Мағжан Жұмабаев табалдырық. Манифест



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/7
Дата20.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ 
ҚАУЫМДАСТЫҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мағжан Жұмабаев  
 
ТАБАЛДЫРЫҚ. МАНИФЕСТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2011
 

 
 
- 2 -
УДК 821. 512. 122 
ББК  84 Каз 7 - 44 
Ж 81  
 
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің  
20 жылдығына арналады 
 
 
 
Мағжан Жұмабаев 
      Табалдырық. Манифест 
 
 
Кіріспе мақала: М. Қойгелдиев. 
Құжаттық материалдарды мұрағат қорларынан алып, 
баспаға əзірлеген: М. Қойгелдиев, Ш. Тілеубаев. 
Алматы: «Тау-Самал» баспасы, 2011. – 108 бет + 20 бет 
түрлі-түсті жапсырма. 
 
ISBN  978-601-278-436-7 
 
Өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдары  қазақтың 
жазушылар қауымы үшін шығармашылықтағы ұстаным мəселесі 
аса  маңызды  мəнге  ие  болды.  Биліктегі  идеология  тарапынан 
телінген  соцреализм  концепциясы  шығармашылықтағы  ұлт 
зиялыларын  бүтіндей  қанағаттандыра  алған  жоқ.  Бұл  ретте  оған 
ең  алдымен  алаштық  зиялылар  қарсылық  танытты.  Мағжан 
Жұмабаевтың  қаламынан  туып  «Табалдырық»  аталған  құжат 
олардың  ортақ  ұстанымы-тын.  Кітапта  бұл  құжаттың  (біз  оны 
мазмұнына  сəйкес  манифест  деп  атадық)  өмірге  келген  уақыты 
мен  авторлығы  жөнінде  зерттеу,  манифестің  мəтіні  жəне  араб 
графикасындағы  фотокөшірмесі,  сондай-ақ  құжатқа  тікелей 
қатынасы бар мұрағаттық материалдар берілді.  
Кітап  студент  жастарға,  Алаш  мұрасын  зерттеуші 
ғалымдарға, көпшілік оқырман қауымға арналған. 
 
 
ISBN  978-601-278-436-7      
                                 © Қойгелдиев М. Қ., 
Тілеубаев Ш.Б., 2011


 
 
- 3 -
Алғысөз 
 
 
Оқырман  назарына  ұсынылып  отырған  жинақ  өзінің 
мазмұны  тұрғысынан  аса  құнды  басылым  болып  табылады. 
Жинаққа  Алаш  қозғалысының  белсенді  қайраткері,  ақын 
Мағжан  Бекенұлы  Жұмабаевтың  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  мұрағаты  қорынан  алынған 
«Табалдырық»  атты  манифесі  жəне  оған  қатысты  деректік 
материалдар енгізілді. «Табалдырықтың» араб графикасындағы 
мəтіні,  сондай-ақ  оған  тікелей  қатынасы  бар  деген  тергеу 
материалдары алғаш рет жарияланып отыр [*].  
Жинақта  берілген  материалдардан  өткен  ғасырдың 20-30-
шы  жылдары  қазақ  қоғамдық  ойында,  руханият  саласында 
қалыптасқан  жағдайдан  біршама  мəлімет  алуға  болады.  М. 
Жұмабаевтың  «Табалдырығы»  мазмұны  жағынан  тереңдігімен 
жəне  өзектілігімен  ерекшелінеді.  Онда  автор  аласпыран 
қоғамдық  өзгерістер  мезгілінде  ұлттық  көркем  өнер  мен 
əдебиеттің  концептуалдық  ұстанымы,  соған  байланысты  
отарлық  тəуелділікте  болып  келген  қазақ  сияқты  ұлттың 
көркем  əдебиеті  мен  өнерінің  ұстанымдық  ерекшеліктері 
қандай болғаны жөн деген сауалға жауап іздейді, өзінің түйінді 
пікірін  ұсынады.  Ақын  большевиктік  биліктің  күшке  сүйеніп 
əдебиет  пен  өнерге  енгізіп  отырған  социалистік  реализм 
концепциясымен келісе алмайды, бұл көзқарасын манифесінде 
анық  білдіреді.  ОГПУ – НКВД  органдарының  ақын 
шығармасынан  «саяси»  астар  іздеп  таққан  айыптарының  бірі 
(№ 1, 2 құжаттар) «Табалдырық»  жəне  ұлттық  ұстанымдағы 
ақын-жазушыларды  біріктіретін  «Алқа»  атты  əдеби  үйірме 
құруға  ұмтылған  əрекеті  болатын.  Кітапта  берілген  құжаттық 
материалдар  тергеу  органдарының  ақынға  таққан  кінəсына 
ешқандайда заңдық негіздің жоқ екендігін айғақтайды. Сондай-
ақ ұлт зиялыларының өкілдері Жүсіпбек Аймауытовтың (№ 3, 4 
құжаттар),  Жəкен  Сəрсенбиннің  (№ 5 құжат),  Əбдірахман 
Байділдиннің (№ 6 құжат), Абдулла Байтасовтың (№ 7 құжат), 
Мұхтар  Əуезовтың  (№ 8 құжат)  ОГПУ  тергеушілеріне  берген 
көрсетулері  «Табалдырыққа»  байланысты  мəселенің  қолдан 
жасалған  іс  екендігін  куəландырады.  Сонымен  қатар  бұл 
құжаттар  кеңестік  жүйе  жағдайында  қалыптасып  келе  жатқан  

 
 
- 4 -
қоғамдық-саяси  ахуалды,  əдеби  өмірдің  беталысын,  қазақ 
қоғамдық  ойының  күрделі  мəселелерін  тереңірек  түсінуге, 
сондай-ақ    «Табалдырықтың»  авторлығы, «Алқа»  əдеби 
үйірмесін  құру  əрекетіне  байланысты  көзқарастар  мен 
ұстанымдарды анықтай түсуге мүмкіндік береді.  
«Табалдырық»  мəтінінің  қазіргі  жазудағы  (кириллица) 
нұсқасымен  қатар  мұрағат  қорынан  алынған  оның  төте 
жазудағы  (араб  графикасындағы)  фотокөшірмесі  де  қоса 
берілді. 
Кітапқа  енген  манифест  мəтіні  мен  оған  қатысты 
материалдарды  тауып,  оларды  пайдалануға  ҚР  ҰҚК-нің 
мұрағат  қызметкерлерінің  (Полулях  В.И.,  Берікбаева  Р.Қ.) 
еңбегі  зор  болғандығын  атап  айтқан  жөн.  Манифест  мəтінін 
даярлауға  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың  Магистратура  жəне 
PhD  докторантура  институты  Гуманитарлық  мамандықтар 
кафедрасының  профессорлары  Г.С.  Қосымова  жəне  Қ. 
Қалыбаева  қатысты.  Жинақтың  соңында  берілген  түсініктерді 
даярлау  ісіне  кафедра  магистранттары  А.  Джумашева,  Е. 
Филипова,  Е.  Смолякова,  Д.  Нəзірқұлова  тартылды.  Біз  осы 
аталған  кісілерге  кітапты  даярлау  барысында  көрсеткен 
көмектері  үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.  
 
Жинақтағы  материалдар  түпнұсқа  тілінде  (қазақ  жəне 
орыс)  берілді.  Кейбір  оқуға  мүмкін  болмаған  сөздер 
көпнүктемен  белгіленді.  Жинақ  соңында  ескертпелер  мен 
түсініктер, қысқартылған сөздердің тізімі берілген.  
 
Ескертулер: 
 
 
* Қамзабекұлы Д. Руханият (Саяси қуғын-сүргін құрбандары 
туралы  мақалалар  мен  зерттеулер). – Алматы, «Білім», – 
1997. 257-270 бб; Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. – Алматы, – 
2006. 43-51 бб; Елеукенов Ш. «Олар қандай, мен қандай...». // 
Қазақ əдебиеті, 9 шілде  2010 ж. 
 
 
 
 
 

 
 
- 5 -
Өткен күн ертегімен таласқандай, 
                    Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?! 
                                                               Мағжан  
 
Жаңаотаршылдыққа қарсылық манифесі 
 
«Табалдырық» - қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы (1916-1919 
жж.) кезекті жеңіліске ұшырағаннан кейін қалыптасқан тарихи 
жағдайда  ұлттық көркем ойға теориялық негіз беріп, оны жаңа 
сапа  жəне  сатыға  көтерген  ұлы  туынды.  Қазақ  əдебиетінде 
бұдан  бұрын  да,  сондай-ақ  одан  кейін  де  ұлттық  көркем  ойға 
ортақ  ұстаным  ретінде  ұсынылған  мұндай  бағдарламалық-
мəлімдеме  болған  емес. «Табалдырықтың»  жаңашылдығы  да, 
қайталанбас  ерекшелігі  де,  əдеби  мұра  ретінде  құндылығы  да 
оның  осы  қырынан  туындайды. «Табалдырық» - ұлы 
шығармашылық иесінің кредосы, сенімі. Ол күрделі өзгерістер 
кезеңінде  өмірге  келген  өткінші  мазмұндағы  құжат  емес,  ол 
бүгін  де  өзекті,  ұлт  өмірінің  жан  дүниесіне  жаңа  серпін  бере 
алатын қуат көзі. Мағжан ақын оны өзі құрмақ болған «Алқа» 
ұйымының  бағдарламасы,  идеялық  ұстанымы  ретінде 1924 
жылы жазғанын айтады. 
1924-1925  жылдар  Мағжан  Бекенұлының  Мəскеуде 
көркем-əдебиет  институтының  соңғы  курсында  оқуда  жүрген 
кезі.  Бұл  ақынның  кеңестік  империя  астанасында  аз  уақыт 
болса  да  шығармашылықтағы  ортада  білім  алып,  ой  қорытып, 
кемеліне  келген  шағы-тын.  Ол  бұл  уақытқа  дейін  бірнеше 
жинақтардың  авторы.  Ең  бастысы,  ақын  əлгінде  ғана  ұлт 
зиялыларымен  бірге  азаттық  үшін  қозғалысқа  белсенді  түрде 
атсалысып, бірақ оның дегеніне жете алмай, жеңіліс тапқанын 
көзімен көріп, тауы шағылып, терең рухани күйзелісті басынан 
кешіріп, енді ғана сол тұйықтан шыға бастаған кезі-тін.  
Осы арада кезінде ғалымдар арасында дискуссия тудырған 
«Табалдырықтың»  авторлығы  мəселесіне  тоқталып  өткен  жөн. 
«Табалдырық» ұжымдық туынды деген пікір бар [1].  
Ғылымда  белгілі  бір  мəселеге  байланысты  түрлі 
пікірлердің  болуы  əбден  мүмкін  екендігін  мойындай  отырып, 
дегенмен  «Табалдырықтың»  авторлығына  қатысты  ондай 
тұжырымға  негіздің  жоқ  екендігін  бірден  айтқан  жөн.  Мəселе 

 
 
- 6 -
мынада. Біріншіден, «Табалдырық» - бұл   шығармашылықтағы 
көзқарастық ұстаным. Ал, ұстанымды мұндай деңгей-дəрежеде 
білдіру,  əрине,  үлкен  теориялық  даярлықты,  зор  қабілет-
қарымды талап етеді. Сол тұстағы қазақ көркем ойында мұндай 
ортақ  ұстанымды  тиесілі  дəрежеде  қорытып  бере  алатын 
шығармашылық  иелері  көп  емес-тін.  Ахмет  Байтұрсынұлы, 
Жүсіпбек  Аймауытұлы,  Мұхтар  Əуезов,  Ілияс  Жансүгіров, 
Бейімбет  Майлин...  Бұлардың  біреуі  де  «Табалдырықты» 
жазуға  қатысы  болғандығын  білдірген  емес.  Ия,  рас, 
Ж.Аймауытұлы  мен  М.Əуезов  оның  мəтінін  пошта  арқылы 
алып,  авторына  хат  түрінде  жауап  бергендіктерін  айтқан. 
Сондай-ақ  азаттық  қозғалыстың  жетекшілері  тарапынан  ортақ 
ұстанымды білдіруге байланысты жеке шығармашылық иесіне 
тапсырыс болғандығын айғақтайтын фактілер де кездеспейді. 
Сондықтан  да, «Табалдырық»  Мəскеудің  көркем-əдебиет 
институтында 
теориялық 
даярлықтан 
өткен, 
империя 
астанасындағы  түрлі  əдеби  ағымдардан [2] жақсы  хабардар, 
бұған  қосымша  арысы  еуропа,  берісі  орыс  əдебиеті  мен  қазақ 
көркем  ойы  арасындағы  айырмашылықты  терең  меңгерген 
Мағжан  ақынның  қаламынан  туған  шығарма  деп  айтуға  негіз 
жеткілікті.  
Енді  төменде  осы  тұжырымға    айғақ  бола  алатын 
фактілерге  тоқталайық.  Профессор  Дихан  Қамзабекұлының 
пікірінше,  құжаттың  аты  «Табалдырық»  емес  «Алқа»,  ал 
«Табалдырық» деп авторлар бағдарламаға кіріспе бөлімді ғана 
атаған.  Ғалымның  мұндай  пікірге  келуін  белгілі  дəрежеде 
түсінуге  болады,  өйткені  оған  тақырыпқа  қатысты  басқа 
құжаттық фактілер таныс емес-тін.  
Мағжан  ақын  соңғы  рет 1937 жылы 30 жетоқсанда 
тұтқынға  алынып,  келесі 1938 жылы 6 қаңтарда  тергеушіге 
берген  жауабында  біз  қарастырып  отырған  тақырыпқа 
байланысты  мынадай  жағдайды  баяндайды: «Алқа»  аталатын 
əдеби  үйірмені  ұйымдастыруды 1925 жылы  ғой  деймін, 
Мəскеуде  жүргенімде  ойластырған  мен  едім. «Алқаның» 
бағдарламасын да ГИЖ
*
-дің студенттері Жəкен Cəрсембин мен 
Аманғали  Сегізбаевтың  жақын  араласуымен  жазған  да  мен 
                                                 
*
 ГИЖ – Государственный институт журналистики. 

 
 
- 7 -
едім. Келесі жылы ГИЖ-ге оқуға келген Ілияс Жансүгіров оған 
кейбір түзетулер енгізді» [3].  Бұл  көрсетуден  «Алқа»  ұйымын 
құру  идеясының  да,  сондай-ақ  ол  ұйымның  бағдарламасын 
даярлаушының  да  Мағжан  ақын  екендігін  аңғару,  əрине, 
қиынға  түспейді.  Деректік  материалдардың  көрсетуіне 
қарағанда  жоғарыда  аты  аталған  Жəкен  Сəрсембиннің 
«Табалдырықты»  даярлау  ісінде  өз  үлесін  асыра  бағалауға 
ұрынғандығы  байқалады.  Оның  осы  мазмұндағы  көрсетулері 
«Табалдырық» авторлық топтың ортақ туындысы деген пікірге, 
белгілі  дəрежеде,  негіз  болған  да  сияқты.  Профессор  Ш. 
Елеукеновтың  мəскеулік  студенттердің  «Табалдырық»  сияқты 
шығарма  жазу  деңгейіне  көтеріле  қоймағандығы  жөнінде 
жасаған  тұжырымы  орынды.  Бұған  қосымша  айтарымыз,  Ж. 
Сəрсембин  тергеу  алдында  толтырылған  анкетада  білімінің 
«бастауыш» сынып (низшее) деңгейінде екенін көрсеткен. Осы 
ретте  Жүсіпбек  Аймауытовтың 1929 жылы 24 маусымда 
тергеушіге  берген  көрсетулерінен  мынадай  жолдарды  оқимыз: 
«Алқаның»  платформасымен  мен  алғаш  рет 1925 жылдың  бас 
кезінде  Орынбор  қаласында  мынадай  жағдайда  таныстым: 
«Мен  «Ақ  жол»  редакциясында  Ташкентте  қызметте  едім, 
каникулға  шығып,  Орынбор  қаласына  бардым.  Міне,  осы 
сапарда  мен  редакцияда  Сəрсембинге  кезіктім,  ал  ол  менде 
шаруасы  барын  айтты...  Келесі  күні,  əлде  мүмкін  сол  күні  ме, 
əйтеуір түскі ас кезінде Алдонғаровтың үйінде  кездестік, онда 
Сəрсембин,  Алдонғаров,  ұмытпасам  Сегізбаев  жəне  басқа 
маған аты-жөні мəлім емес кісілер болды. Есімде қалғаны олар 
қостанайлық студенттер еді. 
Сəрсембин  «Алқа»  платформасын  оқи  бастады,  оны 
мəскеулік 
студенттердің 
Жұмабаевтың 
қатынасуымен 
даярлағанын айтты. Кейінірек, Жұмабаевпен өзара алысқан хат 
арқылы  платформаның  авторы  Жұмабаевтың  өзі  екенін 
анықтадым.  Құжат  Жұмабаевтың  почеркімен  жазылған  еді. 
Оны жазу ісіне Бөкейханов Əлихан мен Байтұрсынов Ахметтің 
қатысы болды ма, ол жағын білмеймін, Сəрсембин де ол туралы 
ештеме  айтқан  жоқ.  Ол  платформаны  Байтұрсыновқа  оқып 
бергенін  айтты,  ал  Байтұрсыновтың  қандай  пікір  білдіргенін 
мен білмеймін» [4].  

 
 
- 8 -
Сондай-ақ,  бағдарламаның  аты  «Табалдырық»,  ал  оның 
авторы  Мағжан  ақын  екендігін  Ж.  Сəрсембиннің  өзі  де  жоққа 
шығармайды. 1929 жылы 5 мамырда  тергеушіге  берген 
көрсетуінде  ол 1924 жылы  желтоқсанда  Мəскеудегі  Қазақ 
өкілдігінде (Казпредставительство) студент жастардың Мағжан 
Жұмабаевтың  «Өлеңдер»  жинағын  талқылауға  жиналып, 
жиналыстан соң Мағжанның пəтерінде ақынның өзімен болған 
кездесуі 
жөнінде 
мынадай 
көрсету 
береді: «Менің 
Жұмабаевпен кездесуім жиналыс болған күні кешінде өтті. Ол 
Түркреспубликасы  өкілдігінің  бұрынғы  үйінде  тұрады  екен. 
Өзінің  шығармаларын  талқылауға  арналған  жиналысқа 
байланысты  Мағжан  менен  егжей-тегжейлі  сұрап,  сонан  соң 
жазулы  шығармасы  бар  екендігін,  соны  тарату  қажеттігін 
айтты.  Ол  шығарма  «Табалдырық»  аталатын  əдеби  платформа 
болып шықты» [5].  
 
«Табалдырықтың» 
Мағжан 
ақынның 
қаламынан 
туғандығына  дəлел  бола  алатын  фактілерді  келтіре  беруге 
болады.  Дегенмен  ақынның  берген  мынадай  мазмұндағы 
көрсетуі  мəселеге  біржола  анықтық  енгізеді  деп  білеміз.  Ол 
1929  жылғы 14 шілдеде  берген  жауабында: «Мəскеуде 
жүргенде  мен  Плехановтың,  Луначарскийдің  жəне  басқа 
авторлардың еңбектерімен танысып, біраз пəндермен тереңірек 
айналыстым,  сонан  соң  «Алқа»  аталған  əдебиеттің  бағыты 
жөнінде  сыни  бағдарламалық  мақала  жазып,  онымен 
Сəрсембин Жəкен мен Аманғали Сегізбаевты таныстырдым.  
 .... 
«Алқа»  бағдарламасын  мен  Жұмабаев  жеке  өзім 
жаздым. 1924 жылы  қыста  Сəрсембин  жəне  Сегізбаевтармен 
бірнеше мəрте талқылап, өзгерістер мен түзетулер енгіздім» [6]. 
Міне, 
бұл 
келтірілген 
құжаттық 
фактілерден 
бағдарламаның  аты  «Табалдырық»,  ал  оның  авторы  Мағжан 
Бекенұлы екендігіне жеткілікті дəрежеде көз жеткізуге болады.  
Ж. 
Сəрсембин 
жоғарыда 
аталған 
көрсетуінде 
«Табалдырық» 
бағдарламаның 
аты, 
ал 
«Алқа» 
сол 
бағдарламаны  негізге  алып  құрылуға  тиіс  болған  жазушылар 
ұйымы  екендігін  анық  жеткізген.  Мəселен,  ол  Ж. 
Аймауытовпен бірге өткізген жиында алдымен, «Табалдырық» 
платформасын  жариялап,  сонан  соң  барып  «Алқа»  ұйымын 
құруға көшу жөнінде сөз болғанын айтады [7]. 

 
 
- 9 -
Ж.  Сəрсембиннің  көрсетуіне  байланысты  мынадай  бір 
жағдайдың  ескерілгені  жөн.  Алдымен,  Алматыда,  сонан  соң 
Мəскеудегі  Бутырка  абақтысында  алаштық  топтың  үстінен 
жүргізілген (1928-1930 жж.)  алғашқы  толқын  сот  процесінде 
басты  тергеуші  міндетін  атқарғана  атақты  Саенко.  Ия,  бұған 
дейін  Украинадағы  «халық  жаулары»  үстінен  жүргізілген  сот 
процестерінде  мол  тəжірибе  жинап,  енді  осы  «құрметті» 
міндетін  «қазақ  ұлтшылдарымен»  күресте  жалғастыруға 
арнайы  жіберілген  ОГПУ-дың  Шығыс  бөлімі  бастығының 
көмекшісі 
Саенко 
осы [8]. Саенко 
Альшанский 
(Республикадағы    ОГПУ  бастығының  орынбасары)  жəне 
Петровпен  (ОГПУ-дің  Шығыс  бөлімінің  бастығы)  бірге 1928-
1932 жж. алаш қайраткерлері үстінен жүргізілген екі дүркін сот 
процесінде  Д.  Əділов,  Х.  Ғаббасов,  А.  Байтұрсынов,  Ж. 
Аймауытов, М. Дулатов, Ə. Байділдин жəне басқаларды тергеу 
жұмысында  белсенді  рөл  атқарды.  Арнайы  тапсырма  алған 
кəнігі 
Саенконың 
М.Жұмабаевтың 
«Табалдырығына» 
соншалықты  шұқшия  төніп,  бағдарламаға  қатысы  болды-ау 
деген  кісілерден  түсінік  алып,  бұл  фактіні  кеңірек  ауқымда 
жəне астарда қарауға тырысуы, əрине, жайдан-жай емес-тін. 
Саенкоға  керегі  «қазақ  ұлтшылдары  кеңестік  билікке  қарсы 
контрреволюциялық  жасырын  ұйым  құрды  жəне  ол  ұйымның 
«Табалдырық»  сияқты  ұстанымы  болды»  деген  тұжырым  еді. 
Ал,  пассионарлық  ұстанымда    жəне  жоғарғы  теориялық 
деңгейде  жазылған  «Табалдырық»  жəне  оны  негізге  алып 
құрылуға  тиіс  болған  «Алқа»  ұйымы  Саенко  сияқтылар  үшін 
таптырмайтын  «олжа»  болатын.  Сондықтан  да  ол  «Алқаға» 
байланысты А. Байтұрсыновтан,  Ж. Аймауытовтан (екі мəрте), 
М.Əуезовтен,  А.Байтасовтан,  Ə.Байділдиннен,  Ж.Тілеулиннен 
жəне  басқа  алаштық  тұтқындардан  арнайы  түсінік  алды. 
«Табалдырыққа» 
байланысты 
егжей-тегжейлі 
көрсетуді 
Ж.Сəрсембин  де  берді.  Тергеу  ісіне  куəгер  ретінде  тартылған 
Ж.Сəрсембиннің  көрсетуінен  оған  тергеуші  Саенко  тарапынан 
жасалған  қысымның  табы  байқалады.  Тұтқынның  «бəле» 
іздеген  тергеушінің  ыңғайына  көнуге  мəжбүр  болып, 
шатысуларға  жол  бергендігі  де  содан  болса  керек.  Мəселен, 
Алдоңғаровтың  пəтерінде  өткен  шағын  жиылыста  бас  қосқан 
кісілердің  құрамына  байланысты  Ж.Аймауытов  екеуінің 

 
 
- 10 -
көрсетулерінде алшақтық бар. Ж. Сəрсембин атаған құрам тым 
ауқымды. Жиналған кісілердің арасында А. Байтұрсыновтың да 
болғандығы  айтылады.  Ал  Ақаң  Алдоңғаровтың  үйінде 
ешуақытта  болмағандығын  көрсетеді.  Бізге  бұл  ретте 
Ж.Аймауытов атаған құрам тарихи шындыққа жақын көрінді.  
Сонымен, «Табалдырық» 1924 жылдың  соңы 1925 
жылдың  бас  кезінде  жазылды.  Бұл  бағдарламалық  құжаттың 
жазылуына  сол  тұстағы  Мəскеудегі  жазушылар  қауымы 
арасында  қалыптасқан  түрлі  ағымдар  мен  теориялық 
ұстанымдардың  өзара  қақтығысының  əсері  болғандығы  анық. 
Алдоңғаровтың 
үйінде 
өткен 
басқосуда 
отырғандар 
Сəрсембиннен «Алқа» сияқты ұйымның  бар-жоғын сұрағанда, 
ол  «оған  идеялық  тұрғыдан  жақын  ұйымның  мəскеулік 
жазушылар  арасында  бар  екендігін»,  яғни  оны  қазақ 
жазушылары  арасында  құруға  болатындығын  айтады [9]. М. 
Жұмабаев  өз  тарапынан    Мəскеуде  жүргенде  Вс.  Иванов, 
Первухин  жəне  Л.  Сейфуллина  сияқты  орыс  жазушыларымен 
байланыс орнатып, «бірақ ол байланыстың іскерлік қатынастан 
аспағандығын» білдірген [10].  
Осы  арада  тоқталуға  тура  келетін  тағы  бір  мəселе  бар. 
Əдебиет  тарихын  зерттеушілер  М.Жұмабаевтың  «Алқа» 
ұйымын  құруға  байланысты  идеясын  ҚазАПП-пен  (Қазақ 
пролетариат  жазушыларының  ұйымы)  байланыстырады,  яғни 
оны  М.Жұмабаев  бастаған    алаштық  ұстанымдағы  жазушылар  
ҚазАПП-қа  балама  ұйым  ретінде  құрмақ  болды  деген 
тұжырымға  бейім  екендіктерін  байқатады.  Бізге  мəлім  тарихи 
құжаттарда  мұндай  пікірге  негіз  боларлық  фактілер 
кездеспейді.  Тіптен,  керісінше,  билік  тарапынан  ҚазАПП-ты 
құру 
жөніндегі 
шешімнің 
қабылдануын 
тездеткен 
«Табалдырықтың» қолжазба түрінде таралуы сияқты.  
Жоғарыда  айтылғандай,  М.  Жұмабаев  «Табалдырықты» 
1925  жылдың  басында,  яғни  қаңтар  айында  даярлаған.  Ол 
жөнінде  өз  көрсетулерінде  Ж.  Сəрсембин  мен  Ж.  Аймауытов 
айтады [11]. С.  Мұқанов  «Есею  жылдары»  атты  өмірбаяндық 
хикаясында  ҚазАПП-ты  құру  туралы  биліктің  шешімі 1925 
жылдың  шілдесінде  баспасөзде  жарық  көргенін,  ал  бірақ  бұл 
жазушылар  ұйымын  құру  тек  келесі 1926 жылы  қазанда  іске 
асқаны  жөнінде  мынадай  фактілер  келтіреді: «ҚазАПП-тың 

 
 
- 11 -
маған тапсырылған платформасы жазылды да, 1926 жылдың 4 
октябрінде  еңбекші  қаламгерлердің  жалпы  жиналысында 
талқыланып  бекітілді.  Сол  күннен  бастап  ҚазАПП  осы 
платформаның  бағытында  қызмет  атқарды».  Жазушы  «қазақ 
совет əдебиетінің белгілі бір дəуірінде туған», яғни партиялық 
тапсырма  бойынша  өзі  даярлаған  платформаның  мəтінін 
«дəуірдің  тарихи  шындығын  түсінуде»  пайдалы  болар  деген 
ниетпен толық күйінде береді [12]. 
Міне,  бұл  ҚазАПП-ты  құру  ісінің  бастау  көзінде  тұрған, 
сондай-ақ оның платформасын жазған жазушының көрсетуінен 
ұйымның 1926 жылдың  күзінде  құрылғанын  аңғару,  əрине, 
қиын  емес.  Платформамен  танысқан  кісіге  жаңадан  құрылған 
жазушылар  ұйымының  өз  қызметінде  қандай  мақсаттарды 
көздегендігі  де  анық  байқалады.  Яғни, «қазақ  байлары  орыс 
байларындай Октябрьдің таяғын оңдап жеген жоқ. Ауылда əлі 
де  болса  байлардың  өкілі – Алашорданың  ықпалы  бар».  Міне, 
осындай  жағдайда  «қазақтың  пролетариат,  қарашаруа 
жазушылары  жалпы  қазақ  еңбекшілерінің  салт-санасын 
тəрбиелеп,  еңбекші  бұқараны  социалдық  дəуірге  жетектеуге, 
еңбекші таптың мақсатына теріс пікірлермен күресуге партияға 
көмектес болулары керек» [13]. 
Бұл  жаңа  құрылған  Жазушылар  Одағының  Ф.Голощекин 
ұсынған «Кіші Октябрь» курсын қабыл алуы еді. Ф.Голощекин 
1925  жылы  желтоқсанда  Қызылордада  өткен 5-ші  Өлкелік 
партия  конференциясында  жасаған  есеп  баяндамасында 
«Ауылда  нағыз  совет  билігі  жоқ,  байдың  билігі  бар,  рудың 
билігі  бар...» [14], – деп  көрсеткен  еді.  Кейін  ол  бұл 
тұжырымын  И.Сталинге  жолдаған  хатында: «...революция 
ауылдағы  бұрынғы  революцияға  дейінгі  қатынастарға  тимей, 
күшті  рулар  мен  байлардың  экономикалық  жəне  саяси  билігін 
сол күйінде қалдырып отыр» [15], – деп қайталады. 
Яғни, жаңа құрылған Қазақ пролетариат жəне қара шаруа 
жазушылар  одағының  өз  мойнына  алған  негізгі  міндеті  Д. 
Қамзабекұлы  дəл  атап  көрсеткендей  «тоталитаризмнің  рухани 
саладағы күштеу» құралына  айналу еді [16]. 
Сонымен, «Табалдырық»  авторы  нені  көздеді,  алдына 
қандай  мақсаттар  қойды?  Бұл  арада,  əрине,  бағдарламаның 
көздеген  мақсаты  деп  көп  нəрсені  тізбелей  беруге  болар  еді, 

 
 
- 12 -
бірақ оның қажеті жоқ. Біздің пікірімізше, ол – əдебиеттанудың 
міндеті.  Сондықтан  да, «Табалдырыққа»  біз  тек  тарихи  құжат 
ретінде,  белгілі  бір  тарихи  кезеңнің  куəлігі  ретінде  ғана 
тоқталмақпыз.  Міне,  осы  тұрғыдан  алғанда  «Табалдырық» 
авторының  алдына  қойған  мақсаты,  одақ  көлемінде  орнығуға 
бет  алған  тоталитарлық  идеология  жағдайында  қазақ 
қаламгерлері  үшін  теориялық  маңызы  бар  мəселе,  бұл 
біріншіден,  күрделі  əлеуметтік  жəне  мəдени  реформалар 
алдында  тұрған  қазақ  қоғамының  салыстырмалы  тұрғыдан 
орыс  қоғамынан  ерекшеліктерін  анықтау,  соған  сəйкес, 
екіншіден, 
ұлт 
жазушыларының 
шығармашылықтағы 
ұстанымын  белгілеу  еді.  Мұндай  міндетті  белгілі  бір  деңгейде 
шешу  жалпы  ұлттық  мəдениетке,  оның  зиялылар  қауымына 
үлкен  сынмен  тең  шаруа  болатын.  Ал  осы  мезгілде 
шығармашылықтағы 
жетекші 
тұлға 
(лидер) 
ретінде 
мойындалған  Мағжан  ақынның  өз  ұстанымын  ортаға  салып, 
«Табалдырық»  сияқты  бағдарламаны  ұсынуы  өркениет 
жолында тұрған қоғам үшін толық табиғи құбылыс-тын.  
1916 жылғы көтеріліс, қазақ жастарының майдандағы қара 
жұмысқа    алынуы,  оның  артын  ала  келген 1917 жылғы 
революциялық аласапыран, қазақ ұлт – азаттық қозғалысының 
заманға  лайық  жаңа  қарқын,  мақсатты  сипат  алуы – ұлт 
өміріндегі осындай күрделі өзгерістер мезгілінде заман қойған 
түрлі  сауалдарға  аласұрып  жауап  іздеген  халықтың  шерлі 
көңіл–күйін  бағып,  оның  нəзік  қылдарын  баса  білу,  тіптен 
халықпен  бірге  қуанып,  бірге  егілу    Мағжан  поэзиясына  тəн 
қасиет.  Ал  Мағжан  шығармашылығының  негізгі  өзегі,  оның 
болмыс – бітімін анықтап тұрған тылсым да тұңғиық сыры – ол 
азаттық  идеясы.  Мағжан  азаттық  жыршысы.  Жеке  тұлғаның, 
бүтін  қоғамның  азаттығы – Мағжан  поэзиясының  іргелі 
тақырыбы.  Мағжан  өз  уақыты  мен  заманының  ақыны. 
Сондықтан  да  ол  үшін  қоғам  жай  абстракция  емес,  ол  оның 
еркіндікке, теңдікке ұмтылған қазақ елі. Яғни, ол ұлт – азаттық 
қозғалыс  дəуірінің  ақыны,  ұлт – азаттық  күрес  жыршысы. 
Мағжан ақын шығармашылығының ерекшелігі де осында.  
Сондықтан  да 1917 жылғы  революциялық  өзгерістерден 
соң  Алаш  қозғалысының  жеңіліс  табуын,  қазақ  ұлтының 
шарасыз  жағдайын  өз  шығармашылығы  арқылы  терең 

 
 
- 13 -
қорытып,  осы  тарихи  мезгілдің  ұлт  өміріндегі  ерекшелігін 
поэзия тілінде дəл бедерлеген Мағжан ақын еді. Сезімтал ақын 
үшін  бұл  тарихи  кезеңдегі  (шамамен 1919-1924 жж.)  өмір 
«абақтыға» тең, өйткені ақын көңілі айға (яғни азаттыққа – авт.) 
ұмтылып,  бірақ  оны  ала  алмаған  балаға  ұқсайды,  жүрегі 
жаралы. 
Т.  Жұртбай  құрастырып,  алғы  сөзін  жазған  «Алаш 
ақиықтары»  аталатын  кітапта  Ж.  Аймауытов  пен  М. 
Жолдыбаевтың 1924 жылы  мамырда  Мəскеудегі    Мағжан 
ақынға  жазған  хаты  берілді.  Хат  иелері  қазақ  əдебиетінде 
«өзіндік  дəуір  жасау»  Мағжан  ақынның  ғана  қолынан 
келетіндігін, «сұр  айдың  артынан  күншуақ  болмай» 
тұрмайтындығын, «күннің  көзін  мəңгілік  бұлт  басып  тұру 
мүмкін»  еместігін  ескертіп,  ендігі  уақытта  оны  «торығуды, 
зорығуды,  зорлануды»  қойып,  жаңа  тілек,  жаңа  арман,  яғни 
жаңа  жасампаз  өмірге  ұмтылған  ақынның  күйіне  өтуге 
шақырады [17].  
Осы мазмұндағы хаттарды Мағжан ақынның басқа да ұлт 
зиялыларынан  алып,  ал  қайсыбірінен  осы  пікірді  ауызекі 
естігені  байқалады.  Ал  «Табалдырық»  болса  сол  айтылған 
тілектерге байланысты ақынның берген жауабы еді. Құжаттың 
бағдарламалық, концептуалдық мазмұн жəне сипатта жазылуы 
да  ақын  көзқарасындағы  кезеңдік  өзгеріске  байланысты 
болатын. Ақын нағыз талант иесі ретінде оның шығармашылық 
еркіндігіне  қол  салған  зорлықшыл  билік  пен  оның 
идеологиясына  ашық  түрде  қарсылық  танытты,  оларды  өзінің 
көзқарас, ұстанымымен есептесуге шақырды. 
Бұл  ретте  соцреализм  шығармашылықтағы  ұстаным 
ретінде қазақ жазушысына сырттан қандай зорлықпен телінген 
əдіс  болса, «Табалдырық»  та  өз  ретінде  қазақ  қоғамының  ішкі 
даму  ерекшелігінен  бастау  алып,  оның  ішкі  табиғи  тілек-
сұраныстарына  жауап  беретін  таным  құралы,  зерттеу  əдісі 
болатын.  
Мағжан  ақын  диалектик.  Ол  Еуропа,  орыс  өмірінің  қазақ 
қоғамына ықпалын жоққа шығармайды, асыра да бағаламайды. 
ХХ ғасырдың басындағы Ресей – қазақ қоғамы үшін отарлаушы 
мемлекет.  Бұл  ретте  ол  басқа  континенттердегі  қазақ  сияқты 
экономикалық дамуда кенже қалған елдерді шикізат көзі жəне 

 
 
- 14 -
өз  тауарларын  өткізетін  рынок  есебінде  өзіне  бағындыруды 
көздеген  еуропалық  мемлекеттердің  ісін  жалғастырушы  ғана. 
Сонымен 
бірге, 
Мағжан 
ақын 
пікірінше, «еуропа 
отаршылдығының  бір қасиеті  «құлды көп  қуып  батыр қылуы» 
өлімге  бұйыруы»,  сол  арқылы  оны  өмірге  ғашық  етуі,  яғни 
«езілген елдің ұлттық сезімін оятуы», «соққы жеп сүлесі қатқан 
елдің  есін  жия  бастауы».  Бұл  ретте 1905 жылғы  оқиғалар  ұлт 
əдебиеті үшін сапалы жаңа кезеңнің басталу сəті болды, «Оян, 
қазақ!», «Қырық  мысал»  сияқты  елім,  жұртым  деген 
шығармалар өмірге келді.  
Осы  ретте  кез-келген  қоғамға  тəн  мынадай  бір  заңдылық 
бар. «Ояна бастаған ел кешегі ел болған күнін есіне түсірмек». 
Ал, мұндай тарихи кезеңде əдебиеттің бірден-бір міндеті «ояна 
бастаған  елге»  оның  «кешегі  ел  болған  күнін  есіне»  салу 
болмақ.  Мұндай  əрекет  сол  өткен  өмірдегі,  сұрқия  қоғамдық 
қатынастарды қайта орнату үшін жасалмайды. Əдебиетке өткен 
өмірдің нұрлы беттері мен жарқын тұлғаларын жырлау ұлттың 
өз  құндылықтарына  деген  құрметін  қалыптастыру,  ел  ретінде 
өз  мүмкіндіктеріне  деген  сенімін  туғызу  үшін  қажет.  Қазақ 
əдебиеті  енді  ғана  міне  осы  табиғи  міндетін  атқаруға  кіріскен 
еді,  араға  келіп  «зор  төңкеріс»  араласты.  Ал,  бұл  төңкеріс 
(революция – авт.) қазақ үшін өз тарихы тудырған, өз өмірінен 
қайнап шыққан төл құбылыс емес, еуропа тарихынан туындап, 
орыс шындығы арқылы сырттан телінген жат құбылыс. Мағжан 
ақын жасаған батыл да негізді тұжырымдардың бірі осы. 
Сол  сияқты  əлгінде  ғана  орнаған  билік  қазақ  əдебиетіне 
(əдебиетіне  ғана  емес! – авт.)  ұлттық  құндылықтарды 
түгендеуді  қойып,  жаңа  ұстанымға,  яғни  тек  еңбекші 
бұқараның ғана мүддесін түгендеуге, қорғауға көш дейді. Яғни 
отарлық  тəуелділіктегі  қоғамға  тəн  табиғи  ұлтшылдық 
көзқарастан  үзілді-кесілді  бас  тартып,  тұтастыққа  жете  алмай 
келген 
ұлтты 
бөліп-жаруға 
бастайтын 
большевиктік-
интернационалдық, бибауырмал (А. Байтұрсынұлы) көзқарасқа 
өт  дейді.  Мағжан  ұғымында  бұл  домбыраның  барлық  шегін 
емес,  бір  ғана  шегін  басуды  талап  етумен  тең.  Ал,  бір  ғана 
шекті  басудан  терең  мағыналы  күй  шықпайды.  Бұл  енді  ғана 
ұлт  өмірінің  толыққанды  суретін  салуға  ұмтылыс  жасап 
отырған өнердің өрісін шектеп, тарылту дегенді білдірмек. Ұлт 

 
 
- 15 -
өмірінің  белгілі  бір  қырын  оның  басқа қырлары  мен  беттеріне 
қарсы  қою,  өнердің  тынысын  тарылтумен  тең.  Еуропа 
əдебиетінің  өмірді  барлық  қырынан  игеруде  жиған  мол 
тəжірибесі бар, яғни бұл оның асқар таудай байлығы. «Еуропа 
өмірінің  өрі,  қыры,  күнгей  де,  теріскей  де  беттері  əдебиетіне 
түскен. Еуропа адамының терең сезімдері, асқарлаған қиялдары 
əдебиет  алыптарының  сұлу  суреттеріне  бөленіп  жалпы 
адамзаттың алдына тасталған. Қара да, хан да, бай да, кедей де, 
данышпан  да,  надан  да,  ер  де,  əйел  де,  тəңірге  махаббатшылы 
да, елге махаббатшылы да, əйелге махаббатшылы да, ұлтшылы 
да,  ортақшылы  да,  бүгіншілі  де,  ертеңшілі  де,  меншілі  де, 
сеншілі де, бəрі де жақсы да, жаман да жағынан суреттелген». 
Бұл  Еуропа  халқының  (арасында  бұқарасы  да  бар)  атадан 
қалған мол рухани қоры, байлығы. Адамзатқа, əрбір халыққа өз 
өмірін  түсіну,  қорыту  ісінде  көрсеткен  ғажап  үлгісі,  өнегесі. 
Яғни  кез-келген  ұлтқа  өзінің  жүріп  өткен  жолын,  өмірін 
қорыту, түсіну ісінде бұл ортақ жол, ортақ тəжірибе, басқа жол 
жоқ.  
Сол  сияқты  қазақ  елінің  де  «күнді  һəм  күңгірт  дəуірлері 
болған  һəм  бар.  Қазақтың  өзінің  жаратылысқа,  өмірге, 
тұрмысқа өзіндік көзқарасы, өзінше философиясы, терең сезімі 
болған  һəм  бар.  Осылардың  бəрі  туралы  əлі  айтарлық  қалам 
тартылған жоқ». Олай болса Мағжан ақын түсінігінде «өзінше 
елді қоғамдаған хан, қоғамды қорғаған батыр, өзінше қоғамның 
қорғаны  болған  би,  хан  заманындағы  құл,  төре  заманындағы 
төлеңгіт, бай заманындағы кедей, жауынгер ерге жолдас болған 
əйел,  өткен  ертегі  күніміз,  ертегідей  күніміз»  бəрі-бəрі  неге 
əдебиет  тақырыбына  айналмасқа?  Яғни  енді  ғана  өз  өміріңді 
игеру жолына түскен əдебиетті белгілі бір тақырыппен шектеу 
əділеттілік емес. Өмір дарағы қандай бай, мəуелі болса, ұлттық 
өнердің  де  салған  суреті,  тартқан  күйі  сондай  сан  қилы,  сан 
қырлы  болғаны  жөн.  Осы  арнада  өркендемей  «қазақ  адабияты 
терең  адабият  бола  алмақ  емес.  Осылар  түспей  адабият  өз 
адабиятымыз бола алмақ емес». 
 
Бұл  «Табалдырықты»  жазып,  оны  шығармашылықтағы 
қазақ  қаламгерлерінің  алдына  тастаған  Мағжан  ақынның  ұлт 
өміріне, оның өткен жолына терең бойлап жасаған тұжырымы, 
сол  арқылы  қабылдаған  ұстанымы  еді.  Сонымен  бірге  мұндай 

 
 
- 16 -
шығарманың өмірге келуі кезінде негізін Əбу Нəсір əл-Фараби 
мен  Жүсіп  Хас  Қажыб  Баласағұн  сияқты  ұлы  шығармашылық 
иелері  қалаған  ұлттық  қоғамдық  ой  мен  əдебиеттің  өз  табиғи 
арнасында  тұрғандығының,  өмірдің  түрлі  аумалы-төкпелі 
кезеңдерінде  оның  өзекті  идеясы  мен  биік  мақсат-мұраттарын 
қорғай  алатын  Мағжан  сияқты  алып  тұлғаларының  бар 
екендігінің де дəлелді көрінісі болатын. 
 
Өткен  жиырмасыншы  ғасырдың  алғашқы  ширегінде 
осылайша ұлттық азаттық үшін күрес жолына түскен қазақ елі 
ұлт  зиялыларының  қызметі  арқылы  өзінің  қоғамдық  өмірін 
қайта  бағалау  арқылы  болашаққа  ұмтылудың  ғажап  сəтін 
басынан  кешірді.  Ұлт  өмірінің  бұл  ішкі  терең  сұранысын 
білдіретін  ренессанстық  тұлғалар  да  бүтін  бір  буын  ретінде 
ұмсынып  алға  шықты.  Сол  арқылы  ұлт  өмірі  мен  оның 
болашағын  сырттан  төнген  сұрапыл  қауіптен  сақтап  қала 
аларлықтай  мүмкіндік  туды.  Өкінішке  орай,  бұл  басталған 
процесс  тағы  да  сол  сырттан  болған  қатыгез  араласудың  
нəтижесінде  өз  табиғи  арнасында  тиесілі  даму  жəне  өзгеру 
сатыларынан  өте  алмастан,  бастапқы  қарқынды  қадамында-ақ 
ұлыдержавалық  зорлықшыл  күштің  қаһарына  ұшырады. 
Сөйтіп,  Құдіретті  Жаратушы  сирек  жіберетін,  жанартаудай 
ұлттық  жаңғыру  сəті  бесігінде  тұншықтырылды.  Мағжан 
ақынның «Табалдырық» аталатын бағдарламалық манифесі осы 
сəттегі ұлттық рухтың идеологиялық отарлауға қарсылығының 
нақты  көрінісі,  найзағайдай  жарқылы  болатын.  Оның  ұлы 
таланты,  шығармашылық  шабыты  бағындырған  шырқау 
шыңдарының бірі-тін.  
 
Сонымен, Мағжан ақынға «Табалдырықты» жазуға түрткі 
болған  жағдайға  қайта  оралайық.  Ж.  Сəрсембин  жоғарыда 
аталған көрсетуінде (1929ж., 5 мамыр) 1924 жылы желтоқсанда 
Мəскеудегі  қазақ  студенттерінің  жерлестігі  өткізген  Мағжан 
Жұмабаевтың «Өлеңдер» жинағын талқылауға арналған кештен 
соң  ақынның  өзімен  болған  кездесуінде  оған  Мағжанның 
ұлтшыл  ұстанымдағы  жазушылардан  алған  бірнеше  хаттарды 
көрсетіп,  оларда  хат  авторларының  «Алқа»  сияқты  ұйым  құру 
үшін, оның платформасын даярлау қажеттігі туралы ұсыныстар 
жасалғандығын  айтады.  Хат  арқылы  ұсыныс  жасағандардың 
қатарында  Ленинградтан  М.  Əуезов,  Орынбордан  Ж. 

 
 
- 17 -
Аймауытов,  Ташкенттен  Х.  Досмұхамедов,  К.  Кеменгеров,  А. 
Байтасов  жəне  М.  Есболов  бар  еді.  Ташкенттік  топ  осындай 
ұсыныспен  бір  емес,  екі  хат  жазған  сияқты.  Сондай-ақ,  осы 
мазмұндағы хаттар Семейдегі С. Дөнентаевтан, Х. Ғаббасовтан 
жəне  М.  Тұрғанбаевтан,  Орынбордағы  Алдоңғаров  пен  Е. 
Омаровтан,  Петропавлдағы    Ж.  Тілеулин  мен  Ғ.  Кемелевтен, 
Ақмоладағы  Хайретдин  Болғанбаевтан  келген  еді.  Өкінішке 
орай,  бұл  хаттарды  ғылыми  айналымға  тарту  бақытын  тағдыр 
бізге жазбаған сияқты. 
 
Егер  бұл  фактіні  шындық  ретінде  қабылдасақ,  онда 
Мағжанның  «Алқа»  ұйымын  құруға  байланысты  осы  аталған 
кісілермен  пікір  алысып,  олардың  қолдауын  алған  соң 
«Табалдырықты»  жазуға  кіріскенін  аңғаруға  болады.  Басқаша 
айтқанда,  Мағжан  ақын  өзінің  пікірлестерімен  хат  арқылы 
кеңесіп, олардың қолдауын алған соң «Табалдырықты» даярлау 
ісіне 1924 жылы кірісіп, келесі 1925 жылы аяқтаған еді. 
 
Ендігі уақытта даяр болған платформаның мəтінін қолмен 
көшіру  арқылы  көбейтіп,  жоғарыда  аталған  адрестерге  тарату 
қалған-тын.  Жəкен  Сəрсембиннің  бұл  іске  тартылуы  осы 
мезгілде,  яғни  платформаны  көшіру  жəне  тиесілі  адрестерге 
тарату кезеңінде болған. Ж. Сəрсембин: «Жұмабаев хатты оқып 
болған  соң  аталған  кісілерге  пошта  арқылы  тарату  үшін 
платформаны көбейту керектігін айтты. Осы мақсатта ол маған 
платформаны  көшіруді  ұсынды.  Мен,  Жұмабаев  жəне  оның 
інісі болып бір жетінің ішінде мəтіннің 17 данасын даярладық, 
олардың бір данасын өзімде қалдырдым» [18]  – деп көрсетеді. 
 
Ж. Сəрсембин көрсетуінде берілген бұл фактілерге сенуге 
болады.  Өйткені  Мəскеуде  қазақ  алфавитіндегі  теру 
машинкасын  табу  оңайға  түспейтін,  сондай-ақ  болған  күннің 
өзінде ондай машинкамен «Табалдырық» сияқты құжат мəтінін 
алудың  өзі  қауіпсіз  емес-тін.  Сондықтан  да  платформа 
мəтінінің  қолмен  көшіріліп  көбейтілгендігі,  бұл  іске  үш 
адамның  бірі  болып  Ж.Сəрсембиннің  қатысқаны  ақиқат.  Ал 
Мағжанның інісі деп отырған  үшінші кісінің кім екендігін бұл 
көрсетуінде атамаған. Өз қолымен жазған көрсетуінде (1938 ж., 
6  қаңтар)  мəтінді  көшіруге  қатынасқан  мəскеулік  студент 
ретінде  Аманғали  Сегізбаевты  атайды.  Яғни,  Мағжан  ақын 
платформаны  даярлауға  (оқыған,  түзеген  жəне  көшірген) 

 
 
- 18 -
қатынасқан  кісілерді  Мəскеудегі  Мемлекеттік  журналистика 
институтының  студенттері  Сəрсембин  жəне  Сегізбаевпен, 
сондай-ақ  осы  институтқа  тыңдаушы  ретінде  келген  Ілияс 
Жансүгіровпен  шектейді.  Ал  Сəрсембиннің  Мағжанның  інісі 
деп отырғаны А. Сегізбаев болса керек. 
 
Сонымен  бірге  «Үлкен  террор»  кезеңіндегі  тергеу 
материалдарына  қатысты  мынадай  бір  ерекшелікті  зерттеуші 
назардан  тыс  қалдыра  алмайды.  Тергеушілердің  басым  бөлігі 
(бұл  арада  Дмитриенко  жəне  Саенко)  жүргізген  ісіне  қатысы 
болуы  мүмкін  деген  адамдардың  санын  неғұрлым  кеңейте 
түсуге  құштарлық  танытты.  Сол  арқылы  кез-келген  істі 
кеңестік  билікке  қарсы  ұйымдасқан  топтың  қастандық  əрекеті 
ретінде,  ал  өзін  сол  ұйымдасқан  топты  əшкерелеуші  «тұлға» 
ретінде көрсетуге тырысты. Кеңестік репрессиялық машинаның 
ерекшелігі  сонда,  оған  тартылған,  оның  торына  іліккен  адам 
шыбындай  панасыз  күйге  ұшырады  да,  ал  ол  істі  жүргізген 
тергеуші  əрқашанда  жеңіске  жететін  ақылды  да  тапқыр  тұлға 
рөлінде болды. «Табалдырыққа»  байланысты  да  тура 
осындай  жағдай  байқалады.  Мəселен,  Мағжан  ақын  атынан 
баяндалған  мына  жағдай  соның  айғағы: «Сонымен, 
Сəрсембиннің,  Сегізбаевтың  жəне  Жансүгіровтың  қатысуымен 
мен  даярлаған,  сондай-ақ  Бөкейханов  пен  Байтұрсынов 
қолдаған  «Алқа»  бағдарламасы  қолдан  көшірумен  көбейтіліп 
пошта  арқылы  мынадай  адрестерге  жіберілді:  Қызылордадағы 
М. Дулатов пен Е. Омаровқа, Петропавлдағы Ж. Тілеулин мен 
Семейдегі  М.  Əуезовке.  Бұл  кісілердің  бəрінен  де  қолдау 
таптым,  сондай-ақ  «Алқа»  бағдарлама-платформасы  рухында 
əдебиет  саласында  жұмыс  жүргізуге  уəде  алдым» [19]. Міне 
бұл үзіндіден тергеушінің көздеген мақсаты анық байқалып-ақ 
тұр.  Біріншіден,  бағдарламаны  жазушы  мен  оған  көмек 
берушілер 
анықталса, 
екіншіден 
бағдарлама 
идеясын 
қолдаушылар  мен  оған  дем  берушілер  «белгілі»,  үшіншіден, 
сондай-ақ,  бағдарламаны  сұратып  алып,  ендігі  уақытта  оның 
идеясын  «іске  асырушы»  субьектілер  де  ашылып  отыр. 
Басқаша  айтқанда,  бұл  арада  тергеушілер  жоспарлағандай 
«антисоветтік»  пиғылдағы  қазақ  ұлтшылдарының  «Алқа» 
ұйымының  «сұлбасы»  шығып  тұр.  Тергеуші  үшін  ең  маңызды 
нəрсе  билікке  қарсы  «ұйымдасқан»  топтың  іс-əрекетінің 

 
 
- 19 -
əшкерленуі,  топқа  тартылған  адамдардың  аты-жөнінің  аталуы 
еді.  Репрессия  машинасының  жұмыс  механизмі,  өзіндік 
логикасы міне осы. 
 
Тергеуші Саенконың Мəскеуде жазылған «Табалдырыққа» 
қозғалыс  басшылары  Ə.  Бөкейханов  пен  А.  Байтұрсыновтың 
қатынасын  анықтауға  тырысқандығы  логикаға  толық  сиымды 
əрекет.  Өйткені  аталған  тұлғаларсыз  Саенконың  құрған 
конструкциясы сенімсіз болып шығар еді.  
 
Сондықтан  да  ол  Ж.  Сəрсембинге  бұл  мəселеге  қатысты 
бірнеше  сұрау  қойғандығы  хақ,  бірақ  тергеуші  мен 
тергелушінің  екеуара  сөзі  «сұрақ-жауап»  түрінде  емес,  жай 
баяндау  түрінде  берілген.  Дегенмен  тергеу  хаттамасында 
тақырыпқа  қатысты  берілген  фактілер  көңілге  қонымды 
екендігін  мойындаған  жөн.  Мəселен,  Ж.  Сəрсембин  Мəскеуге 
жалпыодақтық 
мұғалімдер 
съезіне 
келе 
жатқан 
А. 
Байтұрсынұлының жеделхат арқылы Мағжан ақынға хабарлап, 
күтіп  алуын  өтінгенін,  ал  темір  жол  вокзалына  Ə.  Бөкейханов 
жəне М. Жұмабаевпен бірге өзінің де барғандығын айтып, сол 
күні  кешінде  делегаттар  орналасқан  жатақханадағы  А. 
Байтұрсынұлы  бөлмесінде  «Табалдырық»  мəтінінің  оқылып, 
оның  соңы  өзара  ой  бөлісуге  ұласқандығын  баяндайды.  Міне 
сол отырыста Əлекең платформаны қолдап, оны тарату жағын 
ұйымдастыруды  қарастыруды  ұсынады.  Ал  Ақаң  қазақ 
əдебиетіндегі  жағдайға  тоқталып  «еуропалықтар  қазаққа 
еуропалық  костюм  кигізгісі  келеді,  ал  шаруашылық 
ерекшелігіне  байланысты  қазаққа  шапан  кию  қолайлы. 
Қазақтың түйесін поездың артына тіркеп қойғысы бар. Мұндай 
жағдай  оған  тиімсіз»  екендігін  білдіріп, «қазақ  əдебиеті 
ұлтшылдық  ұстанымда  болуға  тиіс»,  бірақ  бұл  ретте  «əдебиет 
пен  саясатты  араластырудан  аулақ  болған  дұрыс»  деген 
тұжырым жасайды. Басқа дерек көздерімен салыстыра отырып 
Ақаңның  бұл  айтқандарының  оның  жалпы  ұстанымы 
арнасында екендігіне көз жеткізу  қиынға түспейді.   
А.  Байтұрсынұлы 1929 жылы 18 маусымда  тергеуші 
Саенкоға  берген  жауабында  «Мен  Қазақстандағы  əдебиеттегі 
ағымдармен  таныспын,  бірақ  олардың  ешқайсысына  да 
қосылған  емеспін,  өйткені  əдебиеттен  қандай  бағыттың,  яғни 
пролетарлық  бағыттың  ба,  жоқ  əлде  ұлтшылдық  бағыттың  ба 

 
 
- 20 -
үстемдік  алатындығы  мен  үшін  соншалықты  маңызды  емес... 
Қазақ  əдебиетінің  қандай  бағытта  даму  алатындығын  мен 
ешкіммен  талқыға  салған  емеспін.  Мəселен,  Бөкейхановпен 
бірге  М.  Жұмабаев  даярлаған  платформаны  оқығандығымыз 
есімде жоқ. 1924 жылы күзде Мəскеуде өлкетанушылар съезіне 
барып,  РСФСР  Наркомпросының  жатақханасына  тоқтағанда 
Бөкейханов  пен  Жұмабаев  менің  бөлмемде  болған  да  шығар. 
Сонда  отырып  «Табалдырық»  платформасын  оқыдық  деп  айта 
алмаймын.  Əдебиетке  қатысты  қолжазба  түрінде  ме,  жоқ  əлде 
газеттік  пе  материалдарды  оқыған  да  шығармыз,  есімде  жоқ. 
Сəрсембинді 
ұмытқан 
жоқпын. 
Мəскеуде 
болғанда 
Жұмабаевпен  бірге  жүргені  есімде» [20] деген  көрсетулермен 
шектеледі. Əдетте, тергеушілерге берген жауабында фактілерге 
өте  сараң  А.  Байтұрсынұлының  бұл  жолы  да  ақтарыла 
салмағандығы байқалады.   
 
«Табалдырықтың»  біраз  адреске  таратылғаны  анық.  Ол 
жөнінде  пошта  арқылы  бағдарламаның  мəтінін  алғандар  өз 
көрсетулерінде  жасырмай  айтқан.  Мəселен,  М.  Əуезов 1931 
жылы 20 қыркүйекте  тергеуші  Поповқа  берген  көрсетуінде 
«Жұмабаевтан  бір  конвертке  салынған  хат  пен  «Алқаның» 
бағдарламасын  Семейде  жүргенде  алдым,  ал  алдын  ала 
ешқандай да хат арқылы пікір алысқан емеспіз. Бұл «Алқадан» 
құпия  əрекет  ретінде  бағалануға  тиіс  ештеме  көргенім  жоқ, 
платформаны  алған  соң  БК(б)П  Семей  Губкомының  үгіт-
насихат  бөлімінің  меңгерушісі  жəне  «Қазақ  тілі»  газетінің 
редакторы Тоқжігітовке көрсеттім, «Алқа» мəтіні менде қалды, 
ал  оны  қолдайтындығымды  жəне  осы  ұстанымдағы 
қаламгерлердің  ұйымын  ресми  түрде  құру  үшін  қазақ 
əдебиетшілерінің  жиылысын  шақыру  қажет  екендігін  айтып 
Жұмабаевқа хат жаздым, іс осымен аяқталды» [21] – дейді. 
 
«Табалдырықтың»  бір  дана  көшірмесін  Мағжан  ақын 
бұрын  өзі  жұмыс  істеген (1921-1922ж.ж.)  Петропавлдағы 
«Бостандық  туы»  газетінің  редакциясына  жібереді [22]. Ол 
жөнінде  Жұмағали  Тілеулин: «Алқа  үйірмесіне  байланысты 
мен  бұрынғы  көрсетуімде  айтқанымды  қайталаймын,  яғни 
«Алқа» платформасының бір данасы «Бостандық туына» келді. 
Ол жөнінде редакцияның қазақ қызметкерлерінің жиналысында 
Айтқожин жəне оның орынбасары Бекішев айтты. Ол жөнінде 

 
 
- 21 -
басқа ештеме естігенім жоқ, сондай-ақ М. Жұмабаевтың өзінен 
басқа  ешкімге  жазған  да  емеспін.  Ал  оған  жауап  хатымда 
Петропавлда «Алқаға» қатысты редакция тарапынан ешқандай 
əрекет жоқтығын айттым...» [23], – дейді. 
 
Мағжан ақынның «Табалдырықты» жіберген адрестерінің 
бірі  Ташкент  еді.  Бұл  мезгілде  алаштық  зиялылардың  біразы 
осы  қалада  қызметте  жүрді,  сондықтан  да  ақынның  өз 
манифесін  пікірлес  серіктеріне  жолдап,  қолдау  күтуін  толық 
табиғи  нəрсе  ретінде  қабылдауға  болады. «Табалдырықтың» 
Ташкентке  пошта  арқылы  жіберілгенін  ақынның  жерлесі 
Байтасов  Абдолла  тергеушіге  берген  көрсетуінде (1929 ж., 14 
шілде) айтады.  
 
А.  Байтасовтың  бұл  көрсетуіне  қысқаша  болса  да 
тоқталған  жөн.  Өйткені  құжатта  Мағжан  ақынның  сол 
мезгілдегі шығармашылықтағы ұстаным ерекшелігі байқалады. 
«1925  жылы  Жұмабаев  Мағжан  маған  бірнеше  мəрте  хат 
жолдап,  оларда  қазақ  əдебиетінің  ауыл  тұрғындарына  жақын 
болғаны  дұрыстығын  айтты.  Жұмабаевтың  əдебиеттің  бағыты 
жөніндегі хаттарын Ташкентте редакцияда істеп жүрген Əуезов 
Мұқтардан  да  көрдім. 1925 жылы  Жұмабаев  Мағжан 
Мəскеуден  маған  Аймауытов,  Кемеңгеров  жəне  Ысқақовтан 
тұрған топқа арнап қазақ əдебиетінің бағыт-бағдары жөніндегі 
«Алқа»  бағдарламасын  жіберіп,  оны  талқыға  салып,  пікір 
білдіруді  өтінді.  Хат  пошта  арқылы  жіберілді,  сондай-ақ  ол 
партияда  барларға  да  жəне  одан  тыс  жүргендерге  де  арналған 
еді», – деп  көрсетеді  А.  Байтасов [24]. А.  Байтасов  осы 
көрсетуінде  бағдарлама  нұсқаларының  А.  Сегізбаевта,  Ж. 
Сəрсембинде  жəне  М.  Əуезовта  болғандығын,  ал  «Алқа» 
бағдарламасы  жөнінде  Ə.  Бəйділдиннің  білгендігін,  сондай-ақ 
Сəдуақасов,  Мұқанов  жəне  басқалардың  хабардар  болуы 
мүмкін екендігін айтады. 
 
Əбдірахман Байділдин өз ретінде «Табалдырықпен» таныс 
екендігін мойындайды. 1929 жылы 1 шілдеде тергеушіге берген 
мəліметінде ол бағдарлама жөнінде 1925 жылы естігенін, тіптен 
«ұлтшыл»  М.  Жұмабаевтың  «Алқа»  ұйымын  «құрып» 
қойғандығын 
көрсеткен. 
Сондай-ақ 
Мəскеуде 
жүрген 
Жұмабаевтың 
Шығыс 
еңбекшілерінің 
коммунистік 
университетінде  (КУТВ)  сабақ  жүргізіп, «Табалдырықтағы» 

 
 
- 22 -
негізгі  тұжырымдарды  сонда  баяндағанын  да  білдіріп  өтеді 
[25].  
 
Ə.  Байділдин  көрсетулерінен,  сондай-ақ  осы  мезгілге  тəн 
басқа  да  фактілік  материалдардан  бір  нəрсе  анық  байқалады. 
Мəскеудегі Шығыс баспасы, Ташкенттегі «Ақжол» газеті жəне 
басқа  баспа  құралдары  арқылы  ұлт-азаттық  ұстанымындағы 
шығармашылықтағы  топ  Орталық  биліктің  кеңестік  жаңа 
отарлау  курсына  мүмкін  болғанша  қарсылық  көрсетіп  бақты, 
интеллектуалдық күрестің жаңа əдіс-құралдарын игерді. Газет-
журнал  беттерінде  əдебиеттің  өсу  жəне  өзгеру  бағыттары 
жөнінде  дисскусиялар  ұйымдастырды («Ақжол», «Еңбекші 
Қазақ», «Қызыл Қазақстан» ж.б.). Өз ұстанымдарын цензурадан 
өткізу үшін олар эзоптық тілмен, яғни негізгі ойды жұмбақтап, 
жасырып  айту,  мысалы,  ертегі,  аңыз  кейіпкерлерінің  əрекеті 
арқылы білдіру сияқты əдіс-құралдарын пайдаланды. Алаштық 
зиялылардың 20-шы  жылдары  жүргізген  бұл  əрекеті 
интеллектуалдық  күрестің  қайталанбас  ғажап  үлгісі  ретінде 
бағалануға лайық.  
Қазақ ұлтшылдарының жаңа қалыптасқан саяси жағдайда 
халыққа  өз  ойы  мен  ұстанымын  білдіруде  эзоптық  əдіс-
құралдарға көшкендігін кезінде Ф. Голощёкин де тура байқаған 
еді.  Ол  Өлкелік  партия  комитетінің 5-нші  конференциясында 
(1925  ж.,  желтоқсан)  қазақ  басылымдарындағы («Еңбекші 
қазақ», «Ақжол»  жəне  ж.б.)  материалдардың  мазмұнына 
тоқталып,  бұл  ақпарат  құралдары  «анық  та  түсінікті  тілмен 
айтуға  болмайтын  нəрселер  жөнінде  астарлы  аңыз,  мысал 
тілімен  жазып  үйренген,  бұл  жалпыға  бірдей  құбылысқа 
айналған.  Белгілі  бір  мысалдың  астарында  біреудің  іс-əрекеті 
тұрады.  Мұндай  əдісті  патшалық  баспасөзде  эзоптық  тіл  деп 
атайтын» [26]– деген  тұжырымға  келіп,  белгілі  дəрежеде, 
шындыққа жақындай түскен еді. 
 
Тіке,  ашық  айтуға  болмайтын  мəселелерді  ыммен, 
астармен айту əдісін əсіресе Мəскеудегі Шығыс баспасы (қазақ 
редакциясын  басқарушы  Нəзір  Төреқұлов)  тамаша  игергендігі 
байқалады. Ал бұл кезде баспада Ə. Бөкейханов, М. Жұмабаев 
сияқты  астарлы  ой  айту  ісінде  əбден  төселген  сөз  шеберлері 
жұмыс  жасады.  Қысқа  мерзім  болса  да  бұл  кісілермен  осы 
баспада  қызмет  атқарған  Ə.  Байділдин  баспа  меңгерушісі  Н. 

 
 
- 23 -
Төреқұловтың  бұл  аталған  штаттағы  қызметкерлеріне  «зор 
құрметпен  əрі  сеніммен»  қарағандығын  айтады.  Баспа 
басшылығы  мен  оның  қызметкерлері  арасындағы  өзара 
түсінушілік  алаштық  зиялыларға  бұл  маңызды  орынды  қысқа 
мезгілге  болса  да  халық  шығармашылығының  үздік 
туындыларын  (ескі  аңыз,  ертегі,  жыр  т.б.с.с.),  сондай-ақ  өз 
шығармаларын  жарыққа  шығарып  отыру  арқылы,  қазақ 
қоғамымен байланыс үзбеу мақсатында пайдалануға мүмкіндік 
туғызған  еді.  Мəселен,  А.  Байтұрсынұлының  ел  арасынан 
жинап,  түзетіп,  даярлап,  осы  баспадан  шығарған  «Ер  Сайын» 
(1923ж.)  жəне  «23 жоқтау» (1926 ж.)  сияқты  кітаптары  осы 
пікірге дəлел бола алады. 
 
Халық  шығармашылығының  үлгілерінен  құрастырылған 
бұл  екі  кітап  та,  əрине,  сол  тарихи  мезгілдегі  алаштық 
зиялылардың  көңіл-күйінен  хабар  беретін  еді. «23 жоқтауға» 
жазған  кіріспе  сөзінде  Ахаң  бұл  туындыларды  қазақтың  тіл 
мəдениетінің  үлгілері  ретінде  ұсынады.  Тек  осы  ойды  ғана 
басшылыққа  алып  отырғандығын  білдіреді.  Ал  шын  мəнінде 
астарлы  ой  тереңде  жатты. «23 жоқтау»,  белгілі  дəрежеде, 
əлгінде 
ғана 
жеңіліс 
тапқан 
ұлт-азаттық 
қозғалыс 
басшыларының  шерлі  көңіл-күйін  білдіретін  шығармалардан 
тұратын еді: 
 
 
 
Құйрық атып құлия, 
 
 
 
Түлкідей қашқан жымия, 
 
 
 
Қараңды үзіп барасың 
 
 
 
Бізден де, қайран дүния. 
 
 
 
Көп жылдар қудым артыңнан, 
 
 
 
Лашындай сызып жер қия... [27]. 
Кеңестік  биліктің  шешімімен  Мəскеуде  жалғыз  бөлмелі 
пəтерде  тұруға  мəжбүр  болған  Ə.  Бөкейханов  тергеушінің 
«қазіргі  уақытта  кіммен  сыр  бөлісесіз?».  деген  мағынадағы 
сауалына  «Менің  екі-ақ  жанмен  сырласуым  мүмкін,  олар  А. 
Байтұрсынұлы  жəне  М.  Дулатұлы,  бірақ  олармен  оңаша  сыр 
алыса  қалған  күннің  өзінде  біз  өкініш  пен  мұңнан  арыла 
алмадық», – деп  көрсетеді.  Шəңгерей  ақын  айтқан  жоқтаудан 
алынған  жоғарыдағы  жолдар  қазақ  азаттық  қозғалысы 
басшыларының сол мезгілдегі көңіл-күйін дəл беретін еді. 

 
 
- 24 -
         Сəл  кешірек  біз  бұл  тақырыпқа  ораламыз,  енді 
«Табалдырық» авторының өз шығармасын кең ауқымға шығару 
əрекетіне  тоқталайық.  Сонымен, 1925 жылы  Мағжан  ақынның 
манифесімен  Орынбор,  Ташкент,  Қызылорда  жəне  Петропавл 
сияқты  орталықтардағы  зиялылар  танысты.  Олар  дерлік 
түгелдей 
Мағжан 
ақын 
ұсынған 
ұстанымды 
қолдайтындықтарын  білдіргенімен, «Алқаны»  білек  түрініп 
құруға  кірісіп  кетуден  іркілгендіктері  байқалады.  Бұл  арада, 
əрине, түсініксіз ештеме де жоқ. Одақта күш алып келе жатқан 
диктатуралық тəртіп қазақ зиялыларына «Алқаны» құруға жол 
бермейтіндігі  анық-тын.  Осы  ретте  Т.  Жұртбайдың  «Алқа» 
ұйымы жасырын түрде қызметін жүргізді деген пікірін қолдау 
қиын.  Мұндай  тұжырымға  негіз  боларлық  фактілер  жоқтың 
қасында.  Ал  тергеу  барысында  алынған  көрсетулерді  сол 
күйінде қабылдау қателікке ұрындырар. 
      Дегенмен,  елдегі  ұлтшыл  ұстанымдағы  зиялылардың 
«Табалдырықты»  жариялауға  ынта  танытқандықтары  жөнінде 
айтуға  негіз  бар.  Ж.  Сəрсембин 1925 жылы  қаңтарда  оқуын 
аяқтамастан 
кейін 
шақырылып 
Орынборға 
оралып, 
журналистік  қызметпен  айналысқандығын,  осы  мезгілде 
Мағжан  манифесін  басылым  арқылы  жарыққа  шығару 
жолдарын  қарастырғанын  мойындайды.  Бұл  іс  бойынша  оның 
алдымен сөйлескен адамы сол тұстағы «Еңбекші қазақтың» бас 
редакторы  Смағұл  Садуақасұлы.  С.  Садуақасұлы  манифест 
идеясына  қолдау  жасап,  газетке  басуға  келісімін  береді,  бірақ 
оны əуелде Е. Омаровқа, С. Қожановқа жəне Ж. Аймауытовқа 
оқытып,  олардың  пікірін  біліп  алуды  ұсынады.  Ж.  Сəрсембин 
С.  Садуақасұлымен  екеуара  болған  əңгімеде, «Алқа» 
үйірмелерін  құру  жөнінде  де  сөз  қозғалғандығын,  бұл  іске 
Смағұлдың  іштарта  қарағандығын  білдіреді.  Ж.  Сəрсембиннің 
бұл  көрсетуі  негізсіз  емес-тін.  Басқа  дерек  көздері  де  С. 
Садуақасұлының  Мағжан  ақын  ұсынған  «Алқа»  ұйымын  құру 
идеясымен таныс болғандығын растайды. 
 
Шешімі 1925 жылы  қабылданып, 1926 жылы  күзде 
ұйымдастырылған  ҚазАПП  (қазақ  пролетариат-қарашаруа 
жазушыларының 
одағы) 
шығармашылықтағы 
зиялылар 
арасында  түрлі  қайшылықты  ұстанымдар  туғызды.  Оның 
платформасында 
көрсетілгендей 
басты 
міндеті 
қазақ 

 
 
- 25 -
ауылындағы  байлармен, «байлардың  өкілі  алашорданың 
ықпалымен»  күресте  «партияға  көмектес  болу»  еді [28].  Бұл 
арада  əу бастан-ақ бұл одақтың біріншіден елдегі саяси билікті 
қолына 
шоғырландырған 
партиялық 
диктатураның 
идеологиялық  құралы  ретінде  өмірге  келгендігі  айқын  болса, 
екіншіден, оған өзінің табиғи арнасы ұлтшылдық ұстанымында 
тұрған  шығармашылық  иелеріне  қарсы  ашық  шабуылға  көшу 
ісінде  белсенді  рөл  атқару  міндеті  де  жүктелген-ді.  Басқаша 
айтқанда,  Ресейдегі  тап  күресі  идеологиясын  сол  күйінде 
қабылдаған  КазАПП,  қазақ  топырағында  (постколониалдық 
кезеңдегі)  өзінің  толық  табиғи  арнасында  тұрған  қазақ 
ұлтшылдығымен  күрес  жолына  түсті.  Бұл 20-30-шы 
жылдардағы  кеңестік  билік  жүйесі  жағдайында  талантты  жəне 
белсенді  қазақ  жазушыларын  жаппай  репрессиялау  саясатына 
идеологиялық  негіз,  алғышарт  жасаумен,  сол  арқылы 
империялық 
орталықтағы 
ұлыдержавалық 
күштердің 
теориялық,  идеологиялық  үстемдігіне  жол  ашып,  оларға 
белсенді қызмет жасауды білдіретін еді. 
ҚазАПП-қа  жүктелген  міндеттің  астарын  тура  түсінген 
санаулы  тұлғалардың  қатарында  С.  Садуақасұлы  да  болды. 
Міне  осы  топтың  талабы  жəне  белсенді  атсалысуымен 1926-
1927-ші  жылдары  қазақ  тілді  басылым  беттерінде  ҚазАПП 
төңірегінде қызу айтыс болып өтеді. ҚазАПП идеясын қолдаған 
жазушылар  «Жыл  құсы»  аталатын  əдеби  жинақ  төңірегіне 
бірігеді.  Айтыс  өзінің  шарықтау  шегіне 1927 жылы  жетеді. 
Міне  осы  айтыс  барысында  ҚазАПП-қа  қарсы  топтағылар  бұл 
ұйымды  жауып,  оның  орнына  «Советтік  жазушылар  одағын» 
құруды  ұсынады. 1927 жылдың  басында  Өлкелік  партия 
комитетінің  баспасөз  бөлімінде  осы  мəселені  талқылауға 
арналған 2-3 кеңес болып өтеді. Ə. Байділдин тергеу барысында 
берген  көрсетуінде  бұл  кеңестерде  орын  алған  айтыс-
тартыстың  баспасөз  бетіндегіден  анағұрлым  ымырасыз  ашық, 
қарсыласу  түрінде  өткендігін  айтады.  Міне  осы  болып  өткен 
кеңестердің  алғашқысында (1927ж.,  наурыз)  С.  Садуақасұлы 
мен  Ш.  Тоқжігітов  ҚазАПП-ты  таратып,  оның  орнына  түрлі 
бағыттағы 
жазушылардың  басын 
біріктірген 
Советтік 
жазушылар  одағын  құруды  ұсынады.  Ал  олардың  бұл 
ұсынысын  О.  Жандосов,  Ж.  Сұлтанбеков,  Ғ.  Тоғжанов  жəне 

 
 
- 26 -
Орынбаев  қолдайды.  Міне  осы  топтың  тапсыруымен  Ғ. 
Тоғжанов Өлкелік партия комитетіне аталған ұсыныспен кіреді. 
Өлкелік  комитет  бұл  ұсынысты  «Алқалықтардың»  əрекеті 
ретінде бағалап, қабылдамай тастайды [29]. 
       Бұл 
баяндалған 
фактіден 
С. 
Садуақасұлының 
«Табалдырық»  манифесімен  жақсы  таныс  болғандығын  жəне 
ондағы  ұстанымды  іске  асыру  жолында  тұрғандығын  аңғару, 
əрине,  қиынға  түспейді.  Дегенмен, «Табалдырықты»  ашық 
баспасөзде  жариялауға  С.  Садуақасұлының  ерік-жігері 
жеткенімен,  оған  партиялық  цензура  жол  бермейтіндігі  айқын 
еді. 
С.  Садуақасұлының  қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысындағы 
орны  мен  рөлін  жақсы  түсінген  тергеуші  Саенко  мен  оның 
серіктері тергеу барысында міне осы мəселеге мүмкін болғанша 
нақты да толық жауап алуға тырысқандығын атап айтқан жөн. 
Біз  үшін  «Табалдырыққа»  байланысты  аса  маңызды 
мəселелердің  бірі,  мүмкін  ең  негізгісі,  ол  платформа  ұсынған 
ұстанымдағы  қазақ  жазушылары  мен  олардың  осы  арнада 
өмірге  келген  туындыларын  мүмкін  болғанша  анықтау  болса 
керек.  Бұл  ретте  алдымен  ұлттық  көркем  ойда  осы  тарихи 
мезгілде қалыптасқан мынадай жағдайға тоқталған жөн.  
XX ғасырдың  20-шы жылдарының екінші жартысы қазақ 
əдебиетінде  жаңа  ағымның  қалыптасуымен  ерекшеленді. 
Ғасырдың басындағы азаттық қозғалыстың толқынында өмірге 
келген жаңа мазмұндағы көркем ойдың көтерген ұраны, қойған 
мəселесі  қазақты  ояту,  оның  аянышты  да  қауіпті  жағдайын 
халықтың  өзіне  таныту  болды.  Осы  мезгілде  жарық  көрген 
шығармалардың  атынан-ақ («Оян,  қазақ!», «Маса», «Тұр, 
қазақ!», «Сарыарқа  кімдікі?»  ж.б.)  олардың  мақсат-міндеті 
көрініп тұрды,  сондай-ақ революциялық өзгерістер қарсаңында 
қазақ  қоғамында  жаңа  ситуация  қалыптастыруға  тікелей  өз 
үлесін  қосты. 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  келесі 1917 
жылы  бүкіл  қазақ  жерінде  болып  өткен  қазақ  сьездері, 
солардың  нəтижесінде  қазақ  комитеттерінің  өмірге  келуі 
(ұлттық  мемлекеттілікке  ұмтылыс),  қазақ  қоғамының  Алаш 
партиясы  ұсынған  бағытқа  қолдау  көрсетуі,  белгілі  дəрежеде, 
ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамдық  ойы  мен  ұлттық  əдебиеттің 
мақсатты  қызметінің  нəтижесі  еді.  Алашорда  мемлекетінің 

 
 
- 27 -
құрылуы,  Алаш  автономиясын  жариялау  əрекеті  ғасыр 
басындағы  əдебиетті  өмірге  əкелген  буынның  осы  мезгілде 
жүргізген  ағартушылық,  сондай-ақ  саяси  қызметінің  де 
жиынтық көрінісі болатын. 
Өкінішке орай, бұл буынның ерлік қызметі күткен нəтиже 
бермеді, азаттық қозғалыс жеңіліске ұшырады. Ол үшін, əрине, 
алғашқы  буын  ұлт-зиялыларын  кіналау  ағаттық  болар  еді. 
Трагедияның  түп-тамыры  империя  құрамындағы  аз  ұлттардың 
еркіндігін  мойындаудан  бас  тартқан  жаңа  большевиктік 
биліктің  антидемократиялық  табиғатында  жатты.  Əлгінде  ғана 
бас  көтеріп,  азаттыққа  ұмтылыс  жасаған  ұлттық  сана  енді 
жеңілістің уын ішуге мəжбүр болды. Соған байланысты 20-шы 
жылдардың  ортасынан  басталып 30-шы  жылдардың  алғашқы 
жартысын  қамтыған  ұлт  зиялыларының  шығармаларындағы 
жаңа кезең қазақ қоғамдық ойындағы екіұдай (екіжақты) көңіл 
күйінің көрінісі болды. Ахмет Байтұрсынұлының баспа көрген 
«Жоқтау»  жинағы  мен  «Бесік  жыры»  алғашқы  буын  ұлт 
зиялыларының 1917-1918 жж.  жеңіліске  ұшыраған  азаттық 
қозғалыстан  кейінгі  басыңқы  көңіл-күйін  білдірсе,  Мағжан 
ақын  қаламынан  туған  «Табалдырық»  жəне  «Жүсіп  хан»,  М. 
Əуезовтың  «Хан  Кенесі»,  І.  Жансүгіровтың  «Күйші»  жəне 
«Құлагері», келесі екінші буын шығармашылық иелерінің ұлтқа 
жеңілістен  кейінгі  қайғылы  жағдайын  білдіре  отырып,  оны 
күйректіктен,  біржола  түңілуден  сақтап,  жігерлендіріп,  жаңа 
күреске,  жаңа  ұмтылысқа  даярлау  əрекетінің  көрінісі  еді. 
Өйткені  бұл  буынның  бойында  жаңа  қарқын,  жануға  əзір 
алдыңғы, аға буын берген отанға, елге деген махаббат оты бар-
тын. Сондай-ақ олар Абайдың:  
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, 
Қызық  келсе,  қызықпа,  оңғаққа  ерме, - деген  өсиетіне 
сенетін еді. 
Бірақ,  елдегі  большевиктік  тəртіпке  қарсы  кез-келген 
болар-болмас  наразылықты  зор  күшпен  басып  жаншуға  даяр 
тұрған саяси билік жағдайында еркін əдеби ойға да орын жоқ-
тын.  Соған  байланысты  ұлтшылдық  ұстанымындағы  қазақ 
жазушыларына  жоғарыда  айтылғандай  эзоп  тілін,  яғни 
шындықты  терең  жасырып,  астарлап  айту  əдісін  игеруге  тура 
келген еді. Мағжан ақын бастаған жаңа буын ұлт жазушылары 

 
 
- 28 -
бұл  жолда  табыссыз  да  емес-тін.  Өмірге  мазмұндық  тұрғыдан 
жаңа  да  тұтас  көркем  шығармалар  шоғыры  келді.  Енді  осы 
«Табалдырық» ұстанымындағы шығармаларға тоқталайық.  
М.  Жұмабаев 1938 жылғы 6 қаңтарда  берген  көрсетуінде 
қазақ  қаламгерлері  арасында  «Алқа»  платформасын  белсенді 
түрде ұстанғандар ретінде Ж. Аймауытовты, А. Байтасовты, М. 
Əуезовты, Қ. Кемеңгеровты жəне І. Жансүгіровты атайды [30]. 
Бұл  ретте  ол  Ж.  Аймауытов  пен  А.  Байтасовтың  Ташкент 
басылымдарында бірнеше өткір мақалалар жариялағанын, ал І. 
Жансүгіровтың «Күйші», «Құлагер» жəне басқа шығармаларын 
«Табалдырық»  жəне  тарихи  романтизм  рухында  жазғандығын 
мойындайды.  
Сонымен  «Табалдырықта»  баяндалған  ұстанымдағы  ұлт 
жазушылары  «Алқа»  түріндегі  ұйымдарын  құра  алған  жоқ, 
жаңа  орнаған  билік  ондай  əрекетке  жол  бермейтіндігін  елдегі 
қалыптасқан  саяси  жағдай  көрсетті.  Сонымен  бірге  Мағжан 
ақын  ұсынған  идея  тек  ұсыныс  күйінде  қалып  қойды  деген 
тұжырымға  келсек,  онда  «Табалдырық»  ұстанымы  арнасында 
өмірге келген қазақ көркем ойының біраз туындыларын түсіне 
алмағандыққа  ұрынар  едік.  Біздің  пікірімізше,  жоғарыда 
Мағжан  Жұмабаев  атаған  жазушылар  қаламынан  туған  біраз 
туындыларды осы «Табалдырық» ұстанымындағы шығармалар 
шоғыры ретінде қарастыруға толық негіз бар. 
«Табалдырықта»  Мағжан  ақын  ұсынған  ұстанымды 
белсенді  түрде  талқыға  салған  Ташкенттегі  «Ақжол»  газеті 
болды. 1925 жылы  газет  беттерінде  «Біздің  сауалдарымыз 
(анкеттер)»  деген  рубрика  мен  əдебиеттегі  процесті  талдауға 
алған жазушы жəне журналистердің мақалалары тұрақты түрде 
жарық  көріп  тұрды.  Газет  ұйымдастырған  бұл  дискуссия 
арнасында  Ж.  Аймауытов,  А.  Байтасов,  Ж.  Сəрсенбин  жəне 
басқа  авторлардың  материалдары  жарияланды.  Олар  өз 
мақалаларында  «қазақ  əдебиеті  жаңа  заманда  қандай  мазмұн 
жəне  бағытта  даму  алғаны  жөн»  деген  сауалға  жауап  іздеді 
жəне  олардың  ортақ  ұстанымы  «қожалық  құрған,  билеп-
төстеген  үстем  ұлттың  əдебиеті  мен  төменшік,  əлсіз,  езілген, 
бодан  ұлттың  əдебиеті  бір  болмайды.  Қазақ  əдебиетінің  ұлы 
орыс əдебиетінен айырмасы бар һəм болмақ» деген тұжырымға 
сайды,  ал  қазақ  əдебиетіндегі  ұлтшылдықтың  толық  өмірлік 

 
 
- 29 -
негізі  бар,  ал  ол  өмірлік  негіздің  бірден  шайылып  жоқ 
болмайтындығы  сияқты,  əдебиеттегі  ұлтшылдық  сезімнің  де 
«тез заманда қала қою мүмкін емес» [31].  
Ал қазақ ұлтшылдығын олар мынадай мазмұнда түсіндірді 
«қазақ ұлтшылдығы үстемдікті, бағындыруды көксеген, шегіне 
жеткен,  озбыр  ұлтшылдық  емес,  алдымен  бас  қорғауға, 
жансауға  қылуға,  жете  алса  теңдік  алуға  талпынған  тіленші 
ұлтшылдық.  Тұрмыс  жүзінде  уақ  ұлттардың  қалың  бұқарасы 
теңгерілмей тұрғанда, ұлтшылдық жоғалмайды» [32].  
Осы  мезгілдегі  көркем  ойдағы  ұлтшылдық  ұстанымы 
арнасында жазылған шығармалардан М. Əуезовтың қаламынан 
туған «Хан Кене» драмасына (1928 ж.) арнайы тоқталған жөн. 
Ал, 1934 жылғы 8 мамырда  Казкрайкомда  осы  шығарманы 
талқылауға арналған мəжілісті ұлтшылдық, яғни «Табалдырық» 
ұстанымындағы  бағытқа  берілген  соққы,  сонымен  бірге 
соцреализм  ұстанымындағы  шығармашылыққа  көрсетілген 
партиялық қолдау ретінде қабылдаған жөн.  
М. Əуезов 1931 жылы 20 қыркүйекте абақтыда тергеушіге 
берген  көрсетуінде: «... Жұмабаевтан  хатты  мен  Семейде 
жүргенде алдым. Конверт ішіне «Алқа» тексі қоса салыныпты. 
Онымен  алдын-ала  хат  арқылы  пікір  алысу  болған  емес.  Бұл 
«Алқадан» өз басым ешқандай да құпиялық көргенім жоқ.   
Платформаны  алған  соң  БК(б)П-ның  Семей  Губкомының 
үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі жəне «Қазақ тілі» газетінің 
редакторы  Тоқжігітовқа  көрсеттім. «Алқа»  тексі  менде  қалды, 
ал  оны  қолдайтындығымды  жəне  осы  ұстанымдағы 
қаламгерлердің  ұйымын  ресми  түрде  құру  үшін  қазақ 
əдебиетшілерінің  жиналысын  шақыру  қажет  екендігін  айтып, 
Жұмабаевқа хат жаздым. Іс осымен аяқталды» – дейді [33].  
  
«Табалдырыққа»   байланысты   бұл көрсетуінің соңында 
М.  Əуезов: «Хатымда    тағыда    не    жөнінде  жазғаным  есімде 
жоқ,  дегенмен  платформаны  нақты  қолдағаным  рас,  ал 
Жұмабаевтан  маған  байланысты  платформаны  қолдамады, 
«тым  солшыл»  санады  деп  неге  көрсеткенін  түсінбедім»  деп 
Мағжан  ұсынған  бағдарламаға  байланысты  өз  ұстанымын 
анықтай түседі. Əрине, бұл арада құпия ештеңе де жоқ. Мағжан 
ақын  пікірлес  Мұхтар  досын  «Табалдырық»  үшін  күйдіруден 
қорғаштағаны  анық.  Оны  М.Əуезовтің  іштей  сезінгені  де 

 
 
- 30 -
даусыз. Соған қарамастан ол бағдарламаны қолдау жəне қорғау 
жағында тұр. 
Сонымен, «Хан Кене» драмасы 1928 жылы жазылғанымен 
қудалауға  ұшырап,  артын  ала  оның  авторының  абақтыға 
жабылуына  байланысты 1934 жылға  дейін  қойылымға 
ұсынылмай жатып қалған еді. Тек 1933-інші жылдан 1934-інші 
жылға  қараған  қыста  сол  кездегі  Қазақ  музыкалық  драма 
театрының  ұжымы  бұл  пьесаның  қойылымын  даярлауға 
кіріседі  де,  шамамен  сəуір  айында  оның  алғашқы  қойылымы 
көрсетіліп, артын ала сахнадан түсіп қалады. Оған бұл пьесаға 
қатысты  партиялық  ұстанымның  үстем  алуы  себепші  болған 
еді. 8 мамыр  күні  Өлкелік  партия  комитетінің  мəдениет  жəне 
насихат  бөлімі  жанында  «Хан  Кене»  қойылымын  талқылауға 
арналған жиналыс өтеді.  
Жиналыста  сөз  алған  белгілі  тұлғалардың  айтқан 
пікірлеріне тоқталмай тұрып, осы талқылаудың өтуіне себепші 
болған  Ғ.  Мүсіреповтың  сол  кездегі  Өлкелік  партия 
комитетінің басшысы Л. Мирзоянға «Хан Кенеге» байланысты 
жолдаған хатына тоқталайық. Хаттың соңында «7 мамыр 1934 
жыл:  Мүсірепов»  деп  көрсетілген.  Бұл  кезде  Ғ.  Мүсірепов 
Халық  оқу-ағарту  Комиссариатының  (Наркомпрос)  театрлар 
бөлімінің меңгерушісі қызметінде еді. 
Хатта    Ғ.  Мүсірепов  Халком  Т.  Жүргенов  пен  пьесаны 
қоюшы-режиссер  жəне  театр  жетекшісі  Орынбек  Бековтың  М. 
Əуезовтің  «Хан  Кенесін»  алдымен  қоғамдық  көрсетуден  (яғни 
қойылымға  қатысы  бар  деген  идеология  қызметкерлерінің 
қатысуымен – авт.) өткізіп алмай, бірден қалың көрермендерге 
ұсынулары  үлкен  қателік  болғандығын  айта  келіп,  пьесаға 
байланысты өз ұстанымын былайша білдіреді: «..Жолдас Беков 
қоюшы  (режиссер)  ретінде,  қыс  бойы  «Хан  Кене»  қойылымы 
арқылы  өз  театрының  шығармашылық  жолын  айқындауға 
даярлық  жасады,  ал  революциялық  театрға  мұндай  мақсат 
белгілеу қателік, өйткені, ондай шығармашылық бағыт театрды 
революциялық советтік тақырыпқа емес, ескі өмір тақырыбына 
бекіту болып шығар еді». 
Ғ.  Мүсірепов  бұл  мəселенің  принциптік  мəні  бар 
екендігіне  көңіл  аударады.  Өйткені,  театр  «Еңлік-Кебек», 
«Арқалық батыр», сол сияқты «Хан Кенені» зор шабытпен қоя 

 
 
- 31 -
отырып,  ал  «Майдан», «Түрксиб»  сияқты  революциялық 
тақырыптағы  қойылымдарға  келгенде  солғындық  танытқан. 
Хат  авторының  пікірінше,  театрдың  мұндай  ұстанымымен, 
əрине, үзілді-кесілді келісуге болмайды. 


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал