 1923. Стр. 
50-53. 

 
 
- 56 -
«Тарғынды»  жырлаған  Марабай, «Жібек  қызды»  жыр 
қылған Жүсіпбек қожа қыл көпірді, мақшарды, жұмақ, тамұқты 
суреттей  біліп,  тыңдаушыны  еңіреткендей  дін  қыссасын 
шығара білген біреу – қайткенде де ақын. Ал, қырық парызды 
санайтын  Орынбай,  қырық  парызына  келгенде – ақын  емес. 
Уақытында  «Айқапта»  басылған  «Қазағым,  өнерлен,  мектеп 
аш,  қала  бол,  егін  сал»  деген  сықылды  ақылды  өлеңдер 
қайткенде  де  ақындыққа  жанаспайды.  Ақындық  бағытта  емес, 
«ақындық – ақындықта.  Қалай  жұмсалса  да,  талантты  талант 
дейміз  ғой» (

),–  дейді  Луначарский.  Қысқасы,  ақынды 
өлшейтін  бірінші  өлшеуіш  –ақындық.  Бірақ,  ақын  қандайда 
болса  да,  бір  елдің,  бір  таптың  азаматы  болғандықтан,  өлімді 
емес, өмірді, жауыздықты емес, ізгілікті нысана қылған жалпы 
адамзаттың  бір  мүшесі  болғандықтан,  ақынның  оқушы  да, 
қараушы  да  ізгі,  дұрыс  сезім,  өмір  сезімін  оятуға  ұмтылуы  –
азаматтық  борышы.  Осы  борышты  атқару  үшін  ақын 
ақындығын  өмірге,  тұрмысқа  жанастыруға  міндетті.  Таза 
ақындықпен  бірге  осы  борышты  да  атқарған  ақынды  ғана  ел 
«[тап]  өз  ақыным»  демек.  Ақындықты  азаматтықпен  өлшеу–
бұл ақынға салынатын екінші өлшеуіш. Бұл арада ашып кететін 
сөз  мынау:  ақындықтың  тұрмысқа  жанасуын  тұрмыстың  құлы 
болу  деп  ұғу  қате.  Ақындық  жаратылысты,  тұрмысты 
айнытпай,  бұлжытпай  құр  түсіріп  қана  отыратын  фотография 
емес,  фотография – ақындық  емес.  Тұрмыс  пен  жаратылыс– 
ақынға  тек  тиянақ.  Осы  тиянаққа  таянып  басып,  осыны  құрал 
қылып, көптің көргенін, көптің сезгенін жинап бір топ қылып, 
сол  топқа  ақын  өзіндік  түс  беруге  міндетті.  Тип  портрет  емес, 
тип–  қашанда  болса  жасама.  Лениннің        фотография  түсірген 
портретінде  ақындық  жоқ.  Ал,  суретшіл  ақын  салған 
портретінде  ақындық  бар.  Мұның  себебі  не?  Еуропа  ақыны–
Шекспир,  осы  Шекспирдің  ақындығы  ХYI – ХҮІІ 
ғасырлардағы,  қалса  Англияның,  асса  Еуропаның  тұрмысын 
бұлжытпай  суреттегендігінен  ғана  ма?  Еуропаның  асқан 
ақыны  Гете  айтады: «Кəдімгі  бір  күшікті  тұрған  күйінше 
суретке салсаң, жердің жүзіндегі толып жатқан күшіктің санын 
                                                 
(*) Л. Луначарский. «Что такое искусство». «Этюды», - Госиздат, Москва, 1922 
г.  Стр. 32. 
 

 
 
- 57 -
көбейтіп,  кəдімгі  бір  күшік  қосқан  болып  табыласың.  Онымен 
суретшіл ақын болып табылмайсың – дейді. Ақын Гетенің тағы 
бір  жұмбақ  сөзі  бар: «Адабият  əсері  неғұрлым  жабайы 
өлшеуден  аса  берсе,  неғұрлым  ақылға  ұғымсыз  болса, 
соғұрлым сұлу болмақ». 
Жоғарыдағы  пікірлерді  қорытқанда  былай  болады:  ақындық 
ауданында    ақын – ақын  ғана,  тұрмыс  ауданында – əрі  ақын, 
əрі  азамат;  Тұрмыстың  мүшесі  болған  соң,  ақын  азамат  та 
болуға  міндетті.  Ақындық – фотография  емес,  фотография – 
ақындық емес, ақынның міндеті – білім беру емес, терең сезім, 
асқар пікір ояту.  Тарихта адабияты тұрмысқа тиянақталмаған, 
жалаңаш пікір билеп кеткен дəуір бар. 
 
Сүмірейтіп,  тұқыртып,  тұрмыс  билеп  кеткен  дəуір  бар. 
Бастапқы  дəуірлерде,  соңғы  дəуірлерде  де  жиһан  əдебиеті 
бəсеңдеген,  төмендеген.  Ал,  тұрмыс  пен  асқар  пікірді 
қиюластырып  қоса  білген  дəуірлерінде  асқарлаған,  өрлеген 
адабияттың  шын  асқарлауы,  сөз  жоқ,  тұрмыс  пен  қиялды 
мүлтіксіз  қабыстыратын  алдымыздағы ортақшылдық  дəуірінде 
болмақ.  Бірақ,  үстіміздегі  төңкеріс  дəуірі–адамзат  тарихының 
теңсіз  бір  дəуірі.  Бұл  бір  дəуір – тұрмыстың  қиялға,  шын 
бақытты  өмірге  қол  созған  дəуірі,  қиялдың,  жаңа  өмірдің 
жерімізге  жақындап,  көгімізде  қалықтап  ұшып  жүрген  дəуірі. 
Мұндай  дəуірде  терең  де  екпінді  адабият  тууға  тиісті,  бірақ, 
мұндай  дəуірдің  адабиятының  екі  бетінде  екі  нұр  болмаса, 
мүмкін  емес.  Плехановтың  «Жаңа  таптың  тудырған 
искусствосы  реализм  мен  феодализмның  бір  түрлі  қоспасы 
болмақ» (

) деген сөзінің мəнісі – осы. 
Бұл сөзде шошитын еш нəрсе жоқ. Ұққысы келген адамға 
бір қолымен қиратып, бір қолымен жаңа дүниені құрып жатқан 
пролетариаттың  өзінің  өмірі – феодализм  мен  реализмнің 
қоспасы  екені  ашық  қой.  Тарихта  ең  зор,  ең  қасиетті  істер 
осындай  қоспа  өтпелі,  транзиттік  дəуірде  істелмек.  Терең  де, 
екпінді  де  əдебиет  осындай  қоспа  [өтпелі  транзиттік]  дəуірде 
тумақ.  
 
 
                                                 
(*) Петров, «За двадцать лет». СПб. 1905. Стр. 307. 

 
 
- 58 -

1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал