МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет9/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

АЛТЫНШЫ СИПАТЫ
«Аллаүмма  ала  набийир-рахмати  уа  шафиъил-үммати  уа 
кашифил-ғаммати Мұхаммадин саллАллаү алайһи уа саллам ила 
йаумил-қияма». Салауат айтушы бұлбұлдардың айтқан салауаты 
мен  салауат  намаздары,  жолдаған  ізгі  сəлемдемелері  жоғары 
дəрежелі  фатх  етуші  (жеңіске  жетуші),  расулдердің  мырзасы, 
пайғамбарлардың  ең  соңғысы,  бақыт  аспанының  толған  айы, 
үстемдік таңының күні, табандылық теңізінің жүзгіші, сəттілік 
майданының  жиһангері  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  ар-
налған. Бұл əлемге нұр беріп жарық етуші афтабтың (күнінің)  
шығыстан  батысқа  қарай  саяхат  етуі,  сондай-ақ  бұл  аспан 
күмбезінің  дəурені  оның  махаббаты  мен  ғашықтық  зауқының 
құрметіне бой көрсетеді. 
Сүлеймен  (а.с.)  тіршілігінің  басталуында  Алла  Тағаладан 
патшалық  беруін  сұрап:  «Рабб  һабли  мүлкан  ла  йанбағи  лиа-
хади  ғайри»
47
,  яғни  «Раббым,  мені  жарылқа,  сөйтіп  маған,  ме-
нен  кейін  ешкімге  нəсіп  болмайтын  бір  патшалық  бер»  деп 
сұрады. Сонда дұғасы қабыл болып, патшалық билігі тиді. Бірақ 
көптеген сынақтарға ұшырады. Сөйтіп, патшалық мөрінен айы-
рылып,  патшалығы  қолынан  кетіп,  қаншама  қапалық,  ыза  мен 
күйініштен соң қолына қайта оралды.
Енді,  хикмет  тұрғысынан  айтар  болсақ,  əлемнің  мырзасы, 
47
 «Сад» сүресі 35-аят.

95
адамзат  баласының  сарасы  Əзіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  миғраж 
түні  (жетінші  аспанда  орналасқан) «Сидратүл-мүнтаһаға» (ең 
шеткі  шектегі  алтын  лотос  деген  жайға)  барған  кезінде,  оған 
екі  дүниенің  патшалығы  ұсынылды,  бірақ  ол  мүбəрак  (құтты) 
зат қабыл етпеді, тіпті тым болмаса көзінің қырымен де назар 
салмады. Ол мырзаның есімін үнемі есте сақтаймын, ол он сегіз 
мың əлемнің мақсаты.
Адам  (а.с.)  өзінің  одан  кейін  жаратылғандығын,  сондықтан 
одан кейін екендігін айтқан. 
Идрис  (а.с.)-ға  жазудан  дəріс  үйретілген,  бірақ  ол  ізгі  дəріс 
берілгендердің  қайталаушысы  (яғни  бірінші  жазуды  «Қалам» 
жазған). 
Нұх (а.с.) – бай қиял, ойшылдық иесі. Ар мен намыс, ұят пен 
ибалылық,  қарапайымдылық  жəне  кішіпейілділік  сезімдерінің 
үгіттеушісі. 
Ибраһим (а.с.) жолаушы мен мүсəпірлерді қонақ етуші.
Исмаил  (а.с.) – əмірге  бойұсыну  рəмізі  мен  қажеттілік  құр-
бандығы. 
Исхақ (а.с.) – дидар ынтығы. 
Йағқуб (а.с.) көзі зағип болып, үйінде отырып қалғандықтан 
қайғыланып мұңға батқан. 
Йусүф (а.с.) Мысыр елінің тағына ие болып бақытқа бөленген.
Мұса (а.с.) – өкініш қырманы. 
Дауүд (а.с.) – көркемсөз аспабының саз пернесі.  
Сүлейме (а.с.) – ұлық дəрежелі туды көтеруші. 
Йунүс (а.с.) – теңіз нығметінің (балықтың) тұтқыны. 
Искендер – мөлдір дидардың іздеушісі. 
Лұқман – хикмет сыпырасының ағыл-тегіл ас-нығметі. 
Йəхйа (а.с.) – дидар зауқының мұңлы ынтығы. 
Иса (а.с.) – өзінен соң келетін пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)-
ның сүйінші хабарын келтіруші.  
Жəбірейіл  (а.с.) – сый-құрмет  сыйлық  етілгендердің  байла-
ныс-хабаршысы.
Исрафил (а.с.) – «Лаухұл махфуз» ілімінің мұғалімі. 
Микаил (а.с.) – мүминдердің мінəжат кезіндегі көмекшісі. 
Əзірейіл (а.с.) – достар жанын аларда оларды аяп, қайғысына 
ортақтасушы.
Күрсі – жалпыға  Нұр  беруші  жұлдыздардың  тірегі,  Арш 
ағла – олардың мейманханасы, заман мен мекендер Оның шар-

96
шамайтын  қызметшілері.  Пақыр  Алты  бармақ  Оның  ысырап-
шыл пендесі.  
ЖЕТІНШІ СИПАТЫ
Ғашықтық  шарабынан  көңілдері  зауыққа  толған  жан дар-
дың  айтқан  жұпар  иісінен  де,  хош  иісті  салауаты  мен  сə лем-
демелерінің  жұмсақ  желі  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  жат-
қан  қасиетті  бақшасын  хош  иісті  етіп,  рухын  көніл-құш  етіп 
шаттыққа  бөлейді.  Осындай  салауаттар  мен  сəлемдемелер  ол 
Əзірет  (с.ғ.с.)-ның  құтты  Нұр  таратушы  мазараты  мен  хош 
иісті  зиратына  шашу  болсын!  Ол  бүкіл  адамзаттың  да,  барша 
жын тайпаларының да жол бастаушы пайғамбары, барлық қы-
бырлаған жанның толған айы, екі қыбланың Имамы, екі дү ние 
жаратылысының  ішіндегі  өкінушілерінің  құтқарушысы,  екі 
«Ха рамның» көркі мен құрметі, тауаф (қажылық) ілімінің ұлық 
ұс тазы, бүкіл əлем барлығының ізгі мақсаты – оған салауат тың 
ең абзалы мен сəлемдемелердің ең көркемдері шашу болсын! 
Ол мырзамыздың тағы бірнеше шарапатты қасиеттері тура-
лы əңгіме етеміз: Хақ Тағала Адам (а.с.)-ды адамзаттың атасы 
жəне пайғамбары етуге таңдады. Бұл жайлы «ИннАллаа иста-
фа адама» – деді
48
, яғни «Əлбетте, Алла Адамды жəне Нұхты, 
сондай-ақ Ибраһим мен Имран ұрпақтарын (олардың кейбірін) 
əлемдер  (өз  заманындағы  қауымдар)  үстіне  (пайғамбарлыққа) 
таңдады»  дегендегі,  Алланың  бұларды  пайғамбарлыққа  таң-
дауы – Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның сый-құрметі үшін болды. Сондай-
ақ Ибраһим (а.с.)-ды халил (дос) етіп таңдады: «ИттахазАллаү 
ибраһима халилан»
49
, яғни «Алла Ибраһимді халил етіп таңда-
ды» деген бұйрығындағы таңдау да оның берекетіне байланыс-
ты болды. Мұса (а.с.)-ды калим (əңгімелесуші) етіп таңдап: «Уа 
калламАллаү Мұса таклиман»
50
, яғни «Алла Тағала Мұсаға (Туа 
өңірінде)  тікелей  (дəнекерсіз)  сөйледі»  дегендегі  Мұса  (а.с.)-
ға  көрсетілген  мұндай  мейірімділік  те  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның 
құрметіне жасалған сыйлықтардың бір көрінісі. Дауүд (а.с.)-ның 
да: «Йə даууд инна жаъалнака халифатан фил-арз»
51
, яғни «Ей, 
48
 «Əлі Имран» сүресі 33-аят.
49
 
«Ниса» сүресі 125-аят.
50
 
«Ниса» сүресі 164-аят.
51
 
«Сад» сүресі 26-аят.

97
Дауүд, рас Біз сені жер жүзіне (белгілі алқабына) халифа (иегер)
 
еттік» дегендегі сыйлығы, оның құрметіне берілген сыйлықтар 
қазынасынан  бір  сыйлықша.  Əзіреті  Сүлеймен  (а.с.)-ға  ұшқыр 
жел  бойұсындырып  берілді. «Сəба»  сүресі 12-аятындағы:  «Уа 
лисүлайманар-риха ғұдүууүһа шаһрүн уа рауахүһа шаһр», яғни 
«Сүлеймен  (а.с.)-ға  таңертең  бір  айлық  (жолды),  кешқұрым 
бір  айлық  (жолды  кезе  алатын  жылдамдықтағы)  желдерді  ба-
ғын дырдық»  дегендегі  нығмет,  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ға  сыйлық 
етілген  нығметтер  сыпырасынан  бір  үлес.  Закария  (а.с.)-ға 
сүйін шіленген:  «Инна  нүбашшірүка  биғұлам»
52
,  яғни  «Ей 
Закария,  Біз  сені  бір  ұл  перзенттің  сүйіншісімен  қуантамыз» 
дегендегі  сүйінші,  оған  сыйлық  қылынған  нығметтерінен  бір 
сыйлық. Яхя (а.с.)-ға: «Йə Яхя хұзил-китаба биқұууати»
53
, яғни 
««Ей, Яхя, Кітапты (Тауратты) мықты ұста» деген нұсқау, оның 
сыйлықтар бақшасынан бір гүл, саллАллаү алайһи уа саллам уа 
ала жамиъил-анбияи уал-мүрсалин. Сондай-ақ қуаныш дидарлы 
əрбір  пайғамбар  да,  тақуалығымен  танылған  əрбір  əулие 
де,  олардың  қатарынан  дидарларына  Нұр  жауған  Əбу  Бəкр, 
Ұмар, Оспан жəне Əли де Əзіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның Иман 
Нұрының құрметіне жаратылған.  
Нақыл  баяны:  Əзіреті  Йаъқуб  (а.с.)-ның  айырылыс  мерзімі 
аяқталуға таяп, көңілінде перзентімен қайта дидарласу туралы 
үміт  зауқы  оянды.  Сөйтіп,  өзіне  табындардың  бəрін  жиналуға 
əмір етті. Риуаяттардың бірінде айтылуынша, олар жетпіс адам 
еді, басқа бір риуаятта екі жүз, ал басқа бірінде төрт жүз адам 
еді  деген  хабарлар  келген.  Содан  олардың  барлығы  жиналып, 
Мысыр тарапына сапарға аттанды. Солайша, жол жүре отырып, 
Мысырға жетулеріне бір күндік жол қалған кезде, ұлы Йəһуданы 
Йусүф  (а.с.)-ға  хабар  беру  үшін  жіберді.  Хабарды  естіген  Əзі-
реті Йусүф (а.с.) əмір етті. Мысыр елі аяққа тұрғызылып, шар-
тарап  тəртіпке  келтіріліп  көркемделді.  Əскердің  бəрін  ерек-
ше  жасандырып,  өз  ұлдарын  оларға  басшы  етіп  Йаъқуб  (а.с.) 
мен  бауырларын  қарсы  алуға  жіберді.  Сөйтіп,  таңертең  күн-
шығыстан белес берісімен-ақ Йусүф (а.с.)-ның лəшкері (əскері) 
жолға шықты. Олар жетпіс бөлім, əрбір бөлімі екі мың адамнан 
тұратын еді.   
52
 
«Мəриям» сүресі 7-аят.
53
 
«Мəриям» сүресі 12-аят.

98
Əзіреті  Йаъқуб  (а.с.)  да  ынтық  болып,  ерте  таңнан-ақ  бір 
төбешіктің  төбесіне  шығып,  жолға  көз  тігіп  тұрды.  Солайша, 
əскер де жетіп келді. Олар лек-легімен оның алдынан салтанатты 
түрде  жүріп  өтіп,  құрмет  көрсетті.  Олардың  соңынан  Мысыр 
елінің  барлық  ғұламалары  мен  биліктегі  лауазымды  ұлықта-
ры  да,  олардың  соңынан  Йусүф  (а.с.)-ның  өзі  де  қонақтарды 
құрметпен қарсы алуға жолға шыққан еді.  
Йусүф  (а.с.)  қанша  мақтаса  да  арзитындай  көркем  келбетті 
адам болатын. Ол жақындап келіп, Əзіреті пір Канъаниді (Йаъқуб 
(а.с.)-ды) көрді дегенше, өзін жерге лақтырды. Сосын тізерлеген 
халінде топыраққа малынған күйі Əзіреті Йаъқуб (а.с.)-ға бет теді. 
Өз перзентін көрген Əзіреті Йаъқуб (а.с.) да топыраққа тізер лей 
отырып, əкелі-балалы екеуі бір-бірімен құшақтасқан халдерін де 
талып  (талықсып),  жерге  құлады.  Екеуі  талықсыған  күйлерін-
де  бес  сағат  ес-түссіз  жатты.  Əрбір  аспан  қабаттарындағы  пе-
ріштелер  көктердің  араларындағы  қақпаларынан  бұл  екеуінің 
қалін көріп, жылауға түсті. Пейіштердің перделерінің артынан 
қарап тұрған хор қыздары мен жұмақ қызметіндегі періште лер 
де  ол  екі  көп  жылдық  айырылыстың  сағынышы  мен  қасіре тін 
шеккен  ынтық  жандардың  көңілдерін  көтеруге  əрекеттен ді. 
Жəбірейіл  (а.с.)  болса,  жетпіс  мың  періштені  бастап,  жұмақ 
қазыналарынан табақ-табақ інжу-маржан алып, екеуінің үстіне 
ша шу етіп тұрды.   
Мұндай серуеннен төңірек пен аумақтың бəрі гүрсіл-дүңкіл ге 
ұласып, көк аспан кеңдігін қуанышты дүрбелең қаптады. Оған 
куə болған жұмақтың хор қыздары мен қызметіндегі періштелер 
аң-таң болып, сарсаңға түсті. Сосын олар Əзіреті Хақ Тағалаға 
мінəжат етіп: «Ей, Раббымыз, ешбір пендеге осыншама дəреже де 
махаббат белгісін көрсету жөн бе?» десті. Əлемнің Раббы – Алла 
Тағаладан жарлық келді: «Өз ұлықтығым мен құдіреттілігім нің 
құрметі үшін мыңдаған Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне бұдан жетпіс 
есе артық махаббатым бар» деген.
Йаъқуб  (а.с.)  Мысырға  келді.  Йусүф  (а.с.)  барша  халықты 
алаңға жинап, сөз сөйлеу үшін мінберге шықты. Ол бір көркем 
хұтба оқыды, ақырзаман Пайғамбарына салауат жолдады. Одан 
соң  жиналғандарға: «Ей,  Мысыр  елі,  сендер  кімсіңдер?»  деді. 
Олар: «Барлығымыз  сенің  құлдарыңбыз»  десті.  Йусүф  (а.с.) 
Йаъқуб (а.с.)-ға нұсқап: «Бұл пайғамбар – менің көзімнің Нұры, 
менің  əкем.  Барлықтарыңды  осы  мінбердің  қасында  отырған 

99
сый-құрметті пірдің құрметіне азат еттім» деді. Сөйтіп, Мысыр 
еліне еркіндік берді. 
Дəл осы сияқты қиямет таңы атып, қиямет күні басталған кезде 
адамдардың қайсыбірін қолынан ұстап, қайсыбірін сақалынан, 
тағы  басқасы  мойынына  салынған  оттан  өрілген  шынжырлар-
мен сүйрелеп, арасат майданына алып келінеді. Сонда Жəбірейіл 
(а.с.) пайғамбарлар мырзасы Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның оң жағын да, 
ал Микаил (а.с.) сол жағында тұрып, Нұрдан жасалған «Мақам 
махмуд», яғни «Аса мақтаулы орын» деп аталатын арнайы мін-
бердің  қасына  алып  келеді.  Сөйтіп,  əлемнің  қуанышы  Əзіреті 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол мінберге көтеріледі. Сонда «Сендер 
кімсіңдер  жəне  кімдікісіңдер?»  деген  өте  бір  құдіретті  дауыс 
ке леді. Алаңда жиналғандардың барлығы: «Йə, Раббымыз, бар-
лығымыз  бірдей  Сенің  жаратқан  пенделеріңбіз»  деседі.  Со-
сын Хақ Тағала Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне: «Аътақтүкүм би-
хурмати һазан-набийил-үмми», яғни «Барлықтарыңды бұл үм-
ми  (оқуды  да,  жазуды  да  білмейтін)  Пайғамбардың  құрметіне 
азат еттім, сөйтіп жұмақтарды жəне ондағы сыйлы дəрежелер ді 
сендерге уəжіп еттім!» деп бұйырады. 
СЕГІЗІНШІ СИПАТЫ
Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  ұлық  та,  жұмсақ  сипаты – оның  ру-
ханият Нұрынан үмбетінің амал дəптерлерінің парақтары нұр-
ланып сараланады жəне шарапатты іс-əрекеттер оның құрметі не 
тазаланып ретке келеді. 
Алла  Тағалаға  мадақтар  мен  мақтаулар,  Пайғамбарымызға 
салауаттар мен сəлемдемелер айтқаннан кейін: Əрбір ізгі жан-
ның айтатын салауаттары мен ізгі де, тұнық ниетті сəлемдеме-
лері ол Əзіретінің (с.ғ.с.) шарапатты зиратына жəне қымбатты 
мазаратына шашу болсын! Ол пайғамбарлық бақшасының жұ-
пар иісі жəне ержүректілердің бауларының гүлшоғы, руханият 
дəулетінің  құнды  асыл  гауһары,  үмбеттің  діни  сенімінің  ай-
ғақты  дəлелі,  Адам  ата  мен  одан  тараған  адамзаттың  көз де-
рінің  қуанышы,  əлем  мен  əлемнің  руханият  тəжіне  тігілген 
інжу-маржаны,  адамзат  санасының  негізгі  тетігі  «Инна  раб-
банал-ғафурүн  шакур»,  яғни  «Біздің  Раббымыз  күнəларды  ке-
шіруші,  шүкіршілік  еткендердің  шүкірлерін  қабыл  етуші» 

100
деген  мінəжаттарды  қабылдайтын  Алла  Тағаланың  дəргейі-
нің құрметтісі Əзіреті Мұхаммед (а.с.) – ол сондай бір жоғары 
дəрежелі  сый-құрмет  иесі!  Оның  əрбір  басқан  топырағы ның 
өзі  көзге  сүрмелейтін  шипалы  сүрме,  шарапатты  ажары  əрбір 
кирамүл-катибиннің (адамның екі желкесінде амалдарын жа зып 
отыратын екі періште) жаны, ділі. 
Нақыл баяны: Кезінде Мұса (а.с.) Мадян қаласы қақпасына 
жақын жердегі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырған бола-
тын.  Сонда  бір  топ  қауым  қойларын  үлкен  құдықтың  қасына 
айдап келді де, құдықтан су шығарып, қойларын суғара берді. 
Мұса  (а.с.)  мəн  беріп  қараған  еді,  Шуғайб  (а.с.)-ның  қыздары 
бір шетте бейшара халдерінде кезек күтіп тұр. Ал басқа халық 
оларға  жол  бермей,  алдымен  ірі-қарасын,  оның  соңынан  қой-
ларын  суғарып  жатыр.  Əзіреті  Мұса  (а.с.)  орнынан  тұрды  да, 
қолына бір қауға (қабақ ыдыс) алып, қыздардың қойларын су-
ғарып берді.
Сол сияқты, қиямет күні туып, ризалық тапқан тақуалар топ-
топ  болып  жұмақтарға  кіріп  жатқан  кезде,  ақыреттік  септік 
жинамаған  күнəһарлар  саналары  дал  болған  халдерінде  абды-
рап,  кейін  қалады.  Əне  сондай  ауыр  сəтте  үміт  етеміз.  Əлем-
нің  қуанышы  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  ол  бейшараларға 
рақымшылдық жасап шапағат етеді. 
Нақыл баяны: Низамүл-мүлк деген адамның Мұхаммед есім-
ді қызметшісі бар болатын. Низамүл-мүлктің көңіл-күйі көңілді 
болған күні қызметшісінің есімін атап шақыратын, ал егер көңіл-
күйі төмен, не қызметшісі бір айып істеген болса, қызметшісін: 
«Ей, қызметші» деп шақыратын еді. Қаншама уақыт осы жағ дай 
жалғаса  берді.  Содан,  күндердің  бірінде  Низамүл-мүлк  өзі нің 
бөлмесінен  шығып: «Ей,  қызметші»  деп  шақырды.  Қызметші-
сі: «Бүгін  қандай  айып  істедім  екен?»  деген  ойға  келді.  Күнə-
сін  жуу  үшін  қожайынының  қолын  сүйіп,  өзінің  қандай  күнə 
істегендігі туралы сұрады. Қожайыны: «Ей, Мұхаммед, көңіліңе 
тəшпіш  алма,  ешқандай  күнə  істегенің  жоқсың.  Ал  менің  сені 
есіміңді атап шақырмағанымның себебі, мен сол кезде ғұсыл ға 
(ғұсыл құйыну, шомылу) мұқтаж едім, сондықтан ол жағдайда 
Мұхаммед деген есімді тіліме алуды лайық деп таппадым» деді. 
Ей, дəруіш! Бір мақұлық пенде өзінің жүнүб (жыныстық қа-
тынастан кейінгі дəретсіздік жағдай) болғандығының себе бі нен 
оның  шарапатты  есімін  тілге  алуды  лайық  көрмеді.  Сол  сияқ-

101
ты,  құдіретті  Алланың  жомарттығы  мен  мейірімділігінен  үміт 
етеміз! Ол Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның үмбетін мүшріктерге (Аллаһ-
қа  серік  қосушыларға)  қосып  бір  орынға  жинамайды,  өйткені: 
«Иннамал-мүшрикуна  нажас»,  яғни  «Əлбетте,  мүшріктер  на-
жас» (лас) деген үкім келген, ал енді Алла Тағала нажас нəрсе 
мен адал нəрсені бірге қоспайды. 
Нақыл баяны: Хадижа (Хадиша) көп құлы мен күңдері бар 
болатын.  Күндердің  бірінде  барлығының  қолына  алтын  мен 
ақша толы табақ ұстатып, Əзіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) келген кез-
де, ол мүбəрак заттың басына шашу етуді бұйырды, өйткені ол 
өз қызметін асыра орындаған еді. Сосын өзінің барлық құлы мен 
күңдерін ол мүбəрак заттың құрметіне азат етті, еркіндік берді. 
Ей,  дəруіш!  Ғажап  емес  пе,  сыйлықтарды  сыйлаушы  жəне 
қа телерді  кешіруші  Хақ  Тағала  қиямет  күні  Өзінің  Хабибінің 
құрметіне біз сияқты күнəһар құлдарын да азат етсе. 
ТОҒЫЗЫНШЫ СИПАТЫ
Шексіз  салауаттар  мен  таусылмайтын  сəлемдемелер  бүкіл 
адамзаттың  Пайғамбары  болып  табылатын  Əзіретіміздің  нұр-
лы  да  пəк  мазараты  мен  зиратына  шашу  болсын!  Ғашықтар-
дың  шырақ  нұры,  барша  арифтар  шырағы,  қасиетті  адамдар 
əң гімелесушісі,  қамыққандардың  жұбатушысы,  шыншылдық 
бауының  бұлбұлы  жəне  таңдаулы  пайғамбарлар  гүлзарының 
саф-мұнтаздай  гүлі  Əзіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.) – ол  мырзаның 
қадірі  мен  дəрежелерінің  баяны  шексіз,  ұшы-қиырсыз,  ол 
дəрежелерінің  əрқайсысын  айтып  дəріптейтін  болса,  олар  сөз 
жетпес дəрежеде биік. Жұмақтың хор қыздары оның шырайын 
көріп аң-таң болады. Оның маңдайында нұр шуақтанады, күнəлі 
мұсылмандардың  қамыққан  көңілдері  оның  шапағатымен  шат 
болады. Ал ынтықтардың көңіл қазынасы дидар үмітімен қуа-
нышқа толады. Пейіш дəрежесі оның ілестіруі арқылы қол жет-
кізіледі, сондай-ақ махаббаттың дəрежелері оның тағатымен кө-
рінетін болады. 
Нақыл  баяны:  Қиямет  күні  адамзат  мақтанышы,  махшар 
май данының қуанышы шапағат белбеуін беліне байлап, өзінің 
ке реметті шапағатшылығының тəжін мүбəрак басына киіп, қай-
ғыға салынған күнəлі үмбетінің қайғысына ортақтасады. Құдды 

102
өз перзентін қорғаштаған сияқты үмбетін қорғаштап: «Үммати, 
үммати», яғни «Үмбетім, үмбетім» деп, оларға жақтасумен бо-
лады.  Сонда  махшар  майданын  бастан-аяқ  толтыра  жаңғырып 
əлемнің Раббысының бұйрығы келеді: «Йə, Мұхаммад, қаддим 
үмматак  лилхисаб»,  яғни  «Ей,  Мұхаммед,  үмбетіңді  есеп 
берулері үшін келтір» деген. Əлемнің мақтанышы болған Пай-
ғамбарымыз  (с.ғ.с.)  алдымен  Хұлафаи  рашидиндерді, (Пай-
ғам барымыздан  (с.ғ.с.)  кейінгі  төрт  халифа)  олардың  соңынан 
мүһажир  сахабалар  (Меккеден  Мəдинаға  қоныс  аударған  са-
хабалар)  мен  ансар  сахабаларды  (Меккеден  қоныс  аударған 
са хабаларға  үй-жай  беріп  көмектескен  мəдиналық  сахабалар), 
алардан  кейін  шəһидтер  (шайқаста  қаза  болғандар)  мен  ға-
зи ларды  (шайқастан  жеңіспен  қайтқандар),  құлшылықта  та-
банды  болған  заһидтар  (мүлдем  құлшылыққа  берілгендер), 
ізгі  амалды  мұсылмандар  мен  мұсылман  əйелдерді  алға  шы-
ғарады.  Сонда  құдіретті  Əзіреті  Хақ  Тағала: «Сен  кілең  бой-
ұсынушыларды  алға  шығардың,  үмбетіңнің  арасындағы  күнə-
һарлары қайда? Алдымен тек ықыластыларын келтірдің, олар-
дың ықылассыздары қайда? Тек намаз оқығанын келтірдің, бей-
намаздары  қайда?  Əділдерін  келтірдің,  залымдары  қайда?  Ізгі 
ниеттілерін  келтірдің,  арамқорлары  қайда?  Ғазиларын  келтір-
дің,  мұсылмандарға  қырғын  салғандары  қайда?»  деп  сұрайды. 
Бұл сұрақтан көңілі қамыққан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ма һаза 
занни  бикарамик»,  яғни  «Йə,  Раббым,  Сенің  жомарттығыңнан 
жақсылықты  күтемін»  дейді.  Сонда  Хақ  Тағала: «Ей,  Мұхам-
мед лау лал-ъитаб ма кана маъа үмматикал-хисаб», яғни «Егер 
достарыма  күнəларын  көрсетіп  ұялту  мақсат  етілмегенде,  сені 
үмбетіңмен  қосып  есеп-қисап  етпеген  болар  едім.  Сондықтан 
оларды  шағын  есеп-қисапқа  саламын,  сонда  олардың  қандай 
амалдар  істегеніне  өзің  куə  боласың.  Сөйтіп,  олардың  істеген 
таудай  күнəларын  кешіріп  жарылқаймын,  сонда  Менің  не 
істегенімнің куəсі боласың» дейді. 
Нақыл  баяны:  Мүминдердің  əмірі  Əзіреті  Омар  бин  əл-
Хат таб  қайтыс  болғанынан  кейін,  оны  кейбір  сахабалар  уақи-
ғада  көріп:  «Ма  фаъалАллаү  бик»,  яғни  «Хақ  Тағала  саған  не 
істеді?» деп сұрасты. Ол былай жауап айтты: «Мен бір орынға  
бағытталдым.  Онда  бір  бала  кептер  ұстап  тұр  екен,  оның  қо-
лынан  алып  босатып  жібердім.  Хақ  Тағала  осы  ісім  үшін  жа-
рылқады». Дəл осы сияқты сауал Имам Əлиге де қойылды, ол: 

103
«Мені бір қарға үшін, ол торға түскен екен, мен оны босатқан 
едім, содан жарылқандым» деді. Сондай-ақ Имам Ағзам да сұ-
ралды,  ол: «Қолыма  бір  тоқылдақ  құс  қонған  еді,  қашан  өзі 
ұшып кетпейінше қыбыр етпей тұрдым, соның үшін жарылқау 
таптым» деді. 
Міне,  олардың  бірі  кептерге,  екіншісі  қарғаға,  ал  үшіншісі 
то қылдақ  құсқа  мейірімділік  жасағандықтарының  шапағаты-
нан өздері жарылқау тапты. Ендеше, əлемнің қуанышы болған 
Əзіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шапағатымен жарылқау табу таң 
қаларлық іс емес. 
ОНЫНШЫ СИПАТЫ
«Аллаүмма  салли  ала  саййидил-анбийаи  уа  саййидил-ас-
фийа»  –  ол  əлемнің  мырзасы,  адамзаттың  руханияттық  дəп-
тері нің сарасы. Ол көкте жиналғандар мен жер бетінде жинал-
ғандардың да, барлығының рухани нұрландырушысы. Ол шірк 
індетін жойып, шарапатты шариғатпен жер бетін көркем еткен, 
барлық  ғұламалар  мен  үкім  шығарушы  ғалымдарға  түсініксіз 
болған мəселелерді егжей-тегжейлі баяндап берген. Ол күнəлар-
ға шалдығып, дертті болғандарды емдейтін емші, түндер бойы 
ұйықтамай  сергектік  танытып  құлшылық  еткендерге  демеу-
ші. Ол мына аяттағы: «Уа кафа биллаһи шаһидан мұхаммадүр 
Расулулла»
54
,  яғни  «Куəлік  тұрғысынан  Алла  (Оның  сөзі  дə-
лелге)  жеткілікті.  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Алланың  (шынайы)  Ел-
шісі»  дегендегідей  ерекше  сый-құрмет  иесі,  Хақ  Тағаланың 
сүйік тісінің қадір-қасиетін Жəбірейіл (а.с.) жақсы біледі, оның 
дəрежесін Ибраһим (а.с.) да мəлімдеген . 
Нақыл  баяны:  Жəбірейіл  мен  Микаил  (а.с.)  пайғамбарлық 
иесі болған Əзіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның құзырына келді. Ми-
каил (а.с.) қарап тұрған еді, Жəбірейіл (а.с.) Əзіреті Мұхаммед 
(с.ғ.с.)-ның шекпенін көзіне сүре бастады. Бұл жағдайдан аң-таң 
болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, Жəбірейіл, бұл не жағдай?» 
деп сұрады. Жəбірейіл (а.с.): «Мұның мəнісін Микаилден сұра» 
деді.  Сонда  Микаил  (а.с.)  былай  түсінік  айтты: «Ей,  Алланың 
Елшісі,  бұл  күн  Жəбірейіл  Əзіреті  Хақ  Тағаладан  жетпіс  рет 
54
 
«Фатх» сүресі 28-29-аяттар.

104
рұқсат  сұрады.  Сонда  оған  күллі  періштелер: «Ей,  Жəбірейіл, 
бұл не жағдай?» деп сұраған еді, ол: «Мені үзірлік деп біліңдер. 
Мен  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  көркем  дидарына  ынтықпын,  сон-
дықтан осылай еттім» деді. 
Нақыл баяны: Қиямет күні пенделердің амалдары таразыға 
тартылады. «Əл-Əғраф»  сүресінің 8-аятында  айтылғанындай: 
«Əлуазнү  йаумаизин  əлхақ»
55
,  яғни  «Жəне  ол  (ақырет)  күні 
(пенделердің  сауаптарын  «Мизан»  таразысының  бір  жағына, 
күнəларын  екінші  жағына  қойып)  таразылау  хақ  (ақиқатында 
болатын  жағдай  бұлтартпас  шындық)».  Сонда  қайсыбір  пен-
денің  күнəлары  салынған  таразы  табағы  ауыр  келіп,  тозаққа 
бұйырылса,  сақшы  періштелер  ол  сорлы  пендені  жаһаннамға 
сүйрелеп алып барады. Бірақ, тозақ қақпасын бір аса үлкен тас 
ашарға  бермей,  бөгеп  тұрады.  Алла  Тағаланың  əмірімен  тіл-
ге  кіріп,  анық  бір  тілде: «Сүйіктім  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  мүбəрак 
ба сына  қасам  (ант)  ішіп  айтамын:  бұл  күн  бұл  адам  мені  куə 
етіп: «Алла Тағаланы бір деп білетіндігін, Мұхаммед Мұстафа 
(с.ғ.с.)-ды хақ Пайғамбар деп мойындайтындығын айтты» дей-
ді.  Сонда: «Бұл  пендені  осы  тастың  куəлігіне  бағыштадым 
(арнадым)» деген бұйрық келеді. Сөйтіп, бір тас куəлігінің ша-
рапатынан  ол,  тозаққа  бұйырылған  адам  азат  етіліп,  жұмаққа 
бағытталады.  Солай  болған  соң,  біз  бейшараларды  да  Хабиб-
тің шапағатының шарапатынан тозақ деген сұмдықтан азат етсе 
таңданарлық болмас. 
Үлгі-өнеге баяны: Бір шəкіртті мұғалімдердің бөлмесіне ша-
қырады,  ең  алдымен  қирағат  (Құран  оқу)  жасағандары  нақты. 
Алғашқы  күні:  үмбеттің  ақылды  балаларын  (шəкірттерін)  Мұ-
хаммед  (с.ғ.с.)-ның  ғашықтық  мектепханасына  келтіреді. «Əр-
Рахман»  сүресіндегі:  «Əр-Рахманү  алламал-құран»,  яғни  «Аса 
мейірімді  (Алла),  Құранды  үйретті»  делінгеніндей,  олардың 
рухтарының жазу тақтасына ең алғашқы «Əману биллаһи», яғни 
«Аллаға  иман  келтірді»  деген  ең  бірінші  алиф  əрпін  жазды. 
Сөйтіп, əр бейсенбі күні баланы (шəкіртті) азат етеді (демалыс 
береді).  Негізінде,  бұл  əлемдегі  өмір  өлшемдері  бір  апта  етіп 
(жеті  күн)  белгіленген.  Ал  енді,  ақырет  күніне  салыстырып 
қа райтын  болсақ,  ақыреттің  əрбір  күні  бұл  дүние  күніне  са-
лыстырғанда мың жылына тең. 
55
 «Əл-əғраф» сүресі 8-аят.

105
Адам (а.с.)-ның заманы сенбі күні еді. 
Нұх (а.с.)-ның тұсы жексенбі күні еді. 
Ибраһим (а.с.)-ның тұсы дүйсенбі еді. 
Мұса (а.с.)-ның тұсы сейсенбі күні еді. 
Иса (а.с.)-ның тұсы сəрсенбі күні еді.  
Ал, Əзіреті Мұхаммед )с.ғ.с.)-ның дəулет тұсы бейсенбі күні, 
қиямет жұма күні (қайым болады) бой көрсетеді. 
Бұл  туралы  Əзіреті  (с.ғ.с.)  былай  деген:  «Əна  уас-саъатү 
каһатайни уа ашара бис-саббабати уал-уүста», яғни «Менімен 
қиямет мынадай» деп, мүбəрак көрсеткіш саусағы мен орта сау-
сағын бір етіп ұстап көрсетті. Үміт етеміз: қиямет күні үмбет тің 
арасындағы күнəларын Əзіреті рақымшыл Хақ Тағала дайын дап 
қойылған тозақтан азат етеді. 
Үлгі-өнеге баяны: Ей, дəруіш! Меккенің кəпірлері қасарысу 
мен қарсыласуды өздеріне биік дəреже санап мастанды, содан 
соқыр көкіректікке салынып: «Аллаүмма ин кана һаза һүуал-хақ 
мин  индика  фамтир  алайна  хижаратан  минас-самаи»
56
,  яғни 
«Ей,  Алла,  егер  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  діні  хақ  дін  болатын  болса, 
сенің дəргейіңнен ақиқатпен келген болса, онда біздің үстіміз ге 
көктен тас жаудыр» десті. Сонда Əзіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға: 
«Уа ма канАллаү лийуъаззибаһүм уа анта фиһим»
57
, яғни «Ей, 
Хабибім,  сен  олардың  арасында  (Меккеде)  тұрған  кезде  Хақ 
Тағала оларға азап жібермейді» деп уахи түсірді. 
Біз бейшаралар Хабибімізді жан-ділімізбен сүйеміз. Ол кел-
тірген  үкімдерге  иман  келтіріп,  тозақ  азабынан  қауіптенеміз, 
сон дықтан  ол  сұлтанды  өзімізге  шапағатшы  деп  білеміз.  Егер 
бұл  дүниенің  азабынан  да,  басқа  да  түрлі  бəлелердің  бəрінен 
де Хақ Тағала сақтайтын болса, онда Өз жомарттығынан алыс 
етпейді.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал