Мағынасы ұмытылып бара жатқан сөздер Аңдамақ ұлттық ойын түрі. Талқы



жүктеу 191.34 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі191.34 Kb.

Мағынасы  ұмытылып бара 

жатқан сөздер 

Аңдамақ-  ұлттық ойын түрі. 

Талқы - иленген теріні 

жұмсартатын  құрал («жиналыста 

талқыға салды» деген осыдан 

шықса керек) 



Шүлен - жомарт деген мағы-

наны білдіреді (шөлді шүлен етті, 

шүлен таратты деген тіркестер 

бар) 


Шаша - жылқының аяғын-

дағы  қыл (шашасына шаң жұқпас 

жүйрік) 

Құ

шнаш - бал ашатын әйел 

(бақсы  құшнаш деп те айтады) 



Жеті амал - өте көне этног-

рафиялық түсінік 

1. Күннің тоқырауы 

2.  Қарашаның  қайтуы 

3. Үркердің батуы 

4. Киіктің матауы 

5. Тоқсанның кіруі 

6. Мұздың  қатуы 

7. Айдың тоғамы 

Ежеқабыл, Бел-

құ

да,  Қызыл  құда -

балаларын тумай 

жатып атастырған 

құ

далар 



Наурыз - парсы 

тілінен ауысқан 

«Жаңа күн» деген 

сөз. (Негізінде пар-

сылар жылды 12 

айға, оны үш айдан 

көктем, жаз, күз,  қыс 

деп бөлуді көшпенді-

лерден алған) 

Хакім - дана, да-

нышпан (Хакім Абай) 

қ

азақ тіліне әкім, кәкім бо-



лып кірген. 

Бүлдіргі -  қамшының бі-

лекке ілетін бауы. (мұны «бүл-

дірге» деп те айтады. 

«Қолымда бір  қ а м ш ы м бар 

бүлдіргелі», 

«Бүлінген елден бүлдірге 

алма» дейді) 

Иянат - араб. Жала 

Қ

иянат (қиянат) - араб уәде-

ге опасыздық 



Аманат - өсиет, тапсырыс 

деген мағынада. (аманатқа  қыл-

ма - қиянат). 

Иянар пен  қиянат қосылса зи-

янатқа айналады. 



Асадал - ыдыс-аяқ сақтай-

тын  қапшық (аяқ  қап та сондай) 



Жел көз, тор көз - керегенің 

түрлері 


Бұйда - түйеге бұйда, атқа 

шылбыр тағылады 



Безгелдек - дуадақтар тобы-

на жататын  құс. (Мәссаған, без-

гелдек! -таңдануды білдіретін 

одағай сөз) 



Шырға тарту - бүркітті аңға 

түсуге үйреткенде аңның тұлыбын 

(шырға) тартады. 

Абадан -  қасқыр үйірінің 

басшысы (көсемі) 



Ережеп — үш күндік ораза 

(осылай аталатын кісі аты да бар 



Толағай - тақыр жер («Тау 

толағай көрінер тасы кетер», «Қу 

толағай бастанбай» (Махамбет) 

Саһар - аққудың  қоразы 

Өжектеу - сөз таластыру 

Сауын айту - үлкен асқа, 

тойға шақыру 



Атырау - өзеннің теңізге  құяр 

жері 


Сыралғы - сый. (« Батырдан 

- сауға, аңшыдан - сыралғы») 



Шекелдік - жүгеннің шекелі-

гін күмістеу 



Кеусен - егін орағы аяқтал-

ған соң астық тазалаушыларға, 

дәметушілерге берілетін үлес. 

(Мал сойғанда «қолкесер» берген 

сияқты) 

Әуселе - күш-қуат («Әусе-

леңді көріп алайын») 



Көбеген - жас бала, балдыр-

ған. («Ерте туған көбеген» деп 

малдың төлін де айтады) 

Шүңет - ойдым, шұңқыр 

(шүңет көз) 



Жік - шайтан («Жер астынан 

жік шықты, екі  құлағы тік шықты») 



Шабыра - ешкі терісінен 

иленген былғары (шабыра шал-

бар кигені) 

Шікірә - жас баланың кекілін 

үкілеген,  қызыл-жасыл суыртпақ 

жіп таққан, еркелеткен лағы («бұл 

кімнің шікірәсі?») 



Сақпан - тас атуға арналған 

құ

рал («Сақпанның тасындай сарт 



етті») 

Сірге жияр - күзгі  қой  қырқу, 

астық жинау сияқты жұмыстар 

аяқталған соң ауыл-аймақ үшін 

жасалатын шағын той. 



Аймауыт - батырларға арна-

лып тігілген киім (кейде сауыт деп 

те айтады) 

Әмеңгерлік - некелестіру 

(«аға елсе- іні, іні өлсе - аға мұра» 

дегендей) 

Жолбасар - жол торып, то-

наушы 

дығы 


Сой - тұқым, тек, нәсіл («Мен 

ақсұңқар  құстың сойымын» (Ма-

хамбет) текті ерлердің тұқымы де-

ген мағынада айтылады) 



Пеш - түрік сөзі. Пиш, пыш, 

пісіру, жылыту деген мағынаны 

білдіреді 

Кірпіш - кір, лай, батпақты 

пісіру, яғни лайды күйдіруден шық-

қ

ан. (бұған дейін орыстар пеш, 



кірпіш дегенді білмеген) 

Тіз киім — іш киім 

Әулет - бір атаға жататын 

үрім-бұтақ 

Ш і р і к - сарбаз, жауынгер. 

(«Ағайының көп болса -  ұлы шерік 

қ

олмен тең» (Ақтамберді жырау) 



Аяқшы - тойда табақ тартушы-

лар 


Үпті - дүние, мүлікті, жасаулы 

деген мағына береді. («Бәленбай-

дың үйі үпті») 

Аңғыс - мән-жайын, аңысын 

аңдау 


Тағай -  құлақтың ішкі жағы 

Жаба -  қыран  құсты  ұстайтын 

ер үстіне орнатылған жаппа, үйшік 



Бағар - мал («Бағар көбейсін -

мал көбейсін» деген мағынада) 



Тепкішек - 5-6 жаста баланы 

ашамай ерге мінгізеді. Онда  қор-

жын  қалта болады. Соны тепкішек 

дейді. 


Соқыр тиын — тиынның 

бетіндегі бедер, таңба, жазу көп 

қ

олданғанда көмескіленіп, кейде 



жойылып кетеді. Сондай тиынды 

«соқыр тиын» дейді. 



Әспет - адамға  құрмет, ілтипат 

білдіру - әспеттеу 



Мілік - тістің еті 

Д е ң б е т - күмістелген затты 

айтады. (Мәселен, деңбеттелген 

күміс белдік) 

Аңырақай - шөл дала,  қаңсы-

ған дала 



Насат - ерен (насат бала батыр 

болып өседі) 



Қ

ылаң - жылқы малының жал-

пылама айтылатын түсі (ақбоз, 

құ

ла, т.б) 



Баран - бұл да сондай. («ал-

дыңғы ат қылаң болмай, баран бол-

ды» (Ақан сері.  Құлагер -  қылаң) 

Аужал - ас, тағам. (Осыны 

аужал ете тұрыңдар) 



Сауға - араша тілеу. (Батырдан 

- сауға (олжаға үлес), аңшыдан -

сыралғы) 

Мырзақамақ - үй тұтқыны 

Көкжал -  қасқырдың аталығы 

Тазы - аңшы иті, ауған тілінде 

таза, алғыр, жүйрік деген мағына 

береді.  Ф е р д о у с и «Шахнамада» 

патша иттерін «Саг-и-Тази» деп ата-

ған 

Мантық - логика 

Теософия - діни философия 

(Медреседе Абай мантықты да, те-

ософияны да оқыған) 

Шәмші - араб күн 

Қ

амар - араб ай (Шәмшіқамар 

-  қыздың есімі) 



Құ

рқұлақ - тістің еті  қанайтын 

ауру (парадонтоз) 



Сағанақ - киіз үйдің кере-

гесінің  қоспа ағашы 



Алшын - шабылған шөп ор-

нына шыққан жаңа шөп 



Ақсүйек -  қазақтың  ұлттық 

ойыны 


Керен - су сиыр (бегемот) 

(«Аузын керендей ашты») 



Нау - жалақор, даукес. («Нау 

құ

рымай дау  құрымас», «науды 



аяма, дауды ая») 

Әккі - тәжірибелі, басқаның 

қ

улығын тез байқағыш, басқаға 



ұ

статпайтын адам. 



Жақ - садақтың бір атауы 

Қ

а п т а ғ а й - жабайы түйе. 

(Қаптағай деген батырдың аты 

бар) 

Қ

айдақ - салт басты, сабау 

қ

амшылы бойдақ адам. («Қаза-



ны жоқ -  қайдақ,  қатыны жоқ 

бойдақ» деген сөз бар 

қ

ырғыздарда) 



Даңғайыр - өз ісіне 

шебер, білгір адам. 



Бапан -  қамыс ба-

сының үлпілдегі 

(«басы бапандай, 

аяғы сапандай -

тәуір басталып, нә-

тижесіз аяқталған 

істі айтады) 

Көгілдір - ақ-

қ

удың балапаны 



Аманат  құда -

балаларын жас ке-

зінде атастырып,  қа-

лың малдың бір бө-

легін төлеп  қойған  құ-

далар. 


Асар -  қоғамдасып 

көмек көрсету 



Сілбі  - 1 )  ұзақ сіркіреп 

жауған жауын (ақжаңбыр), 2) 

Өрмекшінің өрмек тоқуға арнал-

ған сұйық заты 



Шомай - екі  құйымшақ 

сүйектің түйіскен жері (шонданай 

деп жүргеніміз осы Шомай болу 

керек) 


З е р т е ң - өкпе ауруы (жө-

телетін) 



Пыстан - көпшікті ерге бе-

кітетін жез  қалпақты күміс шеге. 

(Абайдың «Ескілік киімі» деген 

өлеңіндегі «Жарғақ жастық көп-

шігім жезді пыстан» деген сөз 

бар) 


Дәндәку - кісеннің оқшан-

таймен  қатар тұратын былғары 

қ

алтасы (жоғарыда аталған өлең-



де: «үлкен кісе белімде жез сал-

дырған, шақпағым, дәндәкуім 

ж а р қ - ж ұ р қ етіп» деген жолдар 

бар) 


Күйеуаяқ - ата-енесінің күйеу 

жігітке атаған малы 



Жолаяқ - жолға шығарда 

жасалатын рәсім 



Шүкейіт - киіктің асығы 

(Кішкентай адамды шүкейіттей 

деп суреттейді) 

Шарғы -  ұзатылып бара 

жатқан  қыздың сіңілісіне берген 

орамалы 

Ашымал - арпадан, тарыдан, 

күріштен,  ұннан, т.б. жасалған 

ашыған көже 

Биязы  ш е к п е н - түйе жү-

нінен жіңішке етіп иірілген жіптен 

тоқылған шекпен 

Мор - киіз үйдің ағашын 

(сүйегін) балқытатын орын 



Ереуіл -  ұзақ жортуға шы-

дамды, мықты, берік ат. («Ереуіл 

атқа ер салмай») 

Кермағыз - кербез, маңғаз 

деген мағынада. (Абай өлеңінде 

бар сөз) 

Ақылақ - ыстық ірімшікке 

шекер (қант)  қосып жасалған та-

ғам. (үлкен кісілерге, балаларға 

беріледі) 



Ұ

м а й ана - аңыз бойынша 

ести жоқ ескі заманда көк түріктер 

жат-жұрттықтардың  қырғынына 

ұ

шырағанда бір жалғыз мүгедек 



ер баланы  ұрғашы бері -  Ұмай 

ана асырап жеткізеді. Түрік ұрық-

шәрпі (тұқымы) сол бала мен 

Ұ

май анадан тараған делінеді 



аңызда. 

Құ

зғын сәрі - (құлқын сәрі 

деп те айтылады) - таң ата - ерте 

қ ұ

зғын  құс  қонақтаған жерінен 



ұ

шқан уақыт 



Қ

а р а өзек шақ - жззғытұ-

рым кез 


Парсақ - орта ғасырдағы 

қ

а ш ы қ т ы қ өлшемі. Бір парсақ 



шамамен 6.23 шақырымға тура 

келеді 


Ұ

рағаһ - монғолша аттан де-

ген мағынада (ура сөзі осыдан 

шыққан шығар деген ой келеді) 

Әңгелек -  қауынның кішкене 

түрі (Басын әңгелек ойнатты) 



Қ

а р а үй - көшпенділердің 

абақтысы 



Жинастырған 

Масғұт ХАЛИОЛЛА, 

Қ

азақстан Журналистер 

одағының мүшесі. 

(Жалғасы бар). 



Алаулау - аламан, соғысу, ша-

бысу,  ұрысу деген мағынада айты-

лады 

Көзгенек - араның  ұясы 

Барлы - ерте-ертеде, барлы 

заманда делінеді 



Берен - болаттан жасалған ба-

тырлар киімі 



Дүңгіршек - малдың  ұлтаба-

рын кептіріп жасаған ыдыс. Ішінде 

ештеңе болмаса дүңгірлеп тұрады. 

Қ

азір «киоскіні» дүңгіршек деп 



жүр. Дұрысы - балаған. 

Базына - өкпе-наз. («Базына 

айтар замандасың емес») 



Алқынды - сабынның жуыла-

жуыла жұқарған (таусылған)  қал-

Орталық Қазақстан. - 2005. - 19 қараша (№230/231). - 6 б 


(Жалғасы. Басы өткен сан-

да.) 

Ырғын - көп, мол (Ырғын ол-

жаға жолықты) 



Сарпай - бағалы шапан 

(Өзбектерде әлі күнге солай ата-

лады) 

Аңқасы кеуіп -  қаталап, 

шөлдеп... 



Киімшең бала - тумаса да 

туғандай болған бала 



Шербі - ерте замандағы 

әкімшіліктегі баса билеуші 



Торғауыл - күндізгі 

күзетшілер 



Көптеуіл - кешкі күзетшілер 

Кешіктен - ханды  қорғаушы 

қ

осын 



Қ

оршындар -қорамсақты-

лар,  қару-жарақ басқарушылар 



Бауыршылар -бақыршы ас-

паздар 


Ерденшілер - есік 

күзетшілер (Тұрсынхан Зәкенұ-

лының «Көк бөрінің көз жасы» та-

рихи романынан) 



Жылу -  қиыншылық жағ-

дайға (жұтқа, өртке, сутасқыны-

на)  ұшырағандарға сауын айтып 

жиналатын көмек 



Бая - беймаза, дегбірсіз, ба-

қ

ырауық адам. (Бая-шая деп те 



айтады) 

Жанақ - беттің томпағы 

Сыбаға - сыйлы адамдарға 

берілетін, арнап сақталатын 

мүше 

Ежегей -  қайнатылған  қыш-

қ

ылтым  ұсақ  құрт («Сүттің 



шөбересі» деп те айтады) 

Аушадияр - үйлену тойында 

айтылатын (жар-жарға ұқсас) тәлім-

тәрбиелік мәні бар өсиет өлең-жыр 

Жамбы - мергендер сайысын-

да биікке іліп  қойып ататын ал-

тын, күміс металл 

Сүмсүйір - қайыс, таспа 

тескенде  қолданылатын 

құ

рал 


Ақ үй аманаты -

соғыста жеңілген 

жаққа салынатын са-

лық төлем (ақ боз үй, 

қ

алыңсыз  қыз деген 



сияқты) 

Сыпыра - нан 

илегенде жайылатын 

дастарқан 

Қ

ыраң - биіктеу, 

дөңес жер 



Дықты-кекті, өшті 

деген мағынада 

(көңіліне дық алды) 

Сәресі - оразада күн 

шықпай ішетін тамақ 

Раң - көктемде шығатын 

майда шөп (оңтүстік жақта 

көбірек  қолданылады) 

Күлтелі көйлек -  қыз балаға 

арнап тігілген, етегіне желбіршек са-

лынған  қос етек кейлек 

Күндік - тұтқынның мойнына 

салып  құлыптайтын ағаш ажырғы 

(жасы  ұлғайған әйелдер тартатын 

жаулықты да кей жерде күндік дейді) 



Саптама - кең  қонышты, ішінен 

киіз байпақ киетін  қазақы етік 



Көнек - теріден тігілген шелек 

Ат тұлдау - марқұмның атының 

жал-құйрығын күзеп, жылы еткенде 

(асында) сояды 

Қ

оқан - үлкен балықтарды 

желбезегінен өткізіп тізетін арқан 



Сапар кесе - үлкен кесе. Бізде 

Ұ

лытау жағы  қолданады 



Үскі - киіз үйдің ағашын тесетін құрал 

Садақа - қаріп-қасер, ауру-сыр-

қ

ауға берілетін  құдайы («Садақаны 



сауда бер») 

Дындан - піл сүйегінен жасалған 

қ

ымбат тарақ 



Нәресте - парсыша піспеген, 

жетілмеген бала 



Сәби - арабша ер бала, сәбия -

қ

ыз бала 



Перзент - парсыша  ұрпақ 

деген мағынада 



Кедек - парсы тілінде 

кішкентай, балапан «Батыр -

аңғал, ер - көдек» (мақал) 

Мәлік - патша 

Мәлике - патша 

әйел, патшаның әйелі 



Тәбәрік - арабша 

1)  ұмытылмас үшін 

беретін сыйлық (суве-

нир) 2)  құрметті адам-

нан қалған зат, кітап 

Жәдігер -

ескерткіш - дүние 

(Бала - жақсыдан  қал-

ған жәдігер) 



Бәдіз, бәдізші - тас-

қ

а таңба сапатын, сөз жа-



затын адам 

Мәжіліс - арабша жина-

лыс, жиылыс деген мағынада 



Әлмисахтан - ертеден, 

ерте-ерте ертеден 



Тәуфих - арабша,  қанағат, 

шүкіршілік деген мағынада 



Ассалам - арабтың сәлем деген 

сөзінен шыққан.  Қазақшасы - ты-

ныштық, амандық, саулық, есендік 

Ассаламғалейкум - Сізге 

бейбітшілік, амандық болсын! 



Уағалейкумассәлем - Сізге де 

бейбітшілік болсын! 



Айналайын - айналудан шық-

қ

ан. Құрбандығың болайын! Садағаң 



кетейін! деген мағына береді. 

Адал бақан - киім ілгіш 

Обыр -  қанішер, жауыз (Ракты 

да обыр деп жүрміз) 



Абжылан (Әбжылан) - араб. 

Сужылан. Аб-су. 



Қ

айым айтыс -  қыз бен жігіт 

айтысы 


Бәдік айтыс - шешендік сөз 

жарысы 


Молда (молла) - арабша сау-

атты, білімді, оқымысты, ұстаз де-

ген сөз 

Улама, ұлама - молданың 

көпше түрі (қазақша ғұлама) 



Жеңсік ас - сирек 

кездесетін, сүйсініп жейтін ас. 

(Деликатес деген сияқты) 

Жаһаннам - араб. дозақ, 

тамұқ. 


Жаһіл - араб.зұлым, надан, 

топас,  ұятсыз 



Кәусар - араб. зәмзәм су, 

кәусар бұлақ 



Қ

ызыл су - көктемде қар суы-

на жаңбыр суы қосылып ағатын су 



Атқы -сел. (Шығыс жақта жиі 

қ

олданылады) 



Саудайы - абайлама ойлан бай-

қ

амай іс істеу. Абайда «Саудайы-



ай, сауды алмадың-ау, сырқауды 

алып...» 



Белқұда - әйелдері екі қабат 

(жүкті) болмай тұра құдаласу 



Бесікқұда - балалар туған-

нан кейінгі құдаласу 



Лақса кәрі - өте кәрі 

Албаты -  құр босқа. (Албаты 

маңырама) 



Жинастырған 

Масғұт ХАЛИОЛЛА, 

Қ

азақстан Журналистер 

одағының мүшесі. 

(Жалғасы бар). 

Орталық Қазақстан. - 2005. - 22 қараша (№232) ; 



(Жалғасы. Басы өткен сандарда). 

Т у а ж а т - ж е т і атаның соңғысы (ата, әке, 

бала, немере, шөбере, немене, туажат) 



Кәтеп (қатеп) - нарға жүк арту үшін са-

лынған  а ғ а ш жабдық,  ( М а х а м б е т т і ң «Қас 

үлектен туған кәтепті  қара нар керек біздің 

бұл іске» дегені бар) 



Ысқауыр - тілуге,  а ғ а ш қ а өрнек салуға 

арналған  құрал 



Кеніш - молшылық, байлық (кейінде кен 

қ

азатын орынды да кеніш деп жүр) 



Үк - (Кейде үп деп те айтады) - үйге то-

заң сияқты түсетін күн сәулесін айтады. («Үп 

келді -  құт келді») 

Наруана - нарға жүк арту үшін  қолда-

нылатын жабдық 



Ү д е - бір  н ә р с е н і ң  ш е г і ,  ш а м а с ы 

(үдесінен шықты) 



Еміл -  қатты ағаштан жасалған мықты 

таяқ 


Ш ә р г е з -  қ ы ң ы р ,  қ и с ы қ ,  ш ә л к е с 

сөйлейтін адам 



С а й ғ а қ - 1)  Қ а б і р д і ң басына тігілген 

ағаш (Шалкиіз ақынның «Саздауға біткен 

сары ағаш, кімдерге сайғақ болмаған» 

дегені бар) 

2) Киік, ақбөкен, құралай «Сайың-

нан  с а й ғ а қ  қ ұ р л ы сая  т а п п а й » -

(Мәди) 

Ж а с у - и н е н і ң көзі (Иненің жа-

суындай жер болса өтеді» дейді 

пысық адам туралы) 

Бәңгі - меңіреу адам (Абай-

да бар) 


Ү й е к - шөбі шүйгін, табиғаты 

қ

олайлы жер (Жерүйек, жерұйық 



мағыналас) 

А н д а ғ а й - 

қ

а д а у - қ а д а у , 



селдір, сирек деген мағына береді 

Ыңғуыр -  а ғ а ш т ы үңгіп, ішін 

о й ы п ыдыс  ж а с а й т ы н  ш е б е р д і ң 

құ

ралы 


Қ

алжа - босанған әйелге берілетін 

құ

нарлы ас. («Мен туғанда да шешеміз 



қ

алжа жеген шығар») 



Ж е к е н - суда өсетін  қоға шөп 

Бақалақ -  қол диірменді айналдыратын 

қ

ысқа тұтқа ағаш 



Ш о й - үлкен  қ а з а н  ( Ш о й  қ а р а -  з о р 

денелі, өңі  қара адамды айтады) 



Бұрмаша -  ұршықтың жіп ілетін басы 

Сықырлауық - киіз үйдің жарма  е с і г і . 

Сілікпе - жігіттердің оңаша бас  қосып 

жейтін жас малдың еті 



Айдар - жас баланың төбесіне  қ о й ы л -

тын бір шоқ шаш 



Тегеурін - бүркіттің артқы саусағы 

Ж е м б а с а р - бүркіттің алдыңғы саусағы 

Тоз -  қайыңның  қабығы 

Сеңгір - биік (Сеңгір тау) 

Лау -  қызмет бабымен жүрген адамды 

бір ауылдан екінші ауылға  ж е т к і з і п салу 

қ

ызметі («Лаулап келдім») 



Өліара - екі айдың аралығы 

Итарқа - күркеше. Екі керегенің басын 

қ

осып жасаған уақытша тұрақ 



Т ы ғ ы р ы қ -  т ү й е н і ң  м ұ р ы н д ы ғ ы н 

бекітетін  қалың теріден жасалған дөңгелек 

тесік (тығырыққа тірелу) 

Қ

асаба - көп жасаған мама бие (осы-

дан «қасабалы бәйбіше» деген сөз тіркесі 

шықса керек) 

Оташы - сынықшы (Қазір хирургті де 

оташы деп жүр) 



Оқпан - шұқыр жер 

Жыға - батыр дулығасының төбесіндегі 

шошағы 


Қ

а п с а ғ а й - ірі денелі адам 

Д е г д а р - текті (дегдар адам) («Тұқымың 

дегдар болғанмен азғын туғансың» Дулат) 



Ө р е ш е - киіз үйдің ішінде ас сақтайтын 

орын 


Шеттік - түйенің мұрындығына тағыла-

тын  қысқа бұйда 



Зайыр - анық. («Бірге ойнайтынымыз 

зайыр есімде» Шерхан Мұртаза) 



Тірмізік - жаны сірі, итжанды («Тірмізік 

екенмін,  қасқырдың тарамысынан жарал-

ғандай тырмысып әлі келемін») 

Тұқым - жұмыртқа 

Қ ұ

ртқа - қаншық қасқыр. 

Алтын күрек -  ж а з ғ ы т ұ р ы м ғ ы  қ а р д ы 

ерітетін жылы жел 



М и з а м -  ө с і м д і к т е р  ұ л п а с ы  ( М и з а м 

ұ

шқан  қоңыр күз) 



С а н д у ғ а ш - бұлбұл (татар тілінде жиі 

қ

олданылады) 



Жалбыз - жағымды иісті шөп 

Бозым жігіт - сылқым, көркем жігіт. 

Зорақы - зорлықшы, өктемші 

Тақуа - діндар адам 

Қ

а п т а м а - басқа киімдердің сыртынан 

киетін мол киім 



К ә ш е к - мал жеген шөптің оттықта  қал-

ған  қалдығы 



Құ

лжа - арқардың  құлжасының асығы 

Топай - сиырдың асығы 

Оқалақ - сиырдың арқасына тұқым тас-

тайды, одан  қ ұ р т ; сол  құрттан  о қ а л а қ -

оқыра өсіп шығады 

Отақ - арпаны арам шөптен тазарту 

Мия - бидай арасына шығатын улы дәні 

бар шөп 


Ш и п а  ш ө п - дәрілік шөптер: адырас-

пан, киікоты, көкемарал,  қылша, т.б. 



М ә ш к е ит -  қанден ит 

Ә л ж у а з - аурушаң, әлсіз 

Байғыз - күндіз  ұйықтап, түнде  ұшатын 

құ

с (жапалақ тектес) 



Шоңайна - өсімдік 

Өзек - жүрек сөзінің орнына  қолданы-

лады. («Адам ағзасында өзек деген мүше 

жоқ. Татарлар: Сине уйлап сағынғанда, узе-

З а ғ а р а - жүгері нан 

Ш е р б е т - тәтті  і ш і м д і к  с у с ы н  ( ш ы н 

к е ң і м е н берген  қара су шербеттен де тәтті) 



Әбжіл - тез, шапшаң 

Кеуек - бос,  қоянның  қардан  қазып жаса-

ған  ұя-үйшігі 



К е п е ш - бас киім 

З і л -  ұ й ы қ ,  б а т п а қ  ( Ж а ғ а ғ а  ш ы қ қ ы с ы 

келеді, бірақ зіл жібермейді) 



Ақта болған - піштірген (жылқы) 

Қ

а р и -  құранның сүрелерін жатқа айтатын 

адам 


Тас жетім - ата-анасыз, тұлдырсыз жетім 

Әуліжай - бассейн 

Ш и ш а қ п а қ - сіріңке, оттық 

Қ

одыға -  құланның  құлыны 

Қ

одық - есектің төлі 

Қ

озықа - арқардың төлі 

Құ

ралай - киіктің төлі 

Пәдері - беті, түрі жүзі. (Пәдеріңе нәлет!) 

З ә у д е бір - кейде бір 

Келесау - есапаң 

"Йуьіш - есі ауысқан адам 

Кісәпір - тәкаппар, кеуде адам 

Керсен - ыдыс (Арты керсендей месқа-

рын) 


Жәлепхана - жезөкшелер  ұстайтын үй 

Пырақ -  қанатты тұлпар (Пайғамбардың 

пырағы) 


Әлеке - тазының ең жүйрік тұқымы (әле-

кедей жаланып) 



Самар -  қымыз  құятын, ет салатын үлкен 

астау 


Шері - жолбарыс 

Тоғанақ - түйеге артқан жүк 

Қ

осын - ерікті сарбаздар тобы 

Боздақ - 1) малдың жаңа көтерілген уақ 

жүні 


2) көк ерім жас жігіт (бетінен (жағынан) боз-

дағы шығып... 



К е ж е г е -  б а с  с ү й е к т і ң  ж е л к е  т ұ с ы 

(кежегесі кейін тартып) 



Ертәуіл - тыншы, шолғыншы 

Өре -  құрт, ірімшікті биік жерге жаятын ши 

(өресі жетпеді деп те айтады) 



Сүйретпе - ысталған тері саба (10 шелек-

тей  қымыз сияды) 



Қ

а л ж у ы р - есікті іштен бекітетін  т и е к 

(«Тышқан ініне кіре алмай жүріп,  құйрығына 

қ

алжуыр байлапты») 



М а н ж а м - бүркіттің  ж е м с а у ы н тазалау 

үшін берілетін бір уыс жүн-жұрқа 



Тайтұяқ - тай тұяғындай алтын, күміс 

Қ

а р а қ - асқан баукеспе  ұры 

Күпшек - арбаның доңғалағын  қисайтпау 

ұ

шін білікке көлденең салынған ағаш (Бүқар 



жырауда «Күпшек санды күреңді» деген тіркес 

бар) 


Алғадай - бірінші болып  ұрысқа кіретін 

әскер тобы. (Жамбылдың  ұлының аты - Алға-

дай). Олардың жаназасы алдын-ала шығары-

лады екен. 



Наркескен - екі жағы да жүзді  қылыш 

Қ

ы р д а с ы н -  к и і з  ү й д і ң  ү з і к ,  т у ы р л ы қ 

киізінен  қалған  құрақ төсеніш 



Ж е м е л е к -  қысқа шашқа  қ о с ы п өрген ақ 

мата 


Уыз  қ а ғ а н а қ - көктемде  қойшылар тор-

сыққа құйып, ыстық күлге көміп пісірген уыз сүт 



М а т а й - аюдың аталығы 

Дойыр - кеп таспадан өрілген жуан  қам-

шы 


Қ

ырпы - дулыға ішінен киетін жүні тықыр 

қ

о й терісінен тігілген бас киім 



Сағалдырық - жүгеннің алқым тұсын 

сағадан байлап бекітетін тетік 



Ж а м п о з - нар бура мен айыр еркешті 

інгеннен туған будан тұйе 



Бүрме -  қ о й д ы ң етін сүйегімен  қ о с а 

шауып, түрлі дәмдеп  қарынға салып, сақ-

тап  қояды 

Саталғы -  қ а й ы с т ы ысып тазартуға 

арналған  құрал 



Көкпек - 1. Арқардың екі жасар еркек 

тоқтысы 


2. Шөлді жерге шығатын өсімдік 

Д е ң г е н е - 1. Жігіттер (2-3) бірігіп бір 

қ

ойды сойып, етін бәске жейді. Жеп кетсе 



-  қ о й  құны сұраусыз, жей алмаса - төлейді. 

2. Аурудың аты 



Құ

рысқақ - тобылғы тиек 

(Абайдың«Ескілік киімі» деген өлеңінде 

мынадай жолдар бар: «Тобылғыдан кесіп 

ап, жіппен  қадап, артын белге  қыстырған 

бар  құрысқақ») 

Түйесіңір - бұта есімдігі 

Бестек -  қой, арқар терісінен жасал-

ған жұмсақ төсеніш 



Рауан - таң алдындағы күн шұғыласы, 

сәуле шашуы, арайлануы 



Ш ы т ы р м а н -  к ө п  ж а п ы р а қ т ы 

өсімдікті өрнектеу 



Балқаш - балғын шөп 

Боркемік - ынжық (жігітке айты-

лады) 


Ұ

з ы н с а р ы - көктемде күннің 

ұ

зарған кезі 



Ж а у т а ң -  т ү л к і н і ң  к ү ш і г і 

(«түлкінің  ж а у т а ң ы н д а й  с е н і 

көрсем») 

Ш а н а ш -  қ о й д ы ң  т ұ л ы п  қ ы п 

сойған терісінен жасалған ыдыс 



Көбең - аз уақыт бос жіберіп, 

ет алдырып мінетін көлік (ат) 



Шөнжік - жолбарыстың күшігі 

Қ

ы м ы з м ұ р ы н д ы қ -  қ ы м ы з д ы ң 

алғашқы ашытылуына бас қосатын салт 



К е з -  ұзындық өлшемі (71,2 см.) 

К е ң -  м ұ р ж а с ы  е д е н н і ң  а с т ы н а н 

өтетін ошақ 



Т е с е - отындық көкпек, баялыш сияқ-

ты есімдіктерді шабатын (кетпен сияқты) 

құ

рал. 


(«Үйімде шай ішетін кесем де жоқ, 

Отын шауып, жағатын тесемде жоқ») 



Түлкішек - түлкінің күшігінің бір аты 

Байтаба -  қ о й д ы ң жүнінен тоқылған 

жүн шұлғау 



Қ

улық - тұңғыш  құлындаған бие 

Құ

лпы - жалтылдаған жібек мата 

(«Мінгенің жылқы болсын, 

Кигенің  құлпы болсын») 

Шідер - аттың үш аяғын бекітіп  қоятын 

әбзел. («Шідерімді кім алды, Ләйлім шы-

рақ» деген Біржанның әні бар) 

Ақтүтек - айнала көрінбейтін боран 

Ш а н д о з - асыл,  а р д а қ т ы («Анадан 

асыл туған, шандозым-ай») 



Аласапыран  - 1 )  қ а р бір еріп, бір жа-

уып жатқан табиғаттың  құбылма мезгілі 

2) заманның тынышсыздығы 

М а с а қ - 1) Садақ оғының  ұшы 

2) Бидайдың егістікте  қалған  қалдығы 



Ж о л ы м - ықшамдалған шаңырақсыз 

үй (көшіп-қонғанда қолданылады) 



Түйемойнақ - түйенің мойын терісінен 

жасалған алтын, күміс бұйымдарын сала-

тын дорба 

Қ

оқыр - хан, сұлтан кигей зерлі, оқалы 

бас киім 



Сахар - алабота сияқты шөпті жағып, 

күлінен сахар сабын  қайнатқан 



Қ

а с а м - ант. («Қасамнан  қашып, тәу-

бе  қыл, насихат алсаң  құлаққа-ай.» Май-

лықожа) 

Көгентүп - бір-біріне дос, туыс адам-

дардың баласына бәсіре ретінде берген 

сыйлығы. (Мал,  құнды дүние болуы мүмкін) 

Жағлан - теріден не киізден жасалған 

жағалы киім салатын сандық 



Т ү м е н - он мың сарбаздан  құралған 

жасақ 


Қ

ы м қ а п - алтын, күміс жіпті араласты-

рып тоқыған  қалың мата 



А п а н а қ -  а ю д ы ң бір  ж а с а р баласы 

(оның  қ о н ж ы қ деген де аты бар) 



Ж ы м - аңның ізі (мәселен,  қ о я н н ы ң 

жымы. «Жымын білдірмейді» деген тіркес 

бар) 

Түрпі  - а ғ а ш т ы егеп тегістейтін  құрал 

К е г е й -  а р б а  д о ң ғ а л а ғ ы н ы ң күпшек 

пен табаны арасындағы шабақ ағаш 



Е л т е б е р -  қ а ғ а н а т  а қ с ү й е к т е р і н е 

берілетін  қызмет лауазымы (тұқымтеберін 

-  ұрпағын  қалдырмады деген де бар) 

Өлі-тірісін берген соң - Өлі күйеу жа-

тар ма  - д е г е н д е г і «Өлі-тірі», «Өлтірі» (Қор-

жын) деген сөздің айтыла-айтыла өзгерген 

түрі. Ерте замандарда қазақтар қызға құда 

түсіп,  қыздың үйіне «Өлтірі» -(түрлі бағалы 

к и і м д е р ,  з а т т а р  с а л ы н ғ а н ) 

қ

о р ж ы н 



жіберген. Осыдан кейін күйеу жігіттің  ұрын 

"ұрланып) баруына болады 



Қ ұ

й - 

қ

а з ы қ  ( Б а ғ ы  з а м а н д а 



қ

ылмыскердің желкесіне  қүй (қазық) қағып 

ж а з а л а ғ а н .  Б ұ л да айтыла келе  ө з г е р і п 

«төбеңе  құй  қазды ма?» болып кеткен) 



Үкі тағу - 1. ертеде құда түсіп, айттыр-

ған  қызға (болашақ келінге) алтын сырға, 

жүзік сыйлаған. Осы кәдені «үкі тағу» деп 

атаған. 


2. Мұз ойығы (үкі) 

Жинастырған 

Масғұт ХАЛИОЛЛА, 

Қ

а з а қ с т а н Журналистер одағының 

мүшесі. 

(Жалғасы бар). 

лер үзегем» деп әндетеді» Шерхан Мұртаза) 



Құ

лбарақ -  Құл мен барақ (итке айтыла-

ды) иттің буданы 



Қ

ылпық - бидайдың топаны 

Шығыр -  құдықтан су тартатын  құрал 

Әңгі - есектің айғыры (Соқыр - әңгі, таз -

әулекі) 


М ә ш -  ұрғашы есек 

Кәуар - шашлык, тұшпара - пельмен 

Ақсарылқап - мамыражай, бақуат уақыт, 

заман 


Түйе  қарын -  қаңбақ ебелек сынды өсімдік 

Кебе (көбе) - марқадан ересек  қ о з ы 

Сұңғыла - 1)  қауынды сорып  қоятын арам 

шөп 


2) көп білетін зерделі адам 

Кебенек - 1) ешкінің ауруы 

2) Киізден пішіп киетін киім (Кебенек киген 

келеді, кебін киген келмейді) 

Орталық Қазақстан. - 2005. - 24 қараша (№233/234). - 11 б 



(Соңы. 

Басы өткен сандарда) 

Қ

арқара - әр түрлі мағына 

берілген 

1) құстың аты 

2) қыздың бас киімі 

3) биіктау, ұлы тау, алып тау 

(монғолдар биік тауды «хархи-

раа» деп атайды. Осы аттас тау 

бар. Биіктігі 4037 метр. Біздің Қар-

қ

аралы тауының ең биігі - Жирен 



сақал әулие тауы. Биіктігі 1338 

метр. Қарқаралының ені 20-25 км) 



Тұттай жалаңаш - тұт ағашы-

ның жапырағымен жібек құрты 

қ

оректенеді. Жапырағын 



жібек құрты жеп біткен соң 

ағаш жалаңаш қалады. 



Зілзала - жер 

сілкіну 


Машайық -

араб сөзі 

1) періште 

2) абыз,  қарт 

кісі 

( а л ы с т а ғ ы 



Әулиеден жа-

қ

ындағы ма-



шайық артық. До-

лыдан машайық 

қ

ашыпты) 


Майдан - үлкен, 

кең алаң (жекпе-жекте 

майданға (кең алаңға) 

шығып  ұрысқан) 



Діл - парсы тілінде жүрек де-

ген сөз 


Қ

алп -  қырғызша өтірік деген 

сөз («Халық айтса,  қалп айтпай-

ды») 

Қ

азан - 1) айдың аты 

2) арабтың хәзан деген сөзінен 

шыққан - молаю,  қор жинау, толу. 

«Елу жылда - ел жаңа, жүз жыл-

да -  қазан» яғни жүз жылда 

кемеліне келеді, толады деген ма-

ғына береді. 

3) Тянь-Шань (Аспан тау) шыр-

шасының жемісі. Жүз жылда пісіп, 

зілді ауруларды емдеуге қолданы-

лады екен 

Салбурын -  қыста  қостап аң 

қ

ағу (Салб - араб тілінде түлкі, 



ұ

рын - жасырыну, тығылу деген 

сөз. Сонда түлкі жасырынады, ты-

ғылған түлкіні аулау деген мағына 

шығады) 

Мият -  қорған 

(«Туған ел - миятың, туған тіл -

ұ

ятың». «Шықпайсың күндіз естен, 



түнде түстен, көзіңнен айналайын, 

миятым-ай!») 



Таған - өрт кетпесін деп ошақ-

ты айналдыра үш ағаш тастаған. 

Осыдан «үш таған« деген сөз 

тіркесі туған.  Ұлтты сақтайтын үш 

таған - тіл, дін, діл дейміз 

Тебін -  қысқы мал (жылқы, 

қ

ой) жайылымы. 



Бүкпе -  қулық биені сауғанда 

аяғын бүгіп қоятын жіп 



Бұла - еркін, ерке өскен бала 

(Еркебұлан) 



Кіндікбау - киіз үйдің есігінің 

дәл ортасынан тағылатын бау 



Шекіме - күміске бедер сала-

тын құрал 



Сардоба - су сақтайтын 

күмбезді  құдық 



Манат -  қымбат, түкті мата 

Мәймөңке - ұшы қисық жіпті 

іліп алатын ине (мәймөңкелеп, 

майдалап, жайлап түсіндірді деген 

осыдан шыққан) 



Жәутік - мүжілген асық (Жа-

ман -жәутік) 



Бәдік - мал ауруының аты 

Надұрыс - бекер, өтірік 

Нақұрыс - есерсоқ, жынды,.. 

Ағартық - суға салып  қан-

сөлін кетірген - бүркітке беретін ет 



Кеней - көнге тігілетін асық 

Сақа - көнге тігілген асықты 

сақамен атады 



Сырдаң -  қу, әккі, суайт-сыр-

даң, сараң... 



Мелдек - кеңірдек (мелдектеп 

- кеңірдегінен келе тойды) 



Алақшы -  қанішер,  қанкөй 

адам 


Тасқорық -  қойшылардың  қыз-

ған тасты ыдысқа тастап сүт пісіруі 



Ергіз - жер астынан шығатын 

бұлақ сияқты су  к ө з і , 



Сапы - өткір,  қарымды пышақ 

Тәрте - арба, шананың көлік 

жегетін жетек ағашы 



Аққамшы - таспалап өрген ар-

қ

анның бір түрі 



Жам - шарап, сусын құятын тос-

таған сияқты ыдыс 



Сабау - жүн сабайтын таяқша 

Шыртылдақ - тортасын айырғ-

Сүйем - өлшем бірлігі. Бас 

бармақ пен балан үйрек арасы 



Сүлей - суырып салма ақын-

жырау (Сыр сүлейлері) 



Күлдәрі - жұқа, үлбіреген 

мата (күлдәрімен белін буған) 



Ырдуан - арбаның екі доңға-

лақты, биік қорапты түрі 



Қ

ызана - некесіз бала тапқан 

қ

ыз 



Қ

ызталақ - некесіз туған бала 

Кердемше - бұл да некесіз 

туған бала 



Пәңгілік — мәңгүрттіктің 

синонимі 



Ақ егін - дәнді дақыл - бидай, 

арпа, т.б. 



Қ

ара мал - жылқы, си-

ыр...(қой, ешкі  қосылмай-

ды) 

Жунт - түрік тілінде 

жылқы. Жұнттай-сын 

есім. Семіз-күйлі 

жылқыдай деген ма-

ғына береді 

Құ

лыптас - ма-

рқұмның  қабірінің 

бас жағына қойыла-

тын ескерткіш-белгі 

тас (құлпытас деп те 

айтылады) 



Мамыр - көктем 

айы. (Бұл туралы М.Әуе-

зов былай деген: «Жаңа-

ша май, ескіше мамыр, ша-

руалар тілімен сәуір, ал аңшы-

лар тілімен айтсақ  құралай айы 

дейді мұны. Төрт түлік, жан-жану-

ар біткен жас төлін жаңа өргізіп жа-

тыр емес пе бүгінде. Жөн білетін 

кісі төл үстінде пышақ та  қайра-

майды.») 

Сұңқар - сұңқар құстың қора-

зы 


Шүңкәр - сұңқар  құстың 

мекиені 


Мүшәйра - Үндістанда ақын-

дар айтысы осылай аталады. Олар 

өлеңдерін оқиды 

Нос - сес көрсету (Нос 

көрсетті) 



Жарамазан _ (Жарапазан 

емес) - Ораза (рамазан) айында 

белгілі бір салт-жоралғыларға ар-

нап айтылатын ән. «Жарамазан» 

сөзінің түпкі мағынасы «жар-рама-

зан» дегеннен шыққан. Екі жастың 

некелі тойында қуаныш-шаттыққа 

ортақтасып, жақсы тілек тілеп, 

«Жар-жар» атты өлең айтқан. 

Мына «жар-рамазан» да рамазан-

ораза айына айтылатын құттықтау 

ән. Кеңес өкіметі кезінде «Жара-

мазан» сөзінің өзі теріс айтылып 

«жарапазан» боп тарап кеткен. 



Тәңір - ғұндар аспанды осы-

лай атап,  құдай деп табынған. 

Тәңір сөзі екі түбірден: «Таң» -

күннің шығар уақыты, «ер» - ерж-

үрек, еркек, батыр мағынада ай-

тылған. Түркілер мұсылман (Ис-

лам) дінін  қабылдағанша тәңірге 

табынған. 



Алла - арабша «Аллаһ» - Жа-

ратушы сын деген мағынада айты-

лады. Араб саяхатшысы Әл-Мак-

диси: «түркілер» «Инчи Алла» 

деудің орнына «Бір тәңір» дейді. 

Хақтың (жаратушының) аты 

түркіше - Белиг бай. Орыс тіліндегі 

«великий» осыдан шықса керек. 

«Бай ата» - жаратушы ретінде ай-

тылады. 


Құ

дай -  қазақ тіліндегі Алла 

есімі 


Хақ-тәңір деген мағынада. 

Бұл жөнінде мынадай әңгіме бар 

Абай бір үйде әңгіме айтып отыр-

са, Көкпай молла: «Намаз уақыты 

болып  қалды, дәрет алу керек»,-

деп сөзді бұза берсе керек. Сон-

да ұлы ақын әзілдеп: «Тағат деген 

не? 


Тағат - хақ жолында, 

әдхам жандар ізденіп жүр со-

ңында. 

Ж и н а с т ы р ғ а н 

М а с ғ ұ т  Х А Л И О Л Л А , 

Қ

а з а қ с т а н  Ж у р н а л и с т е р 

о д а ғ ы н ы ң  м ү ш е с і . 

ан сары майға жылқы майын қосқан 

тағам 

Ақаба - тоғанды байлағанда 

қ

алатын сарқынды су 



Қ

ауын  құрт -  қауыннан  қайна-

тылып жасалған тәтті құрт 



Дембі - топырақпен тазалану 

(дәрет алу) исламда - таям делінеді 



Шіліңгір - шілденің аптап 

күндері 


Сояу - балық сүйегінен жасалғ-

ан қисық, сүйір ине 



Наруан - қолдан тоқылған кілем 

Жаубүйрек - жаңа сойылған 

малдың, аңның бүйрегінен пісірілген 

(істікке шаншып, отқа қақтап) тағам 

Тасаттық - табиғат апаттары 

кездерінде (өрт,  құрғақшылық, су 

тасқыны, күн, ай тұтылу, т.б.) мал 

сойып Апладан жәрдем тілеу 



Қ

оза - мақтадан есілген арқан-

шаға тағылған  қоңырау 



Батаға- балықшылардың қамы-

стан жасалған үйі 



Пәруардигар - парсы тілінде 

құ

дай, тәңір 



Атбесік -  қабірдің басына  қо-

йылған тас белгі 



Бұғыз - диірменнің үстіңгі та-

сындағы кең тесік 



Тірілету - бүркітті алғаш рет 

кішігірім аңға салу, баулу 



Сүрме -  қас пен кірпікке жаға-

тын бояу 



Опа - ақ  ұлпа. Далап -  қызыл 

бояу 


Махаббат - Алланың адамдарға 

тартқан үлкен сыйы. «Махаббатсыз 

дүние бос» (Абай). Мах - көне латын 

тілінде де, көне парсы тілінде де 

үлкен деген сөз екен. Ал аббат -

құ

дайшыл деген мағына береді. 



Өткен дәуірлерде монастырларда 

қ

ызмет еткен  құдайшылдарды аб-



баттар деп атаған. Осы сөзде шын-

дық бар сияқты 



Жам жол - сыртқы  қара жол 

Сеңсең -  қозы терісі. Сеңсең 

тон, сеңсең берік, сеңсең тымақ 



Жаңғалақ - жаңғақтың сыртқы 

қ

абығы 



Жүкаяқ - жүктің астына  қоятын 

ағаш тұғыр 



Сабадар - үлкен тойларда 

қ

ымыз жағын басқаратын бас 



қ

ымызшы 


Малма - тері илеуге пайдапаны-

латын ұн, кебектен ашытылған. 



Ызба - мата  қиындыларынан 

есіліп, ызып жасалған бау 



Алапа—алым, пара, ауызбасты-

рық 


Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 қараша (№235/236). - 14 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал